Азаматтық талап қою мерзімі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Тарих, экономика және құқық» факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Азаматтық талап қою мерзімі»

Орындаған:

Тексерген:

Орал- 2015 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І. Азаматтық құқық және талап түсінігі

1. 1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы . . . 6

1. 2 Азаматтық Кодекстегі талап қою ұғымы . . . 9

1. 3 Талапқа процессуалдық және материалдық мағынада құқық . . . 14

ІІ. Азаматтық талап қою мерзімі, түрлері, ерекшеліктері, орындалу мерзімдері

2. 1 Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Мерзімдердің түсінігі, есептелуі және түрлері . . . 17

2. 2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері . . . 20

2. 3 Азаматтық талап қою мерзімі . . . 24

2. 4 Талаптың ескіруінің қалпына келтірілуі үзіліс, тоқтатылуы . . . 28

2. 5 Талап қою мерзімінің басқа мерзім түрлерінен айырмашылығы . . . 29

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36

Кіріспе

Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекет құруды басты бағыт ретінде ұстанған мемлекет пен қоғамды басты құндылық адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі белгілі. Ал адам құқығын қорғаудың ең басты көрсеткіші оны қорғаудың мемлекеттік механизімі мен қоғаммүшелерінің өздеріне берілетін мүмкіншіліктің деңгейімен анықталады. Мемлекет тиісті жағдайда мәжбүрлеу әдісін қолдана отырып қажетті шараларды қолдануды міндетіне алса, қоғам мүшелері нормативтік-құқықтық актілерде көзделген өз құқықтарын пайдалана отырып тиісті қадамдарды жасауы қажет болады. Ал белгілі бір топтардың, яғни өз құқығын қорғауға мүмкіндігі жоқ адамдардың мүддесін қорғайтын әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Құқық пен мүддені қорғаудың сәтті де тиімді жүзеге асырылуы мемлекет бекіткен құқықтық тетіктердің тиімділігі мен икемділігі, сапалылығы мен қоғамдық өмірдің деңгейі мен сәйкестігіне байланысты болады.

Нарықтық қатынастардың қалыбы орныққан демократиялық қоғамда меншік және өзге де мүліктік құқықтар қасиетті ұғым болып саналады әрі оны қорғау да мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Белгілі бір құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау үшін адамдар оның қорғаудың сан түрлі тетіктерін қолданады және қорғану тәсілін таңдау құқығы олардың өздеріне қалдырылады. Яғни құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттік немесе өоғамдық тәртіпте қорғауды жүзеге асырады. Азаматтар мен ұйымдар даулы құқықтарын жүйелеп көбінще соттарға халықаралық төреліктерге жүгінеді.

Жалпы алғанда соттық тәртіпте қаралатын істердің түгелге жуығы талап қою тәртібімен жүзеге асырылады. Талап және оның элементтерінің ұғымы мен түрлеріне теориялық тұрғыда салыстырмалы саралау жүргізе отырып талдам жасау мәселенің құндылығын айқындай түсетіндігі анық жағдай. Талап нысаны мен негізінің өзекті мәселелері, мазмұны мен субъектісіне, талаптың объектісіне тәжірилік сараптама жасау нәтижесінде белгілі бір кемшіліктерді айқындай отырып, оны шешудің жолдарын ұсыну көзделеді. Талап өндірісіндегі қолданыстағы терминдердің қазақша атауларының жай-күйі мен құқықтық ахуалы туралы тезден өткізілуге жататын терминдердің мәселелері мен аудармалық қателіктердің негізін ашып көрсетіп, ұсыныстар әзірлеу.

Талап қою азаматтық іс жүргізу құқығының ең бір күрделі де ауқымды бөлігі болып табылады. Талап ұғымы, оның түрлері, талап арыздың теориялық мәселесі, талаптың құрамдас бөліктерінің құқықтық мәселелерінің өзектілігі көптеген үдерісші-заңгер ғалымдардың ғылыми айналды. Талаптың элементтері мен түрлерінің сипаты мен ерекшелігіне қатысты қазақстандық та, ресейлік те ғалымдар қалам тартуда. Атап өтетін болсақ олар Ю. Г Басин, З. Х Баймолдина, З. К Абдулина, А. Ж Касенова, Т. Е Каудыров, Г. А Жайлин, және т. б. Ресейлік ғалымдарды атап өтсек:

-Осокина Г. А., Филиппов П. М., Чечот Д. М., Анисимова Л. И., Арапов Н. Т., Абрамов С. М., Башкатов Н., Безлипкин Т. Т., Василенко К. М., Василева Г. Д., Викут М. А., Гурвич М. А., Добровольский А. А., Иванова С. А., Джалипов В. Г., Елисейкина Г. Ф., Иванов О. В., Кожухарь А. Н., Анисимова Л. И., Кострова Н., Комиссаров Н. И., Осипов Ю. Н., Курылев С. В., Треушников М. К., Пушкарь Е. Г., Пятиллетов И. М., Шакарян М. С., Швейцарь Д. В., Юдельсон К. С. тағы басқа да көптеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде көрсетіп кеткен.

Аталған ғалымдардың еңбектерінде талаптың құрамдас бөліктерінің ұғымы мен түрлерінеғ талап қою мерзіміне, маңыздылығы мен ғылыми құндылығы жоғары дәрежеде теориялық және тәжірибелік сипатта зерттеу жүргізген.

Курстық жұмыстың тақырыптық мәселелерін талқылау кезінде талап ұғымынан бастап талап арыздың құрылымы мен нысанының құқықтық маңызына тоқталып, талап элементтеріне жеке бөлімде толық қарастырып, мерзімдеріне тоқталып өтіледі. Зерттеу жұмысының жазылу барысында сонымен қатар әртүрлі ғылыми монографиялар мен кітап, оқу құралдары, газет-журнал беттеріндегі мақалалар пайдаланылды.

Курстық жұмыста зерттеу тақырыбының қайнар көздеріне жалпылай сараптамалық талдам жасай отырып талаптың құрамдас бөліктерінің құрылымын анықтау, талап элементтерінің жеке түрлерінің құқықтық-теориялық мәселелерінің мәнін ашып заңнамалық кемшіліктерге саралау жүргізу, талап институтындағы терминдер мәселесіне талдау жасай отырып талап қою мерзімін анықтау қарастырылды.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаттар легі:

Азаматтық талап қою ұғымының теориялық аспектілеріне талдам жасау,

Азаматтық талап түсінігінің құқықтық мәнін ашу,

Азаматтық талап арыздың құқықтық табиғаты мен ұғымына сипаттама беру,

Азаматық талаптың элементі мәселесіне құқықтық сипаттама жасау,

Азаматтық талап элементтерінің түрлерінің ара жігін ажырату және салыстырмалы талдам жасау,

Курстық жұмысының жазылуы балысында салыстырмалы, логикалық жүйелі құрылымдық, статистикалық, формальды ойлау түрі, салыстырмалы құқықтық, диалектикалық-материалистік тұрғыда әдістер қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Азаматтық құқық және талап түсінігі

1. 1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы

Азаматтық құқықтық қатынас және қоғамдық қатынастарды азаматтық --құқықтық реттеу механизмі. Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пәнің құрайтың қоғамдвқ қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рольды азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.

Қоғамдық катынастардың азаматтық құқық нормаларын реттеу нәтижесінде олар құқықтық форманы иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас - бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынас сияқты. Оның пәніне мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық құқықпен реттеу нәтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеме, жеке мүліктік емес құқық қатынастары тағайындалады.

Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі сферасында жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.

Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы

Азаматтық құқықтық формасы. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу процесінде олардың мүшелері субъективті құқықтар мен міндеттемелермен бөлінеді, ол болашақта құқықтық қатынас шегіндегі мүшелер тәртібін анықтайды. Азаматтық құқықтық қатынас формасы. Мүшелерге тән субъективті құқықтар мен міндеттер оның құқықтық формасын қурайды. Субъективті құқық түрінде құқықтық тулғаның тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі түсіндіріледі, ал субъективті міндеттеме - азаматтық құқықтық қатынастасы міндетті тулғаның қажетті тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі.

Азаматтық құқықтық қатынас мазмұны мен формасының бірлігі. Азаматтық мүліктік қатынасты оның экономиялық базисіне толық жатқызуға болмайды. Ол экономиялық мазмұны мен құқықтық формасының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынас мазмұны экономиялық базис сферасында болады. Азаматтық құқықтық қатынас спецификасы оның субъектілері мен объектілеріненде байқалады.

Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері. Азаматтық құқық қатынас мүшелер олардың субъектілер мен аталады. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.

Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:

1. Қазақстан азаматтары, шет елдік азаматтар, жеке азаматтығы жоқ тұлғалар

2. Қазақстандық жеке шет елдік заңды тұлғалар

3. Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер

Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған тәртібі көрінеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы сол, оның мүшелері өз тәртібі мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге жер ете алады. Азаматтық құқық қатынас субъектілерінің тәртібі азаматтық мүліктік құқықтық қатынастық объектісін құрайды. Субъектілердің өзара әрекет ету процессіндегі жеке материалдық игілікке бағытталған тәртібін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, азаматтық мүліктік, құқықтық қатынас мазмұнын құраса, екіншісі - оның объектісін құрайды. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың өз мазмұнымен объектігі әсерінің механизмі келесідей: құқықтық тұлға өз тәртібімен сәйкес материалдық игілікке бағытталған әрекет жасайтын міндетті жаққа әсер етеді.

Жеке мүліктік емес құқықтық қатынаста болып - бедел, жетістік қызмет репутациясы, адам аты, заңды тұлға атауы, тағы басқа сияқты материалдық игіліктерге бағытталған жақтардың тәртібі табылады. Бірақ кез келген азаматтық құқықтық қатынаста объект адам қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті белгілі бір игіліктерге бағытталған оның мүшелерінің тәртібінен сипатталады.

Азаматтық құқық қатынас түрлері

Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар. Қандай қоғамдық қатынастын азаматтық құқық нормасымен реттелгеніне қарап, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарды бөліп көрсетеді. Мүліктік құқықтық қатынастар құндық қатынастарды реттеу нәтижесінде, ал жеке мүліктік емес - азаматтық заңның жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу нәтижесінде бекітіледі. Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық қатынас спецификасы субъективті құқықты қорғаудың ерекше әдістерін анықтайды. Мүлік құқығы зиянның орнын толтыру жолымен қорғалса, жеке мүліктік еемес құқықты қорғау басқа әдістермен жүргізіледі.

1. 2 Азаматтық Кодекстегі талап қою ұғымы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде көзделген талап қою туралы ереженің бұрынғы күшіндегі Азаматтық заңдардан айтарлықтай өзгешелігі бар. Азаматтық құқықтың қазіргі институты ұғымдарына, талап қою мерзімдері мен оларды есептеудің тәртібіне, талап қоюдың қолданылуы және талап қою мерзімінің өту салдарына қатысы бар.

Талап қою ұғымы. Бұл түсінік заңның бірқатар саласында кездеседі. Қандай жағдайда болса да ол құқықтық себептерге әкелетін белгілі бір мезгіл кезеңін білдіреді. 1991 жылғы Азаматтық заң негіздері мүлік иесі болмаса да, жылжымайтын мүлікке он бес жылдан артық немесе басқа мүлікке бес жылдан артық өз мүлкіндей адал, ашық және үздіксіз иелік еткен азамат немесе заңды тұлға осы мүлікке меншік иесі құқығын алатындығын анықтап, иелену мерзімінің өтуі туралы тұңғыш рет құқықтық норма енгізілді. Осы ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 240-бабында жаңғырылған. Бұл орайда иелік етудің мерзімі өтуі негізінде иемдену құқын сот жолымен тану көзделмеген. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығында да айтылмайды. Осылайша жоғарыда келтірілген нормаларда мерзімі өту -уақыттың белгілі бір кезеңі ретінде сот қатысуынсыз құқықтық себеп-салдарға әкеліп соғады.

Талап қою институты басқаша әрекет етеді. Осы мерзімі өту дегеннің өзі талап қоюмен байланысты, сондықтан ол тек соттың талап арызды қарау процесінде ғана қолданылуы мүмкін.

Дегенмен, талап қоюды қолдану азаматтық-құқықтық қатынастар саласында ғана белгіленбеген. Қолданылып жүрген заңда талап қою мерзімінің өтуі отбасы құқында, тұрғын үй құқы, салық құқында, банкі құқығында, көлік Жарғылары мен Кодекстерде, халықаралық келісімдерде көзделген.

Талап қою туралы бастапқы құқықтық ережелер азаматтық заңда берілген. Талап қоюдың мерзімін есептеу, қолдану, талап қоюдың мерзімі өтуіне, тоқталуына, үзілуіне қарамастан талап қоюды қабылдау жәнеталап қоюды қалпына келтіру тәртібі туралы азаматтық-құқықтық нормалар тек отбасының құқында ғана емес, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген салаларда да қолданылады деп санауға болады. Сондықтан да талап қою деген түсінік құқықтың барлық салалары үшін біртұтас болып табылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 177-бабында берілген талап қоюдың ашық анықтамасында қандай жаңалықтар бар. Айырмашылықтарды табу үшін анықтау мәтіндерін келтірейік:

  1. талап қою дегеніміз- адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі;
  2. құқы бұзылған адамның талап қоюы бойынша оның құқығын қорғау мерзімі(талап мерзімі) - Азаматтық заң негіздерінің 42-бабы.

Осы анықтамаларды салыстыру талап қоюдың ескіру мәнін ашуда мынандай айтарлықтай жаңа сәттерді анықтауға мүмкіндік береді. Біріншіден, Азаматтық кодекстің 177-бабында, талап қою - ол уақыт кезеңі деп атап көрсетілген. Мерзімнің уақыты көрсетілген күнтізбелі датамен анықталуы мүмкін екендігі белгілі. Ал ол уақыт кезеңі ретінде сөзсіз болуы немесе белгіленуі тиіс(ҚР-ның Азаматтық кодексінің 172-бабы) .

Мерзімді анықтаудың осындай әр түрлі тәсілдерін ескере отырып, талап қоюды, атап айтқанда, уақыт кезеңі ретінде анықтау - қажетті нақтылау болып табылады. Екіншіден, талап қою бір қарағанда «құқықтық қорғау мерзімі» деген сөзден көрінуі мүмкін болғандай, өздігінен бұзылған құқықты қорғау қызметін атқармайды. Ол талап қою арқылы талапты сот қанағаттандыруы мүмкін шектегі уақыт шектеуі болып табылады.

Дегенмен, талап негізі жеткіліксіз болса, талап қою мерзімі өткендігіне қарамастан талап арыздың қабылданбауы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, құқық бұзудың барлығы бірдей тек талап қоюмен қорғалмауы мүмкін. Сондықтан да ҚР Азаматтық кодексінің 177-бабында талап қою қызметі талапты мүмкін болғанша қанағаттандырудың уақыт шегі ретінде белгіленген.

Негізгі талапты сот арыздың қойылу шегінде қанағаттандырады, ал негізсіз талап осындай талап берілгеніне қарамастан, сондай-ақ талап қою шегінде ққабылданбауы мүмкін. Үшіншіден, Азаматтық кодекстің 177-бабында адам құқының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туған талап қоюдың қанағаттандырылуы туралы көрсетілген, Азаматтық заң негіздерінің 42-бабында құқы бұзылған адамның талап қоюы бойынша құқықты қорғау туралы айтылған.

Осы нормаларды салыстыру- талап қою бір жағдайда тек субьективті азаматтық құқықты бұзумен ғана емес, сондай-ақ күшіндегі құқықтық норманы, ал басқа жағдайда талапкердің бұзылған субьективтік құқын қорғаумен ғана байланысты. Соңғы жағдайда нормативтік қағидалар мен тәжірибедегі болмысқа қарсы талап қоюдың әрекет ауқымы тарылған.

Талап қою мерзімдері ҚР Азаматтық кодексінің 178-бабында талап қою мерзімін екі түрге бөледі: жалпы мерзім және талап қоюдың арнаулы мерзімі. Азаматтық заң негіздері уақытын үш жылдап белгілеген даулы құқықтық қатынастардың субьективті құрамына қарамастан талап қоюдың осындай жалпы мерзімі Азаматтық кодексте де қабылданған.

Негізінде кез келген тұлғаның талап арызы бойынша құқықты қорғау үшін үш жылдық жалпы мезгіл белгіленген. Сондықтан да кодексте көзделген мемлекеттік және басқа да ұйымдар үшін талап қоюдың бір жылдық мерзімі бөлігіндегі алып тастау қолданылмауы тиіс. Осылайша ұүш жылдық талап қоюдың жалпы мерзімі республикада 1993 жылғы 30 қаңтардан бастап қның субьектілік құрамына қарамастан барлық даулы құқықтық қатынастарға қолданылады. Жалпы мерзіммен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің өзінде талап қоюдың арнайы мерзімі көзделген: 162- бапта мәміленің күші жоқтығымен байланысты даулар бойынша талап ұоюдың 10- жылдық мерзімі белгіленген. Қазақстан Республикасының Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығында салықтың қайта қаралған сомасы немесе салықтың бұрын есептелген сомасын төлеу туралы салық органдары қызметінің талабына, сондай-ақ салық төлеушілердің салықты қайтару немесе артық төленген соманы есептеу туралы талаптарына бес жыл белгіленген.

Бір сөзбен айтқанда, талап қоюдың мерзімін ұзартуға деген бағыт байқалады.

Тасымалдау, сондай-ақ көлік жарғылары және кодекстері, байланыс жарғысы бойынша қатынастардан туындайтын талаптар бойынша қысқартылған мерзімдер сақталған. Талапты басқа мүдделі адамдар немесе прокурор қойған жағдайда дау бойынша талап қоюға шарттың күші жоқ деп тануға негіз болатын жағдайлар туралы талапкер білген немесе білуге тиіс күннен бастап алты айды құрайды, бірақ шартқа қол қойылған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмейді. Бұл талап қоюдың жаңа мерзімдері 1996-жылғы 1-қаңтардан кейін туындайтын жағдайлар оған негіз болған дауларға қолданылады.

Талап қоюдың мерзімін есептеу тәртібі.

Талап қою мерзімін есептеу кезінде бастапқы сәттің, талап қоюға қосылатын үздіксіз уақыт өтуінің маңызы бар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 180-бабы жалпы ереже ретінде ескірген, талап қою мерзімінің басталуы, тұлға құқының бұзылғандығы туралы білген немесе білуге тиіс күннен басталатындығын белгілеген. ҚР Азаматтық кодексінің талап қоюдың басталуын анықтаған кезде талап қоюға құқық деген түсінік қолданылмайды. Бұл дәлелді болып көрінеді, өйткені талап қоюға құқық процессуалдық негізде қандайда бір болмасын алғы шарттармен ескертілмейді, ал талап қоюға құқық материалдық ретте ұсынылған талапты қарау нәтижесінде белгіленеді. Сондай-ақ талап қоюдың басталуы үшін тұлға өз құқығының бұзылғандығы туралы білуі немесе білуге тиістілігі туралы нұсқау да алынып тасталған. Талап қоюдың тек субьективті құқықты ғана емес, сондай-ақ күшіндегі құқықтық норманы бұзумен байланысты туралы жоғарыда келтірілген пайымдаулардан талап қою мерзімнің өтуі іс жүзіндегі немесе кез келген түрдегі құқық бұзылуын лайықты түрде анықталуымен сабақтастырылғанын көреміз. ҚР Азаматтық кодексінің 180- бабында талап қоюды қолдануды жеңілдететін мерзімді және мерзімсіз міндеттемелерге қатысты талап қоюдың басталуы туралы қағиданы дамытатын қосымша ереже енгізілген. Бұл бапта көрсетілгендей, жалпы ережеден талап қоюдың басталуын алып тастау кодекспен және басқа да заң актілерімен белгіленеді.

Мәселен, жалпы ережеден тысқары мына нормаларды келтіруге болады:

  1. негізгі міндеттемені орындау мезгілі көрсетілген және анықталуы мүмкін емес немесе талап ету сәті анықталған жағдайда, кепілдік берушіге немесе кепілшіге талап бойынша талап қоюдың екі жылдық мезгілі кепілдік беру немесе кепілдік шарты жасалған күннен басталса(ҚР Азаматтық кодексінің 336-бабы) ;
  2. мәміленің жарамсыздығымен байланысты даулар бойынша Азаматтық кодексінің 159-бабының 9 және 10 тармақтары бойынша көзделген негіздер талап қоюдың бір жылдық мезгілі зорлық немесе қорқыту тоқталған күннен басталады. (ҚР Азаматтық кодекстің 162-бабы) ;
  1. тарап шартта талап қойған кезде сатып алу - сату шартын жарамсыз деп танумен байланысты даулар бойынша талап қоюдың алты айлық мерзімішартқа қол қойылған күннен басталады;
  2. асырап алған баланың ата-аналарының, асырап алушының жұбайының және асырап алу құқықтары бұзылған адамдардың асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талабы үшін талап қоюдың үш жылдық мерзімі асырап алу туралы шешім шығарылған сәттен басталады(ҚР К113-бап)

ҚР Азаматтық кодексіне талап қою мерзімінің өтуін тоқтату және

үлісі туралы ереже біршама толықтырулармен жаңқыртылады. Құқықтық қатырастар субъектілеріне қатыссыз оларды қолдануға бірдей кһзқарас осы ережедегі айтарлықтай жаңалық болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Талап қою мерзімінің өтуі
Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімі
Мерзімді есептеу тәртібі
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Мерзімдердің түрлері
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі, түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz