Автокөлік жолдарына жөндеуді ұйымдастыру туралы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
  1. Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі : Автокөлік жолдары - Қазақстан Республикасының жалпы транспорт жүйесінің маңызды саласы бола отырып, олардың даму деңгейі мен техникалық жағдайы жалпы мемлекеттің, сондай-ақ жеке аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше ықпал етеді. Автокөлік жолдары тауарлар мен өнімдер, жүктер мен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын негізгі қатынас құралы болып есептеледі.

Қазақстан Республикасында саяси - экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда күтіп - ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Автокөлік тасымалдарының қарқынды дамуы автокөлік жолдарының жай - күйіне және олар көрсететін қызметтердің сапасына қатаң талаптар қойып отыр.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың тұрақты дамуы, транзиттік қатынастардың өрістеуі, коммуникациялар мен ақпараттың ғаламдық жүйелері, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар мен корпарациялардың іс - қимылдары, жүк және жолаушы тасымалдар көлемінің өсуі, сондай-ақ барлық елді - мекендер, аудандар мен облыстар арасында тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттілігі республикада автомобиль жолдары желісін дамытудың маңыздылығын айқындата түседі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің көп салалы секторлары, соның ішінде орта және кіші бизнес, мұнай және газ өнеркәсібі, құрылыс кешендері экономиканың тұрақтануына елеулі әсер етіп отыр.

Осы салалардың ішінде жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының маңыздылығы олардың техникалық жай - күйі мен көрсететін қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттардың талаптарына жауап берген жағдайда ерекше орын алады. Сондықтан да, қазіргі таңда жол шаруашылығының тұрақты дамуына және автомобиль жолдарының тиімді пайдалануына саладағы өндіріс шығындары есебі мен аудиттің дұрыс ұйымдастырылуы маңызды әсер етеді. Яғни, саладағы дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп арқылы материалдық ресурстар мен ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалануға, жолдарды салу және жөндеу жұмыстарының өзіндік құндарын төмендетуге, сонымен қатар өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік болады.

Орал- Тасқала мекенжайлары арасындағы автомобиль жолының жалпы ұзындығы 80 км. Мекенжайлар арасындағы автомобль жолының бойында жалпы саны 10- нан аса елді мекендер орналасқан. Автомобиль жолдары қазіргі кезде тозу сатысына жеткен. Республикалық және жергілікті бюджеттен осы аталған мекенжайлар арасындағы жолдарды жөндеуге қаражат көздері қарастырылып ағымды жөндеулер өткізуге құжаттар дайындалуда.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Орал- Тасқала мекенжайлары арасындағы автомобиль жолдарына ағымды жөндеуді ұйымдастыру және жолдарды салу мен жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс шығындарының қалыптасуының теориялық ерекшеліктерін, олардың есебін жүргізу әдістерін, сонымен бірге өндіріс шығындарына талдау жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегідей міндеттер алға қойылды:

• Жол шаруашылығының технологиялық және салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс шығындарының баптары мен элементтеріне қарай жіктелуін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

• Нарықтық қатынастар жағдайында өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру мен саладағы қызметтің өзіндік құндарын төмендету жолдарын жетілдіру мәселелеріне байланысты ұсыныстар жасау;

• Автокөлік жолдарын салу және жөндеу жұмыстары бойынша материалдық, еңбек ақы және техника пайдалануға байланысты шығындар есебі мен үстеме шығындарды есептеу және бөлуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар беру:

• Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына жұмсалған өндірістік шығындарға талдау жүргізіп, тиімді жолдарын ұсыну;

• Орындалған жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына және оларға жұмсалған шығындар бойынша сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастырудың ұтымды әдістемелерін ұсыну.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста алынған жаңа ғылыми жаңалықтар жиынтығы автомобиль жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары кезінде жоспарлар құру кезіңде мәні бар маңызды ғылыми-техникалық шешімдерді шешетін және оның дамуын жетілдіруге үлес қосуы болып табылады.

Зерттеудің практикалық мәні: Дипломдық жұмыста көрсетілген бағыттар іске асырыла қоймаса да, нақты және өте қарапайым, сондықтан, жұмыстың бұл ұсыныстарын кез келген жол салу өндіріс тәжірибесіне енгізуге мүмкін болады.

Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы: Зерттеу жұмысында алынған кәсіпорын туралы және шығындар мен техникалық реттеулер нұсқаулары ақпараттар рет тексерілген. Теориялық есептеулер геометриялық нысанның математикалық модельдеу әдістерін мүлтіксіз қолдану жолымен алынған.

Зерттеу әдістері: аналитикалық, математикалық есептеулер.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, кәсіпорын сипаттамасынан, негізгі бөлімнен, есептеу бөлімінен, конструктивті бөлімнен, экономикалық бөлімнен, графикалық бөлімнен, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

2. «Перспектива КАН» ЖШС кәсіпорнының сипаттамасы

Адресі: Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Абай көшесі 23 үй.

Электрондық адрес: zhkh_taskala@mail. ru

Телефоны: 40-0-44, 21-5-53

Мемлекеттік мекеменің қызметтері мен міндеттері:

1) аудандағы елді-мекендерді абаттандыру іс-шараларын жетілдіреді және жүзеге асырады;

2) тұрғындарға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету, коммуналдық салада бәсеке дамыту, тұрғын-үй және коммуналдық қызмет меншік иелерінің қарым-қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3. Негізгі бөлім

3. 1. Автомобиль жолдарына ағымды жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Автокөлік жолдары - Қазақстанның көлік коммуникация кешенінің маңызды элементтерінің бірі бола отырып, оның тиімді қызмет істеуі мен ұдайы дамуы ел экономикасының тұрақтануына, халықтың тұрмыс жағдайы деңгейінің көтерілуіне зор ықпалын тигізеді. Автокөлік жолдары тауарлар, құрылыс және агроөнеркәсіп өнімдері мен жүктерін, сондай-ақ жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын бірден-бір қатынас құралы болып есептеледі. Нарықтық жағдайда жолдар арқылы жүк тасуды жеделдету және жүйелеу қоғамдық маңызды мәселе болып саналады, сондықтан өнім өндірушілер мен жүк жөнелтушілер жақын қашықтыққа ғана емес, сондай-ақ алыс қашықтыққа да тасымал жасауға бейімделуде.

Қазіргі жағдайда республиканың өндіргіш күштері мен автокөлік паркінің дамуы автомобиль жолдары желісін дамытудың қажеттілігін айқындайды. Мұндай дамудың объективтік алғышарттары ретінде мыналар саналады:

1) өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың дамып, өсуіжәне жалпы ұлттық өнімнің өсуі;

2) жүк және жолаушы тасымалдары көлемінің өсуі;

3) транзиттік қатынастарды өрістетудің ықтимал мүмкіндіктері;

4) барлық ауылдық елді - мекендер, аудандар мен обылыстар арасында

тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттігі.

Тұтас алғанда жол мәселесінің күнделігі мен сан қырлылығы автожол саласында республикадағы экономикалық және әлеуметтік қатынастардың барысында жол факторының объективті әсерін есепке алуға негізделіп ойластырылған саясаттың қажеттілігін дәлелдейді, әрі автокөлік жолдарын дамыту мәселесін шешуде жүйелі көзқарас пен бағдарламалық әдістерді пайдалану керектігін талап етеді.

Еліміздегі экономикалық қатынастардың қарқынды даму барысында автокөлік жолдарының рөлін арттыру үшін, алдыменен олардың техникалық жағдайларын жақсартумен, олардың қызмет көрсету мерзімін арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар, жалпы автомобиль жолдары саласын реттейтін заңнамаларды жетілдіре отырып, олардың орындалуын мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алып, ауқымды инвестицияларды тарту жолдарын қарастыру қажет.

Елімізде автомобиль жолдарын салу және оларға жөндеу жұмыстарын өткізу жоғары шығындарды қажет ететін күрделі сала, мысалы: Қазақстанның табиғи - климаттық жағдайына байланысты бір шақырым жолдың құрылысына шамамен - 200 мың, күрделі жөндеуге - 100 мың, ағымдағы жөндеуге - 20 мың АҚШ доллары жұмсалады. Осыған байланысты Қазақстанның автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру ауқымды инвестицияларды тартуды қажет етеді.

Транспорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылдың 29 мамырында «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» № 726 қаулы қабылдады. Осы қаулының негізінде «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (№730 28. 11. 2001) қабылданып, қызмет істеп келеді. Бұл бағдарламада көзделген негізгі міндеттер төмендегідей:

• автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды мақсатты қаржыландырумен қамтамасыз ету;

• пайдаланудағы автокөлік желілерін сақтау және дамыту, олардың жай-күйін жақсарту және негізгі транзиттік автомобиль жолдарын халықаралық стандарттардың техникалық талаптарына сәйкес келтіру;

• Қазақстанның автомобиль жолдары бойынша отандық және шетелдік тасымалдаушылар үшін неғұрлым тиімді және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету;

• пайдаланудағы автомобиль жолдарын дамытуды жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік сауда нарықтарына шығу жағдайын көтеруге мүмкіндік беретін балама жобаларды іске қосу;

• транзиттік бағыттардағы автожол инфрақұрылымын дамытуды

қамтамасыз ету үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;

• автожол саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

Қазақстанның географиялық жағдайы Еуроазияның орталық бөлігінде Ұлы Жібек жолының маңызды қиылысында орналасуы - мемлекеттің негізгі байлықтарының бірі болып саналады. Біздің еліміз жаңа халықаралық бағыттардың қалыптасуына әсер етуші мемлекеттердің бірі болғандықтан, республикада тарихи қалыптасқан Жібек Жолы бағыты бойынша транзиттік көлік қатынастарын қалыптастыру Қазақстанның маңызды стратегиялық мәселелерінің шешілуіне зор ықпалын тигізіп келеді. Оған біріншіден, республиканың ішкі құрылықтық мемлекет ретінде теңіз портына шығуы, екіншіден, Ресей, Еуропа, Қытай, Жапония, Кавказ, Иран, Түркия, Оңтүстік шығыс және Орта азия елдері арқылы транзиттік бағыттардың қалыптасуы жатады. Сонымен қатар, Ұлы Жібек жолы сауда және мәдени қатынастардың негізгі магистралы бола отырып, Шығыс пен Батыс өркениетінің дамуында маңызды орын алады. Осы жол ғылым мен техниканың, ұлтаралық және аймақаралық қатынастардың дамуы мен мәдени құндылықтардың алмасуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ЮНЕСКО-ның «Жібек жолын кешенді зерттеу - келісім жолы» деп аталатын аса ауқымды жобасына орай 1998 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты болып - Жібек жолының Қазақстандағы бөлігінде жалпы ұлттық, әлеуметтік - экономикалық және халықаралық рөлін көтеру мен оны қайта жаңғырту саналады.

Нарықтық қатынастарды тұрақтандырумен қатар, Қазақстан Республикасы халықаралық, экономикалық - әлеуметтік байланыстарды дамытуға өте үлкен мән беріп отыр. Республикалық және халықаралық транспорттық бағыттар экономикалық қатынастарды дамытудың бірден-бір жолы бола отырып экономиканың маңызды секторларын, яғни табиғи ресурстардың экспортын, тұтыну тауарлары мен азық-түліктер импортының қозғалысын қамтамасыз етеді.

Демек, жолаушылар тасымалы мен айналымына жоғары деңгейде қызмет көрсетуші автомобиль транспорты саналады. Яғни, республика көлемінде автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау басқа транспорт түрлеріне қарағанда тиімді болып отыр. Осы орайда айта кететін жағдай, елімізде автомобиль транспортымен орындалатын қызметтердің көлемін әрі қарай дамыту үшін пайдаланудағы автокөлік жолдарының техникалық жағдайы мен сервистік қызмет көрсетулерді жақсартып, қажет болған жағдайда халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін жолдардың құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін де қарастыру қажет.

Қазақстан Республикасының жол шаруашылығы жалпыға ортақ пайдаланудағы автокөлік жолдарын салу және оларды ұстау, жөндеумен айналысатын мекемелер мен ұйымдардан тұрады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар болып бөлінеді.

Халықаралық маңызы бар автокөлік жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекет аралық келісімдерге сәйкес халықаралық автокөлік жолдары желісіне кіретін жолдар жатады.

Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына республиканың ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары, сол сияқты көршілес мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін және қорғаныстық маңызы бар автокөлік жолдары кіреді.

Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, ауылдық елді-мекендермен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автокөлік жолдары жатады.

Жолдардың нашар жағдайына байланысты автомобиль транспортының тікелей материалдық шығындары жүк және жолаушы тасымалдары ағымының төмендеуіне, сондай-ақ жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар тасымалдың өзіндік құнының жоғарлануына әсерін тигізеді. Сондықтан елдегі жол шаруашылығын жетілдірудің нәтижесінде автомобиль жолдары арқылы орындалатын қызметтердің сапасын және олардың маңызын арттыру үшін жалпы жол саласында төмендегідей шаралардың орындалуы қажет:

• жол саласын қаржыландыру механизімін бүгінгі күн талаптарына сәйкес қайтадан жетілдіру арқылы жолдардың жаңа құрылысы мен оларды қалыпты деңгейде сақтау үшін мақсатты қаржыны жұмылдыру;

• қазіргі уақыттағы халықаралық техникалық талаптарға жауап беретін жаңа автокөлік жолдарын салу;

• қалыптасқан көліктік ағымға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етпейтін пайдаланудағы жолдарды қайта жаңарту;

• қалыптасқан көліктік ағымға сәйкес келетін, бірақ үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы автокөлік қозғалысының талаптар деңгейіне жауап бере алмайтын автокөлік жолдарын жөндеу;

• пайдаланудағы автокөлік жолдарын, олардың транспорттық - эксплуатациялық сипаттамасын талап етілген деңгейде ұстау;

• автокөлік жолдары бойынша көлік қозғалысын ұйымдастыру, басқару, жоғары сервистік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

Бұл шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының жол саласын қаржыландыру механизімін бүгінгі күн талаптарына сәйкес қайтадан жетілдіру арқылы жолдардың жаңа құрылысы мен оларды қалыпты деңгейде сақтау үшін мақсатты қаржыны жұмылдыру мен жоғары техникалық қызмет көрсетудің жан-жақты толық жүйесі қажет.

Қазақстанда нарықтық қатынастардың тұрақтану кезінде жол саласын қаржыландыру нысандары мен ұстамдары бірнеше рет өзгеріске ұшырап отырады. Осы жылы Қазақстан Республикасының «Жол қоры туралы» заңы қабылданғаннан кейін жол жұмыстарын мақсатты қаржыландыру көзінің тұрақты жүйесі қалыптасып, жол қорлары облыстық және республикалық деңгейлерде жасақталған болатын. Облыстық жол қорына қаржыларды жинақтау және оларды пайдалану құқығын әрбір аймақтың өзіне беру арқылы жол шаруашылығын жедел, әрі тиімді жүргізуге және дамытуға толық мүмкіндіктер қалыптасады.

1999 жылдың 1-ші қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Жол қоры туралы» заң салық жүйесіндегі өзгерістерді есепке ала отырып, қайтадан күшіне енгенеді. Бірақ, 2002 жылы Қазақстан РеспубликасыҮкіметі жол қорын тарату туралы қайтадан шешім қабылдап, осы кезден бүгінгі уақытқа дейін жол саласын қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жол саласын қаржыландыру мәселелерін айқын анықтайтын заңнамалардың жоқтығы, сондай-ақ бақылау механизмдерінің дұрыс орындалмау салдарынан жол шаруашылығына бөлінген қаржылар әр уақытта мақсаты мен бағытына қарай пайдалана бермейді. Сондықтан, мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселенің бірі - бұл республиканың жол шаруашылығын тұрақты қаржыландыру және осы саланың бақылау қызметтерін реттейтін заңнамасын қабылдау болып саналады.

Қазақстан экономикасында болып жатқан өзгерістер, соның ішінде өнеркәсіптің, өңдеуші салалардың дамуы мен ауылшаруашылығы инфрақұрылымы автокөлік жолдарының сапасы мен техникалық жағдайына жаңаша талаптар қойып отыр, себебі, ел ішіндегі тасымалдар әрбір сала экономикасының дамуына ерекше ықпал етеді. Дегенмен де, транзиттік тасымалдарды өсіру міндеттерін шешу, қазіргі уақыттағы жолдардың техникалық жай-күйі арқылы жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан да автомобиль жолдарын салу, жөндеу жұмыстарын өткізу алдыңғы қатарлы техникалар мен технологияларды пайдалана отырып іске асыруды қажет етеді. Сонымен қатар, ішкі және транзиттік тасымалдарды қарқынды дамыту мақсатында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асыру үшін алғышарттар жасау қажет.

Жол шаруашылығы ұйымдарының қызметтері тек қана жол құрылысы және жөндеу жұмыстарымен шектелмейді, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарына техникалық қызмет көрсетеді. Елде халықаралық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын салу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қаржыландыру алдыменен республикалық бюджет есебінен жүргізілсе, сонымен бірге мердігерлік компаниялар мен инвесторлар арқылы да орындалады. Ал, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық және саяси даму шеңберінде Батыс Қазақстан облысы маңызды орын алады, өйткені мұнда ірі өнеркәсіп орталықтары мен мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау жүйелері қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, Ресейдің көршілес Саратов, Самар, Орынбор облыстарымен тығыз мәдени, экономикалық, саяси байланыстар орныққан.

Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарын орындауға жергілікті климаттық, гидрогеологиялық, рельефтік және басқа да жағдайлардың әсері (түсетін жауын-шашынның көлемі, ауа-райының өте төмеңгі температурасы), сонымен қатар құрылыс жұмыстарының бірнеше есепті мерзім бойы немесе жылдар бойы орындалуы жоспарланған шығындардың нормативтерден ауытқуына әкеліп соқтырады. Мысалы, құрылыс жұмыстары кезінде жауын- шашынның көп болу салдарынан жұмыстың тоқтап қалуы және объектілерге жеткізілген құрылыс материалдарының бастапқы сапасының төмендеуі ықтимал. Яғни, табиғи жағдайлардың салдарынан жұмыстың орындалмайтын уақытына жұмысшыларға еңбек ақы төлеу қажет болса, ал материалдардың сапасының бұзылуынан олардың қосымша шығыны қалыптасады. Ал егер, жұмыстың кідіріс уақытына және қосымша материалдардың қажеттілігіне тиісті белгі құжаттарды дер кезінде рәсімдемесе шығындардың талдамалық есебін жүргізу мен қызметтің өзіндік құнын анықтау барысында нақты мәліметтер алуға кедергі жасайды.

Сонымен автомобиль жолдарының маңыздылығын айқындай отырып, жол құрылысының салалық ерекшеліктері мен олардың шығындар есебіне тигізетін әсерлерін зерттей келе төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

• автокөлік жолдары мемлекетіміздің транспорттық жүйесінің маңызды звеносы бола отырып, елдің әлеуметтік - экономикалық және саяси - халақаралық қатынастардың дамуына зор ықпалын тигізеді. Сондықтан, елімізде жол шаруашылығының маңыздылығын арттыру үшін бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін жолдардың құрылысын жүргізіп пайдаланудағы жолдар мен жол құрылымдарына жөндеу аралық мерзімдерін сақтай отырып күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізіп отыру қажет. Жол саласына бөлінген материалдық және ақшалай ресурстардың үнемді пайдалануына, саладағы жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарының төмендеуіне, сондай-ақ жол құрылысы ұйымдарының қаржылық - шаруашылық қызмет жағдайларының жақсаруына шығындар есебі мен талдауының маңызы өте жоғары;

• жол жұмыстарының бірнеше есепті мерзім аралықтарында және орталықтан қашық жерлерде орындалуы, жол құрылысында еңбек құралдарының жылжымалы болуы, ал оның өнімі, яғни жолдар мен жол құрылымдарының бір жерде тұрақты болуы және олардың өндірілген орындарында пайдалануы, негізгі құрылыс жұмыстары мен жөндеу жұмыстарының қатар жүргізілуі, құрылыс - монтаж жұмыстарына қажетті материалдарды жабдықтаушы мекемелердің және көмекші цехтардың қашық жерлерде орналасуы және тағы басқа да жағдайлар жол құрылысы саласының ерекшеліктері ретінде өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға әсер етеді.

Жолдардың транспорттық - эксплуатациялық сапасын қажетті деңгейде сақтау үшін тасымалдың өзіндік құнын төмендету, жолдарды ұстау және ағымдағы жөндеуге шығындарды азайту, сапарлардың және жүктерді жеткізудің уақытын үнемдеу, сондай-ақ жол - автокөлік оқиғаларынан ысыраптарды азайту, жолдарға жақын аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру, жол сапарларының жай - күйін жақсарту арқылы қол жеткізуге болады. Осы мақсатта, жолдардың техникалық деңгейін неғұрлым жақсартпай және олардың қызмет істеу жағдайын бір қалыпты ұстап тұрмай жолдарды салу мен оларды жөндеуге, қайта қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды тиімді пайдалану мүмкін емес.

Жол құрылысында қолданылатын материалдарға қысқаша сипаттама

Асфальт-бетон қоспасы - қондырғыда араластырумен алынатын, қыздырылған күйінде белгілі бір қатыныстарда алынған, ұтымды іріктелген шағылтас (қиыршықтас), құм, минералдық ұнтақ және мұнай жол битумы қоспасы;
Автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған бояу (эмаль) - жол жамылғысына жаққаннан және еріткіш буланғаннан кейін жол белгілеуіне қойылатын талаптарға сәйкес болатын, анық көрінбейтін қатты үлдір түзетін органикалық еріткіштер полимерлерінің ерітінділеріндегі шашыраңқылығы жоғары бояудақтар мен толтырғыштардың қойыртпағы;
Автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған термопластик - құрамында құрауыштар немесе құйма көлемді пішіндердің ұнтақ қоспасы түріндегі бояудақтар мен толтырғыштар болатын полимерлік байланыстырғыш негізіндегі, қатқаннан кейін жол белгілеулерінің анық көрінбейтін қатты элементтері пайда болатын терможұмсартқыш созылымды материал;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік жолдары
Динамикалық жүктемесі жетерлік
Халықаралық автомобиль жолдары және негізгі автомобиль коридорлары
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері
Техникалық реттеу құралдарын жіктеу
Кузов цехындағы жабдықтардың құны
Өнеркәсіп және энергетика
Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz