ҚР – дағы жұмысыздың жағдайы және шешу жолдары



Жоспар.

Кіріспе

1. бөлім. Жұмыссыздың мәні, себептері, түрлері және салдары.
1.1. Жұмыссыздың мәні, себептері.
1.2. Жұмыссыздың түрлері.
1.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік . экономикалық салдары.

2. бөлім. ҚР . дағы жұмысыздың жағдайы және шешу жолдары.
2.1. Жұмыссыздың жағдайы.
2.2. Жұмыспен қамту саясаты.

3. бөлім. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары.
3.1 Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы.
3.2 Жұмыссыздарды еңбекпен қамту.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:
КІРІСПЕ


Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық – белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.
Адамның «Жұмыссыз» атануы мынандай себептері бар:

1. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады

2. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.

3. Адамды жұмыстан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқтатылып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.

4. Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылуы еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе

1. бөлім. Жұмыссыздың мәні, себептері, түрлері және салдары.
1.1. Жұмыссыздың мәні, себептері.
1.2. Жұмыссыздың түрлері.
1.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық салдары.

2. бөлім. ҚР – дағы жұмысыздың жағдайы және шешу жолдары.
2.1. Жұмыссыздың жағдайы.
2.2. Жұмыспен қамту саясаты.

3. бөлім. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары.
1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы.
2. Жұмыссыздарды еңбекпен қамту.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:

КІРІСПЕ

Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу
адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша
жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі
тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық – белгілі бір
кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі
болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес.
Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол
жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол
ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық
мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық
ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы
мөлшері де соғұрлым төмендей береді.
Адамның Жұмыссыз атануы мынандай себептері бар:

1. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс
орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады

2. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын
бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты
жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.

3. Адамды жұмыстан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны
жөніндегі анықтамада төлем тоқтатылып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей,
бұдан бейхабар қалады.

4. Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы
жұмыс орнынан айырылуы еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.

I БӨЛІМ. Жұмыссыздың мәні, себептері, түрлері және салдары.

1.1. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың
өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте
егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша
жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз
атанады:

1) Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс
орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде
өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына
қосылған адам,.
2) Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша
жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
3) Адамды жұмытан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан
босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл
жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
4) Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең
соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп
есептелінеді.

Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, артық
халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл – капитал құрылысқа тән
құбылыс. Ол К.Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының
әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты
болып табылады. Артық адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет
Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның
еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай
жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты
құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың
жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы
сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі
себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және
бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі
капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр
етеді. Мыс., Қазақстанда 1993 жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе,
ал капитал құны 12 есе өсті.
Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-
техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның
абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және
жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-
жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек
болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған
жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр
етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады.
Артық еңбекші халық капитализм қоранудың жемісі, осы қорланудың құралына,
тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай
жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына
шығып қалу қорқынышын туғызызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады,
жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым
жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер
үшін ол – арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын
қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің
қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық – тек материалдық, моральдық
жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан
жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болы бөлінеді.
Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен
статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау
методологиясы, сондай-ақ артық адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың
дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер
жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай толық және ішінара
жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт
жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде
бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды
Жұмыссыздық – капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика
жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрін де артық еңбек ресурстарының
көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір
жылдары тіпті көбейтіп кетеді.

1.2. Жұмыссыздық түрлері.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт
бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:

• Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына,
тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.

• Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз
етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.

• Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және
жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде
болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану
жоғарылайды.

• Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша)
жұмыссыз қалады.
Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін –
жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы
бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі
болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар
ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз
жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек
жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де
жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс
сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту
деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.
Енді жұмыспен толық қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты –
құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыссыздық
еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды
жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.
Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім
жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.
Ымыраға келмеушілік – еңбек нарығының әрдайым өзгерістерге болуынан
туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері
жұмыс істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса, енді бірі оны
жұмыстан босатып жатады.
Адамға жұмыс табу үшін уақыт қажет.

Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз - жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен
сол аралықтағы жұмыссыздық.
Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс
істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффиценті құрайды.
Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс.
Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орнынан екінші
орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс
іздеуі және оны күтуі және т.б. Осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық
жұмыссыздықты құрайды.
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті
қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің
сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.
Адам өзіне қолайлы жұмыс орнын іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай
жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі
бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады.
Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға
жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып,
басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі:
сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді.

1.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық салдары.

2. бөлім. ҚР – дағы жұмыссыздың жағдайы және оны шешу жолдары.

2.1. Жұмыссыздың жағдайы.

Экономикалық саясат үшін шешуші сұрақ – экономика жұмыспен қай кезде
толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4
немесе 6 % болғанда ма ? Және саясаткерлер жұмыссыздық деңгейі 6 % - ке тең
болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы
қажет пе ? Кейде жұмыссыздықты 5 % төмендету қауіпті деген пікір айтылады,
өйткені соның нәтижесінде инфляция өсетін көрінеді. Ал енді біреулер
жұмыссыздықты 7 % төмендетсе, инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар
әрекетке көшеді дегенді айтады.
Халықтың тұрмыс дәрежесінің төмен не жоғары болуының басты
факторларының немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың қаншасы
жұмыспен қамтылған, қаншасы жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні республикадағы
еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе.
1999 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 12.225,8 мың адам болды
немесе ол бүкіл халықтың 34,2 % пайызы болды. Одан басқа 4.273,2 мың адам
экономикалық белсенді емес деп саналды, Сонда еңбек ресурстары 11.479,0 мың
адам. Экономикада шұғылданатын адам саны 2004 жылы 10.1245 мың деп
есептелді. Оның 3.676,1 мыңы заңды тұлғаларда, 4.4484 мыңы шаруа
қожалықтарында жұмыс істейтіндер, 489,7 мыңы шағын кәсіпорындарында (жұмыс
саны 50-ден аспайтын), 4.456,1мың адам өздігінше жұмыс істейтіндер. Ал
қалған 12,962 мың адам немесе экономиканың белсенді халықтың 4,1 % пайызы
жұмыссыздыр болып саналды. Осы дерек шындыққа сәйкес сияқты. Кейбір
сарапшылар мен мамндар жұмыссыздар саны статагенттіктің бұл жағынан
әжептеуір көбірек деп айтып, жазып жүр.
Қазіргі кезде үкімет кедейлікпен күрес бағдарламасын жасап,
жұмыссыздардың санын азайтудың жолдарын табу.
2005 жылдың 1 қаңтарында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі
экономикалық белсенді халықтың 4,5% болды.
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің сараптамалық
бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл
басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді.
Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық
еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін
жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны
2006 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізетін
болады.
2006 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту орталықтарына өтінішпен барған
азаматтар саны 489,3 мың адам болды, ал 2005 жылғы 1 қаңтарында 439,3 мың
болғандығы. Ауылды жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 118,2 мыңға жетті, яғни
2000 жылдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз,
Оралда 5,1 пайыз, Қызылорда да 6,0 пайыз, Маңғысатауда 5,8 пайыз және
Атырау облысында 4,9 пайыз болды.
Жасалған талдау көрстекендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту
органдарына өтінішпен барушылар санының біраз өсуінің себептерінің бірі –
жұмыссыз ретінде тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде
жұмыспен қамту бағадрламасына мезгілінде қаражат бөлуіне себеп болды.
Мәселен, Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87
пайызындай, Оралда -75 пайызындай, Қызылордада – 72 пайызындай, Маңғыстауда
– 85 пайздай және Атырау облысында – 79 пайызындай болды.Сондай-ақ
жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын
(жағдайын) күшейту де өз әсерін тигізді.
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін
2005 жылға 19.530,4 миллион теңге (Жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы
бөлу жоспарланғандығы, нақты бөлінгені 16.650,3 миллион теңге (ЖІӨ - нің
0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз ғана орындалды.
2006 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша тұтас алғанда есепке 231,4
мың жұмыссыз адам тұрды, оның 22,2 мыңы ғана материалдық көмек алды, 7,8
мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін
көтеруде және қайтадан даярлауда болды.
Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайыздан
жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан ( 87 %), Батыс Қазақстан (81%), Қарағанды
облыстарында (86%) және Астана қаласында (81%) орын алды.
Алайда қорыта келгенде, жұмысқа орналастыру жөніндегі органдарға
өтініш жасап барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде
ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің төмен екенін көрсетеді.

2.2. Жұмыспен қамту саясаты.

3. бөлім. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары.

3.1. Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы.

Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге
ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Бағдарламада көзделіп
отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және
негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы
жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын
қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету табылады.
Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік
салада дәйекті реформалар жүргізу жолдарымен халықтың тұрмыс деңгейін
төмендетпей, көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік
жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету
негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмақ. Ал
жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына
қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндетті көзделіп отыр.
Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедейліктің,
жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, бағдарламада оның негізгі
себептеріне де айрықша көңіл бөлінеді. Оларды анықтау бағдарламада кедейлік
пен жұмыссыздықпен күресті ұйымдастырудың алғы шартты іспетті болды. Ашығын
айтсақ, мемлекет ештеңені де жасырып отырған жоқ, жасыру мүмкін де емес.
Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін,
олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін
оларға жұмыс істеп жүрген басқа да адамдар есебінен көмек көрсету керек.
Оларға қайтіп көмектесуге болады ? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын
ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де
бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын
өсіру. Бұл жөнінде бағдарламада ашық жазылмаса да, жалақыны 2005 жылға
дейін 30 пайызға өсіру белгіленіп отыр. Осы мәселе жөнінде Елбасының да
берген тапсырмасы бар. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс
іздеп табуға көмек жасалмақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек
көрсетуді жолға қоймақпыз.
Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни
сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын
жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға
оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.
Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей
қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық жұмыстарға уақытша
орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін
тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз
кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру
жөнінде арнайы бағдарлама мен қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек
жасау көзделіп жатыр.
Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен
жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс
орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра
алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.
Бағдарламада халықтың еңбекке жарамайтын топтарына әлеуметтік көмек
жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді.
Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия
бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге
арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада
қаралады.
Бағдарламада жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл
бөліп, көмектесу қарастырылған. Республикада 46 балалар үйі және 180
отбасына ұқсас балалар үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы
балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек
көрсетіледі.
Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге
болаты, оның әр саласы бойынша анықталған. 2003-2006 жылдары жұмыс
орныдарын құрудың басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық
тыңайтқыш өндіру, машина жасау
,сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен
тікелей байланысты салалары жатады.
Қазіргі кезде атаулы көмек көрсету жөнінде заң жобасын дайындалып, ол
парламент мәжілісінде бірінші оқылымда құлданды. Әрине біз адамдарды жатып
ішерлікке итермелеуіміз керек қой. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен
емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуымыз керек. Бұрынғы жүйеде
еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі. Еңбек етпеген адам жатыпішер,
арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғаны да есімізде.
Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалап, отыру үшін оның өлшемін
жетілдіру керек. Сондықтан біздің алдымызда тұрған бір мақсат – халықтың
тұрмыс деңгейін өлшеу тетіктерін жетілдіру. Әйтпесе болмайды. Шынын айтсақ,
бүгінгі күнгі Мемлекеттік статистика агенттігінің халықтың табыс деңгейі
туралы келтіріліп миллиондай, ал оның салық төлейтіні 3,0 миллиондай ғана.
Көп адамдар ұсақ саудамен айналысып, табыс алады. Бірақ табысын жасырып,
салық төлемейді.Табыстың басқа да толып жатқан көздері бар. Бірақ жаппай
табыс декларациясы болмағандықтан әр адамнан қалай және қанша табыс тауып
жатқанын ешкім сұрамайды.
Ал дұрысы - әр адам қазірден бастап өзінің мойнына қаншалықты
жауапкершілік түсетінін білуге тиіс. Қазір біз табысқа амнистия (кешірім
жасау) керек деп жатырмыз, сондықтан сол амнистиядан дұрыс нәтиже болу
үшін, жарты жылдан кейін бе, бір жылдан соң ба, жалпыға бірдей
декларациясын енгізу керек.
Жұмыссыздықпен, кедейлікпен күрес – экономикалық тәсіл арқылы
шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай, 3 жыл ішінде 400
мыңдай жұмыс орныны ашылу тиіс.

3.2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту.

Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылып,
бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерлерде жұмысқа
орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2006 жылға белгіленген
еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалады.
Республика бойынша 2006 жылғы желтоқсанның аяғында бір бос жұмыс орнына
орта есеппен 25 адам, ауылдық жерде – 137 адам таласты.
Жеке аймақтар бойынша алып қарағанда Қарағанда облысында бағдарлама
бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзінде
32,0 мың адам орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық, Солтүстік Қазақстан
облысында – 5,1 мың адам, яғни 30,9 пайыз.Оңтүстік Қазақстан облысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологиялық процестердің «Технология» пәні бағдарламаларындағы көрінісі
ГЕНОЦИДТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды қолдану
Қазақ телевизиясы: тарих пен тағылым
Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері
Әлеуметтік жұмыстың теориялары
Қазақша жарнамалардың қазіргі жағдайы: тілдік қателіктері, оларды шешу жолдары
Қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысы
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Пәндер