Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы



Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384 – 322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ – ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын тәжірибе жүзінде әртүрлі құрал–жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832 – 1920) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне–бірі қарама–қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой–пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460 – 370) сол кездің өзінде–ақ психика оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427 – 347) керісінше «Жан мәңгі өлмейді, өшпейді», – деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл–Фараби (870 – 950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225 – 1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары карай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.
6. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988.
7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988.
8. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
9. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
10. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
11. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий, 1988.
12. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.
13. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.
14. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990.
15. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
16. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
17. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Біздердің әрқайсысымыз күнбе-күн адамдармен кездесе отырып,
олармен қарым-қатынас жасаймыз, олардың айтқан сөздеріне көңіл күйіміз
қобалжу, не орнықты жағдайда жауап береміз, адамдар кейде бізге сүйкімді
көрінеді, ұнатамыз, ал кейбіреулерін жақтырмаймыз.
Қоршаған дүниеде белгілі бір заттар немесе құбылыстар туралы біздер
ойланамыз, ой елегінен өткіземіз, көңіл-күйімізге әсер етеді немесе ол
құбылыстарға қалай болса, солай қараймыз, демек, бір жағдайлар біздерді
қызықтырады, басқалары бізге бәрібір сияқты көрінеді.
Әрқайсысымызды жақсы кітап, әсем әуен, бейнелеу өнері шығармалары
қанағаттанғандық сезімге бөлейді. Біз адамның жағымсыз іс-әрекеттері мен
мінез-құлқын көре отырып, қынжыламыз, оны сынаймыз, жағымсыз сезім пайда
болады, ал жағымды іс-әрекет пен қасиеттер бізді қуантады, көтеріңкі көңіл-
күйде боламыз.
Еңбек ету барысында біз табанды түрде, ерекше жігерленіп, белгіленген
жоспарды іске асыруға қол жетеді, кейде баяу жұмыс істеуге тура келеді.
Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе
ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін еске сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне
зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз. Осы құбылыстардың барлығы –
біздің психикамыз.
Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы
зерттейді. Психология сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: псюхе -
жан, психика және логос - ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология –
адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен
адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау,
қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара
ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік,
қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің
ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық
қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді
қарастырады).
Психиканың өмір сүруі органикалық өмірдің жоғарғы түрлерімен
байланысты, психиканың пайда болуы тек ғана жануарлар мен адамдарға тән.
Бір ерекше айта кету керек, бақылаулар мен ғылыми зерттеулер көрсеткендей,
адам психикасына қарағанда жануарлар психикасы ерекше қарапайым келеді.
Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар.
Адам психиканың ең жоғарғы түрі – сананың болуымен ерекшеленеді. Адам
саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-
әркеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті
орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің
жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.
Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен
томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.
Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі – барлық
психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек,
олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік
заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны
оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық
үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу,
белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту
және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.
Сонымен, психология – психика және оның қалыптасу және даму
заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың
қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.

Негізгі бөлім

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен
кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша,
адамда тәннен тәуелсіз жан болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық
психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де.
Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың
табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель
(б.з.д. 384 – 322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған
осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет,
жаратылыстану т.б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ – ғасырдың екінші
жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын тәжірибе жүзінде әртүрлі
құрал–жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап,
психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды.
Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт
(1832 – 1920) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне–бірі қарама–қарсы жоғарыда аталған
екі бағыттың үздіксіз ой–пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек
ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460 – 370) сол кездің өзінде–ақ психика
оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі
еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым
жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427 – 347)
керісінше Жан мәңгі өлмейді, өшпейді, – деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам
дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай
кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл–Фараби (870 – 950)
дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп,
өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір
денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс
пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225 – 1274) жанның мәңгі
өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары
карай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның
біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын
жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде
психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.
Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт
(1832 – 1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес
эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы
жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален,
Әбу әлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро,
Вольф, Галлер т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты.
Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.
Тіпті мұндай ой–пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал–мәтелдерде көптеп
кездеседі. Мәселен, Тән ауырса, жан ауырады, Тәні саудың жаны сау, Тән
өледі, демек жан да өледі, Жан бар жерде қаза бар, Жан – кеудеге қонақ
т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс
пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан–жануарға, адамға
тіршілік, күш–қуат беретін рух. Ал Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет,
Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. қазақ ақын–жыраулары мен
ойшылдарының толғауларында да көшпенді ата–бабаларымыздың жан дүниесінің
сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пікірлер айтылған.
Өресі биік, материалистік психологиялық ой–пікірлерді Шоқан, Ыбырай, Абай,
Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады: Мәселен,
С.Торайғыров (1893 – 1920) жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады
(Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар),
адамның тәні өсумен қатар, жаны да (ақыл–ой, сана–сезім) бірге өсіп,
жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен
кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ... Өмір жоқ,
яғни, бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды
деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкерім
Құдайбердиев те (1858 – 1931) айтқан болатын. Жан тәнге, ақыл жанға маталып
тұр. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негізін жасауда, оны материалистік
тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтің (1829 – 1905)
рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849 – 1936) жоғары жүйке
қызметі туралы ілімінің маңызы зор болды.[1, 4-7 беттер]. Талай ғасырлар
бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объекті болып келді. Өз
тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдет-терін
танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі бол-ған емес. Ал осы таным
жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Қазіргі кезеңде өндіріс,
ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-
әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы
мүмкін емес. Л.С.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" (1940) атты
еңбегінде ”Психология зерттеуін-дегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп
тұр - олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықлас-ниет-теріміз
бен тілектеріміз, т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің
жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар
жиыны” - деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның
(индивид) өз меншік толғанысының болуы - ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді
де оның басқаша пайда болу жолы жоқ.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып
болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты
заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып тұ-ратыны
даусыз.
Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде
топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті
тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай
психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын
қүрады.
Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми дені
(предмет) не?
ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология
жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал
тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз
психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып,
өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ.
кейінгі шерегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар
тереңінде өріс алды.

Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен
дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауш XIX ғасырдан алады. Біздің
елімізде психологияға Деген қызығушылық тарихи тұрғыдан қоғамдық ғылыми
білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік Үрдістерді дұрыс
түсінуде қоғамдық ұмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, құқықтық
сипаттағы Проблемаларды қою және шешумен байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында отандық
ғалымдардың психологиялық көзқарастары Материализм мен идеализмнің, ғылым
мен діннің шиленіскен Күресі жағдайында қалыптасты. Біздің елімізде
психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс
берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті
орыс физиологі И.М.Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол Материалистік
бағытты ұстана отырып, психикалық Құбылыстар ағзаның рефлекторлық
қызметінің құрамына Кіретіндігін көрсетті, рефлекстің бөлшбейтін бөлігін
құрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты
басқарады.
XIX ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі Интроспективтік
психологияны жақтаушылар психикалық Құбылыстардың мәні мен рөлін осылайша
түсіндіріп, түпкілікті жоққа шығарған болатын.
Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И.М.Сеченовты Жақтаушылар мен ескі
психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде
жүргізілді.
И.М.Сеченов интроспекция едісін психикалық құбылыстарды тану әдісі
ретіңде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық
құбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің
елімізде психологиялық білімді одан ері дамытуда, оның ішінде іс-өрекеттің
психологиялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В.М.Бехтерев және
И.П.Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті.
Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді
В.М.Бехтерев, И.П.Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар орталық
жүйке жүйесі жұмысының қызметін әртүрлі атаған болатын: Бехтерев "біріккен
рефлекс", ал Павлов — "шартты рефлекс" деп атады. Олар алғаш рет
психологияга мінез-құлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретіңде енгізді. Бірақ
бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов
және мінез-құлықты зерттеген отандық физиологтордың арасында ерекше
қағидалық айырмашылықтар болды.
Бихевиористер сананы, психиканы жоққа шығарды. "Бехтерев пен
Павловтың бихевиористерден айырмашылығы,
- деп жазды М.Г.Ярошевский, - олар сананың да ролін, субстракттылықтың
да рөлін жоққа шығарған емес". Олар жаңа материалистік психологияның
қалыптасуы үшін ғылыми
- жаратылыстану негіздерін қалады, оның қалыптасуы мен дамуы қазан
төңкерісінен кейін іске асты.
Қазан төңкерісінен кейін психология ғылымының дамыған ақуалы қарама-
қайшылықты және күрделі болды. Біріншіден, отандық физиологияда қалыптасқан
жетістіктер мен дәстүрлер болды, оның негізінде жаңа психологиялық ілімді
талдауды бастауға болар еді. Екіншіден, кәсіби психологтардың арасында
субъективтік идеалистік психология ез ықпалын күшті, әрі толық сақтаған.
Үшіншіден, әлемдік психологияда бұл кезенде басталған тоқырау озін көрсете
бастады. Тертіншіден, елімізде жаңа қалыптасып келе жатқан бағыттар ене
бастады, (бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Тоқырау жылдарында
қалыптасқан әлемдік психологияның үш бағыты отандық психология ғылымына
есерін тигізді. Бихевиоризмнің ықпалы, мәселен, К.Н.Корниловтың
реактологиясында, М.Я.Басовтың ғылымдағы мінез-құлық туралы ілімдерінде
айқын аңғарылды. Гештальтпсихология идеялары Л.С.Выготский бастаған бір топ
психологтардың еңбектеріне ықпал етті. Олардың ішінде кейбіреулері,
мәселен, А.Р.Лурия психоталдау идеясын зерттеуге әрекет жасады.
Бірақ әлемдік ғылымдағы жаңа бағыттарға еліктеу ұзаққа барған жоқ. Тез
араның ішінде кеңестік психология ғылымы дамудың өзіндік жолына түсті, 20-
жылдардың аяғына дейін жан-жақты толық ашылды, әсіресе, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін ерекше дами түсті.
XX ғасырдың екінші онжылдығының аяғына таман қалыптасқан бұл
тенденцияларды практикалық іске асыру отаңдық ғылымға тән психологияның
негізгі проблемаларын талдау ғылыми мектептер мен бағыттардың қалыптасуына
себепші болды: Д.Н.Узнадзе ұстаным теориясы және мен соған ғылыми мектепті
басқарды, психикалық үрдістердің қалыптасуы мен дамудың мәдени - тарихи
теориясының негізін салушы Л.С.Выготский болды, ойлау теориясы
СЛ.Рубшшітейннің жене оның ізбасарларының еңбектерінде одан әрі дамыды.
Кеңес психология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін
қалаған бұл кеңес ғалымдарының аға буыны болып табылады, ал практикалық -
эксперименталдық түрде оны талдау кеңес психологтарьшың келесі буынының
еншісіне тиді, оның ішіңде аты әлемге танымал Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев,
А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Е.Н.Соколов,
А.А.Смирнов және т.б. есімдерін атауға болады. Олардың негізгі еңбектері 30-
60 жылдардың арасында дүниеге келді. Кеңес психологиясы тарихының екінші
кезеңін құрайды. Екінші кезеңге тән ерекшелік жекелеген мектептер мен
бағыттардың төңірегіне ғалымдардың шоғырлануы тән, олар ұзақ мерзім
салыстырмалы түрде бір-біріне бағынышты болмады, сонымен қатар зерттеушілік
күш-жігер негізінен таным үрдістерін зерттеуге арналды: зейінді,
қабылдауды, есті, ойлау мен сөйлеуді талдады.
Б.Г.Ананьев қабылдау, педагогикалық бағалау психологиясы, адамтанудың
жалпы мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосты. Оның ерекше сіңірген еңбегі
Ленинград университетінде психология факультетін құру және "Ленинград
психологтарының мектебі" атымен біріккен белгілі ғалымдардың үлкен тобын
даярлаумен байланысты.
С. Л. Рубинштейн мен А. Н. Леонтьев Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік
университетінде психология бөлімі мен факультетін құруда ерекше
ұйымдастырушылық рөл атқарғандығын айтпай кетуге болмайды, сонымен қатар
А.Н.Леонтьев қабылдау, ес, сана, жеке тұлға және психикалық даму
проблемаларын теориялық және эксперименталдік тұрғыдан зерттеуге, елімізде
психология ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосты. Ол психологиялық "іс-
әрекет теориясы" деп аталатын жаңа психологиялық теорияның негізін салды,
соның нәтижесінде қабылдау, ес, ойлау, сана мен жеке тұлға үрдістері бүрын
соңды болмаған ерекше шешімін тапты. Бұл теория өз төңірегіне психолог
ғалымдардың аға буын өкілдерін топтастырды. А.Н.Леонтьевтің жетекшілігімен
40-50 -жылдары мен 60-70 жылдары оз беттерімен зерттеу жолына түсті.
Елімізде кеңестік дәуірде психология ғылымын қалыптастыруда ерекше
еңбек сіңірген қарымды да майталман психолог ғалымдарымыз Б.Г.Ананьев,
П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, Г.С.Костюк,
А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, АА.Соколов, ААСмирнов, Б.М.Теплов,
Д.Н.Узнадзе және т.б. ерекше айта аламыз. Москва, Киев және Тбилиси
қалаларының психология ғылыми-зерттеу институттары және Москва, Ленинград,
Тбилиси, Перьм, Рязань, Владимир және басқа қалалардың университеттері мен
педагогикалық институттары ғылыми-психологиялық ой-пікірдің орталығына
айналды.
30-жылдардың орта кезінің өзінде кеңестік психология ғылымының
негізгі қағидалары қалыптасты: детерминизм қағидасы, сана мен іс-әрекеттің
бірлігі қағидасы, психиканың іс-әрекетте даму қағидасы.
Алдыңғы қатарлы кеңес психологтары психология ғылымының алдында
тұрған міндеттерді айқындап берді, осы міндеттерді шешу негізгі
педагогикалық проблемаларды іске асырудың нәтижесіне тікелей байланысты.
Кеңес психологтары педагогикалық психология саласында біршама іс тындырды
(Л.В.Занков, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин,
Ш.А.Амонашвили және т.б).
А.В.Запорожец Д.В.Эльконинмен бірге балалар психологиясының негізін
қалады. АВ.Запорожецтің ғылыми зерттеу саласына қабылдау, қозғалыс және
эмоция проблемалары кірді. А.В.Запорожец КСРО Педагогикалық ғылым
академиясының мектепке дейінгі тәрбие институтының ұйымдастырушысы және
жетекшісі болды. Д.В.Эльконин ойын теориясы мен бала психикасы дамуының
авторы ретінде белгілі ғалым, сонымен қатар В.В.Давыдовпен бірге мектепке
дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың жаңа тұжырымдамасының
авторы болды. Д.В.Эльконин — жұртшылыққа танымал балалар психологиясы
оқулығының авторы, ол оқулық бойынша педагогтардың бірнеше буыны
оқып блім алды.
С.Л.Рубинштейн Жалпы психология негіздері аттыіргелі еңбекті
дайындап, бастырып шығарды (1942, 1946ж). Еңбекке отандық, сонымен
қатар әлемдік психология ғылымының озық жетістіктері кірді.
Педагогикалық психологияның дамуына елеулі үлес қосқан
П.Я.Гальпериннің еңбектерін атауға болады. Оның еңбектерінің ішінде
елімізге кеңінен таралған, белгілі ойлау іс-әрекетін кезеңдер
бойынша қалыптастыру теориясы, ол практикалық тұрғыдан ойлауға,
көптеген ептілік пен дағдыларды меңгерудің тиімді жолы болып
табылады.
Нейропсихология саласында А.Р.Лурия жоғары психикалық қызметтің
анатомиялық - физиологиялық негіздерін зерттеді. А.Р.Лурияның ес пен
ойлаудың нейрофизиологиялық негіздерін зерттеуге арналған еңбектерінің мәні
ерекше болды. Оның еңбектері қазіргі кезде диагностикалық және терапевтік
мақсатта кеңінен қолданылып отырған қазіргі медициналық психология үшін
ғылыми-психологиялық негіз болды.
Еңбектері бүкіл әлемге кеңінен танымал болған көрнекті психофизиолог
Е.Н.Соколовтың есімін ерекше атар едік. Ол түс көру теориясын негіздеді,
яғни адамдардың заттардың түсін қабылдауды түсіндірді. Ол зейіннің
нейрофизиологиялық негіздерінің құрылымына кіретін бағдарлы рефлексті ашты
және сипаттап берді.
ААСмирновтың еңбектерінің арқасында материалды есте сақтау мен қайта
жаңғырту іс-әрекетті ұйымдастыру мен жағдайларына тәуелді екендігі
анықталды.
70-жыддардан басталған және қазір ғасырлар тоғысында одан әрі
жалғасып жатқан психология ғьшымы дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Ол
әлемдік психологиядағы сияқты, бір жағынан, бұрын өмір сүрген жекелеген
ғылыми мектептер мен бағыттардың арасында шекараның жойылуымен, екінші
жағынан, сыни тұрғыдан талдаумен және оның жетістіктерін дұрыс пайымдаумен,
үшінші жағынан, психология ғылымының жіктелуімен және тәжірибемен
байланысты зерттеулердің жаңа бағыттары пайда болуымен сипатталады. Осы
жылдардың ішінде психологияның әлеуметтік психология, басқару психологиясы,
космос психологиясы, әскери психология, заң психологиясы, спорт
психологиясы, саяси психология, экономикалық психология сияқты жаңа
бағыттары пайда болды.
Шетел психологтары мен біздің еліміздің психологтарының арасында байланыс
жан-жақты кеңейе және тереңдей түсті. Алдыңғы орынға психология ғылымының
әртүрлі салаларында әлеуметтік психология және жеке түлға психологиясы
шықты. Психологиялық зерттеулер негізінен практикалық бағытта қалыптаса
бастады.
Психология коптеген ғылымдар мен адамның тәжірибелік қызметінің
басқару, саясат, экономика, инженерлік, еңбек, спорт, қоғамдық ұйымдардың
жұмысы сияқты салаларына ықпал ете бастады.

Қазақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
Психологиялық ғылымға деген қызығушылық, ерте кезден бастап пайда болды.
Кейбір мәселелер күні бүгінге дейін психологтарды ойландырып, қазақ
психологиясының тарихында әлі де шешуін таппаған "ақтандақ" болып келген
мәселелер баршылық, бұл мәселелер өзіне көңіл аударуды қажет етіп отыр.
Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең
алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.
Қазақ психология тарихың зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті
психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының
қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі —
кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы - бұл кезең психология
ғылымының ілкі бастауы (ХҮ-ХХ ғ.) болса, екінші кезеңі марксистік кеңестік
психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең - егемен, тәуелсіз
Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі
(1991-2006).
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын
қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарында профессор
Қ.Б.Жарықбаев ұсынған кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.
Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың
ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық
трактаттарынаи бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның
барлық салаларының негізін қамтитын, орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым
салаларының бірі — психология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі
мәселелеріне "Ақыл-ой туралы", "Темперамент туралы", "Түс көру туралы сөз",
"Жанның мәні туралы", "Ақыл-ой және ұғым", "Жас өспірімнің ақыл ойы туралы
кітап", "Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап" және т.б. еңбектерін арнады.
Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологиялық
және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері,
көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан
үрдістеріне сипаттама береді.
Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық Жүсіп Баласағүнидің
"Құтадғу білік" (Құт негізі - білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған
дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға оте бай. Отбасы тәрбиесі — бала
мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің
негізі. Жүсіп Баласағұнидің айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі — білім, әдет-
дағдыларға машықтаңдыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас
жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең
көлемде әңгімеледі.
Жүсіп Баласағұнидің "Қүдадғу білік" дастанында "Тіл туралы" айтқан
қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. Жүсіп
Баласағұнидің "Тіл адамның даңқын асырады", ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология туралы түсінік
Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні
Психология пәні және міндеттері
Психология тарихы
Ізгілікті бағыт
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы. Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру. Тұлғалық ерекшеліктер
Жастардың психологиялық дамуы
Қазақстандық және шетелдік педагогикалық технология авторларына салыстырмалы талдау
Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары
Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері
Пәндер