Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.6
1.2. Әдістемелік жұмыстың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.8
1.3. Әдістемелік жұмыстың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.16
1.4. Әдістемелік жұмыстың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.19

ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ МЕН АТТЕСТАЦИЯСЫ

2.1. Педагогикалық кадрлардың дайындығы мен қазіргі таңдағы білім беру саласының өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.21
2.2. Педагогикалық кадрлардың әдістемелік жұмысы мен аттестациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Тақырыптың өзектілігі. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп тұру кез-келген мектеп мұғалімінің міндеті болып табылады. Сол себепті, мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарды жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз.
Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады.
Бүгінгі таңда, мектептегі әдістемелік жұмыстың алатын орны ерекше. Сол себепті әдістемелік жұмыстың маңыздылығы мен оның мазмұнын игеру әр мұғалімнің міндеті болып табылады.
Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе-эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:мектептегі әдістемелік жұмыстың құрылымын, олардың маңыздылығын, мазмұнын, түрлерін теориялық-практикалық сараптамадан өткізу – негізгі мақсатқа айналып отыр. Осыған сәйкес келесі мәселелер туындайды:
- педагогика саласына елеулі еңбектерін қалдырған ғұлама ғалымдардың мектептегі әдістемелік жұмыстар жайында қалдырған еңбектеріндегі мәліметтерді жинап, саралау, тұжырымдау;
- мектептегі әдістемелік жұмысының маңыздылығын, түрлерін, мақсат-міндеттерін, ерекшеліктерін белгілі бір жүйеге келтіру;
- жиналған теориялық материалдарды практика тұрғысынан зерттеп, қорытынды жасау.
1. Ы. Алтынсарин қазақ тілін оқыту әдістемесі – Алматы 1984ж, 648 бет.
2. А. Байтұрсынов бірнеше әдістемелік жинақ А-1990ж, 398 бет.
3. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991. 563 бет.
4. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. 558 бет.
5. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы, Қазақстан мектебі, 1999. 735 бет.
6. Р.Б.НұртазинаЗанимательная грамматика. - Алма-Ата, 1963.355бет
7. Ш.Х.Курманалина. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению математике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999. 589 бет.
8. Ш.Х.Курманалина Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. 665 бет
9. Ш.Х.Курманалина. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. 654 бет.
10. Ш.Х.Курманалина Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. 615 бет.
11. Д.Х. Фарбер. Жизнь – в детях. Народный учитель. – Алма-Ата, 1982.Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж. 25 бет.
12. К.К. Ахметов. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж. 756 бет.
13. Б. Әбдіғазиев Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.566 бет.
14. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж. 658 бет.
15. Ж.Дәулетбекова.Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж. 755 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ...4-6
1.2. Әдістемелік жұмыстың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
1.3. Әдістемелік жұмыстың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-16
1.4. Әдістемелік жұмыстың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-19

ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ МЕН АТТЕСТАЦИЯСЫ

2.1. Педагогикалық кадрлардың дайындығы мен қазіргі таңдағы білім беру саласының өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-21
2.2. Педагогикалық кадрлардың әдістемелік жұмысы мен аттестациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп тұру кез-келген мектеп мұғалімінің міндеті болып табылады. Сол себепті, мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарды жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз.
Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру - нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады.
Бүгінгі таңда, мектептегі әдістемелік жұмыстың алатын орны ерекше. Сол себепті әдістемелік жұмыстың маңыздылығы мен оның мазмұнын игеру әр мұғалімнің міндеті болып табылады.
Әдістемелік бірлестік - мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе-эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:мектептегі әдістемелік жұмыстың құрылымын, олардың маңыздылығын, мазмұнын, түрлерін теориялық-практикалық сараптамадан өткізу - негізгі мақсатқа айналып отыр. Осыған сәйкес келесі мәселелер туындайды:
oo педагогика саласына елеулі еңбектерін қалдырған ғұлама ғалымдардың мектептегі әдістемелік жұмыстар жайында қалдырған еңбектеріндегі мәліметтерді жинап, саралау, тұжырымдау;
oo мектептегі әдістемелік жұмысының маңыздылығын, түрлерін, мақсат-міндеттерін, ерекшеліктерін белгілі бір жүйеге келтіру;
oo жиналған теориялық материалдарды практика тұрғысынан зерттеп, қорытынды жасау.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: мектептегі әдістемелік жұмыстарының құрылымдары мен түрлерін айшықталды, оларды тиімді пайдалана білу жолдары анықталды.
Курстық жұмыстың әдістері: Жұмыста педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, талдау, баяндау, сипаттау әдістерін қолдандық.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.

І ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

0.1 Мектептегі әдістемелік жұмыстың жалпы сипаты

Атақты педагог - ғалым В.Сухомлинский Мұғалімдік мамандық деген - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады -деп, мұғалімдік өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі-деп, бекер айтқан жоқ. Демек, мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру - мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы болып саналады. Өйткені қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің кәсіптік мәдениеті басты алғы шарты екені аян. Мұғалімнің кәсіптік мәдениетін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды. Ал әдістемелік жұмыс дегеніміз - ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі және ұжымдық жұмыс. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету,басшылық және бақылаудың барлығы әдістемелік жұмысқа жатқызуға болады.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап - әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады. Жыл ішінде әдістемелік бірлестіктіктің отырысын жоспарлауға болады. Жоспар бойынша әр отырыста: мысалы, бірінші отырыста өткен оқу жылының қорытындысы, әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту, шығармашылық жұмыстарды бекіту, тәлімгерлермен жұмыс жоспарлары қаралса, келесі отырыстарда жазба жұмыстарының қорытындысы, мектепішілік олимпиада қорытындысы, факультатив, үйірме жұмыстарының өтілу барысы, пән сабақтарының берілу жайы қаралып, талқыланып отырады. Мектептегі әдістемелік жұмыстарының бірлестік жетекшісінің міндеті:
- Өз қызметі бойынша есептер, кәсіптік жаңашылдық қызмет атқару;
- Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру;
- Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс жасауға ынталандыру, бірлестік мүшелерін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
- Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар жасауға ынталандару және ондай мұғалімге жан-жақты қолдау көрсету;
- Оқушылар табыстарын мониторингілеу және оны диагностикалау;
- Оқыту мен тәрбиелеу ең соңғы педтехнологияларын зерттеп меңгеру және өз кәсібіне қолдана білу..
Мұндай міндеттер әрине, барлық ұстаздар алдына қойылады. Дегенмен, табыстың кілті - әдістеме бірлестік жетекшісі тарапынан жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мен мұғалімнің оны өзінің кәсіптік тұрақты қажеттілігіне айналдырып, белсенділікпен жұмыс атқарып отыруына қатаң бақылау жасап отыру деп ойлаймын. Демек, бірлестік жетекшісінен жасанды қабілеттілік емес, нақты еңбектің міндеті атқарулы талап етіледі. Педагогикалық техналогияның басты сипатты да, міне осы. Әр ұстаз жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде тек өз пәнінің аясында ғана қалып қоймай, қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуге, баулуға бірлестік жетекшісінің атқарар жұмысы аз болмайды. Мұны әрбір бірлестік жетекшісі саналы түрде сезінуі тиіс.
Елбасымыз Н.Е.Назарбаев Қазақстанның болашағы мектептен басталады-деген сөзінен бүгінгі білім ордаларына қойылатын үлкен міндетті аңғарамыз. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды. Ұлы ғұлама А.Байтұрсынов ХХ ғасырдың соңында Ел әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім, -деген екен. Мен сөз еткелі отырған бірлестік жетекшісі, әрине алдымен-ұстаз.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепте білім беріп ұстаздардың кәсібін дамыту мен білім сапасына қатысты нақты міндеттер көрсетілген. Бұл тұжырымдамада: Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке үйрену ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады,-делінген.
Әдістемелік жұмыстың ең негізгі ерекшелігі - күнделікті педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыста болу, сол негізде туындайтын мәселелерді тани білу және оны шешудің ұтымды жолдарын қарастыру. Осыған орай әдістемелік жұмысты жүргізу әрекеті былайша тізбектеледі:
- әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;
- мәселелік оқыту технологияларын пайдалану жолдарын үйрету;
- еркін және шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;
- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, басшылық жасау;
- жылдық, айлық, өзіндік, жеке жоапарлар жасау;
- оқу-әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар, ережелер, т.б. дайындау;
- аналитикалық, диагностикалық материалдар дайындау;
- білім мониторингін шығару;
- озат тәжірибені тарату;
- интернет сайттарға материал әзірлеу;
- ақпаратты технологияларды пайдалана отырып, виртуалды семинарлар, интернет-форумдар, өзара ақыл-кеңестер жүргізу, т.б.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты - ол педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру болып табылады. Ал сол мақсатқа жетуге екі міндет негізделеді. Біріншісі ол - мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру. Ал екінші міндеті - мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.

1.2 Әдістемелік жұмыстың құрылымы

Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін қазіргі заманның талабы тұрғысынан талдап, оны жетілдіру жолдарын анықтайды. Мектептегі әдістемелік жұмыс құрылымдарын төрт бөлікке айшықтауға болады (1-сызбанұсқа).

1-сызбанұсқа. Әдістемелік жұмыстың құрылымы.

Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінге мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет, керек болған жағдайда тағы да өткізіледі. Бірлестік жетекшісінің атқарар міндеті өте жоғары.
Осыған лайық бірлестік жетекшісінің ұжымда, әдістемелік бірлестігінде өзіндік мәртебесі пайда болады. Сол мәртебеге ие болу үшін бірлестік жетекшісі төмендегі қасиет иесі болу керек деп ойлаймыз.
Біріншіден, бірлестік мүшелерімен қарым-қатынас жасауда психологиялық шеберлік керек.
Екіншіден, этика-эстетикалық талғамы жоғары болуы керек.
Үшіншіден, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білетін, тіл табыса білуі жоғары парасат иесі.
Төртіншіден, айналасына үлгі боларлықтай игі істермен көзге түсуі керек.
Бірлестік жетекшісі әрқашан ізденісте болуы қажет, сонда ғана оның жұмысы нәтижелі, ұжымда белгілі бір мәртебеге қол жеткізеді деп ойлаймыз.
Енді мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, мектебімізде бірлестік жұмыс істейді.Барлық бірлестік жетекшілері мектеп директорының бұйрығымен бекітілген. Әдістемелік кеңесте бірлестік жетекшілерімен әдістемелік жұмыстағы барлық мәселелер талқыланып отырады. Мысалы, білім жүйесін дамытуға байланысты семинарлар, конференциялар, шығармашылық есептер мен пән олимпиадалары, апталықтар, ашық сабақтар, күнтізбелік жоспар, мұғалімдердің білімін жетілдіру, аттестация, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің берілген біліктілік санатына лайықтылығын анықтау, санатқа көтеру, әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарына талдау, жас мамандармен жұмыс, жаңа келген маманның кәсіби құзырлылық және әдістемелік даярлық деңгейін анықтау туралы мәселелер ортаға салынды. Жалпы әдістемелік бірлестік жұмысының құрылымына мыналар жатады:
- Әдістемелік отырысын өткізу;
- Нормативтік құжаттар, бірлестік шешімдері мен нұсқауларын орындау;
- Пәндік апталықтарды дайындау және өткізу;
- Пәндік семинарлар,дөңгелек үстел, конференция дайындау, өткізу;
- Оқушыларды пәндік олимпиада, интеллектуалдық марафон, байқау, жарысқа дайындау;
- Пәндер бойынша сыныптан тыс шаралар өткізу;
- Сабақтарға, факультатив сабақтарға, үйірме жұмыстарына қатысу;
- Мұғалімдердің, оқушылардың жұмыстарын талдау, марапаттау.
Әдістемелік бірлестік туралы қорыта айтқанда, әдістемелік бірлестік мектепте бір пәнде үш мұғалім болған жағдайда құрылады. Ал мұғалім саны аз болса, пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер құрылады.
Аудандық әдістемелі бірліктестер аудан мұғалімдері үшін жылына екі-үш рет мәжілістерін өткізеді.
Аз құрамды мектептерде де әдістемелік бірлестіктер құрылады.
Шет тілі мұғалімдері бірлестігінің жұмысына облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты басшылық етеді.
Әдістемелік жұмысы әрине ең алдымен жоспар құрудан бастау алады. Әдістемелік жұмыстың жоспары бір жылға жасалады. Оны мектеп директоры бекітеді.
Ал әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. Мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік кеңестің мәслихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелер талқыланады. Олардың кейбіреулері: жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері, ашық сабақтары талдау, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері. Әдістемелік кеңес конференциялар өткізеді, оқушылардың жұмыстарын және дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырады, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдері дайындайды.
Мектептің әдістемелік кеңесіне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдер, шебер мұғалімдер, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері енеді. Әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы - мектепішілік педагогикалық оқулар, конференциялар. Оқу жылының аяғында мектеп мәселелерін шешуге үлес қосқан әдістемелік жинақтар педагогикалық ұжым назарына ұсынылады.
Әдістемелік кеңес мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын қайталамайды. Ол әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бағыттап әрбір мұғалімнің теориялық білімін жетілдіреді. Ал педагогикалық кеңес мұғалімдердің мәселе бойынша атқарған тәжірибелік жұмысының нәтижелерін шығарады.

1.3 Әдістемелік жұмыстың түрлері

Мектепте әдістемелік жұмыстың түрлерін бірнеше тармақтарға бөлуге болады (2-сызбанұсқа)

2-сызбанұсқа. Әдістемелік жұмыстың түрлері.

Ұжымдық: бір пәннен беретін мұғалімдер атқаратын жұмыстар - мектепаралық, аудандық (қалалық) семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар, көрмелер, шығармашылық кештер, кездесулер, кафедраның, мектептің, таңдаулы мұғалімі Жыл мұғалімі сайысы, авторлық бағдарламаларды, оқу құралдарын талқылау.
Топтық: шығармашылық топтарға біріккен мұғалімдердің жұмысы, оқушылардың білімін тексеру нәтижелерін, тест және сауалнама сұрақтарын талқылау, жаңа технологияларды, ғылым жетістіктерін талқылау.
Жеке жұмыстар: тәлімгерлік, мектеп басшысымен жұмыс, өздігінен білімін алу, рефераттар, сабақ жоспарлары, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, дәстүрлі емес сабақтар.
Аталған әдістемелік жұмыстардың түрлерін біз Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 5-7сынып оқушыларына қазақ тілі және әдебиеті айлығын тәжірибе жүзінде өткізген болатынбыз.
Семинарлар. Оларға дайындық кезінде баяндамалар әзірленіп, мектеп тәжірибесінен, деректі материалдар жинайды, қосымша әдебиеттер оқиды, құжаттармен танысады. Семинарда жекелеген мұғалімдер дайындаған баяндамаларын оқиды, басқаларын толықтырады, сұрақтарға жауап береді, пікірталастарға қатысады.
№19 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смагулова Бақыт Тұяққызы Павлодар қаласының білікті мұғалімдері бірлескен Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану және өлкетану материалдары арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыру атты семинарына қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибенің мазмұны - орыс мектептерінде қазақ тілі мен қазақ әдебиетін тиімді оқыту болып табылған. Семинардың жаңалығы: 1. қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жергілікті жазушылардың өмірбаяндары мен шығармаларын оқыту, өлең талдау кезеңінде алгоритмды пайдалану; 2. тірек сызба,кестелер құрастыру; 3. реферат, баяндама жазу; 4. тест тапсырмаларын құрастыру; 5. сыныптан тыс жұмысының жаңа түрлерін іздендіру.
Семинар міндетінің жаңаша шешімі: тапсырмаларды шығармашылық сипатта қолдану, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау; қазақ тілі және әдебиет сабақтарында ҚР белгілі адамдардың, жергілікті ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармаларын зерделеу бойынша алгоритмдерін қолдану; сабақта ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану; компьютерлер, микрофондар, интерактивті тақтада жұмыс істей білуі, көрнекілік топтамаларды және интернетті қолдану; сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану; ҚР белгілі адамдарының, ақын-жазушыларының, әншілерінің өмірбаяндарын оқу кезінде тірек сызбаларды, кестелерді құру, тест тапсырмаларын құру, электронды түрінде тексеру; белгілі адамдар, жазушылардың шығармашылықтары бойынша рефераттар құру, баяндама жазу. Семинар тақырыбының өткізу мақсаты: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау арқылы өз ойын еркін жеткізуге; өздігінен дұрыс шешім қабылдауға; бір - бірінен көптеген мәліметтерді алуға; өздігінен жұптасып, не шағын топпен жұмыс істеуге; оқушыларды шығармашылыққа баулуда; көзқарастарын дәлелдеуге; сабақтағы белсенділіктерін арттыру үшін түрлі әдіс - тәсілдердің тиімді қолдану жолдарын қарастыру болып табылады. Ал міндеттері - Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану, оқушылардың тілдік қарым-қатынас арқылы өзара сөйлесу әрекетін дамыту; оқушының ойлауына рұқсат беру,қазақ тілінде өз ойын еркін, нақты дәлелді түрде жеткізе білуге дағдыландыру; оқушылардың лексикалық сөздік қорын молайту; басқаларды тыңдай білуге, бір- біріне сенім білдіру, сыйластыққа тәрбиелу.

3-сызбанұсқа. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы кезеңдері

Аталмыш семинар тақырыбының қорытындысы бойынша мұғалімдер оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау технологияларымен (3- сызбанұсқа) жұмыс істеп, өздерін ұжыммен бірге жұмыс істеп үйренуді, бір - бірінің пікірін тыңдап, бағалауға дағдылануды, еркін сөйлеулері, бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыра бағалауға дағдылануды, жауапкершілігі, сенімділігі артуы, және өз көзқарастарын білдіріп, пікір айта алады деп тұжырымдама жасап қорытындылады.
Конференциялар мен педагогикалық оқулар жылына бір рет өтіп, онда мұғалімдер есеп береді, бір мәселені шешуге бағытталған жұмыстарын көрсетеді. Мұғалімдердің озық тәжірибемен танысып, пікір алмасады.
Кенжекөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абильдина Баян Қабдуалиқызы қалалық, облыстық және республика көлемінде өткізілген бірталай баяндамалардың авторы, әрі көнференция жүлдегері атанған. Педагогтың Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану(баяндама), Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытуды технологияландыру арқылы таным әрекетін белсенділендіру(баяндама), Ақпараттық технологияны тиімді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру(баспа жұмыс), Қазақ тілі сабағын негізгі деңгей талаптарына сай ұйымдастыру(интерактивті сабақтар көрсету) атты еңбектері педкеңесте, қалалық және облыстық тамыз конференцияларында, Педагогикалық альманах журналында басылып шықты. Сондай-ақ, 2010 жылы Республикалық жинаққа мақаласы енсе, Республикалық Қазақ тілі мен әдебиет журналында мақалалары (2011ж.№4, №6) басылып шықты.
Шығармашылық топтар озат тәжірибені жүйелеумен, хабарлаумен және таратумен айналысады, тәжірибеге жаңа әдіс енгізеді. Топ өз жұмысын әдебиеттер оқудан, түрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысудан, белгілі бір гипотеза, жорамалдар айтып, оны тәжірибеде тексеруден бастайды. Шығармашылық топтар оқу процесіне белсенді түрде ықпал етеді.
Әр сабақта біздің алға қоятын мақсаттарымыздың бірі оқушылар білімдерін жетік меңгеру, таным белсенділіктерін арттыру, теориялық білімдерін іс-тәжірибеде дұрыс қолдана білу. Сондықтан әрбір сабағымызда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын.
Сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Сабақ басында оқушылардан күн, ай, апта күндерін сұрау қалыптасқан жағдай. Үй жұмысын тексеруде Мозайка, Сыртқы-ішкі шеңбер, Ақыл қалпағы, Мұғалімге хат, т.б әдістерін қолданып, өткен тақырып бойынша жазбаша түрде сұрақ құрып, өздері жауап қайтарады. Жауап беруде толық жауап талап етеміз, сондықтан оқушылар жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді.
Мысалы, тест әдісі балалардың белгілі тақырып бойынша білімі қай деңгейде екенін анықтап, жаңа ақпаратты қай мөлшерде беру жайлы мәлімет береді. Сұрақ-жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамыз. Ең алдымен, балалар түсінбегенін бір-бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді.Сабақты қорытындылау үшін Сюжеттік кесте, Бестік диктант, Жұқа-қалың сұрақтар әдісін және Сұраулы сөйлем стратегиясы ұтымды деп есептейміз. Сабағымыздың сәтті я сәтсіз тұстарын білу үшін рефлексияны да сұрақ-жауап әдісі арқылы білеміз. Бұл кезеңде оқушылар:
Маған айтшы -- мен ұмытып қаламын,
Маған көрсетші -- менің есімде қалады,
Өзіме істетші -- мен сонда түсінемін. - түсінбеген тұстарын айтып, келесі сабақта біздің мұқият болуымызға ой салады.
Қазіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни дәстүрлі стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты. Көзбен көрген ақпараттың 30% есте сақталатынын ескере отырып, жаңа тақырып түсіндіру барысында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану біз үшін маңызды. Бүгінгі заманда сандық сауаттылығымыз жоғары болу керек, себебі балалар алдында өз беделімізді нығайтамыз.
Мүмкіндігінше электронды оқулық, дискілер, видеокассеталар, фильмдер, мультимедия мүмкіндігін толық деңгейде қолданса, өз нәтижесін береді. Көргенін ұзақ мерзімде сақтайды, көру арқылы тапсырманы орындау жеңілге түседі және сабақта уақытты ұтымды пайдалануға негіз болады.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дәлірек айтсақ, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту мен үшін маңызды. Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамыз. Жаңа сабақты түсіндіруде аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық, жұптық түрлерін жүргізген ұтымды болады, себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеясын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгілі бір жұмыс түрін орындай алады. Мұндайда оқушы үнін естиміз.
Оқытылатын ережені есте сақтап, өмірде қолдана алатындай етіп ұғындыру үшін ойын элементтерін де жиі қолданамыз. Мысалы, мәтінмен жұмыс істегенде топтың ішіндегі оқушылар рөлге бөлініп талқылайды. Оқушы -- мазмұндайды, сыншы -- оқушының жіберген қатесін айтады, жақтаушы -- оқушының жауабын қолдап, ұтымды шыққан тұсын айту керек. Әр бала өзіне жүктелген рөлді атқару үшін, мәтінді толық меңгеріп, өз ойларын айтуға міндеттеледі.
Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды жетік дайындыққа, сөйлеу дағдыларын, сыни көзқарасын қалыптастырады. Ойнап отырып ойландыру үшін жәрмеңке, ыстық орындық, даналық ағашы, футбол т.б сонымен бірге дидактикалық, грамматикалық, рөлдік ойын түрлерін қолданған кезде өз нәтижесін береді.
Шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін дарынды оқушылармен үнемі жұмыс істеу керек. Проблемалық сұраққа тапқырлық жауап, естіген музыканы бояумен түсіндіру, тақырыпқа сәйкес сурет салу, өлең-жұмбақ шығару, жаңаша модель құру сияқты деңгей бойынша тапсырмалар оқушылардың лингвистикалық, логикалық, кеңістіктік зияттық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Тәлімгерлік. Жас мұғаліммен әңгіме оны мектептің дәстүрімен, оқу-тәрбиесімен, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен, жекелеген мұғалімдердің жақсы жұмыстарымен таныстырудан басталады.
Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары жас мұғалімді сабақ жоспарларын жасауға, құжаттарды дұрыс безендіруге үйретеді. Жас мұғалімнің сабаққа әзірлігіне көмектесуге баса назар аударылып, тәжірибелі мұғалімдер жас мұғалімдерге көмек береді.
Қызметке жаңа келген жас педагогтарды кәсіби әрекеттерінің табысты болуы олардың педагогикалық ұжымның өміріне қаншалықты тез араласып кетуіне және еңбек әрекетінде өздерінің кәсіби қызметтерін қаншалықты нәтижелі орындауына байланысты.Қазіргітаңдағы зерттеулер көрсетіп отырғандай,мұғалімдік қызметті жаңа бастаған жас педагог маман бейімделу кезеңінде қиындықтарға кездеседі.
Еңбек жолын жаңа бастаған жас педагог мамандарда қажетті психологиялық-педагогикалық білімдердің,білік пен дағдылардың болмауы,педагогикалық жұмысқа даярлығының жеткіліксіздігі,жіберген қателіктері мен сәтсіздіктері өкініш,көңіл қалу сезімдерін туғызады.Туындаған мәселелердің қиындығы және оларды жеңу жолдарын анық білмеуі олардың көңіліне сенімсіздік туғызып,жас педагог мамандардың кәсіби бейімделуіне кері әсерін тигізеді.
Жас педагог мамандардың кәсіби бейімделу процесі ішкі және сыртқы қайшылықтармен сипатталады.Кәсіптік бейімделу процесі барысында туындайтын ішкі қайшылықтар:
-жас маманның өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, білік-дағдыларының жоқтығынан;
-жалпы теориялық білім мен практикалық қызметінде қолдана алмауынан;
-жас маманның өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативті мүмкіндігінің сәйкессіздігі.
Жас маманың кәсіби бейімделу процесінде оның жұмыс орынына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы
Нарық жағдайында персоналды басқару және оны жетілдіру
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі
Әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскер жұмысының ерекшеліктері
Психодиагностика әдістер сұрақтамалары
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау
Қазақстанда дидактика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер