Ұлы жібек жолының құрылу себептері мен құрылуы


Кіріспе
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны қым-қиғаш кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті. Б. д. дейінгі 2 ғасырдың ортасында пайда болған Жібек жолы, егер Шығыстан жүрсек, Қытайдан (Чаньани) басталады да, Ланчжоу ауданында Хуанхе асуы арқылы өтіп, одан әрі Нан-Шаньнің солтүстік сілемдері арқылы ұлы Қытай қабырғаларының батыс шетіне және "Яшмалық қақпалар бекетіне" жетеді. Такла-Макан шөлін солтүстіктен және оңтүстіктен жиектей отырып, бұл жерде бірыңғай жол тармақталады. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені даласына тартады. Ортаңғысы - Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстық көлдің оңтүстік жағасына тіреледі. Оңтүстігі - Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне келеді. Бұл "Оңтүстік жол" деп аталады. Ал "Солтүстік жол" Қашқардан Ферғанаға және одан әрі Самарқант арқылы Бұқараға, Мерв арқылы Хамадан мен Сирияға асады.
Бұрынғы Ферғана арқылы жол төте әрі қолайлы болса да, Қытайдан Батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол 6-7 ғасырларда неғұрлым жандана түседі. Жолдардың ауысуын төмендегідей себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы сауда жолдарын бақылайтын түрік қағандарының ордасы тұрды. Екіншіден, 7 ғасырда Ферғана жолы өзара қырқыстан қауіпті бола түсті. Үшіншіден, бай түрік қағандарымен олардың төңірегі теңіздің арғы жағынан келетін тауарлардың ірі тұтынушыларына айналды. Осылайша бұл негізгі жолға айналды және де елшілік пен сауда керуендері 7-14 ғасырларда дәл осы жермен өтті.
Жібек жолының бағыттары қатып қалған бірдеңе болмағанын атап көрсеткен жөн, жүз жылдың барысында оның жеке учаскелері мен тармақтарының бағыттары өзгеріп отырды. Негізгі жолдан басталған біреулері жарамсыз болып қалды, басқалары, керісінше, қызу жұмыс істеді, ал жолдармен бірге сауда жолдары мен қиылыстарында тұрған қалалар, селендер және керуен сарайлары дамыды немесе қаңырап қалды.
Негізгі бөлім
2. 1 Ұлы Жібек жолының құрылу себептері мен құрылуы.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстар б. з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауының лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары тыбылып, оларды өндіре бастағанға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтірілді. Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Кара теңіз өнірінен Дон бойына, Оңтүстік Орал өніріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдер, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Қымбат бағалы жібек қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б. з. дейінгі ІІғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б. з. ІІ-V ғғ егер Шығыстан жүре бастай, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне барып, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсұға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан Яркенд, Бақтрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.
Б. з. VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб (қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.
2. 2 Жібек жолының керуен жолдары.
Жібек жолының ең ұзын және үлкен керуен жолдарының бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өтті. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қалалық феодалдық мәдениеттің дамуында Ұлы Жібек жолы үлкен рөл атқарды. Бұл Жетісуда жаңа қалалардың пайда болуынан, ал Оңтүстік Қазақстанда Жібек жолы бойындағы қалалардың пайда болуынан немесе сол қалалармен сауда баланыстары болған қоныстардың тез өсуі мен дамуынан көрінеді. Жібек жолының Қазақстандық бөлігі осындай еді. Егер, осы жолмен Батыстан Шығысқа қарай жылжыр болсақ, оны мынадай түрде көз алдымызға елестете аламыз: Шам (Ташкент) қаласынан асулар арқылы Турбат пен Испиджабқа, одан кейін керуен Таразға (Жамбыл) жылжитын.
Жібек жолы Ыстықкөл Қазан шұңқырларынан Сайтан асуы арқылы Іле алқабында, содан кейін Іленің сол жақ жағалауын үлкен Хмек және Қорғас даласы арқылы Алмалыққа, одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жүйегі, Хами оазисі арқылы бүкіл Іле алқабын оңтүстік-батыстан шығысқа қарай кесіп өтетін. Содан кейін жолдың бір тармағы Қастек, Қаскелең, Жетісудың ұсақ қалаларын кесіп өтіп, Талғар-Талхизге жететін. Бұдан кейін жол Шеңгелдіге қарай созылады да, Алтын Емел асуы арқылы Көксу алқабына қарай түсіп, қазіргі Дунгановка селосының орнында болған Екіөгіз қаласына жетеді. Қытайдың жібегі, Индияның тәттілері мен асыл тастары, Иранның күміс бұйымдары, Византияның құлдары, Афранияб керамикасы тағы басқа жүктер тиелген керуен Қызылқұм мен Қарақұм шөлдері, Мерв және Хорезмнің оазистері арқылы, Сарыарқаның шетсіз-шексіз далалары арқылы Памир мен Тянь-Шаньнің, Алтай мен Қартаудың асу бермес шыңдарынан, Сырдария мен Амудария, Шу өзендерінен өтетін керуеннің жолында Мерв, Бұхара, Самарқан, Үргеніш, Отырар, Шымкент, Баласағұн, Тараз, Сауран, Талғар сияқты бай қоныстар мен қалалар болған.
Тараздан шығысқа қарай шығатын жол Құлан қаласына қуаң даламен жетеді. Тараз бен Құлан арасындағы дала қарлұқтарға қарады. Құланға барар жолда Касрибасты, Кульщуб пен Джуль-Шубті басып өтуге тура келетін. Касрибастың қалдықтары Қырғыз жотасын бойлай өтетін ежелгі жол сорбында жатыр. Тұтастай тастан қаланған бұл құрылыс Ақыртас деген атауымен белгілі, мұның өзі салыну мәнеріне қарағанда бір кезде тас қамал болған тәрізді. Қазбалардың сипаттауына қарағанда Куль-Шуб ескі Өрнек қаласына келіңкірейді: бұл өз мешіті, жасақтар жататын жатаханалары мен айнала кәсіпкерлік шеберханалары бар нақты үлгімен салынған әкімшілік орны.
2. 3 Археология және архивтік материалдар бойынша .
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы» деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар. X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала - Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар - Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т. б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан. Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы» Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. Тараздан «Жібек жолымен» Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т. б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz