Жеке тұлганың танымдық қызығушылықтарын арттыру


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Жеке тұлганың танымдық қызығушылықтарын арттыру»
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Жеке тұлғаның танымдық қызығушылықты арттырудың теориялық негізі
1. 1 Таным процестерінің педагогика-психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары . . . 5
1. 2 Танымның негіздері және оның қоғамдағы алатын орны . . . 11
1. 3Таным қызығушылықтың бағыттары дәрежелері және белгілері мен компененттері . . . 14
2 Жеке тұлғаның танымдық дық қызығушылықтың арттыру
2. 1 Танымдық қызығушылықты арттырудағы әдістер жүйесі . . . 18
2. 2 Танымдық қызығушылықтың даму деңгейлерін анықтаудағы тәжірибелік зерттеулер . . . 20
2. 3 Танымдық қызығушылықты арттыруды ұйымдастыру жолдарының оқушы танымын қалыптастырудағы тәжірибелік зерттеулер . . . 22
2. 4 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы оқушының қызығушылығын арттыру . . .
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2002-жылғы сәуір айындағы Қазақстан халқына жолдауына орай 2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» болып жарияланды. Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертудің стратегиялық міндет деп санаймын. Еліміз үшін мұғалім мәртебесін арттыру, ең алдымен, ауылдық жерді арттыру- ең бір өзекті мәселе», деп атап көрсетті.
Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я. А. Коменский, Ы. Алтынсарин, А. Е. Әбілқасымова, Т. С. А. Ж. Қараев, Р. С. Омарова. т. б еңбектері.
Жеке адам тәрбиелеу мен қалыптастырудың тарихы ерте кезден басталған. Бұл мәселені ежелгі грек философтары біздің жыл санауымыздан бұрын қарастырса, ал қазіргі кезде белгілі педагогтар, психолог-тар, социологтар, мәдениеттанушылар және тағы басқа да көптеген мамандар мәселені зерттеп, жаңа турғыдан жан-жақты ғылыми негіздегі талдауларды жасауда.
Ежелгі философтар Платон және Аристотель адамның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің әсерін ескермей, ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген дәлелдерді алға тартса, бихевиоризм бағытының негізін салушы американ психологы әдуард Торндайк ежелгі грек ойшылдарының тужырымдарына қолдау жасайды. Атап айтқанда, тұлғаның барлық қасиеттері геналарға, яғни шыққан тегіне байланысты деп есептелген. Ал ағылшын философы социологизаторлық бағыттың негізін салушылардың алғашқыларының бірі Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген сыңаржақ қорытындыға келді.
Сонымен жоғарыда қаралған мәселенің түйінін қорыта айтар болсақ, баланың дамуына ықпал ететін факторларға: тұқым қуалаушылық; әлеуметтік орта және тәрбие жатады екен.
Қазіргі кезде орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеқе тұлғаны қалыптастыру. Яғни қазіргі кезде жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Бұл дегеніміз тұлғаның маңызды құндылықтарының және ішкі дүниесінің негізінде дүниетанымды қабылдауының даралығымен айқындалады. Білімділікті, біліктілікті тұлғаның интелектуалдық, эмоциональдық, өнегелілік потенциалынан бөлек қарауға болмайды. Бұл жағдайға байланысты белгілі орыс педагог ғалымы Г. М. Анохина тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға жағдай жасап, оның құндылық-эмоциональдық қабылдауына зиянын тигізе жүргізген оқыту тұлғаны қалыптастыруда технократтық ойлауымен сыңаржақтылыққа әкелетіндігін айтады. Технократтық парадигмаға тән ұран "Күш - білімде", ал оқу-тәрбие процесіндегі нәтижелер "иә-жоқ", "біледі-білмейді", "тәрбиелі-тәрбиесіз", "меңгерген-меңгермеген", - деп бағаланады. Баланың құндылығы "жақсырақ-жаманырақ", "күштірек-әлсізірек" деген принцип бойынша анықталады. Ал бұл өз кезегінде бәсекелестікті туғызады. Кемшіліктерге қарамастан, технократтық парадигма білімнің жоғары деңгейін көрсетеді.
К. Д. Ушинский балаларды зерттеп олардың жеке адам ретінде қабілеттерін және қызығушылығын білу қажеттігін талай рет атап көрсеткен болатын. Н. Х. Вессель баланы "субъект" және "объект" ретінде қарастыра келе субъект ретінде тұқым қуалаушылық үлкен мағынаға ие екендігін, ал екінші жағдайда тәрбиенің рөлі басым екендігін айтады.
Қазақстандық ғалымдар Ж. Әбиев, С. Бабаев, және А. Құдиярова "индивид"- деп адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа қасиеттеріне қатысынсыз тануға болатын және бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам "индивид" бола алатынын айтады. Сонымен қатар бұл авторлар "жеке адам" ұғымын қолданып, оған төмендегідей анықтама береді: "Жеке адам"-адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. "Адам"- ойлау және сөйлеу сыйына, құрал-сайман жасай және еңбек процесінде оны қолдана алатын қабілетіне ие тірі организм, ол физикалық және руха-ни, табиғи және әлеуметтік, тұқым қуалаушылық және иемденушілік бірлікті білдіреді. "Тұлға" деп қоғамдық дамудың өнімін, еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісін, қоғамдық өмірдің нақты тарихи жағдайында анықталған адамды айтуға болады. "Адам", "индивид", "тұлға", "даралықтағы жеке бас" ұғымдарын салыстыра келіп, ғалымдар әрбір адамзат баласы өмірге жеке адам болып келеді, "тұлға" ретінде қалыптасады, ал даралықтағы жеке бас ретінде өзін сақтап қалады - деген тұжырымға келеді. Тұлғаның өмір барысында "дамуы", "қалыптасуы" ұғымдарымен қатар, соңғы кезде педагогика ғылымында "социализация" ұғымы да кеңінен қолданылып жүр. Социализация дегеніміз адам мен қоғамның өзара қатынасы, тұлғаның әлеуметтік ортаға интеграция процесі, яғни бейімделуі. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу септігін тигізуі тиіс. Бұның басты принципі баланың барлық қызығушылығын, мүмкіндігін және шығармашылық қабілетін көрсетуге жан-жақты ықпал ету. А. Маслоу шығармашылық адамның жан-жақты әрекеті, яғни өзін-өзі көрсетудің барлық түріне және адамдардың жан-жақты сипаттамасына әкеледі. Шығармашылыққа деген қабілет әрбір адамда бар және оған арнайы талант керек емес деген пікірді айтады.
Курстық жұмыстың мақсаты : Жеке адамды тәрбиелеу мен қалыптастыруда тәрбие ісінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдарын қарастыру .
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2. Орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру моделін құру.
3. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын қалыптастырудың нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
4. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудағы тәжірибеден бұрынғы оқушылар таным деңгейін анықтау
5. Оқушылардың танымдық қызығушылығын анықтау мақсатындағы тәжірибелік сауалнамалар құру
6. Жүргізілген тәжірибеге негіздей отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын жасау
Зерттеудің болжамы. Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалып, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығы артуы негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы қалыптасады.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; бастауыш сынып оқушылардың оқу үрдісін бақылау; оқушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын белсенділігін арттыру теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сауалнамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- Қазіргі жағдайда орта мектептерде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың әдістемесі жасалынды;
-Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;
-Оқушылардың танымдық қызығушылығын белсенділігін арттырудың теориялық әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдер қызметінде, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. .
1. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Таным процестерінің педгогика- психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары
Балаларда түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бернеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерінтіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері құлақ түтігі суға толы болады да, ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен дауысын естіп, көңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, одан соң барып, бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүре бастауы- түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б. ) біршама қалыптасып үлгереді. Мектеп оқушыларының түйсіктерін де жан-жақтылы дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу әрекеті белсенді де творчествалы, қызғылықты да сан қилы болып ұйымдастырылуы тиіс. Түйсік дамытуды баланың өзі қажетсінсе, тіптен жақсы. Егер оқушы мектепке дейін сурет салумен әуестенсе, және оның салғандары сәтті шықса, мектепте де сурет салуға ынталанып, бояу біткеннің қасиетін білуге ықыластанып тұрады. Осындай баланың түсті айыру қабілеті өз құрбыларынан әлдеқайда жоғары болады. Түйсікті дамытуға нұқсан келтіретін факторлардың бар екенін ұмытпау қажет. Мәселен, бала партада дұрыс отыра алмайтын болса, оқыған немесе, жазған кезде қисайып жатып алса, кітапқа, дәптерге көзін өте жақын дағдыланса, оның көру қабілеті нашарлайды. Мұғалім осы айтылғандардың, сондай-ақ жатып оқудың да зияндылығын балаға ескертуі тиіс. Мұғалім көзі нашар көретін оқушыны жеке бақылауға алып, қадағалап отырмаса болмайды. Көзі нашар көретін баланы қадағаламаса, оның сабақты нашар үлгеруі де мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларының есту түйсіктерін жетілдірудің де маңызы зор.
Оқушылар жоғары дыбыстарды да сезе алатын болуы тиіс. Мұндай қабілет арнаулы жаттығулар арқылы тәрбиеленеді.
Мәселен, 1-ші сынып оқушыларының көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен ажырата алмауы, оқу жазу дағдаларының қалыптасуына кедергі эксперименттік зерттеулерде анықталып отыр. Сөйтіп оқушылардың түйсіктері тәжірибе жүзінде дамитындығы атап айтқанда, ән айту - есту түйсігін, сурет салу - көру түйсігін, еңбек сабақтары - қозғалыс, сипай сезу түйсіктерін кемеліне келітіріп отыратындығы байқалды.
Қабылдау. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп, отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру - оның мағынасын ұғынуға жәрдем етеді, мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз. Сондықтан олар заттарды көбінесе үстірт қабылдамайды. Мәселен, 4-5 жастағы бөбектер кеңістік пен уақытты, алыстық пен қашықтықты, нашар ажыратады
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді, жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді кешегі мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні, қанық бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан Бастауыш сыныптарда оқитын балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Бала заттың көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерн ғана көреді, заттарды талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы да аз болады. Егер объектіні қабылдау қиынға соқса, бала оған қынжылмайды, екіншісіне ауысады, қабылданған затының жеке бөліктерін тізбектей алғанмен, бірақ онда жүйе болмайды.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне, ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зер сала бастайды, Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді. Заттарды дұрыс қабылдай алу мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін ана тілі сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму дәрежесі баяу болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Мәселен, «қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны, аяғы бар» деп баланың тізбектеуі - оның байқай алатындығының белгісі. Үшінші, төртінші сынып оқушылары объектінің түсіне, түріне, үлкен-кішілігіне де назар аудара алады, байқаудың мақсатын түсінеді, нәтижесін сөз арқылы тұжырымдап, бірнеше объектілерді қатарынан байқай алуға шамасы келеді.
Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығу жақсы әсер етеді. Сондықтан да мұғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының белсенділігін қадағалап отырғаны абзал. Өйткені бала объектілерді қарауға селсоқ кірісетін болса, байқау дәрежесі өте төмен болады.
Бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, мұғалім мына төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:
1) Көрнекті құралдарды
2) Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнін түсінген болу шарты
3) Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынға білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға зер салу қажет.
4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, қиындығын мұғалім еске алу шарты
5) Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу, дұрыс қабылдап үйренуге әдеттендіру шарты.
Естің дамуындағы елес және оны тәрбиелеу. Қайта жаңғырту процесі елеспен тығыз байланысты. Өйткені өткендегіні қайта жаңғырту түрлі елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.
Елесті түйсікпен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болады. Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады.
Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушы да әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі елестері анық болса ғана ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет блатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй қояндары туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатқа саладыны ескертілсе, баланың байқауы тереңірек болып, елесіне жақсы тірек болады. Баланың елестерін дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында алдымен салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін одан жатқа сол затты салуды талап етсе және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса баланың көру елесі дами түседі. Бастауыш сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі әлі жетілмегендіктен, затты жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердің мол болуын ойластыруы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру, оларды оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.
Зейінннің дамуы және оны тәрбиелеу. Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамытып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б) Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі обьектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларды зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т. б) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі. Мектеп-оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процессінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, мұғалім - балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойлағаннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік- зейін көлемінің өте тары келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақта бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір обьектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның зейініне қонбайды, қиялын толғандырмайды.
Зейін тәрбиесінде әр бір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:
1. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, олада зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын.
2. Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.
3. Бала қайда жүрсе де, (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі -ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5. Бастауыш сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде болса, «қатая» қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар. Ы. Алтынсарин: «егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» -деп өте дұрыс айтқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz