Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары»

Орындаған:

тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі . . . 5

1. 2Тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері . . . 14

2 Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесі

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы . . . 19

2. 2 Бастауыш сынып24

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілген.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалқазақ білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету - бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл - адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары сөйлеуді үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мәселесіне Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов т. б. ұлы педагогтар өз кезінде ерекше көңіл бөлген болатын.

Бірақ қазақ мектептеріндегі тіл дамыту мәселесі әсіресе егеменді ел болғаннан кейін ғқазақ ғылыми зерттеу пәніне айнала бастады. Бұл жөнінде бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуға арналған С. Рахметова [2], Т. Әбдікәрім, Г. Уайсова, Ә. Жұмабаева, Р. Базарбекова, т. б. сияқты ғалымдардың зерттеулері және түрлі кітаптары мен мақалалардың жарық көргенін айтуға болады.

Алайда кіші жастағы оқушылардың тіл дамыту әдістемесінің әр сынып бойынша күні бүгінге дейін нақты зерттеу нысанына айналмағандығы байқалады.

Бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасының «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуға қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен оның жүзеге асырылуы арасында мынадай қайшылық бар екені анық байқалады

Зерттеу нысаны - бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үдерісінде оқушыларды тілін дамыту үдерісі

Зерттеу пәні - Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларынының тілін дамыту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негіздерін саралау және соған негізделген тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларынының тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі жайын айқындау;

- оқушылардың тілін дамытуға тапсырмалар үлгілерін, әдістері мен құралдарын ұсыну;

Зерттеудің әдіснамалық негіздері және теориялық негіздері. Зерттеуге қатысты философиялық таным теориясы, психологиялық, лингвистикалық, ғылыми әдістемелік ой-тұжырымдарда қалыптасқан тұжырымдамалар алынды: оқыту және таным психологиясы, үйрету теориясы, әрекет теориясы, мәтін теориясы және оны оқыту әдістемесі, оқыту технологиясының жетістіктері мен тиімді әдістері.

Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдіс (оқушылардың сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері, мұғалімдер тәжірибесін зерттеу) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің зерттелу тарихы сараланды;

- оқушылардың тілін дамытуға қажетті тапсырма үлгілері, оны іске асырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық маңызы:

- бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің теориялық негіздері бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік ашады. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің ары қарай зерттелуіне негіз болады

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы тапсырма үлгілерін мектеп мұғалімдері тіл дамыту сабақтарында қолдануына болады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі

Тіл дамыту мәселелерінің зерттелу жайы туралы әдістемелік еңбектерді зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан талдау жасай отырып, бастауыш сынып жасындағы балалардың тілін дамытуда басшылыққа алдық.

Қазақ даласында оқу-ағарту ісін ұйымдастыру, қазақ балаларының сауатын ашу мен тілін дамыту мәселелеріне арнап алғаш рет ғылыми еңбектер жазған ғалым Ы. Алтынсарин болды. Ұлы ағартушының өзіміз қарастырғалы отырған тілдік объектімізге қатысты пікірлері мен ұстаған принциптері «Қазақ хрестоматиясы» оқулығынан, жоғары орындарға бағыттаған Халық ағарту мәселелері туралы ескертпелерінен, достары мен таныстарына жазған хаттарынан, «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» атты әдістемелік еңбегінен анық байқалады.

Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұраларының ішінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрету, олардың тілін дамыту әдістемесіне қатысты құнды пікірлері көп кездесетін тұстары - оның достарына, әріптестеріне жазған хаттары. Бұл хаттарында ұлы ағартушы қазақ балаларының сауатынашуға кедергі болып жүрген мәселелерді батыл көтеріп, осы жұмысты нәтижелі жүргізуге ықпал ететін өзінің әдістемелік нұсқауларын баяндайды, тіпті, кейде сол кездегі қазақ балалары оқитын мектептерде қолданылған бағдармаларды жетілдіру жолдарын да атап өтеді. Мысалы, « . . . жат әріппен жазылған біздің оқу құралдарымыздың күші, меніңше, өте нашар, - дейді Ы. Алтынсарин 1871 жылдың 31 тамызында К. И. Ильминскийге жазған хатында. - Біз бұл арада сол құралдың өзімен, бірақ сапасы жағынан басқа, олардың ақылына ақыл қоып, оларды шындыққа, басқаша айтқанда, оқуға жетелейтін құралмен, қазақтардың өздеріне таныс, оны ешкім де жек көрмейтін құралымен іс етуіміз керек; бұл оқуымыз да жоғарыда айтқандай сапалы болса болғаны, мәселенің ең мәнді жері: қазақтарға татар фқазақтизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін, бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара беру керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқып, бұл кітаптар татар кітаптармен қатар, зор күш болар еді. Бұл арада әріптер арабша не орысша болуы - араб әріпінің ептеген зияны болғанымен ісімізге онша кесел келтірмейді. Ал араб әріпінің ол зиянынан құтылуға болады. Міне, менің шын пікірім осы».

«Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім, - дейді Ы. Алтынсарин Н. И. Ильминскийге 1864 жылы 16 наурызда жазған тағы бір хатында. - Бұл балалар да менің айымызды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды . . . Мен әуелі оларға зат есімге ғқазақ жататын зат аттарын үйретемін; содан кейін заттың сынын көрсететін - сын есімді үйретемін, осылардан кейін зат есімді олардың сынымен қосып: ақ адам деген сияқты сөйлемдерді құрып үйретемін». Міне, бұл пікір - оқушылардың тілін дамыту әдістемесіне қатысты қазақ топырағында тұңғыш айтылған ғылыми тұжырым.

Демек, Ы. Алтынсариннің мектептегі оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын жүргізу әдістемесін жасауға қазақ топырағында тұңғыш рет талпыныс жасаған әдіскер ғалым екеніне шүбә келтіру мүмкін емес.

Ы. Алтынсариннен кейін қазақ даласындағы оқу-ағарту мәселелерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдап, халыққа білім берудің тұтас жүйесін қалыптастырған ғалым - Ахмет Байтұрсынұлы. Оның араб әріптері негізінде қазақ тілінің табиғатына бейімдеген жаңа әліпбиі, қазақ тілінің ғылыми терминологиясының негізін қалаған оқулықтары мен әдістемелік еңбектері ұзақ жылдар бойы қазақ мектептеріндегі негізгі оқу құралдары ретінде қолданылып келгені белгілі. Біз бұл еңбегіміздің осы тұсында А. Байтұрсынұлының «Баяншы», «Тіл жұмсар» сынды әдістемелік еңбектері мен сауат ашу әдістерін талдауға арналған «Қай әдіс жақсы?», «Жалқылау (айырыңқы) әдіс», «Жалқылау-жалпылау әдіс» атты мақалаларындағы өз зерттеу тақырыбымызға қатысты пікірлерге ғқазақ тоқталамыз.

А. Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдер жүйесі өзге жұрттарға еліктеуден тумауы керек, қазақ тілінің төл табиғаты, оның баланың ойы мен тілін дамытудағы жеке тұлға ретінде қалыптауындағы маңызы ескеріле отырып жасалынуы қажет деп айтқан пікірі әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. .

Осы кезеңдердің атауларынан-ақ байқалатындай А. Байтұрсынұлы балаларға дыбысты үйрету үшін, ең алдымен, сөз дегеннің не екенін білгізіп алу қажеттігін қайта-қайта пысықтайды «Сөз» деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір нәрсені атайды. Оның атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе айтып, неше сөзбен айтылып тұрғанын сұрайды. Мәселен, балалар «тақтай» деген болса, оқытушы «тақтай үлкен» дейді де, балалардан неше сөзбен айтылып тұр деп сұрайды. Сол жөнмен бірнеше рет сөздер, сөйлемдер алынып, сұралып өткеннен кейін «сөздің» немесе екенін бәләп кетеді».

Бұл тұста да А. Байтұрсынұлы сауат ашу оқушылардың сөз мағыналалары туралы түсінігіне, сөйлеу дағдысына сүйеніле отырып атқарылатынын, оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысы сауат ашу процесіне (дыбыс айыруға, әріп танытуға) негіз болып қалқазақтынын шегелеп айтып отыр.

Ал қазіргі әдістемелік әдебиеттер жанрмен атағанда, қазақ тіліндегі алғашқы дидактикалық материалдар жинағы болып табылатын «Тіл жұмсар» кітабында А. Байтұрсынұлы өзінің «Әліпби» оқулығындағы оұушылардың тілін дамытуға мақсатына арнап берген мәтіндерді толықтырып, бұл жұмысты белгілі бір мақсат қоя отырып жүргізудің үлгілерін көрсетеді. «Тіл жұмсардағы» «Жаңылтпаштар», «Жұмыс», «Жауап жазу», «Сұрау», «Сөз тудыру», «Жат жазу», «Құрастыру», «Жауап жазу» сияқты тапсырмаларын түрінің бәрі оқушылардың тілін дамыту мақсатын көздейді. Осы тпасырмалардың үлгілерін талдап көрсеңіз, сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу тәсілдерінің А. Байтұрсынұлы қолданған тәсілдері туралы толық мағлұмат аламыз.

Мысалы, кітаптағы «Сөз белгілері» параграфы бойынша «№3 жұмыс» үлгісін алайық:

«Төмендегі екі сөздің арасында бір тел сөзден қалай етіп қайсысына теліп айтуға болады.

Қалай етіп қайсысына теліп жазуға болады? Айтыңдар және жазып көрсетіңдер.

№№№

Бұл жұмыс тұрін орындау үшін оқушылар сөз мағыналарына ой жүгіртуге мәжбүр болатыны белгілі.

Келесі «Буыншы әріптер» параграфында төмендегідей тапсырма берілген:

торы - төрі сан - сән

сұр - сүр ары - әрі

тұр - түр бұр - бүр

ал - әл

Келтірілген тапсырма негізінен өзі жасаған жаңа Әліп бидегі дәйекшілердің мәнін ұғындыруға арналғанмен, бір әріптің сөз мағынасын қалай өзгертетінін оқушыларға байқату мақсатын да көздейді. Сөз мағыналарын аңғарту көмегімен оқушылардың сауаттылығын жетілдіру мақсатын көздейтін А. Байтұрсынұлының осы тәсілі күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

Кітапта «Сөз тудыру», «Сөз туғызу» тақырыптармен де тіл дамытуға қажетті біршама тапсырма үлгілері берілген. Әсіресе, топтан берілген сөздерден -шы, -ші, -ты, -ті, -у, -тық, -дық жұрнақтары көмегімен жаңа сөздер жасауды балалардың өзіне тапсырма отырып, оқушылардың сөз байлығын молайтуды көздеген тәсілі назар аударарлық.

Мысалы, автор өзі жазған «Әліп бидің» 96-бетіндегі мына тапсырманы оқушылардың орындауына «Тіл жұмсарда» қайтадан ұсынады:

«Сөз туғызу.

ұзын - ұзару

қысқа - қысқару

аз - . . .

көп - . . .

суық - . . .

жылы - . . .

ашық - . . .

жабық - . . .

алыс - . . .

жақын - . . .

биік - . . .

аласа - . . .

жоғары - . . .

төмен - . . .

түзу - . . .

қисық - . . .

алыс - . . .

жақын - . . .

биік - . . .

аласа - . . .

жоғары - . . .

төмен - . . .

түзу - . . .

қисық - . . .

Бұл тапсырма екі мақсатты көздеп отыр: біріншіден, оқушыларға берілген сөздерге қосымша қосу арқылы жаңа сөздер жасау дағдысын меңгертуді мақсат етсе, екіншіден, қарама-қарсы мәндегі (яғни антоним) сөздерді таңдап ала отырып, автор тілде мұндай да құбылыс болатынын сауатын жаңа аша бастаған балаларға аңғарта кетуді лайық көреді. Мұндай көп мақсатты, күрделі сипатты тапсырма үлгілерін қазіргі оқу процесінде де қолдануға болар еді.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі білімі мен оны оқыту әдістемесінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу мәселесіне де көп көңіл бөлген. Ғұлама ғалым әдістемелік еңбектерінде, әсіресе, оқушылардың сауатын ашу (сауаттандыру) ісі балалардың өздері бұрыннан меңгерген сөз маңыналары туралы түсініктеріне сүйене жүргізілуі қажеттігін қайта-қайта пысықтай түседі. Сондай-ақ ол тілі дамыған баланың ойы да тез дамитынын ескере отырып, дидактикалық тапсырмалар жинағы - «Тіл жұмсарда» сауат ашу барысында тіл дамыту мақсатына арналған жаттығуларды көбірек ұсынады. Бұл жаттығу үлгілері қазіргі әдістемешілер үшін де маңызды нұсқау ретінде өз маңызын жойған жоқ.

А. Байтұрсынұлына ілесе қазақ бастауыш мектептеріндегі тіл дамыту жұмысына арнап кітап жазған тілшіғалымдардың бірі - Т. Шонанұлы. Бастауыш мектепте оқушының тілін дамытуда Т. Шонанұлы «Тіл дамыту» оқулығының (1-ші басқыш мектептер үшін жазылған, 1931) алатын орны ерекше. Аталмыш «Тіл дамыту» кітабы он үш тақыраптан тұрады:

1. Текст. Азат жол. Сөйлем. Сөздерді танытатын ережелер.

2. Грамматикалық тақырыптарды меңгертуге бағытталған жаттығулар.

3. Мәнерлеп оқытуды үйрететін әдіс-тәсілдер.

4. Текстке жоспар құрғызу.

5. Дайын жоспар бойынша тест құрау.

6. Берілген суреттерге қарап әңгіме құрау.

7. Жазылған іңгңмеге сурет салғызу.

8. Берілген сұраққа жауап бергізу.

9. Текске сұрақ қойғызу.

10. Іс қағаздармен жұмыс жасатып ұйрету.

11. Арнайы «Тәл ширату» сабақтарын өткізу.

12. Кітаппен жұмыс істей білуді үйрету.

13. Газет -журналдармен жұмыс жасату .

Еңбектің 1-тарауында «сөйлеу және сөйлем» жайлы теориялық түсінік бере отырып, оның сөйлеуге үйретудегі ерекшеліктерін көрсетеді. Кітапта «Мағынасы мен дауыс ырғағы жағынан толық біткен сөз тізбегін сөйлеу дейді» деп, сөйлеу тіліне теориялық анықтама берiледi. Оқулықта сөйлеу кезіндегі екпін мен дауыс ырғағына зор көңіл бөліп, дауыс ырғағына келтіріп айтуға бірнеше жаттығу бередi. «Сөз ырғағы сөйлеудегі ең қажетті элементтің бірі» екендігін көрсетеді .

Телжан Шонанұлы тіл дамытуға арналған тақырыптарды «Сөйлем. Азатты жол. Жоспар. Мақала (Мәтін) » деп тарауларға бөлген. Кітапта бірнеше суреттер мен баланың ойын сол арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрететін тапсырмалар берілген. Мысалы, «Жоғарыда суретті әбден байқап қарап алыңдар, соңынан не жайындағы сурет екендігі туралы дәптерлеріңе жазыңдар» деп сурет бойынша жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдарын көрсетеді .

Мәтінді талдау жұмыстарына үйрететін Т. Шонанұлының «Тіл дамыту» кітабында біршама тапсырмалар бар: Мәселен, « . . . Оқып шығыңдар. Осы мақалада неше азатты жол барлығын байқаңдар, мақаланың азатты жолмен басталған бөлімдерінің мәнісіне зейін салыңдар» деп абзацтың рөлін анықтауды үйретеді. Осы кітаптың 5-бетінде тұтас мәтіннің («Алатау») алдында «Мақаланы оқып шығыңдар. Ішіндегі ойын қысқартып жазыңдар. Онымызды мақаланың жоспары делік» - деп, мәтінді құрамды бөліктерге бөлуге, сол арқылы жоспар түзуге тапсырма берілген.

Ал М. Жұмабаев «Қазақ тілі бастауыш мектепте» деген еңбегінде оқушылардың тілін дамытуға дағдыландыратын жаттығулар жүйесін әр оқу жылына сәйкестендіріп, 1-2 сыныпта көргені бойынша өзінің алған әсерін айту, 3-4 сыныпта болған оқиға жайлы немесе белгілі бір тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді ұсынады.

Бұл жаттығулардың көпшілігі оқушыны байланыстырып сөйлеуге үйретуге құрылған.

М. Жұмабаев баланың байланыстырып сөйлеуін жетілдірудің мынадай әдіс-тәсілдерін ұсынады: а) сахналау; ә) сурет бойынша әңгіме; б) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; в) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; г) хат жаза білу; ғ) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу т. б.

30-шы, 40-шы жылдары бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты әдістемеші-ғалымдар Ш. Сарыбаевтың, С. Жиенбаевтың, Ғ. Бегалиевтің, Ғ. Садуақасовтың, көрнекті психолог Т. Тәжібаевтың зерттеу еңбектері жарық көрді. Олардың еңбектерінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізу мәселесі арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмағанымен, біздің жұмысымызда басшылыққа алуға болатын құнды тұжырымдар көп. Мысалы, С. Жиенбаев «Сауат мектебімізде ауыз сөз бен жазба сөзге үйрету» деген мақаласында тіл дамыту жұмысының екіге бөлінетінін, олардың арасындағы ерекшеліктерді атап өтеді. Ал психолог ғалым Т. Тәжібаевтың дәл осы жылдары «Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазба сөзінің салыстырма қазақлизі» деп аталатын мақаласында бұл ерекшеліктерді ғылыми тұрғыдан талдауға көңіл бөлінеді. «Ауыз екі сөз бен жазба сөздің функциялары (атқаратын қызметі) бір, екеуінің де пайда болуына адам қоғамы себеп болған, екеуі де адамдардың бір-бірімен қатысуына керек құрал, -дей келіп, ғалым бұдан әрі, - жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айрықша тіл функциясы, ол өте қиын, сқазақлы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы» - деп жазады да, өз пікірін нақтылы мысалдармен дәлелдейді. Осы аталған екі еңбек кейінгі қазақ мектебінің бастауыш сыныптарындағы оқыту әдістемесіне қатысты жазылған кітаптарда оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін дамыту проблемаларын ажырата талдауға түрткі болғаны даусыз.

Әдістемеші ғалымдар С. Жиенбаевтың, Ғ. Бегалиевтің, Ә. Садуақасовтың бастауыш сыныптардағы оқыту әдістемесіне арналған кітаптары мен нұсқауларында енді тіл дамыту жұмыстары «оқушылардың ауызекі тілін дамыту», «оқушылардың жазба тілін дамыту» деп, екіге бөлініп, жеке қарастырыла бастайды.

Мысалға, Ғ. Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деп аталатын кітабында тіл дамыту жұмыстарына тұтас бір бөлім (VІ бөлім) арналып, әр сыныптағы оқушылардың ауызекі және жазба тілін дамыту әдістері жүйеленіп берілген. Кітап, негізінен, «Қазақ тілі» пәнін оқыту , мұнда сауат ашудың кезеңдері, ір кезеңге тән міндеттер мен қолданылатын әдістер жүйесі де қамтыла зерттелген. «Балаларды оқу-жазуға үйрету үшін оларды сөйлеуге үйрету керек, - деп жазады ғалым, - Бірінші күннен бастап оларды сөйлеуге үйрету, тілін дамыту жұмысын қолға алып, дағдылы сабақтар ұйымдастыру қажет болады. Бұл үшін мұғалімнің сұраұтарына тиянақты, дұрыс жауап беруге, көрген-білгенін, естігенін дұрыс, түсінікті етіп айтып беруге үйрету керек болады. Осы жұмыспен байланыстыра, кейбір оқушылардың тіл мүкістігін байқап, түзете отыру қажет» .

Демек, арнайы зерттеу объектісіне айналғанымен, оқушылардың тілін дамыту міндеті 40-жылдардан бастап қазақ тілі әдісмешілерінің назарына іліккен.

«Дыбыстармен таныстыру үшін алынатын сөзді, - деп жазады бұдан әрі Ғ. Бегалиев, - әсіресе, алғашқы кезеңдерде айтылуы жазулуынан өзгеше дыбыс болмауын негізгі шарттардың бірі етіп қоямыз (жұмыс+шы - жұмысшы) . Алғашқы кезеңде сөздің буындарын, дыбыстарын айтқанда, я оларды жинақтап барып, сөз құратқанда, дыбыстарды, буындарды, жеке сөзді анық етіп айтып беруді талап етеміз. Егер алғашқы кезеңде оқылатын сөз ішінде айтылуы өзгеше дыбыс болса, оқушылар оны жазудағысынша оқи ма, әлде орфоэпия заіына келтіріп оқуға тиіс пе?- Сөз жоқ, соңғыны талап ету әрі орынсыз, әрі қайшылық тудырар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІ ДАМЫТУ
ҮІІІ типтегі арнайы түзету мектебіндегі ақыл-есі кем кіші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағында сөздік қорын байыту
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Тіл үйретудің әдіс тәсілдері
Тілдің негізгі элементі - сөздік қор
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау
Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамыту
Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz