Заманауи сабақ- математика мұғалімдерінің инновациялық білім беруінің негізі



Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салуды көздейді.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу (Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру)
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу (Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану )
IV. Жаңалықтарды бекіту
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. «Математика және физика» журналдары.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
4. Интернет материалдары .
5. «Математика» пәні бойынша мемлекеттік білім беру бағдарлама.
6. «Математика» бағдарламалары, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстандық білім беру академиясы,Алматы 2004ж.,2006ж
7. Алгебра. Оқулық. Әдістемелік нұсқау. Дидактикалық материалдар.Есептер жинағы.А.Әбілқасымова, В.Корчевский, З. Жұмағұлова, С.Төлеубаева, Г.Жүнісова.-Алматы: Мектеп,2008
8. Алгебра. Оқулық.Ю.Макарычев, Н.Миндюк, К.Нешков, С.Суворова, К.Базаров, Б.Баймуханов.-Алматы:Жазушы,2007

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Заманауи сабақ- математика мұғалімдерінің инновациялық білім беруінің негізі

Сабақ беру- жай ғана шеберлік емес,
ол жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж. Аймауытов.
Президенттің жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салуды көздейді.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу (Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру)
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу (Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану )
IV. Жаңалықтарды бекіту
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады.
:: Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
:: Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
:: Окушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияларға:
ынтымақтастық педагогикасы
білім беруді ізгілендіру технологиясы
тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы
түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы
деңгейлік саралап оқыту технологиясы
модульдік оқыту технологиясы
жобалап оқыту технологиялары кіреді.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшелігі мына төмендегідей:
-мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
-оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
-оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
Ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашвили.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық үшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты қояды:
-білім, білік, дағдысьң қалыптастыру
-барлық баланы оқыту;
-оқытуды жеделдету.
Бұл технологияның ерекшеліктері:
-үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейлік, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
-жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
-ізгілік, еркімен оқыту;
-әр оқушьшың жобасының жариялылығы, түзетуге, есуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Озат оқыту технологиясының авторы Ресейлік мұғалім С.Аженкова. Бұл технологияның ерекшеліктері:
-оқу материалдарының өзіндік бірізділігі, жүйелілігі;
-саралап әр оқушыға берілетін материалдың қолайлылығы;
-бағдарламаның, қиын тапсырыстарды біртіндеп оқшаулату эдісін қолдану: сабақты пысықгауға әуелі озаттар, сосын орталар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
-бірте-бірте толық дербестікке жету;
-сыныптағы қалыпты жағдайды қалыптастыру;
-түсінік, өзара, көмек, қарым-қатынас;
-оқушының қателігіне ескерту, бірақ еш жазаламау;
-үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;
-білім, білік дағдыны дамыта меңгерту;
-түсіндіру, қабылдау.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізін қалаған профессор Ж.Қараев.
Бұл технологияның ерекшеліктері темендегідей:
-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
-оқушыға берілетін тапсырманың саралануы;
-оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау;
-оқушының оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
-оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті
Модульдік технология дамыта оқыту технологиясына негізделген.
Мұндағы мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модульдік оқыту өзегі - оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламалы табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсаты бағдарламасынан тұрады.
Жобалап оқыту технологиясы алдын ала құрылған жобаға, нұсқауға негізделіп оқыту керек.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - окушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін математика сабақтарында қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Бұл технологияның мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады:
ең төменгі деңгей (базалық),
бағдарламалық,
күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Заманауи сабақтардың тиімділігі:
- Оқушы барынша еңбек етеді
- Мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады.
- Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді.
- Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өз өмірімен салыстыра алады, тұжырым жасайды.
- Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алады.
- Барлық оқушылар тепе - тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт.
- Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес оқушы қалыптасатын сабақ.
- Оқушыға Жердің түрлі нүктелерінде заманауи өмірге ену үшін қажетті құзыреттіліктер қалыптастыратын сабақ.
- Мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға жетуге, баланың жаңа әлеуметтік - педагогикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған сабақ.
- Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбек терісін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол еңбек терісін аямай сабаққа дайындалды).
Заманауи педагогика бізден не талап етеді?
- Заманауи педагогика жай сөз түрінде ғана емес, практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда негізгі әрекеттегі элементі оқушы болғанын талап етеді.
- Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленеді.
Мақсаты нақты көрсетіледі және жасалатын іс - әрекеттер арқылы білімін жинақтайды, өзін бақылау, бағалау дағдылары қалыптасады.
- Заманауи сабақ құзыреттеліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақтың соңында сыныптағы оқушылардың көпшілігі мақсатқа жетеді және өз жұмысын өзі бағалайды.
Ал егер сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда мұғалімның өз қатесін дұрыстауына және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі мол. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің!
- Мұндай сабақтың нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынады.
Заманауи сабақты оқытудың мақсаты - ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді.
Заманауи сабақ білім алушыны (оқушыны) неге дайындайды?
- Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына дайындайды.
- Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
- Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін сипаттайды.
білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту - бір жағынан, бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін (құзыреттіліктер) қалыптастыру, екінші жағынан - интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті барынша дамытады.
- Өзін - өзі тәрбиелеу үрдістерін басқара алады
Заманауи сабақты өткізгенде мұғалім нені жетекшілікке алуы қажет?
- Мен әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке алу.
- Әр оқушының білім алуға құқығы барын есінен шығармау
- Білім беру үрдісі (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау.
- Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу.
- Сабақты Блумның таксономиясын пайдалана отырып жобалау.
- Әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтай алатынына сену.
- Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін сабақта оқытудың фронталды әдісін және Мен сияқты жаса, менен де артық жаса ұранын мүмкіндігінше пайдалану.
- Сабақта әр оқушының қызметін бағалауға үлгіру.
- Сабақта оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармау.
Сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
«12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында «Алгоритм» тақырыбын оқытудың әдістемесі»»
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Білім беруді цифрландыру
Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Мектептанудың негізгі мәселелері
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Пәнаралық байланыстар
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер