Батыс Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері



Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін туризм, экономиканың басқа да салалары сияқты орталықтың қатаң қыспағынан шыға алмады. КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болған еді. Өз кезегінде Қазақстанның архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекіліктері жарнамаланбады және қажет етілмеді. Қазақстандық туризм кеңестік кезеңде идеологиялық функцияны атқарған мәдени ағартушылық жұмыстың бір элементі ретінде саналып, оның басым роліне қарамастан қалдық принципі бойынша қаржыландырылып, ешқандай экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстандағы туризм индустриясының нашар даму себептерінің бірі оған экономиканың бір саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңілдің бөлінбеуі еді. Кешенді болжамға, ұзақ мерзімді жоспарлауға, туризмнің территориялық ұйымдастырылуына және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға дұрыс көзқарас болмады. Бұл саланы баяулатқан факторлардың бірі туризмнің арқасында жергілікті бюджетке қомақты қаржының түскеніне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті басым бағыт деп танымауында жатыр.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу үшін және халықтың тарихи мәдени мұраларын жаңғырту үшін негіз қаланды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы туризмнің дамуы 1992 жылдың 3 шілдесінде қабылданған «Туризм туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен бекітілген. Бұл құжаттардың қабылдануы қазақстандық туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді [1].
Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытудың тағы бір қадамы Қазақстанның 1993 жылы Дүниежүзілік Туризм Ұйымына мүше болып кіруі, туризм саласындағы ынтымақтастық жөнінде халықаралық келісімшарттардың жасалуы болып табылады. Айта кеткен жөн, бірқатар келісімшарттар Қазақстанды мол туристік потенциалы бар, тиімді әріптес ретінде таныған шетелдік үкіметтердің өз ұсыныстарымен қабылданған болатын.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері

Ш.Есенов атындағы Каспий мемелекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Халықаралық қатынастар кафедрасы
т.ғ.к. Кузутбаева Б.К.

Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін туризм, экономиканың басқа да салалары сияқты орталықтың қатаң қыспағынан шыға алмады. КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болған еді. Өз кезегінде Қазақстанның архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекіліктері жарнамаланбады және қажет етілмеді. Қазақстандық туризм кеңестік кезеңде идеологиялық функцияны атқарған мәдени ағартушылық жұмыстың бір элементі ретінде саналып, оның басым роліне қарамастан қалдық принципі бойынша қаржыландырылып, ешқандай экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстандағы туризм индустриясының нашар даму себептерінің бірі оған экономиканың бір саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңілдің бөлінбеуі еді. Кешенді болжамға, ұзақ мерзімді жоспарлауға, туризмнің территориялық ұйымдастырылуына және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға дұрыс көзқарас болмады. Бұл саланы баяулатқан факторлардың бірі туризмнің арқасында жергілікті бюджетке қомақты қаржының түскеніне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті басым бағыт деп танымауында жатыр.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу үшін және халықтың тарихи мәдени мұраларын жаңғырту үшін негіз қаланды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы туризмнің дамуы 1992 жылдың 3 шілдесінде қабылданған Туризм туралы Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен бекітілген. Бұл құжаттардың қабылдануы қазақстандық туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді [1].
Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытудың тағы бір қадамы Қазақстанның 1993 жылы Дүниежүзілік Туризм Ұйымына мүше болып кіруі, туризм саласындағы ынтымақтастық жөнінде халықаралық келісімшарттардың жасалуы болып табылады. Айта кеткен жөн, бірқатар келісімшарттар Қазақстанды мол туристік потенциалы бар, тиімді әріптес ретінде таныған шетелдік үкіметтердің өз ұсыныстарымен қабылданған болатын.
Барлық өркениетті қоғам, туризм саласы мемлекеттің бюджетін толтыратын негізгі қаржы көздерінің бірі болғандықтан басты туристік ағымдарды өзіне қаратқысы келеді. Сондықтан да Қазақстанға шетелдік туристердің ағылуын ұлғайтуымыз қажет. Осы мақсатта туристік мекемелердің қызметін ішкі туризмге көбірек бұруымыз қажет. Бұл дегеніміз транспорттың жағдайына, жылжу құралдарына, кадрлық потенциалға байланысты мәселе болып табылады.
Туризм дамуының басты проблемаларының бірі туристік кадрларды дайындау мәселесі. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке меншік және Ресей филиалдарын алатын болсақ, 28 оқу орнында туризм менеджерлері мамандығын дайындайды. Бұл дайындық 1992 жылдан бастау алғанымен, әлі күнге дейін туристік саланы кадрлық жағынан қамтамасыз ету өз деңгейінде болмай отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында бұның басты себебі оқытушылар құрамының Қазақстанның туристік потенциалы жөніндегі білімінің және туристік саладағы қызмет тәжірибесінің жеткіліксіз болуы. Осыдан келіп, мамандарды даярлау отандық туристік рекреациялық ресурстар мазмұнын, технологиясын жеткілікті түсінбеуден, туристерді қабылдау кезіндегі әдіс-тәсілдерді толықтай меңгермеуден өз дәрежесінде болмай отыр. Сол себепті жоғары оқу орны түлектерінің басым бөлігі туроператорлық функцияны толықтай атқара алмай отыр [2].
Қазақстан территориясы көне заманнан Қытай мен Европаны байланыстырып, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болғанына қарамастан, әлемдік туризм аренасында туристік бағыт ретінде таныла қойған жоқ. Қазақстанды әлемдік аренаға шығарып, дүниежүзілік туризмде жақсы табыстарға жету үшін көптеген шараларды жүзеге асыру қажет. Сөз жоқ, Қазақстанды туристік объект ретінде алға жылжытудың ең басты шаралары болып, мемлекетіміздің туристік ұйымдарының халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, конференцияларға қатысуы болып табылады. Сонымен қатар осындай шараларды республика территориясында өткізудің маңызы өте зор.
Қазақстанның туризмдегі халықаралық ынтымақтастығы ЮНЕСКО және ДТҰ мен Ұлы Жібек жолы бойынша жобаларды жасақтау және жүзеге асырумен, шетелдік мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімшарттар жасаумен іске асырылады.
Қазақстан туризмнің халықаралық аренасында алға жылжуы үшін тек мемлекет ішінде ғана емес, сырт елдерде де ақпараттық туристік орталықтарды құру қажет. Бұл мәселеде туристік ұйымдардың шет елдердегі мемлекетіміздің дипломатиялық өкілдіктерімен байланысын ұмытпауымыз қажет.
Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерін қамтыды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен алмасу көбінесе көрші елдердің арасында жүзеге асырылғанмен, алайда соңғы кезде алыстағы шет елдердің мәдениетімен танысу мақсатында қашыққа саяхат жасауға тілек білдіруші адамдар көбейіп келеді. Қазіргі заманғы ұшақтар жолаушыларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. Бұл мақаланы жазу барысында Батыс Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени және табиғи мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Фактологиялық материалдарды талдай отыра, төмендегідей қорытындыларды жасауға болады:
- Батыс Қазақстан аймағында ашық күндердің көп болатындығы (220-дан 240-дейін)
- Туристік рекреациялық зоналарды дамытуға септігін тигізетін қолайлы кезеңдердің ұзақтылығы (120-130 кундей)
- Батыс Қазақстан түрлі экскурсиялар, қыдырулар және демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық ресурстармен қамтылған.
- Бұл аймақ аса көркем және қызықты ландшафтарға ие.
- Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық потенциалы жалпы Қазақстан туризмінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм түсінігі
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Қазақстандағы туризм саласының даму мүмкіндіктері
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту аймақтарын анықтау
Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Пәндер