Орман шаруашылығы


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

«»

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Орман шаруашылығы»

Орындаған: лр-21 топ студенті Есенаманов А. А.

Тексерген: доцент Байдалиев Қ. А.

Орал қаласы- 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Орман шаруашылығы және оны басқару жұмыстары

1. 1 Орман шаруашылығы . . . 6

1. 2 Орман шаруашылығы жұмыстары . . . 7

1. 3 Орман шаруашылығын басқару . . . 7

ІІ тарау. Қазақстандағы орман қоры мен орманның адам өміріндегі маңызы

2. 1 Қазақстандағы орман қоры . . . 10

2. 2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері . . . 11

2. 3 Орман қорының адам өмiрiндегi маңызы . . . 24

ІІІ тарау. Ормандардың экологиялық ахуалы және проблемалық мәселелері

3. 1 Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы . . . 27

3. 2 Орман шаруашылығының негізгі проблемалары . . . 28
3. 3 Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері . . . 31

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі - таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20, 9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика - көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының 3, 8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5, 1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.

Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.

Мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар - Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.

Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз - тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.

Елімізде орман ресурстарына деген сұраныстың шиеленісуі жағдайында тұрғындар мен шаруашылықты орманмае қамтамасыз ету проблемасын шешудің жалғыз жолы- оны қорғау мен үнемді пайдалану. Қазіргі кезеңде орман ресурстарын тиімсіз пайдаланудың бірнеше бағыттары бар. Адамзат баласы орман ресурстарын тиімсіз пайдалануда. Соның салдарынан орманның қоры азаюда.

Зерттеудің нысаны: орман және орман шаруашылығы

Зерттеудің пәні:

Зерттеудің мақсаты: Орман ресурстарын пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің аймақтық және жалпы мемлекеттік қорларды қалыптасқан жөн. Бұл қорлар табиғи қорларды пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің республикалық қорының бір бөлігі болуы керек. Оларды табиғатты пайдалану саласын қаржыландыру мақсатында құру керек.

Зерттеудің ғылыми болжамы: орман шарушылығының алатын орны мен тиімді тұстары зерттелінді.

Зерттеудің міндеттері:

• Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғаудың республикалық бағдарламасын құрастыру;

• Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау бойынша экономикалық механизмін құрастыру;

• Экономикалық механизмді ендіру үшін жағдай жасау;

• Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау саласында әрекет етуші нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;

• Пайдаланылған орман ресурстарының жағдайына анализ жасап, кешенді баға беру үшін орманды пайдаланудың ақпараттық мониторингін құру;

Зерттеудің жетекші идеясы: бүгінгі күн талабына сәйкес орман шаруашылығының іс- әрекет мазмұнынан тәуелді.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: зерттелетін процестерге құзыреттілік тұрғыдан келу тұжырымдамалары, жүйелілік, ақпараттық тұжырымдамалары; орман шаруашылығына қатысты қатысты ілімдер мен табиғатты қорғау мен экологиялық зерттеу жұмыстары.

Зерттеудің көздері: орман шаруашылығына қатысты ғалымдардың зерттеу еңбектері.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысында алдыға қойылған міндеттерді шешу және болжамды тексеру үшін әдістер кешені қолданылды. Теориялық деңгейде талдау, жүйелеу.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Жоғары оқу орнында және орман шаруашлығын жүргізу кезінде орман шаруашылығы курстық жұмысы қосымша көмек ретінде туыстас салалар бойынша қолданылуы мүмкін.

Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Орман шаруашылығы және оны басқару жұмыстары

1. 1 Орман шаруашылығы

Орман шаруашылығы- экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.

Орман қоры

Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4, 2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%) .

Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағықарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктері:

Қазақстан аумағының орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктеріне қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:

  • шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман) ;
  • солт-тегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы) ;
  • оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;
  • оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман.

Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады. Егістікті қорғау үшін қолдан отырғызылған орман жолақтарының ауыл шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

1. 2 Орман шаруашылығы жұмыстары

Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқармабар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар.

1. 3 Орман шаруашылығын басқару

Орман шaруaшылығын бaсқaру - әрбір жұмыс істейтін өнeркәсіптің кез-келген жұмысындa қaрқындылықты көрсeтeтін фактор болып табылады. Орман дайындау шаруашылықтары ағымдағы ағаш өсімін пайдалану бойынша орман өнеркәсіптік шаруашылығы бағытындағы кәсіпорындар.

Орман шаруашылығын басқару органдарының басты мақсаты -ормандардың ұлттық байлығын ұқыпты сақтау және көбейту болып табылады.

Жалпы орман ресурстары мен қызметтерін нарықтық ресурстар және қоғамдық игіліктер деп екі категорияға бөлуге болады. Нарықтық ресурстар- сүректен, орманның технологиялық, азықтық ресурстарынан, сондай-ақ өнеркәсіптік ауқымда пайдалану кезеңде тамақ, дәрілік, су ресурстарынан тұрады. Осылайша, орман барлық ресурстардың біріңғай өндіріс базасы болып табылады. Сонымен қатар орманның әрбір ресурсының өзінің ұдайы өндіріс ерекшеліктері болады. Орман қорының нақты аумағындағы орман ресурстарын пайдалану орманның көп мақсатты мәнін ескере отырып, басқаруға теңгермешілік тәсілді талап етеді, көпресурсты орман пайдалану, шаруашылықтың дәстүрлі, кейде бәсекелестік мақсаттарын тиімді үйлестіру проблемасын алға қояды.

Ормандарды пайдалану және ұдайы өндіру саласындағы экономикалық қатынастар орман басқару процесінде құрылады. Орман басқару кең мағынада өзара байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жүйесін білдіреді. Олар қоғам дамуының сатысында шектелген экономикалық ресурстарды есепке ала отырып, орман шаруашылығының алдына қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.

Орманды тиімді пайдалануда орман ресурстарын экологиялық және қаржылық-экономикалық жағдайларына сәйкес шаруашылық айналымға қосу деп түсінеді. Бұл іс жүзінде шарттарды сақтай отырып, орман пайдалану түрлерін мүмкіндігінше жоғарлатуды білдіреді. Олардың ішіндегі рентабельді емес түрлерін бірден жою, сондай-ақ ресустардың пайдаланылмайтын түрлерін игеру және қайта өңдеу тиімділігін жоғарлату бойынша экономикалық негіздеуді жүргізеді. Тиімді орманды пайдалануға қол жеткізу проблемаларын қаржылық нәтижелерімен, орман пайдалануға нарықтық қатынастарды өзара енгізумен байланысты қарастырады.

Ормандарды басқару бойынша өзіндік қаражаттарын жұмылдыру көлемінің болжамдық есептеулерін жүргізу барысында барлық көздер, соның ішінде пайдаланудың қосалқы және басқа да түрлері есебінен түскен түсімдер ескерілді. Осы есептеулер негізінде өзіндік қаражаттарының болжамдық құрылымы және оны оңтайландыру мүмкіндіктері туралы қорытындылар жасалды. Тиімді орман пайдалануды басқару механизмінің негізі ретінде таңдау орман шаруашылығын реформалаудың негізгі проблемаларын жинақтайды.

Орман шаруашылық мекемелерін басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін құрудың негізі бағытын таңдауға себепші болды. Орманшаруашылық мекемелерін басқару механизімінің проблемаларын зерттеу олардың экономикасының негізі даму бағыттарын теориялық талдауға негізделеді.

Орман шаруашылық мекемелерінің қызметін экономикалық басқару механизмдерін құру мәселелерін қарастыру барысында оның қызмет ету мақсаты келесіде анықталды: орман мекемелерінің қаржылық тұрақтылығын орман қоры учаскелерін пайдаланудың нарықтық құқықтарын белсендету және қаржылық қайтарымдылығының өсу есебінен жоғарлату. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында басқару механизмінің қағидалары мен міндеттерін теориялық талдау оның орманшаруашылық мекемелері үшін ерекшеліктерін анықтау қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, орман шаруашылығын жүргізудің негізгі қағидаларын, соның ішінде орман мекемелерінде тиімді орманды пайдалануға жету қажеттілігін есепке алу қажет.

Орман шаруашылық мекемелерін басқарудың ұйымдастырушылық - экономикалық механизмін құруды зерттеуде өзіндік қаражаттарды жұмылдыру мәселесін толық және ұқыпты қарастыру қажет. Сонымен, орман шаруашылығының, орман өнеркәсібінің, орман пайдаланудың ғылыми даму тұжырымдамалары нақты орман экономикалық жағдайлары үшін экономиканың орман секторындағы шаруашылық механизмінің даму тенденциялары мен заңдылықтары үшін орман мекемелерінің ұйымдастырушылық формаларының теориялық негізін құрайды. Орман басқару жүйесі ормандарды мемлекеттік басқаруды, экономикалық қызмет түрі ретінде орман шаруашылығын басқаруды қамтиды.

ІІ тарау. Қазақстандағы орман қоры мен орманның адам өміріндегі маңызы

2. 1 Қазақстандағы орман қоры

Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алыпжатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау бiздiң мiндетiмiз.

Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.

Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180-200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанды жолмен орман қорын көбейту.

Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауiптi нәрсе - өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестерi, кемiрушiлер, ұсақ жәндiктер, өсiмдiк аурулар паразиттер, санырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердiң кесiрiнен құрылыс материалдары үшiн дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келедi. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тiрi ағзалар үшiн ұқыптылықты қажет етедi.

2. 2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері

2003 жылы 8 шілдеде орман саласындағы қатынастарды реттеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Орман кодексі қабылданды.

Кодекстің 6 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қоры құрайды.

Орман кодекстің жаңалығы орман қорын екі топқа бөлу, яғни мемлекеттік және жекеше орман қорларына. Кодексте олардың анықтамасы мен мазмұны көрсетілген.

Мемлекеттік орман қорына мыналар жатады:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсірілген ормандар;

2) табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері.

3) Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі он метр және одан көбірек, алаңы 0, 05 гектардан астам қорғаныштық екпелері жатады.

Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен жасалған, ені он метр және одан көбірек, алаңы 0, 05 гектардан астам қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жатады.

"Орман қоры" және "орман қорының жері" деген ұғымдар өзара тығыз байланыста, сонымен қатар олардың бір бірінен айырмашылықтары бар. Орман кодексінің 8 бабына сай орман қорының жерлері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерлеріне бөлінеді. Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады. Орман қорына мыналар кірмейді:

1) мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемі 0, 05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер;

2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер;

3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кірмейді.

Қазақстан Республикасындағы барлық ормандар қорғалуға жатады. 44 бапқа сай Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егіс-топырақ қорғау, гендік, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.

Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттік орман қоры:

- ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның ішінде: биосфералық түрлері мен қорық-сепортерлерді қоса, мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ормандары; мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары; мемлекеттік табиғи саябақтар ормандары; мемлекеттік қорық аймақтары ормандары; табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері; орманның гендік резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелері; аса құнды орман алқаптары; жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары; орман-жеміс екпелері; аса биік тау ормандары;

- мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулері;

- қала ормандары мен орманды саябақтар;

- елді мекендердің және емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтары;

- эрозияға қарсы ормандар;

- өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектілері жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулері;

- халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желілік құрылыстардың бөліп берілген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер;

- халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;

- егіс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлінеді. Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы;

- темір жолдар мен автомобиль жолдары бойынша қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан темір жолдарға бөлінген белдеулерге іргелес жатқан, темір жол төсемінен екі жаққа қарай бес жүз метр шегіндегі орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерге іргелес жатқан, жолдың ортасынан екі жаққа қарай екі жүз елу метр шегіндегі орман жатады.

Мемлекеттік орман қоры санаттарында орман пайдалануды шектеудің мынадай режимдері белгіленеді:

- қорық режимі - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде ағаштарды кесуге тыйым салынады;

- тапсырыс режимі - басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;

- шектеулі шаруашылық қызметінің режимі - басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.

Орман қорының әлеуметтік-экологиялық, экономикалық құндылығы, оның қоршаған ортаның сапасын жақсартуға белсенді түрде қатысатын күрделі экологиялық кешен ретіндегі, су корғайтын, қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру және басқа да көптеген пайдалы табиғи қасиеттерімен, экономиканың бірқатар салалары үшін негізгі шикізат көзі ретінде атқаратын рөлімен анықталады.

1 сәуір 2004 жылы 539 санды «Ормандарды сақтау және ормандық аумақтарды көбейту жобасындағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банк ісінің арасындағы грант бөлу ратификациясы туралы» Қазақстан Републикасының заңы қабылданды. Бұл заң және Орман кодексінің 64 бабына сай Қазақстан Республикасында барлық ормандар сақталуға және қорғалуға жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурстарын бағалау
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
Орман шаруашылығы жұмыстары
Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі
Орман шаруашылығы аумағын өртке қарсы орналастыру жобасы
Орман шаруашылығы экономикасы
Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы
Орман шаруашылығы мәселелерін шешудің жолдары
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz