Қазақстан – иран қатынастары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

І. Иран Ислам Республикасы және ирандық қазақтар
1.1 Иран Ислам Республикасы туралы жалпы мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Иран қазақтарының жек. жат жұрағаттық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... 15

ІІ. Қазақстан . Иран қатынастары
2.1 Қазақстан. Иран қатынастарының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Иран . Қазақстан арасындағы жоғарғы достық байланыстар байламы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Күрделі аймақтық және жаһандық үрдістерге қарамастан, біздің республика өз көршілерімен және әлемнің жетекші елдерімен тығыз серіктестігін дамытып келеді. Тиімді геостратегиялық жағдайы, елеулі экономикалық әлеуеті және саяси салмағы сияқты факторларына байланысты Оңтүстік Азия мемлекеттерінің қазақстандық дипломатия үшін үлкен тәжірибелік құндылығы бір бөлек. Азияның оңтүстігінде болып жатқан оқиғалардың даму үрдісі, осы жерде күшейіп келе жатқан интеграциялық тенденциялар Қазақстанның осы аймақтағы елдермен тұрақты және өзара тиімді қатынасты құруы қажеттігін талап етеді. Сондай елдердің бірі – Оңтүстік Азияда орналасқан Иран Ислам Республикасы. Қазақстан және Иран екіжақты ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. Қазақстан мен Иран арасындағы көліктік-коммуникациялық қиыншылықтарға қарамастан, екі елді, ондағы халықтарды байланыстыратын негіз көп, оларды геосаяси тұрғыдан туындайтын тарихи-мәдени байланыстар біріктіреді. Сондай-ақ екі мемлекет үшін XX ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған өзгерістердің маңызы зор болды. Осы кезеңде Қазақстан дербес, тәуелсіз және қуатты мемлекет құру үрдісін бастаса, Иран Орталық Азия аймағында жаңа мемлекеттердің пайда болуымен аймаққа қатысты саясатын толығымен өзгерте бастады. Қазіргі кезде Иран алдында саяси және экономикалық трансформациядан өтудегі қиын әрі ауыр кезең тұрса, Қазақстан Республикасы алдында халықаралық құқықтың жас субъектісі ретінде халықаралық қатынастар жүйесінде өз орнын табу міндеті тұрды.
1 Попов В.И. Современная дипломатия. М., 2003 г.
2 Консульский Устав РК// Указ № 217 от 27 сентября 1999г.
3 Положение о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан.-САПП.-1996.-М.,1993.
4 Внешняя политка Республики Казахстан. Сборник статей. – Алматы, 1995.
5 Бобылев Г.В. Зубков Н.Г. Основы консульской службы.-М., 1996.
6 Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы. 1993 г.
7 История дипломатии/Под ред. А.А. Громыко.-В 5-ти т.-М., 1958-1963.
8 Селянинов О.П. Дипломатическое представительство.-М., 1986.
9 Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике.-Алматы, 1997.
10 Токаев К.К. Под стягом независимости / Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы, 1997. - С. 524.
11 Токаев К.К. Под стягом независимости / Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы, 1997. - С. 525.
12 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1998. – 39 б.
13 Назарбаев Н.А. Укреплять международные позиции Казахстана // www.president.kz.
14 Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. - Алматы, 2003. - С.132.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан – Иран қатынастары

Орындаған:
Тексерген:

Орал- 2015 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

І. Иран Ислам Республикасы және ирандық қазақтар
1.1 Иран Ислам Республикасы туралы жалпы
мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Иран қазақтарының жек- жат жұрағаттық қатынастары
... ... ... ... ... ... ... 15

ІІ. Қазақстан – Иран қатынастары
2.1 Қазақстан- Иран қатынастарының тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Иран – Қазақстан арасындағы жоғарғы достық байланыстар
байламы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..34

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Күрделі аймақтық және жаһандық үрдістерге
қарамастан, біздің республика өз көршілерімен және әлемнің жетекші
елдерімен тығыз серіктестігін дамытып келеді. Тиімді геостратегиялық
жағдайы, елеулі экономикалық әлеуеті және саяси салмағы сияқты факторларына
байланысты Оңтүстік Азия мемлекеттерінің қазақстандық дипломатия үшін үлкен
тәжірибелік құндылығы бір бөлек. Азияның оңтүстігінде болып жатқан
оқиғалардың даму үрдісі, осы жерде күшейіп келе жатқан интеграциялық
тенденциялар Қазақстанның осы аймақтағы елдермен тұрақты және өзара тиімді
қатынасты құруы қажеттігін талап етеді. Сондай елдердің бірі – Оңтүстік
Азияда орналасқан Иран Ислам Республикасы. Қазақстан және Иран екіжақты
ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. Қазақстан мен Иран арасындағы көліктік-
коммуникациялық қиыншылықтарға қарамастан, екі елді, ондағы халықтарды
байланыстыратын негіз көп, оларды геосаяси тұрғыдан туындайтын тарихи-
мәдени байланыстар біріктіреді. Сондай-ақ екі мемлекет үшін XX ғасырдың
соңғы онжылдығында орын алған өзгерістердің маңызы зор болды. Осы кезеңде
Қазақстан дербес, тәуелсіз және қуатты мемлекет құру үрдісін бастаса, Иран
Орталық Азия аймағында жаңа мемлекеттердің пайда болуымен аймаққа қатысты
саясатын толығымен өзгерте бастады. Қазіргі кезде Иран алдында саяси және
экономикалық трансформациядан өтудегі қиын әрі ауыр кезең тұрса, Қазақстан
Республикасы алдында халықаралық құқықтың жас субъектісі ретінде
халықаралық қатынастар жүйесінде өз орнын табу міндеті тұрды. Осыған дейін
екі мемлекет ортақ Азия аймағы әртүрлі геосаяси жағдайда бола тұрып,
өзіндік жол кешті. Екі мемлекет те XXI ғасырды үлкен өзгерістермен қарсы
алды. Енді екі жақ тәжірибелерімен бөлісе отырып, байланыстарын дамыту
үстінде.
Қазақ-Иран қатынастары өз тарихи бастауын сонау XV-XVI ғасырдан алады.
Ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында жатқан Қазақ және Иран халықтары арасындағы
қатынастар сауда-саттықпен ғана шектеліп қоймай, мәдени қатынастар орын
алған. 1916 ж. Ақ патшаға қарсы көтерілістің жеңіліс табуынан кейін, сондай-
ақ большевиктер жүзеге асырған ұжымдастырудан және 1932 ж. ашаршылықтан өз
туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған қазақтар Қытай және Иран жеріне
барып бас сауғалаған болатын. Осы кезеңде Қытай тарапы қазақтарды өз
территориясынан ығыстыруға тырысып, қудалаған болса, Иран бауырлас мұсылман
халқына өз шекараларын айқара ашты. Бүгінгі күнде сол ирандық қазақтар
ұрпағының көбі Түркия арқылы отанына оралып отыр. Олар сол кезде өздерін
сақтап қалған Пәкістан халқын үнемі мадақтап, өз разылықтарын білдіріп
отырады. Екі халықтың шығу тегінің әркелкілігіне қарамастан, қазақтар мен
пәкістандықтарды біріктіретін ортақ нәрсе көп болды, олардың ең бастысы -
бауырлас мұсылман халық болуы және бостандыққа, азаттыққа деген
сүйіспеншілік. 
Орталық Азиядан Иранға және Еуропаға мұнай және газ құбырларын салуда.
Бүгінгі таңда Орталық Азия аймағы елдері мен Иран маңызды рөл алатын
Оңтүстік Азия аймағы мемлекеттері арасында пәрменді ынтымақтастықсыз
әлемнің осы бөлігінде тұрақты дамудың орын алуы мүмкін емес екендігі айқын
болды. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев айтқандай,
мемлекеттік және аймақтық қауіпсіздікті аймақ шекарасы периметріндегі
мемлекеттермен қауіпсіздік саласында ынтымақтастық негізінде дамыту қажет.
Орталық Азия аймағынан территориялық жақындығы бойынша маңызды және Орталық
Азия аймағындағы геосаяси үрдістерге ең басты және тікелей ықпал етуші
мемлекеттердің бірі - Иран Ислам Республикасы екендігі сөзсіз. 
Иран мен Қазақстан аймақтық қатынастарды дамытуда белсенді іс-әрекеттер
жүргізіп, ЭЫҰ, ШЫҰ және АӨЫСШК сияқты аймақтық құрылымдар шекарасында
көпжақты қатынастар орнатқан. 
Иранмен ынтымақтастықты дамытуда Қазақстанды қызықтыратын басты бір
маңызды нәрсе бар. Бұл – Қазақстанның ашық суға шыға алмайтын жабық
мемлекет болуымен байланысты. Бүгінгі күнде ежелгі Жібек Жолы немесе
қазіргі Трансазиялық Темір жол (ТАТЖ) жобасы бойынша екі мемлекет
арасындағы қатынастар қарқынды түрде дамып келе жатыр. Ал ирандық порттар
арқылы Парсы шығанағы мен Суэц каналына шығуға болатындығы Қазақстан үшін
беретін мүмкіндіктері өте зор. Осы порттарды пайдалану арқылы қазақстандық
кәсіпкерлер тек қана Иран және Қазақстан арасындағы сауда қатынастарын
дамытып қана қоймай, Батыс мемлекеттерінен келетін тауарларды тасымалдау
үшін қажетті арзан және Иран арқылы өтетін қысқа жолды қолдана алады.
Қазақстанның дүниежүзілік теңіз сауда жолдарынан шалғайда жатқанына
қарамастан, Иран арқылы біздің транзит әлеуетімізді пайдаланушы салалар
болашақ дамуымызға зор көмегін беретіндігі анықталып отыр. 
Иранның Қазақстандағы мүдделері саяси және экономикалық сипаттармен
байланысты. Саяси жағдайларға байланысты Иран Ислам Республикасы Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесі мен өзінің ядролық бағдарламасын дамыту
мәселесінде өзін қолдаушы серіктес іздеуі және аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жатса, экономикалық сипатқа Қазақстанның бай шикізат пен
мұнай-газ көздерін пайдалану болып табылады. 
Он жеті жылдан бері қайсыбір саланы алсақ та, Қазақстан мен Иран
арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Екі мемлекеттің бір-
біріне тигізер ықпалы мол әрі елеулі. Қазақстанның сыртқы саясатында
азиялық Иран Ислам Республикасы маңызды орын алады. Қазақстан – Иранның
Орталық Азиядағы басты серіктесі болса, Иран – Қазақстанның Орта Шығыстағы
серіктесі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан- Иран арасындағы қарым-
қатынастардың тарихы мен оның жапсарлас салаларын зерттеу, нық сенімді
қатынас жақтарын айқындау, ирандық қазақтардың өмірін зерттеу, олардың
қарым- қатынас ықпалына тигізер әсерін айқындау.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
1)Иран Ислам республикасының тарихы мен географиялық жағдайымен,
экономикасымен танысу;
2) Қазақстан – Иран арасындағы қарым- қатынастар жағдайын қарастыру;
Зерттеу объектісі: Иран Ислам Республикасы
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша математикалық, ақпараттық,
тиiстi әдебиеттер мен мұрағат мәлiметтерiне теориялық талдау, материалдарды
саралау, модельдеу.
Зерттеу болжамы: егер, Қазақстан- Иран арасындағы қарым- қатынастар
жағдайы теориялық тұрғыда дәлелденсе, онда, оқу орындарында қосымша
немесе көмекші материалдар ретінде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екітараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Иран Ислам Республикасы және ирандық қазақтар

1.1 Иран Ислам Республикасы туралы жалпы мағлұматтар
Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам
Республикасы— Азияның оңтүстік-баты с бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер
көлемі 1,648 млн. км². Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық
құрамы: парсылар (51%), әзірбайжанд ар (27%), күрдтер(5%), арабтар, түр ікменд
ер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы
— Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5
млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі
қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит
тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд
Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами)
4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы
орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл
сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы
бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы
11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.
Табиғаты
Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының
батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс,
Түрікмен — Хорасан), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығысы Иран (Серхед,
Пеленган, Боран, Келат) таулары, ортасында Кухруд жотасы, Деште-Кевир,
Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-
Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстікн — Гермезир шөлі
алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік,
жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман
шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік.
Қаңтардағы орташа температура 2°С-тан 19,4°С-қа дейін, шілде айында
29,4 — 32,5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде
2000 мм, Систан ойысында 50 — 60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері
— Карун, Сефидруд, Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар.
Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт
топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл,
шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық,
бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа
бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б.
Тарихы
Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-
мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла
бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары
келіп қоныстанды. Б.з.б. 673–672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында
Мидия мемлекеті пайда болып, 616–605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі
мемлекетке айналды.
Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен
әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзеннен батыста
Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін
жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет
гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін
басқыншылық жорықтар жасады (қ. Кир ІІ, Дарий І).
Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский
талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғасырдың
орта тұсынан бастап Парфия патшалығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті
құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті
Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға
қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті
мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғасырдың 2-жартысында Иран Араб
халифаты құрамына қосылды.
8 ғасырда Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат
астанасын Бағдадқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті
билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экон. дамуды басынан
кешірді. 9 — 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді
болған әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып,
қалалар өсе бастады. Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен
кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен
бірге түркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ.
Ғазнауи әулеті). 11 ғасырда Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре
бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды
және көрші елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін құрды. 12 ғасырда
салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман
бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаїы Текеш басып алды.
1220 — 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу
әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. 14 ғасырдың 30-жылдары
ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 — 93 ж. Иранды
Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір
әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16
ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып
кіріп, 1501 — 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін
құрды. 17 — 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы
нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, Әзірбайжандар,
күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс
жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі
әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден
қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден
елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19
ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің
билігі күшейіп кетті.
19 ғасырдың аяғына таман Иран еуропалық мемлекеттердің жартылай отарына
айнала бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909
ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің
солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 — 11
ж. елде шетелдіктерге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. Оның
барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер
жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны
кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Елде ағылшын үстемдігіне қарсы
жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21 ақпанда әскерилер Реза ханның
басшылығымен мемл. төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет
халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады.
Армияға сүйенген Реза хан Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік
пиғылдағы Иран ақсүйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. 1925 ж. 31 қазанда 5-
меджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай
жиналысы Реза ханды Реза шаї Пехлеви деп жариялады.
Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Халықтың мәдени және
тұрмыстық өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 — 33 ж.
болған дүниежүз. экономикалық дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады.
Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар басталды. Ол толқулар күшпен
басылып отырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Иранға одақтастар әскерлері
енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әскерлері, 1942 ж. аяғына
таман АҚШ әскерлері). 1941 ж. 16 қыркүйекте Реза шаї тақтан өз еркімен бас
тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви шаї болды. 1942 ж. 29 қаңтарда
Иран КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен одақтастық туралы шартқа қол
қойды. 1943 ж. 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс
қимылдарына араласқан жоқ.
Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялық тұтастығын сақтауға
әзір екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен
тығыз байланыс орнатты. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан
М.Мосаддық үкіметі құлатылды. Иран шаһы М.Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің
ішкі өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АҚШ-пен әскери келісімдер
жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел
капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978 — 79 ж.
халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі
шиит дінбасылары басқарды. 1979 ж. 11 ақпанда болған революция нәтижесінде
шаї үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды.
Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни келді. Саяси
партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық
компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып,
Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді.
1980–1990 ж. болған иран-ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700
млрд. АҚШ долларынан астам) зардаптар әкелді (қ. Иран — Ирак соғысы).
Қазіргі кезде Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты
ықпалын бәсеңдету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.
Экономикасы
Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері.
Мемл. кірістің 13 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады.
Елде жыл сайын 180 млн. т-ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл.
м3шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ
сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық
қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90%-ға
дейін шеттен әкелінеді.
Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант,
өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АҚШ долл-на) әкелінеді. Соңғы
жылдары туризм дами бастады. Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы
ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай
экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд.
АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі
басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3,5 млн. адам). Мұнайдан басқа
экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем,
халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен — азық-түлік өнімдері (30%),
машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі
сауда серіктестері:Германия, Жапония, Ұлы британия, Италия, араб
елдері, Түркия, Қазақстанмен диплом атиялық және экономикалық байланыс 1992
ж. орнады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда
болып қайтты. Сол кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А.Хашеми
Рафсанджани, 1998 ж. М.Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-қа
жуық келісімдерге қол қойылған, соның ішінде ең маңыздылары мұнай мен газды
Иран арқылы шетке шығару, жаңа астанадағы құрылысқа Иран жағының қатысуы,
Каспий тенізі мәртебесін шешу, т.б. мәселелер. 2002
ж. Алматы —Тегеран бағытында темір жол байланысы орнатылды.
Әдебиеті
Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына
жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд, т.б.) мен түркі тілінде
сөйлейтін (өзбек, түрікмен, Әзірбайжан, түрік) халықтардың әдебиеті арқылы
қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (7 — 16 ғасырлар) парсы не
парсы-тәжік әдебиеті деп атанды.
Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғасыр), араб
тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне
аударылды (“Қалила мен Димна”, т.б.). Парсы тіліндегі әдебиет,
әсіресе,Рудаки (860 — 941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 —
1020 ж.ш.) “Шаһнама” эпопеясын жазды. Көрнекті ақын әрі ғалым Омар
Хайям (1048 ж. ш. т. — 1122 жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын
жырлады. Әзірбайжан ақыны Низамидің (1141 —1209) “Бестік” (“Хамса”) атты
шығармасы жазылған кезден бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы
өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген кезі — 13 — 14 ғасырлар. Бұл кезде
Закани, ибн-Ямин, Сағди, Хафиз сияқты атақты ақындар шықты.
Иран революциясы (1905 — 11) және азаматтық қозғалыс (1918 — 21)
кезінде А.Фарахани, М.Кермани, М.Т. Бехар, т.б. ақындар демокр. идеяның
жыршысы болды. Бұл кезде С.Хедаяттың “Қаңғыбас төбет” (1943), “Азғындық”
(1944) әңгімелер жинақтары мен “Хаджи аға” повесі (1945), Б.Алевидің “Елу
үш” (1942), “Түрме жазбалары” (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген
романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды көрсеткен Ускуидің
“Періште жылағанда” (1963), Саркоштың “Көз жасының зары” (1965), А.М.
Афганидің “Аху-ханумның күйеуі” (1962), т.б. роман-повестері жарияланды.
Иран әдебиетінен “Парсы ертегілері” (1958), Омар Хайям рубаилары (1965),
Сағдидың “Бустан” дастаны (1970), т.б. қазақ тіліне аударылды.
Өнері
Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген
егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар
(б.з.б. 5 — 4 ғасырлар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан,
Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан
жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын
дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол
сақталған (қ. Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 — 7
ғасырлар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды
(мыс., Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға
рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі
бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғасырда арабтардың
ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медреселер, күмбездер
пайда болды. 1305 — 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші
Ольджейту-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаї) тұрғызылды. 14 ғасырдан
кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды.
15 ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер
етті. 16 — 17 ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси,
т.б.) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18 — 19
ғасырларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған
алғашқы туындылар өмірге келді. 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық
құрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі
стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғасырдың басынан
мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің
дәстүрлі түрлері сақталған.
Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы,
негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының
теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық
ән) түрлері көп тараған. Музыкалық аспаптары: саз, тар (ішекті), кеманча
(әшекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы). Арабтар жаулап
алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді. 9
ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-
бишілер) даңқы жойылды. 19 ғасырдың 2-жартысынан Иран музыкасына еур. муз
мәдениеті әсер етті. 20 ғасырдың 20-жылдары композитор әрі шебер орындаушы,
Тегеран университетінің профессоры Әли Наги Уәзири ұлттық музыканы оқып-
үйренудің негізін салды, музыкалық теориясынан оқулық жазып, Тегеранда
музыкалық мектебін ашты. Иранда Рудаки атынд. Опера және балет театры
(1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, филармония (1953), 2 симф.
оркестр жұмыс істейді.
Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер
театры жайлы деректер сақталған. Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары
болған. 10 ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің
құрамына енді. 17 — 18 ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі —
тазийенің негізін қалады. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер —
масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911 — 12 ж. еур. театрлар тәжірибелерін
пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды. Бұл
театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап
әйел актерлер көріне бастады.
1930 — 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Батыс Еуропа драмалары мен
мелодрамалар орын алды. 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960
жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 ж. Тегеранда кәсіби
актерлер дайындайтын драм. студия ашылды. Тегеранда “25-шахривар”, “Касра”,
“Нәсір”, “Жамейе Барбод”, Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда “Сепахан”,
Хамаданда “Були” театрлары жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр
фестивалы өткізіліп тұрды. 1973 ж. осы фестивальға Қазақ драма театрының
труппасы қатысып, Ш.Айтматовтың “Ана — Жер-ана” спектаклін көрсетті.
1930 ж. тұңғыш “Әб аби” атты фарстық фильм (реж. Эханиян), 1934 ж.
дыбысты “Лор қызы” фильмі (реж. А.Х. Сепента) түсірілді. 20 ғасырдың 40-
жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 ж.
Тегеранда “Митра-фильм” киностудиясы құрылды. 1960 — 1970 ж. музыкалық
комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған
фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықар., 1970 жылдан ұлттық
кинофестивальдер өткізіліп тұрады. Иран кинематографиясының дамуына реж.
И.Кушан, М.Мисагие, Мохтасем, М.Мохсени, С.Ясеми, Ш.Рафия елеулі үлес
қосты.

1.2 Иран қазақтарының жек- жат жұрағаттық қатынастары
Иран қазақтары жеті атаға дейін бір атаның баласындай үлкен шаңырақтың
мүшелері болып өмір сүреді.
Жасы балиғатқа жеткен жасөспірім жігіт қалындығын көшеде танысып,
қосылмайды. Ата-аналары арнайы рұқсат беріп, құда түсіп екі жасқа батасын
бергеннен кейін ғана қосылып, некелері қиылған күні ғана жақындасуға
мүмкіндік алған.
Қазақ жылқы мінездес дегенді жиі айтады. Бұл сөз тегін айтылмаған
сияқты. Жылқы да өз үйіріне өзге үйірдің жылқыларын қоспайды. Қосыла қалған
жағдайда ол үйірден бөлініп кетуі неғыбайыл. Осы орайдан келгенде
қазақтарда ежелден ата атаға бөлініп өздерінің ұлттық қасиетті қағидаларын
сақтап келеді. Рулық топ жеті атаға толған кезде арнайы ру ақсақалдары екі
рудың жастарын боз биенің сүтіне шомылдырып қол жайып бата беріп олардың
қосылуларына рұқсат берген. Содан барып қазақ ұлтында жаңа ру қосылып
отырады.
Шетелдегі қазақтар, оның ішінде Иран  қазақтары еліміздің осы дәстүріне
қатты мән беретінін біз көріп өстік.
Әсіресе қазақтар арасында үйлену кезде олардың рулық қатынастарының
маңызы зор болғандықтан әр қазақ өзінің аталық шежіресін жақсы білуге тиіс.
Сондықтан қазақтар аталық шежіресін есте сақтауды мықтап меңгеріп, өзіндік
салт-дәстүрін қатаң ұстанған.
Иран қазақтары өздерін Әнес Сахаба [Әнес ибн Малик, Әбу Хамза,
пайғамбардың сахабасы. Ол Хәзәржи Бәни Нәжжар тайпасынан шыққан Әнсар
(Пайғамбардың жанында жүрген достарының қатарында болған). Пайғамбар Мекке
қаласынан Мәдине шаһарына көшкенде Әнестің анасы, басқа бір рауаятқа
қарағанда өгей әкесі Әбу Тәлһе оны пайғамбардың хұзырына алып келіп,
қабылдауын өтінді. Содан бастап Әнес Пайғамбардың соңғы деміне дейін оның
жанында болды. Пайғамбардың қасында ирандықтармен болған Шуштер шайқасында 
Иран әскерінің қолбасшысы Һормозанды тізе бүктірткен сардар. Әнес үлкен
отбасынан шыққан аса бай жан болған. Көп балалы отбасыдан шыққан Әнес мол
байлығын, ұзақ ғұмырын, үлкен шаңырақ болуы себебін Алла тағалаға жасаған
дұғаларына байланыстырады. Өйткені Пайғамбар оған Алла тағалаға мінәжат
етуін бұйырған екен. Оның перзенттерінің қатарынан  фиқһ  ғалымы, көркем
сөздің майталман шешендері шығып, биік дәрежелерге қол жеткізген атақты
тұлғалар болды.  Әнес жасы жүзден асқан шақта 712 жылы дүние салған. Иран
қазақтарының қариялары  Әнес баба ұрпағынанбыз деп біледі.
Гүмбез-Қауыс қаласы, Шәйбойы ауылында тұратын қазақтар өзедерін Елтай
ұрпағынан санайды. Олар Елтайды шамамен 850 (1446) жылы өмір сүргенін
айтады. Оның төртінші атасы Елу батыр Харезм мен Хожәнд шаһарларында
диқаншылықпен айналысқан ауқаты мол, бай кісі екен . Елу батыр үлкен
тайпаның басшысы ретінде өз қарамағында көптеген қызметшілері мен төрт
түлік малы және басқа да мүліктері болған. Сол себепті ауа райының
ерекшелігіне қарай жаз жайлауға қыс қыстауға көшіп-қонып жүре беретін.
Олардың арасында өзге ұлт өкілдері мен оның ішінде қазақ еместерге үйленіп,
тұрмыс құруға қатаң тыйым салынған. Дегенмен адай руларының әйгілі
аталарының бірі Қосай ата өмірінің бір шейленісті жағдайына қатысты өзінің
отбасы мүшелері, бауырлары мен ағайындарын алып қашуға мәжбүр болады. Қашып
жүрген қатаң қыста мұз қатқан дарияның (теңіз) үстінен өтуге тура келеді.
Қосай арғымағымен алға түсіп, арттағы жолдастарынан бұрынырақ дариядан өтіп
оларды арғы жағалауда күтеді. Олардан хабар болмағаннан кейін, сезіктеніп
артқа оралады.  Қайта келген Қосай өзінің отбасы мүшелерін көре алмады.
Жазым болып, дарияның мұзы жарылып барлығы су астына кеткен екен. Оларды
құтқаратын қолынан шара келмей, қайғылы жағдайға тап келіп, өзінің әзиз
жандарымен мәңгілікке қоштасуға тура келеді. Қосай сол оқиғадан біраз уақыт
өткен соң бір түркімен қызымен үйленеді. Одан туған баланың атын Түркімен
Адай қойған. Қазіргі кезде Иран қазақтарының бірнеше руы Түркімен Адай
ұрпақтары.  Бұл оқиғаның өзі Адай аталарымыз ұрпақтың жалғасуына қажет
болған жағдайда өзге де ұлт-ұлыстармен некелесуді жөн көргенін байқатады.
Қорыта айтқанда, қазақтар арасында үйлену заңы бойынша өз ағайын-
туыстарымен үйленуге тыйым салынған (Endogamy). Сондықтан ешқашан
ағайындардың ұл-қыздары бір-бірімен үйленуі түгіл мүлдем жыныстық қарым-
қатынаста да болмайды. Ағайынды ұл-қыз бір-бірін бейне бір әке-шешенің
перзенттеріндей көреді. Яғни қазақтар өзге ру-тайпалардың ұл-қыздарымен
үйленуге құқығы бар (Exogamy).
Қазақтар отбасыларында әке басшы болып, ұл-қыздардың үйлену тәртібі,
әкенің тегіне қарап іске асатын-ды. Мәселен, ұл баланың әкесі Жеменей
болып, анасы Тобыш болса, ол Тобыш (сүттес бауыр болмаған жағдайда) қызына
үйленуге болады. Осындай үйлену ережелеріне орай қазақтар арасында
гинетикалық ауру кезікпейді. Қазақтардың аталас рулар өзара әрі өзге ұлт
өкілдерімен үйленуге  тыйым салып, отбасылық мүшелерінің денсаулығымен
ұрпақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Каспий теңiзiн бөлiктерге бөлу туралы теория
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Қазақстанның Европа одағы елдерімен қатынасы
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Қытай және жаһандану проблемалары
Әзербайжан-қазақ қатынасының мәні
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Пәндер