Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4бет
І ТАРАУ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақтың тыйым сөзі — ұлттық тәрбие көзі ... ... ... ... ... ... ...5.9 бет
1.2 Тыйым сөздердің халық арасында қолданысы ... ... ... ... ... ...10.15 бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Сабақта тыйым сөздерді қолдану тиімділігі ... ... ... ... ... ... ...16.19 бет
2.2 Қазақ тілі сабағын тыйым сөздерді ұштастыру жолдары ... .19.25 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 27бет

Тақырыптың өзектілігі. Халқымызда «баланы — жастан» деген сөз бар. Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйретуге тырысқанымызбен, кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда, мысалы, «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа» деп айтуын айтқанмен, балаға оның мән-мағынасын түсіндірместен, «жаман болады» деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Осынымыз дұрыс па? Жалпы, тыйым сөздер қайдан шыққан? Оның астарына зер сала қарадық па? Бұл жайында Зейнеп апай не дейді екен…
Адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық педагогикасының қайнар бастауы да — әдептілік. Ұл-қызына көрсетер инабатты үлгісі жоқ, әдебі жоқ халық болмайды. Әдептілікке бас имеген, әдептіліктен нәр алмаған салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты ешбір халық жасамапты.
Әрине, «әркімнің өзіне ылайық үлгісі бар, ол біреуге — тар, біреуге кең келеді» дегендей, әр ұлттың өз ерекшелігі бар. Әрбір ұлттың дүниетанымы сол халықтың өмір өзегінен, тұрмыс-тіршілігінен туындаған. Өресі кең халықтың салт-дәстүрі салауатты, өнеге-тәлімі өрелі болады. Құдайға шүкір, қазақ халқының рухани болмыс-бітімі, адами қасиеттері, этикалық қағидалары көзін тауып, ретін келтіріп қолданса, бүгінгі күннің талай кем-кетігін толтырары сөзсіз. Тегінде, қазақ деген халық тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді, шайқалса да, құламайды. Халықтың зердесінде, тарихында, рухани мұрасында небір інжу-маржан жатыр. Сол асыл қазыналарымыздың қасиетін, мән-мағынасын ұрпағымыздың бойына жұғысты етіп, ертеңгі күнге жалғастыра ұқтырсақ, ұл-қыздарымыздың келешегі де жарқын болар еді.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тілі сабағында тыйым сөздерді өткізу барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың ой-өрісін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағында тыйым сөздерді пайлануға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
Тыйым сөздерді сабақта қолданудың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
Тыйым сөздерді қазақ тілі сабағында оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
Оқушыларға тыйым сөздерді дұрыс қабылдай білуге үйрету;
Тыйым сөздерді жеңілден - ауырға, түсініктіден-түсініксізге, жалқыдан-жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету.

1. Сағындықов Е. «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» ғылыми монография. Алматы, 1993жыл.
2. Бүркітбаев Ә. «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» 1985 жыл.
3. Балғымбаев М. «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері», Алматы, 1985
4. Диваев Ә. «Игры киргизских детей». Алматы,1988жыл.
5. Тәнекеев М. «Казахские национальные виды спорта и игры», Алматы, 1957жыл.
6. Алекторов А. «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей», Орынбор, 1891жыл.
7. Гуннер М. «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» Алматы, 1949 жыл.
8. Васильев А. «Игры сартовских детей», Алматы, 1896жыл.
9. Гаврилов М. «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» мақаласы
10. Төтенаев Б. «Қазақтың ұлттық ойындары», Алматы, 1994жыл.
11. Байтұрсынов А. «Қазақша оқу жайлы» , Алматы, 1896жыл.
12. Құлмағамбетова Б., Исанова А. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы, «Білім» 2000жыл.
13. Знаков Е.В. «Дидактика және өмір», Мәскеу 1988жыл.
14. Көшекбаев Н. «Оқыту теориясы», Алматы 1976жыл.
15. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991жыл.
16. Пинт А.О.. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы, 1990жыл.
17. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994жыл.
18. Жарыңбаев Қ.,.Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995жыл.
19. Жарыңбаев Қ., Базарбаевт Ж. Инабат. - Алматы, 1995жыл.
20. Қалиев С., т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994жыл.
21. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер. - Алматы, 1991жыл.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..3-4бе т
І ТАРАУ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақтың тыйым сөзі — ұлттық тәрбие
көзі ... ... ... ... ... ... ...5-9 бет
1.2 Тыйым сөздердің халық арасында қолданысы ... ... ... ... ... ...10-
15 бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІ
ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Сабақта тыйым сөздерді қолдану
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ..16-19 бет
2.2 Қазақ тілі сабағын тыйым сөздерді ұштастыру жолдары ... .19-25 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .26бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...27бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Халқымызда баланы — жастан деген сөз бар.
Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйретуге тырысқанымызбен,
кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда, мысалы, жағыңды
таянба, табалдырықты баспа деп айтуын айтқанмен, балаға оның мән-
мағынасын түсіндірместен, жаман болады деп бір ауыз сөзбен шектей
саламыз. Осынымыз дұрыс па? Жалпы, тыйым сөздер қайдан шыққан? Оның
астарына зер сала қарадық па? Бұл жайында Зейнеп апай не дейді екен...
Адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық педагогикасының қайнар
бастауы да — әдептілік. Ұл-қызына көрсетер инабатты үлгісі жоқ, әдебі жоқ
халық болмайды. Әдептілікке бас имеген, әдептіліктен нәр алмаған салт-
дәстүрді, әдет-ғұрыпты ешбір халық жасамапты.
Әрине, әркімнің өзіне ылайық үлгісі бар, ол біреуге — тар, біреуге
кең келеді дегендей, әр ұлттың өз ерекшелігі бар. Әрбір ұлттың дүниетанымы
сол халықтың өмір өзегінен, тұрмыс-тіршілігінен туындаған. Өресі кең
халықтың салт-дәстүрі салауатты, өнеге-тәлімі өрелі болады. Құдайға шүкір,
қазақ халқының рухани болмыс-бітімі, адами қасиеттері, этикалық қағидалары
көзін тауып, ретін келтіріп қолданса, бүгінгі күннің талай кем-кетігін
толтырары сөзсіз. Тегінде, қазақ деген халық тамыры тереңге кеткен алып
бәйтерек секілді, шайқалса да, құламайды. Халықтың зердесінде, тарихында,
рухани мұрасында небір інжу-маржан жатыр. Сол асыл қазыналарымыздың
қасиетін, мән-мағынасын ұрпағымыздың бойына жұғысты етіп, ертеңгі күнге
жалғастыра ұқтырсақ, ұл-қыздарымыздың келешегі де жарқын болар еді.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тілі сабағында тыйым сөздерді өткізу
барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың ой-өрісін дамыту
жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағында
тыйым сөздерді пайлануға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей
міндеттер қойылды:
– Тыйым сөздерді сабақта қолданудың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
– Тыйым сөздерді қазақ тілі сабағында оқытудың дидактикалық және
әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
– Оқушыларға тыйым сөздерді дұрыс қабылдай білуге үйрету;
– Тыйым сөздерді жеңілден - ауырға, түсініктіден-түсініксізге, жалқыдан-
жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: зерттеу, жинақтау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен
жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Қазақ тілін оқыту
әдістемесі пәнін оқытуда, Сабақта тыйым сөздердің орны тақырыбында
арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін
педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша
көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Қазақтың тыйым сөзі — ұлттық тәрбие көзі
Қазақ халқымыз ертеден бастап өз баласын тыйым сөздерді ескеріп,
оларды жақсы тәрбиеге бағыттауды жөн көреді. Мысалы, Қазақта ас атасы-нан
деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені — нан. Бала ақ пен қараны ажыратып
танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды
үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша
нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы
наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде
күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да — орта, берекеңіз кетіп,
дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның
қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына
нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам,
қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта қатықсыз қара су ішіп, қара
нан жесек те, амандық болсын деген де сөз бар ғой... Нанды жерге тастама,
нанның үстіне зат қойма, нанды төңкерме, нанды бір қолмен үзбе деген
сөздің барлығы — сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам
ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып
алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті
Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. Адам атамыз бен
Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің
ұртында келген дейді. Итті жеті қазынаның бірі дейтін себебіміз адамзат
сол иттің ырыздығын жеп жүр деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір
таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы
түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы
түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де,
қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы
қисынға, бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен дегенге
біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге
тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ
бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның
үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне
қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың
бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.
Бір жолы Жаңа жыл кешінде неше түрлі тағам түрін дайындап, дастарқанға
толтырып қойып жатқанымда ата үстелді көзімен бір шолып қарап: Балам,
бұдан кейін қандай дастарқан жасасаң да, дастарқанға алдымен нан қоюды
ұмытпа! — деді. Мен сонда жастығым ба, абайламай өзімнің дастарқанға
алдымен нан қоймаған қателігімді мойындап, екінші қайтып қайталаған жоқпын.
Өмір бойы ұмытпадым да. Менің сол кезде жіберген қателігімді қазір жиі әрі
кез келген жерде кездестіруге болады. Қандай қонаққа барсақ та,
мейрамханаларда болсын емен үстел майысып, тіпті бұрын көрмеген тағамның
түр-түрі тұрғанымен, нанды соңынан әкеліп жатады. Кейбір адам қонаққа
шақырып отырып ойбұй, нан қоюды ұмытыппыз деп жатады, яғни нан қоюды
ұмытып кетіп жатамыз. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, үйіңізге ырыс
кірсін десеңіз, отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын
десеңіз алдымен дастарқаныңызға нан қоюды ұмытпаңыз. Өйткені жай нанның
өзінде пенделердің көзіне көрінбейтін адамдарды тартатын қасиет бар.
Нанды бір қолмен үзбе дейді. Онда тұрған не бар деп түсінетіндер
бар. Олар мұның кесірлік екенін түсінбегендіктен солай ойлайды. Қасиетті
нанды бір қолымен қалай болса солай үзген кесір болады. Айтпай кетуге
болмайтын бір оқиға есіме түсіп отыр... Кеңес өкіметінің кезінде ең арзан
өнім нан болды. Ауылдық жерде кездесе қоймағанмен, қалалық жерде жатқан
нанды аяғымен теуіп ойнап жүрген балаларды көзіміз көрді. Бізге кішкене
кезімізде үлкен кісілер, ата-анамыз жерде жатқан нанды көтеріп биікке
қойыңдар, құс шоқып жесін дегенді жиі айтатын. Біздің жасымыздағы адамдар
болмаса, жастарымыз жерде жатқан нанды көргенде, мән бермей кете береді.
Сауабы тисін десеңіз, біреудің жерге тастап кеткен нанын көтеріп биікке
қойыңыз. Өз басым осыны немерелеріме аяғы шығып өздері жүре бастағаннан
үйретіп келемін. Көшеде жетектеп келе жатқанда аяқ астында жатқан нанды
алып биікке қойғанымды олар талай рет көрді. Тәрбие айтудан ғана емес,
көрсетуден сіңеді, сондықтан да болар, жерде жатқан нанды құс жейді деп
көтеріп биікке қойып жатқан немерелерімді көргенде ішім жылып қалады. Бала
көргенін істейді. Олай болатын болса, мың рет айтқаннан бір рет көрсеткен
әлдеқайда тиімді екенін естен шығармағанымыз жөн. 90-жылдары қиыншылықты
бастан өткердік. Дүкендердегі тапшылық, қаңырап бос тұрған сөрелер,
зейнетақы мен еңбекақының уақтылы төленбеуі, жарықтың болмауы, газдың жиі
берілмеуі, міне, осындай қиыншылықты қаладағы кез келген отбасы басынан
өткерді деуге болады. Апырм-ай, бір кездері нанды соншалықты кесірленіп
аяқасты қылып едік, мынау соның зауалы ғой... деген ой мені сонда жиі
мазалады. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ қалай айтсақ та, нанның
қадірін білмей кеткендер болды. Сол жоқшылық арқылы Жаратқан иеміз бізге
бір кездегі кесірлігімізді көрсетті. Олай болатын болса, мың жерден бай
болыңыз, бар болыңыз, бірақ ең алдымен, ас атасы — нанды қадірлеңіз! Біздің
кішкене кезімізде нанды үзгенде уағына дейін қалдырмай жегізетін. Нанның
уағын жеп отыр деп кейбіреуге біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ айналып
келгенде нанның уағы да нан ғой. Бүтін нанды нан деп, нанның уағын шелекке
тастау — күнә. Сондықтан да балаға жасынан нанды оң қолына ұстатып, уағын
тастамауға, нанды үгітпеуге үйреткен жөн. Тыйым дегенді мынау жаман,
ескіліктің қалдығы деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар
бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана
сөйтпе-бүйтпе емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.
Ұрпақ санасында ұлттық қасиетерді қалыптастыру тіл мен дін, салт пен
сана, ұлттық дәстүр арқылы жүзеге асады. Халқымыз ғасырлар бойы даланың
қатал табиғатымен бетпе-бет келгенде, шапқыншы жаумен шайқасқанда, бейбіт
өмірдің мамыражай тірлігінде жинақталған бай тәжірибесінен көрген – түйген
қорытындысы ретіндегі ырым-тыйым сөздердің ұрпақ тәрбиесінде қазір де мәні
жойылған жоқ. Ізгілікті аңсаудан туған ырымдар, бәле-жала кесапаттан
сақтандыратын тыйымдардың тәрбиелік мәні өте зор.Ырымдар мен тыйымдар
халқымыздың әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде жас буын тарапынан
бұлжымай орындалып отырған. Тыйым сөздерді заң ретінде қабылдаған. Егер осы
мәселеге тереңірек көз салсақ, ырымдар мен тыйымдар құқықтық норма
деңгейінде қолданылғанын аңғарамыз. Әлеуметтік өмірдегі түрліше қарым-
қатынаста адамдардың әрекеті үстінде көрсететін мінез-құлқын анықтайтын,
жалпыға міндетті ережелердің жиынтығы ретінде танылады. Міне, осындай
деңгейде ырым-тыйым сөздерді халқымыз пайдаланып, баршаға бірдей, міндетті
түрде орындатқан. Мұның өзі қоғамдағы үлгі-өнеге, әдептіліктің негізгі
қағидасы болып қалыптасқан. Сондықтан қазіргі біздің ортамызда олқы соғып
отырған имандылықтың, сұйылып бара жатқан адамгершіліктің негізі болып
саналатын тыйым сөздер кесел мен кесапат атаулыдан, жүгенсіздік,
тәртіпсіздік атаулыдан сақтандырушы қалқан, инабаттылық пен ізгіліктің
қайнары еді.
Тыйым сөздер жағымсыз, келеңсіз әрекетті тоқтатуға арналған. Жат
пиғылдан, орынсыз қылықтан, теріс мінезден сақтандыруға бағыттала
қолданылған. Адамдардың бойындағы адамгершілік, имандылық қасиеттерінің
өлшеміндей деңгейде пайданылған. Бұл тыйым сөздердің мән-мағынасының
қаншалықты екенін аңғартса керек.
Мысалы, күлді баспа, ақты төкпе, көкті жұлма, ұяны бұзба – бұл сөздер
жоғарыда айтқан ойымыздың толық дәлелі болады. Тыйым сөздер балалардың есі
кірген кезден-ақ қолданылғандықтан, ойы айқын, жас ерекшелігіне сай
түсінікті, нақты тұжырымдарды білдіреді. Балаларды ертеден-ақ жаман әдет,
жат қылықтан сақтандырады. Есі жаңа кірген кезден басталып ержеткенге дейін
құлағында жүріп, жүрегінен орын алатыны сөзсіз. Мұндай өнегелі, мейірімді
сезімге, адами құндылыққа үйрететін бұл сөздердің естілуі қаталдау
болғанымен, жас баланың жанына төгер шуағы мол, нұрлы. Қысқа да нұсқа,
айтылу екпіні де ерекше тіркестер шоғыры жас адамды сол айтылғанды
орындауға еріксіз мойын ұсындырғандай. Өйткені ойлы, мағынасы терең бұл
сөздер баланың өмірлік есте сақтауына да жеңіл. Бұл талдап, талқылауды
қажет етпейтін, сөзсіз орындалуға тиісті өмірлік міндеттей мәнді
тұжырымдар. Оны үлкендердің ұрпағына сөзсіз орындатуы халықтың бала
тәрбиесіндегі ұстанымы болған. Атаның тілін бала қайтару, айтқанын
орындамау адамшылық жолдан таюмен тең саналған. Мұны көргенсіздік, шектен
шыққандық деп білген. Сондықтан, әр жас ата салтынан аспай, айтқаны
қалтқысыз орындалған. Міне, қазақи тәрбиенің құдіретті ерекшелігі осы
жерден көрінеді. Ата салтын тәрбие үдерісінде басшылыққа алудың мәні де
осыдан көрінеді. Осы дәстүр қайта қолға алынса, ата-ананы тыңдамайтын бала,
тыңдата алмайтын ата-ана болмас еді.
Біздіңше, адам қоғамының барлық түрінде де тыйым сөздер қажет.
Тіршілік болған соң күнгейі мен көлеңкесінсіз болмайды. Сол кереғарлықты
реттеп отыру үшін нанымдық, сенімдік, моральдық-этникалық, құқықтық
нормалар сияқты тыйым сөздер де әлеуметтік ортаны реттеп отырады. Қоғам
мүшелерін игі мақсаттарға бағыттап, адамдар арасындағы үйлесімділікті
қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Тыйым сөздердің мағнасына үңілсек, тәрбиенің әр саласын аңғаруға
болады. Оларды шартты түрде былай бөлуге болады: біріншіден, адамның түрлі
қарым-қатынасына байланысты пайда болған; екіншіден, табиғаттағы тылсым
күштердің киесі ұру, аруақтың қаһарынан, пәле-жаладан қорғануға арналған.
Біздің былай бөлуіміз қолданылу үстіндегі мазмұнын жіктеуден туған.
Адамдардың өзара қарым-қатынасына байланысты туған тыйым сөздерде үлкен-
кішінің арасындағы, әке мен балаға қатысты, ағайын арасындағы, адамның жеке
басына байланысты тыйым сөздердің үлгілері бар. Олар: нанды баспау,
дастарханды аттамау, табалдырықты баспау, үлкенге дауыс көтермеу, ата-
ананың назарына қалмау, ағайынға пышақ, қайрақ, балта, ит сыйламау, әйелдің
мінетін атының құйрық-жалын күземеу, некелілердің төсегіне отырмау, таңын
ашып жүрмеу, кіндігін көрсетпеу, неке қиылғанша тазалық сақтау, т.б. Енді
екінші топқа жататындар: отқа түкірме, үйді айналма, ауылға қарай шаппа,
айды қолмен көрсетпе, айға, молаға қарап зәр сындырма, жағыңды, бүйіріңді
таянба, т.б. Бұл сөздер пәле-жаладан аулақ болу, табиғаттағы тылсым күштің
құдіретінен, аруақ пен тәңірдің киесінен сақтандыруға арналған нанымнан
туғанын байқауға болады. Қандай топқа жататын сөз болса да, адами
қасиеттерді қалыптастыруда қоршаған орта, жан-жануар мен табиғаты қорғау,
имандылық, адамгершілік негізінде ұлттық мінез-құлық қалыпастыратыны
даусыз.
Тыйым сөздердің мазмұнынан тәрбиенің бірнеше түрін көруге болады. Атап
айтсақ: адамгершілік, әдептілік, имандылық, экологиялық, гигиеналық және
тағы басқа түрлерге бөлуге болады.
Адамгершілік адам болмысы үшін басты көрсеткіш екені белгілі. Мұндай
адами сезімдерді қалыптастыратын сөздердің қатары көп. Оларда адамды
сыйлау, қайырымды болу, өтірік айтпау, еңбекті бағалау, т.б. тәрбиелік
ұғымдар қамтылған. Мысалы: адамға қарап күлме, біреуді алдама, кісі ақысын
жеме, үлкеннің бетінен алма, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, кемтарға
күлме, ұрлық қылма, зорық жасама, арыңды сатпа, аманатқа қиянан жасама,
әйелге күш көрсетпе, мақтанба, тәкаппар болма, өтірікке куәлік жасама,
жалқау болма.
Әдептілік – адамдармен қарым-қатынаста көрінетін сыпайыгершілік,
ізеттілік таныту арқылы өз ортасында сүйкімді, жұғымды, көрсететін ерекше
қасиет. Ол адамгершілікпен, имандылықпен қанаттас жүретін ұғым. Біздің мұны
ерекше бөліп көрсетуіміз бүгінгі қоғам үшін орны мен маңызы ерекше
болғандығынан. Мұндай сөздерге: үлкенін алдын кесіп өтпе, үлкенге әрқашан
орын бер, үлкеннен бұрын сөйлеме, үлкеннен бұрын тамаққа қолыңды созба,
топа даурығып сөйлеме, кісінің көзінше қасынба, мұрныңды шұқыма, кісінің
үстінен аттама, тосып сөйле, кісіге қарап түкірме, т.б. жатады.
Имандылық туралы баспасөз беттерінде аз айттылып жүрген жоқ. Қазіргі
қоғамда оның орны ойсырап тұрғаны баршаға мәлім. Жоғарыда атап
өткеніміздей, имандылық ұғымы өте кең. Адамгершілік, тәртіптілік,
сыпайыгершілік ұғымдарының бәрін де қамтиды. Біз бұл жерде дінді қадірлеу,
хадис талабын орындау, жан тазалығын сақтау деген ұғымдармен қатысты
сөздерді көрсеттік. Олар: аруақ аттама, дінді сатпа, құранды баспа,
тәңірге, аруаққа, құранға тіл тигізбе, өлім үстінде жаман сөз айтпа, өлген
адамды жамандама, намазды бұзба, қабірді баспа, жұма кір жума, т.б.
Экологиялық тәрбие – қоршаған ортаға қамқорлық, залал тигізбеу, тылсым
құдіретті бағалауға арналған сөздер жатады. Олар – көкті жұлма, ұяны бұзба,
суға түкірме, ағын суға кір шайма, малды теппе, аққуды атпа, бұлақты
бітеме, жәндікті өлтірме, суға зәр сындырма, құмырсқаның илеуін баспа, қара
суды сапырма, бұлақты былғама, ағашты кеспе, т.б.
Тазалық тәрбиесінде жас ұрпақтың дені таза, тәні сау болып өсуі
үшінжеке бас тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздердің орны ерекше. Олар:
аяғыңды жоғары көтерме, сыпырғышпен ұрма, шалбарыңды жастанба, дәрет суын
аяқ асты төкпе, сыпырындыны, күлді шашпа, құдыққа түкірме, саусағыңды
сорма, қолға жұққан суды сілікпе, тамақтың үстінен аттама, итке ожаумен ас
құйма, шелектегі суға аузыңды батырма, т.б.
Эстетикалық тәрбиеге қатысты адамның сыртқы көрінісінің жарасымдылығы
мен жүріп-тұру әдебіне байланысты бір алуан сөздер бар. Олар: шашыңды
жайма, тақымыңды көрсетпе, езуіңді керме, талтайып отырма, шаш-тырнағыңды
өсірме, бөркіңді теріс киме, кіндігінді ашпа.
Халқымыздың ғасырлап жасаған қазынасын шағын мақалада қамту мүмкін
емес және оны мақсат етпедік. Біздің айтпағымыз ұлтымыздың асыл қазынасы-
тыйым сөздерді пайдалана отырып, қазіргі ұрпақ бойындағы жамандық атаулыдан
құтылудың қамын жасауды ата-аналарға ұсынғымыз келеді. Ата салтын пайдалана
отырып, айтқанын ұрпағына орындатар есті ата-ананың назарын ырым-тыйым
сөздерге аударғымыз келеді. Ата дәстүріне иек артпай тәрбиенің көсегесі
көгермейтінін баса айтқымыз келеді.
Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен
жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын
тәрбиелеп отырғанын біз жақсы білеміз. Халқымыздың қанына сіңген тектілігі,
адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес
қылықтардан аулақ болғаны – осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни тыйым
сөздердің мән-мағынасына тереңнен үңіліп, бой ұрсақ, оның астарында маңызды
да, мәнді, адам баласына, әсіресе, жас, өскелең ұрпаққа қажетті асыл
дүниелер жатқандығын аңғаруға болады.
1.2 Тыйым сөздердің халық арасында қолданысы
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі
кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден
сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою –
ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу –
ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым
салынған.
Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен
кейбір үлгілерін қағазға түсіріп ұсынып отырмыз.
Дастарханды, тамақты баспа.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Үй айнала жүгірме.
Босағаны керме, құшақтама.
Табалдырықты баспа, отырма.
Үйді сабама, малды басқа сабама.
Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.
Итке ожаумен ас құйма.
Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
Шашыңды жайма.
Бетіңді баспа.
Тізеңді құшақтама.
Халқымызда баланы — жастан деген сөз бар. Бала оңы мен солын танымай
жатып-ақ көп нәрсені үйретуге тырысқанымызбен, кейде белгілі бір
нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда, мысалы, жағыңды таянба,
табалдырықты баспа деп айтуын айтқанмен, балаға оның мән-мағынасын
түсіндірместен, жаман болады деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Осынымыз
дұрыс па? Жалпы, тыйым сөздер қайдан шыққан? Оның астарына зер сала қарадық
па? Бұл жайында Зейнеп апай не дейді екен...

Қазақта ас атасы — нан деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені —
нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан
ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген
тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал
бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды.
Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да
— орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге
көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның
құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі
бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта
қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын деген де сөз бар
ғой... Нанды жерге тастама, нанның үстіне зат қойма, нанды төңкерме,
нанды бір қолмен үзбе деген сөздің барлығы — сол нанның қасиетіне орай
айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған
нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан
баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге
болады. Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп
кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті жеті қазынаның бірі
дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр деген бұрыннан келе
жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың,
жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының
дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы
түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан
келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, бұл жердің дәні емес, бізге
бейнебір ғарыштан жеткен дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез
келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады.
Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас,
ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі
нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық
ойламаған. Қазақтың бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем дейтін сөзі
осыдан келіп шыққан.

таянба, т.б. Бұл сөздер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz