Жүрек қан тамырлар жүйесі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

Негізгі бөлім
1.1 Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі ... ... ... ... ... 9
1.3 Жүрек қабыну аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Жүрек етінің аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
1.5 Жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы аурулары ... ... ... ... ... ... ... . 20
1.6 Жүректің ішкі қабыну аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30

Аннотация

Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, техника қауіпсіздігі және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде осы пән оқытатын дәріс барысы туралы жалпы түсінік қамтылған.
Негізгі бөлімінде жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларының бөлінуі, жүрек қабының аурулары, жүрек еті аурулары, жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы, жүрек ішкі қабының аурулары және осы аурулардың шығу себептерін, емі, сақтандыру шаралары туралы жалпы түсінік қамтылған.
Техникалық қауіпсіздік бөлімінде малды емедеген кезде техник шараларды қалай орындау туралы мәліметтер қамтылған.
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап, малды емдеу жолын қарастыру туралы айтылған. Сонымен қатар қорытындыда осы ауруды емдеу және сақтандыру шаралары туралы өзімнің ой.тұжырымдарым жазылған.
Кіріспе

Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.Қожабаев, Ш.М.Қаратаев. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. Шымкент, 2006. М.Әуезов.
2. Акатов В. А., Париков В. А. Ультразвук и его применение в ветеринарии. М., «Колос», 1970.
3. Институт Биофизики АН СССР. Использование ультрафиолетового излучения в животноводстве. М., АН СССР, 1963. Ультрафиолетовое излучение и его применение в биологии. М., Изд-во АН СССР, 1973.
4. Медведев И. Д. Физические методы лечения животных. М„ «Колос», 1964.
5. Белоусов В. Е. Математическая электрокардиология. Минск, «Беларусь», 1969.
6. Гутира Ф. и др. Частная патология и терапия домашних животных, т. II. М., Издат. с.-х. лит. журналов и плакатов, 1963.
7. Домрачев Г. В. Аритмий и болезни миокарда у лошадей. М., Сельхозгиз, 1950.
8. Клиническая диагностика внутренних болезней с.-х. животных под редакцией проф. В. И. Зайцева. М., «Колос», 1971.
9. Семушкин Н. Р. Диагностика заболеваний верблюдов. М., Сельхозгиз, 1949.
10. Червяков Д. К., Евдокимов П. Д., Вишкер А. С. Лекарственные средства в ветеринарии. М., «Колос», 1970.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Негізгі бөлім
1. Жүрек қан тамырлар жүйесінің
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының
бөлінуі ... ... ... ... ... 9
3. Жүрек қабыну
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 10
4. Жүрек етінің
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 16
5. Жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы
аурулары ... ... ... ... ... ... ... .. 20
6. Жүректің ішкі қабыну
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
2.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 30

Анықтамалар

Иньекция – арнайы сұйықты организмге диагноздық немесе емдік мақсатпен
енгізу
Перикардит – жүрек қабының қабынуы
Гидроперикард – шемендену
Миокардит –жүрек бұлшық етінің қабынуы
Миокардоз – жүрек бұлшық етінің зат алмасуының бұзылуы
Миокардиофиброз – жүрек бұлшық етінің фиброзданып, өзгеруі
Эндокардит – жүрек ішкі қабының қабынуы
Тромбоз – қан түтігінің қан ұюынан бекітілуі
Невроз – жүйке қажуы

Қысқартылған сөздер мен белгілер

мл – миллилитр
см – сантиметр
% – пайыз
мин. – минут
м – метр
г – грамм
Нормативтік сілтемелер

Бұл курстық жұмыста пайдаланылған сілтемелер төмендегі құжаттарға
негізделген:
ГОСТ 2.102-68 ЕСКД. Конструкторлық құжаттардың толықтығы мен түрі.
ГОСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.
ГОСТ 2.201-80 ЕСКД. Конструкторлық құжаттар мен жасалған бұйымдардың
белгілері.
ГОСТ 2.601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары.
ГОСТ 2.304-81 ЕСКД. Сызба шрифттері.
ФС ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын толтыру қағидалары.
Графикалық талаптарға қойылатын жалпы талаптар.

Аннотация

Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім,
техника қауіпсіздігі және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде осы пән оқытатын дәріс барысы туралы жалпы түсінік
қамтылған.
Негізгі бөлімінде жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларының бөлінуі, жүрек
қабының аурулары, жүрек еті аурулары, жүрек етінің зат алмасуының бұзылуы,
жүрек ішкі қабының аурулары және осы аурулардың шығу себептерін, емі,
сақтандыру шаралары туралы жалпы түсінік қамтылған.
Техникалық қауіпсіздік бөлімінде малды емедеген кезде техник шараларды
қалай орындау туралы мәліметтер қамтылған.
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап, малды емдеу жолын қарастыру
туралы айтылған. Сонымен қатар қорытындыда осы ауруды емдеу және сақтандыру
шаралары туралы өзімнің ой-тұжырымдарым жазылған.

Кіріспе

Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы
емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп
анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел
жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы
өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша
өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру
бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының
жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру
малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс
жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан
сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу
ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық
ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және
ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды
айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және
малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық
ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан
агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең
түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс
азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және
қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей
мамандықты қалыптастыратын пән.
Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің
бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және
түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз
заттарды денеден шығару.
Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі
жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан
кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына
келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы
бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп
тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың
тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т.т.)
малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар
жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің
жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен
ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің
бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі
белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді,
көгереді және ісінеді. Ырғақтың бұзылуына қатынасты белгілер мыналар:
жүректің тез соғуы, шоқырақ ырғағы, эмбокардия (жүрек соғысының, дыбысының
күші мен құбылысының біркелкіленуі), қосымша жиырылуы, біркелкі емес
аритмия (ырғақсыздық), териовентрикулярлық (жүрек құлақтары мен
қарыншаларының арасындағы) бөгелістер, жүрек құлақшалары, мен
қарыншаларындағы Гис тармақтары мен жүректің Пуркинье талшықтарындағы
бөгеттемелер.
Өкпелерде қан іркілдегендіктен әдеттегіден көбірек жиналған көмір
қышқылы мен басқа да зат алмасуының қалдықтары сопақша мидағы тыныс алу
процесін реттейтін орталығын қаттырақ қоздырып ентіктіреді. Қатты ауырғанда
Куссмаульдің үлкен биотов және Кейн-Стокс тыныстары пайда болады.
Сонан соң дерттің ауыр өтуінің дәлелі ретінде дене көгілдір тартып,
жүректің соғу ырғағы бұзылады. Дене көгілдір тартқанда тері мен кілегей
қабықтары да көгереді. Дененің көгеруі қанда қалпына қайта келген
гемоглобиннің көбеюінен болады. Бұл гемоглобиннің алқызыл тартқан
оксигемоглобиннен (оттегіленген гемоглобиннен) айырмашылығы – қара-қызыл,
көк болып келеді. Қалпына қайта келген гемоглобиннің қанда көбеюіне, қан
айналымының бәсеңдеуі салдарынан өкпелерде, оның нашар оттегіленуі мен
ұлпалардың, оттегіні (жетіспегендіктен) әдеттегіден көбірек және тезірек
пайдалануды әкеліп соқтырады.
Дененің көгілдір тартылуымен қатар не біраз кешеуілдетіп барып
организмде шектелінген немесе жалпы ісік пайда болады. Дененің ісінуі жүрек
пен қан тамырлары қызметінің нашарлауының қатерлі белгілері болып
есептеледі. Жүрек қызметінің нашарлауынан болатын ісіктің негізгі себептері
қанның көк тамырлар мен капиллярдағы (майда тамырлар) іркілісінен қысымы
көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын көріп, түтікшелерін қаттырақ ашып, қан
сұйығының сыртқа шығуынан болады. Жүрек ақаауларынан болатын ісік,
сарысудың ет пен терінің арасында жиналуынан, әдетте дененің төменгі
(астыңғы) бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы
мүмкін. Жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден
айырмашылығы, ол тығызырақ қамыр тәріздес (саусақпен басқанда із қалады),
ісікті басса – ауырады, бірақ малдың қызуы көтерілмейді.

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі

Малдың жүрек пен қан тамырлары жүйесінің ауруларын жіктеуде бірнеше
ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі көңілге қонары Г.В.Домрачевтің ұсынғаны.
Бөлінуі жеке кестеде келтіріген. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4
топқа бөлінеді: 1. Жүрек қабының (сыртқы); 2. жүрек етінің; 3. жүректің
ішкі қабының; 4. қан тамырларының аурулары. Жүрек қабы ауруларының өзін
екіге бөледі: жүрек қабының қабынуы (перикардиты) және шеменденуі
(гидроперикард).
Жүрек етінің аурулары да осы принципке негізделіп бөлінеді – жүрек
етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз). Бұл
топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар – жүрек бұлшық етінің фиброзданып
өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз). Бұл, кобінесе,
миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалкы түрінде де
дамитын дерттер. Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан
(эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды. Оған
бірте-бітре жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса, онда жүрек
ақауларына әкеліп соғады.
Малдарда қан тамырлары ауруларының тобынан жиі кездесетіндері – артерия
қабырғаларының әктеніп қалыңдануы-беріштенуі (артериосклероз) және тамыр
түтігінің қан ұюынан бекітілуі (тромбоз). Кешеңдерде мал арасында жүйке
қажуының (невроз) асқынуынан қан қысымы көтеріліп (гипертония) тұрады.

Жүрек қабыну аурулары

Жүрек қабының қабынуы (Pericarditis – перикардит). Қабыну жарақаттан
(P. Traumatica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: жіті (P.
acuta) және созылмалы (P. chrohica) түрде пайда болуы және өту уақытына
байланысты басалқы немесе қосалқы; таралуы бойынша шектелінген (P.
Circumscripta) және кіріккен (P. Diffusa); жалқықтың түрлеріне байланысты –
ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек
қабының қабынуларының құрғақ (P. sicca), жалқықты немесе сарысулы (P.
Exudativa) түрлерін айырады.
Себептері. Мал арасында өздігінен болатын перикардит негізінен сирек
кездеседі, ал ішінара суықтан пайда болған перикардит те ұшырасады. Жиі
кездесетіні, түрлі індет немесе жұқпалы емес аурулардың асқынғандығынан
болатын қосалқы перикардит. Ірі қарада, кейде ұсақ малдарда тақия қарын мен
көк еттің жарақаттануы салдарынан (травмтический ретекулит,
ретикулоперитонит) жарақаттанған перикардит пайда болады.
Жарақаттанған перикардиттің пайда болуына тақия қарын арқылы жем-
шөппен кірген істік темірлер немесе басқа заттар әсерін тигізеді. Істік
темірлер жүректің қабын, кейде бұлшық етін, ішкі қабатын жарақаттайды.
Жарақаттайтын заттар өзімен бірге жүрек қабынан қуысына түрлі
микроорганизмдерді енгізеді. Жарақаттанған перикардит жаңа туған, жығылған,
қатты күшенген малдарда кенеттен пайда болады. Жарақаттанған перикардиттің
жиі, сирек кездесуі тақия қарын мен көк еттің жарақаттанған қабынуын
тудыратын әсерлерге байланысты.
Жарақаттанған перикардиттің басалқы түрде дамуы өте сирек кездеседі.
Ондай жарақаттану кеуденің сырт, жүрек жағынан тосыннан болған соққыдан,
(үшкір затпен түйрелуден, сынған қабырғаның әсерінен т.т.) не өңеш арқылы
етілген әрекеттерден болады.
Дамуы: Перикардиттің дамуы, әсіресе, жарақаттанған түрі екі кезеңде
өтеді. Алғашында перикардит құрғақ болып басталады да, сонан соң біртіндеп
жалқықтыққа ауысады. Құрғақ перикардитте алдымен жүрек қабының қабаттары
қабынады, бірте-бірте оның қабаттарына белок талшықтары (фибрин) ұйып
жиналады да оларды бұдырмақтайды. Жүрек қабының созылмалылығы әлсірейді.
Осылар жүректің жұмысын қиындатады. Аурудың ары қарай даму процесінде жүрек
қаптары бір-біріне жабысып, бітісіп кетеді. Жалқықты (эксудативный)
перикардитте жүрек қабының ішіне көп болып сарысу жиналады, ірі малда
жиналу мөл шері 20-25 литрге дейін жетеді. Жиналған жалқық жүрекке жан-
жағынан қысым түсіріп, оның созылуын (диастола) әлсіретіп, қанның
систолалық көлемін азайтады. Жүректің қанды сорып-айдау қызметтері
бұзылады. Жалқық жүректі айнала қысқандықтан (тампонада) оның соғуын
тоқтатып тастауы мүмкін. Жүрек қысылғанда көкірек көк етінің (диафрагма)
қимылы бәсеңдейді, сол себептен өкпе мен бауырда венозды қан іркіледі. Осы
жағдай көк тамырлар мен капиллярда қанның қысымы көтеріліп, іркілістен
денені ісіндіреді. Көк тамырларда қанның қысымының көтерілуіне байланысты
артериялық тамырларда қысым азайып, жалпы қан айналысы бәсеңдейді. Кейде
жүрек қабының қабынуы жүрек етінің қабынуына себепші болады.
Перикардиттің қай түрі болса да әсіресе, жарақаттан болған түрінде,
қанға қабынулық заттардың өтуінен және жиналған жалқықтың ыдырап, шіруінен
организм уланады, қызуы көтеріледі, қан мен зәрдің құрамдары өзгереді,
біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылады.

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі ауруларының бөлінуі

Өлекседегі өзгерістер: Жүрек қабының қуысында әр түрлі көлемде жалқық:
құрғақ қабынуда – белокты талшық, сарысулы түрінде – ұйымалы, ұйымалы-
белокты талшық, қанды ірінді, шірікті түрлері жиналады. Жүрек қабы
қалыңдайды, олар белокты талшықтармен қабатталады. Жүрек қаптарының
қабаттары бір-бірімен жабысып, бітісіп кететін жағдайлары жиі кездеседі.
Әктенген (беріштенген) уақытында сауытты жүрек көрінісі байқалады. Жүрек
еті мен плевраның (көкіректің сірі қабығы) қабынуы жиі кездеседі. Жүрек
етінің семуі де жиі кездесетін құбылыс. Өкпе, бауырда және басқа да ағзалар
да ырықсыздық қан кернелуі байқалынады. Жарақаттан болған қабынуда жалқық,
көбінесе, іріңді не шірікті түрлерінде өтеді. Шірікті түрі сұйық, қоңыр не
сарғыш-қоңыр түсті, өткір, сасық иісті болып келеді. Ішкі ағзалардың
көпшілігінде қағынуға (сепсис) тән түрлі өзгерістер анықталынады. Жүрек
қабының қуысында, жүрек қабының өзінде немесе жүрек етінде алдымен, таз
қарынның, сонан соң жүрек қабының дерттерін тудыратын түрлі бөтен үшкір
жарақаттаушы заттар (сымтемір, шеге, түйреуіш, ине т.б.) жиі кездесіп
тұрады. Бөтен заттың қалдырған жолында талшықты бұдырлар, іріңдіктер
(абсцесс), ішінде іріңі, шірігі бар көз жолдары анықталынады. Көп жағдайда
жүрек қабы, көкіректің көк еті мен таз қарынның араларында тығыздалынған
қосымша бұдыр дәнекер ұлпа өскені анықталынады.
Белгілері – перикардитті тудырған себептері мен даму кезеңдеріне
байланысты өтеді. Құрғақ перикардитте дененің қызуы көтерілуі мен тамыр
соғуының жеделдеуі қосарланады. Бұған көбінесе, негізгі аурулар себепші
болады. Ауру мал жабығады. Жем-шөпке тәбеті тартпайды. Ауру жылқылар
жатпайды, сиырлар шұғыл қимылдардан қашқалақтайды, көбінесе алдыңғы
аяқтарын алшақтатып ұстайды. Ауру асқынған сайын тамыр серпінісі бәсеңдеп,
толуы азаяды. Жүрек түткісі күшейеді. Жүректің тұсын сипалағанда не
балғашықпен ұрғанда ауырсынады. Жүрек соғуы дыбыстарына жүрек қаптарының
үйкеліс шуылдары қосамжарласады.
Жалқықты перикардитте қан айналысының бұзылуы айқынырақ білініп,
аурудың жалпы күйі нашарлайды. Алғашқы кезде ауру малдың ылғи да дене қызуы
көтеріледі. Жүрек қаптарының қуысына жалқықтың толуына байланысты оның
үйкеліс шуылдары жоғалып кетеді. Жүректің соғуы жиілейді (ірі қараларда
жүректің соғуы бір минутта 120-ға дейін жетеді, мөлшері 50-80). Тамыр
серпінісі – бәсең, толуы нашар, кейде желісі жіп тәріздес болып,
ырғақсыздық жиіленеді. Жүрек түткісі әлсірейді, жайылып кетеді, жоғары,
артқа және оңға қарай ығыстырылады. Жүректің айналасындағы салыстырмалы
және абсолютті дүңкілдері бірыңғайланып, дүңкіл көлемі ұлғайып кетеді.
Жүрек тұсын балғашықпен тықылдатқанда ауырсынады. Жүректің соғу дыбыстары
әлсірейді, алыстан естіліп тұрғандай күңгірттенеді. Ауру ары қарай дамыса
(жиналған жалқықтың шіруінен қуыста газдардың болуына байланысты) шалпыл
дыбыстар естіледі. Газдардың жиналуы перкуссия жасағанда жүрек тұсының
жоғарғы жағынан дүңкілдің ашық (тимпанический) дыбыстарын шығартады. Жүрек
жан-жақты қысылғандықтан венадағы қан жүрісі баяулайды, мойын көк тамыры
қанға толғандықтан білеуленіп кетеді. Ауру мал мойнын созып, алдыңғы
аяқтарын алшақ ұстап, шынтақтарын кеудесінен тысқарылатып тұрады, кейде
ыңқылдайды. Жүрек пен қан тамырлар қызметтерінің нашарлағанын көрсететін
негізгі белгілер – ентігу, көгеру, ісіну жүрек соғуының жиілігі мен
ырғақтығының бұзылғандығы білінеді. Ісік, ірі қара малдардың, көбінесе,
ұртында, шықшытында, алқымында орналасады. Ісік, қанның іркілісінен да (қан
мен лимфа айналысының нашарлауынан), қабынудың салдарынан да болуы мүмкін.
Бездері жиі шошып, көлемі ұлғаяды, әсіресе, жауырындарының алдындағы
бездердің көлемдері қатты ұлғаяды. Электрокардиограммада кертештердің
биіктігі күрт кішірейеді, кішірею, әсіресе, бірінші тармақ алынатын
аяқтардан жақсы байқалады. Жүректің қосымша жиырылуы және басқа да жұмыс
ырғағының бұзылуы айқындалынады. Артерияда қан қысымы азайып, венада
көтеріледі (600 мм бағанасына дейін, нормасы 80-130 мм). Қан ағысының
жылдамдығы бәсеңдейді. Ядросының ығысуы регенеративті (қалпына келген)
немесе регенеративті-дегенеративті (азғынды) түрлерінде кездесетін
нейтрофильді (дақты) лейкоциттер көбеюі жиі кездеседі.
Жүрек қабының қабынуы қарындардың қозғалыс күштерін әлсіретеді,
бауырдың, өкпелердің және басқа да ағзалардың қызметін бұзады. Несепті
тексергенде, көбінесе, белок (ағзат), альбумоздар (белок ажыратындысы) және
индикан (белоктың шіруінен болатын қоспа) анықталынады.
Барысы. Жарақатсыз перикардиттің өту барысы оның пайда болу себептеріне
байланысты. Құрғақ перикардитпен ауырған малдар қысқа мерзім аралығында
жазылып кетуі де мүмкін. Жалқықты перикардит ұзаққа созылады, ауыр өтіп,
көбінесе өлім-жітіммен аяқталады. Жарақаттан болған перикардит малдың
жанына қатты батып, ұзаққы созылады (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін).
Кей кездерде жүректің еті мен ішкі қабаты зақымданса, ауру тез өтіп,
бірнеше тәуліктердің ішінде-ақ ауру мал өледі. Өте сирек жағдайларда
жарақаттанған бөтен үшкір заттар жүрек қабының қуысынан кеуде қабаты арқылы
сыртқа шығып кетіп, мал өздігінен де айығып кетуі мүмкін.
Анықтау. Құрғақ перикардит, жүрек тұсының ауырғыштығы, үйкеліс шуылының
пайда болуы, жүрек түрткісінің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі және басқа да
тән белгілері арқылы анықталады. Жалқықты перикардит жүрек түрткісінің
нақтылы орнын өзгертіп, күшінің әлсіреуімен, түрткісінің жайылып кетуімен,
салыстырмалы және абсолюттік дүңкілдердің бірыңғайланып, көлемінің
ұлғаюымен, жүрек соғу дыбыстарының бәсеңдеп күңгіртенуімен, тездетілуімен,
шалпыл дыбыстарының пайда болуымен, мойын көк тамырының толып кернелуімен,
ісіктермен бейнеленеді. Рентгенмен тексеру ауруды анықтауды құнды мәлімет
береді. Онда жүректің көлемі қатты ұлғайып, оның кескіні қозғалысқа
келмейді, жүрек пен көк ет (диафрагма) үшбұрышының көлемі көрінбей,
көмескіленіп кішірейеді, жүрек тұсының үстіңгі жағындағы көрініс
жарықтанады (жүрек қуысына газдың жинақталуынан).
Ауруды анықтаудағы дұрыстыққа күдік туған жағдайда күмәнданбас үшін
жүрек қабының қуысын зарарсыздандырылған инемен сол жағындағы төртінші
қабырғаның арасынан, иық буыны мен шынтақ арқылы өтетін түзулердің
ортасынан теседі. Дұрыс нәтиже алу үшін қуысты новокаинмен блокада жасайтын
инемен тескен жөн.
Саралау. Жалқықты перикардитті перикард шеменімен плевраның (көкіректің
сірі қабы) жалқықты қабынуынан саралайды. Құрғақ перикардит пен жалқықты
перикардиттің басталу кезін құрғақ плеврит пен жіті өтетін миокардит және
эндокардиттерден саралайды. Перикардит шеменінің перикардиттен
айырмашылығы, жүрек тұсын басқанда ауырсынбайды, дененің қызуы
көтерілмейді, ал жалқықты перикардитте дүңкілдің дыбыстары көлденең түзу
сызық бойынша күңгірттенеді. Құрғақ плевритте үйкеліс шуы дем алу ырғағына
сәйкестелінеді. Миокардит пен эндокардит өздеріне тән белгілермен өтеді.
Болжамы. Перикардиттің болжамы, шүбәлі, жарақатсыз түрінің барысы,
негізгі аурудың жайына байланысты болады. Ірі қарада өтетін жарақатты
перикардиттің болжамы көбінесе жақсы нәтиже бермейді.
Емі. Ем, ең алдымен, перикардитке себепші болған негізгі ауруға
бағытталынады. Бастапқы кезде ауру малдың жүрек тұсына суықтық тартады, су
мен қомақты азықтар беруді азайтады. Жиналған жалқықты кетіру үшін несепті
шығаратын дәрі-дәрмектер, иодты препараттар беріп, артериядағы қысым
азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Иодты препарат ретінде ірі
малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3 рет 2-10 грамнан, ұсақ малдарға
0,2-1 грамнан береді.
Натрийдің кофеин-бензоатын немесе натрийдің кофеин-салицилатын тері
астына мынадай мөлшерде енгізеді: ірі қаралар мен жылқыларға 3-8 г., ұсақ
мал мен шошқаларға 1-2 г., иттер мен түлкілерге 0,2-0,5г.
Глюкозаны аузы арқылы беруге де болады, бірақ 30-40% ерітіндісін қан
тамыры арқылы берген пайдалы, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға 30-150
г., ұсақ малдарға 10-30 г., иттерге 2-8 г., түлкілер мен қарсақтарға 2-5 г.
Көп жағдайларда антибиотиктер немесе сульфаниламидтерді қолданған жақсы
әсер етеді.
Перикардиттің жарақаттан болған түрін кей жағдайларда операция жасап,
ауырған малды аман сақтап қалуға болады.
Сақтандыру шараларының мағынасы басты ауруларды дер кезінде емдеп
жазуға бағытталған. Ірі қараларда жарақаттан пайда болатын перикардитті
сақтандырудың маңызы өте зор, ол үшін төмендегідей әрекеттер жасалуы керек:
а) малмен жұмыс істейтін адамдардың арасында түсінік-насихат жұмыстарын
жүргізу; б) сусымалы жемдерді магнитті қондырғылардан өткізу; в) сыммен
байланған тең шөптерді арнайы құралдармен мал қораларда емес, арнаулы жерде
шешіп, сымдарды шашпау; г) малды байлайтын шынжырлар үзілген жағдайда
оларды жалғау үшін сымды қолданбау; д) темір-терсектермен былғанған
жерлерге малды шығармау және жаймау; е) жемірліктің себебінен түрлі бөтен
өткір темір-терсек заттарды жалатып жұтқызбас үшін малдарды минералды-
витаминді азықтармен толық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; ж) қала маңындағы
және басқа да жарақатты перикардит жиі кездесіп тұратын шаруашылықтарда
барлық сиырлардың тақия қарнына сопақша магнитті енгізіп, оларды
Меликсетянның магнитті зондымен немесе оқтын-оқтын Коробов пен
Телятниковтың магнитті зондтарымен қайтадан шығарып тазалап тұру.
Жүрек қабының шемені (Eydropericardium) – гидроперикард жүрек қабының
қуысына транссудат (сарысу) жиналуымен сипатталатын ауру.
Себептері. Гидроперикард, ылғи да қосымша ауру ретінде пайда болады да
кеуде (гидроторакс) және іш (асцит) шеменімен қатар өтеді. Гидроперикард –
созылмалы түрде өтетін жүрек пен қан тамырлар қызметтерінің нашарлауының,
жүрек ақауларының, бүйрек ауруларының және біраз індетті және инвазиялық
аурулардың салдарынан болатын дерт.
Дамуы. Көп мезгіл бойы жүрек пен қан тамырларының қызметтері нашар
істегендіктен вена жүйесінде қан іркіледі де вена мен капиллярда қан қысымы
көтеріледі. Іркіліс қан мен лимфа тамырларының қоректенуін нашарлатып,
тамырлар керілгендіктен олардың түтікшелерінің өткізу қабілеттері күшейіп
қан сарысуы (транссудат) ұлпаларға және сірі қуыстарға, соның ішінде
перикард қуысына жиналады. Жиналған сарысу, жүректі, әсіресе, жүрек
құлақшаларын жан-жағынан қысып (тампонада) жүрек параличіне (салдану)
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Өлекседегі өзгерістер. Жүрек қабының қуысында біраз (ірі қарада 10,
ұсақ малдарда 1 литрге дейін) түссіз, көбінесе сарғыштау не қызғылт түсті
сарысу бары байқалады. Ауру созылмалы түрде дамығанда жүрек етінің семіп,
түрі өзгеріп азғындағаны білінеді.
Белгілері. Басты аурудың белгілерінен басқа жабыққандық байқалады,
денесінің қызуы көп өзгермейді, мойын көк тамыры (яремная вена)
білеуденеді, жақ сүйектерінің арасы ісінеді, жүрек түрткісінің күші
әлсіреп, жайылып кетеді, жүрек дүңкілінің көлемі бәсеңдейді. Ерекшелеу
шығатын шолпыл шуылы естілуі мүмкін. Артериядағы қысым төмендеп, венадағы
қысым көтеріледі, қан айналысы баяулайды. ЭКГ-да кертештердің биіктігі
кішірейеді, кішірею, әсіресе, бірінші тармақ алынатын аяқтарынан жақсы
көрінеді.
Барысы. Ауру көбінесе созылмалы түрде өтеді.
Анықтау – жоғарыдағы келтірілген тән белгілерге негізделінеді.
Гидроперикардиттің перикардиттен айырмашылығы дененің қызуы көтерілмейді
және жүрек тұсын тексергенде мал ауырсынбайды. Күдікті жағдайларда перикард
қуысын теседі. Алынған сарысудың жалқықтан айырмашылығы оның сыбағалы
салмағы төмендеу (1,016) және құрамында белок аз болады (1-3%).
Болжамы – шүбәлі, ауыр өткен жағдайда жақсы нәтиже бермейді.
Емі. Алдымен көңіл басты ауруға бөлінеді. Малға белгілі мерзімде
берілетін азық құрамындағы тұз бен судың мөлшерін азайтады. Жүрек қабының
қуысындағы жиналған сарысудың көлемін азайту үшін және ары қарай жиналуына
жол бермеу мақсатымен ауруға жүректің жұмысын жақсартатын, несеп шығаруды
үдететін, терлететін дәрілерді қолданады. Қанға кальций хлориді мен
гдюкозаны енгізуге болады. Несепті шығаратын дәрі ретінде аузы арқылы
күніне 2-3 рет теобромин немесе темисал береді, мөлшері: ірі қаралар мен
жылқыларға 5-10 г., ұсақ мал мен шошқаларға 0,5-2 г., иттерге 0,1-0,2 г.
Тері астына ірі қаралар мен жылқыларға 0,5-2 г., ұсақ мал мен шошқаларға
0,2-0,3 г., иттерге 0,5-0,1 г. ауфиллин ерітіндісін енгізеді.
Қанға жаймен 10% кальций хлоридтің ерітіндісін мынадай мөлшерде құяды:
ірі қараларға 15-40 г., жылқыларға 10-30 г., ұсақ малға 1-3 г., иттерге 0,5-
2 г. Кальций хлоридті аузы арқылы да беруге болады, ірі малға 20-60 г.,
ұсақ малға 1-6 г., кальций хлоридтің орнына аузы арқылы не қанға кальций
глюконатын да, сол мөлшерде, сондай ерітіндісін қолдануға болады. Глюкозаны
перикардитте қалай қолданса, бұл ауруда да сол мөлшерде және сондай
жолдармен қолданады.
Сақтандыру шараларының мақсаты – жүрек пен қан тамыры ауруларын дер
кезінде анықтап, емдік көмек көрсетіп тұру.

Жүрек етінің қабыну аурулары

Миокардит (Myocarditis). Миокардит жүрек бұлшық етінің қабынуы.
Миокардиттің мынадай клиникалық түрлерін айырады: барысы бойынша – жіті
және созылмалы; аурудың таралуы бойынша – шектелінген және жайылған; пайда
болу себептеріне байланысты – босалқы және қосалқы түрлерін.
Себептері. Жүрек етінің қабынуы – көбінесе басқа індетті паразиттік
және жұқпайтын ішкі аурулардың асқыну салдарынан пайда болатын қосалқы
дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді
уландыруынан пайда болуы мүмкін (микоз, микотоксимоз). Жұқпайтын аурулардың
ішінен тікелей миокардитті асқындыратын аурулар мыналар: жүрек қабының
қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның қабынуы, өкпенің қабынуы,
азықтармен уланулар.
Дамуы. Жүрек етінің қабыну процесі организмде орын алған негізгі
аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустарының шығарған уыттарының жүрек
етіне әсер етуі зардабынан пайда болады. Аурудың алғашқы кезінде жалқықтану
процесі басым болып, жүрек етінің орталықтары домбығады, сонан соң оларда
өзгеріс-ұлғаю (альтерация-пролиферация) процестері басталады.
Г.В.Домрачевтің мәліметі бойынша жіті миокардит екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңінде жүрек еттерінде әлі айтарлықтай өзгерістер байқалынбайды,
тек қабынудан пайда болған жат және басқа да түрлі уытты заттар миокард
рецепторларын (сезімтал нервтерін) қоздырып, жүрек қызметін күшейтіп,
жеделдетеді. Жүрек қызметінің тездетілуі артериядағы қысымды күшейтіп, қан
айналысын жеделдетеді. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қажуына
байланысты миокардтың қоректенуі жеткіліксізденіп – азғындау (дистрофия-
дегенерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым
азайып, қан айналысы баяулайды. Осы кезеңде ентігу, көгеру, ісінулер пайда
болып, бірінші кезеңдегі аурудың барысы мен салыстырғанда жүрек жұмысының
ырғақтығының бұзылғандығы айқынырақ білінеді.
Өлекседегі өзгерістер. Миокардиттің даму түрлері, көпшілігінде негізгі
аурулардың ерекшеліктері мен өту жайына көп байланысты болады. Алдыңғы
жалқықтанудың басым болған кезеңінде, жүрек етінің домбыққандығы, кесіп
қарағанда түсінің қызғылттанып, кейде теңбілденіп, қанталағаны көрінеді.
Қоректенуі бұзылып азғындаған кездерінде (дамудың екінші кезеңінде) жүрек
еті бозарады, бұдырланады, кесіп қарағанда өзіне тән кескіні жойылады.
Азғындағаны айқын білінгенде жүрек етінің түсі піскен етке ұқсап божырап,
ыдырағыш келеді. Жүрек етін аурудың әр түрлі кезеңдерінде гистологиялық
әдістермен зерттегенде, өзгерістер ет талшықтарында, миокардтың дәнекер
ұлпаларының тұлғасында, тамырларында жане жүйкелерінде болатыны
айқындалынады. Ет талшықтарында, көбінесе, ағзатталынған немесе майланған
азғындау, дәнекер ұлпаларында ісік – негізі заттардың бұзылып өзгеруі,
лимфа түйіршіктерінің (лимфоцит), кезген торшалардың, кейде түйір
лейкоциттердің (гранулоцит) шоғырлануы көрінеді. Тамырлардың өзгеруі оның
төңірегіне инфильтраттың (клеткалық элементтердің, қанның, лимфаның ұйысуы)
жиналуымен, майда тамырлардың қабырғалары гиалиноздануымен (шыны тәрізденіп
жылтырауы), кейде тамырдың ішінде қанның ұйыумен (тромб) бейнеленеді.
Белгілері – аурудың даму кезеңдерінде, басты аурулардың өту жайы мен
барысына байланысты болады. Дененің қызуы, дағдылы түрде көтеріледі. Мал
самарқауланады. Азыққа тәбеті төмендейді немесе тартпайды. Малдың
өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.
Жіті миокардиттің дамуының бірінші кезеңінде жүрек соғуы жиілейді,
қосымша жиырылу пайда болып, тамыр толқыны үлкейеді, жүрек тұсын
тексергенде ауырсынады, жүректің түрткісі күшейіп, кейде қатты қағып
кетеді, жүрек дыбыстары, әсіресе, бірінші үні күшейеді. Артерияда қысым
көтеріліп қан айналысы тездетіледі.
Клиницистердің көпшілігінің мәліметтері бойынша жіті миокардиттің
дамуының алдыңғы кезеңінде электрокардиограмма (ЭКГ) Р, R әсіресе Т
кертештері күрт биіктейді. PQ мен QT аралықтары қысқарады, кейде ST бөлігі
білік бойы орнынан жылжиды. Келтірілген жүрек қызметіндегі өзгерістер
миокардтың әлі де болса зақымданып, жұмысының күшейіп, ширақ істеуін
байқатады.
Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қоректенуі бұзылып – азғындауына
байланысты, ылғи да жүрек қызметінің жеткіліксіз жұмыс істейтінін
көрсететін негізгі белгілері: ентігу, көгеру, ісіну және жүрек жиырылу
ырғағының бұзылғандығы болып табылады. Жүрек ырғағының өзгеруі, көбінесе
қарыншалардың қосымша жиырылуы, құлақшалардың дірілдеуі, кей кездерде Гис
тармағының аяқтарында бөгелістер пайда болуы, құлақшалар мен қарыншалар
аралығында жартылай не толық бөгелістердің болуы арқылы білінеді. Тамыр
соғуы бәсеңдеп, оның толуы азаяды. Жүрек түрткісі әлсірейді. Жүрек
дыбыстарының бірінші үні күшейеді, кейде екіге бөлінеді немесе
жарықшақтанады. Жүрек дыбыстарының екіге бөлініп не жарықшақтануы, ең
алдымен, жүрек етінің импульс өткізгіш жүйесінің ауруға шалдыққандығының
немесе жүрек қарыншаларының біреуінің қызметі нашарлағандығының белгілері
болып есептелінеді. Жүрек дыбысының екінші үні бәсеңдейді, себебі,
қарыншалар әр жиырылған сайын жиырылу жылдамдығының бәсеңдеуімен бұлшық
етінің жиырылу қабілетінің әлсірегендігінен қолқаға қанды әдеттегіден кем
өткізеді де, соның салдарынан артерияда қысым азаяды. Жүрек етінің құрылымы
қатты бұзылғанда шоқырақ ырғағы, эмбриокардия пайда болады немесе дыбыстары
күрт бәсеңдеп, екі үннің екеуі де көмескіленеді. Бәсеңдеген және
көмескіленген үндер көбінесе, жүрек етінің жайылма түрінде зақымдалғанын
көрсететін белгілер.
Миокардиттің дамуының екінші кезеңінде, көбінесе, жүректің ішкі, астар
қабына қатысы бар ағзалардың қызметтері нашарлағанынан – қарыншалардың
кеңеюінен, құлақшалар мен қарыншалардың аралықтарындағы қақпақшалардың
кемістігінен және қарыншалардың қолқаға не өкпе артериясына шығатын
тесіктерінің бұлшық еттерінің серпіліс күші әлсіреп, кеңейіп кетуінен
шығатын ішкі қабыттық (эндокардиалды) шуылдар пайда болады. Жүрек еті
жайылмалы түрде азғындап өзгергенде, кейде тамыр соғысында ырғақсыздық
пайда болады. Жүрек қызметіндегі кемшіліктер дамыған сайын артериядағы
қысым азайып, венадағы қысым көбейеді, сөйтіп қан айналысы бәсеңдейді,
лобелин немесе цитотонмен сынағанда қан ағымының жылдамдығы ірі малда 35-45
секундке дейін азаяды (В.Т.Мухин, Н.З.Обжорин, Н.Р.Семушкин т.б.).
Жіті миокардиттің дамуының екінші кезеңінде электрокардиограммада
кертештердің QPs жиынтығының биіктігі біраз кішірейеді. Ол жалпақтанады
және түрі өзгереді, Т кертеші қаттырақ жалпақтанады, PQ және QT аралықтары
ұзарады, ал ST бөлігі білік бойы жылжиды. Аурудың осы даму кезеңіндегі
электрокардиограммадағы өзгерістері жүрек етінің бұзылып – азғындауының
дәлелі болып саналады.
Еске сақтайтын бір жайт, миокардпен ауырғанда әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Жүрек пен қан тамыр жүйесіне
Ангиологияға кіріспе. Қан тамырларының құрылысының, тармақталуының, жіктелуінің негізгі принциптері. Жүрек дамуы және даму ақаулары
Балалардың қан мен қанайналым жүйелерінің жас ерекшеліктері
Артериялар мен олардың түрлері
Қан айналуының үлкен шеңберінің артериялары
Жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары
Қан айналымы
Қантамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физикалық - математикалық заңдылықтары.
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің гистологиясы оқу құралы
Пәндер