Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда анимацияларды пайдалану



Бұл пән балалардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Балалардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде балалардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Күн тәртібі балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Балаларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – балалармен ойнай отырып, өз бетімен жұмыс істете білу. Математика күн тәртібінде білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: Саналық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Математикадан балалардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту – балалардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған түсінік, түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан Гуманитарлық Академиясы

кафедрасы
пәні

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда анимацияларды пайдалану

Орындаған:
тобының студенті
Мамандығы: 0511000- Туризм
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015
КIРIСПЕ

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

І бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

1.1 Қарапайым математикалық түсiнiктермен таныстыру
Бұл пән балалардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Балалардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде балалардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Күн тәртібі балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Балаларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - балалармен ойнай отырып, өз бетімен жұмыс істете білу. Математика күн тәртібінде білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: Саналық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Математикадан балалардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту - балалардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған түсінік, түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.
Сондықтан күн тәртібіта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек деген К.Д. Ушинский.
Көрнекілікті қолдану Балалардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, Балалар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.
Оқылатын материалды көрнекі құралдармен иллюстрациялау арифметикалық оқытудың бірінші күнінен бастап барлық оқу жылдарында қолданылып отырады. Баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталады. Баланың көз алдынан құстың, қоянның, мысықтың, тағы сол сияқты суреттері өтеді. Бұл суреттер белгілі жолмен құралып, бірінші ондық сандарының әрқайсысын кескіндейді.
Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, тәрелкедегі сүтті жалап жатқан екі мысыққа үшінші бір мысық жүгіріп келе жатқанын көргенде, бала барлығы неше мысық деген сұрауға жауап беру үшін, 2+1 керек деген ой келеді.
Көрнекі құралдарды әр-түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Балалардың күн тәртібіқа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.
Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.
Балалар күн тәртібінде, ойын үстінде, ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оларды ұштап, жетілдіріп отыру мұғалімнің міндеті деп білеміз. Математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана білуіне, Балалардың күн тәртібіқа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мәні зор. Күн тәртібіта өтілген метериалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар Балалардың күн тәртібіқа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді.
Мектепалды даярлық бес күндiк режиммен жүргiзiледi. Күн тәртібітар сағат 9 да басталып, ұзақтығы -30-35 минутқа созылады. Әр күн тәртібітың арасындағы үзiлiс 10-15 минуттан кем болмауға тиiс.
Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың бір түрі болып табылады. Есептер шығаруға үйрету Балаларда негізгі математикалық түсініктерді қалыптасып , олардың бағдарламада анықталған теориялық білімді меңгеруінде маңызды орын алады.
Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану жолында пысықтала түсетін нақты материал болып табылады. Есеп шығару балаларда, әрбір адамға оның күнделікті өмірінде қажетті іскерлікті, білікті қалыптастырады. Есеп шығару арқылы, балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғандағы маңызды түсініктермен танысады.
Есеп шығару Балалардың ақыл-ойының дамуына өте игі әсерін тигізеді, себебі ол анализ және синтез, нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін кезеңді талап етеді.
Есеп термині және оның элементтерімен Балаларды айқын түрде алғаш таныстыруға деінгі уақытты мазмұнды есептерді енгізудің дайындық кезеңі деп айтуға болады. Осы уақытта Балалардың мектепке дейінгі игерген білім, білік және дағдылары толықтырыла түседі және бір жүйеге келтіріледі, сондай-ақ нөмірлеуді оқып үйренуге қажетті жағдайлар жасалады, әрі қарай 10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу қарастырылады. Бұл кезеңде мазмұнды арифметикалық есеп арнайы оқытылатын обьекті болып табылмайды, яғни ол қандай да бір құрылысы әлі де анықталмаған (шарты, сұрағы берілген және ізделінді сандар, олардың арасындағы байланыс) күрделі түсінік болғандықтан, Балалар санасынан орын алмайды. Мәтінді есептер сандармен және амалдармен Балалармен таныстыруда, сәйкес түсінікының мән-мазмұнын нақты көрсетіп берудің құралы ретінде пайдаланылады.
Дегенмен осы кезде мазмұнды суреттер ретінде ұсынылатын жай есептер 10 көлеміндегі әрбір санмен Балаларды таныстыруда және әрбір 1-ді қосу 1-азайту арқылы шығарып алуда көрнекі құрал сипатында пайдаланылады. Демек, мәтінді жай есептер алдымен айқын емес түрде математикалық түсініктердің мән-мазмұнын ашудың әдістемелік құралы ретінде енгізіледі. Сондай-ақ басқа да материалдарды қарастыру барысында есеп шығару білігінің құрамына енетін көптеген мәселелерді дайындық деңгейінде беруге болады. Соған бірнеше мысалдар келтірейік.
Заттарды санау және оларды салыстыру (түсі, өлшемі , формасы бойынша немесе бірнеше мәтінді белгілеріне қарай ) кезінде Балалар сурет бойынша "қанша?" деген сұрақты қоюға жаттығады және "бірдей","үлкен-кіші"," ұзын-қысқа", т.с.с. түсініктер жайында түсінік алады, сондай-ақ әрбір заттың өзіне тән мәнді белгісін анықтауға үйренеді.
Әрі қарай заттар тобын салыстыру барысында "қанша болса сонша" сөз тіркесінің мән-мазмұнын игереді, "артық - кем " түсінікы жайындағы түсінікті қабылдайды. Әрине осы кезде-ақ көрнекіліктің нақты және біршама абстрактілі түрлері қолданыла бастайды. Мысалы: а) тақта алдына үш бала шақырылады; ә)әрбір балаға бір-бірден санау шыбықтары үлестіріліп беріледі;б) балалар мен шыбықтар салыстырылады в) сәйкес қорытынды жасалады, яғни біз "Бала- санау шыбығы" парларын құрдық, "Балалар қанша болса, шыбықтар да сонша". Осы сияқты жұмыс дидактикалық кеспе материал бойынша жүргізіледі. Қалталы полотноның бір қатарына үш дөңгелек (шаршы) қойылады. Салыстыру нәтижесінде қорытынды жасалады.
Сонан кейін суреттерді пайдаланып, сәйкес парлар құру арқылы "қанша болса, сонша" түсінікның мән-мазмұнын игеруді тиянақтай түсетін жұмыс жалғастырылады.
Осындай көрнекіліктерге сүйене отырып, заттар тобын салыстыру кезінде "артық-кем" түсінікының мәнді ерекшелігі анықталады. Мысалы:а) қалталы полотноның бір қатарына үш дөңгелек, ал екінші қатарына үш шаршы қойылады да,сәйкес қорытынды жасалады; ә) тағы бір дөңгелек бірінші қатарға қойылады да, парлар құру арқылы дөңгелектердің артық екені, ал шаршылардың кем екені ажыратылады; б) екінші қатарға тағы бір шаршы қойылады да, парлар құру арқылы әрбір топтағы заттар санының бірдей екендігі анықталады ( дөңгелектер қанша болса, шаршылар сонша);
в) бірінші қатардан бір дөңгелек алынып тасталады да, парлар құруға негіздей отырып, әрбір топтың заттар саны салыстырылады да "дөңгелектердің шаршылардан кем, ал шаршылардың дөңгелектерден артық екені жайында" қорытынды жасалады.
Сонымен бірге практикалық жұмыстар орындау кезінде Балалар парлар құрудың әр түрлі ( айталық, әрбір топтағы заттарды бірінің астына бірін дәл келтіріп екі қатарға орналастыру, бір топтағы заттардың сәйкес парларын сызықтармен қосу, әрбір топтан бір-бірден зат алып кету сияқты) тәсілдерімен танысады.
Осы сияқты қарапайым математикалық түсініктер жайындағы Балалардың түсінігі әрі қарай қарапайым кеңістік және уақыт түсініктерымен, қозғалыспен байланысты мәселелерді, сондай-ақ 10 көлеміндегі сандардың аталуын, реттік қатарын және заттарды санауды, әрбір санды шығарып алуды оқып үйренуде тиянақтала түседі. Әсіресе, осы кезеңде жиі қарастырылатын қосарланған суреттердің мәтінді арифметикалық есептерді енгізуге дайындықты жүзеге асыруда барынша тиімді екендігіне ерекше назар аударған жөн. Мұндай суреттер "қанша болған еді?", "не өзгерді?" сұрақтарының жауабын таба білуге Балаларды үйретеді. Сондай-ақ сәйкес суреттер бойынша берілетін жазулар есепті шығару үшін сандарға арифметикалық амалдарды қолданудың қажеттігін Балаларға аңғартады және есептің шешуін жазудың сәйкес формасын енгізуге дайындық болып табылады. Мысалы, алдымен қосарланған үш сурет беріледі. Айталық, бірінші суретте бір ақ балапан, ал екінші суретте оған жақындап келе жатқан бір қоңыр балапан, үшіншісінде ақ және қоңыр балапан қосарланып жем шоқып тұр. Суреттердің астында сәйкес жазулар "1,1-1,2" беріледі. Осы сурет бойынша мұғалімнің басшылығымен жұмыс ұйымдастырылады.
М: Бірінші суретті мұқият қараңдар. Қанша балапан болған?
О:1 балапан.
М: Сол суреттің астында қандай цифр жазылған?
О: 1 цифры.
Демек зат пен цифр сәйкестендіріледі, яғни балапандар қанша екені санмен өрнектеледі.
М: Екінші суретті қараңдар. Не өзгереді?
О: бір ақ балапанның жанына тағы бір коңыр балапан келді.
М: Балапандар - 1 және тағы 1 болғанын қалай жазып көрсетуге болады? Суреттің астындағы жазуды қараңдар.
О: 1-1.
М: Үшінші суретті қараңдар. Енді қанша балапан болады?
О: Екі балапан болды.
М: Суреттің астында қандай цифр жазылған? Неге?
О: Екі цифр жазылған, өйткені 1 және тағы 1, яғни барлығы екі балапан болды.
Осыған ұқсас 1 қоңыр балапанның кетіп бара жатқан суреті, қалған бір ақ балапанның суреті берілсе және сәйкес жазулар келтірілсе, талқылаулар жүргізу барысында барлығы 2 балапанның болғанын, оның біреуінің бөлініп кеткенін, сонда 1-сіз 2-нің қалғанын (-2-1),яғни бір балапанның жем шоқып тұрғанын анықтауға болады.
Осындай суреттерді және әр алуан практикалық жұмыстарды орындау арқылы Балалар ненің болғанын, ненің өзгергенін сонда қанша шыққанын көрнекі түрде қабылдайды, сонымен бірге заттарға сандарды және өрнектерді (әрине ол термин айтылмайды ) сәйкес қоюдың қажеттігін ұғынады. Бұл мәтінді арифметикалық есептерді шығарудағы басты мәселе.
Ілгеріде қосарланған үш суреттің соңғы соңғы суреті айқын берілмейді, яғни біздің мысалымыздағы жем шоқып тұрған ақ және қоңыр балапанның суреті басқа бір түспен жабылады, бірақта суреттің астындағы 2 цифры жазылады. Сонда екінші суретті Балалар пайдаланады, ненің өзгергенін анықтайды және сонда қанша шыққанын сол сурет бойынша санау арқылы табады да, үшінші суретте не болуы керектігін тағайындайды.
Осы кезде алдағы уақытта тексті арифметикалық жай есепке сәйкес амалды таңдап алуда жәрдемі тиетін тәсілдермен де Балаларды таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай қарастырылатын екі сурет ұсынылады. Мысалы: " 1 ақ балапанның суреті және 1 ақ және 1 қоңыр балапанның суреті, яғни қосарланған екі сурет бойынша талқылаулар жүргізіледі".

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру
Балабақшадағы басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой - өрісін, іс - қимылын жан - жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу - оқытудың мақсаты ғана емес, сондай - ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.
Топтарда есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке - жеке топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ - жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шыгару сабағында балаларға суретті пайдаланып төмендегідей есептерді шығаруға болады.
1 тапсырма. Кеспе сандарды пайдаланып, арифметикалық есептерді шығару.
6+ =8 3+ =8 2+ =8 8+ =8

+

3 Тапсырма- Қисынды есептер:
1. Жанып тұрған 4 майшамның үшеуіі сөніп қалды, сонда неше майшам қалды ?
Жауабы: Бір майшам
2. Қолымда бес алма, табақта үші алма қосқанда барлығы болады неше алма?
Жауабы: 8 алма
4 Тапсырма. Жұлдызша ішіндегі сандар қандай бірдей сандарды қосқанда шығады?

Балалар: 2+2=4; 3+3=6; 4+4=8; 5+5=10
Мұның нәтижесін табудағы ең басты мақсаты баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс,байланыстырушы, сөйлеуге тәрбиелеу, көзімен есінде сақтап, тіл сөз арқылы ойын айтып, ақыл - ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп және оның құрамы бөліктермен балаларды айқын түрде таныстыруға дейінгі уақытты дайындық кезеңі деп айтуға болады.
5-Тапсырма Кім жылдам жарыс ойыны. (3 минут)
1. Бұлбұл әсем жырлайды
Ел жұрт елтіп тыңдайды,
2-ге 2-ні қосқанда
Нешеу болып сайрайды?
Балалар: - 4 болып сайрайды.
2.Үйрегім-ай үйрегім
Келіп жүрме билегің?
Алтау едің басында
Жүзіп кетті үшеуі
Қалды артта нешеуі.
Балалар: - 3 үйрек артта қалды.
3. Бес алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
Балалар: - 3 алма қалады.
Бауырсақты қоян босатып жіберді, домалап келе жатып қасқырға жолықты.
Қасқырдың тапсырмасы.
6) Үстел үстінде 2-3 топ ойыншықтар қойылады. Әр топтағы ойыншықтар әр түрлі бағытта орналасқан. Үстел үстінде неше аю, қанша қуыршақ бар?
Балалар ойыншықтарды санайды. Санап болған соң аюлар мен қуыршақтар саны төрт-төрттен екенін анықтайды.

1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды математика элементеріне оқытудың негізгі принциптері
Бала бақшада ересек топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ тулганың өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі.
Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес, - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.
Ересек топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын, - деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың көңілін заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын қалыптастыру.
Міндеттері:
- зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту;
- танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында белсенді оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру;
- ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, топтастыру, үлгі жасау, құрастыру, байланыстың себеп-салдарын орнату) тәсілдерін үйрету;
- мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу, күн тәртібіта алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану;
- заттардың әр түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын үйрету, олардың бір-бірімен арақатынасын анықтау;
- кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;
- геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мазмұны:
Көп. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.
Көп элемент бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы түсініктерін дамыту.
Көп, аз, біреу деген ұғымдармен таныстыру. Бір деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.
Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп алып топтастыру қабілетін дамыту.
Көп және оның құрамы арасындағы қатынастарды орнату іскерліктерін жаттықтыру. Бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.
Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.
Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.
10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, Қанша?, Қандай?, Нешінші? сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.
10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы (6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады, 7 саны 6-дан артық, егер 7-ден - затты шегерсе, онда екеуі тең болады) үйрету.
Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.
Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс қорыту (Мұнда барлық ойыншыққа теңдей алты сәбіз, алты қоян, алты тәрелке).
Сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.
Заттарды (алма, парақ қағаз, дөңгелек және т.б.) бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінік беру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші.
Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.
Көлем. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу іскерлігіне үйрету. Заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру.
Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып анықтап айту шеберлігін қалыптастыру. Мысалы, (Жасыл матрешка - ең биігі, қызыл - аласалау, сары одан аласа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары туралы
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Электронды оқулықты пайдалану
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы
Программа құру барысында қолданылған құралдар көзі
Географияны оқытудың көрнекі әдісітерінің мәні
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мәтіндік редакторде кесте құру туралы ақпарат
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары
Пәндер