Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


5

19

2 Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс.тәсілдері


26
33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілген [1].
Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалқазақ білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары ауызша сөйлеуді үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Жалпы алғанда бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мәселесіне Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлы педагогтар өз кезінде ерекше көңіл бөлген болатын.
1 Қазақстан Ресбупликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 2003, 26 желтоқсан. –№332
2 Рахметова С. Бастауыш класта оқушылардың тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (пед. ғыл. док. дисс.). – Алматы: 1994. - 434 б.
3 Әбдікәрімова Т.М. Бастауыш класта текст арқылы ауызша тіл дамыту. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1993. – 165 б.
4 Уайсова Г.И. Методика обучения лексическую систему родного языка в казахской школе: педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1993.
5 Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі: педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1998. – 126 б.
6 Базарбекова Р.Ж.
7 Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б.
8 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Қазақ тілі, 1992. - 448 б.
9 Шонанұлы Т. Тіл дамыту. 2-ші кітап. Қызылорда: «Қазақстан», 1939. -54 б.
10 Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Қазақ тілі, 1992, -160 б.
11 Тәжібаев Т. Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі мен жазба сөзінің салыстырмалы қазақлизі. -Халық мұғалімі, -1939. -№ 8.-14-19 б.б.
12 Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Оқу құрал, 1950. -192 б.
13 Жиенбайұлы С. Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы. –Алматы, Қазмембас, 1939. -36 б.
14 Жұбанова М. Мектепте сауат ашудың методикасы. Пед.ғыл.канд.дис. алматы, 1965. – 240б.
15 Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының жазу тілін дамыту (мазмұндама мен шығарманың методикасы). Пед.ғыл.канд.дис. алматы, 1969. – 314б.
16 Бозжанова К. Қазақ бастауыш мектептерінде І-ІІІ класс оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1973. – 200б.
17 Меңдаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (мектепалды даярлық топтары мен 1-сынып). -Пед. ғыл. док. автореф. – 2009.
18 «Бастауыш мектеп» (мұғалімдердің күнделікті пайдалануына арналған кітап). – Алматы,1954.
19 Ермекбаев М. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақша сөздiк қорын молайту әдiстемесi: пед.ғыл.канд. ғылыми атағын алу үшiн дайындалған диссертация. – Алматы, 2003. –183 б.
20 Выготский Л.С. Психология. –Москва.: Апрель Пресс, 2000. –1006.
21 Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Кітапта: Бес томдық шығармалар жинағы. 4-ші том. Алматы. Ғылым 1998.-
22Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» бағдарламасы.- Астқазақ, 2010.
23 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Қазақ тілі, 1991.-184 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық
негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің
зерттелуі 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 19
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін
дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми
құжаттарда 26
қамтылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
... ... ...
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері
Қорытынды 57
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер 60
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .





КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге
айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі,
қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру
жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне
қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп
жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы
заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын
қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның
қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі
көрсетуін қалыптастыру қажеттігі көрсетілген [1].
Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік
құралдарды өз тәжірибесінде пайдалқазақ білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын
көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету –
бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің,
интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын
байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас
жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті
болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде
жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары ауызша сөйлеуді үйрену
арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік
бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Жалпы алғанда бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мәселесіне
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлы педагогтар өз
кезінде ерекше көңіл бөлген болатын.
Бірақ қазақ мектептеріндегі тіл дамыту мәселесі әсіресе егеменді ел
болғаннан кейін ғқазақ ғылыми зерттеу пәніне айнала бастады. Бұл жөнінде
бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуға арналған С.Рахметова [2],
Т.Әбдікәрім [3], Г.Уайсова [4], Ә.Жұмабаева [5], Р.Базарбекова [6], т.б.
сияқты ғалымдардың зерттеулері және түрлі кітаптары мен мақалалардың жарық
көргенін айтуға болады.
Алайда кіші жастағы оқушылардың ауызша тіл дамыту әдістемесінің әр сынып
бойынша күні бүгінге дейін нақты зерттеу нысанына айналмағандығы байқалады.

Бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасының
Бастауыш білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының
ауызша тілін дамытуға қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен оның жүзеге
асырылуы арасында мынадай қайшылық бар екені анық байқалады
Зерттеу нысаны – бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үдерісінде
оқушыларды ауызша тілін дамыту үдерісі
Зерттеу пәні – Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларынының
ауызша тілін дамыту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың
теориялық негіздерін саралау және соған негізделген тиімді әдіс-тәсілдерді
көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларынының ауызша тілін дамыту әдістемесінің
зерттелуі жайын айқындау;
- оқушылардың ауызша тілін дамытуға тапсырмалар үлгілерін, әдістері мен
құралдарын ұсыну;
Зерттеудің әдіснамалық негіздері және теориялық негіздері. Зерттеуге
қатысты философиялық таным теориясы, психологиялық, лингвистикалық, ғылыми
әдістемелік ой-тұжырымдарда қалыптасқан тұжырымдамалар алынды: оқыту және
таным психологиясы, үйрету теориясы, әрекет теориясы, мәтін теориясы және
оны оқыту әдістемесі, оқыту технологиясының жетістіктері мен тиімді
әдістері.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік
құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-
педагогикалық әдіс (оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары мен біліктерін
бақылау әдістері, мұғалімдер тәжірибесін зерттеу).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелу
тарихы сараланды;
- оқушылардың ауызша тілін дамытуға қажетті тапсырма үлгілері, оны іске
асырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық маңызы:
- бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің
теориялық негіздері бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге
мүмкіндік ашады. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің ары
қарай зерттелуіне негіз болады
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы тапсырма үлгілерін
мектеп мұғалімдері тіл дамыту сабақтарында қолдануына болады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫНЫҢ АУЫЗША ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің
зерттелуі
Тіл дамыту мәселелерінің зерттелу жайы туралы әдістемелік еңбектерді
зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан талдау жасай отырып, бастауыш сынып
жасындағы балалардың ауызша тілін дамытуда басшылыққа алдық.
Қазақ даласында оқу-ағарту ісін ұйымдастыру, қазақ балаларының сауатын
ашу мен тілін дамыту мәселелеріне арнап алғаш рет ғылыми еңбектер жазған
ғалым Ы.Алтынсарин болды. Ұлы ағартушының өзіміз қарастырғалы отырған
тілдік объектімізге қатысты пікірлері мен ұстаған принциптері Қазақ
хрестоматиясы оқулығынан, жоғары орындарға бағыттаған Халық ағарту
мәселелері туралы ескертпелерінен, достары мен таныстарына жазған
хаттарынан, Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы атты
әдістемелік еңбегінен анық байқалады.
Киргизский мальчик, - деп жазды Ы.Алтынсарин Орыс тілін қазақтарға
үйретудің бастауыш құралының алғы сөзінде, - сразу поставленный в
необходимость изучать в одно и то же время и значение слов, и
грамматические изменения их, встречающиеся в книгах, не по систематическому
при этом порядку, становится втупик, не может ничего обощать в своей голове
ввиду разнообразной сложности встречающихся правил; дело доходит даже до
того, что он решительно ничего не понимает...
... Поэтому, по нашему мнению, для киргизских детей, прежде, нежели
они приступят к чтению русских книг с объяснением прочитанного, необходима
некоторая систематическая подготовка к пониманию как отдельных слов, так и
основных грамматических правил. Без такой предварительной подготовки,
понятия учеников могут спутаться ... [7, 90-91].
Ұлы ағартушының бұл пікірлерінен, сондай-ақ осы аталған әдістемелік
құрал құрылымынан сөз етіп отырған тақырыбымызға қатысты үш түрлі тұжырым
жасауға болады:
біріншіден, әңгіме қазақ балаларының орыс тілінде сауатын ашу туралы
болып отырғанымен, сол кездің өзінде сөз мағыналарын білмейтін, сөздік қоры
жүйеленбеген оқушыны жазуға және оқуға үйретудің қиындығы өткір мәселе
ретінде қойылғандығы;
екіншіден, аталған кітапта мектеп есігін жаңа ашқан қазақ балаларының
сөздік қоры мән-мағынасына қарай шартты түрде сегіз топқа бөлініп, жүйеге
түсірілген. Бұдан Ы.Алтынсаринді оқушылардың білуге тиісті сөздік қорын
барлап, көлемін айқындауға талпыныс жасаған қазақ топырағындағы тұңғыш
әдістемеші ретінде атап өтуге толық құқымыз бар;
үшіншіден, аталған кітапта қазақ балаларының назары қазақ тіліндегі
синонимдік, антонимдік құбылыстарға алғаш рет аударылды.
Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларының ішінде оқушыларды оқу мен
жазуға үйрету, олардың тілін дамыту әдістемесіне қатысты құнды пікірлері
көп кездесетін тұстары – оның достарына, әріптестеріне жазған хаттары. Бұл
хаттарында ұлы ағартушы қазақ балаларының сауатынашуға кедергі болып жүрген
мәселелерді батыл көтеріп, осы жұмысты нәтижелі жүргізуге ықпал ететін
өзінің әдістемелік нұсқауларын баяндайды, тіпті, кейде сол кездегі қазақ
балалары оқитын мектептерде қолданылған бағдармаларды жетілдіру жолдарын да
атап өтеді. Мысалы, ...жат әріппен жазылған біздің оқу құралдарымыздың
күші, меніңше, өте нашар,- дейді Ы.Алтынсарин 1871 жылдың 31 тамызында
К.И.Ильминскийге жазған хатында. – Біз бұл арада сол құралдың өзімен, бірақ
сапасы жағынан басқа, олардың ақылына ақыл қоып, оларды шындыққа, басқаша
айтқанда, оқуға жетелейтін құралмен, қазақтардың өздеріне таныс, оны ешкім
де жек көрмейтін құралымен іс етуіміз керек; бұл оқуымыз да жоғарыда
айтқандай сапалы болса болғаны,мәселенің ең мәнді жері: қазақтарға татар
фқазақтизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына оның кесірін
тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін, бірте-бірте, бірақ шын құтқару
үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын
кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде,
олардың өздеріне таныс әріппен шығара беру керек. Сөйтсек, ол кітаптарды
жұрт бірден қолға алып оқып, бұл кітаптар татар кітаптармен қатар, зор күш
болар еді. Бұл арада әріптер арабша не орысша болуы – араб әріпінің ептеген
зияны болғанымен ісімізге онша кесел келтірмейді. Ал араб әріпінің ол
зиянынан құтылуға болады. Міне, менің шын пікірім осы.
Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім,
- дейді Ы.Алтынсарин Н.И.Ильминскийге 1864 жылы 16 наурызда жазған тағы бір
хатында. – Бұл балалар да менің айымызды қандырып, небәрі үш айдың ішінде
оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды... Мен әуелі оларға зат
есімге ғқазақ жататын зат аттарын үйретемін; содан кейін заттың сынын
көрсететін – сын есімді үйретемін, осылардан кейін зат есімді олардың
сынымен қосып: ақ адам деген сияқты сөйлемдерді құрып үйретемін. Міне, бұл
пікір – оқушылардың тілін дамыту әдістемесіне қатысты қазақ топырағында
тұңғыш айтылған ғылыми тұжырым.
Демек, Ы.Алтынсариннің мектептегі оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын
жүргізу әдістемесін жасауға қазақ топырағында тұңғыш рет талпыныс жасаған
әдіскер ғалым екеніне шүбә келтіру мүмкін емес.
Ы.Алтынсариннен кейін қазақ даласындағы оқу-ағарту мәселелерін ғылыми
тұрғыдан жан-жақты талдап, халыққа білім берудің тұтас жүйесін
қалыптастырған ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. Оның араб әріптері негізінде
қазақ тілінің табиғатына бейімдеген жаңа әліпбиі, қазақ тілінің ғылыми
терминологиясының негізін қалаған оқулықтары мен әдістемелік еңбектері ұзақ
жылдар бойы қазақ мектептеріндегі негізгі оқу құралдары ретінде қолданылып
келгені белгілі. Біз бұл еңбегіміздің осы тұсында А.Байтұрсынұлының
Баяншы, Тіл жұмсар сынды әдістемелік еңбектері мен сауат ашу әдістерін
талдауға арналған Қай әдіс жақсы?, Жалқылау (айырыңқы) әдіс, Жалқылау-
жалпылау әдіс атты мақалаларындағы өз зерттеу тақырыбымызға қатысты
пікірлерге ғқазақ тоқталамыз.
А.Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдер жүйесі өзге жұрттарға еліктеуден
тумауы керек, қазақ тілінің төл табиғаты, оның баланың ойы мен тілін
дамытудағы жеке тұлға ретінде қалыптауындағы маңызы ескеріле отырып
жасалынуы қажет деп айтқан пікірі әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ..
Сақал деп жазып, сақал деп оқитын, тырма деп жазып тырма деп
оқитын дыбысша емлесі бар қазақ, қырғыз сияқты жұрттарға дыбысты әдісті
қолдану тиістігіне дау болмасқа керек еді, өйткені – басқа да дыбысша
емлесі бар жұрттар дыбысты әдісті қолданып отыр. Мәселен, италиян жұрты, -
деп, өз пікірін нық дәлелдеген А.Байтұрсынұлы одан әрі сауат ашудың негізгі
мәніне тоқталады.
А.Байтұрсынұлы сауат ашу барысындағы ауызекі әңгіме әдісінің де маңызын
жоққа шығармайды, керісінше, әңгімелесу әдісін, оқушылардың жеке сөз
мағынасын жақсы білуін, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты
айыра білуін сауат ашуға қажетті алғышарт ретінде қарайды. Мұны біз оның
Жалқалаулы-жалпылау әдісі деген мақаласынан анық байқаймыз. Кейінгі
әдістемешілер (Ғ.Бегалиев, С.Рахметова, М.Жұбанова) сауат ашудың дыбыстық
талдау-жинақтау әдісі деп атап кеткен бұл әдісті А.Байтұрсынұлы
төмендегідей үш түрге бөледі.
1. Шағын сөзді деген түрі.
2. Жазу-оқу деген түрі.
3. Дыбысты әдіс [8, 368-370 ].
А.Байтұрсынұлы сауат ашу барысында қолданылатын жалқылау№жалпылау
әдісінің осы аталған .ш түрін де жеке-жеке талдай отырып, оқушыларға
дыбысты, әріпті таныту үшін олардың сөз мағыналары туралы ұғымына, бұрыннан
меңгерген сөйлеу дағдыларына сүйенуге тура келетінін дәлелдейді. Мысалы,
сауат ашу барысындағы жалқылаулы-жалпылау әдісінің шағын сөзді деген
түрін талдай келіп, А.Байтұрсынұлы осы әдіс бойынша үйрету үлгісі туралы
былай деп жазады:
1. Әліп-би кітабының 1 бетінде тұрған сүгіретті оқытушы тақтайға
салады да, сол нәрсенің жайынан әңгіме қозғайды. Әңгіме балаларды қозғайды.
Балалар мен оқытушы әңгімелесе-әңгімелесе барып, сол нәрсе турасындағы
жұмбақтар, өлеңдер сияқты нәрселерді айтқызады немесе өзі айтады. Бұл
әңгіменің пайдасы – алынған нәрсені балаларға анық танытып білім береді,
сөйлесуге бойын да, тілін де үйретеді.
2. Салынған сүгіретті балалар дәптеріне көшіреді. Бұл көшіру
балаларды сүгірет салуға үйрету емес, салғандарды ұқсасын, ұқсамасын әркім
әлінше салса болғаны. Мұның пайдасы – сүгіріт салуға балалар әуес
болғандықтан, сүгірет салғандарына мәз болып, өздері рақаттқазақды,
қарындаш ұстауға қолдары үйренеді.
3. Сүгіреттегі нәрсенінің атын көшіру. Оқытушы сөзді тұтас күйінде
тақтайға жазады. Балалар дәптерлеріне көшіреді. Дәптерлеріне көшіруден
бұрын былай ету керек дейді. Оқытушы тақтайға жазып жатқанда, балалар
қарап, бағып отырады. Жазып болған соң, балалар орындарында отырып,
оқытушының жазуына еліктеп жазған сияқты болып, сұқ қолдармен тақтай
бетіндегі жазу бойымен жүргізеді. Сонан соң барып қарындашпен дәптерлеріне
жазады.
4. Сөздің дұрыстарын айыру. Ол үшін оқытушы тиісті сөзді алады да,
дыбыстарын анық етіп ашық дауыспен айтады. Әсіресе, кезінде үйретуге керек
болып тұрған дыбысты айқындата айтады.
5. Сөзді әріптен бұтарлау. Ол үшін оқытушы әріп араларын ашығырақ
жазады. Балалар соның ішінен үйретіп жүрген әріпті танып алып, бірнеше
рет жазады. Солай бірнеше әріпті танығаннан кейін оқытушы енді әр әріпті
жеке күйінде алып тақтайға жазып, бұл қай сөзде, қандай орында тұр деп
сұрайды. Балалар әліп кітабынан жазылған әріпті сөздің ішінен танып
көрсетеді.
6. Әріптерден сөз жазу. Балалар 4 – 4 әріпті танитын болғаннан кейін
солардан құрап, сөз жасайды.
7. Баспа тану. Ол үшін жазба сөздің астына баспа сөз қойылып,
екеуінің әрпі салыстырылады.
Шағын сөзді алдыңғы әдістерше не әріп жаттатып, не сөз жаттатып,
балалардың басын қатырып жалықтыру жоқ. Жұмыстың бір ұшы оқытушыда, бір ұшы
балаларда болып, бұлардың басы білім құятын тек ыдыс есебіндн болмай,
немесе бір жағы адамша, бір жағы машинаша істемей, екі жағы да зер салып
істейтін болады.
Мұнысы алдыңғы әдістерден артық бір жері болмаса, екінші бір артық
жері – аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай
артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрттардың бәріне де жайылады.
Жұрт өзінің тілінің, емлесінің жүйесіне қарай түрліше ыңғайлап қолдқазақды.
Сондықтан пәлен әдіс, түлен әдіс деп түрлі атпен аталады. Атынам қарамай,
затына түптен қарағанда бәрінің негізі бір болып шығады. Орыстарда түрлі
атпен аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, татарлардан, мәселен, түрлі
атпен аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, біздің қазақта да әліп-би
кітабымен үйрететін, олардың бәрі де шағын сөз әдісінің негізінен құр емес
[8, 368-369 ].
Ал сауат ашу барысындағы жалқылаулы-жалпылау әдісінің дыбысты әдіс
түрін қолдану үлгісін А.Байтұрсынұлы бес кезеңге боліп түсіндіреді:
1. Балалармен әңгімелесу.
2. Оқу-үйретуге де даярлайтын жұмыстар.
3. Сөзден дыбыстарды айырып шығару.
4. Әріптермен таныстыру.
5. Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу [8, 370 ].
Осы кезеңдердің атауларынан-ақ байқалатындай А.Байтұрсынұлы балаларға
дыбысты үйрету үшін, ең алдымен, сөз дегеннің не екенін білгізіп алу
қажеттігін қайта-қайта пысықтайды Сөз деген ұғымды таныту үшін оқытушы
балаларға бір нәрсені атайды. Оның атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе
айтып, неше сөзбен айтылып тұрғанын сұрайды. Мәселен, балалар тақтай
деген болса, оқытушы тақтай үлкен дейді де, балалардан неше сөзбен
айтылып тұр деп сұрайды. Сол жөнмен бірнеше рет сөздер, сөйлемдер алынып,
сұралып өткеннен кейін сөздің немесе екенін бәләп кетеді [8, 370].
Бұл тұста да А.Байтұрсынұлы сауат ашу оқушылардың сөз мағыналалары
туралы түсінігіне, сөйлеу дағдысына сүйеніле отырып атқарылатынын,
оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысы сауат ашу процесіне (дыбыс айыруға, әріп
танытуға) негіз болып қалқазақтынын шегелеп айтып отыр.
Ал қазіргі әдістемелік әдебиеттер жанрмен атағанда, қазақ тіліндегі
алғашқы дидактикалық материалдар жинағы болып табылатын Тіл жұмсар
кітабында А.Байтұрсынұлы өзінің Әліпби оқулығындағы оұушылардың тілін
дамытуға мақсатына арнап берген мәтіндерді толықтырып, бұл жұмысты белгілі
бір мақсат қоя отырып жүргізудің үлгілерін көрсетеді. Тіл жұмсардағы
Жаңылтпаштар, Жұмыс, Жауап жазу, Сұрау, Сөз тудыру, Жат жазу,
Құрастыру, Жауап жазу сияқты тапсырмаларын түрінің бәрі оқушылардың
тілін дамыту мақсатын көздейді. Осы тпасырмалардың үлгілерін талдап
көрсеңіз, сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу тәсілдерінің
А.Байтұрсынұлы қолданған тәсілдері туралы толық мағлұмат аламыз.
Мысалы, кітаптағы Сөз белгілері параграфы бойынша №3 жұмыс
үлгісін алайық:
Төмендегі екі сөздің арасында бір тел сөзден қалай етіп қайсысына
теліп айтуға болады.
Қалай етіп қайсысына теліп жазуға болады? Айтыңдар және жазып
көрсетіңдер.
№№№
Бұл жұмыс тұрін орындау үшін оқушылар сөз мағыналарына ой жүгіртуге
мәжбүр болатыны белгілі.
Келесі Буыншы әріптер параграфында төмендегідей тапсырма берілген:
торы – төрі сан – сән
сұр – сүр ары – әрі
тұр – түр бұр – бүр
ал – әл

[8, 344].
Келтірілген тапсырма негізінен өзі жасаған жаңа Әліп бидегі
дәйекшілердің мәнін ұғындыруға арналғанмен, бір әріптің сөз мағынасын қалай
өзгертетінін оқушыларға байқату мақсатын да көздейді. Сөз мағыналарын
аңғарту көмегімен оқушылардың сауаттылығын жетілдіру мақсатын көздейтін
А.Байтұрсынұлының осы тәсілі күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Кітапта Сөз тудыру, Сөз туғызу тақырыптармен де тіл дамытуға
қажетті біршама тапсырма үлгілері берілген. Әсіресе, топтан берілген
сөздерден -шы, -ші, -ты, -ті, -у, -тық, -дық жұрнақтары көмегімен жаңа
сөздер жасауды балалардың өзіне тапсырма отырып, оқушылардың сөз байлығын
молайтуды көздеген тәсілі назар аударарлық.
Мысалы, автор өзі жазған Әліп бидің 96-бетіндегі мына тапсырманы
оқушылардың орындауына Тіл жұмсарда қайтадан ұсынады:

Сөз туғызу.
ұзын –
ұзару
қысқа –
қысқару
аз –
... .
көп –
... .
суық –
... ..
жылы –
... ...
ашық –
... ...
жабық –
... ...
алыс –
... ...
жақын –
... ...
биік –
... ...
аласа –
... ...
жоғары –
... ... .
төмен –
... ... .
түзу –
... ... ..
қисық –
... ... ..
алыс –
... ... ..
жақын –
... ... ..
биік –
... ... ..
аласа –
... ... ..
жоғары –
... ... ..
төмен –
... ... .
түзу –
... ... .
қисық –
... ... .

[8, 352 ].
Бұл тапсырма екі мақсатты көздеп отыр: біріншіден, оқушыларға берілген
сөздерге қосымша қосу арқылы жаңа сөздер жасау дағдысын меңгертуді мақсат
етсе, екіншіден, қарама-қарсы мәндегі (яғни антоним) сөздерді таңдап ала
отырып, автор тілде мұндай да құбылыс болатынын сауатын жаңа аша бастаған
балаларға аңғарта кетуді лайық көреді.Мұндай көп мақсатты, күрделі сипатты
тапсырма үлгілерін қазіргі оқу процесінде де қолдануға болар еді.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі білімі мен оны оқыту әдістемесінің негізін
қалаушы А.Байтұрсынұлы сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу
мәселесіне де көп көңіл бөлген. Ғұлама ғалым әдістемелік еңбектерінде,
әсіресе, оқушылардың сауатын ашу (сауаттандыру) ісі балалардың өздері
бұрыннан меңгерген сөз маңыналары туралы түсініктеріне сүйене жүргізілуі
қажеттігін қайта-қайта пысықтай түседі. Сондай-ақ ол тілі дамыған баланың
ойы да тез дамитынын ескере отырып, дидактикалық тапсырмалар жинағы – Тіл
жұмсарда сауат ашу барысында тіл дамыту мақсатына арналған жаттығуларды
көбірек ұсынады. Бұл жаттығу үлгілері қазіргі әдістемешілер үшін де маңызды
нұсқау ретінде өз маңызын жойған жоқ.
А.Байтұрсынұлына ілесе қазақ бастауыш мектептеріндегі тіл дамыту
жұмысына арнап кітап жазған тілшіғалымдардың бірі – Т.Шонанұлы. Бастауыш
мектепте оқушының ауызша тілін дамытуда Т.Шонанұлы Тіл дамыту оқулығының
(1-ші басқыш мектептер үшін жазылған, 1931) алатын орны ерекше. Аталмыш
Тіл дамыту кітабы он үш тақыраптан тұрады:
1. Текст. Азат жол. Сөйлем. Сөздерді танытатын ережелер.
2. Грамматикалық тақырыптарды меңгертуге бағытталған жаттығулар.
3. Мәнерлеп оқытуды үйрететін әдіс-тәсілдер.
4. Текстке жоспар құрғызу.
5. Дайын жоспар бойынша тест құрау.
6. Берілген суреттерге қарап әңгіме құрау.
7. Жазылған іңгңмеге сурет салғызу.
8. Берілген сұраққа жауап бергізу.
9. Текске сұрақ қойғызу.
10. Іс қағаздармен жұмыс жасатып ұйрету.
11. Арнайы Тәл ширату сабақтарын өткізу.
12. Кітаппен жұмыс істей білуді үйрету.
13. Газет –журналдармен жұмыс жасату [9, 5 ].

Еңбектің 1-тарауында сөйлеу және сөйлем жайлы теориялық түсінік бере
отырып, оның сөйлеуге үйретудегі ерекшеліктерін көрсетеді. Кітапта
Мағынасы мен дауыс ырғағы жағынан толық біткен сөз тізбегін сөйлеу дейді
деп, сөйлеу тіліне теориялық анықтама берiледi. Оқулықта сөйлеу кезіндегі
екпін мен дауыс ырғағына зор көңіл бөліп, дауыс ырғағына келтіріп айтуға
бірнеше жаттығу бередi. Сөз ырғағы сөйлеудегі ең қажетті элементтің бірі
екендігін көрсетеді [9, 39].
Телжан Шонанұлы тіл дамытуға арналған тақырыптарды Сөйлем. Азатты жол.
Жоспар. Мақала (Мәтін) деп тарауларға бөлген. Кітапта бірнеше суреттер
мен баланың ойын сол арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрететін тапсырмалар
берілген. Мысалы, Жоғарыда суретті әбден байқап қарап алыңдар, соңынан не
жайындағы сурет екендігі туралы дәптерлеріңе жазыңдар деп сурет бойынша
жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдарын көрсетеді [9].
Мәтінді талдау жұмыстарына үйрететін Т.Шонанұлының Тіл дамыту
кітабында біршама тапсырмалар бар: Мәселен, ...Оқып шығыңдар. Осы мақалада
неше азатты жол барлығын байқаңдар, мақаланың азатты жолмен басталған
бөлімдерінің мәнісіне зейін салыңдар деп абзацтың рөлін анықтауды
үйретеді. Осы кітаптың 5-бетінде тұтас мәтіннің (Алатау) алдында
Мақаланы оқып шығыңдар. Ішіндегі ойын қысқартып жазыңдар. Онымызды
мақаланың жоспары делік – деп, мәтінді құрамды бөліктерге бөлуге, сол
арқылы жоспар түзуге тапсырма берілген.
Берілген жоспар бойынша мәтін құруға үйрететін мынадай тапсырмалар
кездеседі: Мына жоспармен, бірігіп мақала жазып келіңдер ... Барған
серуендерің, істеген жұмыстарың туралы бірігіп жоспар жасап, мақала
жазыңдар, – деп, балалардың шығармашылық ойлауын, сөйлеу тілін дамытуға
көп көңіл бөлген [9].
Осындай тапсырмалармен қатар бірнеше іс-қағаздардың үлгілері берілген.
Атап айтқанда, анықтама, куәлік, өтініш хат, баяндаманың жоспары, амқазақт
т.б. оқушыны іс- қағаздарды жазуға үйрету жұмысының маңыздылығын
байқауға болады.
Кітап мазмұнынан аңғарылып тұрғандай Т.Шонанұлының бұл еңбегінде
Қазақ тілі мен Қазақ тілін арнаулы пән ретінде оқи бастаған оқушылардың
сөйлеу және жазу дағдыларын жетілдіру, ойы мен тілін дамыту, іскерлікке
баулу мақсатына бағытталған.
Ал М.Жұмабаев Қазақ тілі бастауыш мектепте деген еңбегінде оқушылардың
ауызша тілін дамытуға дағдыландыратын жаттығулар жүйесін әр оқу жылына
сәйкестендіріп, 1-2 сыныпта көргені бойынша өзінің алған әсерін айту, 3-4
сыныпта болған оқиға жайлы немесе белгілі бір тақырып бойынша әңгіме
құрастыруға үйретуді ұсынады [10].
Бұл жаттығулардың көпшілігі оқушыны ауызша байланыстырып сөйлеуге
үйретуге құрылған.
М.Жұмабаев баланың ауызша байланыстырып сөйлеуін жетілдірудің мынадай
әдіс-тәсілдерін ұсынады: а) сахналау; ә) сурет бойынша әңгіме; б)
әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; в) даяр әңгімені өз жанынан
толықтыра білу; г) хат жаза білу; ғ) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші
әңгімені ойдан шығарып айта білу т.б [10, 47-48].
30-шы, 40-шы жылдары бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне
қатысты әдістемеші-ғалымдар Ш.Сарыбаевтың, С.Жиенбаевтың, Ғ.Бегалиевтің,
Ғ.Садуақасовтың, көрнекті психолог Т.Тәжібаевтың зерттеу еңбектері жарық
көрді. Олардың еңбектерінде ауызша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу мәселесі
арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмағанымен, біздің жұмысымызда
басшылыққа алуға болатын құнды тұжырымдар көп. Мысалы, С.Жиенбаев Сауат
мектебімізде ауыз сөз бен жазба сөзге үйрету деген мақаласында тіл дамыту
жұмысының екіге бөлінетінін, олардың арасындағы ерекшеліктерді атап өтеді.
Ал психолог ғалым Т.Тәжібаевтың дәл осы жылдары Бастауыш мектеп
оқушыларының ауызекі сөзі мен жазба сөзінің салыстырма қазақлизі деп
аталатын мақаласында бұл ерекшеліктерді ғылыми тұрғыдан талдауға көңіл
бөлінеді. Ауыз екі сөз бен жазба сөздің функциялары (атқаратын қызметі)
бір, екеуінің де пайда болуына адам қоғамы себеп болған, екеуі де
адамдардың бір-бірімен қатысуына керек құрал, -дей келіп, ғалым бұдан әрі,
– жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айрықша
тіл функциясы, ол өте қиын, сқазақлы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл
формасы [11, 18]- деп жазады да, өз пікірін нақтылы мысалдармен
дәлелдейді. Осы аталған екі еңбек кейінгі қазақ мектебінің бастауыш
сыныптарындағы оқыту әдістемесіне қатысты жазылған кітаптарда оқушылардың
ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін дамыту проблемаларын ажырата талдауға
түрткі болғаны даусыз.
Әдістемеші ғалымдар С.Жиенбаевтың, Ғ.Бегалиевтің, Ә.Садуақасовтың
бастауыш сыныптардағы оқыту әдістемесіне арналған кітаптары мен
нұсқауларында енді тіл дамыту жұмыстары оқушылардың ауызекі тілін дамыту,
оқушылардың жазба тілін дамыту деп, екіге бөлініп, жеке қарастырыла
бастайды.
Мысалға, Ғ.Бегалиевтің Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының
мәселелері деп аталатын кітабында тіл дамыту жұмыстарына тұтас бір бөлім
(VІ бөлім) арналып, әр сыныптағы оқушылардың ауызекі және жазба тілін
дамыту әдістері жүйеленіп берілген. Кітап, негізінен, Қазақ тілі пәнін
оқыту әдістемесінеарналғанымен, мұнда сауат ашудың кезеңдері, ір кезеңге
тән міндеттер мен қолданылатын әдістер жүйесі де қамтыла зерттелген.
Балаларды оқу-жазуға үйрету үшін оларды сөйлеуге үйрету керек, - деп
жазады ғалым, – Бірінші күннен бастап оларды сөйлеуге үйрету, тілін дамыту
жұмысын қолға алып, дағдылы сабақтар ұйымдастыру қажет болады. Бұл үшін
мұғалімнің сұраұтарына тиянақты, дұрыс жауап беруге, көрген-білгенін,
естігенін дұрыс, түсінікті етіп айтып беруге үйрету керек болады. Осы
жұмыспен байланыстыра, кейбір оқушылардың тіл мүкістігін байқап, түзете
отыру қажет [12, 6].
Демек, арнайы зерттеу объектісіне айналғанымен, оқушылардың ауызша
тілін дамыту міндеті 40-жылдардан бастап қазақ тілі әдісмешілерінің
назарына іліккен.
Дыбыстармен таныстыру үшін алынатын сөзді, - деп жазады бұдан әрі
Ғ.Бегалиев, – әсіресе, алғашқы кезеңдерде айтылуы жазулуынан өзгеше дыбыс
болмауын негізгі шарттардың бірі етіп қоямыз (жұмыс+шы – жұмысшы). Алғашқы
кезеңде сөздің буындарын, дыбыстарын айтқанда, я оларды жинақтап барып, сөз
құратқанда, дыбыстарды,буындарды, жеке сөзді анық етіп айтып беруді талап
етеміз. Егер алғашқы кезеңде оқылатын сөз ішінде айтылуы өзгеше дыбыс
болса, оқушылар оны жазудағысынша оқи ма, әлде орфоэпия заіына келтіріп
оқуға тиіс пе?– Сөз жоқ, соңғыны талап ету әрі орынсыз, әрі қайшылық
тудырар еді.
Алғашқы кезеңде оқылатын (дыбыстармен таңыстыру кезеңінде) сөздердің
ішінде айтылуы жазылуынан өзгеше дыбыс болмасын дегенде, осы жағдайлар
ескеріледі [12, 7].
Тіл дамыту жұмыстарына қатысты айтылған ғалымның бұл пікірі әлі күнге
дейін өз маңызын жойған жоқ. Себебі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен
қалыптасқан жазылуы арасындағы ерекшеліктер Әліппе оқулығын құрастыру
барысында ескеріле бермейді. Нәтижесінде қазақ тілінің өзіне тән орфоэпия
заңдылығын белінен басып сөйлеу жаппай жайылған жаман әдетке айналды.
Ғ.Бегалиев аталған кітабының Тіл дамыту бөлімінде балалардың сөзі
мен ойының арасындағы байланысты, ауызекі сөйлеу мен жазба тілдің
ерекшеліктерін талдай келіп, оқушылардың ауызша тілін дамытуға бағытталған
жұмыстарды төмендегідей түрлерге бөледі:
а) білетін сөздерін де оқушылар қаншалық дұрыс қолданылатынын
анықтау, сөз қорын байыту;
ә) сөйлем құратқызып жаттықтыру;
б) тиянақты түрде сөйлеуге үйрету [12, 165].
Бастауыш сыныптағы тіл дамыту жұмыстарының осы жүйесі аталуы сәл-пәл
өзгеріске түскені болмаса (мысалы, сөздік жұмысы, сөйлеммен жұмыс,
байланыстырып сөйлемді дамыту), әлі күнге дейін қолданылып келе жатқаны
белгілі. Ғ.Бегалиев тіл дамыту жұмыстарының осы жүйесінің алғашқы екі түрі
балалар мектеп есігін ашқан күннен, яғни сауат ашу кезеңінен бастап
жүргізілетінін айта келіп, оларды нақтылай, жіктей түседі. Бала мектепке
келген күннен бастап, оның сөз қорын молайту және сөзді дұрыс қолданып,
қолданбауын анықтау жұмысын жоспарлы түрде жүргізу қажет. Баланың
сөздігінде мағынасын өзі дәл білетіні де, дәл білмейтіні де болады. Міне,
сол дәл білмейтінін түсіндіріп, дұрыс қолдануға төселдіру керек.
Баланың сөздік қорын байыту жолдары түрліше, - деп жазады да, автор
оларды былайша топтастырады:
1) төңіректегіні, табиғат құбылыстарын байқатып сөйлету;
2) суреттер арқылы әңгімелер құратқызу;
3) әңгіме, өлең, мақала, газет оқыту;
4) радио хабарын, мұғалім әңгімесін, жолдастарының сөзін тыңдатып,
білгенін айтқызу;
5) мектеп учаскісінде, колхозда істеген жұмыстары туралы сөйлету;
6) қоғамдық жұмысқа, мектеп жұмысына, мейрамға дайындық ісіне
қатыстыру [12, 165].
Ғалымның бұл пікірінен шығатын қорытынды: бала мектепке келген күннен
бастап олардың сөздік қорын байыту жұмысы екі бағытта, яғни жаңа сөздерді
меңгерту және олардың бұрыннан білетін сөздерінің мағынасын дұрыс қолдануға
үйрету бағыттарында жүргізілуі қажет екен. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген
тіл дамыту жұмыстарының түрлерін де жаңа заманға лайықтап пайдалануға болар
еді. Оның үстіне, Ғ.Бегалиев осы кітабында баланың сөз қорын байыту
жұмысын деректі заттардан бастап, бірте-бірте дерексіз ұғымдардың атымен
таныстыру керек. Бала сөздің дыбыс жағымен ғқазақ танысып қоймай, оның
мағынасын айқын ұғына алатын болсын, -деп, тіл дамыту жұмыстарына қатаң
талап қоя отырып, осы мақсатқа бағытталған жаттығулардың 7 түрін ұсынады:
1. Затты білдіретін заттарды топтастыру. Алғашқы кезеңде мектеп
саймандары, оқу аспаптары, балалардың киім-салымы сияқты заттарды айыртып,
содан кейін балалардың көз алдында жоқ, бірақ олар заттарды, мәселен,
көшеде, далада, қырман басында, өзенде не болатынын айтқызу керек ...
2. Заттарды кеңістік байланысына қарай (Торғай ағаш, тал, шілік,
атқұлақ өседі т.б.) және мезгілдік байланысына қарай айырту (қыстыгүні
қандай табиғат құбылыстарын байқаймыз: қар,мұз, аяз, боран, түн ұзақ, күн
қысқа; жаздыгүні – ыстық, жаңбыр,жасыл шөп, егін,бау-бақша т.б.).
3. Заттарды ұқсас белгілері мен амалдарына қарай топтастыру. Қай
мақұлық бауырмен жорғалайды? (Жылан, құрт-құмырсқа т.б.). Не ұшады? (Құс,
көбелек, шыбын, сона.) ... Қандай заттар ақ, қара,жасыл, сары, қызыл
болады?
4. Заттың белгілері мен амалдарын айырту: а) бір заттың белгісін
айырту (алма–домалақ, қызыл,тәтті, қош иісті); ә) бір затқа тән амалды
анықтау (жылқы –жүреді,шабады,кісінейді;жылқыны мінеді,арбаға жегеді т.б.).

5. Синоним сөздермен байланысты сөздік жұмыс.
6. Ауыспалы мағынадағы сөздермен байланысты сөздік жұмысы ... – Кісі
жүреді. Тағы не жүреді деп айьуға болады? (сағат жүреді,поезд жүреді, арба
жүреді; бірақ соңғыларының біреуінің де аяғы жоқ.).
7. Ұлы отан соғысымен байланысты таралған соғыс терминімен және
түбірлес сөздермен таныстыру ... Сөздердің мағынасын анықтау жұмысын
түбірлес сөздерді салыстыру жолымен істеуге тиіс: су,сушы,суат,сусын,сылық:
оттық,отын,отсыз т.б. [12, 166-167].
Біздің ойымызша және тәжірибе жұмыстарын жүргізу барысында толық
анықталғандай, Ғ.Бегалиев ұсынған осы жаттығу түрлерін сәл-пәл жетілдіре
отырып, оқушылардың ауызша тілін дамыту мақсатына ұтымды пайдалануға әбден
болады.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту жөнінде Т.Шонанұлы,
Ғ.Бегалыұлы, С.Жиенбайұлы бірігіп, құрастырып жазған Бастауыш мектептегі
қазақ тілінің әдісі (1935) деп аталатын әдістемелік құралдың үшінші
бөлімі Бастауыш мектепте тіл ширату жұмысы деп аталады [12, 33].
Әдістемелік еңбекте оқушының ауызша тілін дамытудың мынадай жолдарын
көрсетеді: керекті сөздерді таңдап алу (тірек сөздер); сол сөздерді мағына
мен форма жағынан байланыстыра білу; бүтін бір ойды білдіретін бірнеше
сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыра білу; өз ойын, емле қатасын
(қатесін) дұрыс жаза білу [12, 40].
Ғалым Мәтінге тақырып қоюға үйрету балаға оқып шыққанын талқылауға,
мәтіндегі негізгі ойды түсінуге үйрететінін айтады.
Мәтінге тақырып қою, мәтіннің негізгі ойы жайлы: Шәпке қойылмаған
текске шәпке тапқызу тапсырмасы бірінші кластан бастап жүргізуге болады.
Бір текске ат қою үшін оның жалпы мазмұнын ғқазақ білумен болмайды, сол
текстің түйінді жерлерін білу керек. Шәпке сондай болуы керек: оны көргенде
текстің мазмұны немесе түйінді жері білініп тұрсын, – деп жазады [12,
39].
Ғ. Бегалиев Сөз басын ойлап тапқызудың үлкен пайдасы сол, балалар
оқығандарын ойлап, байқап, түсініп үйренеді, сөз болуға лайық, мәнді
сөздерді ескеріп отырады, ойындағысын қысқа, бірақ мағыналы етіп айтуға
дағдыландырады – деп жазады. Оқушының көрген-білгені, істегені туралы
ауызша айтып беруде план бойынша айтудың жолын ұсынады. Бөлімге бөліп (
план) жоспар жасау, өз ойын айтуға жеңілдік беретіні белгілі. Ғ. Бегалиев
мәтінге жоспар құруды үйрену арқылы оқушы берілген материалдың ішіндегі ең
негізгі ойды табуға, жеке бөліктеріне ат қоюға, мәтін логикасын түсінуге
мүмкіндік алатынын ашып көрсетеді [12, 102].
Балаларды ауызша сөйлеуге үйрететін әдіс ретінде әңгіме әдісінің мынадай
жолдарын ұсынады: баланы дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сұраққа жауап беру;
көрген білгені, істегені туралы ауызекі айтып беру; оқып шыққанды сөйлеп
беру; сөз басын тапқызу (тақырып қою); өлең жаттау [12, 98].
Кітапта 1-4 сыныптарда сөйлем құрастыру жұмысының мазмұны мен әдістерін
саралап, әр оқу жылында жүргізілетін жаттығулар берілген.
Ғ.Бегалиев Қазақ тілін оқыту методикасының кейбір мәселелері (Қазақ
тілі мен әдебиеті, 1958, № 6) мақаласында ...ой тіл арқылы жүзеге асатын
болғандықтан, балалардың ойлау қабілетін дамытуда да тілді басты құрал
етуді, анықтап айтқанда, балалардың тілін жетілдіру арқылы олардың ойлау
қабілетінің өсуіне мүмкіндік туғызуды естен шығармау керек деп, баланың
сөйлеу тілін дамытуда тіл мен ойдың өзара тығыз бірлігін айқындайды
[12,10].
Ғалым Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері деген
еңбегінде (1950) жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуді қалай ұйымдастыру
керек деген сұрақ қоя отырып, бұл жөнінде қойылатын бірінші мақсат бір
оқиға, құбылыс, я зат туралы өз ойын айтып (яки жазып) білдіруге
дағдыландыру керек деп жазады [12, 163].
Ғ.Бегалиевті оқушыларға мәтін ерекшелігін танытуға, мәтінге тақырып
қоюға, ондағы негізгі ойды табуға, жоспар құрып, мәтін түзуге үйретуді
алғаш ұсынған әдіскер деуге болады.
С.Жиенбайұлының Оқытушы, оқушыларымыз сөз сөйлей білсін (1934)
мақаласында, Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы (1939) еңбегінде
ауызша тіл дамыту мәселесіне қатысты ойларын дұрыс сөйлеуге төселдіру үшін
кезекті шаралардың бірі – оқушыларға мазмұндама, шығарма жаздыру деп
жазады. Шығарма жазуға үйрету сөздік қорды молайтып, тіл мәдениетін
жетілдіріп ққазақ қоймайды, оқушыны өз бетінше ойлануға, өз ойын жүйелі
жазуға мүмкіндік ашады. Әдіскер ғалым сөз сөйлеуге үйретудің ең ұтымды жолы
көркем әдебиет шығармаларын оқытуды ұсынады [13, 31].
Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы мақаласында көркем шығарманы
талдау түрлері, сөздік жұмыс, шығарма мазмұнына сәйкес сурет салу жұмысы
оқығанды дұрыс түсінуге көмектесетінін жазады [13, 28].
Бастауыш сыныптарда оқушылардың тіл дамыту әдістемесі 1965 жылдан
бастап арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанына айнала бастады. Атап
айтқанда, әдіскер ғалым М.Қ.Жұбанова Мектепте сауат ашудың методикасы
деген тақырыпты зерттеп [14], кандидаттық диссертация қорғаса,
С.Р.Рахметова Бастауыш класс оқушыларының жазу тілін дамыту [15]
мәселесін зерттеп, бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің
негізін қалады. Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде 1969 жылдан бастап,
бастауыш мектептің әрбір сыныбында аптасына бір реттен тіл дамыту сабағы
оқылатын болды. Кейін проф.С.Рахметова қазақ мектебінің бастауыш
сыныптарында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесін жасап шықты.
Осы іргелі еңбектің нәтижесінде қазақ мектебіндегі оқыту әдістемесін, оның
ішінде оқушылардың тіл дамыту әдістемесін зерттеушілердің өзіндік мектебі
қалыптаса бастады. Мысалы, Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын
қалыптастыру мәселесін зерттеген К.Бозжанова [16], қазақ тілін оқыту
арқылы мектепке дейінгі даярлық топ балалары мен 1-сынып оқушыларының тілін
дамыту мәселесін зерттеген Қ. Меңдіаяқова [17], Бастауыш класта текспен
жұмыс істеудің әдістемесін зерттеген Т.Әбдікәрімова [3], Лексиканы оқыту
әдістемесін зерттеген Г.Уәйісова [4] т.б. әдіскер ғалымдар өз
еңбектерінде біздің қарастырып отырған объектімізге қатысты құнды пікірлер
айтты. Сондай-ақ ғалымдар С.Қазыбаев, Ш.Әуелбаев, озат мұғалімдер
А.Бәкірова, М.Жазыбаев пен Ә.Нағашыбаева, М.Бүрлібаев, Р.Мұраталиев т.б, өз
кітаптарында бастауыш мектептегі тіл дамыту жұмыстарының кейбір ұтымды
жаттығу үлгілерін ұсынылған.
Бастауыш мектептегі тіл дамыту әдістемесі әр қырынан зерттеле
бастағанымен, жоғарыда аталған ғалымдардың бірде-біреуі ауызша тіл дамыту
жұмыстарын арнайы зерттеу объектісіне айналдармаған.
1954 жылы шыққан Бастауыш мектеп (мүғалімдердің күнделікті
пайдалануына арналған кітап) деген кітапта қазақ тілінің синтаксистік
бөлімін оқыған кезде жеке-жеке ойларынан біріктіріп тұтас әңгіме құратып
үйрету – баланың тілін жетілдіру сабағының негізгі міндеті болады
делінген. ...3-4-ші класта балалар өзінің (ауызша, жазбаша) әңгіме жоспарын
өздері жасайды, өз беттерімен жоспар жасап, сол бойынша ауызша да, жазуша
да әңгіме құрастырады деп жазылған [18, 37].
Бұл құрал мұғалімдерге әр пәнді оқытуда басшылыққа алатын тиімді
әдістемелік құрал болып сқазақлды.
70-жылдары тіл дамыту әдістемесі ғылымның жеке зерттеу саласы болып
қалыптаса бастады. Осы жылдары М.Жұбанова бастауыш мектепте Сауат ашудың
методикасы деген тақырыпта зерттеу жұмысын жазды. Зерттеу еңбегінде тіл
ұстарту жұмыстары бойынша оқушылардың алған білімін бекітіп, оны практикада
өз бетімен қолдқазақ білу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығу
жұмыстары берілді [14].
Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізін зерттеген С.Рахметова тіл
дамытуға балалардың сөздігін байытуға, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл
қолдқазақ білуге, өз ойларын, пікірін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы,
логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу
арқылы ауызша, жазбаша дұрыс білдіруге, яғни, нәрсенің жайын-күйін, түрін,
ісін сөзбен келістіріп айтып беруге үйрету жұмысын айтамыз деп анықтама
береді. Оны мынадай үш құрамдас бөліктерге бөлген: 1) оқушылардың сөздік
қорын дамыту; 2) сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс жүргізу; 3) байланыстырып
сөйлеуге үйрету [2, 168].
С.Рахметова бұл еңбегінде байланыстырып сөйлеуді үйретуге арналған
бірнеше жаттығу түрлерін айқындап, оларды мынадай топқа біріктірді:
1) үлгі бойынша мазмұндау, түсінік айту;
2) тексті қысқартып мазмұндау;
3) тексті ішінара өзгертіп әңгімелеу;
4) текст жүйесін сурет бойынша реттеу;
5) сурет бойынша әңгімелеу;
6) өз жанынан ертегі шығару;
7) кино, диафильм бойынша мазмұндау [2, 38].
С.Рахметова шығарма және мазмұндама жазу жұмыстарын бастауыш мектепте
жазбаша байланыстырып сөйлеу әдістемесінің негізгі компоненті ретінде
қарастырады. Жазба жұмыстар арқылы шәкірттердің байқампаздық танымын
кеңейту мақсатында жүргізетін оқушыларды салыстыра талдауға, жинақтауға, өз
бетімен пікір айтуға жетелейтін, оның жолдарын үйрететін әдіс-тәсілдерді
анықтады.
Әдіскер ғалым Г.Уәйісова [4], Ә.Жұмабаева [5], М.Ермекбаев [19]
бастауыш сыныпта оқушылардың байланыстырып сөйлеуін сөздік жұмыс арқылы
қалыптастыруды ұсынады.
Т.Әбдікәрімнің еңбегінде қазақ тілі сабағында мәтінмен жүргізілетін
мынадай жұмыстар арқылы ауызша тіл дамытуға болатынын көрсетеді: тексті
оқыту арқылы тіл дамыту; текстің мазмұнын әңгімелеу арқылы тіл дамыту;
текстпен жүргізілетін творчестволық жұмыс арқылы тіл дамыту; мақал-мәтел,
жаңылтпаш оқыту арқылы тіл дамыту. Бұл жұмыста бастауыш сыныпта ауызша
байланыстырып сөйлеуді дамытуда мәтіннің үлкен мүмкіншілігі бар екендігі
ашылады [3, 43].
Бастауыш сыныпта тіл дамыту әдістемесінің негізін салған С.Рахметованың,
мектепте сауат ашудың әдістемесін зерттеген М.Жұбанованың, оқу дағдысын
қалыптастыру мәселесін зерттеген К.Бозжанованың, тіл дамыту бағытында
зерттеу жүргізген Р. Әміровтің, мәтін арқылы ауызша тіл дамыту әдістемесін
зерттеген Т.Әбдікәрімнің, лексиканы оқыту мәселесі бойынша Г.Уәйісованың,
сауат ашу кезеңінде тілді дамыту мәселесін қарастырған Ә.Е.Жұмабаеваның,
шығармашылық арқылы тіл дамытуды зерттеген Б.Қабатайдың, шағын комплектілі
мектепте тіл дамыту әдістемесін жасаған Н.Сламбекованың ғылыми еңбектері
бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдерін
сипаттауға мүмкіндік берді.
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің
зерттелу жағдайына талдау жасай келіп, мынадай жағдайларды анықтадық:
1. Оқушылардың ауызша тілін дамытудың бала өміріне тигізетін пайдасы
мен баға жетпес маңызын біздің ұлы педагог-әдістемеші ғалымдарымыз өз
еңбектерінде дәлелдегеніне көз жеткіздік.
2. Жоғарыда келтірілген зерттеулердегі ой-пікірлерден ойға түйгеніміз,
ауызша тіл дамытуды ұйымдастыру өз нәтижесін беретінін байқадық.

1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық
ерекшеліктері
Қазақ мектептерінде ауызша тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің ғылыми
негіздерін талдауды, ең алдымен, бұл проблеманың психологиялық аспектілерін
зерттеуден бастағанды жөн көрдік.
Балалық шақта дамудың алдында жүріп, дамуды соңынан ілестіріп отыратын
оқыту ғқазақ жақсы, – деген орыс психологы Л.С.Выготский [20, 250].
Ғалымның пікірінше, бала сол сәтте пісіп-жетілген қабілеттерінің деңгейінде
емес, бойындағы дамуға бейім тендециялардың деңгейінде тұрады. Оның ертеңгі
болашағын айқындайтын да нақ осы тендециялар. Осы ойын Л.С.Выготский әрі
қарай былайша өрбітеді: Оқыту мен даму бір-бірімен тең деңгейде бола
бермейді, сөйтіп, олар өте күрделі қарым-қатынастарда тұрған екі процесс
болып табылады. Оқыту дамудың алдында жүрген кезде ғқазақ жақсы. Сонда
ғқазақ ол пісіп-жетілу сатысында тұрған, ең таяудағы даму аймағында жатқан
бірқыдыру фукцияларға түрткі болып, өмірге әкеледі. Оқыту ең таяу даму
аймағын айқындайтын кезең аймағында жүзеге асқанда ғқазақ жемісті болмақ
[20, 252].
Л.С.Выготский Оқытудың басты міндеті бала сқазақсындағы ең таяу даму
аймағына түрткі болу екендігі туралы тұжырымын қайта жаңғыртып, өз іс-
тәжірибелерінде сәтті қолдқазақ білген педагогтер (Ш.Амонашвили т.б.) бұл
тұжырымның бастауыш оқыту үдерісіне өте дәл келетінін дәлелдеп берді.
Сөйтіп, әдістеме ғылымында балаларды дамыта оқыту жүйесі қалыптасты.
Бастауыш оқыту үдерісінде оқушылардың тілін дамыту (сөздік қорын
байыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру т.б.) ісі олардың сол сәттегі
психикалық-физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерінен төмен болмай, керісінше,
алға түсіп, балалардың дамуын жетелеп отырады.
Бастауыш оқыту үдерісінде тіл дамыту жұмыстарының нәтижелі болуы
балалардың қабылдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Көрнекі құралдар
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Балаларға әңгіме айтып беру
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Пәндер