Ұйғырлар



Ұлан шөл Гобидің теріскей бетінде көшіп-қонып жүретін теле тайпалары шығыс түрік қағанаты бодандарының көпшілігін құрайтын. Олардың жалпы санын қытайлар, әрине шартты түрде, 100 мың адам, таңдаулы 15 мың сарбаз – деп анықтайды екен. Соңғы сипыры рас, ал ІІV ғ. ауқымымен қарасақ, көбірек те.
Телелердің бытыраңқылығын пайдаланып, түркіттер оларға ауыр алым-салық салып, күшпен әскер қатарына алып отырған. Шибірхан оның қыбын тауып, реттеп отырған, ал бірақ Чулоханның тұсында ұйғыр , бұғы, тонгра және байырқу тайпалары бірлесіп, Яглакар (Иологэ) тұқымының бастауымен көтеріліске шығады, кейін ол ұйғыр қағанатының басында тұрады. Түркіттер үшін бұл қайта жөнге келмейтін күйзелісті. Олардың Қытайға жасайтын қысымы әлсірейді де, жаңа туған Тан империясы біраз тыныс алады.Қытайдың елшілік қызметі көтерілісті әзірлеуге қатысты ма- қатыспады ма-беймәлім. Бұл әрекетте оның кінәлі болмауы да мүмкін.Бірақ мұның бәрібір, түркіттердің қолы кенет байланады да қалады, ол Чулоханның мұрагері, оның інісі Кат Елхан Тугбир өз ордасын Ханхайға көшіруге мәжбүр боладыөйткені шығыстағы дала көтерілісшілер билігінде қалады. Көтерілген тайпалар орда құрмайды, монархиядан гөрі республикаға жақын тайпалар одағын құрайды. Бас болып жүрген Яглакар руымен қосарландырып, « халық тағы Шигян-сығинды өздерінің алдияры деп жариялайды », содан кейін тап осындай жолмен үкімет оның ұлы Пусаның қолына тапсырылады, әкесі Пусаны жек көргендіктен оны өзінен алыстатып қойған екен. Бірақ Пуса «батыр да ақылды», аң аулауда алдына жан салмайтын, жауларына дес бермейтін жігіт болады, сол себепті де «Пусаны құрметтейтін туған-туысқандары алдияр етіп көтереді». Бұл әлгі түркіттердің еншілік - таспиқтық жүйесінде айтылған мұрагерлік принципінен алыс жатыр ғой!Мұның үстіне «алдияр» сөзі бастаухат контекстінде қолында өкіметі баркісінің шартты белгісіндей ғана болып көрінеді, «хаған» терминіне мүлде сәйкес келмейді. Төменде ізбасары тек « хойкус басы» деп қана аталады, бұл,тегі, оның шын жағдайын көрсететін болса керек.
Хош, сонымен біз ұйғыр бірлестігін түркіт еліне ұқсас нәрсе емес, тайпалар одағы деп қарауымыз керек те, түркіттер мен ұйғырлардың бұдан былайғы күресін тікелей қарама-қарсы бағытта дамитын екі жүйенің қақтығысы деп түсіндіруіміз керек.
1. Иакинф Бичурин, Қытай тарихы
2. Н.Я. Бичурин, Ерта заманда..., І т. 220-221, 229, 246-247, 253,283-284, 301-302, 362, 371-б.
3. Н.Я. Бичурин, Ерта заманда..., ІІ т. 263, 291-б.
4. Н.Я. Бичурин, Кіндік және Шығыс Азияның ..., 52-53-б.
5. Лев Гумилев. «Көне түріктер»: көпшілік оқырман кауымға арналған. Алматы. "Білім", 1994 - 175-190 б.
6. Г.Е. Грумм-Гржимайло, Батыс Монголия..., 18, 245, 275-276 б.
7. E. Cavannes, Documents…, p. 24, 89-90, 171-172, 262
8. "Агвандар тарихы...", 103, 108, 101, 202-203-б.
9. К.Патканов, Ван жазулары..., 263-б.
10. М.И. Артамонов, Хазарлардың..., 78, 133-б.
11. Л.Н. Гумилев, Түрік-тугюдің..., 113-114-б.
12. Л.Н. Гумилев, Тұйық мазардан...
13. Л.Н. Гумилев, Дилин проблемасы, 21 б.
14. М.К. 1959 ж. Археологиялық экспедициялары, 69-б.
15. Я.А. Манандян, Ираклийдің..., 134, 138-б.
16. Феофан Византиялық, Византиялықтың..., 250-б.
17. Е. Такайшвили, "Грузин шежірелерінің бастаухаты", 124-б.
18. Иакинф Бичурин, Тибет пен Хухунор..., 89-б.
19. Шан Юэ, Қытай тарихының..., 199-200-б.
20. Иакинф Бичурин, Тибет тарихы..., І т. 253-б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
609 жыл Қытай үшін де, Шығыс түрік қағанаты үшін де дағдарыс пен бетбұрыс жылы болады. Тап сол кезде күштердің ара салмағы және табғаштар мен түркіттердің қақтығыспай қалмайтыны анықталады. Шын мәнісіне келсек, Шибірханның Қытай жөніндегі саясаты тайыз да шолақ саясаттұғын. Түркіттердің өзі сияұты, шеттерінен жаужүрек те ұажырлы келетін шекара бойындағы табғаш помещиктері, байырғы қытайлардан өткен қауыпты жау болып шығады, сол себепті де тәж-таққа Чулохан лауазымын алып, ие болған Шибірханның інісі мұны бірден байқап, өзінен бұрыңғы ханның жаңылыс басқан жерлерін асығыс жөндеуге кіріседі. Ағасы қойған алаяқ авантюристер лян Ши-ду мен Лю У- чжоуды қолдай отырып, ол сонымен бірге өзін Суй үйінің қорғаушысымын деп жариялап, қытай патриоттары Цзинчэнгуанның (Лянның теріскейінде) билеушісі Ван Ши-чунмен және Хэбэй мен Шаньдунның шекаралық ауданы - Хэнанды өз қолында ұстап ұрған Доу Гянь-дэмен қатынас жасайды.Тан императоры табан тіреген заң негізін жою үшін, Чулохан өзін Суй әулетін өаопына келтірудің жақтасы екенін жария етеді,император әйеліне баспана тауып беріп, тақтан үміткер кінәз Ян Чжан-даоның ван лауазымын таниды. Суй әулетінің жақтастары аз емес екен, солардың көбі Түркіт ханына қашып Датунфу маныңда, Динсян қаласында болады. Осымен бір мерзімде 2 мың түркіттің қолдауымен Лю У-чжоу жорыққа шығады. Тан империясы қысқаш арасына алынады.
Чулоханның құлатылған әулетті қолдау жағына бейімделгені шекара бойындағы үміткерлерді алаңдатпай тұра алмайды, оларға Танның жеңісі сияқты, Суйдің жеңісі де тек ажал әкелетін. Сол себепті де олар түркіт ханының өкіметін мойындап, аман қалғанына қуанады. Әскербасы Лян Ши-ду өзінің лепірме лауазымын ұмытып, 620 ж. басында Чулоханға мынадай ұсыныс жасап хат жазады: Чуньанда бүлік туып жатырдағы, ел бірнеше патшалыққа бөлінеді. Бәрінің жағдайы бірдей, күштеп аз, сол себепті де бәрі тунз-үйлерге (түркіттерге) бағынады.Кәзір Тан үйі бүкіл империяны бағындырып алды. Өз басым өлемін деп қорықпаймын, бірақ кезек сізге де келе ме деп қорқамын. Одан да ол таққа бекініп алып, түскейдегі Чжунюанді алғанша, қимылдағаныңыз жақсы, ал мен жол көрсетуші болуға уәде беремін. Чулохан оның пікірін қабылдап, Ұлы армияны [1] жинайды , онысы сонда тек небәрі 2 мың атты әскерінен тұрады. Бұл әскер солтүстік Шаньсиге басып кірген Лю У- чжоуды демеу үшін, Чулоханның інісі Бөрішадтың басшылығымен жіберіледі.
Әдепкі кезде одақтастардың жолы болады, облыстың Тан қойған билеушісі оларды тоқтата алмайды. Бірақ сол сәтте Табғаштың қаһармандығы мен ханзада Ли Ши-миннің әскери таланты анық көрінеді. Түркіттердің көмегімен Ли У-чжоу Бин-чжоуды алып үлгереді, сонымен оның табысы тас тиылып қалады. Түркіттер Цзиньян қаласының бүкіл жас әйелдерінің сыпырып алып, құба түзге шегініп кетеді.
Одақтастары тастап кеткен Лю У- чжоуды 6210 ж. Ли Ши-миннің табғаштары тас-талқан етіп жеңеді де, ол түркіттерге бассауғалап қашып барады, бірақ аналар онымен істес болуды абыройға мін санап, оның көзін жояды. Енді бұлар Заңды үкіметтің қорғаушысы болып алады, ендеше қылмысты кәззаппен байланысу бойға сын.
Сосын Ли Ши - минь Ван Ши-чунға қарсы аттанып, оны да күйретеді. Ван Ши - чунге көмек бермекші болып, Доу Гянь-дэ келеді, сөйтіп, 621 ж. Лоянның айналасында жанталасқан ұрыс болады, екі қолбасшының да әскері талқандалып, өздері тұтқынға алынады. Бірақ Чулохан өз үмітінің күйрегенін көрмейді. Ол 620 ж. түсініксіз жағдайда қайтыс болады. Балгерлердің сәтсіздікке ұшырайсың деп ескерткеніне қарамастан, Суй үйіне көмек беруді жария етісімен, аспаннан қанды жаңбыр жауады, түнемелікте бір әтылсым айқай-қиқу шығады да, хан ойламаған жерден ауырып, Суй ханшасының ем-домына қарамастан үзіліп кетеді.
Сонда не болған? Улап өлтіру мүмкін емес, өйткені хан Суйді жақтаушылардың ең таңдаулы досытұғын.Әсілі, кеселге себеп болған нәрсе - жүйкенің қатты талықсуы болса керек, оның дәйекті себептері де болған. Солтүстік пен Батыс жақта аса қатерлі тосын шиеленістер туады.

Негізгі бөлім
2.1 Ұйғырлар.
Ұлан шөл Гобидің теріскей бетінде көшіп-қонып жүретін теле тайпалары шығыс түрік қағанаты бодандарының көпшілігін құрайтын. Олардың жалпы санын қытайлар, әрине шартты түрде, 100 мың адам, таңдаулы 15 мың сарбаз - деп анықтайды екен. Соңғы сипыры рас, ал ІІV ғ. ауқымымен қарасақ, көбірек те.
Телелердің бытыраңқылығын пайдаланып, түркіттер оларға ауыр алым-салық салып, күшпен әскер қатарына алып отырған. Шибірхан оның қыбын тауып, реттеп отырған, ал бірақ Чулоханның тұсында ұйғыр , бұғы, тонгра және байырқу тайпалары бірлесіп, Яглакар (Иологэ) тұқымының бастауымен көтеріліске шығады, кейін ол ұйғыр қағанатының басында тұрады. Түркіттер үшін бұл қайта жөнге келмейтін күйзелісті. Олардың Қытайға жасайтын қысымы әлсірейді де, жаңа туған Тан империясы біраз тыныс алады.Қытайдың елшілік қызметі көтерілісті әзірлеуге қатысты ма- қатыспады ма-беймәлім. Бұл әрекетте оның кінәлі болмауы да мүмкін.Бірақ мұның бәрібір, түркіттердің қолы кенет байланады да қалады, ол Чулоханның мұрагері, оның інісі Кат Елхан Тугбир өз ордасын Ханхайға көшіруге мәжбүр боладыөйткені шығыстағы дала көтерілісшілер билігінде қалады. Көтерілген тайпалар орда құрмайды, монархиядан гөрі республикаға жақын тайпалар одағын құрайды. Бас болып жүрген Яглакар руымен қосарландырып, халық тағы Шигян-сығинды өздерінің алдияры деп жариялайды , содан кейін тап осындай жолмен үкімет оның ұлы Пусаның қолына тапсырылады, әкесі Пусаны жек көргендіктен оны өзінен алыстатып қойған екен. Бірақ Пуса батыр да ақылды, аң аулауда алдына жан салмайтын, жауларына дес бермейтін жігіт болады, сол себепті де Пусаны құрметтейтін туған-туысқандары алдияр етіп көтереді. Бұл әлгі түркіттердің еншілік - таспиқтық жүйесінде айтылған мұрагерлік принципінен алыс жатыр ғой!Мұның үстіне алдияр сөзі бастаухат контекстінде қолында өкіметі бар кісінің шартты белгісіндей ғана болып көрінеді, хаған терминіне мүлде сәйкес келмейді. Төменде ізбасары тек хойкус басы деп қана аталады, бұл,тегі, оның шын жағдайын көрсететін болса керек.
Хош, сонымен біз ұйғыр бірлестігін түркіт еліне ұқсас нәрсе емес, тайпалар одағы деп қарауымыз керек те, түркіттер мен ұйғырлардың бұдан былайғы күресін тікелей қарама-қарсы бағытта дамитын екі жүйенің қақтығысы деп түсіндіруіміз керек.
Түркіттер мен ұйғырлар бір тілде сөйлеген от пен судың молдығына қарай, екеуі де мал-жаны аралас бірге көшіп-қонып жүрген, бірақ олардың ұқсастығы осымен бітеді. Қалған нәрсенің бәрінде де олар бір-бірінен сәл-пәл өзгеше болған, алайда осы сәл-пәл нәрсе олардың бір халық болып қосылып кетуіне кедергі жасаған. Әлхисса, түркіттер сияқты, теле тайпаларының да арғы атасы қасқыр деген аңызы бар, бірақ түркіттер өздерін баладан ұрықтанған қаншық бөріден тарағанбыз деп есептейді, ал телелер өздерін арлан қасқырға тиген қыздан тарағанбыз деседі. Қатар айтылатын екі аңыздағы арғы бастау тектің еркек пен әйел болуы бір-біріне тікелей қарма-өарсы, мұның өзі кездейсоқ болуы мүмкін емес, өйткені VІ-VІІІ ғғ. Дуалистік дүниетанымында жыныс символикасы шешуші принцип болған. Аспан - әке, Жер - ана болып есептелген , сол себепті де, түркіттер сияқты, Асапнды- адам немесе ұйғырлар сияқты, аң деп есептеудің бәрі бір нәрсе емес. Сырттатй ұқсас болғанына қарамастан , аңыздардың қатар келуінің өзінде жорта жасалған қайшылық бар. Әсілі, бұл тегіннен-тегін емес, өйткені палеоантропология олардың шыққан тегінің әртүрлі екенін дәлелдеп берген.
Түркіттер VІ-VІІІ ғғ.күллі түрік тайпаларының ішіндегі ең моңғолтектісі болған. Грузиндер Тбилисиді қоршап алған түркіт қолбасшысын мазақтап, Дәу асқабақты әкеліп, оның сыртына ғұндар патшасының суретін- қзындығын-бір аршын, көлдененің-бір аршын етіп салады; кірпігінің орнына бірнеше кесілген бұтақшалар бейнеленеді, бірақ оны ешкім декөре алмайды, ал иегін шыбын таятындай жалаңаш қалдырады; ал танауларының орнын да таңырайтып бос тастайды да, сұйық мұрт салады... Бұл, әрине, жеке кісінің суреті емес, нәсілдік белгінің шаржға айналған түрі еді, бір қызығы, бұлар кейін түріктердің тас мүсінді мен мүсіншілерінде қайталанатын болады.
Оның есесіне ұйғырлар өздерінің арғы аталары - жирен шашты диер сияқты, европа тектес халық еді.Қытай суретінде ұйғыр дөңмұрынды, бадырақ көз, жар қабақ, қалың мұрт- қабасақалды кісі болып бейнеленеді, Ұйғыр қорымдарын қазып зерттеу ісі осынау этникалық топтың европатектес халық екенін біржолата дәйектеп берді.
Екі халықтың психикалық құрылымы да ұқсас емес. Бұл екеуі де жауынгер халық болған,бірақ түркіттер өздерінің хандары мен тархандарының соңынан тәртіп сақтап ере білген, ал телелер және оның ішінде ұйғырлар да, өз бостандығын жанқиярлық ерлікпен қорғай білген, бірақ іс басқаруды қйымдастыруда қабілет-дарынын көрсете алмаған және жеңіске жеткеннен кейін, жаудың есін жинап, қайтадан қатар түзеуіне мүмкіндік беріп, әрқайсысы өз қонысына тарап кетісетін болған. Кат Елханның , олардың бөлініп кететінін көпке дейін көзіне де ілмей, Тан әулетіне қарсы соғысты жүргізе бергені де тап осы жағдайға байланысты еді.

2.2 Екі бірлестік.
Қағанаттың батыс екарасындағы жағдай бәрінен де қауыпты сияқты еді, Түн - Жабғыхан шығыс түркіттерінің хас жауы болатын. Оның шығыстағы иеліктері бүкіл Жоңғарияны қамтитын, демек, шығыс пен батыс хандарының ордалар арасын тек Моңғол Алтайының қыраттары ғана бөліп тұратын. Бірақ Кат Елханның бақытына ма, әйтеуір,оның бас жауының қолы батыс пен шығыста байлаулы еді, өйткені 620 ж. таман құрлықтың Сары теңізінен бастап, Жерорта теңізіне дейінгі аралығын түгел қамтыған соғыстағы күштердің орналасуы біржолата белгілі болғанды, ал сол соғыстағы түркіттердің ролі кейініректегі зерттеушілеріне ғана емес, түркіттердің өздеріне де әбден анықталғанды.
Батыс түрік хандары үшін сыртқы саясаттың екі мәселесі шешілмей қалған: олар аварларды бағындырып, жібек керуендеріне Иранды бұзып-жарып жол салуы керектұғын. Бұл үшін оған өз күштері жетпейтін, ал осынау екі мәселе жөнінде де олардың табиғи одақтасы Византия еді, бірақ оны ол кезде парсылар тоқпақтап жатқан.
610 ж. Констанипольде үкімет ауысып, өкімет басына талантты қолбасшы Ираклий келсе де, Византия империясының жағдайы қыл үстінде болатын. Оның европалық уәлаяттарында иранмен одақтасқан аварлар қаптап кеткенді, ал 616 ж. Египеттен - Мысырдан айырылып қалған себепті астана нансыз қалған.
Парсылар мен аварлар Византияны қос өкпеден қысқан. Алайда император Ираклий, өзінің шығыстағы одақтасы Ли Ши-минь сияқты, ерен қолбасшы болып шығады. Оның жасырын тапсырмамен жіберілген адамдары құтырғылар арасында аварлар билігіне қарсы наразылық туғызады, көп ұзамай мұны білген аварлар, ақшаға бола, 620 ж. Констанипольді қамауды тоқтатуға келісіп, Дунайдың арғы бетіне шегініп кетеді. Бұл өзі бір бәледен құтқарған астананы тастап, кіші азиядағы армияға барады да , оны парсыларға қарсы соғысқа бастайды.
Ираклийдің жоспары- парсылардың басып алған жерлерін өздеріне қалдыра тұрып, әуелі олардың тылын талқандап, сол арқылы парсыларды соғысты жалғастыру мүмкіндігінен айыру еді. Бұл соғысқа замандастары христиан діні жолындағы крест жорығы ретінде қарайды, өйткені парсылар Иерусалимнің қасиетті ғимараттарын харамдаған еді. Алайда 624 ж. сәуірінде Армения арқылы Атропотендік Ганзакқа жасалған бірінші жорықты сәтті деуге болмайтын. Гректердің Двинді, Нахичеван мен Гандзакті талап, тоздырып кеткеніне қарамастан, бұлар шегініп бара жатқандай парсылардың оларды қыспаққа алғаны сондай, қолындағы тұтқындарының бәрінен айрылады да, тек Қаралағ тауына жеткенде ғана өкшелеп келе жатқан парсылардан қара үзіп кетеді.
Одақтастар іздеу барысында Ираклий агван, ивер және армян кінәздарына хат жазып өз еріктерімен мұны қарсы алып, қыс кезіде бұған өз әскерлерімен қызмет етулерін ұсынады, егер бұдан бас тартқан күнде ол бұларды мәжусилер деп санайды да, оның жасақтары бұлардың бекіністерін алып, ел-жұрттарын талап құлазытып кетеді - дейді. Бірақ армяндар мен грузиндер парсы бұғауын грек бұғауына мүлде алмастырғысы келмейді, ал агван кінәздары болса, бекіністі сарайларына тарап-тарап кетеді де, қорғауға әл- дәрмені жетпегендіктенд де, тамаша егіндіктері мен бау-бақшаларын Ираклийдің жалдамалы әскерлерінің еркін талап-тонауына тастай салады.
624 ж. көктемінде парсының үш армиясы Ираклийді қоршап алады, бірақ ол қоршауды бұзып өтіп, адам аяғы баспаған жерге таржол-тайғақ кешумен шегініп барып, Нахичеван жазығынан шығады. Парсылар шегінген гректерді өкшелеп, соңынан қалмайды, сол кезде лаздар мен абазғылар византия қолын тастай қашады. Соған қарамастан Ираклий парсыларды тағы бір рет жеңеді де, Киликияға, содан кейін Севастияға шегінеді.
Соғыс науқаны аяқталады. Шын мәнісінде бұо шегініп бара жатқан армияның қатарынан үздіксіз жеңіске жетуінің жолы еді. Артында базасы мен жабдықтау қоры жоқ армияны алуан түрлі айла-амалмен алып шығуы - Ираклийдің ұлы қолбасшы және саясатшы екенін білдіреді. Моисей Каланкатуйский Агвандар тарихы атты таңғажайып кітабында бұл жорықтың нәтижесінде әділ де терең баға береді. Парсы қолы қатты жеңілсе де, қудалаушыға тойтарыс беріп, оны өз еліне қуып тығып, өздерінен күшпен тартып алынған қалаларға басып кіреді.
Шынында да Ираклийдің шабуылы тұншығып, тоқтап қалады, бірақ ең қатерлісі ол күшті жау алдында жалғыз қалады. Кавказдың күнгей бетіндегі христиандар - тек манофизиттер ғана емес, халкедониттер де- парсы өктемдігімен ымыраласып кеткенді, сондықтан да олар православиялық императорға ешбір көмек көрсетпеген былай тұрсын, қайта, тікелей қарсы тұрады,мәселен, Картлидің патшасы Стефан сияқты.
Ал бұл екі ортада аварлар жағдайын жөндеп алып, парсылармен бірге қайтадан Константинопольге шабуыл жасауға әзірленіп жатады. Византия монархының енді мүдіретін халі жоқтұғын; ол қайткен күнде де одақтас табуы керек еді, ол оны табады да.
625 ж. Ираклий Андрей атты беруді, ақылды жа айлакер еркекті қазынаға кенелтемін деп уәде беріп, хазарларға жібереді, ондағы Жебу - қаған атты солтүстік ханының уәлиі, солпатшалыұтағы екінші кісі... елгезектеніп быдай деп жауап береді: Мен оның (Ираклийдің) жауларынан кек алуға аттанамын, ер жүрек сарбаздарымды бастап, өзім көмекке барамын әлі, оның қалауы бойынша, өзімнің әскери әрекеттеріммен, қылыш-семсеріммен, садақ-жағыммен, оның жанына жағатын істерді атқарамын - деп. Бұған жауап ретінде, мың салтаттының күзетуімен жіберілген елшілік, парсы тосқауылдарын бұзып өтіп, Ираклийдің қосынына жетіп, одақтасу шартын бекітеді. Келесі жылы,уәде бойынша, қалың жасақ Агвания мен Атрпатаканға шақұыншылық жасайды.
Осы уақыттан бастап византия тарихшылары түркіттермен хазарларды бір халық деп санайды, әсілі хазарлардың Каспий өңіріндегі далада қағанаттың басты тірегі болғандықтан да олар солай ойлаған болуға тиіс.
Сөйтіп, Батыс түрік қағанаты Византия мен Иран арасындағы күреске барып килігеді, ол сонымен бірге Қытаймен достық өарым-қатынасын, демек, Шығыс түркіт қағанатымен жаулық қатынасын жалғастыра береді. Сөйтіп, шынжыр тұйықталып қалады; екі орасан зор бірлестік жасалады; бір жағында- Қытай, Батыс түрік қағанаты мен Византия империясы, ал екінші жағында- Шығыс түрік қағанаты, Иран мен аварлар мемлекеті тұрады.
Осы арада мынадай сұрақ туады: осынау бірлестік шынында да елшілік келіссөздердің нәтижесі ме, әлде мемлекеттердің әскери қимыл - әрекеттерінің мезгілі сәйкес келіп қалғанының жемісі ме? 589ж. хал-ақуал сияқты, мұнда да екі бірлестіктің барша мүшелерінің арасында белгілі бір байланыстың бар екені байқалады. Парсылар мен аварлар әскери одақпен өзара байлаулытұғын. Византия Батыс түркіт қағанаты ханның уәлиімен одақтасып шарт жасасқанды. Батыс түрік хандары Шегуй мен Түн-жабғының Қытаймен - әуелі Суй, сосын Тан әулетімен - жасасқан одағы ресми түрде қытай күннамаларында жазылған. Византияның қытаймен және Иранның Шығыс түркіттерімен байланысы жөніндегі мәселе ғана ашық қалады. Мұндай байланыстың болғанын дәйектейтін құжаттар жоқ, бірақ бұл - reduction ad silentium, логикада жіберуге болмайтын нәрсе. Иран Қиыр Шығыспен бұған дейін де және кейін де қатынас жасап тұрған. Ендеше VІІ ғ. 20-шы жылдары Шығыс қағанаты мен Иран арасында елшілік байланыс болмаған дегеннен гөрі, болған деп жорамал жасау шындыққа әлдеқайда жақын. Бір қынжыларлық жәйт, араптар жаулап алған кезде Сасанидтер архивін құртып жіберген, ал қытайлар өз жауларының құпия елшілік қызметін білмей қалуы да мүмкін.
Византия мен Қытай арасындағы байланыс мәселесіне келетін болсақ , Ираклийдің, Хосрой Парвиздің мұрагері Кавад Широемен оңаша бітім жасауын тек сол байланыстың бар екендігімен ғана түсіндіруге болады,осынау бітім шығыс түркіттерінің соңғы белсенділігімен біртүрлі түсініксіз түрде сәйкес келеді. Егер табысқа жететін болса, шығыс түркіттері батыс түркіттеріне бас салар еді, сөйтіп Ираклийді Иранға қарсы күрестегі жалғыз одақтасынан айырар еді. Сонымен бірге батыс түркіттерінің Әзірбайжандағы жеңімпаз қимыл- әрекеттері қытайлықтарға белгілі болған. Шамасы, Батыс пен Шығыс арасында мігірсіз қатынап жататын соғды көпестері өз одақтастарына соғыстың күллі бұрылыс-қалтарыстары жөнінде уақтылы хабарлап отырғанға ұқсайды.
Осынау соғыстың себептері мен қорғаушы күштері жөніндегі мәселеге келетін болсақ, бірінші бірлестіктің барша мүшелері- Византия, Қытай мен Батыс түрік қағанатының керуен саудасын дамытуға мүдделі болғанын атап өту керек. Византия мен Қытйды алсақ,бұл қосымша дәлелсіз де айдай анық нәрсе. Ал, Батыс түркіт қағанатына келгенде мәселе қиындай түседі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, онда екі партия немесе тайпалардың екі одағы күресіп жататын: экономикалық жағынан терістік түркіттерімен және Тұрфанмен байланысты солтүстік-шығыс көшпелілері - дулы, сол кезде оның жерінде құлатылған Суй әулетінің жақтастары бекініп алған еді, екіншісі-соғдының сауда-саттық жасайтын қалаларына бейім тұратын оңтүстік - батыс көшпелілері - нушебилер болатын. Осы қалалрдың мүдделері Қытай және Византиямен тығыз байланысып жатқандықтан да, нушебилер де қытайды өздеріне темірқазық етіп ұстайтын. Шегуй (611-618) мен Түн- жабғы (618-630) хандар нушеби қойған адамдар болатын; олардың шығыс түркіттеріне қарсы Қытаймен, Иранға қарсы Византиямен тығыз одақтасуының көзі осында жатыр.
Сонымен, бірінші бірлестіктің жеке, жергілікті мақсат-мүддеге қоса, Европа мен Қытай арасында еркін де қауыпыз сауда-саттық жасауды тиянақтау жөнінде жалпы ұмтылысы, ынта-ықыласы болған деп болжау айтсақ қатеге ұрынбаймыз.
Екінші бірлестіктің мақсаты әртүрлі болған. Аварлар бәрінен бұрын талап-тонауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
ЖЕТІСУДА ЕГШШІЛІКТЩ ДАМУЫ
ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстанға жаңа әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы
Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы туралы
Қарлұқ қағанаты
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы
Пәндер