Педагогикалық ойындар туралы



Бәріне белгілі, ойын – балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту құралы. Ойын барысында байқаусыз, аса міндеттемей оқу үрдісіне қажетті кейбір психологиялық қасиеттер қалыптаса бастайды. Олар: ойлау, зейін, есте сақтау, қиял. Сонымен қатар оқу жұмысының дағдылары қалыптасады. Қызықты материалды тиімді пайдаланған жағдайда сабақтың сапасы көтеріледі; оқушылардың ойлау әрекеті белсене түседі. П.П.Блонский былай деген: «Ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ақыл әрекетінің дамуына ойын негіз болады». Оқуда ойын үдерісі оқу үрдерісімен тығыз қиылысуы керектігін әрқашан есепке алып отырамын.
Сондықтан ойындарды сабақтың тақырыбын мақсат көздеушілігі және оларды өткізу мақсаты бойынша жіктеп, топтастырамын. Мысалы: математика сабақтарында:

1. Оқытатын және бақылайтын ойындар
Бұл ойындарды жаңа білімді оқыған кезде және алған білімді қайталау кезінде тез есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргіземін.
А) «Күн мен түн»
Ә) «Үндемес»
Б) «Жоғалған санды тап»
1. Г.К.Селевко «Современные образовательные технологии» Москва 1998жыл.
2. Кітапхана «Мен бастауыш мектепке сабаққа бара жатырмын» Москва 1999 жыл.
3. Н.Винокурова «Бірге ойланайық» Москва 2001 жыл.
4. 4.В.С.Кукушин «Бастауыш мектептегі жаңа педагогикалық технологиялар» Ростов – на - Дону. 2003 жыл.
5. Журнал. «Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша» 2007 жыл.
6. Е.Рогов «Таным психологиясы» 1998 жыл.
7. «Бастауыш мектеп» 2005-2007 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
І Кіріспе

Қазіргі заман оқушыдан әр сабақта бұрынғы біліміне жаңа білім
қосып қана қоймай, оны өзі игеріп, жан- жақты ізденіп, үнемі даму үстінде
болуын қалайды, яғни жас жеткіншектің салауатты, саналы, білікті, білімді
болуын талап етеді.
Ендеше, әлеуметтік ортаға бейімделген өзін-өзі дамыта алатын тұлғаны
қалыптастыру және оны одан әрі дамыту мұғалімнің негізгі міндеті десек, бұл
талап оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруды басқа көзқараспен қарауды талап
етеді.
Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың
қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында деген сөзіне сүйенсек әр
мұғалім, әр тәрбиеші барынша өздігінен білім алып, өзін жетілдіріп отыру
қажет.
Оқушылардың білімді толық меңгеріп, бір уақытта дамып, тәрбиеленіп
отыруы үшін мұғалім өз сабақтарын түрлендіріп, түрлі әдіс-тәсілдер мен
технологияларды қолданып отырғаны жөн. Оқыту мен тәрбиелеу-үздіксіз
бөлінбейтін процесс.
Сондықтан мұғалім қандай да әдістер мен тәсілдерді таңдаған уақытта
біріншіден, тәрбиелік және тиімділік жақтарын ескеріп отырғаны жөн. Менің
ойымша, осы әдістердің бәрі қимыл- қозғалыс арқылы жүзеге асатын ойындар.
Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен,
болмыспен танысуы балалалық шағында өте қарқынды болады. Күннен-күнге өсіп
келе жатқан жас организмнің ең негізгі қажет ететін факторларының бірі
қимыл- қозғалыстар, ойындар.
Ойын оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы.
В.А.Сухомлинский Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы
мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы
баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналадағы дүние туралы
түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап
жанар оты деген.
Әрине, ең алдымен оқушылардың ойынның өткізілу түрі қызықтырады, ал
содан соң ғана, егерде білмесе ойынға қатыса алмайтын, оқу материалы.
Ойын барысында оқушылар өздері де байқамай әртүрлі жаттығуларды
орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген
қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң,
тапқыр болуға, ойын шартын сақтай отырып, тапсырмаларды нақты орындауға
тырысады.
Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда, жеке тұлғаның адамгершілік
қасиеттері де қалыптасады. Балаларда жауапкершілік, толық сезімдері
қалыптасады, тәртіп, күш- жігер, мінез-құлық тәрбиеленеді.
Көру, есту, қимыл-әрекет көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та,
тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептері, ахуал жағдайлары,сайыстар
балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында
бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін
толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ
барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін
өзімнің сабақтарымда ойын элементтерін кең түрде пайдаланамын.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері- түсіндіріп отырған
материалымды оқушыларым аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы
меңгеруіне сенімді көмекшім екендігіне көз жеткізіп отырмын. Өйткені, кіші
жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты кез келген ойынға өте
ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайды.
Ойын оқушылардың оқу материалын толық меңгеріп, тілін дамытуларына,
ойлау қабілеттерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді.Өз бетімен жұмыс істей
білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады,
сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып
отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып
түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
А.С.Макаренконың Жақсы ойын- жақсы жұмысқа тең деген сөзімен толық
келісемін. Себебі, сабақтарымда ойын технологияларын немесе ойын
элементтерін кіріктіріп, оқытылатын материалмен ұштастырған уақытта
проблемалық жағдайлар туады. Ал сол дағдайларды шешу үшін оқушылар ойынның
ережелерін сақтай отырып, ойынға бірден еніп кетеді. Қызығушылықтары артып
қайтседе, басқалардан бұрын жеңіске жетемін деген оймен алдында тұрған
міндеттерді орындауға құлшынады. Тапсырманың барлығы әр баладан ой
қозғалысын, күш- жігер, талпыныс пен шығармашылықты талап етеді. Ал мұның
барлығы- еңбек. Баланың бойындағы барлық қабілеттері бірдей жұмыс атқарса
ғана ол жетістікке жете алады.

ІІ Өзекті мәселенің басты бағытын дамыту

Өзекті мәселенің басты бағытын дамытуын келесідей жалпылауға болады.
Өзбеткейлік және шығармашылық, бір ойыннан екінші ойын арқылы тақырыпқа
“ену”.
Ең бастысы- оқу материалы, ойын- сол білімдерді оқып- білу жолдары.Тек
оқушының ойын барысындағы белсенділігі арқылы ойлау қабілеттері дамып, арта
түседі.
Ойын- белгілі мақсатқа бағытталған және белгілі ережелермен шектелген
ойынға қатысушылардың арасындағы кез келген жарыс әрекеті.
Ойын түрінде оқыту басқа технологиялардан ерекшелігі-түрткілердің
түрлі тәсілдердің қолдануына мүмкіндік береді.

1. Қарым- қатынас түрткілері:
* оқушылар міндеттерді бірлесе отырып орындаса, ойынға қатыса
отырып, қарым- қатынас жасауға, жолдастарының пікірлерін есепке
ала білуге үйренеді.
* түрлі ұжымдық тапсырмаларды шешу, орындау барысында оқушылардың
түрлі қабілеттері қолданылады; тәжірибеден балалар жолдастарының
ұқыптылығының, тез ойлауларының, шыдамдылықтарының,
мұқияттылықтарының т.б. қабілеттерінің пайдасын көріп, еліктеуге
тырысады.
* ойын барысындағы бірлескен эмоционалды уайымдары тұлғааралық
қатынастардың нығайюына қолайлы жағдай жасайды.
1. Жеке бас түрткілері:
Ойын барысында әр оқушы өзін, өзінің білімдерін, біліктерін, мінезін, жігер
қасиеттерін, әрекетке деген қатынасын көрсете алады.
Өзімнің жұмысымда Н.К.Винокурованың “5000 ойындар мен басқатырмалар”
құралына сүйендім.
Бұл автордың кітабындағы өте қызықтырғаны балалардың психологиялық
қабілеттерін түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы дамыту.
Белгілі бірізділікпен құрылған ойын-жаттығулар есте сақтаудың,
зейіннің, тілдерінің, сана-сезімдерін, қалыптан тыс шығармашылық пен
ойлауларының кешенді дамуын қамтамасыз етеді.
Оқыту сапасы негізінен оқыту әдістері мен танымдық, ойлау
қабілеттерінің дамуына қолайлы жағдай жасайтындай етіп қолдануына
байланысты.
Сондықтан әдістеме жағынан жетіліп, өзімді үнемі жетілдіріп отыру үшін
келесі ерекшелігімді белгілеп отырмын – қалыптан тыс, қандай да жаңаша
оқыту әдістерін меңгеру арқылы алдымда отырған баланың ойлау қабілеттерін
дамытып жетілдіру.
Өзімнің жұмысымда кез-келген сабақтарда бір ойынның тиімді жүйесін
пайдалануға тырыстым.
ІІІ Технологиялық аспект

Жұмысымның тәжірибесі ойын технологияларының келесі түрдегі топтастыру
параметрлерін қолданудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Қолдану деңгейі бойынша: барлық деңгейлер.
1. Философиялық негіз бойынша: бейімдеушілік.
1. Дамытудың негізгі факторы бойынша: психогеннолық
1. Тұлғалық бағдар бойынша: БИД + ОӘТ + ЭДТ.
1. Мазмұны бойынша: барлық түрлер + енуші
1. Ұйымдастыру түрлері бойынша: барлық түрлер
1. Балаға деген көзқарас бойынша: еркін тәрбие
1. Басыңқы әдістер бойынша: дамытушы, ізденуші, шығармашылық
1. Жетілдіру бағыты бойынша: белсендету
1. Оқытылатын категория бойынша: жалпылама

Мақсатты бағдар спектрі
1. Дидактикалық:
* білім шеңберін кеңейту;
* танымдық әрекет;
* тәжірибелік әрекетте БИД қолдану;
* тәжірибелік әрекетте қажетті дағды мен икемді қалыптастыру;
* жалпы оқу дағды мен икемділіктерді дамыту.
2. Тәрбиелеуші:
* өзбетінше жұмысқа дағды мен жігерді тәрбиелеу;
* белгілі адамгершілік, эстетикалық, дүниетанымдық сана- сезімдерді
қалыптастыру;
* бірігушілікті, ұжымдылықты, қарым- қатынасты, коммуникативті болуға
тәрбиелеу.
3. Дамытушы:
* зейінді, есте сақтауды, тілді, ойды, салыстыра білу біліктерін,
фантазия, қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін, рефлексияны,
қолайлы шешім қабылдай алуды дамыту;
* оқу әрекетінің түрткілерін дамыту.
4. Әлеуметтендіруші:
* қоғамның нормалары мен құндылықтарына бейімдеу;
* қоршаған орта жағдайларына бейімдеу;
* стресстік бақылау;
* өзіндік басқару;
* қарым- қатынасқа үйрету;
* психотерапия.
Білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарға жету үшін түрлі
педагогикалық ойындарды қолданамын.

Педагогикалық ойындар

ІV Ойын – дамыту құралы

Бәріне белгілі, ойын – балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту
құралы. Ойын барысында байқаусыз, аса міндеттемей оқу үрдісіне қажетті
кейбір психологиялық қасиеттер қалыптаса бастайды. Олар: ойлау, зейін, есте
сақтау, қиял. Сонымен қатар оқу жұмысының дағдылары қалыптасады. Қызықты
материалды тиімді пайдаланған жағдайда сабақтың сапасы көтеріледі;
оқушылардың ойлау әрекеті белсене түседі. П.П.Блонский былай деген: Ақыл
әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ақыл әрекетінің дамуына ойын негіз
болады. Оқуда ойын үдерісі оқу үрдерісімен тығыз қиылысуы керектігін
әрқашан есепке алып отырамын.
Сондықтан ойындарды сабақтың тақырыбын мақсат көздеушілігі және
оларды өткізу мақсаты бойынша жіктеп, топтастырамын. Мысалы: математика
сабақтарында:

1. Оқытатын және бақылайтын ойындар
Бұл ойындарды жаңа білімді оқыған кезде және алған білімді қайталау
кезінде тез есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргіземін.
А) Күн мен түн
Ә) Үндемес
Б) Жоғалған санды тап

2. Қозғалмалы және аз қозғалатын ойындар
Бұл ойындар балаларға мұқият және белсенді болуға көмектеседі.
Мәселен:
А) Шынжырды жалғастыр
Бұл ойынды балалар орындарында отырып ойнайды.Әр бала кезектеп кез
келген сөзді айтады. Бірақ әрбір келесі оқушы алдыңғы балалардың айтқан
сөздерін ұғып, қайталауға қажет.
Мысал: 1- ші бала доп
2- ші бала доп, қалам
3- ші бала доп, қалам, терезе ...т.с.с. ойын жалғаса береді.
Ә) Кім жақсы? ойынын 2-3- ші сыныптарда кең түрде пайдаланамын.
Әсіресе көбейту кестесін өткен мерзімде. Ойынның шарты мынадай:3,13,23, 30-
ды және 3- ке бөлінетін сандардың орнына мен жақсы деп секіріп қалуы
керек. Ойын барысында балалар үштің кестесін тез ұғып алады және мұқият
бола түседі. Бұл ойынды басқа да санға көбейту кестесімен алмастыруға
болады.

3. “Жылдамдық” және “сапалық”ойындары
Бұл ойындар жарыс, эстафета түрінде жүргізіледі. Балалардың бойында
белсенділікті арттыра түсемін және дұрыс жауапты бірінші айтуға
құштарлықтары туады. Мысалы:
А) “Шапшаң бол – босқа қалма”(+, - ,*, кестесі)
Ә) “Белгісіз санды тап”
Б) “17 санын шығар” т.б.

4. “Топтық және жеке ойындар”
Бұл ойындар ұжымдық сезімді тәрбиелейді, жолдастарымен бірлескен
әрекетке қатысуға деген ынталары арта түседі. Мысалы:
А)”Есепте, неше геометриялық фигуралардан құралған”
Ә)”Бірдей жауаптары бар есептерді тап”
Б)”Домино”
Бұл ойын менің оқушыларыма өте ұнайды. Ойынға беріліп, салынып ойнаған
кезде, алдарындағы есепті қалай тез есептеп кеткендерін өздері де байқамай
қалады. Ойда шапшаң және дұрыс есептеу дағдылары қалыптасады. Мысалы:
Қазақ тілі сабақтарында “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға,
жақыннан алысқа” деген қағиданы негізге ала отырып, ойындарды бірте-
бірте күрделендіре түсемін. Мысалы:
А)”Қай әріпті жоғалттым?”
Ә)”Қай буынды жоғалттым?”
Б)”Қай сөзді жоғалттым?”
В)”Қызықты тор көз” ойыны
Г)”Қайда менің өз жағым?”
Ғ)”Артығын тап” ойынын сергіту сәті орнына да өткізіп жіберуге
болады. Мысал:
1) доп дәптер шалбар Марат
алма қалам пима Мұрат
алмұрт мұғалім қолғап Айдын
жүзім кітап тымақ Айзада
Бұл ойын барысында балалар мұқияттылыққа, заттарды топтастыруға
дағдыланып, бірден дұрыс жауап беруге үйренеді.
Д)”Құпия сандар” бұл ойынды да кең түрде қолданамын әсіресе ана тілі,
дүниетану, валеология сабақтарында.
Шарты: бір мақалды, сөзді немесе сөйлемді санмен жазамын, әрбір сан ол
әріп. Сандарды әріппен ауыстырып мақалды оқу керек.Мысалы:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

1 2 3 1 4 1 5 6 1 2 1 7 8 9 3 1 10
5 11 12 13 14 15 16 7 9 14 2 5 8 17 9 3 1 10

Е – 1 Т – 5 Н – 9 Д - 13 Л –17
Ң – 2 С – 6 Й - 10 Ы – 14
Б – 3 Р - 7 О – 11 Қ – 15
К – 4 І – 8 Я - 12 А - 16
Осы ойынның тағы бір нұсқасы ойындар жинағында көрсетілген.
Е)”Сиқырлы сандықша” ойынын кез келген сабақтарда қолданамын.Әсіресе,
қайталау, пысықтау сабақтарында. Ең алдымен үлестірме материалдарын
даярлаймын 5, 4, 3, 2, 1 балдары көрсетілген карточкалар.
”Сиқырлы сандықша” сұрақтарымен толықтырылады, олардың саны
оқушылардың санынан артық болады. Сұрақтар алдында өтілген тақырыпқа сай
құрылуы керек, бірнеше тақырыпты, әртүрлі талдау тақырыбын қамтуы керек.
Әрбір оқушы кезек- кезек сұрақ алып, дауыстап оқиды және жауап береді.
Жауап аяқталған соң 1 – 5 баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын қоямын. Бұл
ойын оқушылардың барлық тақырып немесе бөлім бойынша алған білімдерін
тексеруге мүмкіндік береді және бір- бірінің жауаптарын тыңдауға мәжбүр
етеді.
Әр ойынға тоқталып, мақсат мазмұнын аша берсең, әрине шексіз болар. Қосып
айтып өтерім, көрсетілген ойындармен ұштаса анаграммалар мен шарадалар,
метаграммалар мен басқатырмалар т.б. қызықты ойын үлгілерін де қолданамын.
Сонымен қатар жұмбақтар шешеміз, мақал- мәтелдерді оқып, өз бетімізше
құрастырамыз.

Әдістемелік эксперимент нәтижесі
2009-2011 оқу жылындағы сынып оқушыларымен “Қызықты математика”атты
қосымша үйірме өткізіп жүрдім. Жоспардың мақсаты:
* балада танымдық қызығушылықты ояту;
* шығармашылық ізденіске деген қабілеттерін дамыту;
* жақсы оқуға деген ынталары мен құштарлықтарын тәрбиелеу.
Қосымша жұмыстың үлкен білімділік және тәрбиелік мағынасы бар. Бұл
жұмыс балалардың дүниетанымдарын кеңейтеді, білімге деген махаббаттарын
дамытады, білім сапасының жоғарлауына және тәртіптерінің жақсы болуына
қолайлы жағдай жасайды.
Оқу жылы бойында балалар көптеген жаңа түсініктер алды: ребустар,
омоним, синонимдер, метаграммалар, кроссворд, сканворд, т.б.
Үйренгендері:
* ассоциация жасай алу;
* берілген негіз бойынша топтау;
* талқылау;
* талдау;
* логикалық есептерді шығару;
* ой шақыру;
* 5 жолды өлең жазу.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша балаларда математика сабағына
деген қызығушылықтары арта түсткенін бірден байқауға болады.
3 – ші сынып бойынша талдау нәтижесі келесідей. Барлығы- 7 оқушы,
“5”- 2 оқушы, “4” – 3 оқушы, “3” – 2оқушы, үлгермейтіндер жоқ, білім сапасы
– 71 %
Ал математика пәні бойынша дара талдау қолданылған әдістер мен
тәсілдер нәтижесінде сынып бойынша бұл пәннен білім сапасы арта түсті.
І- ші тоқсан – 57 %
ІІ- тоқсан –57 %
ІІІ- тоқсан –66%
ІV- тоқсан –66 %
Оқу жылының барысында мектеп психологы М.Қ Тұйғынбековамен бірлесе
отырып балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мақсатымен тестілеу
жүгізген болатынбыз. 1 – ші тестілеу нәтижесі келесідей.
Есте сақтау тесті – 38 %
Қабылдауға арналған тест – 42 %
Зейінді анықтауға арналған тест – 57 %
Логикалық ойлау қабілеті – 37 %
Тілдің дамыуна арналған тест – 31,5%
Ең бастысы бұл жерде анықталғаны келесі: балаларда логикалық ойлау
және тілдерінің даму деңгейлері өте төмен . Тілдің дамуы логикалық ойлаумен
тығыз байланысты, сондықтан менің мәселелі тақырыбым осы сыныпқа сай
келетінін анықтап алып, осы бағытта жұмысты тереңдете түстім. К.Д. Ушинский
былай деген: ”Оқуда еңбек қуанышын сезбеген, қиындықтарды жеңген кездерін
мақтан етпеген бала – бақытсыз бала.”
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерінің дамуында ойлау
ерекше рөл атқарады. Төменгі сынып оқушысы әлі нақты ойлайды, көрнекі
құралдарға және образдарға сүйенеді. Сөзбен айтып түсіндірген оларға
түсініксіз. Әр баланың ойлау қабілеті өмірлік іс- тәжірибесімен
байланысты. Баланың ойынның дамуының негізі көрнекі тірек немесе тікелей
тәжірибелік әрекет. Тестілеу нәтижесіне сүйене отырып өзіме балалардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту қажеттілігін анықтап алдым. Мысалы: 1
сыныпта мынадай жағдайлар жиі кездеседі. “2 + 1” неше болады, мәнін тап деп
сұрасам, бала кідіріп, ойланып қалады. Ал егер нақты негіз беріп айтсақ
“Сенде 2 алма болды, анаң саған тағы 1 алма берді. Сенде неше алма
болды?”деп өзгеше сұрасақ, бала бірден ойланбастан “3” деп жауап береді.
Есептің шартын тәжірибемен байланыстырсақ бала он ешбір қиындықсыз
шығарады. Сондықтан бала тек алдында тұрған жағдайларға тірелмей, логикалық
қорытындылар шығара алуға үйренуі үшін логикалық есептерді шығартып,
өздеріне құрастыра алуға үйрете бастадым. Мысалы: 1 жұмыртқа 4 минут
піседі, ал 4 жұмыртқа неше минут піседі ? деген қарапайым есепті алайық.
Осы есепті шығару барысында оқушылар көп ойланады 4-ті 4 рет өзіне қосады
т.б. амалдар орындай бастайды. Дұрыс бағыт бағдар беріп, ойларын қозғалтуға
мүмкіндік туғызамын. Әрине балалар бірден барлық логикалық есептерді өз
бетінше есептеуге үйреніп кетеді деуге қиын. Бірте –бірте тамшы тасты
теседі деген сөз бар, сол тәрізді сабақ үстінде баланы ерінбей ойлауға
баулып, қызығушылықтарын оятса, басқа балалардың жауаптарына еліктей отырып
әр оқушы өзін көрсетіп, дұрыс жауап айтуға талпынады.
Дүниетану сабақтарында балалар берілген тақырыпты өз бетінше оқып,
түсіне алмайды. Сондықтан “заттың қасиеті” деген тақырыпты түсіндіру үшін
сұрақ – жауап жүргізіп аламын немесе ой шақыру жүргіземін. Балалар
өздерінің білімдеріне сүйене отырып берілген зат туралы білетіндерін
жазады, жұптасып бір – біріне айтады, ортаға салады. Бірақ айтып өтетінім,
кез келген ойлау әрекеті сұрақтан басталады, таңқалудан басталады. Өйткені,
сұрақ ой туғызады. Бір затты талқылау барысында оның тек ойын ғана
айтқызып қоймай, оның пішініне, түсіне, көлеміне, қызметіне көңіл аударып,
тоқталып өту керек. Кез келген таныс затта жаңа 1 нәрсе, ерекшелік табуға
болады. Мысалы: балалар бор туралы ойларын ортаға салады. Оның барлық
сыртқы ерекшеліктері мен қасиеттерін атап бере алады. Ал оның ішінде біз
дем алатын қарапайым ауаның бар екендігін айтып кетсек балада сұрақ
туады. Ол ауа қайда? Ол борға ауа қалай кіреді? Осы сияқты сұрақтар туып,
баланың ойлау танымдық белсенділіктері артады.
Кез келген затты жан- жақты көре білу балаға мынадай сұрақтарға жауап
беруге көмектеседі. “Неге үйрек малтиды, ал тауық жоқ?”, “Не ауыр- 1 кг
темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауырма?”, “Неге доп секіреді?”, “Неге қаз
батпайды?”
Математикадан көптеген есептер беруге болады. Мысалы: Сынып туралы
есеп құрастыр, “сандар қатарын жалғастыр 0, 2, 4, 6, 8...”Бұл жерде
логикалық ойдың дамуына арналған жаттығулар зорлықпен берілмеу керек.
Білімге құштарлық – дамып келе жатқан балаға тән қасиет. Олардың
қызығушылықтарына берілген тапсырма олар үшін жаңа болса ғана ерекше көңіл
бөледі.
Еңбек сабақтарында көрнекі-бейнелік ойлауға көп назар аударамын.
Мысалға: оригами, пазлы, конструкторлар т.б.
2- ші тоқсанның соңында қайталау тестілеуін жүргізіп өттім. Шыққан
нәтиже:
1. Есте сақтау тесті - 45 %
2. Қабылдауға арналған тест – 50 %
3. Зейінді анықтауға арналған тест – 70%
4. Логикалық ойлау қабілеті – 61 %
5. Тілдің дамыуна арналған тест – 58 %
Ата – аналар ұстаздың ең басты көмекшілері демекші олармен де тығыз
байланыстамын. Сауалнамалар, жиналыстар, тәрбие сұрақтары бойынша жеке
әңгімелесу сағаттарын жүргіземін. Балалардың үлгерімдері мен тәртіптері
жайлы талқылаулар жүргіземін.
Мысалы: 1-ші сыныпта “Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің
ерекшеліктері” атты баяндамамды ата – аналар жиналысында оқыдым.
Мақсатым: ата- аналарды балалардың түрлі қызықты ойындар мен
жаттығуларының түрлерімен, олардың қызметімен, маңыздылығымен таныстырып
өту. Жанұяларда бос уақытты ұйымдастыру. “Домино”, “Лабиринт”,
“Лото”,”Шашки”, “Шахмат” т.б. ойындарға тоқталып, әр отбасында осындай
үстелде ойналатын ойындардың кем дегенде 2 –3 түрі болу керектігін
айқындау.

V Ойынды таңдау
Ойынды таңдау бірінші кезекте балаға байланысты, яғни оған не керек,
қандай тәрбие керек және оның ерекшелігі неде? Егер ұжымдық ойынды
таңдайтын болсақ ойнаушылардың құрамы қандай, интеллектуалды дамулары, дене
бітімдері, жас ерекшеліктері, қызығушылықтары қандай екенін білу өте қажет.

Ойынды таңдау тәуліктің уақытына байланысты. Егер ерте таң болса
балалар ұйқыдан оянып үлгермеген, сол себепті қимыл- қозғалысты талап
ететін ойынды ұсынған жөн. Ал егер 2 – ші – 3- ші сабақтар болса, аз қимыл-
қозғалысты талап ететін ойындарды, логикалық есептер, ойын негізінде
құрылған сабақ т.с.с. қолдануға болады. Ал 4- ші –5 – ші сабақтарда
балалар шаршап, энергиялары төмендей түседі, бұл жағдайда бір орында, нақты
бір затқа байланысты ойындарды қарастырған жөн болады.
Ойын мақсаты- шығармашылықты талап ету, жаңа білімді меңгерту, өткен
материалды тәжірибеде қолдана алу. Ойын барысында түрткілерді ауыстырып
отыру қалыпты нәрсе, өйткені балалар біріншіден қуаныш алу үшін, екіншіден
білімді меңгеру үшін ойынға қатысады.
Ойында бала бір – бірімен байланысқан түрлі деңгейдегі мақсаттарды
жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үдерісінің өзінен ляззат алу. Бұл
мақсатта қуаныш сыйлайтын кез келген белсенділікке дайындықтарын анықтайтын
белгілер көрінеді.
Екінші деңгейдей мақсаты- функционалды, ол ойын ережелерін
орындаумен байланысты, сюжеттерді, рөлдерді көрсету.
Үшінші деңгейдей мақсаты – ойынның шығармашылық міндеттерін
көрсетеді – тауып алу, шешу, нәтижелер мен жетістіктерге жету.

VІ Ойынды ұсыну

Ойынды ұсынудағы басты міндет – баланың ойынға деген қызығушылығын
ояту. Ойын тәсілдері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Қызығушылықты-
алдымен ойынға арналған құрал- жабдық тудырады. Ойынды ұсынуға, оның
нәтижелері мен әрекет ету техникасы жатады.
Ойынды түсіндіретін уақыт өте жауапты. Түсіндіру өте қысқа және нақты
болу керек. Ойын басталар алдында ғана түсіндірілуі керек. Түсіндіруге-
ойынның аты, мазмұны, негізгі ережелері, соның ішінде ойнаушылардың
әрекеті, құрал- жабдықтың атқаратын қызметі жатады.

VІІ Ойындағы рөлдерді бөлу, топқа, командаларға жіктеу

Ойынды өткізуге арнап бөлінген топты – ойын ұжымы деп атайды. Топқа
бөлуді және командаларға жіктеуді талап етпейтін ойындар да бар. Ұжым –
ұжым етіп бөлуде өзінің әдебін сақтау керек, қызығушылықтарын, баланың бір
– бірінің қарым- қатынастарын есепке алып отыру керек. Өзімнің тәжірибемде
мұндай жағдайларда жребий тастаймын немесе санамақты қолданамын.
Балалар ойынында ең жауапты сәттердің бірі балаларға рөлдерді бөліп
беру. Олар әр түрлі болады: белсенді, әрекетсіз, басты және басты емес. Бұл
міндет қиын әрі мұғалімнен сезімталдықты талап етеді. Рөлді болуде
балаланың жынысына, жасына, физикалық ерекшеліктеріне сүйену үлкен қателік.
Кейбір ойындарда капитан қажет. Мысалы: мен балаға қандай рөл керек екенін
ескере отырып келесі тәсілдерді қолданамын.
Топтық ойын рөлдерін бөлгенде келесіні ескеріп отыру керек:
1. Беделдері төмен балаларға – беделдерін нығайтуға арналған рөлді
беру;
2.Белсенді емес, баяу балаларға- белсенділікті қажет ететін рөлдерді
беру;
3.Тәртіпсіз балаларға- өзін ұйымдастыра алатын рөлдерді беру
керек;
4.Жаңадан келген балаларға немесе өз бойын басқалардан бөлек ұстап,
үнемі шетте жүретін балаларға- өзін көрсете алатын, басқалармен достасып
кететін рөлдерді бөліп беру.
Ойын барысында менменшілдіктің пайда болуын болдырмау қажет.
Бағынбаушылық ойынды бұзады. Әрбір рөлдің өзінің атқаратын әрекеті болу
керек, керісінше жағдайда бала ойыннан шығып қалады.

Ойынның технологиялық сызбасы


Ойынды - сценарийін әзірлеу;
әзірлеу - ойын жоспары;
Дайындық - ойынның жалпы сипаттамасы;
кезеңі - нұсқаманың мазмұны;
- материалмен қамтамасыз ету;

Ойынға ену - мақсат пен міндетті қою;
- шарттарымен таныстыру;
- ережелері, регламент;
- рөлдерге бөлу (егер
іскерлік ойын болса);
- топтарға бөлу (қажет
болса);
- Бағыт- бағдар беріп отыру;
Ойынды Тапсырма
өткізу бойынша - тапсырмалар бойынша жұмыс;
кезеңі топтық - тренинг;
жұмыс - миға шабуыл;
- құралдармен жұмыс

Жалпылау және талдау - қорытынды шығару;
кезеңі - талдау, рефлексия;
- жұмысты бағалау және
өзіндік бағалау;
- тұжырымдамалар мен
қорытындылар;
- ұсыныстар

Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге
бағытталған сабақ жоспары

Баланың жаны –
Ақынның жаны.
М. Пришвин
Қазіргі кезеңнің жағдайлары бастауыш сынып мұғалімінен көпті талап
етеді: білімге деген құштарлықтары сөніп қалмайтындай оқуға үйрету үшін
білім беруді жан- жақты ұйымдастыру, табиғаттан берілген дарындарын ашып
дамыту.
Балаларды өз бетінше білім алып, жаңартып отыруға үйрету қажет. Осы
жерде әйгілі Плутархтың мына сөзін аудармастан келтіріп кеткім келеді: Ум
ребенка не сосуд, который нужно пополнить, а очаг, который нужно зажечь.
Осыған байланысты әр мұғалімнің оқытудың тиімді тәсілдерін іздеп
табуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Дәстүрлы окыту
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Пәндер