Парник эффектісі туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Алғаш рет парникті эффектісінің механизмі туралы идеяны Жозеф Фурье 1827 жылы «Жер шары мен басқа планеталардағы температуралар туралы жазулар» мақаласында қарастырып, 1896 жылдан бастап одан ары зерттеген Сванте Аррениус болды. Парникті эффект (жылу эффекті) - инфрақызыл сәулелердің атмосфералық газдармен жұтылып, бөлінуі арқылы атмосфера мен планета бетінің жылыну пpoцeci.
Жер бетіндегі негізгі газдар: су пары (бұлттарды есептемегенде 36-70%), көмip қышқыл газы (С0 2 ) (9-26%), метан (СН 4 ) (4-9%) және озон (3-7%) . XVIII ғасыр ортасындағы өнеркәсіптік революция басталғалы бepi атмосферадағы С0 2 және СН 4 концентрациялары сәйкесінше 31% және 149%-ға көбейген.
«Жылыжай эффектісі» (парниктік эффект) - ауадағы антропогенді түрде пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өзіне сіңіруі нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуі.
Негізгі бөлім
Парник эффектісі - деп атмосферада парникті газдардың құрамының көбеюінен, жылу балансы өзгеріп планетаның температурасының жоғарылуын айтады. Негізгі парникті газ - көміртек диоксиді, оның парникті эффектісіне қосатын үлесі 50-65 пайыз. Басқа парникті газдарға метан, азот тотықтары, озон фреондар және т. б. газдар жатады. Барлығы 30-дан астам парникті газдар белгілі. Энергия көзі ретінде әртүрлі қазба отындарын пайдаланудан (көмір, мұнай) атмосферадағы көмір қышқыл газының мөлшері соңғы жарты ғасырда жылдан-жылға көбеюде. Адамзаттың тіршілігі фрқасында атмосферадағы одан да басқа парникті газдар, мысалы, метан, азот тотығы және құрамында хлоры бар заттар түсуде. Олардың мөлшері онша көп болғанымен, көмір қышқыл газына қарағанда әлдеқайда зиянды.
Жердегі жылу балансына әсері бойынша негізгі мынандай парникті газдар бар: су буы, көмір қышқыл газы, метан, озон, сульфурилфторид, галогенді көміртектер, азот тотығы және құрамында фторы бар газдар (азот трифториды, фреон) .
Су буы - бүкіл эффектінің 60%-на жауапты табиғи негізгі парникті газ. Су буына тікелей антропогендік әсер аз. Соған қарамай, басқа факторларға байланысты Жер температурасының жоғарылауы қалыпты ылғалдылықтың тұрақты болуына қарамай, атмосферадағы су буының жалпы концентрациясын және булануды арттырады. Бұл өз кезегінде парникті эффектіні жоғарылатады. Сөйтіп, біршама оң «кері байланыс» пайда болады. Екінші жағынан, атмосферадағы бұлттар күннің тіке сәулесін шағылыстырып, Жердің альбедосын жоғарылатады, яғни эффектіні біршама төмендетеді.
Көмір қышқыл газының Жер атмосферасындағы көзі - адамдар мен басқа да организдердің тіршіліг, вулкандық атқылаулар. Тікелей антропогендік факторлар - қазба отындарын дағу, биомассаларды өртеу (оның ішінде ормандарды да), кейбір өнеркәсіптік процестер (мысалы, ценмент өндіру) . Негізгі көмір қышқыл газын пайдаланушылар - өсімдіктер болып табылады. Қалыпты жағдайда биоценоз қанша көмір қышқыл газын өндірсе (мысалы, биомассаның шіруі), шамамен сонша сіңіреді.
Метанның парникті белсенділігі көмір қышқыл газына қарағанда шамамен 21 есе жоғары. Атмосферадағы метанның ұзақтығы 12 жылды құрайды. Негізгі антропогенді көздері - мал шаруашылығындағы асқорыту ферментациясы, күріш егіншілігі, биомассалардың өртенуі (оның ішінде ормандардың да) болып табылады. Соңғы кездегі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, атмосферадағы метан концентрациясының тез жоғарылауы біөдің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығында (ауыл шаруашылығы мер мал шаруашылығының дамуы, ормандарды өртеу) жүрген. 1000 жыл мен 1700 жылдар аралығында метан концентрациясы 40%-ға төмендеп, соңғы жүз жылда тағы да жоғарылаған (жыртылатын жер мен жайылымдар көлемінің ұлғаюы, ормандарды өртеу, мал санының өсуі, ластану, күріш өсіру) . Сондай-ақ метанның бөлінуіне көмір кен орындары мен табиғи газды игеру кезінде және қалдықтарды көму орындарынан түзілетін биогаз құрамында да кездесуі әсер етеді.
Озонның тропосфералық және стратосфералық түрлерін ажыратады. Біріншісі-парникті газ, екіншісі - озондық қабат ретінде Жерді ультракүлгін сәулелерден қорғайтын стратосфераның маңызды қабаттарының бірі. Оның парникті газ ретінде үлесі жақ деп санауға болады.
Тропосфералық озонның концентрациясы жоғары өзгергіштік деңгейімен және географиялық таралуының әркелкі болуымен ерекшеленеді. АҚШ пен Европада тропосфералық озонның деңгейін спутникті және жерден бақылап, есептейтін мониторинг жүйелері бар. Озонның түзілуі үшін күн сәулесі қажет болатындықтан, әдетте озонның жоғарғы деңгейі ыстық күндер көп болады. Жер бетіне жақын жерде озонның концентрациясының көбеюі жапырақтарды зақымдап және фотосинтетикалық мүмкіндігін нашарлатып, өсімдіктер жамылғысына кері әсер етеді.
Азот тотығының парникті белсенділігі көмір қышқыл газына қарағанда 298 есе жоғары.
Ал фреондардың парникті белсенділі көмір қышқыл газына қарағанда 1300-8500 есе жоғары. Фреондардың негізгі көздері мұздатқыш қондырғылары мен аэрозольдар болып табылады.
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С0 2 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН 4 ), этан (С 2 Н 6 ) және т. б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С0 2 -нің концентрациясы жыл сайын 0, 8-1, 5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО 2 -нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
2009 жылы қазан айында Алматы қаласында Орталық Азия елдеріндегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылау туралы халықаралық кездесу болды. Осы шара кезінде Еуроодақ өкілдерінің мәліметтері бойынша (2008 ж. ) коршаған ортаға парникті газдарды шығару мөлшері Орта Азиядағы елдердің ішінде Қазақстанда ең жоғары екені аталды. Жыл бойына қоршаған ортаға бөлінетін парникті газдардың мөлшері адам басына шаққанда Қазақстанда - 10, 22 тонна, Түркіменстанда - 8, 59 тонна, Өзбекстанда - 4, 2 тонна, Әзірбайжанда - 3, 73 тонна, Қырғызстанда -1, 06 тонна, Тәжікстанда - 0, 97 тоннаны кұрайды. Ал 27 елді біріктіретін Еуроодақта бұл көрсеткіш - 9, 07 тоннаны кұрайды. 2020 жылға Еуроодак елдері коршаған ортаға бөлінетін парникті газдардың мөлшерлерін 20-40%-ға, ал 2050 жылға дейін 85-90%-ға дейін азайтуды көздеп отыр.
Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0, 1- 0, 2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz