Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Математика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:«Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану»

Мамандығы: «0111063 математика мұғалімі»

Дайындаған 4сМК тобының студенті: Бегеев Б. Б.

Ғылыми жетекшісі: Жұматова М. С.

Орал - 2015 ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Математика пәнін оқытуды талдау . . . 5

1. 1. Математика пәнін оқыту әдстемесі . . . 5

1. 2. Математика орта мектеп пәні ретінде . . . 11

1. 3. Оқыту технологияларын математиканы оқытуда қолдану . . . 14

ІІ. Математика сабағындағы жобалау технологиясы . . . 17

2. 1 Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы математиканы оқыту . . . 17

2. 2 Математиканы ойын көмегімен дамыта оқыту . . . 20

2. 3. Математика сабағында жобалау технологиясын

қолдану . . . 24

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін одан әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары болып табылатын электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектепте математика пәнін оқыту үрдісінің әдістемесі.

Курстық жұмыстың пәндік зерттеуі - Математика пәнін игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары.

Курстық жұмыстың мақсаты - мектеп оқушыларына Математика пәнін игеруде оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы - егер математика пәні бойынша оқытудың іргелі дайындық кезеңінде компьютерлік оқытуды пайдаланып оқу үрдісін ұйымдастыру жүзеге асырылса, онда оқу материалын игеру деңгейі артады, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі мен дербестігі көтеріледі, өйткені компьютерлік оқыту бағдарлама арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті циклдік және бағытты басқаруын қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Математика пәнінде жобалау технологиясын қолдану аясын анықтау және айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Жалпы білім беретін орта мектепте математика пәнін оқыту мазмұнын, оны оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру принциптерін зерттеп, анықтау;

- Математика орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- Математика пәнінің мазмұны мен құрылымын анықтау;

- Мектеп оқушыларына математика бойынша оқыту бағдарламаларына және бағдарламалық-әдістемелік кешендерді жіктеу және пайдалану үшін бағдарламалар тобын белгілеу;

- Мектеп оқушыларына оқушылардың құзыреттілік біліктілігін қалыптастыратын оқыту және үйрету әдістемелік әдістемелік электрондық құралын жобалау және құру.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері - ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, орта мектептің сыныптарына математикасын оқыту теориясы мен әдістемесін талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді ескеру, оқыту үрдісін тұрақты бақылау, тиімді әдістерді оқу үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту.

Курстың жұмысытың ғылыми жаңашылдығы: Математика пәнінде орта мектепте жобалау технологиясын қалыптастыру арқылы математика саласында қолданылуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Математика пәнін оқытуды талдау

1. 1 Математика пәнін оқыту әдістемесі

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген. Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Ондағы негізгі мақсат - оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше жаңа технологиялар жүйесі жинақталған. Математика пәніне тиімді қолданылатын технологиялардың бірі - саралап-деңгейлеп оқыту болып саналады.

Математика - ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Бүгінгі күні ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интербелсенді тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интербелсенді тақтамен жаңа материалдарды арнайы программа мүмкіндігін пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және интербелсенді тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы бола алады.

Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интербелсенді тақтамен сабақ барысында кезде мұғалім, оқушы және интербелсенді тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен, оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделі, әрі қиындығы мол, ұлттық бірыңғай тестілеу сынағындағы негізгі пәндердің бірі - математика. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып, математика пәнінің оқу сапасын, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру мақсатына жету үшін оқушылармен жеке-дара жұмыстар ұйымдастырамын. Осы бағытта тақырыптық карташалар мен алгоритмдер жинағының орны ерекше.

«Математика пәнін оқыту жүйесі» Математика бүкіл ғылымдардың ішінде айрықша қадір-құрметке бөленген; мұның бірден - бір себебі оның қағидаларының абсолют ақиқаттығы мен даусыздығында жатыр.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Математиканы оқыту жүйесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті - қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс. Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау. Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызыметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын. Қазіргі кезде білім беру : пәндік - мазмұндық, мазмұндық - әрекеттік және мазмұндық - тұлғалық байланыста болуы керек. Сондай - ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауатылық мәселесінен бастауымыз керек. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттілігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезіндегі копьютерлерді, интернетті және электрондық почтаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілді. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешуге міндеттіміз: компьютерлік технологияны, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқуықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында ақпараттық технологияларды жоспарлы түрде енгізіп, жүйелілік интеграциялауды өткізу немесе қамтамсыз ету қажеттілігі туып отыр. Интеграция латын тілінен аударылғанда, қалпына келтіру, толықтыру. Интеграция дегеніміз педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру.

Білім жүйесін ақпараттандыру және мәселені шешу құзыреттілігін әріқарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кенінең оқу процесіне енгізу арқылы оқуі жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Оқу танымдылық коммуникативтік құзіреттіліктің және ақпараттық оқу технологияларын жетілдіре отырып, математикаға деген қызығушылығын арттырып оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты - оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.
Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

- Қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

- Оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

- Ақпараттық - әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру. Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді.

Қазіргі уақытта математика сабағында тек қана иллюстрация тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолданылуы қажет жаңа сабақты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде және үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында.

Электрондық оқулық оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бұл процестің негізі мынада - мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Оқытушыны алдымен сыныптағы компьютерлерге пәні бойынша дәріс тақырыптары мен мазмұны жеке тақырыпты игеруге қатысты зертханалық жұмыстарды тәжірибелік есептерді, оқушының білімін тексеруге арналған тесттерді енгізіп қояды. Дербес компьютердегі дәріс мәтініне өзгертулер мен қосымша материалдарды қиындықсыз ендіруге болады. Оқушылар өзгерістерді дер кезінде біліп отырады.

1. 2. Математика орта мектеп пәні ретінде

Мектеп математикасының курсы математика ғылымын түгелдей қамти алмайды. Сонымен қатар ол оқушыларға ең негізгі білімді жеткізе білуі керек, сонымен қатар жас ұрпақты ақпараттық қоғамға бейімдеуі керек.

Қазіргі кездегі дидактика жалпы білім берудің мазмұнының қалыптасуы принциптерінен оқу пәні мен ғылыми логикасының бірлігі мен қарама-қайшылық принципін бөліп алады. Б. Т. Лихачев бұл жөнінде былай деген: «Кез-келген ғылым қарама-қайшылықта дамиды. Ол өзіне жол іздейді, алға жүреді, бір орында тұрады».

Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне және тақырыпты қабылдау ерекшелігіне назар аудару керек, білім беруді нақтыға немесе керісінше етіп ұйымдастырады. Мектептегі математика курсының мазмұнын анықтау өте қиын. Оны анықтау үшін көптеген жұмыс атқарылады.

Математика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында математика пәнін оқытудың сапасын арттыру қажет. Математика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамытуға өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында педагогикалық технологиялардың тиімді түрлерін кеңінен қолданған дұрыс.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі - білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.

Аталған мәселелерді жүзеге асыру бағытында Курстық жұмыстың тақырыбын «Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру» деп таңдадық. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.

Математика жалпы білім беру пәндеріне жатады, жоғары оқулардың бар мамандықтарында оқылады сондықтан көп көңіл бөлуді талап етеді. Қазіргі ақпараттандырылған әлемде ақпаратты электрондық түрде жеткізуге көп мүмкіндіктер бар. Қазіргі қоғамда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған сәтте электрондық оқу құралын пайдалану еліміздің болашағына барлық ғылым салаларда жаңа идеяларды ұсынып отырамыз.

Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сабақтың тиімділігін арттырудың бірнеше тәсілдері бар.

Математиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.

Осы орайда, ең алдымен, «Математика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде Математика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.

1. 3. Оқыту технологияларын математиканы оқытуда қолдану

«Құзірет» - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс - әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. «Құзыреттілік» - сәйкес құзіретке ие болу негізінде іс - әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы.

Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру курсының бізге ұсынылып отырған бағдарламасы мына жеті модульді қамтыған:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орны
Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орнын анықтау
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz