Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
І. Бастауыш сыныпта алғаш сөз таптары жайлы түсінік берудің әдіс.тәсілдері
1.1. Зат есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Сын есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...6
1.3. Сан есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...7
1.4. Етістікті оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ. Бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқыту
2.1. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Оқушылардың тілін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3. 3.сыныпта зат есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4.3.сыныпта сын есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.5. 3.сыныпта есімдікті оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.6. 3.сыныпта етістікті оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.7. Шылауды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.8. Сөз таптарын оқытудың сабақ үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Зерттеудің өзектілігі. Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптарын оқыту болып табылғандықтан, жұмысты жазуда 2 және 3-сыныпта сөз таптарын оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу басшылыққа алынды.
Бұл тақырыпты өткенде, 1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алса, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп атамай,1-сы-ныпта аталғанындай басталады да, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білдірудің мақсаты морфологияны жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді: сөз байлығын молайтады, ой өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді.
Сөз – сөйлем құраудың матеиалы. Сондықтан бұл тарау бойынша жұмыс жүрізгенде, оқушы сөйлем ішіндегі керекті сөздерді дұрыс танып, ол сөздерге сұрақтарды дұрыс қоя алатын болсын. Сөздерге сұрақ қоя отырып айыруды керемет күшке айналдырмау керек. Әдетте, мұғалімдер балаға сөз, сөйлем мүшелерін танытқанда, пәлендей сұраққа жауап болатындар, мысалы, зат есім болады, не бастауыш болады деп жатады. Ол дұрыс емес. Дұрысы – керісінше: зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш болғандығынан белгілі сұраққа жауап болады.
1. Әуелбаев Ш. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы, 1987.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы,1998.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы:Ана тілі,1992.
4. Әуелбаев Ш. Бастауыш класс оқушыларының каллиграфиясын жетілдіру. А.,1987.
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. Алматы,1999.
6.Жұбанова М.Сауат ашу методикасының мәселелері.Алматы,1987.
7.Жұбанова М.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1987.
8. «Қазақ тілін оқыту методикасы». Ә.Исабаев. Ташкент, 2003 ж
9. Е.Абдувалидов. Жаңа педагогикалық технология.
Ташкент, 2001 ж.
10. Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003 ж.
11. Қ.Қабдықайырұлы. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. Аламты, 1999 ж.
12. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынастар: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000 ж.
13. С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991 ж.
14. Ә.Ишмухамедов. Қызықты грамматика. Алматы, 1984 ж.
15. С.Рахметова. Кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту. Алматы, 1978 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту

Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
І. Бастауыш сыныпта алғаш сөз таптары жайлы түсінік берудің әдіс-
тәсілдері
1.1. Зат есімді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Сын есімді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .. ...6
1.3. Сан есімді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...7
1.4. Етістікті
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ. Бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқыту
2.1. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...10
2.2. Оқушылардың тілін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
2.3. 3-сыныпта зат есімді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18
2.4.3-сыныпта сын есімді
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2
2.5. 3-сыныпта есімдікті
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.23
2.6. 3-сыныпта етістікті
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..24
2.7. Шылауды
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..28
2.8. Сөз таптарын оқытудың сабақ
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы
ең күрделі тақырып сөз таптарын оқыту болып табылғандықтан, жұмысты жазуда
2 және 3-сыныпта сөз таптарын оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу басшылыққа
алынды.
Бұл тақырыпты өткенде, 1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік
алса, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады.
Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп атамай,1-сы-
ныпта аталғанындай басталады да, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті
атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білдірудің
мақсаты морфологияны жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-
ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді: сөз байлығын
молайтады, ой өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді.
Сөз – сөйлем құраудың матеиалы. Сондықтан бұл тарау бойынша жұмыс
жүрізгенде, оқушы сөйлем ішіндегі керекті сөздерді дұрыс танып, ол сөздерге
сұрақтарды дұрыс қоя алатын болсын. Сөздерге сұрақ қоя отырып айыруды
керемет күшке айналдырмау керек. Әдетте, мұғалімдер балаға сөз, сөйлем
мүшелерін танытқанда, пәлендей сұраққа жауап болатындар, мысалы, зат есім
болады, не бастауыш болады деп жатады. Ол дұрыс емес. Дұрысы – керісінше:
зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш болғандығынан белгілі сұраққа жауап
болады. Алдымен сұрақты қоя білу керек. Жеке сөзді оқшау алып, оған қойған
дұрыс сұрақтың өзі оқушыны қара дүрсіндікке үйретеді. Асылында сұрақ
қойылған сөздің өзі екінші сөзбен байланысып жатады. Оқушыларды сұрақ қоя
білуге үйреткенде, осы жағдай естен шықпау керек. Сонда оқушылар біртіндеп
сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс түсінетіндей мүмкіндік болады.
Оқушыларды бұған үйрету оңай емес. Сөздердің әрбір грамматикалық тобына
сұрақты дұрыс қоя білуді жыл бойы үйретуден жалықпау керек.
Одан бұрын тексті оқытып, оның мазмұнын айттырғанда, көшірткенде, тіл
дамыту, дұрыс жаздыру мақсаттары қойылатыны белгілі.
Сөз таптарын оқытудың осы сияқты күрделі мәселелері диплом жұмысында
тарауларға бөлініп берілді.
Зерттеу пәні: қазақ тілі
Зерттеу объектісі: сөз таптары
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта сөз таптарын оқытудың әдіс-
тәсілдерін зерттеп, жай және күрделі материалдарды ұғындырудың қыр-сырын
ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері: 2 және 3-сыныптарда сөз таптарын оқытудың әдіс-
тәсілдерін зерттеуде озық тәжірибелі сабақ өту үлгілерінен ізденіп,
әдістемеге жаңалық енгізу.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте бастауыш
мектепте сөз таптарын оқыту әдіс- тәсілдері теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Бастауыш мектепте сөз таптарын оықут
әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу
негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: тіл білімі, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі сөз таптары мен сөз таптарын оқыту туралы
ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен
пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика, тіл білімі ғылымдарының классиктерінің
еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу
бағдарламалары;
Курстық жұмыстың болжамы: Егер бастауыш сынып мұғалімі грамматиканы
оқытудың әдіс-тәсілдерін теориялық жағынан меңгеріп, практикамен ұштастыра
білсе, болашақ ұрпаққа сапалы білім беріледі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

І. Бастауыш сыныпта алғаш сөз таптары жайлы түсінік берудің әдіс-
тәсілдері

1.1. Зат есімді оқыту
Зат есімді сөйлем ішінде танытудың мәні зор. Сондықтан сұрақты
сөйлемдегі сөз бен сөздің тіркескен тобына лайықтап қойдыру керек.
Тақырыпты оқытқанда суретпен жұмыс жүргізудің мәні зор. Ондағы мақсат –
адам туралы кім? Басқа жанды-жансыз заттар туралы не? деген сұрақ
қойылатынын түсіндіру. Содан кейін ережелерді оқып қана қоймай, берілген
мысалдарды талдап түсіндіру жөн.
Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат – балаға заттардың әр алуан
болатынын, мағыналық тобын, жігін, ара қатынасын білдіру.
Одан әрі сұрақтар, көп нүктелер орнына зат есім болатын есімдірді
қойдырып, сөйлемдер құратып жаттықтыру керек.
Зат есімнің көпше түрі. 2-кластың оқушылары жүзге дейін санап, төрт
амалды, икс қатысты небір қиын есепті шығара алады. Ол балаларға бір үйрек
үш үйректен көп еместігін, бір алмадан төрт алманың көп екенін ұғыну қиын
емес. Бірақ сол оңай есепке құрылған жекеше және көпше деген ұғымды
білдірудің грамматикалық тәсілі балаларға үлкен жаңалық. Сондықтан жекеше,
көпше дегенді ұғындыру үшін сурет асытна сол тұлғадағы зат есімдерді қатар
жазып, мағыналарын сурет арқылы дәлелдеп, оңай түсіндіру, көптік тұлғаның
не үшін жалғанатынын аңғарту керек болады. Соларды түсіндіріп алып, зат
есімдер жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін
түбірге көптік жалғау жалғанатыны ерекше ереже ретінде беріледі. Бала бұл
арада жекешені көпшеге, көпшені жекешеге айналдыра білумен қатар, көптік
қосымшаның түрлі дыбыстық варианттарын дұрыс жалғап, дұрыс жаза алатын
болсын. Содан кейін текстерден зат есімнің жекеше, көпше түрлерін айырып,
оларға сұрақтарды дұрыс қоя алатын болсын.
1.2. Сын есімді оқыту
Заттың сынын білдіретін сөздер деген тақырып оқушының сын есім
туралы бұрын алған түсінігін кеңейтіп түсіндіруге арналған. Мұнда сын
есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркестіре
білу, негізгі, туынды сын есімдерді айырту талабы қойылады.
Сын есімді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол текстерді
пайдаланған жақсы нәтиже береді. Мысалы:
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер...
сияқты тексті алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ
қойылады? Ол қандай есім? Қандай тұлғада? деген сұрақтарға жауап алғаннан
кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сыны
айтылғанын оқушы аңғаратын болсын, соларды салыстырсын, қызыл, көк сөздері
заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын. Сол мысалдағыдай басқа
сындар мен заттар қатарын, оқушының өзі-ақ құрастыра алады. Заттардың түсін
білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? деген сұраққа мүдірмей дұрыс
жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген дейміз.
Ойланбай, сөздердің мағыналық байланысына қарамай, кез келген затпен кез
келген сын есімді тіркестірудің дұрыс еместігіне оқушының көзі жетсін.
Сонда ғана керекті сөздер дегеннен басқа да сын есімдерді оқушының өзі
затпен тіркестіріп айта алады.
Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімдерге қатыстырып
айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері атайды. Олар нақты
заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе
алмайтын да заттар болатынын бала білсін. Мысалы, семіз қой, семіз сиыр
деуге болады, ал семіз ағаш, семіз кітап деуге болмайды, жуан ағаш, қалың
кітап дейміз. Осындай баланың да күлкісін келтіретін оғаш мысалдарды
айтудан қашпау керек. Мұндай мысалдар ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға
итермелейді. Сондай-ақ балалар екі затты салыстырып – қалың кітап, жұқа
кітап, кішкене кітап, үлкен кітап, үлкен кесе, кіші кесе сияқтыларды айтуы
мүмкін. Олар дұрыс болғанмен, баланың затқа тән көп сынының қайсысын бұрын
айтып, оны дұрыс тани алуында үлкен мән бар. Сондықтан салыстырған екі
затты атағанда, жұқа, қалың кітап, үлкен, кіші кесе дегені – ең дұрысы. Сын
есімдерді сұраққа қарап танумен қатар, заттың түсін, тамақтың дәмін
білдіретін мағыналық тобын айыруымыз керек. Сын есімнің мағыналық тобын
сөйлем ішінде танып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту
қажет.
Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат
есімдерді таптыру, оларды тіркестіре білуге үйрететін жаттығулар жүргізу
тиімді. Сондай-ақ жаттығулардың ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын
есімдердің қызметі заттардың сындық-сапалары болу екенін білдіру керек. Бұл
класта туынды сын есім туралы бастапқы мағлұмат берілуге тиіс. Сондықтан
бірер қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдерден түсінік беріледі.

1.3. Сан есімді оқыту
Заттың санын білдіретін сөздер 2-класс балаларына математика
сабақтарынан да жақсы таныс. Олар сан есімдер қатысты әр алуан қиын
есептерді шығара алады. Бірақ олар 3,5,12,35 сияқты сандарды қосу, алу,
көбейту амалдарының объектілері ретінде, санау таңбалары ретінде ұғынады.
Ал олардың сан есім екенін, затқа қатысты сөздердің грамматикалық тобы
екенін жөнді ұқпайды. Оқулықта осылар ескеріледі де, сан есімдер негізгі
есім сөздердің бірі ретінде баяндалады. Әзірге бұл класта сан есімнің
есептік, реттік түрлерінен бастапқы мағлұмат беріледі. Ол үшін сан
есімдерге неше?, қанша?, нешінші?деген сұрақтарды қойдыру арқылы сан
есімдердің сол екі түрін танытамыз. Жаттығуларда берілген материалдарды
игеріп, тапсырмаларды дұрыс орындау нәтижесінде оқушылар ережелерді жадында
сақтап, жүзге дейін дара, күрделі сан есімдерді әріптермен дұрыс жаза
алатын болуға тиіс, есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырумен
қатар соңғыларының тұлғалық варианттарын есептік сандарға дұрыс жалғай
алатын болсын.
Оқушыларға есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыру талап
етіледі. Содан кейін берілген сөз тіркестерін бала оқып шығып, олардың
құрамында есептік сан есімдер мен зат есімдер бар екенін түсініп алғаннан
кейін, олардағы сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып айтып, олардың
айырмашылығын айта алатын болсын. Сонда ғана қандай сұрақ қойылады? Дегенге
баланың беретін жауабы осы айырмашылықты түсінгендігінің белгісі болмақ.

1.4. Етістікті оқыту
Заттың қимылын білдіретін сөздер жайында балалар 1-класта аздап
мағлұмат алған болатын. Бірақ етістіктің үлкен сөз табын құрайтыны, заттың
әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретіні, тағы басқа грамматикалық
сипаттары әлі оларға түсініксіз. 2-класта да балалар бұл ерекшеліктерді
жақсы білсін дейміз. Алайда түсінуге жетелейміз. Ол үшін алдымен етістікті
таныту жағы ескеріледі.
Етістікті оқытқанда сұрақ-жауап сөйлемдер арқылы заттлың қимылын
білдіретін сөздерге баланың назарын аударып, не істеді?деген сұраққа жауап
болатын етістіктерді таныту керек. Бұған бірден кіріспей, текстерді балаға
оқыта салып, көшірте қойғанмен іс бітпейді. Сұрақтардың жауаптарында
етістік балаға айдан анық болуға тиіс.
Оқушыларды осылай етістіктерді танытуға жетектей отырып, ережесін
оқытса, бірден түсінікті болады. Одан әрі біраз жаттығулар ережелерде
айтылғандарды бекітуге арналған. Сөйлем ішіндегі етістіктерді балалардың
өздеріне таптыру көзделеді.
Кел, достар Күл де ойна
Кел, жастар Жолдастар!

сияқты оңай мысалдан бастаймыз. Оны бала көшіріп, етістіктердің астын
сызғанда, ондағы кел, күл, ойна сөздерінің кімге айтылғанын білсін.
Етістіктерді текстен таптырудың методикалық оңай жолы деп сұрақ қоюды
айтамыз. Мұғалім оны етістіктің іс, әрекет, қимылды білдіру мағыналарымен
ұштастыра алса, жүргізілген жұмыстар өз мақсатына жеткен болып есептеледі.
Бастауыш мектепте қазақ тілінің грамматикасын, емлесін оқытуда
ерекше ескерілетін бір жай – оқушылардың сауатты болу қамы. 2-класта қазақ
тілінен оқылатын сабақтардың көп мақсатының бірі оқушылардың сауатын
арттыруға тіреледі. Кейбір тақырып алдымен сол мақсатқа бағындырылып
өтілетін болса, кей тақырыпты оқытуда орфографиялық, пунктуациялық
ережелерді оқушыларға білдіру қосымша міндет деп саналады. Соның бәрінде
оқығанды пысықтау, бақылау, оқушылардың білімін сынау мақсатымен әр түрлі
диктант жұмыстары жүргізіледі. Оның түрлері мұғалімдерге аян. Сондай-ақ 3-
класта мазмұндама жазуға баса көңіл аударылу қажет.

ІІ. Бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқыту

2.1. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс-тәсілдері
Оқушылар 3-класта грамматикалық күрделі материалдарды оқиды.
Материалдардың күрделі, түсіндіруге қиын болу себебі – материалдың
көпшілігі өте абстрактілі түрде түсіндіріледі. Грамматикадан алатын білім
тиянақты, терең болу үшін, оқушыларды сабаққа белсенді, саналы қатыстыру
керек.
Ол үшін оқушылар материалдардың білімдік, практикалық мәнін,
қажеттігін түсінуі керек. Сондықтан мұғалім оқу жылының басында, алғашқы
сабақтарда грамматика пәні – тілдің құрылысын, тілдің пікір алысудағы
қызметін танытатын пән екенін, грамматиканы білу арқылы дұрыс сөйлеуді,
қатесіз, сауатты жазуды оңай меңгеретінін түсіндіру жөн. Осы тәрізді қысқа
әңгіме әр күрделі грамматикалық материалдарды түсіндірген сайын өткізіліп
тұрады.
Жаңа материалды түсіндіру екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірі –
индуктивтік әдіс, екіншісі – дедуктивтік әдіс. Мұғалім өтілетін
материалдардың ыңғайына қарай осы әдістердің бірін таңдайды. Жаңа тақырыпты
өту кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ең қолайлысы –
индуктивтік әдіс. Индуктивтік әдіс бойынша алдымен жаңа тақырыпқа
байланысты мысалдар талданады, содан кейін сол талдаудың нәтижесінде
қорытынды шығарылады. Мысалдарды талдауға, қорытынды шығаруға оқушылар
қатыстырып отырылады.
Дедуктивтік әдіс бойынша оқытқанда, алдымен ереже айтылады да,
соңынан ережені анықтайтын мысалдар талданады. Бұл әдіс оқушылардың өзіне
талдауға қиын, өте абстрактылы тақырыптарға байланысты қолданылады. Мұғалім
қай әдісті қолданса да, өтілетін форманың грамматикалық сипатын оқушыларға
анық, түсінікті етіп түсндіруге тиіс.
Грамматикалық тақырыпты танытып, түсіндіргеннен кейінгі істейтін
жұмыс – оқушыларды сол грамматикалық форманы жазбаша текстен, ауызша
айтылған мысалдан бірден ажырата алуға үйрету. Бұл дағды оқушылардың
грамматикадан алған білімін жазуда, сөйлеуде дұрыс қолдануы үшін қажет.
Оқушылар сөздің морфологиялық құрамын тез ажыратып таныса ғана дұрыс,
қатесіз жаза алады. Мұғалім оқушыларды грамматикалық формаларды тез, әрі
дәл тануға үйрету үшін, жаттығу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі керек.
Тақырып түсіндірілгеннен кейін, жаңа форманы мағына, қызметі жағынан
таныта түсуге көмектесетін жаттығулар ұйымдастырылады. Ол жаттығулардың
түрі мынадай:
1. Тексте өтілген объектіні ерекшелеп беріп, оның грамматикалық белгілерін
айтқызу.
2. Текстен объекті түсірірліп, төменде бөлек беріледі де, оқушылар
сөйлемдерді толықтырып көшіреді, объектінің грамматикалық белгілерін
атайды.
Келесі кезекте мұғалім оқушыларды өтілген объектіні өз бетімен танып,
табуға үйрете бастайды. Ол үшін мына түрдегі жаттығулар ұйымдастырылады:
1. Тексте объект ерекшеленбей беріледі де, оқушылар өз бетімен оның
мағынасын, формасын, қызметін талдап ажыратады.
2. Өтілген объектіге оқушылардың өздері мысал келтіріп, талдау жасайды.
3. Сөздерді өтілген грамматикалық формаға қойып, сөйлем құрайды, сөйлемдегі
сөздердің грамматикалық белгілерін талдайды.
Біз әр жаттығуда өтілген грамматикалық объектіні атап қана қоймай,
мағынасын, қызметін, форма ерекшеліктерін талдатып айтқызу керек екенін
ескерттік. Бұл - өте қажет талап. Өйткені грамматикалық объектінің осылай
мағынасын, қызметін, формасын талдап танытқанда ғана оқушының білімі
саналы, тиянақты болады.
Грамматикалық білімді тиянақты етіп үйретудің үшінші кезеңі мынадай
міндет қояды. Оқушылар жазғанда, сөйлегенде өтілген грамматикалық форманы
еркін, жылдам тауып жазып, сөйлегенде пайдаланып отыруға тиіс. Бұлай
машықтану үшін мынадай жаттығулар ұйымдастырылады:
1. Ауызша айтылған текстен өтілген грамматикалық материалдарға байланысты
объектіні тауып, талдау жасау. Бұл жаттығудың пайдасы көп. Өйткені жазуда
оқушы тексті естумен не ойдағы қалпымен талдау жасап жазады.
2. Бұрын өтілген тақырыптармен қатар текст бойынша түгел грамматикалық
талдау жасау. Бұл жаттығудың мақсаты – жаңа объектіні басқа материалдарды
талдаумен қатар іздеп табуға үйрету.
3. Грамматикалық талдауды емлеге қатысты да жүргізу. Мысалы: түбірдің
соңындағы қатаң қ, к, п дыбыстарының өзгеру себебін таптыру, зат есімдерге
септік жалғау жалғанғанда қосарлы дауыссыздың пайда болу себебін сұрау т.б.
Бұл сияқты жаттығулар оқушыларды дұрыс жазу үшін грамматикадан алған
білімін пайдалануға үйретеді.
4. Диктант, шығарма жаздыру. Бұл жұмыстар – оқушылардың грамматикадан алған
білімін дұрыс жазу, сөйлеу қажетіне пайдалануға жетектейді.
3-класта оқушылар орыс тілінен енген, орысша дыбыс ерекшелігін ала
келген сөздерді жазып дағдылануға көп көңіл бөледі. Бұл сөздердің жазылуын
есте сақтау үшін емлелік қиындығына қарай топталып беріледі. Емле
материалдарын өтуде мұғалім дыбыстардың айтылу ерекшелігін байқатып, дұрыс
оқытып, ол дыбыстар бар сөздердің жазылуын есте сақтауға машықтандырады.
3-класта оқушылар тілдің морфологиялық құрылысына негізделген біраз
материалдарды өтеді. Бұл материалдар оқушылардың бұрын танысып, үйренген
емле ережелерінен анағұрлым қиын тиеді. Өйткені оқушылар бұл ережелерді
үйреніп, жаттығу үшін күрделі ой жұмыстарын істеуі керек: сөздердің
морфологиялық құрамын ажыратып, танып, әр жағдайға байланысты жұмсалатын
емле ережелерін еске түсіріп, жазуда пайдалануға тиіс. Осындай емле
ережелері біріккен сөздердің, түбірге септік, тәуелдік жалғауының
жалғануына, шылау сөздердің жазылуына байланысты келеді.
Оқушылар бұл жаңа материалдармен қатар, 2-класта өтілген емле,
пунктуация материалдарын қайталап, оларды дұрыс жазуға машықтана түседі.
Пунктуациядан ерекше ескеріп, қайталап отыратын ереже – бастауыш пен
баяндауыш арасына қойылатын сызықша.
3-класта үйретілетін емле материалдарының мазмұны осындай. Ендігі
айтылатын сөз осы емле ережелерін оқытуда ескеретін жалпы принциптер
жөнінде.
Емлені меңгеріп алу, психологтардың зерттеуі бойынша, үш кезеңнен
тұрады. Бірінші кезең – емле ережесін тану, білу. Екінші кезең – емле
ережесін жазу кезінде пайдаланып жаттығу. Үшінші кезең – емле ережесін
пайдалануды еркін, ырықсыз әрекет дәрежесіне жеткізу, яғни ережені оқушы
автоматты түрде пайдаланатын ету. Жаттығу кезеңінде оқушы емленің
объектісін ажыратып, оған қатысты емле ережесін есіне түсіріп, содан кейін
барып сөзді жазуға кіріседі. Үшінші кезеңнің талабы – емле объектісін
тауып, емле ережесін қолдануды, сөзді жазуды тұтас бір-ақ процесс ету. Осы
дәрежеге жеткенде ғана оқушылар жылдам, еркін жазатын болады. Аталған әр
кезеңге тән арнаулы жаттығулар ұйымдастырылуы тиіс.
Емле ережесін түсіндіру. Емле ережесін түсіндіруде де мүмкін болғанша
оқушыларды мысалдарды талдауға, қорытынды шығаруға еркін қатыстырып отыру
керек. Ол үшін бұған алдын ала дайындық қажет. Дайындықтың алды – оқушылар
емлені үйренуге қатысты грамматикалық материалдарды жақсы біліп алуға,
ертерек өтілгендерін қайталап еске түсіруге тиіс. Екінші ескеретін жай –
дайындық мысалдар мен көрнекі құрал әзірлеу. Мысалдар, көрнекі құралдар
тартымды, түсінікті болғаны дұрыс. Үшіншіден, мұғалім мысалдарды талдап,
қорытынды шығару үшін, оқушыларға қоятын сұрақтарын дайындап келуге тиіс.
Сұрақ тұжырымды, әрі оқушылардың жауабын жинақтап, қорытынды шығаруға бейім
болатындай болсын.
Бір грамматикалық құрам төңірегінде сөздердің фонетикалық немесе
графикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше емле өтілуге тиіс. Мысалы,
тәуелдік жалғауларына байланысты алдымен жалғау жалғанағнмен, түбірдің
өзгермейтіні өтіледі, содан кейін түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстарының
ғ, г, б болып өзгеріп айтылып, өзгеріп жазылатыны, сөз соңындағы жіңішкелік
белгісінің түсетіні өтіледі.
Емле ережесін таныту, түсіндіру жұмыстың алғашқы қадамы ғана. Емлені
жақсы меңгергеннің белгісі – жазу үстінде жазылуын арнайы ойлап, еске
түсіріп жатпай-ақ, объектіні бірден танып, әдетке сүйеніп дұрыс жазу екенін
өткенде айтқанбыз. Бұл әдет біртіндеп қалыптастырылады. Алғашқыда
оқушыларға емле объектісін таныту, ол объектіге қатысты емле ережесін есте
сақтау үшін мынадай жаттығулар ұйымдастырылады:
1. Өтілген емле ережесіне қатысты объектілерді жеке беріп, оқушылардан оның
қиыншылығын сұрау, емле ережесін айтқызу. Мысалы, қос сөздер жеке беріледі
де, мұғалім оқушылардан бұлардың қандай сөз екенін, жазылуына қатысты
қандай ереже бар екенін сұрайды.
2. Берілген сөйлем ішінен жаңа өтілген емле объектісін тауып, жазылу
ережесін түсіндіру, тексті көшірту.
3. Оқушылардың өздеріне өтілген емлеге сай мысал таптырып, оларды жаздыру,
жазылу ережесін айтқызу.
Оқушыларды жазу үстінде объектіге қатысты емле ережесін пайдаланып
жазуғ,а төселдіру үшін мынадай жаттығулар ұйымдастырылады:
1. Жаңа өтілген орфограмма тексте (сөздің жазуға қиын бөлшегі) түсіріліп
беріледі де, оқушылар емле ережесін естеріне түсіріп, тексті көшіреді.
2. Жаңа өтілген орфограммаға қатысты сөз түсіріліп беріліп, оқушылар
сөйлемдерді толықтырып көшіреді. Бұл жаттығу алдыңғыдан қиынырақ. Өйткені
орфограмманы сөз ішінен оқушылардың өздері тауып, ережені пайдалана отырып
жазуға тиіс.
3. Жаңа орфограмма бұрын өтілген орфограммалармен қатар берілген
жаттығуларды орындату. Бұл жұмыс арқылы оқушылар жаңа емлені басқа емлемен
қатар есте ұстап, дұрыс жазуға үйренеді.
4. Жаңа өтілген орфограммасы бар сөздерді сурет бойынша немесе басқа
амалдармен жатқа айтқызу.
5. Түсіндірме, терме диктант жазу.
Оқушылардың жаңа емле ережесін пайдаланып, сауатты жаза білуін
автоматтандыру үшін, мына жазба жұмыстары ұйымдастырылады:
1. Бақылау диктантын өткізу.
2. Мазмұндама, шығарма жаздыру.
Оқушыларды емлеге үйретуде ерекше ескеретін бір жай бар. Ол –
оқушыларды сөздердің емлеге объект болатын бөлшегін біліп, ол объектінің
жазуда қандай қате тудыратынын есте сақтауға үйрету. Мысалы, колхоз деген
сөзді жазуда бірінші буындағы о дыбысы а болып естіліп, оны сол естілуі
бойынша жазып, қате кетеді. Қарақұс деген біріккен сөзді жазғанда, екінші
түбірдегі қ дыбысы ғ болып естіліп, сол әріпті жазуда қате кетеді т.б.
осылай емле объектісінің сипатын білгенде ғана оқушы жазу жұмысына мұқият
болады.
Бұл міндетті орындау үшін жазба жұмысының үстінде сөздердің емлеге
объект болатын жерлерін тапқызып, мүмкін болатын қатенің түрін атату керек.
Оқу сабағында да тексте кездескен емлесі қиын сөздерге ауызша талдау
жастауға болады.
Емле ережелерін есте ұстап, сауатты жазуға машықтандыру үшін,
оқушылардың біліміндегі олқы жерлерін толықтыру үшін қателер бойынша
істелетін жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу керек. Қате бойынша істелетін
жұмыстардың түрі мыналар:
1. Қате жіберген сөзді көшіртіп, қате жазылған әріптің, буынның астын
сызғызу. Бұл жұмыс жазылуы белгілі бір жалпы ережеге келтіруге болмайтын
сөздерге қатысты ұйымдастырылады.
2. Қате жіберген сөзді көшіртіп, сөзді дұрыс жазуға қатысы бар емле
ережесін қайталату, ауызша айтқызу, оқулықтан оқыту.
3. Қатені түзетпей, тек астын сызып көрсетіп, оны оқушылардың өзіне
жөндету, емле ережесін айтқызу.
Емле ережесін танып, тиісті дағды алған соң, оқушылар оны бұрын
өтілген ұқсас жақындығы бар емле ережелерімен салыстырады. Мысалы, тәуелдік
жалғау жалғанғанда қ, к, п дыбыстарының ғ, г, б болып айтылып, осылай
жазылатынын біріккен сөздердегі түбірлердің аралығында келген к, қ, п
әріптерінің жазылуымен салыстырады. Бұл салыстырудың пайдасы – оқушылар
емле объектісінің жалпы сипатын, оның жазылуы қалай нормаланғанын біледі,
оларды өзара шатастырмай дұрыс жазатын болады.

2.2.Оқушылардың тілін дамыту
Тіл сабақтарында ылғи назарда ұстайтын мәселенің бірі – оқушылардың
тілін жетілдіру, дамыту. Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар мыналар:
1. Оқушыларға әдеби тіл нормасын меңгерту: диалект сөздерді пайдаланудан,
сөздерді диалектіге тән фонетикалық қалыпта айтудан арылтып, әдеби тілге
үйрету.
2. Сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтқызу, сөздерді оқығанда да жазу
қалпына ермей, айтылу нормасын сақтап оқуға үйрету.
3. Оқушының сөздік қорын молайту, сөздерді мағынасына сай таңдап, орнымен
жұмсауға үйрету.
4. Оқушыларды сөйлемді тұжырымды, тиянақты етіп құруға үйрету.
5. Сөйлемдерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйемен айтуға үйрету.
Тіл дамыту тек арнаулы сабақтарда ғана емес, грамматика, емле
материалдарын өтетін сабақтарда да ескеріліп отырады. Оқулықта тіл дамыту
жұмысына қойылатын осы талаптар ескеріліп отырады. Оқулықта шығарма,
мазмұндама жұмыстарына арналған жаттығулар бар, мұнымен қатар грамматика,
емле материалдарын пысықтауға арналған жаттығулар да оқушының тілін
дамытуға көмектесетіндей етіп берілген.
Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсаты оқулықта былай іске
асырылды. Біріншіден, жаттығулар мазмұны бай, өмірдің әр саласын қамтитын
етіп берілді. Екіншіден, оқулықта оқушыларға жаңа сөз үйрететін жаттығулар,
олардың естуінде, көңілінде бар сөздерді активтендіретін жаттығулар
берілді.
Мазмұндама өткізуге, әңгіме құрауға арналған жаттығулар тек оқиғаның
ретімен жүйелеп айтуға үйретіп қана қоймай, затты, табиғатты образды түрде
суреттеп айтуға да үйрететін етіп құралды.
Мұғалім сабақ өткізгенде әр жаттығудың тіл дамытуға байланысты жағын
анықтап, есекріп отыруға тиіс.
Ескеретін ең бірінші мәселе - әр жаттығу арқылы енген, оқушыға тың,
жаңа көрінетін сөздер, немесе жұмсалуы тосын көрінетін сөздер ылғи
түсіндіріліп отырады. Екіншіден, емле, грамматика материалдарын пысықтау
үшін берілген жаттығулардың тіл дамытуға қатысты тапсырмалары ескерусіз
қалмауға тиіс. Сөйлем құрауға берілген сөздер орнымен жұмсалды ма, сөйлем
дұрыс құралды ма – мұғалім осының бәріне мән беріп, кезінде тексеріп,
қатесін түзетіп отырады. Сөйлем құратқанда оқушыдан сөйлемді үйреншікті
тақырып, мазмұн бойынша ғана құрамай, өмірдің әр саласын ескеріп, сөйлемнің
мазмұнын бай етіп құрауды талап ету керпек.
Мазмұндама, шығарма мазмұнға бай, көркем болу үшін, оқушылар
тақырыпты эмоциямен қабылдап, түсінуге тиіс. Сонда ғана олар әңгімені
қызығып, еркін айтып, жазады. Мұғалім оқушылардың тақырыпты эмоциямен
қабылдауын мақсат етіп таңдағаны дұрыс. Ол үшін көркем сурет, қызықты
әңгіме, кино, диафильм пайдаланылады, экскурсиялар ұйымдастырылады.
Шығармаға оқушылардың өз бастарынан кешірген оқиғаларды тақырып етіп
алғанның пайдасы көп.
Тіл дамыту жұмыстары тек оқулықтағы материалдармен ғана шектелмейді.
Бұл жұмысты мұағлімдердің өздері іске асырып отырады.
Тіл дамыту сабақтарынан алған білім, икем де ескеріліп отырылуға
тиіс. Мұғалімдер оқушылардың әсіресе жаңа үйренген сөздерді ұмытпай
қолданып жүруіне көп көңіл бөледі. Ол үшін сол сөздерді қатыстырып сөйлем
құратады, сөздерді мағынасына қарай топтатып, ататып отырады.

2.3. 3-сыныпта зат есімді оқыту
Зат есім – үшінші класта өтілетін ең күрделі тақырып. Бұл тақырыпқа
байланысты өтілетін материалдар грамматика мен емлеге ғана қатысты емес,
оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық ойлау дағдысы
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Проблемалық оқыту туралы ұғым
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Пәндер