Жеке тұлға туралы түсінік


Жоспар:
1. Кіріспе.
1. 1. Жеке тұлға туралы түсінік.
2. Адамгершілік құндылықтар.
2. 2. Жеке тұлғаға адамгершілік тәрбие беру
3. Жеке тұлға ретінде қалыптасуда - мектептердің рөлі.
3. 3. Рухани құндылықтар
4. Қорытынды.
5. Пайдаланылған әдебиеттер.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа . . . » «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие - балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ. .
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Жеке тұлға дегеніміз - өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы. Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны әлеуметтік тәжірибе барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып табылады. Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелерін Жеке тұлға туралы түсінік. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам” және «тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады.
Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады.
Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұлғадан қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі психикалық процестердің адам бойындағы біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-құлқына қажетті смпат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып құрылады.
Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі.
Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде жүзеге асады. Бұл екі процестің екуіндеде тұлға жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог А. И. Леонтьев адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады деген болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп отыратын, процес болғандықтан, тұлғада үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға, тоқыраушы тұлға. Жекек адам басқа біреудің ырқынан шыға алмай аған толық бағынса, өзіндік еркі болсада, тұлғаның тоқырауы болады. Бөтенің ырқына толық бойұсынған, өз ой-пікірі, дүниеге көзқарасы жоқадам тұлға болудан қалады.
Тұлғаны сипатаушы аса бір сапасы - оның рухани адамгершілік мәні. Тұлғаның маңызын құратын маңызды бір құрамдас бөлігі- санасының алған бағыты, саналық деңгейіне, дүнеге көзқарасына және адамгершілік түсініктері мен жауап кершілік сезіміне байланысты тұлғалық бағдары. Тұлғаның қалыптасуы мен мінез-құлқына әлеуметтік ортаның күші әсер ететіні сөзсіз. Бірақ тұлғаның мінез құлқымен адамгершілік бағдарына адамның ішкі рухани дүниесінің тигізетін әсері де аз емес. Әркім өзінің бақытымен тағдырының жасаушысы деген сөздің айтылуы тегін емес. Адамның ақыл-парасатымен адамгерщілік ерік күші неғұрлым айцқын көрінсе, оның өмір бағдары жалпы адамдық мораль талаптарымен неғұрлым толығырақ болса, және олар адамгершілік сапаларының дамуымен нығаюына неғұрлым игі әсер етсе, оның адамдық тұлғасыда соғұрлым айқын көрініс табады. Бұл жағдайда адамның тұлғалық бейнесі рухани және ерік күшінен көрінеді. Ал ерік күші мен рухани күш, тұлғаның адамгершілігі мен адалдығы сөзінен емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайлардағы нақты практикалық іс-әректтерінен айқын көрінеді . Олай болса, адамның тұлғалығын сипаттайтын ең маңызды факторсөз емес, нақты іс, яғни сөзбен істің табиғи бірлігі. Көптеген адамдардың сөзі мен ісінің арасындағы алшақтық, яғни сөзінің жалғандығы, оның тұлғалық қасиеттерінің төмендігінің, керек десе екіжүзділігінің көрінісі деседе болды. Өйткені, егер адам өзін тұлға санаса немесе тұлға болғысы келсе, онда ол жауапкршілікті сөз жүзінде ғана сезінбей, оны ең алдымен іс-жүзінде, мінез-құлқында көрсетуі тиіс, ал бұл көп жағдайда оңай бола бермейді.
Сонымен тұлғаға еркіндік тұрғысынан мінездеме беру қажетті екені сөзсіз, өйткені еркін тұлғаны сипаттайтын бірінші қасиет. Алайда жауапкершілікті сезінбейтін еркіндік-бейбірекеттік. Сондықтан жаупкершілік сезімі тұлға үшін еркіндіктен маңызы артық болмаса кем қасиет емес, өйткені тек еркін болғаннан гөрі әрі еркін, әрі жауапты болу әлдеқайда қиын . Бұл үшін жауапкершілікті ақыл-санамен сезіну қажет.
Егеменді еліміздің ертеңі болар келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті біліммен қаруландыру - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Елбасы халыққа жолдауында ұлттың, мемлекеттің келешегі бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты екенін нақты айта келе, бұл орайда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, сенім артып отырғанын ерекше атап көрсеткен.
«Ел түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», бұл - алты алаштың ардағына айналған Ахмет Байтұрсыновтың сөзі. Сұңғыланың жүрек түкпірінен суырыла шыққан осы бір сөзі өткен ғасырдың алғашқы ширегінде айтылса да әлі күнге тайға таңба басқандай мәні мен мазмұны сол қалпында.
Өркениет әлеміне нық қадам басқан жеткіншек - мемлекетіміздің жарқын болашағы - бүгінгі бала. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп, сенім артатындықтан, сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі - білім беру саласының еншісінде. Демек, салмақты талаптың ауыр жүгі білімдендірудің ошағы мектепке, яғни ұстаздар қауымына түсіп отыр.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Адамгершілік - бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет - балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар: «Мамандықтар», «Ұ дыбысы мен әрпі», тәрбие сағаты: және ойын - сабақтарын: «Ойнайық та, ойлайық!» өткіздім. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Рухани - адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар - мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz