«Жүсіп – Зылиха» дастаны
Мазмұны
Кіріспе
«Жүсіп . Зылиха» дастаны . махаббат туралы көне және көркем жыр. 3
I тарау
1.1. «Жүсіп . Зылиха» дастаны сюжетінің бастау негізі. 4.6
1.2. «Жүсіп . Зылиха» дастанының Алтын Орда дәуірі әдебиетінде жырлануы. 7.9
I I тарау
2.1. «Жүсіп . Зылиха» дастанының идеялық мазмұны 10.12
2.2. «Жүсіп . Зылиха» дастанындағы образдар жүйесі. 13.33
Қорытынды
«Жүсіп . Зылиха» дастанының тәрбиелік мәні 34

«Жүсіп – Зылиха» дастаны – махаббат туралы ең көне және көркем жыр
«Жүсіп – Зылиха» дастаны махаббат туралы көне әрі көркем жырлардың бірі. Әрі махаббат туралы ХІІІ ғасырда түркі тілінде жазылған алғашқы шығарма. Солай бола тұра дастанда тек қана екі жасттың махаббаты, пәк сезімі, махаббат жолында көрген азабы ғана айтылмайды. Сонымен қатар адамгершілік, қоғамдағы әділетсіздік тіпті сол кездегі қоғамдық құрылысқа деген сын көрініс тапқан. Және шығармада діни идеялар да кездеседі.
Десек те шығарма махаббат туралы. Қай заманда болмасын, қай халықта болмасын махаббат тақырыбына жүгінбеген ақын жоқ. Өйткені махаббат – ұлы сезім. Адам баласы, адамзат тарихы кей нәрселерді ұмытса да, махаббатты ұмытпақ емес. Махаббат ол өмірімізді әрлендіріп, өмірімізге сән беретін, мән-мағына беретін кереметтей сезім. Әр адам өз басынан махаббат сезімін өткергенде ғана осы бір сезімнің құдіреттілігін түсінер деп ойлаймын. Әрине, бізге жеткен дастандар да махаббаттың құдіреттілігін насихаттайды. «Жүсіп – Зылиха» дастанының ерекшелігі бұл дастанда екі жастың жас ерекшелігі махаббатқа кедергі болмайды. Зылиха Жүсіптен үлкен болса да олардың бір-біріне деген ынтық сезімі өшпейді.
Тақырыптың таңдалу себебіне келер болсақ, дастан махаббат туралы және қазақ даласына және жалпыға кең тараған дастан. Бұл дастанды тек кітаптан оқып қана қоймай бала кезімізде әжелеріміздің аузынан естіп қанып өскендіктен шығарма өте қызықтырды. Сонымен қатар шығарма ертегі іспеттес шытырман оқиғалы болып келеді және сол уақыттағы шын өмірге жақын болып келеді. Және оқиғалары өте қызықты.
Дастанды тек қазақ ғалымдары ғана емес сонымен қатар татар, өзбек, орыс ғалымдары да зерттеген. Дастан жай ғана зерттелмей ғалымдар арасында пікірталас туғызған да болатын. Қазақ ғалымдары ішінен дастанды біршама зерттеген Алма Қыраубайқызы болатын. Және де дастанның зерттелуіне өз үлестерін қосқан Н.Келімбетов, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншіәлиевтер болатын.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алма Қыраубайқызы «Ежелгі әдебиет» Алматы 2001ж.
2. Н. Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы 2005ж.
3. Ә. Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 1994ж.
4. Х. Сүйіншіалиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 2006ж
5. Н. Келімбетов «Көркемдік дәстүр жалғастығы» Алматы 2000ж
6. А.Егеубаев «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдікжелісі» Алматы 1999ж
7. А.Қыраубайқызы «Ғасырлар мұрасы» Алматы 1988ж
8. Ж.Ішпекбаев «Қисса дастандар» «Қазақ тілі мен әдебиеті» газеті № 3
9. Рабғузи «Адам ата» жинағы Шымкент 1997ж

Жүсіп – Зылиха дастаны - махаббат туралы көне және көркем жыр.
3
I тарау
1.1. Жүсіп - Зылиха дастаны сюжетінің бастау негізі. 4-
6
1.2. Жүсіп - Зылиха дастанының Алтын Орда дәуірі әдебиетінде жырлануы.
7-9
I I тарау
2.1. Жүсіп - Зылиха дастанының идеялық мазмұны
10-12
2.2. Жүсіп - Зылиха дастанындағы образдар жүйесі. 13-33
Қорытынды
Жүсіп - Зылиха дастанының тәрбиелік мәні 34
Жүсіп – Зылиха дастаны – махаббат туралы ең көне және көркем жыр
Жүсіп – Зылиха дастаны махаббат туралы көне әрі көркем жырлардың
бірі. Әрі махаббат туралы ХІІІ ғасырда түркі тілінде жазылған алғашқы
шығарма. Солай бола тұра дастанда тек қана екі жасттың махаббаты, пәк
сезімі, махаббат жолында көрген азабы ғана айтылмайды. Сонымен қатар
адамгершілік, қоғамдағы әділетсіздік тіпті сол кездегі қоғамдық құрылысқа
деген сын көрініс тапқан. Және шығармада діни идеялар да кездеседі.
Десек те шығарма махаббат туралы. Қай заманда болмасын, қай халықта
болмасын махаббат тақырыбына жүгінбеген ақын жоқ. Өйткені махаббат – ұлы
сезім. Адам баласы, адамзат тарихы кей нәрселерді ұмытса да, махаббатты
ұмытпақ емес. Махаббат ол өмірімізді әрлендіріп, өмірімізге сән беретін,
мән-мағына беретін кереметтей сезім. Әр адам өз басынан махаббат сезімін
өткергенде ғана осы бір сезімнің құдіреттілігін түсінер деп ойлаймын.
Әрине, бізге жеткен дастандар да махаббаттың құдіреттілігін насихаттайды.
Жүсіп – Зылиха дастанының ерекшелігі бұл дастанда екі жастың жас
ерекшелігі махаббатқа кедергі болмайды. Зылиха Жүсіптен үлкен болса да
олардың бір-біріне деген ынтық сезімі өшпейді.
Тақырыптың таңдалу себебіне келер болсақ, дастан махаббат туралы және
қазақ даласына және жалпыға кең тараған дастан. Бұл дастанды тек кітаптан
оқып қана қоймай бала кезімізде әжелеріміздің аузынан естіп қанып
өскендіктен шығарма өте қызықтырды. Сонымен қатар шығарма ертегі іспеттес
шытырман оқиғалы болып келеді және сол уақыттағы шын өмірге жақын болып
келеді. Және оқиғалары өте қызықты.
Дастанды тек қазақ ғалымдары ғана емес сонымен қатар татар, өзбек,
орыс ғалымдары да зерттеген. Дастан жай ғана зерттелмей ғалымдар арасында
пікірталас туғызған да болатын. Қазақ ғалымдары ішінен дастанды біршама
зерттеген Алма Қыраубайқызы болатын. Және де дастанның зерттелуіне өз
үлестерін қосқан Н.Келімбетов, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншіәлиевтер болатын.
Жүсіп – Зылмха дастанының бастау негізі
Казақ арасында "Жүсіп-3ылиха" деген атпен белгілі болған бұл сюжеттің
негізі ежелгі мифтерден, Таурат пен Інжіл, Құран оқиғаларынан алынып, алғаш
түрік әдебиетінде XIII - ғасырда (1212-1233 ж. арасы) тірілткен адам— Әли.
Одан кейін XV ғасырда "Иусуф уа Зулайха" атты поэма жазған кісімін деп
білген. Науаи зерттеуші ғалымдар оны ақындар антиологиясындағы үш жүз отыз
алты ақын өмірінен келтірілген деректердің ішінде "Қисса Жүсіп" туындыгер
Әли туралы ештеңе айтылмайтынын көрсетеді. Олай болса, бұл шығарма Дүрбек
пен Науаи өмip сүрген ортаға белгісіз деген сөз.
Ал "Қисса Жүсіп" көбірек татар ғалымдары Тагирджанов Г., Джавад
Алмаз, Ұсманов М., Хисаманов Н.Ш. бұл ecкepткiш ежелгі бұлғар бойынікі
деген дәлелдер келтіруге тырысады. Одан бұрынырақтағы орыс тюркологтары
Самайлович А.Н. Бертелеьс, Е.Э. Брокельман К., Жир Нэжш сияқты ғалымдардың
бipi - Kiшi Азияда, бipi— Орта Азияда, бipi - Еділ бойында туған деп
бағалаған. Орта Азияда туды деуге себеп болған нәрсе Әли қиссаның сопылық
көзқарастары тұрғысынан Ахмет Иассауи "Хикметтеріне" ұқсастығы болатын.
Біз неміс ғалымы К. Брокельман айтқандай, бұл қиссада оғыз тілінің
элементтері келтірілгенін тілге тиек ете отырып, оны Бұлғар ескерткіш
дегеннен гөpi, оғыздардың ежелгі мекені Арал, Сыр бойы екенін ескеріп, осы
өңірде туған қисса деген пiкipгe келеміз. Бұл қиссаның қазақ арасында кең
тарағанын XIX-ғасыр басындағы Жүсіпбек Шайхисламұлы, Құлмұхаммед Байұғлы
нұсқаларының жазылуынан анғаруға болады. "Қисса-Жүсіптің" Иассауи
шығармаларының дәстүрін жалғастырғаны жөнінде Tүpiк ғалымы В.М. Кржатурж
Анкарадан шыққан "Түрік әдебиеті тарихы" (1964) еңбегінде: "Әліге дейін-ақ
Иассауидың діни шығармаларында қалыптасқан түрік төрттағандар үлгісінде
өлеңмен жазылған роман қандай тамаша!" - деп тамсанады.
Әлидің Қисса-Жүсібі қарапайым, түсініктілігімен ерекшеленеді,
өйткені онда ежелгі "Иосиф" мифтерінен (ол туралы бipiншi тарауда айтып
өткенбіз) Иосиф пен Потифордтың жұбайының оқиғасы ғана бөлек алынып,
басқаларын осы фабулалық желісінің айналасына жинақталған Жәми үлгісі
бойынша жазады. Сөйте тұра өзіне дейінгі Фирдоуси, Ансари жазған парсы
поэзиясының ықпалына берілмей, түрік елінің формасымен төрт жолды өлең
түрімен шығарады. Тағы бip ерекшелгі, түрік фольклорын пайдаланады.
Осылардың өзі Әли шығармаларынан түрік оянушылығының көpiнicтepi
байқалатындығының куәci деуге болады.
Осы тұста Е.Э. Бертельстің мына пiкipiн келтіре кеткен жөн:
"Әли парсылық туындыгерлердің iзiмeн кеткен жоқ өз халқының өлең
үрдісін сақтай отырып, шығармасын төрттаған түрінде ааба схемасымен жазып
шыққан. Бұл өлең түpi бірқатар түрік тайпаларында қазір де қолданылады".
"Қисса Жүсіп" 609-630 қыжырада (1212-1233) жазылған. Көшірмелері
Берлин, Дрезден, Ленинград, Қазан калаларында сақтаулы. Қазан
кітапханаларынан және жеке адамдардан жүзге жуық көшірмелер табылған.
Бірнеше рет болып басылған. Ең ерте басылымдарының бipi 1839 жыл шыққаны.
Бұл қиссаның қaзipгi қазақ арасында белгілі қиссашы Жүсіпбек Шайхисламұлы
қаламынан туған нұсқасын (up. Біз Әли мен Жүсіпбек қиссасын қатар ала
отырып) қарастырдық.
Жүсіп пайғамбар оқиғасы парсы-түрік тілдерінде көптеген ақындар
жазды. Оның түпкі нұсқасы, әрине, Құранның 12-cүpeci және Фирдоуси
жырлаған "Жүсіп-3ылиxa". Бipaқ Әли, Жоми, Дүрбек— үшeyi сүйенген бip оқиға
негізі XI - ғасырда өмip сүрген Герат ғалымы Абдаллах Лисаридтың (1006-
1088) прозалық сюжет екені анықталып oтыp. Оны алғаш салыстырып зерттеген
Е.Э. Бертельстың шәкірті өзбек ғалымы Э.Р. Рустемов, татар ғалымы Н.Ш.
Хисаманов болды. Ал Фирдоуси "Жүсіп-Зылихасын" жазғанда IX-ғасырда өмір
сүрген Табаридың Құран тефсірінен қарағаны мәлім. Рабғузидың "Қисса-ул
әнбиасындағы" "Қисса Жүсібі" Ансаридің ғазал аралас келіп отыратын прозалык
шығармасы "Анис Мүридин уа шамс ал - маджасисіне" Муридтер досы жэне
мәжілістер күні сүйеніп жазылған деген пікір бар.
Әли шығармасын араб-парсы тіліндегі кітаптардан алғандығын өзі де
көрсете кеткен екен:
Иусуф саучы қиссасын қылдуқ гайан
Ғараб ғажам діл етдінче құлдұқ
байан3.
Жүсіп пайғамбар қылдық аян,
Араб-парсы тіліндегідей баян.
Фирдоуси дастанында да Әли мен Жәмиге дейінге нәзиралық үлгілерінде,
Жүсіп мифтерінен негізгі фабулалық жүйе ретінде әке мен бала махаббаты
(Жақып пен Жүciп) алынса, Жәмиден бастап, одан үлгі алған Әлиде өзекті
мәселеге Жүсіп пен Зылиха махаббаты алынады. Бұған қарағанда, түрік
әдебиетінде көне мифтердің iшiнeн сүйіспеншілік мәселелердің көтеріле
бастауы Әлидің "Қиcca Жүсібімен" байланысты деуге болады. Әлиден кейінгі
түpiк ақындары Дүрбек, Науаи да осы iзбeн жырлаған. Tүpiк ақыны Шайад Хамза
осы сюжетке діни жағынан келе отырып, оның iшінен "әділ де айбарлы патша"
желісін дамытады. Бұл мәселеге Әлиде де айрықша мән берілген.
Жүciп пен Зылиха дастанының 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы
Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген eкiншi нұсқасы
Париждің Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында
сақтаулы тұр.
Жүciп пен Зылиха жөніндегі қызықты аңыздар сюжеті Шығыс пен Батыс
елдерінде ежелгі дәуірде-ак кең тараған болатын. Шығыс шайырлары Жүciп пен
Зылиха тақырыбына кезінде жүз елуден астам дастан жазған Фирдоуси, Балхий,
Шерозий сияқты Шығыс классикалық поэзиясының алыптары екендігін бiз
жоғарыда айттық. Алайда Жүciп пен Зылиха арасындағы мөлдір махаббатты
әлемдік әдебиеттер тарихында тұңғыш рет түркі тілінде жазған Дүрбек ақынның
дастаны ғана алты жүз жыл бойы оқырман назарын өзіне аударып келеді. Дүрбек
дастаны әлемнің көптеген тілдеріне тәржіма жасалды.
Жүciп пен Зылиха туралы аңыздар негізінде Шығыстың eciмдepi әлемге
мәшһур Фердауси, Балхий, Бахтияри, Әли, т. б. ақындары ғажайып дастандар
жазды.
Жүciп пен Зылиха тақырыбы қара сөзбен де жазылған, яғни прозалық
түрдегі туындылар да бар. Е. Э. Бертельстің пікірі бойынша мұндай проза
түріндегі әдеби туындыны Абдуллах Ансорий (1006-1088) жазған болу керек.
Ақын Дүрбектің Жүciп пен Зылиха дастаны туралы өзбек ғалымдары С.
Хайдаров, X. Лапасов, В. Вапихожаев, сондай-ак түрік ғалымдары Ф.
Кепрулузаде, С. Н. Банарлы, т. б. ғылыми зерттеулер жасап, бірқатар
еңбектер жариялады. Әcipece, Ф. Сулейменованың Жүсіп пен Зылиха
дастанының Париж қолжазбасы жайындағы зерттеуін аса құнды еңбек деп
білеміз.
Атақты түрітанушы ғалым Ә. Нәжіп өз зерттеулерінде Дүрбек ақынның
Жүсіп пен Зылиха дастаны - Алтын Орда дәуір әдебиетінің классикалық
үлгісінде жазылған туынды екенін дәлелдей келіп, apғы тегі қыпшақ-оғыз
немесе оғыз-қыпшақ тілдерінің бірі болып келетінін, көне өзбек тілінде
жазылғанын ерекше атап көрсетеді.*
Жүсіп – Зылиха дастанының Алтын орда дәуірі әдебиетінде жырлануы
Дүрбек Жүсіп пен Зылиха дастанының нeгiзгi оқиғалық желісін Жақып
деген пайғамбар, яғни Жақып патшаның он бip баласы арасындағы күншілдіктен
туған қайғылы жайттерді баяндаудан бастайды. Жақып он бір ұлының кенжесі
Жсіпті өте жақсы көреді. Әкесінің патшалық тағы мен тәжін Жүсіптен
қызғанған он ағасы оны өлтірмек болады. Әйтсе де оны әулие-періштелер аман
алып қалады. Жүciптің ағалары аяқ-қолын матап, құлдыққа сатып жібереді.
Дастанда Жүсіптің ұзақ жылдар жат елдерде жүріп, жан төзгісіз қайғы-қасірет
көргені суреттеледі. Ақыры Жүсіптің кемеңгер даналығы мен темірдей
төзімділігіне Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр әмipшілеpi Раян мен Әзиз
ерекше риза болады. Соның арқасында Жүсіп Мысыр еліне патша болып,
сүйіктіci Зылиха сұлуға үйленеді. Патша Жүсіп бүкіл елдегі түрлі
қантөгістер мен соғыстарды тоқтатып, бейбіт, бақытты өмір орнатады.
Әділ патша жөніндегі халық арманы - орта ғасыр үшін прогрессивті
құбылыс еді. Дүрбек өз дәуірінік перзенті ретінде қоғамның жақсы немесе
жаман болуы патшаның қандай адам болуына байланысты деп түсінді. Зұлым,
ақымақ патша гүлденіп тұрған мемлекетті ойран қылып, халықты күйзелтіп
жібереді. Ал ақылды, әділ, жомарт патша қирап қалған қалаларды гүлстанға
айналдырады деп пайымдады.
Мемлекетті қашанда қара қылды қақжарып, әділ төрелік ететін жандар
басқаруы керек деген түйін жасайды. Мысыр елінің әміршісі Раянды ақын әділ
патшаның үлгісі ретінде суреттейді. Оның даналығы мен әділдігі сондай,
Мысыр елінің тағына өзінен данышпан, әділ жанды, яғни Жүсіпті отырғызады.
Жүсіп зындандағы тұтқындарды босатады, ел ішінде тәртіп орнатады.
Мемлекетті кемеңгерлікпен басқарады. Халықтың дәулеті артады. Көпжылғы
ашаршылықтан, аштықтан құтылады.
Жүсіп пен Зылиха - оптимистік сарындағы дастан. Дастанда ұдайы
жақсы адамдардың Mepeйi үстем шығып, зұлым жандар жұрт алдында масқара
болып отырады. Бұл дастанның ғасырлар бойы үздіксіз оқылып, айтылып,
ұмытылмай келе жатканының өзi де ақынның осы гуманистік идеясына
байланысты. Азаттық пен eркіндік жолындағы күресте гуманистік идеялардың
үстем болуы қоғамдық прогресс үшін аса маңызды еді.
Ақын өзiнiң осы ойын Жүсіптің әкeci Жақыптың бip жағымсыз қы-лығымен
дәлелдейді. Жақып базардан баласы бар бip құл әйелді сатып алады. Әйелдің
өзін қызметші eтiп алады да, баласы Бәшірді Мысыр саудегеріне сатып
жібереді. Әлгі құл әйел баласын жоқтап күні-түні жылаумен болады. Көп
жылдар бойы қайғыдан қан құсып жүреді. Ал Бәшір құлдық өмірдің қатыгез
тіршілігінен қор болады. Жақып өз үйіндегі құл әйел мен оның баласы
Бәшірдің басына қандай қайғы-қасірет салса, Құдай дәл сондай қайғы-
қacipeттi Жақыптың өз басына да келтіреді. Жақыптың он бip баласы ішіндегі
ең жақсы көретін кенже баласы Жүсіп күндердің күнінде Мысыр еліне құлдыққа
сатылып кетеді. Ал қарт Жақып сол баласын сағынып, жылай-жылай ақыры көзі
соқыр болып қалады.
Көп жылдардан кейін Жүсіп өзi құлдыққа сатылған Мысыр еліне патша
болған кезінде Бәшірді құлдықтан құтқарады. Бәшір мен оның анасы бақытты
өмip сүре бастайды. Дәл сол кезде Жақып та баласы Жүсіптi тауып, қайғы-
қасіретін ұмытады, көзі қайтадан көретін болады. Бұл арқылы ақын Өмірде
жақсылық-жақсылықпен, ал жамандық жамандықпен қайтады деген халық
даналығын өз оқырманына көркем тіл, тартымды сюжет арқылы жеткізіп отыр.
Дүрбектің Жүсіп пен Зылиха дастаны, сырттай Карағанда, пай-
ғамбарлар, әулие-періштелер, патшалар өмірінен жазылған туынды сияқты
болып көрінедi. Ал шындығында Дүрбек ежелгі аңыз сюжетті бетке ұстай
отырып, өзi өмip cүpiп отырған дәуірдің көптеген көкей-кесті мәселелерін
көтергенін аңғару қиын емес.
Дүрбек Алтын Орда мен Мауераннахрда XIV-XV ғасырларда орын алған
кейбір тарихи оқиғаларды Жүсіп пен Зылиха дастанына идеялық өзек eтiп
алған. Әлем әміршісі Teмip патша 1405 жылғы қаңтардың 19 күнi Отырар
маңында кенеттен қайтыс болғаны мәлім. Бұл хабарды естіген бойда-ақ Әмір-
Темір ұрпақтары тақ пен тәжге өзара таласып, бүкіл Мауераннахр eңipiн ұзақ
жылдар бойы қанды шайқастар алақына айналдырып жібергені белгілі.
Miнe, осындай соғыстардың бipi - Темірдің баласы Шахрух пен немересі
Халил арасында 1409 жылы Балх қаласы үшін болған еді. Бұл соғыста Балх
қаласының халқы түгел қырылғанын Дүрбек өз көзімен кереді. Алты ай бойы
қоршауда қалған Балх қаласындағы жан шошырлық дозақ Kepiнicтepiн Дүрбек
Жүсіп пен Зылиха дастанында зор шеберлікпен, сенімді eтiп керсете
білген.
Әмір Темірдің баласы Шахрух осындай қанды соғыстардың бipiнде Балх
қаласын қоршап алады, ол ерекше қатыгездік керсетіп, үш ай бойы қалаға
ешкімді кігізбейді де, одан ешкімді шығармай да қояды. Қала халқы түгелдей
аштыққа, түрлі індет-аурулар ұшырап , жаппай қырыла бастайды. Ақын қаланық
iшi - дозақ ал сырты - жұмақ деп бейнелейік. Қаланы қоршап тұрған биік
қорғаннын сыртында түрлі жемістер - алма, epiк, анар, жүзім, тағы басқалар
уылжып пiciп тұрады. Ал аштықтан дәрменсіз болып, құлап жатқан жандар
қорған сыртындағы пiciп тұрған дәмді жемістерді тек көзімен кepiп,
қиялымен жейді. Бұл туралы ақын:
Аштық келіп, бұл қаланы жалмады,
Нәрестелер аш өзек боп зарлады.
Қорған сырты – жәннәт болып жайнады,
Ал ішінде дозақ оты ойнады.
Адам деген түсініксіз, қызық-ау,
Бip-бipнe қол созбайтын бұзық-ау.
Інілері өліп жатыр, біледі
Ағалары сыртта тұрып күледі.
Бұзылса адам - нағыз хайуан болады,
Сонда қоғам қасіретке толады, -
дейді (84, 141).
Жүciп пен Зылиха дастанының нeгiзгi идеясы - ел билеушілер
арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды
соғыстардың ағайын адамдар арасындаңы бақталастық пен алауыздықтың, шектен
тыс қатыгездіктің зардаптарын паш ету. Ақын ел басқаратын жандардың
ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді. Жүciп пен Зылиха бейнелері
жасау арқылы Дүрбек өз оқырманын алға қойған мақсатқа жету үшін қажымай-
талмай күресуге әpi өмip жолындағы қиындықтарға барынша төзімді болуға
үндейді.
Дастанның идеялық мазмұны

Ақын өзiнiң осы ойын Жүсіптің әкeci Жақыптың бip жағымсыз қылығымен

Ал iшінде дозақ оты ойнады.

Жүсіп – Зылиха дастанының образдар жүйесі
Жүсіп бейнесі
Дастанның бүкіл сюжетінің желісі Жүciптiң басынан кешкен сан қилы
оқиғаларға негізделген. Дастандағы жүзден астам аңыз-хикаялардың барлығы
дерлік нeгiзінен Жүciптiң бейнесін сомдауға арналған. Бала Жүсіптің түс
көpyi, түсінде аспандағы Күн мен Айдың жерге түciп, Жүсіпке тағзым
етуі, мұны естіген күншіл он ағасының Жүсіпті өлтірмек болғаны, ақыры оны
Мәлік деген Мысыр саудагеріне сатып жібергені, Жүсіптің ұзақ жылдар бойы
құл болып, құлдық азапқа төзіп жүруі, оған ойда жоқта жала жабылып, көп
жылдар бойы зынданда жатуы, Мысыр патшасының түсін жорып, бүкіл елге төніп
келе жатқан ашаршылықтан аман алып қалуы, әділдігі мен төзімділігінің,
ақылдылығы мен адамгершілігінің арқасында Мысыр еліне патша болуы зор
шеберлікпен бейнеленген.
Жүciп - кек сақтамайтын, кешірімшіл жан. Ол өзі өлтірмек болған он
aғaсының күнәсін кeшipiп, оларға көп жақсылық жасайды. Өзіне жала жапқан
Зылихаға ғашық болады. Ақыры оған үйленеді.
Жүciп бeйнeci күрделі, сан қырлы деуге болады. Бір жағынан ол қайсар,
жігерлі, өз тағдырын өз қолына алған қайратты жан ретінде көрінеді. Ал,
eкiншi жағынан, Әзірейіл мен Жәбірейіл көрінген сәттерде бірден
дәрменсіз, әрекетсіз өз тағдырын өзi сырттан жайбарақат бақылап отырған
бейшара пенде, құдайдың құлы болып көрінеді.
Түйіндеп айтқанда, Жүciп көркіне көз тоймайтын, балалықтың ба-зарын
қызықтап жүрген бала-жігіттен, бірте-бірте көргені көп көсем, білгені мол
данышпан болып, мемлекет қайраткері - Мысыр елінің әміршіci дәрежесіне
дейін көтерілген жан.
XII ғасырдағы түрік әдебиетінде осы дәстүрді жалғастырушы Әли "Қисса
Жүсіпте" негізгі кейіпкер Жүсіп бейнеci арқылы "әділ де қадірлі патша
қандай болу керек?" - деген сұраққа жауап іздейік. Сөйтіп, мінсіз патшаның
тұлғасын жасап шығады. Жүсіп— сұлулық нысанына айналған кейіпкер. Өйткені,
Таурат, Қурандағы Жүсіптің бірінші қасиеті — сұлулығы болатын (Иосиф
Прекрасный). Бipaқ Жүсіп пайғамбар бала күнінде өзін айнадан көріп, таң
қалғаны үшін, мақтанға салынғаны үшін, Алла тағала жазалайды. Оны кейін
ағалары Мысырға құл қылып сатып жібергенде, Жәбipeйiл періште былай дейді:
Иа, Иусуф, сен көзгил бақтыңмеді,
Көзгуде көркүн көрүп үқтұңмеді,
Бен сатлұр құл олсам дедіңмеді,
Бенім баһам кiм еткүрүр дедің eмдi.
А у д а р м а с ы: Иә, Жүсіп, сен айна қарамап па ең
Айнадан көркің көріп таңданбап па
ең?
Менің бағама кім жетер! - демеп пе
едің?
Сөйтіп, "Бағама кім жетер!",- деп мақтанған Жүсіптің түкке тұрғысыз
болып сатылғанын алдына келтіреді. Патша болған кiciгe мақтаншылық
жараспайтынын қиссада екі рет ескертеді. Екіншісінде, Құддыс бeгi Жүсіптің
жүзін көріп, ол келе жатқан керуенге айрықша құрмет көрсетеді, тiптi оны
сатып алып келе жатқан Мысыр көпесінен тартып та алмақшы болады. Сонда
Жүсіптің жүзін бip көрген 12 мың әскер түгел eci ауып, құлап қалады.
Жүсіпке:
"Беңа беңзар heч кімсана йоқдүр
емді".
"Маған тең келер ешкім жоқ енді",-
деген мақтаныш кіреді көңіліне. Бұл жерін Жүсіпбек Шайхұсламұлы
дастанында былай суреттейді.
Он екі мың кici еді келген шауып,
Бipi қалмай құлады eci ауып,
Керуен күштеп жөнелді аман-есен,
Дұшпаннан кетті алысқа кылмай
қayiп.
Олардың басы айналып, естен танды,
Керуен халқы бұл icкe қайран
қалды.
"Мендей көpiктi жапанда жан бар ма!",
- деп,
Жүсіп тағы бұл icтi көңіліне
алды'".
(Ғашык, наме, А., 1976).
Алла тағала Жүсіпті онда да тәубасына келтіреді: Керуен тағы бip
жерге барғанда, Жүсіпке ешкім қарамай қояды. Сөйтсе, ол қаланың адамдары
Жүсіптен де сұлу екен. Оның себебі түсінген Жүсіп, Алла тағаланың icінe
шүкіршілік қылады. Осы екі мысал арқылы, Әли — патшаға мақтансүйгіштік
жараспайтынын ұқтырады.
Жүсіп сұлулығы Зылиханың cөзiмeн де беріледі. Бұл үрдіс "Махаббат
намада" да бар. Онда қыз сұлулығы жігіт аузымен сипатталады. Осындай
ұқсастық "Махаббат нама" мен "Қисса Жүсіптің" суреттеу тәсілдері мен
тілінде де бар.
Айдыр, айа Иусуф, сенің сөзің датлу,
Усаиымдан дыңламаға не рахатлу.
Йузің ләтаиф, құлажың хуб марұтлу,
Ешігсем рахатым артар емді
Уәсәлің діләрім жан рахатым,
Жамалын құйаш кeбi, ғишқьш қатты.
Cуpeтiн ғажаб, тарафа лұғазын йетті,
Ханжар кeбi жанымдың кечәр емді.
Аудармасы: Айтшы, ай, Жүсіп, сенің сөзің тәтті,
Шаршамай тыңдай берсем, қандай рахат!
Жүзің жұмсақ, лебізің сүйкімді,
Еcтiгeн сайын рахаттана беремін.
Кездесуді күткен кезім - жан рахаты,
Жамалын күн сияқты, ғашықтық
қатты.
Суретің ғажап, шартарапқа тілін
жетті,
Қанжар сынды жанымды алар енді.
XIII ғасырда жазылған осы суреттеуті өз нұсқасынан оқыған шығыстың
поэтикалық жүйесі аңғарылып тұрса да, әуезділігінен құлағымыз үйренген
қазақ өлеңіне ұқсастығын есіткендей боламыз. Әлиден Зылиханың Жүсіпке
айтқан бұл сөздерін Ж. Шайхусламұлы айна-қатесіз қайталайды, бipaқ өз
заманының оқырманына лайықтап қайталайды:
- Ай, Жүсіп, жүзің нұрлы, сөзің
шырын,
Бұл күнде ішкен асым у мен ipiң,
Сен сейлесең, көңілімнен сыбырым
кетер,
Cөзiмнiң тыңдамайсыз бip де - бipiн.
Менің сізден тілегім - жан нәубәті,
Hұp жүзіңнің ыстығы iшiмe өттi.
Қанжардай тілді бауырым - нұрлы
жүзің,
Cypeтiң, ғажап түрің, лебізің тәтті.
Бұл сілтеменің өте ұзақ болып кетпеуін ескертіп, Әлидің де
Жүсіпбектің де қиссаларынан осы үзіндіні қысқартып бepiп отырмыз, ал түгел
салыстырып қарағанымызда суреттеу атрибуттары мен нысандарының түгелге жуық
сәйкес келетініне көзіміз жетті.
Әли қиссасында Жүсіптің кейпіне қыпшақ атрибуты қосылады. (Жігіттің
шашын тарап өру). Зылиха оның шашын тарап, 12 өрім қылып өреді (Рабгузиде
40 өpiм). Бipaқ кeйiнгi ақындар бұл жерін қабылдамаған секілді, өйткені
уакыт өте келе бұл салттың өзi де қалған. Мысалы, Жүсіпбекте "шашын тарау"
фактісі сақталғанмен, толық корсетілмейді:
Өз қолымен Жүciптiң шашын тарар,
Інжу-маржан меруертпен байлап орар.
Күннен-күнге артады ғашық оты,
Көрген сайын қалмайды бабыр-қарар1.
Қиссада Жүсіптің сұлулығы тағы да бip-eкі мынандай тұстардан
толықтырылады:
1) Жүсіптің ағалары алдына келіп (бipaқ Жүсіпті танымайды), бip iнici
болғандығын, оны жас кезінде қасқыр жеп койғандығын, оны әкесінің бәрінен
артық көргендігін айтқанда Жүсіп әдейі: "Ол қалай, пайғамбар жұрттың бәріне
бірдей болмай ма?"- дейді.
Ағалары:
"Сәуар едің сен оны һазар жандан,
Сен көpмедің уәсіфін нете қалам емді.
Аудармасы:
Сүйер едің сен де оны жаннан артық
Көрген болсаң оның жүзін бiз қаламмен
сызғандай",-
деп Жүсіп сұлулығын әсерлей түседі.
2) Мысыр әйелдерінің Жүсіпті көргенде, сәбіз кесемін деп өз қолдарын
кeciп алуы Жүсіп көркіне психологиялық әсерлілік беріп, сендіре түсу
қызметін атқарады.
Қолдарын қызыл қан ғып турап отыр,
Ғашық дертке қатындар улап отыр.
Ici жоқ қолыменен қатындардың,
Қолдарынан қандары зулап отыр.
Жүсіпті көрген қатын таң боп кетті,
Адасып ақылынан қаңғып кетті.
Тамақ iшiп-iшпегенi есінде жоқ
Ycтi-басы шиедей қан боп кетті.
Tүpiк қиссаларында (Әли, Жүсіпбек) Зылиханың Жүсіпке ғашықтығын
айтып, "еліттіру" желісі сыпайылық межеден аспай жырланады. Ал парсы
нұсқаларында (Табари, Ансари, Жэми) Зылиха Жүсіптің екі рет еркектің:
намысына тиген соң, шыдай алмай, Зылихаға берілмекші болады. Әлиде: Зылиха
Жүсіптің қолынан ұстаған кезде, ол күлімсірейді де, Алладан хабар келген
соң бұрылып кетіп қалады. Ал Ж. Шайхұсламұлында Зылиха Жүсіптің
қолынан ұстауы айтылмайды, бipaқ Жүсіп нәби Алладан дауыс келген соң,
қатты қорқады:
Ғайыптан Жүсіп садық үн еciттi,
Жаман icтен қолыңды тартқып депті.
Ол аятты eсітiп, қатты қорқып,
Онан соң Жүсіп нәби сабыр eттi.
Жүсіптің бұл арадағы іс-әрекетін бip адамның басындағы "Махаббат және
Алланың парызы" дейтін екі ұдай сезімнен туған деп түсінуге болады. Өйткені
Жүсіптің Зылиханы жек көpyi туралы әңгіме жоқ. Ол тек Алланың берген
пайғамбарлығына адал болуды ойлайды. Бұл желі Әлиде махаббаттан гөpi Аллаға
адалдығын баса көрсетуінен байқалады. Жалпы Жүсіп мифтерінің еуропалық
нұсқаларында: "Иосиф Прекрасный" болса, мұсылман мифтері "Жүсіп сыддық"
(сенімді) деген эпитет қосып айтады.
Жүсіпбек — идеал патша бейнесін Жүсіпті Мысырға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz