Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары»
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2014
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
І- тарау. Жазба жұмыстарының түрлері
1. 1. Диктант . . . 5
1. 2. Мазмұндама . . . 17
1. 3. Шығарма . . . 31
ІІ- тарау. Жазба жұмыстарының мақсаты және оны өткізудің жолдары
2. 1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты . . . 36
2. 2. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары . . . 40
2. 3. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары . . . 43
Қорытынды . . . 47
Қолданылған әдебиеттер . . . 48
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті.
Оқушыларға сапалы білім беруде мұғалім олардың білім, білік және дағдыларын міндеттік деңгейге жеткізуі тиіс. Ал оны іске асыруда әрине бақылау жазба жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқушылардың қаншама қандай деңгейде білім нәтижелерінің бар екенін айқындайды. Жүргізілетін жазба жұмыстары арқылы оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіруге және оқу бағдарламасында берілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктері анықталады. Жазба жұмыстарының анықтайтын міндеттері: -оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіреді; -орфографиялық, пунктуациялық біліктіліктерін қалыптастырады; -талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастырады; -өздігінен мәтін құру ; -өз ойларын сауатты түрде жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіреді; - ауызекі және жазба тілде мазмұндау жұмыстарын қалыптастырады;
Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиеттi оқыту процесiнiң сапаға айналған нәтижесi болып табылады. Мұғалiмнiң педагогтiк шеберлiгi мен еңбегiн айқындайтын, оқушының әдебиеттiк ұғымын, бiлiмiн байқайтын, сынайтын көрсеткiш.
Оқушылар арасында әлi де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын жеткiзе бiлмейтiн, тiл орашолақтары жиi кездесiп отырады. Осындай кемшiлiктердi мектеп бiтiрушi оқушылардың жазған шығармаларынан жиi байқаймыз. Қазiргi уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейдi.
Әрине, мұндай талапты орындап шығу - бiр күннiң немесе бiр айдың, бiр жылдың iсi емес, бүкiл орта мектеп көлемiнде алған бiлiмнiң ұзақ мерзiмде қол жеткен нәтижесi болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың шығарма жазуда жiберетiн, жиi кездесетiн шығарманы қалай бастау керек екенiн бiлмеу, бiрiншi беттi бастағанда алдымен жоспар одан кейiн тақырыпты жазу сияқты кемшiлiктердi болдырмас үшiн шығарманы қалай жазу туралы арнайы нұсқауды негiзге алу жөн.
Зерттеу пәні: қазақ тілі
Зерттеу объектісі: жазба жұмыстары
Зерттеудің мақсаты: Жазба жұмыстарының түрлері мен оны өткізудің жолдарын қарастыру;
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларға жазба жұмыстары және түрлері туралы толыққанды мәлімет беру;
- Оқушыларға жазба жұмыстарын өткізу жолдарын қарастыру;
- Жазба жұмыстарында жіберілетін кемшіліктерді түзету жолдарын іздеу.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі жазба жұмыстары туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау;
Зерттеу көздері: педагогика, әдебиет ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;
І- тарау. Жазба жұмыстарының түрлері
1. 1. Диктант
Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар
- Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау, т. б. ) ескертіледі.
- Диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
- Диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.
- Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.
- Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.
- Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.
- Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырылады.
- Ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.
Диктант жазудың психологиялық ерекшелігі
Қазіргі жағдайда әр балаға тән ерекшеліктерді есепке алу өте күрделі. Өйткені әр бала - жеке тұлға. Сондықтан да сынып және үй жұмыстарын орындауда білімділікті бекіту әр баланың өзіндік жұмыс жасауына жағдай туғызу үшін жеке-дара тұрғыдан келу маңызды.
Төртінші сынып оқушылары, ең алдымен, жаттап алған тақпақ, өлеңдерді және сөздерді оқиды. Мысалы, оқулықта картофель, капуста, морковь, лук сөздері бар. Әрине аталған сөздердің мәні алдын-ала анық түсіндірілген, ал балалар сөздерді дұрыс айту және жазу мақсатында жаттығу жұмыстарын орындайды. Үш оқушы өлеңді жаттап айтып береді, жеміс-жидектерді қазақшаға аударады. Соңынан оқушылар диктант жазуға кіріседі.
Үйрету диктанттарының маңызы
Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.
Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі - оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.
Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.
Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Әріп диктантын жаздыру мақсаты - ана тілін жеткілкті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.
Әріп диктанттарына мынадай талаптар қойылады:
- әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа түрлері сияқты сыныптағы ең жақсы оқитын оқушыға алдымен түсіндіріп алып, соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек;
- жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет;
- әріпті жазуға, көзбен көруге болатынын, олар оқылатынын және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек;
- өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, естілу сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын қайталату қажет;
- дәптерлеріндегі сурет, сызық, әріптердің бөліктері, әріп, буын, сөз, сөйлем, т. б. - бәрінің де әдемі, таза, ұқыпты, көркем жазылуын дағдыға айналдыру керек.
Міне, осы талаптардың бәрі әуелі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізіліп, біртіндеп (алғашқы апталардың өзінде-ақ) белсенді, алғыр, зерек оқушылардың міндетіне көшіп, мұғалім сынып бақылаушысына айналады. Әр оқушының берген жауаптарын қадағалап, толықтыру зейінді оқушылардың ішінен бұрын өтілген материалдарды жете білмейтін, өзгелерге жан-жақты, еркін, саналы түрде түсіндіріп бере алмайтындарды айқындайды. Бұл жеке оқушының біліміндегі олқылықты анықтауда сынып талабына сүйенуі уақытты үнемдеумен бірге оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігі мен сабақтардың сапалығын арттырады.
Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен саналы түрде түсініп, талдауға төселген оқушылар үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді. Мәселе сол өздері үйренген, өздеріне таныс қазақ тіліне тән дауысты, дауыссыз дыбыстардың ауызекі сөйлегенде өздігінен буын құрап барып айтылатын заңдылығын және әріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын саналы түсіндіру - буын диктантының шешуші мақсаты. Ол үшін оқушылар дауыссыз дыбыстардың дауыстылар тәрізді жеке айтылмай, қы, ғы, ме, кі, гі, не, ың, т. б. түрінде дауыстымен қосылып айтылатынына, ал ы, і, ұ, ү, ә, е дыбыстарын жеке айтумен бірге олар арқылы ыңылдап, ән салуға да болатынына (мысалы, а-а-а, о-о-о, е-е-е, т. б. ) көздерін жеткізу керек. Бұл буын диктантын тез меңгеріп кетуге үлкен көмегін тигізеді.
Дауыстылардың жеке тұрып та буын құрайтыны, буындардың жуан, жіңішке болуы дауыстыларға қатысты екендігі сабақ сайын дыбыстық талдау барысында айтылып отыруы қажет.
Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Сөз диктантының жеңіл болатын себебі - ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат - сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ.
Сөйтіп, сөз диктантын жазу үстінде оқушылар фонетикалық, орфграфиялық, лексикалық талдауларға жаттыға бастайды. Сондықтан сөз диктантында әріп, буын диктанттарындай көру, терме, өздік, сөздік, шығармашылық диктанттарды жиі жүргізу өте қажет. Сонда ғана балалардың сөздік қоры толыға түседі.
Ана тілі лексикасы бойынша алған білімдері оқушылардың есінде (жадыларында) сақталуы үшін сөздер олардың белсенді сөздік қорына айналуы керек. Сөздердің оқушылардың белсенді сөздік қорында болуы үшін жұмыстың алуан түрлерін жүргізу шарт. Балалардың жаттап алған өлең, тақпақтарындағы сөздер бойынша дербес немесе өздік диктант жүргізу - аталмыш жұмыстың дара формасы болып саналады.
Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді.
Мысалы: Қыс. Таң атты. Мен төсектен тұрдым. Күндегі әдетімше төсегімді жинадым. Асықпай ертеңгі тамағымды ішуге отырдым.
Сөйлем диктантын жаздырудағы мақсат - оқушыларға сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мұғалім сөйлем диктантын өткізуге кірісер алдында басқаларға түсіндіретін сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып, сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын, мағынасына қарай сөйлем соңына нүкте, леп немесе сұрау белгілерінің бірі қойылатынын, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады.
Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыру үшін төмендегідей әдістер пайдаланылады.
Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген диктанттар және мәтіні өзгертілген диктанттар.
- Мәтіні өзгертілмеген диктанттар ішіндегі күрделісі -түсіндірмелі диктанттар. Бұл диктанттар дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқарған сөздердің, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, тұйық етістіктің, үстеулердің, шылау сөздердің емлелеріне байланысты жүргізіледі. Түсіндірме диктант екі түрге бөлінеді:
а) есту диктанты.
ә) көру диктанты.
Есту диктанты
Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі. Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.
Көру диктанты
Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.
Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын-ала аумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, естерінде сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.
Өздік диктанты
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Шығармашылық диктант
Диктанттың бұл түрі - үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді.
Сөздік диктанты
Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.
Терме диктанты
Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.
Ескерту диктанты
Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.
Бақылау диктанты
Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Диктант үшін ІІ сыныпта 18-20 сөзден, ІІІ сыныпта 20-30 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:
а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;
ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz