Экономикалық тәрбие ұғымы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Экономикалық тәрбие жайлы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы ... ... ... ... .9
МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Экономикалық тәрбие. күрделі құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4 Нарықтық экономика негізі. математикалық сауаттылық ... ... ... ... ... ... ... 22
2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.
Өзектілігі. Қазіргі білім беру реформасына сай оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелерін шешуді мектептерден бастау өте орынды. Себебі қазіргі оқушылар - келешекте ел тізгінін ұстайтын болашақ барыстары. Сондықтан да олардың саналы тәрбие, сапалы білім алуы кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты мақсаты болуы тиіс.
Мақсаты. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.

1. Р.М.Қоянбаев. «Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері»/Алматы.-2007жыл
2. Жарықпаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, Санат.1995.
3. Жамин В.А. «Экономика образования» М.,1969.
4. Нисимчук А.С. «Экономические образованиие школьников»М.,1991.
5. Мүсілімов Ә. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде экономикалық білім берудің маңызы. «XXI ғасыр - жастарға білім беру мен тәрбиелеудіңжаңа дәуірі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Алматы, 2003.
6. Саудабаева Г.С. Экономическое воспитание учащихся в современных условиях.Материалы научно-практ, конференции. Алматы, 2003.
7. Ә.Қалдыбаев «Экономикалық білім қажеттіліктері»//Қазақстан мектебі-2009ж,№9
8. М. Жанбөбекова. «Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі» //Қазақстан мектебі-2001ж,№10
9. М.Тұрлыханова «Экономикалық тәрбие- күрделі құбылыс» //Қазақстанмектебі-2002ж,№7
10. Б.Иманбекова. «Қазақстан Республикасы тәрбиесінің кешенді бағдарламасы» //Бала тәрбиесі-2008,№10
11. Қ. Алмағамбетов. «Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы»// Педагогика мәселелері-2010,№1
12. Г.Жолдыбаева. «Нарықтық экономика негізі-математикалық сауаттылық» //Қазақстан мектебі-2008,№6
13. С.Сейітова. «Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы» //Қазақстан мектебі-2008,№6
14. Л.Сағымбаева. «Экономика сабағында ойын элементтерін қолдану» //Қазақстан мектебі-2008,№6

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Экономикалық тәрбие жайлы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Экомикалық тәрбиенің міндеттері,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3. Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман
талабы ... ... ... ... .9
МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 12
2.2 Экономикалық білім
қажеттіліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...15
2.3 Экономикалық тәрбие- күрделі
құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19
2.4 Нарықтық экономика негізі- математикалық
сауаттылық ... ... ... ... ... ... . ...22
2.5 Экономикалық бағыттағы оқу орындарындағы математика курсы ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында
жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық
игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге
көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және
ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани
мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер
еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті
елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді
қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында,
Мәдени мұра бағдарламасында басты назарға алынған.
Өзектілігі. Қазіргі білім беру реформасына сай оқу-тәрбие жұмыстарын
жетілдірудің өзекті мәселелерін шешуді мектептерден бастау өте орынды.
Себебі қазіргі оқушылар - келешекте ел тізгінін ұстайтын болашақ барыстары.
Сондықтан да олардың саналы тәрбие, сапалы білім алуы кез келген мұғалімнің
алдында тұрған басты мақсаты болуы тиіс.
Мақсаты. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-
оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму
заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге,
өндіруге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен
қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.
Міндеті. Эконмикалық білім негіздерін оқыту келесі міндеттерді
анықтайды:
- Оқушыларды Қазақстан қоғамы және тұтас дүниежүзілік бірлестіктегі
экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;
- Экономикалық теорияның ең маңызды білімдерімен қаруландыру,
экономикалық мәдениет дағдыларын дамыту, экономикалық жағдайларда өз
бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету;
- Оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін
экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдары: еңбек, отбасы,
әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру;
- Еңбекті сүюге тарту, қоғамның экономикалық белсенді мүшесі және өз
Отанының патриоты болға көмектесу.
Экономика мектеп курсына жаңадан енгізіліп жатқан пәндердің бірі
болғандықтан, алғашқы сабақтардан бастап оқушылардың пәнге деген дұрыс
қөзқарастарын қалыптастыру және экономикалық білімнің қажеттілігін ұғындыру
қажет.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ҰҒЫМЫ
1. Экономикалық тәрбие жайлы ұғым
Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің бірі
экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде
жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі
белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын
қалыптасқан экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық негіздерімен қаруландыру,
қоғамның экономикалық ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну
еңбектеріндегі (ауқымдағы) негізгі экономикалық қатынастарды де меңгергу
деп түсінуіміз керек.
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалық негізін
түсіндіреді, адамзат қоғамы өмірінің құпия сырласудың ұғынудың, қоғамды
қайта құрудың объективті негіздерін мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және
оның экономикалық қатынастарын зерттейді.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушы- экономикалық
ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде ар қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін
қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастра үйренуі керек.
Қазіргі бастауыш мектеп, негізгі мектеп және бағдарлы мектептердің оқу
тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі ендіру мүмкіндігі
туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнықтылық, базистік
мектептегі техникалық еңбек арасындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі
салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге
көшірудің құралына айналуда.
Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа
алынып келді. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына түбегейлі өзгсріс
енуіне байланысты білім беруді қарқыландыру табиғаты да өзгеруде. Білім
берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы
сақталынады. Оқу орындарынын роліне өзгеріс енуде. Шешілетін мәселенің бәрі
оқу орындарының өзінде шоғырлануда. Мысалы, мұғалімдердің еңбек ақысы және
оларлы ынталандыру, оқу - материалдық жабдықтарды ұстау және оны байыту
т.с.с.
Қаржыландыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың
төлемінен құрылады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика
ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:
қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі жекелендіру;
оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы өзара бәсекенің
пайда болуы, ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу мен оны тәжірибеге өндіруді
жандандыру;
оқушылардың және олардын ата-аналарының оқыту процесіне ықпал етуге
түбегейлі мүмкіндік алуы, ал мұның өзі барлық оқушыларға бірдей деңгейлікте
қарамай олардың дербес қабілетерін айқындауға және дамытуға жағдай туғызу;
оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми-техникалық
талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;
әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім беру
мұқтажына бағытталуы;
педагогикалық-ғылыми зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен тікелей келісім
шарттар арқылы қаржылануы т.с.с.
Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге қолайлы
жағдай жасауға мүмкіндік береді .
Дегенімен, халық ағарту ісіне осы тұрғыдан қараудың көмескі жақтары
болатынын алдын-ала біліп отырған жөн. Олар:
халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі мүмкін,
сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне кездесуі;
оқу орындарының жіктелуі пайда болып,төлем ақысы жоғары мәртебелі оқу
орындарының жарыққа келуі;
білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т.с.с.
Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі
жою мүмкін емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде
реттеуге болады. Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектесуі
қажет. Мұны жүзеге асырудың ең тиімді жолы білім алуға ынталы адамдарға
мемлекет тарапынан белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте
көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық,
гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.
1.2 Экомикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны
Экомикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың
өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті жене маңызды шарты.
Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық
саясатымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-
экомикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар
қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық
қатынастар күйреп, жаңа рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын
тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп
төмендегідей міндеттерді ескереді.
1) Қоғамның рыноктың экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің
түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі
білімдерді игеру.
2) Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясаттың, өндірісті жедел
қарқынмен дамыту міндеттерің тәжірибеде шешудің жолдары мен
әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары
нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және
қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны
қалыптастыру;
3) Өндірістегі экономикалық қатынастарга белсене қатынаса алатындай,
еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік
беретін біліктермен қаруландыру;
4) Ақыл-ойға сыйымды қажеттіктерді қалыптастыру.
Экомикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің
мазмұны арқылы жүреді.
Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе “Қоғамтану”, “Құқық
негіздері”, “Тарих”, “География”, “Биология”, “Химия”, “Физика”, “Еңбекке
баулу” пәндерінің мүмкіншітіктері мол. Түрлі пәндерді оқу барысында,
сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларда меншік түрлері, тұтынымға
сай игілікті жасау бағыттары, еңбек және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты
ұғымдар қалыптасады.
Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша
сабақтарда қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша
жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын
пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп, өсімдіктерді қоректендіруде
тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде
ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа
райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктер
өсіріледі. Мысалы, Республикамыздың Оңтүстік зонасында күріштің “Кубань-3”,
“Дубровский-129”, т.б. сорттары, ал терістік облыстарда бидайдың “Ишимский-
10”, жүгерінің “Днепетровск-438” сорттары өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіру, олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер
басшылыққа алынады. Әсіресс еске алатын басты мәселелердің бірі — дақылдар
егілетін жердің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық
лабораторияда анықтайды. Содан кейін бір гектар жергс өсірілетін мәдени
өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп,
топырақтағы қоректі заттардың (N, Р, К) және минеральдық тыңайтқыштардың
мөлшерін орта есептен анықтап, топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында, өсіресе эксперимент өткізуде еңбек мәдениетіне
төселеді, олардың біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптарды
(приборлар), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды,
элекгроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі
артады.
Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары
анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру.
Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылар
мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға
баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінің айналадағы органы қорғауға
және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.

салаларыңда жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық,

2. Оқушыларға экономикалың тәрбие беру бүгінгі заман талабы
Қазақстан Республикасы әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру
саласына қойылып отырған заман талабы - шығармашылықпен жұмыс істей алатын,
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс ҚР білім беруді
2010-2015 жылдарға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы
орта білім беруде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты жүзеге
асу жоспарланған. Осыған дейін жалпы орта білім беретін мектептерде
қолданбалы экономика пәні факультативтік сабақ ретінде 5-11 сынып
аралығында жүргізіліп келсе, 2009-2010 оқу жылынан бастап Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №536 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық
сауаттылығын арттырудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске
асыру бойынша жасалған жұмыс жоспарына сәйкес республиканың жалпы білім
беретін мектептерінің 4-11 сыныптарына базистік оқу жоспарының вариативті
белігі есебінен:
10-12 жастағы (4-6 сыныптар, Балдырған) балаларға арналған танымдық
ойын нысанында қаржы сауаттылығы элементтері;
13-15 жасар (7-9 сыныптар, Жеткіншек) балаларға арналған қаржы
сауаттылығы негіздері бойынша факультативтер;
16-17 жасар (10-11 сыныптар, Жасөспірім) жасөспірімдерге арналған
қаржылық білім негіздері бойынша пән немесе практикалық сабақтар енгізіліп
отыр.
Ендеше, әр оқушы ертеңгі күнгі еліміздің экономикасының дамуына өз
үлесін қосып, мектеп қабырғасынан алған терең білімдерін болашақта
пайдалана білуіне бағытталған іс-әрекеттерді, жүзеге асыру қабілеттерін
дамытуға күш салуымыз керек. Бүгінгі таңда экономикалық білім, қаржылық
сауаттылықгы ашу тек қана құр айтылып қоймай, оң нәтижесін беретіндей етіп,
оқушыларымызды жаңа әдіснамалық жүйеде оқытып нарық заманында өмір сүріп,
еңбек етуге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеуді көздеп
отыр.
Ұрпақ тәрбиесі қай қоғамның, қай кезеңнің болмасын өзекті
мәселелерінің бірі болып табылады. Экономикалық тәрбие беру - нарықтық
экономика мен экологиялық жағдайларды, білім мен біліктілікті жеке тұлғаның
жоғары адамгершілікті қасиеттерін қалыптастыруға, әлеуметтендіруге
пайдалану. Жас ұрпаққа білім беру жүйесінде, сондай-ақ экономикалық білім
мен тәрбие беруде мектеп жетекші рөл атқарады. Мектептің экономикалық
дайындығы, ондағы әлеуметтік-экономикалық функцияларды барлық жағын қамти
отырып, қоғамдағы азаматтардың еңбекке деген рухани және әлеуметтік
қабілеттігіне қажетті білімдердің негізін құрайды. Сондықтан, жеке тұлғаны
мектеп қабырғасынан бастап шаруашылық есеп өз шығынын есептей алуды,
өзіндік құн маңызын жетік білу үшін іс жүзінде өндірістерге қатынастырып
отырған дұрыс. Экономика тәрбие негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр.
Экономикалық тәрбие беру оқушыларды экономикалық білім негіздерімен
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну, іскерлік әдет, үнемділік пен ұқыптылық, табыс пен
шығын, пайда, кәсіпкерлікке бастаудың жолдарын ұғындыру болып табылады.
Экономикалық тәрбие адамның алған білімін терең игеруіне, оны пысықтап
практикалық өмірде іске асыруға көмектеседі, өз жүйесінде идеялық және
практикалық бағыт береді. Білім мен тәрбиенің тығыз бірлігі адамның рухани
қасиеттерін құрайды. Білімнің сенімін іс әрекеттің жиынтығы адамның
бойындағы жаңа қасиеттерге, идеялыққа саналыққа ұласады. Экономикалық
тәрбие беру мәселесін зерттеуші ғалымдар пікірінше: оқушы жастарға
экономикалық тәрбие беруде бір ескеретін жай: экономикалық жаңаша ойлау
өздігінен пайда болмайды, ол қажырлы еңбекпен келеді. Білімді ұдайы
толықтырып адам психологиясын үнемі бағдарлап отыру негізінде қалыптасады.
Оның мәнісі объективтік экономикалық заңдардың талаптарын танып, біліп,
саналы түрде пайдаланған жағдайда ғана ғылыми негізде экономикалық ойлауды
қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны әлеуметтендіруге болады деген сөз.
Мысалы, Абайдың ойынша, еркін сауда, еңбек бөлінісі, еркін кәсіпкерлік,
қолөнер жеке адамның талпынуына, өмірдің талаптарына сай қызмет істеуге
өлшеусіз ықпалын тигізеді. Еліміздегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер
қоғам мүшелерінің экономикалық түсініктерге деген көзқарастарын қайта
қарауды, бұл мәселелердің кеңінен насихатталып игерілуін талап етуде. Бұл
түсініктерді қалыптастыру экономика және қаржы сауаттылығы пәнін мектепте
оқыту негізінде іске асырылатынын өмір өзі дәлелдеп отыр. Білім мен тәрбие
үрдісінің табиғи бірігуі негізінде білім сенімге айналады.
МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі
Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-тәрбие
жүйесіне жаңа талаптар қояды. Республикамызда экономикалық бағдарлама
енгізіліп, жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын
түсінуге, бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағыт алуда. Жалпы білім
беретін мектептердегі мұғалімдерге Тренинг семинар ұйымдастырылып,
экономика пәнінін мұғалімдері даярланып жатыр. Қолданбалы экономика пәні
бойынша семинарда екі мыңнан астам мұғалім білімін жетілдіреді.
Жыл сайын 300 мың бала мектеп бітіріп, жолдама алады екен. Осылардын
көпшілігі өз бетінше шешім қабылдап, дербес әрекет етуге дайын емес.
Әсіресе қазақ жастарының арасында әрекетсіздік басым. Демек, бұл көзқарас
түбегейлі өзгеріп, нарықтық қатынасқа бейімдеу ісі бастауыш сыныптан бастап
жүргізілуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру саласында
шетелдерде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталған, біз олардың жекелеген
жағымды жақтарын өзіміздің теориямыз бен практикамызда колдану мақсатында
талдамақпыз.
Дамыған капиталистік елдерде экономикалык тәрбиенің бай тәжірибесі бар
екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде балаларды экономикалық білім
негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы
түсінік береді.
АҚШ-та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне XX ғасырдың алпысыншы
жылдарында айрықша назар аударыла бастады. Американ экономистері,
педагогтері мен үкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару
үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен
дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа жауаптылықпен
қатысуынын және қоғамның жалпы игілігін қолдануының зор маңызы бар екенін
түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы орындардың
біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық білім беру
бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып, балалардың жыныстық және
жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріле отырып, олар мектеп
бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс.
Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар: сабақтар,
әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалық сабақтар,
зерттеу әдістемелері қолданылып, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал
шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік
материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдаланылады. Алайда, негізгі
міндет мектепке жүктеледі.
Чехияда, Венгрияда, Болгарияда, Германияда балалар еңбекке ерте
араласады, олар ата-аналарымен бірге мемлекеттен жалға алған жеке
қожалықтарда жұмыс істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру
болады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге
тартылады, шаруашылық қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты шығын емес,
пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді. Егер балалар жеке
қожалықтарынан басқа жерде еңбек етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша
алады. Тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырып, өз кірісі мен шығынын
жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді үйренеді. Ерте
жастан еңбекке баулу отбасы мен ел экономикасына үлес қосып жүрген
балалардың жек тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар елдердің
әлеуметтік-экономикалык саясатында әркімнің өз еңбегінің түпкі нәтижесіне
қызығуына мән беріледі. Басты нәрсе — адам мүддесін қоғам мүддесімен
ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке азаматы дәулетті
болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп есептеледі.
Германияның жоғары оқу орындарында Экономикалық педагогика деп
аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезендеріндегі
жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс мәселелерін,
экономиканың тәрбие жүйесіне ықпалын, түрлі дәуірлердегі тәрбие беру мен
экономика арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.
Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа біртіндеп шыға бастадық, бұл
орайда мұндай мүмкіндік толық дербестік шеңберінде кәсіпорындар мен
кооперативтердің еншісіне тиіп отыр. Дей тұрғанмен, біз әлі де болса
көптеген қиыншылықтарға тап боламыз, оны жеңу үшін экономикалық
мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Шетел педагогтерінің тәжірибесін мұқият
талдау бізге өскелен ұрпақты экономикалық сауатты іске дайындауға
көмектеседі. Бұл біздің елімізге дүниежүзілік экономикалық үрдіске тең
дәрежеде енуге, біркатар экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді. Мынадай негізгі мәселелер назар аудартады:
Мектеп экономикалық тәрбие жүйесіндегі басты, бірақ бірденбір буын емес.
Жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық тәрбие мен білім
мәселелерін шешу.
Экономикалық материалды оқу пәндері бойынша оқу құралдарына енгізу.
Мұғалімдердің экономикалық даярлық жүйесі.
Экономикалық білім мен тәрбие бойынша ұйымдар құру және түрлі мамандардың:
экономистердің, банкирлердін, бизнесмендердің, журналистердін,
социологтердің көмегімен және қатысуымен бұл жұмысты үйлестіруге күш салу.
Экономикалық тәрбие бойынша ғылыми және әдістемелік сипатта көптеген
кітапша-жинақ, кеңінен танымал оқу құралдарын шығару.
Экономикалық ағарту мақсатында оқу және оқудан тыс жұмыстардың түрлі
нысандарын, оның ішінде теледидар мен баспасөзді пайдалану.
Экономикалық тәрбие беру мәселесі А.С.Макаренконың,
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде, А.Ф.Амед, Г.П.Александров, И.А.Малышев,
М.П.Мельниковалардың жұмыстарында, енбекке баулу және өндіріс жағдайында
экономикалық білім беру JI. А. Фридман, А.X.Сатаров, X.Р.Матекубов
еңбектерінде, мектеп оқушыларынын жас ерекшеліктерін ескеріп, экономикалық
тәрбие беру мәселесі Т.Е Сергеева, Н.Б.Кулакова, JI.П.Фридман, В.С.Зайцев
еңбектерінде қатыстырылған.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін
экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде
бағалады. Оқу- ағарту ісіне ЬІбырай енгізген жаңалық — қазақ жастарына
кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының
экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді:
қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.
Ы. Алтынсарин еңбектің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді.
Оның еңбек тақырыбына жазған әңгімелерінен бала жанын жазбай танитын нәзік
психолог екенін аңғаруға болады.
Ағартушының танымдық көзқарасы бойынша, экономикалық табыс, елдің және
жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуі арқылы
бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысты.
Экономикалық тәрбие беру - қоғамдық өндірістің барлық салаларын
қамтитын күрделі құбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында
өндірістің барлық салалары мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-
қайшылығы арта түседі. Осы қарама-қайшылық негізінде Қазақстан
Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз. Мұның
өзі, ең алдымен, егемендік, меншік, еліміздің ұлттық байлығы ресурстарына
иелік ету және өндіріс салаларын республика халықтарының саяси-әлеуметтік
мүдделеріне бағыттау мәселелеріне катысты.
2.2 Экономикалық білім қажеттіліктері
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға экономикалық білім
беру мәселелерін орталықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті жанынан оқу-әдістемелік бірлестік ұйымдастырған еді. Осы
бірлестік тарапынан еңбек пәнінен беретін мұғалімдер үшін жаңа мамандықтар
дайындау қажеттілігі туралы ұсыныс түсірілді. Сондықтан бұл мамандықтар
үшін Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылдың 10 маусымындағы №460
бұйрығымен мемлекеттік жалпы міндетгі білім берудің стандарты дайындалып
бекітілді. Жаңа дайындалған білім беру стандартында мамандықтардың
біліктілік сипаттамасында жалпы талаптарға қосымша экономикалық білім
беруге қатысты мәселелер де қарастырылған. Мысалы, еңбек технологиясы және
кәсіпкерлік пәнінің мұғалімі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Оқытылатын пәннің ерекшеліктері ескеріліп, білім мен тәрбие
мәселелерін шешу, кәсіптік білімді қалыптастыруға қажетті ұйымдық-
педагогикалық мәселелерді меңгеру, саналы кәсіптік білім беру
бағдарламаларын игеру және тағы басқа. Бұл мамандықтың ерекшелігі оқушы
технологиялық үрдістерді меңгеруімен қатар сол технологиялық тәсілдерден
хабардар болуы тиіс. Бұдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz