Қазақмыс плс корпорациясының маркетингтік ортасын талдау



Кіріспе
1. Нақты бір фирма мысалында маркетингтік ортасын талдау.
2. Макроорта факторлары.
3. Микроорта факторлары.
4. Медиаорта факторлары.
Қорытынды.
Ұйым – іс-әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроортадағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс-қимылы қоршаған орта жағдайларымен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтынушы мінез-құлқы салдарынан, сондай-ақ әлемдік нарықта болып жатқан өзгерістерге қарай қауіпті сипат алуы мүмкін. Мысал ретінде 70-жылдардағы мұнай дағдарысын, 1987 жылғы қор нарығының күйреуін, Германияның бірігуін, Шығыс Еуропа революциясын, Кеңестер Одағының ыдырауын, Біртұтас Еуропа нарығының пайда болуын, еуровалютаның енуін, Ирактағы соғысты, 2007 жылдың соңында АҚШ-тағы банктік дағдарыс, ипотекалық күйзеліс және т.б. жағдайларды айтуға болады.
Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетинтік орта үнемі өзгеріп отыратын, белгісіздікке толы ұғым болғандықтан ол фирманың өмірінде өте маңызды орын алады. Маркетингтік орта факторлары «басқаруға келмейтін» күштер болғандықтан, фирма оларды анықтап, зерттеп соған байланысты маркетингтік стратегия құрастыру қажет.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақмыс ПЛС корпорациясының маркетингтік ортасын талдау
Жоспар:
Кіріспе
1. Нақты бір фирма мысалында маркетингтік ортасын талдау.
2. Макроорта факторлары.
3. Микроорта факторлары.
4. Медиаорта факторлары.
Қорытынды.

Кіріспе
Ұйым - іс-әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроортадағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс-қимылы қоршаған орта жағдайларымен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтынушы мінез-құлқы салдарынан, сондай-ақ әлемдік нарықта болып жатқан өзгерістерге қарай қауіпті сипат алуы мүмкін. Мысал ретінде 70-жылдардағы мұнай дағдарысын, 1987 жылғы қор нарығының күйреуін, Германияның бірігуін, Шығыс Еуропа революциясын, Кеңестер Одағының ыдырауын, Біртұтас Еуропа нарығының пайда болуын, еуровалютаның енуін, Ирактағы соғысты, 2007 жылдың соңында АҚШ-тағы банктік дағдарыс, ипотекалық күйзеліс және т.б. жағдайларды айтуға болады.
Маркетинг ортасы дегеніміз - ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетинтік орта үнемі өзгеріп отыратын, белгісіздікке толы ұғым болғандықтан ол фирманың өмірінде өте маңызды орын алады. Маркетингтік орта факторлары басқаруға келмейтін күштер болғандықтан, фирма оларды анықтап, зерттеп соған байланысты маркетингтік стратегия құрастыру қажет.
Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлерге бөлінеді:
* Макроорта
* Микроорта
* Медиаорта

Нақты бір фирма мысалында маркетингтік ортасын талдау.
Корпорация туралы жалпы мағлұмат.
Қазақмыс ПЛС - пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Қазақмыс - толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық металл өндіруге дейінгі сатылардың бәрін қамтиды. Мыс өндіру бөлімшесі сондай-ақ жанама өнім ретінде көп көлемдегі мырыш, күміс және алтын сияқты басқа металдарды өндірумен айналысады. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.

Қазақмыс ПЛС негізгі қызметтері
Фирманың маркетингтік ортасы деп отырғанымыз - ол кәсіпорынның қызметіне сырттай, тікелей және жанама түрде әсер ететін факторлардың, субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетингтік ортаның мынадай түрлері бар:
* Макроорта;
* Микроорта;
* Медияорта немесе байланыс аудиториялары.

Макроорта факторлары.
Макроорта - фирманың қызметіне сырттай әсер ететін факторлар жиынтығы. Макроортаны бақыланбайтын орта деп те атайды. Себебі фирма оған не жаңа мүмкіншіліктер ашатын, не оған жаңа қауіптер туғызатын кең байтақ макроорталық күштер шегінде жұмыс атқарады және фирма оларға әсер ете алмағандықтан, оларды ұқыпты түрде бақылап, оларға жауап беріп отыруы керек. Ф. Котлер макроортаның негізгі 6 факторын бөліп қарастырды:
* Демографиялық фактор;
* Экономикалық фактор;
* Табиғи фактор;
* Ғылыми техникалық фактор;
* Саяси фактор;
* Әлеуметтік мәдени фактор.

Демографиялық фактор.
Нарық адамдардан құралған болғандықтан, демографиялық өзгерістер және тенденциялар нарықты зерттеуде келешекке болжамдар жасауда ерекше мәнге ие болып табылады. Негізгі демографиялық көрсеткіштер:
* Халық саны;
* Жас шамасы;
* Халықтың білім деңгейі;
* Тууөлу көрсеткіштері және т.б.
Қарамағында 62000-нан астам жумысшы қызмет атқаратын Қазақмыс үшін, корпорацияның өндіріс орнындары орналасқан аймақтардағы халықтың тығыздығы, орташа жас мөлшері, білім деңгейі аса маңызды. Кен орындарындағы физикалық тұрғыдан ауыр жұмысты атқару, жас шамасы 20-40 жас шамасындағы жұмысшылардыкөптеп талап етеді. Өндіріс технологияларының жылдан-жылға дамуы, жұмысшылардың кәсіби білімділіктерін арттыруды қажет етеді. Қазіргі таңда корпорацияға қарасты шахталарда жылына орта есеппен 17-20 адамның қайтыс болу фактісі тіркеледі. Яғни жұмысшылардың қауіпсіздік техникасын дұрыс сақтамауы осындай жағдайларға алып келеді. Бұған өз кезегінде халықтың білім деңгейі әсер етеді.

Экономикалық фактор.
Кез келген сыртқа өнім шығаратын кәсіпорын қызметіне міндетті түрде экономикалық ахуал өз әсерін береді. Рыноктың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында маркетингтің экономикалық факторын үздіксіз түрде бақылап отыру қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіштер:
* Баға деңгейі;
* Сұраныс деңгейі;
* Жұмыссыздық деңгейі;
* Инфляция;
* ЖҰӨ;
* ЖІӨ;
* Валютаның бағамы және т.б.

Қазақмыс өз өнімдерін шет елдерге шығаратын компания болғандықтан, корпорация үшін тек ұлттық экономика ғана емес сонымен қатар әлемдік экономикадағы ахуал да өз әсерін береді. Қазақмыс Гонконг, АҚШ, Ұлыбритания қор биржаларына кіреді. Осы қор биржаларында бекітілген мысқа деген баға мөлшерінің өзгерісі, мысқа деген әлемдік сұраныс мөлшері корпорация қызметіне зор көлемде әсер етеді. Мысалы Азия елдеріндегі мысқа деген сұраныстың артуы корпорация үшін қолайлы ахуал болып табылады. Қазірде мыстың 1 тоннасына 8 мың долларды құрайды. Мыс бағасының өсуі бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар: доллар девальвациясы, 1996-2004 жылдар арлығыедағы рыноктағы тыныштықтың орнауы (бұл өз кезегінде өндірістің бәсеңдеуіне әсер етті) және Қытайдың жоғары қарқынмен дамуы.

Табиғи фактор.
Кәсіпкерлік іс әрекет қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Сондықтан да кәсіпкерлер әр қашан қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін және қоғам дамуының қауіпсіздігі үшін адам денсаулығын сақтау мақсатында қазіргі замаға сай ресурстарды сақтайтын жаңа, жетілген технологияларды өндіріс процесінде қолдануға ұмтылуы қажет.
Қазақмысқа қарасты кен орындағы мыстың көлемі тек 20 жылға ғана жетеді деп жоспарлануда. Сол себепті иеліктегі кеніштерді оңтайландыру және бар өндірістің тиімділігін арттыру, тартымды да игерілмеген табиғи ресурстар активтерін іздестіру мен иелену компаниянвң басты корпоративтік стратегиясы болып табылады. Сондай-ақ корпорация құрамына кіретін Жезқазған, Балқаш, Жәйрем түсті металл өңдеу зауыттары жыл сайын қоршаған ортаға зор көлемде өндіріс қалдықтарын шығарады. Балқаш зауыты Балқаш көлінің ластануына алып келуде. Сонымен қатар зауыттардың түтін шығару трубаларынан атмосфераға шығатын химиялық, зиянды түтіндер көлемінің артуы қоршаған ортаның ластануын арттырып, өз кезегінде адамдардың денсаулығына да әсерін тигізуде. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты корпорация қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бір қатар іс-шараларды ұйымдастыруда:
* Қазақстандағы ең ірі электр станциясы Екібастұз ГРЭС-1-де ластаушы заттарды қысқартудың жаңа технологиясын еңгізу;
* Балқаштағы күкірт қышқылын шығару цехында өңдеудің есебінен (SO2) шығарынды заттарын екі есеге дейін қысқарту.
* Қазақстандық заңнама сәйкес атмосфераға және су көздеріне таралатын зиянды заттар бойынша нормативтерді, жұмыскерлер алдындағы шарт міндеттемелерін, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарға сәйкес әлеуметтік инвестицияларды және де қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау стандарттарын орындау.

Ғылыми-техникалық фактор.
Ғылым мен техниканың дамуы үлкен мүмкіндіктер мен қатар қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп тудырады. Сондықтан да кәсіпкерлер өз қызметінің қоғам дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді ескеруі қажет. Сонымен қатар компаниялар ғылыми - техникалық жетістіктерді пайдалану арқылы өнім көлемін, сапасын барынша арттыруға және еңбек тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік алады.
Мыс өндіру әрқашан да адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті іс болып келеді. Қазақмыс компаниясы кәсіпорындар мен кеніштердегі адам өлімін азайту мақсатында қазіргі кездері жаңа халықаралық қауіпсіздік техникасының стандарттарын еңгізуде. Жұмыскерлерді осы стандарттарға үйрететін кәсіптік білім беру орталықтарын ашуда. Жыл сайын барлық шахтерлар тестілеуден өтеді. Бұл олардың білімін арттырады. Жер астындағы тау-кен массасының опырылуынан еңбекшілердің зақымдануы мәселесіне баса назар аударылуда. Таукен массасының опырылып құлау оқиғаларының алдын алу үшін Департаменттің талап етуімен Қазақмыс Корпорациясы ЖШС кеніштерінде болат полимерлі штангілермен (БПАБ) бекітудің алдыңғы қатарлы түрі енгізілді.
Өндірістік зақымдануды азайту мақсатында ВНИИцветмет жетекші ғылыми-зерттеу институттарын тарту арқылы БПАБ қолданылуын ескере отырып, Қазақмыс Корпорациясы ЖШС жерасты кеніштерін бекіту типтері мен көрсеткіштерін таңдау жөніндегі нұсқаулық қайта қарастырылып, енгізілді. Қазақмыс Корпорациясы ЖШС кеніштеріндегі болат полимерлі анкерлі бекітпенің забой кеудесінен артта қалуы 5-тен 3,2 метрге қысқартылды. Сонымен қатар қазбаның төбесіндегі екі қатар анкерлер забой кеудесіне дейін орнатылады.
Саяси фактор.
Белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік қызметті реттейтін құқықтық нормативтік актілер жағдайы мен мемлекеттің рөлі анықталғандықтан тауарлар мен қызметтер рыногінің дамуы саяси құқықтық орта әсерінен өзгеріп отырады. Яғни кәсіпкерлік және маркетингтік қызметке тікелей қатысты заңдар, нормативтік ережелер, нормалар және т.б-лардың жиынтығы.
Мәселен, дағдарыс кезінде Қазақстан үкіметінің қабылданған жаңа салық Кодексі бойынша кәсіпорындар төлейтін корпоративті табыс салығы азайтылды, ҚҚС төлеу жеңілдетілді, әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстары жүргізілді . Болып өткен теңгенің девальвациясы да экспорттаушыларға табыс табуға мүмкіндік берді. Жылына 850 млн АҚШ доллары көлемінде корпаративтік табыс салығын төлейтін Қазақмыс үшін елдің салық кодексіндегі өзгертулер аса үлкен мәнге ие.
Елдегі шет елден тартылатын инвесторлар туралы заңнамасы да корпорация қызметіне елеулі әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, Қазақмыс шет ел қор биржаларында да қызмет атқаратын компания болғандықтан, оның қызметіне тек Қазақстан Республикасының ғана емес, сол шет елдің де заңы өз әсерін тигізеді. Мысалы: Қытай елінің Гонконг қор биржасында сауданы қытай юанімен де жасауға келісімнің болуының арқасында, Қазақмыс компаниясы Қытайдан құрал-жабдық сатып алатындай болса немесе өз мысын Қытайға сатса, онда валюта нарығына бармай-ақ, еш қиналмай қытай юанымен де сауда жасай алады. Бұл өз кезегінде компания шығындарын азайтады.

Әлеуметтік - мәдени фактор.
Қазақмыс Қазақстанда ең ауқымды әлеуметтік инвестициялау бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Инвестицияланған жобалардың ішінеде:
* Инфрақұрылым, соның ішінде кеніштердің маңында тұратын жергілікті қауым үшін мектептер мен ауруханаларды салу жәе ұстау;
* Білім беру саласы, соның ішінде 2009 жылы Астанадағы кәсіби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның қаржылық жағдайының экономикалық маңызы
Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке салық салу
Кәсіпорындағы маркетинг қызметінің стратегиясы
Қазақмыс корпорациясы ЖШС
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорындағы персоналды басқару
Бәсекенің экономикалық мазмұны
Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты саласы - мыс өнеркәсібі
Пәндер