Адамның америка мен австралияны қоныстануы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Кафедра:

Пәні: Алғашқы қоғам тарихы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Адамның Америка мен Австралияны қоныстануы

Бағасы:

Тексеретін:

Орындаған:

Павлодар қаласы

2012 жыл

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізі бөлімАмерика континентін қоныстандыруАмерикада палеолиттік адамның ежелгі тұрақтары

2. 3Австралияны қоныстандыру

3. Қорытынды

Кіріспе

Адамзат Америка мен Австралия аймақтарында тарихи дамудың едәуір соңғы кезеңдерінде пайда болды. Бұл екі оқиғалармен түсіндіріледі: біріншіден, бұл екі континентте ешқашан антропоидттер өмір сүрмеген; екіншіден, бұл аймақтардан ежелгі тайпалардың алғашқы қоныстану белгілері табылмады.

Алғашқы адамдардың Америка континентінде пайда болуы тікелей Беринг бұғазымен байланысты. Палеолиттің соңғы кезеңінде Беринг бұғазында көптеген алғашқы аңшылардың тобырлары өмір сүрген. Олар көбінесе мамонттарға, носорогтарға, бизондарға және т. б. жануарларға аңшылыққа шығып отырған. Сонымен, алғашқы адамдар Америка континенті территориясына тек 13-10 мың жылдар бұрын өте алды. Себебі, бұл кезде болған уақытша жылу арқасында, Батыс Азия мен Американың қатпаған зоналары арасындағы жол ашылды.

Полеоантропологияның мағлұматтарына қарағанда, австралияның алғашқы тұрғындары қазіргі австралоидтық түрлерге жатқан. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында палеолиттің соңғы кезеңінде жақсы тарады. Ғалымдардың пікірінше, Австралияны қоныстану процесі бірнеше толқындармен жүзеге асырылды. Бірініші қоныстанушылар кейінгі осы аймаққа миграция арқылы келген тайпалармен континенттен қудырылғаны анық. Алғашқы австралиялықтардың ең алғашқы тұрақтанған жері Тасмания аралы болды. Кейіннен, олардың ұрпақтары ағылшын колонизаторларымен өлтірілген. Адамзат Америка мен Австралия аймақтарын қоныстануымен сол кезде қолжетімді аумақтардың барлығын басып алды.

Негізгі бөлім

2. 1. Америка континентін қоныстандыру.

Палеолиттің соңына қарай, Европа мен Азия аймақтарында мезолиттік мәдениеттер дамыған уақытында, америка континентін алғашқы қоныстану басталды. Мұздық уақытында, яғни Солтүстік Америкада (вискондық) мұздық басу кезінде, мұздықтар Американың Тынық мұхиттан Атлант теңізіне дейінгі аймақтарына таралды. Алайда, тұтас мұз қалқаны пайда бола қойған жоқ.

Мұздық пайда болған аудандардан, оңтүстікке қарай орналасқан аймақтарда, әлі мол жауын-шашындар жауатын жерлер кездесіп отырды. Кей жерлердің климаты Африкадағы немесе басқа мұздық баспаған Азияның оңтүстігіндегі климатпен ұқсас болып келді. Соңғы мұздық кезінде, бұл аймақтарда уақыт өте келе кеуіп қалған көптеген болоталар мен көлдер болған. Алясканың оңтүстік аймақтары мен таулы жерлерінде мұздықтар көптеп кездесті. Үлкен орталық жон мен арктикалық жағалардың ортасында орналасқан аумақты тегістік аялары мұздыққа душар болған жок.

Көршілес Сібірдегідей, бұл жерде де суық далалы аймақ пен тундралар болды. Осы табиғаттың шарттарына жануарлар дүниесі де сәйкес болды: мамонттар мен бизондар, жабайы аттар, мускустық бұқалар, үңгір арыстандары және т. б. жануарлар түрлері. Әлбетте, Америка мен Солтүстік-Шығыс Азия аймақтарының арасында жануарлар айырбастырылып отырылды. Себебі, мұздық кезеңінің құрлығы солтүстік аймаққа дейін, қазіргі жағалау сызығына дейін жалғасты. Бұл материкте қар мен мұз түрінде кездесетін ылғалдың көп мөлшерде жиналуынан әлемдік теңіздің деңгейі бірталай қазіргіге қарағанда төмендеуімен және жер бетінің құрғақ болуымен түсіндіріледі. Сол кезде әлі Беринг бұғазы болмаған. Сондықтан Азия Америкамен тығыз байланысты болып орналасты. Осы тұжырым Америка мен Азиядағы жануарлардың ұқсас болуымен расталады. 20-15 мың жыл бұрын Солтүстік-Шығыс Азия аймағы мен Америкада ешқандай ерте мұздық дәуіріне жататын адам іздері табылмады.

Адамзаттың Американы ең алғаш қоныстануының бірінші белгілері мұз дәуірінің соңына және мұз дәуірінен кейінгі уақытқа жатады. Сол кездерде Америкада әлі де вискон мұздығы басып тұрған. Осыған байланысты Азияның тереңдігінен ең бірінші Аляскаға, кейін оңтүстікке қарай аймақтарға жол ашылды. Жол негізінен Беринг бұғазын кесіп өтетін болған. Сонымен, Азиядан ең алғашқы қоныстанушылар Америкаға Беринг бұғазынан келген. Осыны дәлелдейтін антрополгиялық зерттеулер де бар. Америкалық үнділіктердің сырт бейнелері монголоидтықтарға ұқсас болып келетіндігі анықталды. Олардың ұқсастықтарына түзу және қатал шаштары және ерекше езулері жатады. Сонымен қатар, Американы қоныстанушылар ретінде меланезиялық және австралиялық топтар болды деген болжаулар бар. Бұған дәлел ретінде, Бразилиядан табылған Лагоа-Санта бас қаңқасы меланезиялық бас қаңқаларымен ұқсас болып келеді. Осындай бас қаңқалар Эквадор мен Калифорниядан да табылды. Австро-меланезиялық қоспаға дәлел Оңтүстік Америкалықтардың антропологиялық ерекшеліктері де жатады.

Американы солтүстіктен қоныстану деген болжам жоқ емес, себебі австрало-меланезиялықтардың тік теңіз жолымен Америкаға жетті деген болжамға сену қиынға түседі. Бұрынғы антропологтардың айтуынша, австралия мен меланезия тайпалары, Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан, өздері мекендеген аймақтарынан Америкаға сол Беринг бұғазы арқылы өтуі мүмкін. Олар Америкаға ежелгі монголоидтармен бірге немесе олардан ертерек келуі мүмкін. 15-12 мың жыл бұрын американы ең алғашқы қоныстанушылар сол жерлерден тек мамонтты ғана емес, сонымен қатар пілдің ежелгі түрі-мастодонды аңғарған.

2. 2. Америкада палеолиттік адамның ежелгі тұрақтары.

Америкада ең ежелгі адам іздері казіргі кезде Нью-Мексикодағы Сандия үңгірінен табылып, белгілі болып отыр. Сандия үңгірінде үстіңгі қабатта ежелгі үнді мәдениетінің қалдықтары, ал тереңірегінде, жоғарғы қабаттарды астындағы ежелгі қабаттардан бөліп тұрған, туфа-травертина қабаты орналасқан. Астыңғы қабат екі айрықша мәдени қабаттан тұрған. Ал үңгірдің түпкірінде таспен қоршалған ошақ табылған. Осы ошақтың маңайы күйдірілген сүйектер, шақпақтастың бөліктері, үшкірленген жануарлардың сүйек бөліктері мен сандия деп аталған карулардың ұштары табылған. Европаның солютрлік қару ұштарына ұқсас, олар жапырақ пішінді және екі жағынан да ретушь әдісімен өңделген болып келеді. Өз қарулары мен ошақтарын тастап кеткен, Сандия үңгірін мекен етушілер, осы жерде тауды әлі мұз басып жатқан кезде өмір сүрген. Олар мамонттар мен аттарды аулап, көшпелі өмір сүрген. Сандиялықтар бір өзеннен екінші өзенге, бір көлден екінші көлге жабайы аңдардың артынан жүре берген.

Американдық археологтардың айтуынша, Сандия үңгірінің астыңғы қабаты 11 мың жыл бойы болған. Сол үңгірден басқа қару ұшының түрі табылған. Ол фолсомдық типті болған. Оның кезеңделуі 2 мыңжылға кешірек болып келеді. Фолсомдық типті ұш ұзын және жіңішке, екі жағынан ұқыпты ретушь әдісімен өңделген болып келеді. Олардың екеуі де екі бойлы науашаларымен ерекшеленеді. Олар қазіргі уақытта тек Солтүстік Америкада ғана атақты. Фолсомдық типтік бұйымдар табылған қоныстардан олардың күнделікті өмірлері туралы көп мәліметтер анықталды. Мысалы, олардың өмір сүру типтері көбінесе палеолиттің соңы мен мезолиттік уақытқа жататын Европа мен Азияның аңшы тайпаларының өмір сүру типіне өте қатты ұқсас болып келгендігі. Фолсомдық әр түрлі қаруларға қарағанда адамзат сол кезеңде солтүстік америкалық континентте нық қоныстанған. Осы қарулар АҚШ-тың Оңтүстік-Батыс штаттарында: Жаңа-Мексика, Колорадо, Вайоминг, Небраск, Техас, Оклахом. Олар солтүстік аймақтарда да кездеседі. Мысалы, Канада территориясында. Сүңгілердің ұштарымен қоса шақпақтастан жасалған юма секілді клинкалар кездеседі. Олар пішіні бойынша жіңішке ұзартылған ұшбұрышты болып келеді.

Ең алғашқы фолсомдық үлгілі қоныстар таулы аймақты Жаңа-Мексика штатында, Фолсом қаласының маңайынан табылды. Бұл жерден ежелгі жазықтықтың түбін тесіп өтетін сайда 23 қазылған бизондардың сүйегі табылған. Сүйектермен қатар, сол жерден сүңгілердің фолсомдық типіне жататын қару ұштары да табылған. Бір қару ұшы екі бизонның қабырға сүйектерінің ортасында орналасқан. Фолсомдық қоныстанушылар уақытша бизон аңшылары ретінде өмір сүрген.

Мұз басқан таулардан соққан суық жел прерий тектес өсімдігімен қаптаған орманның дамуына кедергі жасады. Тек қана жазықтықтың терең жерінде орналасқан өзен маңайларында тоғайлар өсетін болған. Осы жазықтықтардағы, өзен жағаларында және көлдердің маңайларында мамонттарға, американдық түйелерге, аттарға, антилопаларға, аса ленивецтарға, ірі бұғыларға және басқа аңдарға топ-топтап аңшылар аң аулаған. Фолсомдық тұрақтардан топтасып жайылатын бизон жануарларының сүйектері табылған. Оларды аулаудың ең басты әдістерінің бірі, ол аңды бір үңгірге қамап үстау немесе отпен қорқытып ұстау. Бизондық кәсіпте Техастан көп мөлшерде бизонның күйдірілген, кейін сындырылған сүйектері табылды. Сол сүйектермен бірге тастан жасалған фолсомдық формадағы қару ұштары табылды.

Тұрақтардың өзен мен көл маңайларында орналасқандарына қарағанда, олардың кей жануарлар түрлерін суға қарау айдап, кейін суда тұрған әрекетсіз қалған жануарды сүңгілері арқылы өлтірген. Фолсомда және Техастағы Линденмайер қоныстанушыларында ең басты сүңгі ұштарының сынықтары табылған. Кейде сүңгі ұштарының қалдықтары жануарлардың денесінде қалып қойып отырған. Кейбір қару ұштары, әсіресе, юма типті ұштар аңшы пышағы ретіндеде қолданылған. Егер филсомдық типті ескерткіштерінің таралу аймағында тұрғындардың өмірінде басты рөлді аңшылық алатын болса, уақыт өте келе басқа аймақтарда егіншілік маңызды рөлге ие бола бастады. Америка аймағы үшін ерте уақытына (б. э. д. VI мыңжылдықта) Жартасты таулардың батысындағы ежелгі қоныстанушылар жатады. Осы Аризон мен Жаңа-Мексико аймағындағы қоныстарда әйгілі дәнүккіштер мен дән жинауыштар кездеседі. Солардың көмегімен кейінгі калифорниялық үнділіктер сынды терімшілер дәндерді үгітіп жеуге жарамды өсімдіктер мен жаңғақтарды жинап отырған.

2. 3. Австралияны қоныстандыру.

Палеолиттің соңы мен мезолиттік уақытта адамзат ең алғаш рет Азиямен тура байланыстардан оқшауланған аймаққа, яғни Австралияға өтеді. Австралияға Малазия аралы мен Зонд архипелагы арқылы еніп, осы жерлерден Солтүстік пен Оңтүстіктен гөрі бастапқы және қолданылмаған табиғатты байқайды. Олардың Австрия жерінен көрген табиғат жағдайы, ландшафтар, өсімдіктер мен жануарлар басқа жерлерден миллиондаған жылдар бұрын жер бетінен жоғалып кеткен. Австралия мыңдаған жылдар өткендегідей эфкалитті орманды жер еді. Ол жерде қалталы жануарлар мен австралиялық страустар мекендеген. Ең алғаш австралияны мекендеген адамдардың аулаған жануарлары страустар болған. Австралиялықтар, әсіресе тасманиялықтар (соңғылары европалық колонизаторларымен өлтрілген болған ХІХ ғ. ) өздерінің өзгеше келбетімен ерекшеленеді. Жер бетінің барлық халықтарының ішінен американдық үнділіктермен қоса өздерінің ерекше қан топтарымен орын алатындары австралиялықтар болды. Олар өз туған тілімен де ерекшеленеді. Өз ара бір-бірінен айырмашылықтары болса да, толығымен олардың тілі басқа халықтардың тілдеріне ұқсамайды. Бұлардың барлығы Австралия жерінің адамзатпен ерте кезден қоныстануы жайлы ғана емес, сонымен қатар ежелгі австралиялықтар басқа елдермен байланыстарын ерте жоғалтқандығын білдіреді.

Этнографтардың пікірінше, австралиялықтардың мәдениетінің өзіндік ерекшелігі болған. Сонымен қоса, оларда солтүстік пен оңтүстік жағалаудағы көршілес папуасско-меланезиялық тайпалардың алған жеке элементтер де бар. Австралиялықтардың өзіндік ұзақ дамуы мен мәдениетін археология да айғақтайды. Төменгі Мэреедегі Девон-Даунз үңгірлі тұрағында қазба-жұмыстар жүргізген археологтар көптеген нәрселер тапты. Мысалы, сол жерде ежелгі фаунада болған 12 мәдениет қабаттарын тапқан. Осы қабаттарда табылған заттар бара-бара тас өңдеу тәсілдерінің және жаңа қару түрлерінің дамып, пайда бола бастағандығына дәлел. Осындай Австралиялық тайпалардың мәдениеттерінің дамуына басқа да олардың жастарын растайтын геологиялық жағдайлардағы, көп қабатты қоныстар дәлел.

Олардың ең ежелгі қару-жарағы екі жақты қару. Ол пішіні жағынан сопақша шапқыға ұқсайды. Сонымен қатар бір жақты шапқылар мен ат тағасына пішіні жағынан ұқсас қаруларды тапты. Олардың барлығы нуклевидты қарулар болып саналды. Табылған заттар кейінгі кезде Австралияның барлық аймақтарында табылған балталармен ұқсас болып келді. Балталар смаламен ағаштың бас жағына немесе сүңгілерге бекітілген. Бұл пайда болған олардың мәдениетіне тән балталар австралиялықтарда бір нәрсені шабуға арналған қару ретінде қолданылған. Табылған балталармен қоса, басқа да түрдегі шапқыш қарулар табылған. Олар кварциттік галектерден істелініп, бір көлденең жағынан дөрекі ретушь әдісімен өңделген қарулар болып келген. Кішігірім Кангару аралшығында табылған жүздеген осындай қарулар палеолиттік сібірлік-монголдардың және Оңтүстік-Шығыс Азияның тайпаларының қаруларына ұқсас болған. Осындай қарулардың көмегімен талды кесуге, ағаш қабығын аршуға және жерде шұңқырлар қазуға болатын болған. Үңгір қабаттарына қарағанда, бұл қарулар кейін де қолданылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Аустралия материгіне және Океанияға географиялық шолу
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
Ұлы географиялық ашылуларға үлес қосқан саяхатшылардың шын мәніндегі мақсаттарын айқындау
Австралия материгі
Азия даму банкі
Ұлы географиялық ашылымдардың себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz