Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4бет
І ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салған ғалымдар . . . 5-12бет
1. 2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына жалпылай шолу . . . 12-19бет
ІІ ТАРАУ ШӘБІКЕН БЕКТҰРОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
2. 1 Тіл тарихын зерттеген кемел ғалым . . . 20-23бет
2. 2 Ш. Бектұровтың қазақ тіліне қосқан үлесі . . . 23-27бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28-29бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі Қазақ сөзінің тарихи қалыптасып, мағыналық, тұлғалық және қызметтік тұрғыдан дамуы, ең алдымен тіл құрамындағы есім сөздер мен қимыл мәнді атаулардың жіктелуімен байланысты. Осы жіктелудің ең негізгі себебін анықтаған Ш. Бектұров ағамыз «фонетикалық ұқсас негіздердің тарихи дамуы барысында жасалған» деп бағамдайды. Сондықтан да бір-біріне ұқсас сөздер ежелгі заманда дербес, бір-бірінен бөлек сөздер болмаған, тек контекст құрамында ғана бір-бірінен ерекшеленген синтаксистік элементтер болған дейді. Ғалым есім түбірлердің табиғатын анықтап қана қоймай, олардың даму жүйесін, грамматикалық категорияларының қалыптасу жолдарын да түсіндіріп береді.
Ш. Бектұров алтаистикада, түркі тілінде қалыптасқан ғылыми ойларға, тұжырымдарға сүйене отырып, бірінші рет қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазды. Бұл күні бүгінге дейін бірегей еңбек әрі дара оқулық ретінде танылып отыр.
Ш. Бектұров сондай-ақ, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып, түркітануға үлкен үлес қосты. Ежелгі деректерді кешенді, жан-жақты салыстыра зерттеу арқылы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық құрылысының басты ерекшеліктерін ашып көрсетті. Түркі тілдерінің негізгі жүйелілік ерекшеліктерін анықтап, оларға тән ортақ белгілерді көрсетіп берді. Әлеуметтік, экономикалық, тарихи ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі түркі халықтарының тарихи этногенездік тұрғыдан әр диалектіде сөйлеген тайпалардан құралғанын ескере отырып, әдеби тілді қалыптастырған негізгі арнаны тауып, тілдегі басты заңдылықтарды анықтады. Соңғы мың жарым жыл бойында түркі халықтары басқа халықтармен жиі қарым-қатынасқа түсіп, өте кең көлемді мекенді жайлап, түркі тектес емес тайпалардың тілдерін ассимиляциялап, түркілік сипат бергенін дәлелдеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліне зор үлесін қосқан Ш. Бектұровтың қазақ тіліне арналған еңбектерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
2. Ш. Бектұров еңбектерін зерттеп, нақты тұжырымдама жасау.
3. Ш. Бектұровтың теориялық еңбектерінің ерекшеліктерін сипаттау;
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер Ш. Бектұров әдістемелік еңбектерін қазақ тілін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салған ғалымдар
Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп, көп еңбек сіңірген тілші-ғалымдардың ең көрнектісі - Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған, оқулықтар жазған, тілдік проблемалар жөнінде өзіндік пікір айтып қана қоймай, көп жаңалықтар ашқан әйгілі ғалым-тілші. А. Байтұрсыновты ұлт тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы, негізін салушы деп танысақ, артық айтқандық емес. Көрнекті ғалымдардың қазақ тілін оқыту, оның әдіс-тәсілдерін меңгеру, оқу жүйесінде әдістеменің алатын орны туралы жазған мақалалары, шығарған оқулықтары, ұлағат пікірлері мен тағылымдық көзқарастары ұшан-теңіз.
Тіл білімінің әр саласына қатысты нақтылы мәселелерді сөз еткен А. Байтұрсыновтың зерттеу еңбектерін былай қойғанда, «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл-құрал» сияқты оқулықтарда қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшелігі - өз алдына арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселе. Кез келген әдіскер мұғалім тілшінің еңбектерін оқу арқылы тілдік материалдармен танысып қана қоймайды, сонымен қатар оқулықтарда берілген тақырыптарды оқытудың әдістемелерін де үйренеді. Тілшінің оқулықтары оны оқытудың, үйретудің әдістемелік нұсқауларымен жазылып, көрсетілген нақтылы үлгілерімен қатар ұсынылады.
«Қай әдіс жақсы», «Нұсқаушы», «Баяншы», «Әліппе астары» тәрізді еңбектер қалай оқыту қажеттігін, оқытудың әдістемелері мен тәсілдерін баяндайды. Жалпы бұл зерттеулердің қай-қайсысы да әдістеме-тәжірибелер туралы кең мағлұмат береді. Ғалым ұсынған әліпби мен оны үйрету әдіс-тәсілдері осы уақытқа дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Мысалы, А. Байтұрсынов: «Үйрену һәм үйрету ең басьшда қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады.
. . . Оқу басында қиын болса, балалар ұйыққа түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істелмеген іс оңды да болмайды». «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап берумен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру»[1, 25], - деп оқытуға, үйретуге қатысты ең маңызды белгілерді анықтап береді. Сөйтіп, оқытудың әлеуметтік мәніне ерекше көңіл бөлуді сұрайды: «Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген тұжырымды баса айтады.
Ғалым-тілшінің сапалы оқытудың кілті - іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек деген ой-пікірі кез келген әдіскерге кажет. Бүл көзқарастар, әсіресе, қазіргі уақытта қазақ тілін қалайда мемлекеттік тіл есебінде барлық осында түратын халықтардың, ұлттардың қарым-қатынас құралына айналдырамыз, басқа ұлт өкілдеріне жедел үйретудің тиімді жолдарын табамыз деп сан-сала бағдарламалар, оқу-құралдары, кітапшалар шығып жатқан кезде пайдалы-ақ.
Тілшінің пікірінше, жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Бұл әділетті тұжырым. ды бүгінгі өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
А. Байтұрсыновтың әдістемеге қатысты еңбектерін және ондағы айтылған мәселелерді бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Оқулықпен қатар жазылған, оқытудың әдістемесін қөрсететін еңбектер.
2. Қазақша әліпбидің, дыбыстың негізінде сауат ашу әдісін іске асыратын еңбектер.
3. Ана тілін оқытудың әдістерін баяндайтын еңбектер,
4. Тіл ұстартуды көрнекілік әдіс арқылы дамытуды көздейтін еңбектер.
5. Қазақша сауатты сөйлеудің, оқудың, жазудың әдістерін қарастыратын еңбектер.
6. Әдістің түрлерін жіктеп көрсететін еңбектер[2, 365] .
1. А. Байтұрсынов 1912ж. мектеп балаларына арнап қазақша «Оқу құралын» жазып шығарғаннан кейін, енді осы оқулықты қалай оқытудың әдістемесін көрсететін «Баяншы» атты әдістемелік еңбегін жарыққа шығарды. Сол сияқты оқулықтарға қосымша әдістемелік құрал болып табылатын «Нұсқаушы» атты кітабы да осындай мақсатты көздеген еңбек.
Автор бұл еңбектерін мүмкіндігінше өзі жазған оқулықтармен бірге, сол жылдары қатар жазып, шығарып отыруды мақсат еткен. Өйткені тілші оқу құралдары бар болғанымен, енді сол оқу құралдарын тұтыну жолдарын көрсететін әдістемелік еңбектер болмаса, бұл оқу құралдарының тигізер пайдасы шамалы деп есептеген.
2. А. Байтұрсынов 1910-1928 жылдар аралығында қазақша дыбыстың, әліпбидің негізінде оқыту әдісін іске асыратын бірнеше еңбектер жариялаған. Бұған тілшінің жоғарыда айтылған «Оқу құралы» мен «Баяншыдан» басқа «Әліппе» және «Әліп-би астары» атты кітапшалары куә.
Автор оқытудың, білім берудің ең тиімді де керек жолы қазақша «қарыптарды» (әріптерді) дұрыс үйрету, дыбыстарды сауатты жазу, оқу дейді. Сол себепті ғалым тілдің дамуы мен өзгеруіне аса мән беріп отырған. Ол: «Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгертілмеген тіл жоқ» . . . [3, 154] - дей отырып, 1916 жылы әліппенің жаңа түрін жазады. Бұл еңбек «Жаңа әліпби» (Қызыл-Орда, 1926) деп атала келіп, қазақ тіліндегі басылған кітаптардың көрсеткішінде: «Жаңа құрал. Емлесі жаңа. Қазақстан Білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарды», - деп бағаланған («Шора», 1913) .
3. Ғалымның бірқатар еңбектері ана тілін оқытудың тиімді әдістерін қарастырады. Бұл ретте А. Байтұсынов оқыту сапалы болу үшін жаңалыққа құштар, ізденімпаз ғалым-тілші екенін көрсетеді. Оның «Ана тілінің әдісі», «Тіл-құрал» атты еңбектері - мектеп оқушылары мен мұғалімдерге қазақ тілінің түбегейлі ерекшеліктерін танытқан, үйреткен басылымдар.
А. Байтұрсынов қазақша «Әліппені» жазып шығарған соң, қазақ тілін арнаулы пән ретінде оқуға мүмкіндік беретін жаңа оқулық жазуды ойлайды. Сөйтіп, үш бөлімнен түратын «Тіл-құрал» атты кітап жазды да, әрқайсысын І-Тіл танытқыш, ІІ-Тіл танытқыш, ІІІ-Тіл танытқыш деп бөліп, қазақ тілінің фоңетикасын, морфологиясын, синтаксисін талдап, жүйелеп көрсетті.
4. Әдіскер ғалым қазақ тілін оқытуда көрнекілік әдіске ерекше мән берген. Тілшінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарында да, үлкендерге арналған кітаптарында да сөйлеуге үйретудің, тіл ұстартудың бірден-бір жолы ретінде суреттерге көп көңіл бөлінеді. Ол иллюстративтік құралдарды пайдаланудың, оқулықтарды түрлі-түрлі суреттермен жабдықтаудың үлкен тәрбиелік және тіл дамытушылық қасиеті бар деп біледі. Сол себепті А. Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан «Әліппесінің» жаңа түрі көптеген суреттерді қамтыған. Сол сияқты үлкендерге арналған «Сауат ашқышта» да түрлі иллюстративтік материалдар маңызды орын алған. Сонымен қатар тілші «Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы» деген мақаласында да осы мәселелер жөнінде пікір айтып, ой тұжырымдайды.
5. А. Байтұрсыновтың қазақша дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазудың, сауатты болудың амалдарын баяндайтын көрнекті еңбектері - «Тіл жұмсар» мен «Сауат ашқыш». «Тіл жұмсар» - тіл үйретуге байланысты жазылған жаңаша еңбек. Ол екі бөлімнен түрады. Оның бірінші бөлімі «Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын кітап» деп аталған. Ал екінші бөлімі алғашқы бөлімдегі материалдарды тереңдетіп меңгеруге арналған жаттығу-тапсырмалардан тұрады.
Бұл кітаптың өзі әдістемелік жағынан бірін-бірі толықтыра келіп, автордың өзі атап өткендей: «әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем бөлшектерін жаза білуді тәжірибе арқылы жұмыс істеп үйретуді көздеген». «Сауат ашқыш» - әдістемелік жағынан әр түрлі тақырыпта кеңінен берілген дидактикалық материалдарымен көзге түсетін еңбек. Мұнда автордың нақтылы көздеген мақсаты өзіндік сөз жүйесінен, тапсырмалардың берілу амал-тәсілдерінен байқалады.
6. Ғалымның әдістің түрлерін баяндайтын еңбектеріне «Қай әдіс жақсы?», «Жалқылау (айырыңқы) әдіс», «Жалқылаулы- жалпылау әдіс» атты мақалалары жатады.
Тілді үйретуге қатысты А. Байтұрсыновтың ұсынған тиімді тәсілдері мен қағидалары мыналар:
1. Тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек деген дидактикалық принципті өте тиянақты ұстаған, оны уағыздаған.
2. Кез келген тілді үйретуді «қарыптан», яғни әріптен, әліпбиден бастау қажет.
3. Тілді үйрету ана тілінің сөз, сөйлем жүйесін білгізумен қатар жүруі тиіс.
4. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
5. Тіл арқылы сауат ашуда суреттерге көп мән берілуі керек.
6. Оқушыларға арналған материалдар аса тусінікті болуы шарт.
7. Мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының, халықтың үғымына таныс, жақын болуы тиімді.
8. Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге де ден қойған дұрыс.
9. Тілді үйрету үшін мұғалім бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек.
10. Мұғалім балаға білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтауға жағдай жасап, тілді тез үйренуге қарай үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыруы қажет [3, 154] .
А. Байтұрсыновтың құнды пікірлері тілдегі әдістеме мәселесіне ғана қатысты айтылып қойған жоқ. Сонымен қатар тілдің теориясына, оқу, жазу, сөйлеу жүйесіне байланысты ойлары да, сөйлемнің құрылысы мен ерекшеліктерін тұжырымдайтын көзқарастары да қазіргі тіл білімінде ерекше орын алады.
Қазақ тілі мәселелері мен әдістемесіне байланысты зерттеу еңбектер жазып, құнды пікір айтқан педагог-ғалымның бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Ж. Аймауытов 1922 жылдан 1924 жылға дейін Қарқаралыда мұғалім болып істейді. 1926-1929 жыл аралығында Шымкенттегі педагогикалық техникумның директоры қызметін атқарады. Осы кезеңдегі жұмыс тәжірибелерін ол бірнеше ғылыми мақалалары мен оқу құралдарына арқау еткен.
Қазақ тілін оқыту мәселелеріне қатысты шыққан Ж. Аймауытовтың еңбектерін төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:
1. Қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқытуға байланысты жазылған еңбектер.
2. Қазақ тілін әліптен бастап үйрету әдісіне арналған еңбектер.
3. Казақ тілін жүйелі түрде оқытуға бағытталған еңбектер [4, 147] .
Қазақ тілін сапалы оқытуды көздейтін ғалымның зерттеулеріне мыналарды жатқызған дұрыс: «Тәрбиеге жетекші», Орынбор, Қазмембас, 1924; «Ана тілін қалай оқыту керек?» («Жаңа мектеп», 1925 №2) ; «Тіл туралы» («Еңбекші қазақ», 1928, 23 ноябрь) . Қазақ тілінің дыбыстарын үйрету мәселесіне арналған тілшінің еңбектері: «Қазақша хат таныту әдісі» («Жаңа мектеп», 1927, №2), «Жаңа әліпті тез үйрету жолы» («Жаңа мектеп», 1929, №4) . Сабақты жүйелі оқытуға қатысты ұстаздың жарияланған кітабы: «Комплекспен оқыту жолдары», Қызылорда, Қаз. баспасы, 1929; мақаласы: «Комплекс жүйемен сабақ беру тәжірибеміз» («Жаңа мектеп», 1928, №1) .
Ж. Аймауытов қандай мәселені соз етсе де, қай пәнді (педагогика, дидактика, психология т. б. ) зерттесе де, ең маңызды орынға тіл, оның тазалығы мен дұрыс қолданылуы туралы мәселені қояды. Өйткені, автордың айтуынша, тіл - адам (бала) өмірінің ең алғашқы баспалдағы. Дүниедегі барлық тірлік ең алдымен тілден көрініс табады да, басқалары содан кейін іске асады.
Бұл мәселелер жөнінде ғалым: « . . . әр сабақ, әр пән бір жағынан өзіне тән мақсатьш көздесе, екінші жағьшан тіл түзетуге, тіл сабағының міндетін атқаруға тырысуы жөн», - деп атап өте келіп, Ж. Аймауытов балаға тілді дұрыс үйрету үшін басты-басты мына қағидаларды есте сақтаған жөн деп есептейді:
1. Бала әуелі затты, нәрсені көру керек. Оны көрген бала сол зат туралы айтады, яғни сөйлейді. Сондықтан тыңдау, сөйлеу процесі алғашқы болады да, оқу, жазу кейінгі болуы қажет.
2. Баланың өз бетімен сөйлеуіне көп мүмкіндік беру керек. Сондықтан материал бала ұғымына сәйкес болып: өмір кітапқа қарай емес, кітаптар өмірге бейімделіп жазылсын.
3. Сөйлеу өмірдегі құбылыстарға жақын, жеңілден басталғаны жөн.
4. Баланың ой қабілеті мен өмірді ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты күшейте келіп, көбінесө ынталандыру қасиетіне ерекше мән берген дұрыс [5, 25] .
Ұстаздың пікірінше, тілді сапалы меңгеру үшін, баланың ынтасын жетілдіру - ең маңызды шарт. Ол ынталандыруға байланысты өз пікірін білдіреді:
1. Алдын ала дайындалған сұрақтар арқылы баланың ынтасын бұру;
2. Баланың ынтасын арттыратын, қызықты мағлұматтарды ғана алу;
3. Баланың ілтипатын қадағалап қоймай, мұғалімнің өзі де материалды бар ынтасымен үйрету;
4. Жаңа материалды баланың бүрыннан білетін материалдарымен ұштастыра білу;
5. Қажетсіз мағлүматтардан сақтану;
6. Оқыту барысыңда қолданылатын көрнекілікті күшейту;
7. Сабақ оқыту әдіс-тәсілдерін үнемі өзгертіп отыру [6, 256] .
Ж. Аймауытовтың қай көзқарасы болсын осы күнгі тіл үйрету жүйесімен толық сәйкес келеді. Ғалым тілді оқыту жалаң білімге үйрету емес, ол тірі адамның жан дүниесін тану, оны түсіну деп біледі: «Ана тілін үйрену - сөздерді жаттау, олардьщ жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп үғымдарын, ойларын, сезімдерін, сүлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді», - деп жазады.
Міржақып Дулатов - қазақ тілінің сауаттылығы, дамуы үшін күрескен, оқу-ағарту мәселелерін жоғары қойған ұлттық тілдің жанашыры, қамқоры. Ол, әсіресе, қазақ мектебіндегі оқу ерекшеліктеріне, тілді оқыту үлгілеріне, жазу ережелері мен оларды қолдану зандылықтарына аса мән берген.
М. Дулатов жаңаша жазу үлгілеріне қатысты мақалалар жазған, өз пікірін ұсынған. Автордың А. Байтүрсынүлының «Тіл-құрал» кітабы туралы айтқан ойлары оның тілдің жанашыры ғана емес, білімді педагог, көреген мұғалім екендігін де аңғартады. М. Дулатовтың қазақтіліне арнап жазған оқу құралдары мен мақалаларының арасынан мыналарды атап өтуге болады: «Кім оқытады?» («Еңбекші қазақ», 1923, 27-февр. ) ; «Газет тілі онды болсын» («Еңбекші қазақ», 1927, 26-фев. ) ; «Мектеп-медреселер мәселесі», Қаз., 1913., «Оқшау сөз» («Қазақ», 1916, 18-янв. ) ; «Үлгілі іс» («Қазақ», 1914, 9-июль) ; «Читаю-писаю» («Қазақ», 1916, 18-янв) ; «Жаңа жазу ережелері» Қазақстан, 1923.
Мағжан Жұмабаев - балаларды оқыту проблемаларын жиі көтерген, осы мәселелерге арнап оқулықтар, зерттеу еңбектер, мақалалар жазған көрнекті қазақ қайраткерлерінің бірі. Оның «Жазылашақ оқу күралдары һәм мектебіміз» (1921, февраль) атты мақаласы мектептер мен оқу құралдары қандай болу керек деген сауалға жауап іздейді. Автор оқыту ісіне байланысты кедергілердің түрлерін атап айта келіп, болашақ ұрпақтың оқыту мәселесіне ерекше ден қою керек екендігін баса айтады. Оның нақты жолдарын көрсетеді.
М. Жұмабаев: «Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» [7, 154], - дейді. М. Жұмабаев «Бастауыш мектепте ана тілі» кітабында бастауыш кластардағы ана тілін оқыту мәселелерін, осыған байланысты әдістемелерді сөз етеді. Автордың басты пікірі мына ойды білдіреді: бастауыш мектеп хат таныту мектебі ғана емес, ол бүкіл болашақта адам меңгеруге тиісті білімнің негізі жөне ұлттық ана тілінің базасы болу керек дегенге саяды. М. Жұмабаев еңбектерінде қарастырылатын тілдік жөне әдістемелік мәселелер мынадай:
1. Мектеп пен түрмыстағы құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыста бола келіп, баланың сөйлеу тіліне әсер етуі.
2. Бастауыш мектепте қазақтілін оқыту проблемалары.
3. Тіл дамыту мәселелері.
4. Комплекстік оқыту әдісі мен оның ерекшеліктері.
5. Көрнекті материалдармен жүмыс істей білу.
6. Бақылау және емле бойынша жүмыстар жүргізу.
7. Ана тілін оқытуда негіз болатын қағидалар.
8. Жазба тілді жан-жақты меңгеру [8, 189] .
Қазақ тіліне қатысты М. Жұмабаевтың оқулықтары мен мақалалары: «Ана тілі: Бастауыш мектепте», Ташкент, 1923; «Қызыл әскер әліппесі», 1924., «Сауатты бол». М., 1928, 1929, 1930ж. ; «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» («Бостандық туы» газеті, 1921, ноябрь) ; «Қазақстандағы оқу жұмысының құрылысы» («Еңбекші қазақ», 1929, 12-жел) .
Телжан Шонанов әр салада көптеген еңбектер жаза келіп, тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, педагог, тарихшы, аудармашы ретінде көрнекті орын алады. Т. Шонанов 1915 жылы ұстаз болып қызмет істейді. Кейін 1922-1937ж. аралығында көптеген зерттеу еңбектерін жазды. Т. Шонановтың жазған кітаптары, оқулықтары мектептегі білім беру жүйесіне, әдістемелерге, тіл мәселелеріне арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz