Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І. тарау. ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
1.2 Ойынның түрлері
ІІ. тарау. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар
2.2 Сабақтан тыс жұмыстарда ойындарды пайдалану әдістері
ІІІ. тарау. Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой.өрісін дамыту
3.1. Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану
3.2. Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлеріне шолу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

1. Аманжолов А.С. Қазақ жұмбақтары //Ана тілі, 1993.
2. Ахметов С. Қуыр-қуыр қуырмаш. – Алматы, 1993.
3. Баймуханов Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. – Алматы, 1983.
4. Жикалина Т.К. 2-сыныпқа арналған математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар. –Алматы, 1992. 3-15 б.
5. Жолтаева Г.Н. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда этнопедагогика элементін пайдалану. - Талдықорған. 2000. 13-25 б., 39-49 б.
6. Құрманалин Ш.Х., Сәрсенова С.Ш., Өміртаева Р.Қ. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар 1-сынып. -Алматы, 1997, 3б.
7. Перельман В.И. Занимательные задачи и опыты. -Москва, 1972.
8. Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модельное обучение. Вопросы, теории и технологии. - Алма-ата, 1980. 204 с.
9. Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы, 1991.
10. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. - Алматы, 1991.
11. Толымбаев Г. Кел ойнайық.- Алматы,1990.
12. Ысқақов М., Назаров С.Н. Математика мен математиктер жайындағы әңгімелер. -Алматы, 1991.
13. Эрдниев П.Н. Укрепление дидактических единиц как технология. Москва, 1992.
14. Эльконин Д.Б. Педагогика игры. - Москва, 1976. -304 с.
15. Аубакирова Ж. Ойынның бала психологиясына әсері //Ізденіс. 2000. №4-5, 203-208 б.
16. Елубаева С. Дидактикалық ойын оқыту әдістерінің бірі //Бастауыш мектеп 1988. №2, 7-12 б.
17. Жузбаева Б. Ойын сабақ өрнегі. //Бастауыш мектеп 1990.
18. Қаратаева Ғ. Ойын адам психологиясын дамыту факторы. //Қазақстан мектебі 2000. №5, 20-26 б.
19. Қойшиев Қ., Ыскакова Б. Балаларды қуыршақтармен ойнату арқылы ізгі сезімдерге тәрбиелеу. //Ізденіс, 1997. №2, 153-157 б.
20. Нұрғаева Ғ. Ойын сабақ. // Бастауыш мектеп, 2001. №7, 40-42 б.
21. Оразбекова К. Дидактикалық ойындардың маңызы. //Бастауыш мектеп, 1988. №10.
22. Сағымбекова Т. Ойыннан оқуға ауысу.//Бастауыш мектеп, 1991, №7, 33-34 б.

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогика және психология
кафедрасы
Тақырыбы:
Орындаған: 06301 тобының
студенті
Тексерген:
Орал 2013 жыл
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І- тарау. ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
2. Ойынның түрлері
ІІ- тарау. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар
2.2 Сабақтан тыс жұмыстарда ойындарды пайдалану әдістері
ІІІ- тарау. Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және
дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамыту
3.1. Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолдану
3.2. Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлеріне шолу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды
өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс
қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық
талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар
дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп
оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы
айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі
болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге
ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен
игерімділігі, демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі
тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік
беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның
тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән
салмай, өсер бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын
алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау
барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну,
қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш
оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов,
А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа
ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан
оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен
әдіскерлер, мұндай ойынмен қызықты сипатта берілген тапсырмалар мен
жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды
сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы
айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару
байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал
ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар
жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға
келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі
ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-
әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
Жас ерекшелік психологиясы саласында ойынды Б.Г.Ананьев, А.В.Запорожец,
А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинская, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин ғалымдар
зерттеді.
Ойынды адамзат іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи
аспектті Е.А.Покровский, Р.И.Жуковская, Р.И.Меджерицкая, В.Г.Яковлева
ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.
1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерінің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс-
әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды
пайдалануға байланысты М.И.Моро, А.М.Пышкало, В.Н.Рудницкая, Л.И.Смагина,
Н.А.Янковская тарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
Кейбір әдіскерлердің пікір-көзқарастары бойынша ойын оқыту әдісіне
жатқызыла бастады. Математиканы оқыту үрдісінде мазмұнды ойын есептердің
қолданылымдары жеке оқушылардың ой-өрісін, біліктерін, дағдыларын
қалыптастырудың құралы ретінде ғалым-әдіскерлер А.Е.Әбілқасымова,
Ә.К.Қағазбаева, Д. Рахымбек, Б.Баймұханов, А.М.Мүбәраков, Е.Ж.Смағұлов,
Ж.Т.Қайыңбаев, М.Ө.Мұсабеков, Г.О.Жетпісбаеваның т.б. еңбектерінде
қарастырылған.
Ойынды бастауыш мектепте оқыту барысында қолдануға арналған
Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Атап айтсақ: Ж.С.Сардарованың
кандидаттық диссертациясы бастауыш мектептің оқу процесінде пайдаланылатын
дамытушы компьютерлік ойындар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге және
оларды пайдаланудың әдістемесін жасауға арналған. Б.А.Нарқұлованың
диссертациялық жұмысы 5-ші сыныптың қазақ тілі сабағында дидактикалық
ойындарды қолданудың тиімді әдістемесін жасау, дидактикалық ойындардың
түрлерін, өзіндік белгілерін айқындау қарастырылған. Бастауыш сыныпта
ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалануға Р.Жиеналиев пен Р.Қ.Керімбековтың
ғылыми жұмыстары арналған. А.Ж.Алдажанова мен З.Н.Күдебаеваның ғылыми
зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда
дидактикалық ойындардың алатын орны жан-жақты қарастырылған.
С.М.Иманбекованың ғылыми еңбектерінде жаңа технология үдерісінде математика
сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамыту мәселелері зерттелген. Математика сабақтарында дидактикалық
ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасы
Т.Қ.Жаспанованың ғылыми еңбегінде қарастырылған. Г.Қазенованың еңбекгі ойын
арқылы оқытуға арналған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдануда
С.Кемазанова қарастырған. Р.Керімбаева мен Т.Керімбаеваның еңбектерінде
дидактикалық ойындардың түрлері зерттелген. Оқушыға білімінді берік
меңгерту құралы ойын екендігі А.Рысқұлбекованың еңбегінде тұжырымдалған.
Р.И.Кенжебекованың кандидаттық диссертациясы бастауыш мектепте сыныптан тыс
жұмыстарда математикалық ойын есептерін пайдалану әдістемесіне арналған.
А.Ө.Байдыбекованың зерттеу жұмысы бастауыш сыныптардағы математиканы
оқытуда компьютерді пайдаланып кейбір математикалық ойындарды қолдану
қарастырылған. Б.М.Тажиғұлованың кандидаттық диссертациясы пәнаралық
дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
құралы ретінде қарастыруға арналған. А.К.Айтпаеваның зерттеу жұмысында
қазақтың ұлттық ойындары бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде
қарастырылған.
Кіші мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы) ең алдымен жүйелі оқу әрекетін
дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет. Бұл
жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол
себепті де оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-
әрекеттердің бірі болып табылады.
Демек, бастауыш мектепте математиканы оқытуда ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
қажеттілігімен және ондай қолданудың теориялық негізделіп әдістемесінің
жасалмауының арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Бұл
қарама-қайшылық Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және

дамыту атты тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.

Балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды және оны басқаруды мұғалім іске
асырады. Сонда қолданған әдістеме орынды, тиімді болса, балалар білімді
ғана меңгермейді, оны қолдануға қатысты тәжірибе де жинақтайды.
Пәнді оқыту әдістемесін осындай деңгейде көтерудің тиімді жолдарының
бірі, біздің пікірімізше, дидактикалық ойынды үйлестіре пайдалану.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда ойындар маңызды орын алады, ең
алдымен олар дидактикалық, яғни мазмұндары балаларды жеке ойлау
операцияларының дамуына немесе есептеу тәсілдерін меңгеруіне, санау, тез
есептеу дағдыларын қалыптастыруға, т.б. ықпал жасайтын ойындар. Оқу
жұмысының белгілі бір түріне мақсатты жүзеге асыруға бағыттып енгізу
балалардын осы жұмысқа деген қызығушылығын арттырады, оқытудың тиімділігін
күшейтеді. Ойын жағдайында балалар ойнай отырып аса күш-жігер жібермей,
белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болады.
Бастауыш сынып оқушыларына ойынның қажеттілігі әлі күшті болғандықтан,
басқа да математикалық ойындармен қатар дидактикалық
ойындарды енгізу керек. Себебі:
- Кейбір дидактикалық ойындарда математикадан оқу материалы, яғни жаңа
білім, білік, дағды беретін танымдық мағлұматтар, сол сияқты математика
сабактарында алған білім, білік, дағдыларды бекітуге, кеңейтуге,
тереңдетуге, дамытуға бағытталған материал бар. Мысалы. Санамақ, Ондық
ойындар тақырыбын оқыту барысында натурал сандар қатарының бастапқы
сандарының қасиеттері мен таныстыру материалы ретінде пайдалану.
Дидактикалық ойындарды дамытушылық яғни балаларды бақылау, салыстыруды
үйретуге ықпал жасайтын зейін, ой, ес, т.б. психикалық сапаларды. тапқырлық
зеректік, т.б. математикалық қабілеттерін дамытатын материал бар. Мысалы.
Сиқырлы квадрат ойынында үшінші ретті квадваттарды қарастырғанда, балалар
олардың диагональдарының қиылысуында тұрған сан (немесе өрнек) Сиқырлы
қосындының 13 (үштен біріне) тең екендігін байқау керек (оны дәлелдеу
қажет).
- Дидактикалық ойындардың мазмұны мен жүргізу тәсілдері балалардың
жас ерекшеліктерін ескеруге, олардың пәнге эмоционалдық, танымдық
қызығушылығын тудыруға мүмкіндік береді, білімдік-танымдық, тәрбиелік,
жалпы дамытушылық функциялары бар.
Демек, дидактикалық ойындарды сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда
пайдаланудын әдістемелік ерекшелігі:
- олардың мазмұнының, жүргізілу тәсілдерінің пәнді оқытудың білімділік,
дамытушылық, тәрбиелік мақсатында сәйкестігі деп тажырымдауға болады.
Сондықтан да дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалануға
сәйкестендіре, әдістемелі құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймыз. Ол
үшін математикалық мазмұнды дидактикалық ойындар ұйымдастыруда әлістеменің
мынандай мәселелерін ескеру қажет:
1. Ойын мақсаты. Ойын процесінде оқушылар қандай математикалық
білім дағдыларды меңгереді, ойынның қай кезеңінде ерекше назар
аудару керек. Ойынды жүргізгенде қандай басқа да тәрбиелік мақсаттар
қойылады.
2. Ойыншылар саны. Әр ойында ойыншылардың белгілі бір ең аз немесе ең
көп саны болады. Дидактикалық ойын ұйымдастырығанда оны ескеру қажет.
3. Ойын ұйымдастыруға қажет материалдар мен құралдар жиынын
белгілеу.
4. Балаларды аз уақыт ішінде қалай ойын тәртібімен таныстыру.
5. Оқушыларды ойынға қайта оралу ықыласын есептей отырып, ойын қанша
уақыт созылатындығын анықтау.
6. Ойынға балалардың барлығын дерлік қатынастыруды қамтамасыз ету.
7. Балалардың ойынға қызығушылығын анықтау үшін, бақылауды
ұйымдастыру.
8. Ойынның соңында, қорытындыда балалар қанлай нәтижелер айту керек.
Сонда ойын сипаты бойынша, сапасы. мазмұны бойынша математикалық ойын
болалы, яғни ондай ойынлар дидактикалық ойындар болады.
Сондықтан дидактикалық ойындарды оқытуды ұйымдастыру тәсіл ретінде
пайдаланудың бірінші әдістемелік ерекшелігі - математиканы оқытуда сабақта
және сабақтан тыс жұмыстарда кез-келген кіші жастағы балаларға пайдалануға
болатындығы, - деп тұжырымдаймыз. Мысалы, Бәйге, Баспалдақ, Ақ сүйек,
Жамбы ату, т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға
сәйкестендіріп пайдалануға болады.
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдегімен дәлелденген халықтық
педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қаншама заман
өтсе де маңызын жоймаған халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп
қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы.
Баланың ақыл ой, зердесін тәрбиелеуде атам заманнан жиналған мол тәжірбиесі
ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста
дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылық оятып, логикасын
жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың
білімділік қабілетін дамытуға көмектеседі.
Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлт ойындары: "Алтын сақа",
"Бәйге", "Көкпар", "Сақина салмақ", "Бес тас", "Тоғыз құмалақ", "Күміс
алу", Ақсүйек" тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл
қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың
заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Ұлт ойындарының халық педагогикасының қүрамды бір бөлігі деп тегін
айтпаймыз, себебі адам баласы жасаған "жеті кереметтің" сегізіншісі болып
осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің оқушыларымыз өзіміздің
ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау
жасауына, ата бабаларының психологикалық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер
салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер
жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт
ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы
бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірімен тіл табысып, тез
ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді.
Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы болуды армандайтын
оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты
ықпал етіп, танымын жетілдіреді.
Бала бойындағы білімділікті, қабілетті дер кезінде танып, оның өз
мүмкіндігіне сенімін арттыруда математика сабағындағы ойын есептерінің
маңызы ерекше. Сондықтан да ұлттық ойындарды мән мағынасына қарай
жеткіншектерге жан жақты терең білім беруде орынды қолдана білу артық емес.
Халқымыздың тұрмысы жан жануарлармен тығыз байланыста болғандықтан төрт
түлік малды халқымыздың сүйіп, қалай өсіргендігін мына санамақ ойын
есебінен көруге болады:
"Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнаққұлақ бес ешкі,
Төрт қозылы екі қой".
(он жеті)
Ұлттық ойындарда балалар жиындарда, үзіліс арасында, бос уақыттарында
пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған
жөн. Тәрбиешілер ұйымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде,
сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнауды жалғастырады. Оған бақылау,
басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында
тынығады
Оқушы өмір танымын кеңейтеді
бірлеседі
ұжымшылдыққа үйренеді
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты
қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады.
Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтң ұлттық
ойындарын ұсынуға болады. Айгөлек, Арқан тарту, Белбеу тастау, Соқыр
теке, Қойыңа қасқыр шапты, Ат қума, Жаяу көкпар, Түйе-түйе,
Омпы, Жалау алу, Қасқыр мен ешкі, Алшы, Хан, Хан жақсы ма?,
Күзетшілер, Ұшты-ұшты, Көрші-көрші, сақина жинау, т.б.
Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен
әдет ғұрыпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген
сүйіспеншілікке жастайынан баулап, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың
ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін
артырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл
ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Дене шынықтыру пәнінде
және сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден
тұрады: 1.Ойын өткізілетін орынды таңдау; 2. Ойынды ұжымдастыру, басқару;
3. Жаңа ойынды ойнау, өткізу; 4. Ойынды қорыту.
Екінші әдіетемелік ерекшелігі:
а) Сабақта ұжымдық жұмыс ұйымдастыру тәсіліне сәйкестігі. Мысалы, Күн
мен түн ойынын пайдаланып топпен жаппай жұмыс жүргізуге болады.
Мұғалім ақырын Түн дегенде, балалар көздерін жұмып, партаға бастарын
қояды. Мұғалім ауызша тапсырма береді, мысалы, үлкен топта 7 ол 5
және..., балалар ойланады. Мұғалім күн дегенде, балалар оянып қолдарын
көтереді. Солай жалғаса береді.
ә) Топтың жұмысын ұйымдастыру тәсіліне сәйкестігі. Мысалы, 1 сыныпта
санды еселеп қосуға арналған Ханталапай ойынын өткізу.
Мазмұны. Ойын бір топ баламен жүргізіледі. Асықтарға бірдей сандар
жазылады. Асықтардың арасында бір асықты хан етіп белгілейді. Ойын
басқарушы барлық асықтарды: Ханталапай! - деп жерге шаша салғанда,
отырған балалар бас салып бөліп алады. Өздері алған асықтарда бірдей сан
болғандықтан, өз ұпайларын еселеп қосып шығады. Ал кімнің колында хан
іліксе, сол баланың жинаған ұпайы күйіп кетеді. Ойын басқарушы асықты шашып
тастағанда 2, 3 рет қайталаған соң, асыққа жазылған сандарды өзгертіп
отырады. Балалар ойнай отырып, еселеп қосып жаттығалы.
Мысалы: 4+ 4+4+.. 3+3+3+...8
Ойынды түрлендіріп, күрделендіріп келесі сабақтарда қолдана беруге
болады.
Мысалы: "Жамбы ату" ойыны.
Дидактикалық мақсаты. Балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.
Есеп-мысалдарды тез, дұрыс орындауға баулу есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар: Үлкен дөңгелек, карточкалар, кестелер, ойыншық жебе.
Мазмұны: Тақтаға үлкен дөңгелек ілінеді, дөңгелектің іші үш немесе төрт
шеңберге бөлінеді. Әр шеңберде 1, 2, 3, 4 сандары жазылады. Бала қолына
ойыншық жебені алып, көздеп тигізеді. Қандай сандар тисе, сондай номерлі
карточканы алып ішіндегі тапсырманы орындайды. Әр тапсырма бір ұпай,
карточкада 2 немесе 3 тапсырма болады.
Дидактикалық ойындарды оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемелік
ерекшеліктері математиканы оқытудың:
1) танымдық-білімділік мақсатына сәйкестігі, яғни, балалардың
математикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру құралына сәйкестігі
деп ойлаймыз. Мысалы, санау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
саусақ санау ойындары балалардын нәрселерді дұрыс санай білулеріне.
2) дамытушылық мақсатына сәйкестігі, яғни. дамыту құралдарына
сәйкестігі (логикалық ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз ету).
3) кез-келген дидактикалық ойынды құрал ретінде барлық топта кез-келген
тақырыпта оқытуда пайдалана беруге болмайды.
Дидактикалық ойынның құндылығы: Олардың негізінде қызықты тапсырмалар
дайындауға мүмкіндік беретіндігіне, олардың орындауы математиканы оқытудың
тиімділігінің арттыруға ықпал ететін жаттығулар мен есептерді қолдануға
мүмкіндік туғызатындығында. Бұл тапсырмалар оқытудың әр түрлі мақсаттарына
қызмет етеді. Мысалы, олар жаңа тақырыпты оқытуда кіріспе ретінде, қандай
да бір математикалық фактіні бейнелеп көрсету үшін, материалды терең
меңгеру үшін, қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін, балаларды
математикалық құштарлықтарын ояту және дамыту үшін, балаларды математикалық
сипаттағы іс-әрекетке ізденушілікке және шығармашылыққа қатыстыру үшін,
балалардың математикалық ойлауын дамыту үшін және т.б. пайдалануға болады.
2. Ойынның түрлері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек білім непзі
бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді білікті болуында
ойынның алатын орны ерекше.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын
қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар
оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды құралы бола отырып
олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары боиынша алған
білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді Бұл ойындар балалардың
сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі олардың пәнге қызығушылығын
оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, оилау зерде
үрділерін дамытады Өмір тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп нерв
жүйесін демалдырады Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл
атқарады. Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының
оқу іс-әрекетінде белгілі бю жүйемен пайдалану қажеттіліпн дәлелдейді
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына
оиын құрылымына сәйкес жіктемелері бар (Л.А.Венгер
О.М.Дьяченко Т. К.Жикалкина т.б.)
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне
(А.Диваев), ойын сипатына (М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев),
дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов,
Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов), ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне
(А.К.Айтпаева) сәйкес жасалды.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1.Ойын –саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас Олар фактілер немесе оқиғаларды
беинелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып керсетіледі, қарапаиым жұмбақ
арқылы қиындық - оңай жолмен қажеттілер - қызық жолмен беріледі,
2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың непзін заттар мен әрекет сөздік
тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға
негізделеді
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар Не болар еді...?, Мен не істер едім
егер деген сұрақтарға негізделеді
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен
ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда
үштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді
4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру,
теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді оқушы
қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және
балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас
оиын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар
эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке өзара әрекет жасауға,
бірлесіп оилануға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекеті талап ететін ойындар
2. Қайта жаңғырту іс -әрекетін орындауға бағытталған ойындар
3. Қайта жасау іс әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
4. Оқушылардың іс әрекетін бақылауға бағытталған ойындар
5. Ізденіс іс -әрекетіне бағытталған ойындар
Құрылым бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді
1. Сюжеттік –рольдік ойындар
2. Жаттығу ойындар
3. Драммалық ойындар
4. Шығармашылық ойындар
5. Әдеби музыкалық ойындар
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай
жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар
2. Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын ойындар
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5. Диагностикалық ойындар
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өите қызық
және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы
мақсатымен мазмұнынан сәкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш
сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылары тәрбие мен білім беруде өте
қажетті құралдың бірі болып табылады. Балаларды оқытып-үйрету барысында
біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.
Тәрбие барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы қиын балалармен
жұмыс жасағанда олардың зейіні мен белсенділігін тудыруға, қалыптастыруға
болады.
Басында олар тек ойынға қызығады, ал кейін оқу материалына ауысады.
Бара-бара балалардың сабаққа, деген қызығушылығы туады.
Сабақ үстінде жүргізілетін, тақырыпқа сай алынған дидактикалық ойын
түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің
білімге ынта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz