Халық педагогикасы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Халық педагогикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Халық педагогикасы . тәрбие көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ... ... ... ..14
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні ... ... ... ...15
II. Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
Бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі ... ... ...22
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары бойынша еліміздің Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенің біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...”. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін 21 ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
6.Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы:ҚызПИ – 2005 ж.
7.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.
8.Жұмабаев.М. “Педагогика” – Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.
9. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.
10.Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.
11.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Халық педагогикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Халық педагогикасы - тәрбие көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...11
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ... ... ... ..14
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні ... ... ... ...15
II. Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
Бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі ... ... ...22
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: Әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті, деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары бойынша еліміздің Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: "Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенің біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...". Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін 21 ғасырдың азаматын тәрбиелейміз.
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.
Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.
Оқушының ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттіліқ, т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: осы халық педагогикасының білім беру процесіндегі орнын анықтап, маңыздылығын дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері: алынған тақырып бойынша алға қойған мақсатыма жетуіме барынша талап қойып, орындау.
Зерттеу әдісі:
Әдебиеттермен жұмыс жасап, әдеби материал жинақтап жүйелеу
Курстық жұмысымның өзектілігі:
Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген мектеп оқушысы қазіргі уақыттағы сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек. Сондықтан да бұл өзекті мәселе дегім келеді.
І. Халық педагогикасы
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары -- халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
Академик Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге келген күнiнен бастап бiрге жасасып келуiнде, адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны -- табиғатты өзiне икемдеп игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң алғашқы адамдар өмiрiнде басты рөл атқарғаны, тәрбиенiң басқа түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық тәрбие жөнiндегi қағидалары өмiрлiк тәжiрибеге негiздеген эмпирикалық бiлiм болып келуi, оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениетi шықпай тұрған кезiнде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөнi халық жадында сақталмай, бүкiл халықтық мұраға айналып кетуi, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегi озық тәжiрибелерi мен ой түйiндерi сол халықтың ой-тiлегiмен, арманымен ұштасып келгендiктен, озық үлгiлерiнiң мәңгi сақталып, ал тозығының бiртiндеп өмiрде қолданудан шығып калуы, халық педагогикасы өнерге, еңбекке негiзделгендiктен, үнемi жетiлдiру, ұшталу үстiнде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенiң озық үлгiлерiне және оның нәтижесiне құрылуы, тәрбие тәжiрибесiнiң ғасырлар бойы жалғасып келуi (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерiнiң қоғамда бөлiнбей, синкреттi тұтас түрiнде берiлуi (мысалы, қол, би, музыка өнерлерiнде ой еңбегi мен дене еңбегi, ақыл-ой тәрбиесi мен еңбек тәрбиесiнiң бiрге ұштасып келуiнде)", деп саралай көрсете келдi де, "халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiне негiзделiп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлерi, ауыз әдебиетi үлгiлерi) арқылы iске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негiзделедi. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрiн, тұрмыс-тiршiлiгiн педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады... яғни, халық педагогикасы ғылымға шикi материал даярлаушы мәлiметтер көзi болып табылса, сөйтiп педагогика ғылымына қызмет етушiнiң рөлiн атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық мәдениетiн зерттеп, оның прогрессивтiк үлгiлерiн бүгiнгi оқу-тәрбие iсiне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады" (16, 7), -- дейдi.
Ал бұрынғы КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың "Этнопедагогика" атты еңбегiне жазған кiрiспесiнде: "Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi" (16, 6), - деп, халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектiсi болып саналатынын ашып көрсетедi.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесi бiрiншi орынға қойылып келдi. Ол заңды да едi. Себебi, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттiң жетiлмеген кезiнде пайда болғандықтан, тәрбиенi еңбек пен өнерге, оның iшiнде қол өнерiне негiздей жүргiзудi уағыздады. Бертiн келе, оқу-бiлiм дамып, ғылым мен техника өрiстей бастаған кезiнде, XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдiң атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық зандары қалыптасып өмiрге келдi. Я.А.Коменский өзiнiң атақты "Ұлы дидактика", "Ағайынды чехтарды тәрбиелеу" атты еңбектерiнде тұңғыш бiлiм беру iсi мен тәрбие iсiн бiртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен бiлiм берудi бiрiктiру тенденциясы оқу-тәрбие iсiнiң тұтастығынан туындады. Тәрбие-әлеуметтiк процесс, ал адамның жеке басының өсiп жетiлуi, дамып қалыптасуы -- ол әрi әлеуметтiк, әрi биологиялық процесс. Осы ерекшелiктен келiп, педагогикада қоғамтану мәлiметтерiн жаратылыстану мәлiметтерiмен бiрiктiре қарастыру қажеттiлiгi пайда болады. Оның себебi педагогика адам тәрбиесiнiң қажетiн өтеушi, қоғамдық сұранысты iске асырушының рөлiн атқарушы болып отыр. Ал педагогиканың жеке басты (индивидиумды) тәрбиелеп жетiлдiрудегi iс-әрекетi оқу-тәрбие орындары арқылы iске асырылады. Адам тәрбиесiнде бiлiмнiң теориялық жақтары шешушi рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке басты оқытып тәрбиелеп жетiлдiруге пайдалану үшiн тәжiрибеде қолданудың әдiс-тәсiлдерi керек. Мiне, осыдан келiп, теория мен тәжiрибенiң, оқытудың өмiрмен байланысын, оны iске асырудың жолдарын қарастыратын педагогика ғылымының бiр саласы -- оқыту мен тәрбиенiң методикасы туындайды. Бiлiм беру мен тәрбие iсiнiң теориялары мен өмiр тәжiрибесi тығыз ұштасқанда ғана адам қажетiн толық өтей алады. Ғылыми теориялар тәжiрибеге негiзделмесе, ол тиянақты ғылым болмайтыны сөзсiз.
Ол жөнiнде XVII -- XVIII ғасырларда өмiр сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пiкiрлер айтқан болатын. Мысалы, Я.А.Коменский "Ағайынды чехтарды" тәрбиелеудегi халықтық дәстүрдiң жақсы нәтижелерiне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеудiң жолдарын көрсетiп бердi. Ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И.Г.Песталоцци тәрбиенi ана тiлiнде оқытатын халықтық мектептердiң бай тәжiрибесiне негiздей отырып жүргiзудi мақұлдады. Ол "Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тiлiндегi оқудың мазмұны мен оқыту әдiсiн дұрыс ұйымдастыруға байланысты" деп ерекше атап көрсеттi. И.Г.Песталоцци: "Бала тәрбиесi оның дүниеге келген күнiнен басталуы керек. Баланың дүниенi түсiнуi отбасынан басталып, мектепте әрi қарай жалғастырылуы шарт" (48, 72), -- деген қағиданы ұсынды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесiнiң көзi еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi жанұяда еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады. Ал әйгiлi орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: "Орыс халқының бала тәрбиесi сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек" (82, 482), -- дедi. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегi ауыз әдебиетiнiң рөлiне де ерекше тоқталды. Ол: "Ертегiлер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгiлерi. Ертегiлердегiдей халықтың асқан даналық тәрбиесiмен тепе-тең келетiн бiрде-бiр тәрбие құралы жоқ" (82, 161), -- деген едi. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi ұлы педагогтар А.С.Макаренко адамды тәрбиелеп жетiлдiруде еңбектiң, әсiресе ұжымдық еңбектiң маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинский "Баланы iзгi жүректi азамат етiп тәрбиелеуде ойын түрлерiн кеңiнен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеудi, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсiруге" баса көңiл бөлдi. "Табиғат тамаша тәрбиешi, тек оны түсiне бiлуге үйрету керек" деп қарады.
Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен маңызына, халықтық тәрбие жөнiндегi данышпандық ой тұжырымдарына әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Хаям, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бiрде-бiрi көңiл бөлмей өткен емес. Олар халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне ғылыми талдаулар жасады. Алайда, Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк дәуiрде халық педагогикасын зерттеу, оны тәжiрибеде қолдану iсiне керенаулық көрсету, қала бердi адамдардың санасындағы ескi қоғамдық идеялардың қалдығы деп қарау өрiс алды. Ол идея коммунизм кезiнде бiр тiл, бiрыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған едi. Көне мәдениеттiң шедеврi шiркеулер мен храмдарды, мешiт-медреселердi қирату, халықты дiннен, ұлттық тiлден, салт-дәстүрден бездiру, тарихи ескерткiштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, қала аттарын кеңестiк саясатқа негiздеп өзгерту т.б. солақай саясаттың әсерiнен туындаған терiс әрекеттер болатын.
Кеңестiк дәуiрдiң 1970 -- 1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды. Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970 -- 1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын.
Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi қазақ этнопедагогикасының ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.
Орта Азия мен Қазақстан даласын мекендеген көшпелi тайпалардың өмiрi батыс оқымысты ойшылдарының назарына ерте-ақ iлiнген-дi. ХVII-ХVIII ғ.ғ. қазақ даласына тұңғыш әскери экспедициялар ұйымдастырыла бастады. М.В.Ломоносовтың замандасы географ және этнограф ғалым И.К.Кирилов 1730-35 ж.ж. Башкирия, Қазақстан далаларында саяхатта болып, көшпелi халықтардың шаруашылық тiршiлiгi мен салт-дәстүрiн зерттедi. Қазақстан және Орта Азия елдерiнiң картасын жасады. Ал орыстың саяхатшы офицерлерi әкелi-балалы Рычковтар (П.Н.Рычков, Н.П.Рычков) қазақ ауылының өмiрiнен очерктер жазып, қазақтардың ер жүрек, жауынгер халық екенiн суреттейдi. Олар қазақ әйелдерiнiң еңбек сүйгiш, табиғи қарапайым, жылы жүректi болып келетiнiн айта келiп, қазақтардың арғымақ атты ұрлауды үлкен өнер санайтынын баяндап, мәдениетi жағынан "тағы" деген тұжырым жасайды. Әрине, ол көшпендiлер мәдениетiне бiржақты баға берушi ұлы орысшылдық көзқарастың салдары едi.
Батыс ғалымдарының iшiнде бұдан жетi ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебiз бiлдiргендердiң бiрi жазушы, әрi саяхатшы Италия ғалымы Марко Поло (1245-1324) болды. Ол өзiнiң "0 разнообразии мира" деген кiтабында дүние жүзiндегi әр түрлi халықтардың тұрмыс-тiршiлiгiн, салт-дәстүрлерiн әңгiмелей келiп, қазақтардың бие сүтiнен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақты ат мiнiп, жол азық алмай, ет асып жейтiн шәңкесi мен баспана шатырын алып, "Ер азығы мен бөрi азығы жолда" деген тәуекелмен жүре беретiнiн, атына және өзiне қажеттi азықты жол-жөнекей тауып жейтiнiн, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгiлер арқылы тауып алып, ұрлаған адамға жетi қамшыдан үш жұз қамшыға дейiн дүре соғу айыбын кесетiнiн сөз етедi.
1.1 Халық педагогикасы - тәрбие көзі
Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап тәрбиенің негізін қалаған халық ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген, бесіктегі балаға үн қатып, тілге тартқан. Бұл - тәрбиенің басы. Мұндай тәрбие - халық педагогикасы болмақ. Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп-төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандарда жатыр. Олардың із-сорабын қазақтың бай ауыз әдебиетінен, сонау Орхан-Енесейден басталатын көне түркі ескерткіштерінен, тарихи жазба мұралар мен осы күнге дейін тұрмыс-тіршілігіміздің орын алып келе жатқан салт-дәстүрлерімізден табамыз. Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы деп, атадан-бала мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді армандап: Шыншыл, әділетті, иманды болу - атадан-бабадан келе жатқан дәстүріміз деп сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызған. Мәселен, атасы немересін алдымен елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын баласының санасына сіңіре білген. Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де - тәрбие. Сондықтан жеткіншек ұрпақ өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен неғұрлым тереңірек сусындап өсуі керек.
Ал бүгінгі ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына кереғар батыстық үлгіге бой алдыртып барады. Халықтық педагогиканың асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастардың бойына, ең алдымен, ана тіліміз арқылы сіңіреді. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес. Өз тілінде сөйлей және ойлай алмайтын ұрпақтың бойында өз ұлтына деген құрмет ешқашанда болмақ емес. Белгілі жазушы, педагогика ғылымдарының докторы С.Ғаббасов халық педагогикасы дегеніміз - адамның жан дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім деп тұжырым түюі бекер емес. Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып-тоздыратын: өсек, өтірік, дарақылық тағы басқа сияқты мінездерден сақтандырып келген. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол, Көпті жамандаған көмусіз қалар, Көпті сөкпе, кенді төкпе секілді мақал-мәтелдер адамгершілікті, білікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу - атадан балаға ғасырлар бойы өсиет етіліп келе жатқан нұсқа. Ол - халықтың ұғымында азаматтың басты белгісі. Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Қазақ ес білгелі өз баласының өте тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, үлгілі отбасы иесі болғанын қалайды. Ұлтымыздың болашағы - тәрбиелі ұрпақ қолында. Ал тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудың бірден-бір жолы - халықтың педагогикасының мәні - еңбек, білім, дағды, адалдық пен адамгершілікті жас ұрпақ бойына дарыту. Заман ағымына орай, ақыл-ойы озық, білімі мен ұлттық рухы күшті, өзін еркін ұстайтын тұлға тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Ұрпағымызға өнегелі тәрбие беруде, бойларындағы білім мен өнерге деген құштарлығын арттыруда, өз халқының беделін көтеріп, барын бағалап, жоғын жоқтауына ата-бабаларымыздың тәлімдік тәрбиелері, ғұлама-ойшылдарымыздың ой-толғамдары мен ұстанымдарының ықпалы зор.
Ұлттық тәлім-тәрбиесіз ұлттық намыс болмайды. Осы орайда ұлы ойшыл ғұламаларымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына сүйенбеу мүмкін емес. Ендеше, ойшылдарымыздың ой-тебіреністеріне назар аударсақ, Ж.Баласағұнның Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған, жақсы, жаман болса, бала - солардан. Яғни ата-ана да - адам, сондықтан олардың да қателесетін, ағаттық жіберетін кездерін еске салады және де Арсыз - адамның қоры, адам өз атын кісілікпен көтереді, деген сөзінде әр адамның ең асыл қасиетінің сақталып, абыройдың төгілмеуін тілейді. Бүгінгі жаһандану заманында, ғылым мен білімнің өркендеген шағында Ж.Баласағұнның Артық кетсе, түйсік түзер хал-жайды. Ел бүлінсе, білім түзеп талмайды дегені кемелденген елдің болашағын ойлайтын ұрпақтың саналы білімді, өнегелі болуы, туған жерін, тілін, дінін, тарихын көзінің қарашығындай сақтауы керек деген. Сонымен қатар Ж.Баласағұнның зерделі ойларындай, М.Қашқаридің санасында саңылауы бар, өсіп келе жатқан әрбір жеке тұлғаларымызға психологиялық ойтүрткі боларлық асыл сөздері жетерлік. Әдет және тәрбие тұрғысында Түріне қарама, тәрбиесіне қара деп әр нәрсе тәрбиеден басталатынын, тәрбие мен адамның құндылығын, нәзіктігін адамгершілігінен көруге болатынын айтады.
Түйіндей келе, ұлы ойшылдардың ғибрат, нақыл сөздерінің астарына үңіле отырып, жас жеткіншектерді психологиялық-педагогикалық ілімге сүйеніп тәрбиелеу қажет.
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары
Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. "Ақылын, жасын берсiн" деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу, ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында "Бiрiншi байлық -- денсаулық" деген ұғым өзектi орын алған. "Денi саудың жаны сау", "Ас адамның арқауы", "Ауру астан" деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың, яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән саулығы үшiн жасалған әрекеттер.
4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. "Жаным -- арымның садағасы" деп, арды адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм -- халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының бiрi. "Отан от басынан басталады" деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сыйлауды отбасы тәрбиесiнiң өзектi принципi деп бағалаған. "Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Жақсы - көпке ортақ", "Ел үшiн еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды" деген өсиет тәрбиеден өзектi орын алған.
6. Елдi, жердi қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшiн дененi шынықтыру қажет. Халық педагогикасында "Шынықсаң шымыр боласың" деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесiне баса көңiл бөлген.
7. Тiршiлiктiң тұтқасы, өмiрдiң шамшырағы өнер мен бiлiм деп түсiнген халқымыз жастарға "Өнерлi өлмейдi", "Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады", "Бiлiм таусылмас кен, өнер өлмес мұра" дегендi насихаттап ертегi, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгiмелер ұсынған.
8. Адам өмiрi мәңгi табиғат құшағында өтетiн болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесiктен жер бесiкке жеткенше табиғи ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегi, аңыздар шығарған.
Мұның бәрi сайып келгенде "Сегiз қырлы, бiр сырлы" еңбексүйгiш, арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негiзделген.
"Сегiз қырлы, бiр сырлы" азамат тәрбиелеудiң ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды "Кiшкене болса да өнегелi, ақылды", "Ақылды да сүйкiмдi", "Қайырымды жiгiт" деп санаса, таулықтар "Нағыз жiгiт" деп атайды. Ал чукчалар "Адал өмiр сүретiн азамат" дейдi. Ол теңiзде жүзгiш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билiкте-әдiл, еңбекте-шебер, өмiрде бiрлiкшiл, сөзде - шешен, атыста - мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Өзбектер қайырымды, iзгi жүректi адамды "иманжүздi, құдайы бар азамат" дейдi.
Ал қазақта сегiз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгiш, бауырмал, батыр, өнерлi, өнегелi, шыншыл, әдiл, адал болу дегендi бiлдiредi.
"Сегiз қырлы, бiр сырлы", жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеу үшiн бар мүмкiндiктi сарқа пайдаланған.
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Қазіргі гумандық - адамгершілік тапшылық жағдайында өскен ұрпақты тәрбиелеудің негізгі бағыттарының бірі - тұтас тұлғаны тәрбиелеудің бөлігі болып табылатын халықтық педагогикасы . Шынайы отбасылық тәрбиені жолға қою үшін, А.С.Макаренко атап өткендей үлкен педагогикалық біліммен бағытталатын балаға дұрыс және мақсатқа ұмтылған әсерді ұйымдастыру қажет .
Сондықтан қазіргі отбасын нығайту үшін қамқорлық оның педагогикалық позициясын пысықтауға ұмтылу мен ұштасқан болуы тиіс. Ал отбасының педагогикалық позициясын пысықтау өз кезеңінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда көрініс тапқан халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерін белсендіру арқылы іске асырылады.
Көптеген ғылыми зерттеулер (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, А.А.Қалыбекова т.б.) қазақ отбасында балаларды халықтық педагогика құралдарымен тәрбиелеудің зор педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Бірақ, этнопедагогиканың қолданбалы аспектілері бойынша отандық ғалымдардың соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары (Ұ.Есім, И.А.Корнилко, Л.А.Бөлетова т.б.) қазіргі қазақ отбасында балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканың жетістіктерін пайдаланудың қанағаттанарсыз деңгейін көрсетеді.
Қазіргі қазақ отбасында бала тәрбиесі толығымен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар негізінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер, соған байланысты адамдар санасындағы, дүниетанымдағы жаңа құрылымдар қазіргі тәбие процесі толығымен ұлттық негізде болмауын дәлелдейді. Әлемдегі интеграциялық процестер, көпмәдениетті, көптілді тұлғаға деген сұраныстардың арта түсуі де тәрбиенің жалпы адамзаттық құндылықтарының ролін, әсерінің артуына жол ашады.
Ұлттық тәрбиенің көзі болған отбасының жалпыадамзаттық, әлемдік даму тенденцияларынан тыс қарау дұрыс емес. Сол себепті, қазіргі қазақ отбасында ұлттық негізде тәрбиелеудің жағдайы туралы кейбір тұжырымдар жасау мүмкін:
1. Бала тәрбиесінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың біріккен әсері, ата-аналардың педагогикалық, этнопедагогикалық мәдениеті деңгейіне орай аталған факторлардың бірінің басымдылығының байқалуы;
2. Ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктеріне сай отбасылардың айырмашылығы (мысалы, ата-аналардың ұлттық мәдениетінің жоғары немесе төмендігі, ата-әжелердің болуы, отбасында қалыптасқан әлеуметтік-этникалық орта т.б);
3. Халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерінен пайдалануда бірізділік, мақсатқа ұмтылғандықтың болмауы, оның кездейсоқтық сипаты;
4. Отбасында бала тәрбиесінде халық педагогикасы факторлары (ана тілі, салт-дәстүрлер табиғат, дін, тұлға дамуына кешенді әсерінің жеткіліксіздігі)
5. Халық педагогикасының тәрбиелік құралдарына жеткілікті мән бермеу немесе оны дәріптеу (мысалы, халық тәжірибесінде қолданылатын, бірақ педагогикалық мақсатқа сай емес әдіс-тәсілдерді қолдану).
6. Отбасы тәрбиесінің негізі ретінде қолданылатын кейбір халықтық педагогика ұстанымдарының (мысалы, тыйымдар жүйесінің, баланың күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыра білмеудің т.б.) бала тәрбиесіне, өзіндік тұлға ретінде қалыптасыуна теріс әсері.
7. Ата-аналардың тәрбиелік белсенділігінің, мектептегі ұлттық тәрбие үрдісіне қызығушылығының төмендеуі;
8. Ата-аналардың этнопедагогикалық білімдерінің әлсіздігі, балаларды қазіргі заманға сай тәрбиелеуге ұлттық тәрбиелік қндылықтарды екінші орынға қою.
Біздің пайымдауымызша, қазіргі қазақ отбасында балалар тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтерудің негізгі шарты-отбасы тәрбиесінде халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерін белсендіру.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер, сонымен қатар отбасылық тәрбие тәжірибесін зерделеу халықтық педагогиканың тәрбиелік құралдарына бай ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген ата-аналар педагогикасы өздігінен бала тұлғасын қазіргі тәрбиелік мақсаттар аясында қалыптастырудың күтілетін нәтижелерін бермейді. Отбасы тәрбиесінде балаларды халықтық педагогика құралдары арқылы тәрбиелеу процесіне мектептің көмегі талап етіледі.
Бұл көмек, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда бейнеленген халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерін белсендіру бағытында болуы қажет.
Әдебиеттерді және мектеп-отбасы ынтымақтастығының озық тәжірибесін үйрену қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерін белсендірудің шарттарын анықтауға мүмкіндік береді
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл - өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл - аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Халық педагогикасы - халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика - халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш -- дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.
Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: Ақ серек- көк серек, Айгөлек, Жаяу жарыс, Соқыр теке, Ақ боран, Төбетей, Бәйге, Орамал тастау т.б.
Мақал-мәтелдер - халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.
Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін
мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз деген мәлім.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында да Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.
Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды.
Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, қаны бір бауырмыз деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар, Әдет-әдет емес, жөн әдет деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.
Мысалы, қөп жылдар бойы діни мейрам деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия кезінде ол қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.
Тұрмыс - салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.
II.Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері.

бағыттары
Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.
Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани адамгершілік тәрбие - тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс.
Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру - бүгінгі күннің басты сұранысы. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден бір жолы - өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады. Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиеленудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.
Тәрбиелеп отырған жас жеткіншекке бала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz