Франчайзингтің мәні және құқықтық аспектілері



1. Франчайзингтің мәні және құқықтық аспектілері
2. Компанияны франчайзингтік жүйеге ауыстыру
3. Қазақстандық франчайзинг статистикасы.Франчайзингті дамыту
болашағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезде Қазақстанда «Пепси», «Рибок», «Самсунг», «Мобил», «Баскин-Роббинс» және басқа да фирмалардың танымал тауар таңбаларымен белгіленген тауарлар және қызметтермен ешкімді таңдандыралмайсың. Бұл таңбалар туралы тұтынушының ойында біржақты жоғары абыройы бар белгілі бір өндірушімен байланыстырылады және тауарлар мен қызметтердің жоғары сапасы бар екенін қосымша көрсетеді. Осы тауарлардың ел ішінде және барлық әлем бойынша таратылуының ең бір тиімді ағымы – біздегі аз танымал франчайзинг. Дегенмен бұл бизнес технологиясы біздің өмірімізге және әр адамның ауқаттылығына нақты кіргенін белгілеу қажет. Экономиканың көптеген сфералары мен салалары едәуір дәрежеде франчайзингпен төмендетіледі және оған тәуелді.
Қазіргі кезде франчайзинг әр түрлі бизнестің түрлерінде пайдаланылады. Әсіресе ол келесі өнеркәсіп және қызмет көрсету саласында қарқынды түрде дамып жатыр:
- автомобильдік өнеркәсіп және автосервистің қызметкері;
- бизнесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша көмек
(бухгалтерия, іс жүргізу, жарнама және т.б.);
- құрылыс, үйлерді жөндеуге байланысты қызметтер;
- ағартуға байланысты қызмет көрсету;
- демалыс пен ойын-сауық;
- жедел қызмет көрсететін мейрамханалар, кофеханалар,
дәмханалар және т.б.;
- азық-түліктік шатырлар, медициналық және косметикалық
қызметтер;
- үй шаруашылығы саласындағы қызметтер;
- бөлшекті сауда және басқа да көптеген қызметтердің түрлері .
1. Бекболат Ж. Франчайзинг ұғымы және оның Қазақстанда қалыптасу негіздері. Заң., 2006 №1. 22-б.
2. Хамидулла А. Франчайзинг. Вам нужен кредит. Евразийский вестник аудитора. 2006., № 7 (55). 49-б.
3. Бекболат Ж. Франчайзинг ұғымы және оның Қазақстанда қалыптасу негіздері. Заң., 2006 №1. 25-б.
4. http://business.gov.kz/kz/franchising/franchising-development-prospects.php сайты

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Франчайзингтің мәні және құқықтық аспектілері

2. Компанияны франчайзингтік жүйеге ауыстыру

3. Қазақстандық франчайзинг статистикасы.Франчайзингті дамыту

болашағы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанда Пепси,
Рибок, Самсунг, Мобил, Баскин-Роббинс және басқа да
фирмалардың танымал тауар таңбаларымен белгіленген тауарлар
және қызметтермен ешкімді таңдандыралмайсың. Бұл таңбалар
туралы тұтынушының ойында біржақты жоғары абыройы бар белгілі
бір өндірушімен байланыстырылады және тауарлар мен
қызметтердің жоғары сапасы бар екенін қосымша көрсетеді. Осы
тауарлардың ел ішінде және барлық әлем бойынша таратылуының ең
бір тиімді ағымы – біздегі аз танымал франчайзинг. Дегенмен
бұл бизнес технологиясы біздің өмірімізге және әр адамның
ауқаттылығына нақты кіргенін белгілеу қажет. Экономиканың
көптеген сфералары мен салалары едәуір дәрежеде франчайзингпен
төмендетіледі және оған тәуелді.

Қазіргі кезде франчайзинг әр түрлі бизнестің түрлерінде
пайдаланылады. Әсіресе ол келесі өнеркәсіп және қызмет көрсету
саласында қарқынды түрде дамып жатыр:

-                автомобильдік өнеркәсіп және
автосервистің қызметкері;

-                бизнесті ұйымдастыру және жүргізу
бойынша көмек

(бухгалтерия, іс жүргізу, жарнама және
т.б.);

-                құрылыс, үйлерді жөндеуге байланысты
қызметтер;

-                ағартуға байланысты қызмет көрсету;

-                демалыс пен ойын-сауық;

-                жедел қызмет көрсететін мейрамханалар,
кофеханалар,

дәмханалар және т.б.;

-                азық-түліктік шатырлар, медициналық және
косметикалық

қызметтер;

-                үй шаруашылығы саласындағы қызметтер;

-                бөлшекті сауда және басқа да көптеген
қызметтердің түрлері .

Сонымен франчайзингтің түсінігі әр түрлі және тіпті
варияциялы айтылады. Оның былай айтылуы әр бөлек алынған
мемлекеттің немесе белгілі бір халықаралық ұйымның
экономикалық және құқықтық жүйелерінің ерекшелігімен
байланысты.

1.Франчайзингтің мәні және құқықтық аспектілері

Заңға сәйкес франчайзинг анықтамасы келесі
мағынада айтылады:

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - кәсiпкерлiк
қызметтiң айрықша құқық кешенiнiң құқық иеленушiсi, оны басқа
адамға өтемдік негізде пайдалануға беретiн кездегi нысаны.

Өтемдік негіз – бұл ереже бойынша, роялти және паушалды
жарна, заңда анық жазылмағанымен, франчайзингтік төлем
тәжірибесінде кеңінен танымал.

Франчайзер, ол Заңға сәйкес кешендi лицензиар - кешендi
кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, айрықша құқықтар
кешенiн кешендi лицензиатқа өтемдi негiзде пайдалануға беретiн
айрықша құқықтар кешенiнiң (лицензиялық кешеннiң) құқық
иеленушiсi.

Франчайзи сәйкесінше, бұл, кешендi лицензиат - кешендi
кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, лицензиардың айрықша
құқықтар кешенiн кәсiпкерлiк қызмет пайдаланатын, осы кешеннiң
құқық пайдаланушысы.

Айрықша құқық кешенi – бiрқатар санаткерлiк меншiк
нысандарына (тауар таңбасына, фирмалық атауға, қызмет көрсету
белгісіне, патентке, ашылмаған ақпаратқа, оның iшiнде өндiрiс
құпияларына (ноу-хауға) құқықтар. Бұл анықтама франшизаның
халықаралық ұғымына жақын болуы мүмкін.

Алайда, Қазақстандық іскерлік лексикада көбіне
франчайзингтің халықаралық ұғымын қолдану кең тәжірибе алған.

Экономика мен бизнестің дамуына байланысты кәсіпкерлік
қатынас түрлерімен қатар, франчайзингте өзгеріп отырады.
Франчайзингтік кәсіпорындардың жаңа нысандары пайда болды.
Бірақ, заманауи франчайзингтік үлгілерінің негізін қалаушы,
классикалық формат өзгеріссіз қалады, олар - дистрибьюттік
франчайзинг (оны кейде дәстүрлік деп атайды) және бизнес
форматты франчайзинг (немесе іскерлік франчайзинг) деп екіге
бөлінеді.

Бизнес форматтағы франчайзинг.

Аталған формат, әлемде франчайзингтың кең таралған
форматы болып табылады, дүние жүзіндегі франчайзингтік
қатынастың 70%-тан астамын осы бизнес форматы құрайды.
Іскерлік франчайзинг - мәні бойынша, франчайзингтің
академиялық нысаны, өйткені тұтас кәсіпкерлік қатынас үрдісін
мейлінше толық бейнелейді. Сонымен қатар, оны екінші буын
франчайзингі деп те атайды, өйткені бұл формат жиырмасыншы
ғасырдың 50-жылдарында АҚШ-та, франчайзингтің алғашқы форматы
болып табылатын сауда форматынан біршама кейін пайда болған.
Іскерлік форматтың франчайзингтік пакеті (глосарийды қараңыз)
ауқымды және көптеген құралдардардан тұрады. Сауда және қызмет
көрсету таңбаларынан басқа, франчайзер бизнесінің түпнұсқалық
үлгісін толық көшірмелеуге көмектесетін құжаттардан тұрады.
Бизнес жоспар, маркетингтік жоспарды пайдалану жөніндегі
нұсқаулық, ғимараттар интерьерінің белгілі бір шамалары,
дизайны және қызметшілерінің униформалары, гаммалық түстері,
эргономика және т.б. бизнес үлгісін дұрыс көшірмелеуге
көмектеседі. Мұны франчайзер мен франчайзи бизнестерін
жүргізудің сыртқы нысандарының және технологияларының толық
сәйкестендіру саясаты талап етеді. Шын мәнінде, франчайзер өз
бизнесінің қалыптасқан үлгісін франчайзиге береді. Бизнес
форматта франчайзер мен франчайзидың барлық нүктелері ұқсас
форматта жұмыс жасайды. Әдетте, тұтынушы франчайзер нүктесін
франчайзи нүктесінен айыра алмайды, өйткені, іскерлік форматта
желінің барлық нүктелері бір-бірінің толық көшірмесі болып
табылады (бұл жерде бизнес үлгілерінің сәйкестілігі туралы
айтылып отыр, сырттай, франчайзер нүктелерінде болымшы ғана
айырмашылығы болуы мүмкін).

Іскерлік форматтың ең табысты мысалы ретінде
Макдональдсты (McDonald”s) айтуға болады, өйткені оны
франчайзингтің іскерлік нысанының пайда болуымен
байланыстырады. Әлемде, Макдональдстың франчайзингтік
нүктелерінің бастапқы түпнұсқасымен сәйкестігі болып табылады,
себебі мұны желі саясаты талап етеді.

Іскерлік формат – экономиканың біраз секторларын қамтитын
келешегі бар франчайзингтың аса бір ұсынылған түрі. Секторда
кең тараған сектор болып фаст-фуд, флагмандары болып Баскин
Роббинс, КФС, Пицца Хат, Бургер Кинг және т.б. табылады.
Бизнестің өзге де секторларына да, атап айтсақ, бөлшектік
сату, қонақүй және көлік салаларында, қызмет көрсету
бизнесінде, тренинг жүргізуде және т.б. іскерлік формат кең
таралған.

Іскерлік форматтың мысалы ретінде, тәжірибелік
психологияның танымал авторы Дейл Карнегидың тренингтік
орталығын айтып көрелік. Әлемдегі миллиондаған оқырмандардың
жүрегін жаулап алған Дейл Карнегидың атақты бестселлерлары
Достарды жаулап алу және адамдарға ықпал жасау жолдары,
Көпшілік алдына шығып өзіңе сенім ұялату және адамдарға ықпал
жасау, Мазасызданудан арылып, өмір сүруді бастау, әсіресе,
КСРО-ның соңғы дәуірінде өте танымал болды. Оның әдістемесінің
ұғымдылығы және қарапайымдылығы көптеген тренинг авторларының
дербес дамуына серпін берді. Шын мәнісінде, Карнеги танымал
психологияның негізін салушысы болды. Дейл Карнеги есімі
жалпыға танымал брендке айнала отырып, Dale Carnegie
Training R тауар таңбасы ретінде тіркелді. 1912 жылы Дейл
Карнеги Дейл Карнеги тренинг орталығының негізін қалады.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында, ол елдерге франчайзингтік
лицензиясын сата бастады. Аталған орталық елуінші жылдары
халықаралық деңгейге шығып, Еуропа және Азия елдеріне таралды.
Содан бері, компания, әлемдегі 70-ке тарта елге таралған,
халықаралық үлкен желіге айналды. Карнеги орталығы -
франчайзинг бизнес форматының мысалы, өйткені ол тәуелсіз
кәсіпкерлерге Дейл Карнегидың тренингтік орталығының сауда
маркасы мен оқыту технологиясын толықтай көшіріп алуға
мүмкіндік береді.

Іскерлік формат Қазақстанның мына салаларында қанат жая
бастады. Оның ішінде, іскерлік форматтағы кең ұсынылып отырған
салалардың қатарын атауға болады: қонақ үй, туризм,
мейрамханалар мен кафелер, жылжымайтын мүлік агенттіктері және
т.б.

Дестрибьютті немесе сауда франчайзингі.

Дестрибьютті (сауда) франчайзинг іскерлік франчайзингтен
бұрын пайда болғандықтан, оны әлі күнге дейін дәстүрлі деп
атайды. 19-ғасырдың өзінде, сауда франчайзингінің заманауи
үлгісін қолданған алғашқы заңды тұлғалар пайда болды.

Сауда франчайзингтік форматта, көбінесе, франчайзер
тауардың таратылуына немесе дестрибьюциялануына көңіл
аударады. Мұндай жағдайда, франчайзи франчайзер компаниясының
бизнес үлгісін толығымен көшіріп алуы міндетті емес, тек
дестрибьюциялық және сервистік жүйесін алса болды. Франчайзер
франчайзингтік пакет ретінде сауда таңбасын, фирмалық тауарды
сату және сервистік қызмет көрсету құқығын, брендпен
сәйкестендірілген тауарды береді. Сонымен қатар, бренд-букты,
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, тауар өндіру жөніндегі
жоспарды, мерчендайзинг жөніндегі нұсқаулықты, тауарды сату
жөніндегі тренингтерді және т.б. беруі мүмкін.

Сауда форматының бизнес форматынан ерекшеліктері мынадай:

· Франчази франчайзер компаниясының үлгісін толық көшіруі
міндетті емес;

· Көптеген жағдайларда, франчайзи франчайзер өндіретін
тауарды өндіре алмайды;

· Франчайзингтік қатынас сауда дилерлік негізде құрылады.

Сауда франчайзингі әртүрлі нысанда болады, және
франчайзер үнемі тауар өндіруші болып табылмайды. Ол
өндірушінің ірі дестрибьютері ретінде, тауарды өткізуде
франчайзингті қолдануы мүмкін және танымал араб елдеріне
қызмет етеді. Ереже бойынша, франчайзи мәні бойынша
экзклюзивті дилер бола отырып, басқа өндірушілердің өнімдерін
өткізуге құқығы жоқ. Бірақ, соңғы кезде, дилер біруақытта,
бірнеше тауар маркасының франчайзиы бола алатын
мультибрендингтік үлгі кең таралуда. Аталған қатынастың
орындалу барысы франчайзингтік шартта көзделген талаптарға
байланысты болады. Мұнай компаниялары (джоббинг: көлікке май
құйып беретін орынның тәуелсіз иесі мұнай тасымалдаушысының
сауда маркасымен жұмыс жасайды), киім өндірушілер (арнайы
сәнді брендтық киім дүңгіршектері), көлік шығарушылар және
олардың сауда агенттіктері, сусын өндірушілер және т.б. өз
өнімдерін өткізу кезінде сауда франчайзингін пайдаланады.

Әлемдік статистикадан айырмашылығымыз, Қазақстандық
нарықта, франчайзингтің сауда форматы аса басымдылықпен
қолданылады. Әдетте, шетел франчайзерлері өз тауарларын
елдерге сату кезінде осы кең таралған форматты пайдаланады.

Жоғарыда аталған, франчайзингтің классикалық екі түрінен
басқа, сол сауда және іскерлік франчайзингтердің үндесуінен
немесе жұтылуынан түрлендірілген өзге де түрлері бар.
Франчайзингтің мұндай аралас түрлерін жеке санатқа жатқызуға
болады, өйткені олардың форматтарының сипатталуы алдыңғыларға
қарағанда өзгеше.

Өндірістік франчайзинг.

Өндірістік франчайзинг – бұл, франчайзердің франчайзиға
тауарлық таңба, құрал - жабдық, шикізат, тауар өндіру үшін
патенттелген ноу-хау табыстаудағы кәсіпкерлік қатынас нысаны.

Франчайзердің франчайзиға тауар өндірісінің
технологиясынан басқа, тауардың өзін және франчайзингтік
пакетін ұсынатын сауда форматынан өндірістік форматтың
ерекшелігі: франчайзер франчайзиға өнім өндіру технологиясын,
фирмалық ноу-хау, кейде құрал жабдықтарды, шикізаттарды беру
арқылы фирмалық тауарға сәйкесті тауар өндіруге мүмкіндік
береді.

Өндірістік франчайзингте, франчайзер барлық шикізаттардың
орталықтандырылған тасымалдауын және өндіріс үрдістерінің
негізгі құраушыларын өзіне шоғырландыруға тырысады. Франчайзер
кез-келген уақытта өндіріс үрдісінің барлық құпиясын сатпайды,
ноу-хаудың кейбір бөліктері коммерциялық құпия болып табылады.
Мысалы, көптеген атақты сусын өндірушілер өндірістік
франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс жасайды: франчайзер
франчайзиге әрі қарай өндірісте тікелей сусын дайындау үшін
дайын шикізатты сироп немесе концентраттар түрінде ұсынады.
Бұл жерде сиропты дайындау формуласы франчизи үшін құпия болып
табылады. Сондықтанда, кейбір сараптамашылар бұл санатты сауда
франчайзингіне жатқызады. Бірақ, өнім өндіру кезіндегі сусынды
құюда және бөтелкелеуде өндірістік қуат пайдаланылады,
сондықтанда мұндай франчайзингтік қатынасты өндірістік
франчайзинг деп есептеу керек.

Өндірістік форматтағы франчайзингтік пакетті
құрастырғанда, басты назарды өндірістік үрдіске және өнім
өндіру технологиясына аударылады. Бұл, франчайзингтің көп
таралмаған үлгісі, бірақ елдің экономикасы үшін өте пайдалы
кәсіпкерлік нысаны, өйткені тауарды емес технологияны
импорттау, қосымша өндіріс ашуға немесе бар өндіріске қуат
қосуға, көптеген жұмыс орнын ашу арқылы зауыттар мен
фабрикалардағы өндірістің жаңа технологияға көшуіне және
өндіріс үрдісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда
өндірістік франчайзингтың мысалы болып, Қарағандыдағы мрамор
өнімін өндіретін атақты брендпен аттас Тиффани Марбл
компаниясы табылады.

Әрине, франчайзингті түрлерге бөлудің барлығы шартты,
өйткені көптеген кәсіпкерлер өз бизнесінің форматын нақты айта
алмайды. Франчайзингтың теориялық анықтамасының заңды
талқылауы және тәжірибеде қолдануы өзгешелікке ие болуы
мүмкін. Алайда негізгі формат түсінігі табысты кәсіпкерліктің
әлемдік тәжірибесін зерделеуге, жұмыстар тетігін және
франчайзингтік әрекеттердің қағидаларын үйретуге көмектеседі,
өз кезегінде кәсіпкерге франчайзингтік қызметтің үйлесімді
бағдарламаларын жасауға ықпал етеді.

Франчайзинг түрлерінің классикалық емес нысандар қатары
бар, олар коммерциялық және әлеуметтік кәсіпкерліктің түрлері
болып табылады.

Әлеуметтік франчайзинг-бұл, әлеуметтік мақсатқа жету үшін
коммерциялық және коммерциялық емес моделдердің қайталануы.
Әлеуметтік франчайзинг әлеуметтік экономиканың бір түрі бола
отырып, әлеуметтік кәсіпкерліктен, әлеуметтік маркетингтен
және әлеуметтік несиелендіруден құралады. Әлеуметтік
франчайзингті әлеуметтілікке бейім кәсіпорындар және
коммерциялық емес ұйымдар қолданады.

Медиа-франчайзинг - жаңадан пайда болған терминдердің
қатарында, медиаөнімдер өндірісі аумағындағы франшизаларды
білдіреді.

Оқиғалылық франчайзинг - белгілі бір қоғамдық
оқиғанышараны басқа бір аумақта түпнұсқалық сауда маркасын,
тұжырымдамасын және оқиға форматын сақтай отырып қайталау.

Франчайзингтің құқықтық аспектілері

Франчайзинг туралы арнайы заң мемлекеттердің
бәрінде кездеспейді, тіпті, арнайы заңның болуы франчайзингтің
дамуына кедергі келтіреді-міс деген пікір де бар.

Әрине, франчайзинг заңдық реттеуді қажет етеді, өйткені,
франчайзинг мәні бойынша зияткерлік меншік құқығын пайдалануды
басқа тұлғаға беру жөніндегі келісім, сондықтанда заңды құжат-
шартпен негізделуі қажет. Егерде, зияткерлік меншік нысанын
беру үрдісін реттейтін нормативті құжат болмаған жағдайда,
негізгі құжат-франчайзингтік шартты заңды түрде бекіту өте
қиын.

Сондықтанда, франчайзингтік қатынаста қолданылатын
негізгі түсініктер нормативті актілерде нақты көрсетілуі
қажет.

Көптеген елдерде, франчайзингтік қатынасты реттеу
бәсекелестік, кәсіпкерлік немесе зияткерлік меншікті қорғау
туралы заңдар (Чили, Үндістан, Швеция және т.б.) немесе
Азаматтық кодекс (Ресей, Польша, Португалия және т.б.)
шеңберінде жүзеге асады.

2002 жылға дейін Қазақстанда да франчайзингтік нормалар
аталған нормативтік-құқықтық актімен реттелді. Франчайзингті
мемлекеттік қолдау туралы шаралар, әдетте, мемлекеттік
кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларында жазылды. Франчайзинг
туралы Заң қолданысқа енбей тұрған кезеңде, Қазақстанда
франчайзинг белсенділік көп байқалмады. Сондықтанда, ҚР
Азаматтық кодекстің 45-тарауы және мемлекеттік
бағдарламалардың негізгі тармақтары франчайзингтік қатынасты
реттеу үшін жеткілікті болды.

Франчайзингті дамыту жөніндегі шаралар 1999-2000 жж.
арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік
бағдарламасының 2.4.1 тармағында қарастырылған. Бірақ, бұл
бағдарлама франчайзингтік мәселелерді толық реттемейді, онда
басты назарды лизингтік қатынасты реттеуге аударған. Өйткені,
90-шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басында франчайзингтің
таралу деңгейіне қарағанда, лизингтік айналым мен оны қолдану
тәжірибесі анағұрлым артық болды. Жоғарыда аталған
бағдарламаның 2.4.1 тармағы франчайзингтің негізгі түсінігін
ашып қана қоймай, франчайзингтік қатынастардың дамуына жалпы
сипаттама береді. Мемлекеттік бағдарламаның жағымды жағы -
Қазақстанда франчайзингтің көпшілікке танымал болуының жалпы
бағытын қалыптастырды. Мемлекеттік бағдарлама франчайзингтік
шарттық қатынастарды реттемейді, тек франчайзингтік заңды
кеңестіктің қалыптасуының негізін қалады.

1999 жылы 1 шілдеде ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі
заңдық күшке еніп, ең алғаш 45-тарауда Кешенді кәсіпкерлік
лицензия (франчайзинг) атты заңды термин енгізілді. Бұл
тарауда франчайзинг шартты құқықтық рәсімдеу және франчайзинг
шарт нысандарының тізімі, тараптардың негізгі құқықтары мен
міндеттері жазылды.

ҚР АҚ-тың 902-бабында Кешенді кәсіпкерлік сублицензия
ұғымына сипаттама берілді. Бұл бөлімде лицензиаттың
(франчайзи) басқа тұлғаға сублицензия (субфраншиза) беру
мүмкіндігі жазылғанымен, мастер франшиза және субфраншиза (бұл
ұғымдар әлем тәжірибесінде кең таралған) ұғымдарына сипаттама
бермеген.

Дегенмен, ҚР АҚ-нің 45-тармағында франчайзингке заңды
мәртебе беріліп, құқықтық алаң қалыптастырды.

ҚР АҚ-нің 45-тармағының негізгі ережелері, франчайзингтік
қатынасты нақты реттейтін нормалар Кешендi кәсiпкерлiк
лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының 2002
жылғы 24 маусымдағы N 330-ІІ Заңына кіргізілді.

Қазақстан франчайзингтің заңды анықтамасы жөнінде жеке
заң қабылдаған ТМД елдері ішіндегі алғашқы мемлекет екенін
атап кеткен жөн.

Бүгінгі таңда франчайзинг туралы заң франчайзингтік
шарттық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық
акт болып табылады.

Заңның 4-тараудың, 4-ші және 5-ші баптарында
франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдаудың негізгі
қағидалары мен мемлекеттiк қолдау шаралары анықталған. Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нысаны және инвестиция
негізінде қолдау көрінеді.

Заңның 5-бабының 3-тармағында франчайзингтiк қатынастар
субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер беру қарастырылған,
алайда мұндай жеңілдіктер түрлері мен нысандары туралы нақты
анықтама берілмеген. Франчайзингте, кәсіпкерліктің жеке бір
түрі ретінде арнайы салық және өзге де жеңілдіктер
қарастырылмаған.

Зияткерлік меншік франчайзингтік шарт бойынша ұсыну пәні
болып табылады, франчайзерге зияткерлік меншік құқығын Әділет
Министрлігі зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің
Ұлттық Зияткерлік меншік институтында тіркелуіне көп көңіл
аударуы қажет. Өйткені, заң бойынша лицензиардың тіркелген
кешенді ерекше құқығы мемлекеттік қорғауда болады. Бірақ,
тіркелмеген зияткерлік меншік нысанына қатысты, франчайзинг
туралы заң осындай зияткерлік меншік нысанына құқық беруді
және оларды тіркеу тараптардың келісімімен жүзеге асыруды
қарастырады.

Заңның 20-бабында кешендi кәсiпкерлiк лицензияның
(франчайзингтiң) негiзгi түрлерi көрсетілген: конверсиялық,
көп кешендi, өндiрiстiк, тауарлық, бұлар франчайзингтік
қатынасты қалыптастыру тұжырымын анықтау барысында қажет.

Заң, негізінен, сектордағы мәмілелерді құқықпен рәсімделу
қажеттілігін қанағаттандырады. Бірақ, заңның әрекет етуі,
егерде арнайы жеңілдіктер мен кепілдіктер қарастырылмаса,
елдегі франчайзингтік қатынастардың дамуына әсер етуі шамалы.

Қазіргі кездегі жағдаяттарға сәйкес франчайзинг туралы
заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу және бұл үдеріске
франчайзингтік сектордың өкілдері франчайзер, франчайзи және
франчайзингтік сараптамашыларды мейлінше енгізу қажеттіліктері
туындап отыр.

Әрбір жыл сайын әлемдік экономика жаһандануда, заманауи
франчайзинг бизнестің халықаралық түрі болғандықтан,
франчайзинг туралы заңдарды тұрақты түрде біріздендіріп,
жетілдіріп отыру мәселесі төтесінен тұр.

Мысалы: Қазақстандағы франчайзингтің 90%-ы халықаралық
мәртебеге ие (Баскин Роббинс франчайзингтік жүйесінің
қатысушысы үш елдің өкілдерінен тұрады: АҚШ (франчайзер),
Ресей (франчайзи), Қазақстан (субфранчайзи). Әлемдегі
франчайзингтік шарттардың жартысынан көбі халықаралық болып
табылады. Әр елдің франчайзинг туралы заңдары бір-бірімен
қайшы келмеуі үшін, халықаралық институттар франчайзингтік
қатынастарды реттейтін заңдар мен шарттарды жасауда арнайы
ұсыныстар дайындайды. Мысалы, УНИДРУА халықаралық мастер
франшиза шарттарын жасауға арналған нұсқау дайындады (Guide to
International Master Franchise Arrangements,1998) және
франшизаға қатысты ақпаратты жариялау туралы моделдік заң
(Model Franchise Disclosure Law, 2002) жасады.

Халықаралық және ұлттық ассоциацияларымен франчайзингтік
қатынастың негізгі құжаты – Франчайзингтің ар-намыс кодексі
қабылданды. Бұл заңдық мәртебесі бар құжаты емес, сондықтанда
мемлекеттік болып табылмайды. Бірақ, ар-намыс кодексі өте
қажетті нормативтік құжат, франчайзинг нарығының қатысушылары
үшін ойынның ар-намыс ережелерін бекітуге мүмкіндік береді.
Кодексте франчайзерлер және франчайзилер үшін нормалар мен
міндеттер, франшиза туралы ақпаратты жариялау тәртібі
қарастырылған. Қазақстанда халықаралық ар-намыс кодексі жоқ,
бірақ үлгі ретінде халықаралық ар-намыс кодексін пайдалануға
болады.

Жоғарыда айтылғандай, франчайзинг кәсіпкерліктің бөлігі
болып табылатындықтан, кәсіпкерлікті қолдау туралы мемлекеттік
бағдарламалармен және кәсіпкерлік туралы заңнама актлерімен
реттеледі. Кәсіпкерлікті қолдау туралы мемлекеттік
бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлікке қандай қолдау жасалса,
кәсіпкерлік (шағын және орта кәсіпкерлік) аясында франчайзинг
мемлекеттен дәл сондай қолдауға ие бола алады. Жеке
кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31
қаңтардағы N 124 Заңына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдаудың
бірнеше шаралары қарастырылған. Заңның 4 тармағына сәйкес,
кәсіпкерлікті қолдау мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:

• жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi
заңнаманы жетiлдiру;

• жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-
инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық
аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да
нысандарын құру және дамыту;

• бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң қызметiн оқу-әдiстемелік, ғылыми-әдiстемелiк
және ақпараттық қамтамасыз ету;

• орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы
органдардың жанынан сараптамашылық кеңестердiң қызметiн
ұйымдастыру;

• жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы
институттарын құру;

• бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың
қызметiн ұйымдастыру;

• шағын кәсiпкерлiктi дамытудың мемлекеттiк, салалық
(секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу;

• шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн
инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту
мен пайдалану жүйесiн жасау;

• жұмыс iстеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын,
консалтингтiк ұйымдар мен шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен
дамытудың ақпараттық жүйелерiн дамыту және жаңаларын құру
жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың
бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

• жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және
ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында индустриялық
аймақтар құру.

2.Компанияны франчайзингтік жүйеге ауыстыру

Әрбір бизнес түрлерінде франчайзингке ауыстыруға
кететін уақыт, құжаттар саны және материалдық ресурстар
деңгейі әр түрлі болып келеді. Халықаралық франчайзингтік
бизнесте компанияның франшизалық деңгейін толық сипаттау үшін
франчайзинг бағытындағы мамандандырылған консалтингтік
компанияны немесе франчайзинг және кәсіпкерлер ұлттық
ассоциациялардың сараптамашыларын шақыртады. Бірақ,
шақыртылған сыртқы сарапшылар франчайзингке жауапты
компанияның қызметшілерімен бірлесіп іске кіріседі.

Франчайзинг үлгісі Сіздің бизнесіңізге сәйкес келе ме.
Франчайзингке айналдыру аспекталары жарияланымда болашақ
франчайзерлар бірінші кезекте көңіл аударатын аспектілер
қатары көрсетілді. Бизнесті франшиза шеңберінде сипаттау мәні
бойынша осы аспектілерді талқылаудан тұрады.

Бірақ, барлық компаниялар бизнесті франчайзингке
айналдыру аспектілерін қатаң сақтамайды, кейбір компанияларға
жеке франшизасын қалыптастыру үшін жоғарыда көрсетілген
аспектілердің бірнеше тармақтарын орындаса жетіп жатады. Әрбір
жағдай өзінше ерекше. Егер компанияны франчайзингке айналдыру
кезінде ол негізгі аспектілеріне жауап беретін болса, онда
бизнесті франчайзингке айналдырудың негізгі шараларының
тізіміне көшеміз.

Франшиза үшін тауар таңбасын сәйкестендіру. Кез-келген
бизнес тауарлық таңбаны сәйкестендіруден бастауы керек.
Компания әлеуетті тауар таңбасын, оның икемділігіне, басқа
талапқа және басқа аймаққа бейімделу және лицензиялау кезінде
әлеуетті пайданы анықтап белгілеуі керек. Тауарлық таңба
компанияның сол сәттегі даму деңгейінде табысты болғаныменен,
бірақ франчайзингтік келешекте бұл жеткіліксіз болуы мүмкін,
өйткені франчайзингтік бренд – бұл франчайзер қызметінен
туындайтын ақпараттың толық жиынтығы. Бірнеше сұрақтарға жауап
бере алатындай болуы керек:

- Әрекет етуші тауар таңбасы нарық талабын
қанағаттандырады ма?

- Әріптік үндескен және графикалық байланысқан тауар
таңбасын құру қажеттігі бар ма?

- Франчайзингтік жүйеге ауысқанда тауар
таңбасыныңерекшеліктерін жоғалту тәуекелділігі бар ма?

Егер компанияның тауар таңбасы басқа мемлекеттің
нарығында жұмыс жасайтын болса, онда тауар таңбасының
жергілікті тілмен ұқсастық пәніне лингвистикалық саралау
жүргізу керек. Сауда маркасының даму тарихында брендтардың
өзге аймақтардың тілдеріндегі сәтсіз үндестіктері кездесіп
отырған.

Компанияның ұжымы, клиентері мен серіктестері бірлесіп,
тауар таңбасын жете саралау маңызды болып табылады.
Болашақтағы франшиза брендасының пішінін анықтау да маңызды.
Сонымен қатар, тауар таңбасының күшті және әлсіз жақтарының
тізімі жасалып, болашақ бренд шекарасын анықтау маңызды.

Франшизаның тауар таңбасын анықтап алғаннан кейін,оның
патенттік ведомоствада тіркелуіне де аса назар аудару қажет
(егер тауарлық таңба тіркелмеген жағдайда).

Франчайзинг форматын анықтау. Франшиза сипатын және оның
форматын ескеру маңызды. Сауда немесе іскерлік форматтарда
көлемдері әртүрлі құжаттар, сонымен қатарбизнесті франшизаға
айналдырудің әртүрлі технологиялары талап етіледі. Сауда
франчайзингінің қызметі өнімді сатуға бағытталады. Іскерлік
форматта франчайзер кәсіпорын түпнұсқасының көшірмесін жүзеге
асыруға бағытталған. Әр жағдайдағы пайдалар әр түрлі. Сауда
франчайзері тасымалдаған тауар бағасына қойылған үстеме
есебінен пайда табады. Іскерлік форматтың пайдасы роялти,
паушалды жарнадан түскен түсімнен қалыптасады. Кейде, екі
форматты біріктіру тетігі де кездеседі. Мысалы: компания
іскерлік формат бойынша жұмыс жасайды, бірақ пайда
тасымалданған тауарға салынған үстеме бағасының есебінен
қалыптасады немесе компания сауда франчайзингімен жұмыс
жасайды, бірақ іскерлік форматтың барлық атрибуттары бар.
Табиғаты жөнінен форматтар әр түрлі болғандықтан,
франчайзингке айналдыру кезеңінде тауарларды өндірудің және
қызмет көрсетудің нысанын және келешектегі пайданың қалыптасу
сипатын анықтау мақсатында болашақтағы франшизаның форматын
анықтап алу қажет.

Бизнес санатына және франчайзинг форматына байланысты
франчайзингтік пакеттердің бірнеше түрі болады. Олардың
қайсыбірі тек негізгі құжаттардан (тауар таңбасы, пайдалану
жөніндегі нұсқаулық, тренингтар) тұрса, қалғандары басқа
құжаттар тізбегінен құралады.

Брендтың жарнамалық алаңын анықтау. Брендтардың бірыңғай
жарнамалық алаңы танымалдылыққа айналуды мақсат тұтқан тауар
таңбаларын тарататын географиялық кеңестік. Компания жарнама
алаңы мен сол аумақтағы компания тауарының (қызмет
көрсетуінің) нақты жұмыс жасауының арасындағы айырмашылықты
анықтау қажет. Егер компания өз өнімін теледидар арқылы
Республика көлеміне жарнамаласа, бірақ аймақтарда өнімді
әртүрлі дилерлердің қарапайым тізбегі арқылы таныстырылса,
онда брендты жарнамалау реті жеткіліксіз, сондықтанда брендтың
нақты және жарнамалық алаңын сәйкестендіруде дилерлердің
немесе франчайзилардың ерен еңбектерін талап етеді. Өйткені,
көп жағдайда, франчайзер бренды франчайзи нарығының
тұтынушыларына таныс емес болады. Көптеген халықаралық
компаниялар Қазақстан нарығына шыққан кезде, қызмет үрдісін
тұтастай қайтадан бастау керек болды, өйткені компания бренды
жергілікті тұтынушыларға таныс емес еді. Нәтижесінде,
жергілікті франчайзидың шығындарының қатарына франчайзер
брендасын таныстыру және оны жариялауға арналған шығындарды
қосуға тура келді. Бұл франчайзидың пайдасын айтарлықтай
кемітетін біршама уақытты, қаржыны және жұмысты талап етті.

Тіпті, егер компанияның франчайзингтік жүйесі танымал,
жарнаманы талап етпеседе, нарықта дәл сол жағдайда жұмыс
жасайтын франчайзингтік емес және брендтық емес
компаниялармен бәсекеге түсуге тура келеді. Өйткені
тұтынушылар арасында франчайзердің тауарлық таңбасының танымал
болу нәтижесінің артықшылығы сезілмеуі мүмкін.

Франчайзи аймағындағы жарнама алаңын белгілеу брендтың
жұмыс жасау бағытын анықтайды, жарнама алаңын қалыптастыру
тұжырымдамасын құрады, жариялау шығындарының есебін шығарады.

Жарнама алаңын қалай анықтайды? Аумақта брендтың
танымалдылығын анықтау үшін маркетингтік зерттеулер
жүргізіледі. Бірақ, әрбір кәсіпкер белгілі бір аумақта өз
тауарлары мен қызмет көрсетулерінің жарнама алаңын болжамдап
біледі. Мысалы, Сұлтан тауар таңбасының жарнама алаңы ретінде
Қазақстанның тұтас аумағын алады, ал Орта Азия мен Ресейде бұл
компанияның дестрибьютерлері жұмыс жасайды және ниетті
клиенттерінің тобы қалыптасқан.

Компания франчайзингтік моделге көшкен кезде, франчайзиға
өз жарнама алаңының шеңберінде жұмыс жасағаны қолайлы болып
табылады.

Егер әлемдік франчайзинг флагмандары туралы айтсақ,
әлемде Макдональдс бренды аса дамыған жарнама алаңын иеленеді.
Франчайзигебұл брендтың жарнама шығындарын есептеу қажет емес,
өйткені ол аймақтарға танымал және ниетті клиенттері бар.

Бәсекелестік артықшылықты иелену. Франшизаға бейімделген
бизнес табысты болатыны болжанған. Бірақ, бұл компанияның
басқа бәсекелестер алдында артықшылығы бар деген сөз емес.
Компания тауарлары мен қызмет көрсетулерінің бәсекелестік
артықшылығымен қатар, франшизаның өзінде де бәсекелестік
артықшылық болуы тиіс. Әлеуетті франчайзи франшиза сатып
алғанда, осы артықшылықты байқауы керек.

Кока-Кола франшизасының артықшылығы неде? Франчайзи
ерекше өнім өндіру технологиясымен қатар, атақты тауар
таңбасын жалға алады.

Қазақстандық НАП–Бухгалтерия тауар таңбасының франшизасын
сатып алудың қандай артықшылығы бар? Франчайзи танымал әрекет
етуші кәсіпорынның технологиясы мен құралдарының дайын пакетін
алады, бұл франчайзи табысына кепіл бола алады.

Франчайзидың сатып алу туралы шешім қабылдауына тек
бәсекелестік артықшылығы бар франшизалар әсер етеді.
Франчайзер табыстың басты өлшемдерінің бөлінуін, мықты
жақтарын күшейтуін, тиімділігін арттыруын, франшизаның
стратегиялық нүктесін анықтауын және қызметтік ерекшелігін
дамытуын негіздейтін бәсекелестік артықшылықтарды анықтауы
қажет.

Бренд және франшиза құнын есептеу. Тауарды сату үшін оның
құнын білу керек. Материалды емес тауардың бағасын анықтау бұл
франчайзинг саласындағы өте қиын мәселе, өйткені ҚР ұқсас
аналогтар санының аздығы, материалды емес активтер
институтыныңенді ғана қалыптасу жағдайы әсер етеді. Паушалды
жарна, роялти, тасымалданған тауарлар мен шикізатқа үстеме
бағаның құнын анықтауүшін көптеген жеке факторларды есепке алу
керек. Франчайзи франчайзерге төлемді төлеп болғанннан кейін
ғана пайда табады, сондықтанда бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы
Қазақстандағы франчайзинг
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Лизингтiк құқықтық қатынас. Факторинг. Франчайзинг
Лизинг, факторинг, франчайзинг негiзiнде шарттарды жасау және бұзу
Пәндер