Оқушылардың функционалдық сауаттылығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелері және оны қалыптастыру тәсілдері
1.1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін
зерттеу әдіснамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тәсілдері ... ... ... 11

ІІ. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы рөлі
2.1Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасы өзара іс.әрекетінің Қазақстан Республикасы
білім беру ұйымдарының тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасы өзара іс.әрекетінің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ..17
2.3 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген [1].
ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіН.Ә.Назарбаев «Қазақстанныңәлеуметтікжаңғыртылуы: ЖалпығаОртақЕңбекҚоғамынақарайжиырмақадам» аттымақаласындастратегиялықжаңғыртубарлықсаланы, соныменқатар, білімдідетүрлендірудіқажетететінінатапкөрсетті [2]. Осыорайда, өскелеңұрпақтыңсапалыбілімалуыныңмаңызызор.
ОқушылардыңфункционалдықсауаттылығындамытудыңбесжылдықҰлттықіс-қимылжоспарынқабылдаубойыншанақтыміндеттерМемлекетбасшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалықжаңғырту – Қазақстандамуыныңбастыбағыты» аттыЖолдауындабелгіленді [3].
Елүшінмаңыздыосыстратегиялықміндеттердішешужағдайындатұлғаныңынталылығы, шығармашылықпенойлауымендәстүрліемесшешімқабылдауқабілеттері, кәсібижолтаңдаубілігі, өмірбойыбілімалуғадаярлығы – оныңбастыфункционалдыққасиеттеріболыптабылады. Аталғанфункционалдықбіліктермектепжәнеотбасындақалыптасады.
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.
2. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанныңәлеуметтікжаңғыртылуы: ЖалпығаОртақЕңбекҚоғамынақарайжиырмақадам / Н.Ә. Назарбаев // ЕгеменҚазақстан. – 2012. – 10 шілде.
3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалықжаңғырту – Қазақстандамуыныңбастыбағыты» ҚазақстанхалқынаЖолдауы / Н.Ә. Назарбаев // ЕгеменҚазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.
4. ҚазақстанРеспубликасындабілімберудідамытудың 2011-2020 жылдарғаарналғанМемлекеттікбағдарламасы / ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы //ресмимәтін. – Астана, 2012. – 114 б.
5. Крупник, С.А. Функциональная грамотность / С.А. Крупник,
В.В. Мацкевич.  М.: Педагогика, 2010.
6. Сметанникова, Н. Н. Грамотность. Единственное или множественное число? / Н.Н. Сметанникова.  М.: Баласс, 2002.
7. Леонтьев, А.А. От психологии чтения к психологии обучения/
А.А. Леонтьев.  М.: УМЦ «Школа 2100», 2011.
8. Байтажикова, К.А. Материалы августовской конференции/
К.А. Байтажикова. Научно-практический центр «Дарын» МОН РК – /
10-12 августа, 2012. //Электронный ресурс. – Режим доступа: http://daryn.kz.
9. Рауандина, А.К. Қазақтіліноқытудаоқушылардыңфункционалдықсауатгылығынқалыптастыруәдістемесі (орыстілдімектептердің
5-6-сыныптары): педагогикағылымдарыныңканд. ... дис. авторефераты: 28.12.2010 қорғалды / А.К. Рауандина. – Алматы, 2009. – 32 б.
10. Бунеев, Р.Н. Понятие функциональной грамотности / Р.Н. Бунеев. – М.: УМЦ «Школа 2100», 2003.
11. Перминова, Л.М. Минимальное поле функциональной грамотности (из опыта С.-Петербургской школы)/ Л. М. Перминова. – С.-Пб.: Педагогика, 1999. – №2.
12. Нарикбаева, Л.М. Подготовка будущего учителя к работе с одаренными детьми: метод.пособие / Л.М. Нарикбаева, С.И. Калиева. – Алматы: Изд-во АГУ, 2001. – 45 с.
13. Джуринский, А. Сравнительная педагогика / А. Джуринский // Школьное воспитание: уч. пособие для студентов. – М: Просвещение, 2007. – Гл. 1.
14. Дерябин, Ю.С. Сравнительная педагогика. Педагогика / Ю.С. Дерябин // 2004. – № 4.
15 Результаты Международного исследования PISA 2009 в Эстонии //Электронный ресурс. – Режим доступа: ttp://www.hm.ee/index.php?2512166.
16. Алишев, Т.Б. СистемаобразованиявСингапуре / Т.Б. Алишев,
А.Х. Гильмутдинов //Электронныйресурс. – Режимдоступа: my-volga.ru/ content/ sistema-obrazov.
17. Уроки американской школы. Об обучении функциональной грамотности в американской школе / Курс «Развитие навыков функционального чтения» //Электронный ресурс. – Режим доступа:hij.ru/read/articles/view/243/.
18. Кусаинов, А. К. Знаем ли мы своих детей? / А.К. Кусаинов,
К.Ж. Кожахметова, М.Е. Демеуова. – Алматы: Изд-во РОНД, 2004.
19. Байбородова, Л. В. О работе классного руководителя /
Л.В. Байбородова, В.П. Сер¬геева, Е.Н. Степанова, М.И. Рожков. – М.: Владос, 2001. – 274 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оқу орны жазылу керек

Кандай кафедрасы


Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы

Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелері және оны қалыптастыру тәсілдері
1.1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін
зерттеу әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тәсілдері ... ... ... 11

ІІ. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы рөлі
2.1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің Қазақстан Республикасы
білім беру ұйымдарының тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ..17
2.3 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті [2]. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Жолдауында белгіленді [3].
Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы - оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады [4].
Функционалдық сауаттылық түсінігі алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейінірек қолданысқа енді.
Функционалдық сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы кіріккен, тұлғаның әлеуметтік бағдарлану амалын көрсетеді. Заманауи әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекетіне, сол сияқты өмір бойы білім алуға белсенді түрде атсалысуына ықпал ететін базалық факторлардың бірі болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор - ата-ананың белсенді рөлі екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) - 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалау) зерттеулерінде үнемі көшбасшы елдер қатарынан табылатын Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр.
Отбасы ұғымына - отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы құрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, құқық, заң, құқықтық тәрбие, тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады.
Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы, отбасы әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, баланың отбасына құқығы, қарашаңырақ, шежіре, әке және ана, әкенің және ананың беделі, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, баланың отбасында қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге, науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады.
Отбасы бала бойында балалық кезеңнен адамгершілік құндылықтарды, парасатты және тиімді өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы тиіс. PISA-2009 зерттеуі баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған шаралардың тұтас жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет.
Ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер және жалпы білім беретін мектептер мен отбасы жұмысының заманауи өзара іс-әрекеті практикасының талдауы көрсеткендей, көптеген педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлерін және әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермеген. Бір жағынан, бұл міндетті тиімді шешуде ата-анаға тиісті педагогикалық білім жетіспейді. Отбасы және мектеп іс-әрекетінің жеткілікті түрде үйлеспеуі ата-аналардың тәрбие түрлері мен әдістерін тиімді жүзеге асыруға даяр болмауынан көрінеді, мектеп тарапынан оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әрекетінің нәтижелілігін төмендетеді.
Екінші жағынан, мектептің отбасымен әрекеттілігін қалыптастырудағы әкімшілік және ағартушылық көзқарастары отбасы әрекетін шектейді, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы әлеуетін ашпайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын айтарлықтай арттыру мүмкіндігі мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтар басымдығын қамтамасыз етудегі отбасы және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырудағы субъектілік принциптерін, іс-әрекеттік және құзыреттілік тұғырын жүзеге асырудағы мектеп пен отбасы әрекеттерінің өзара кірігуінде болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
1) Оқушылардың функционалдық сауаттылығын теориялық тұрғыда қарастыру;
2) Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың жолдарын анықтау;
3) Функциялық сауаттылықты арттыру жолдарын айқындау.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Оқушылардың физиологиялық сауаттылығын арттыру әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі психика мен сана туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Зерттеу пәні: педагогика
Зерттеу объектісі: физиологиялық сауаттылық
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

І. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелері және оны қалыптастыру тәсілдері

1.1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін
зерттеу әдіснамасы
Қоғам дамуының заманауи кезеңінде постиндустриалдық әлемдегі өзгерістерге тез бейімделетін адамдар қажет. Жаңа жағдайларда мектептегі оқыту процесі өмір бойы оқыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпал ететін құзыреттерді дамытуға бағдарлануы тиіс. Құзыреттілікті дамытудың алғышарты ретінде белгілі бір функционалдық сауаттылық деңгейдің болуын атауға болады.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде оқушылардың өзін дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге болады.
Функционалдық сауаттылық, яғни адамның өмірдің және іс-әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті - осы процестің өзегі болып саналады [5, 27].
Осыған орай, білім беру ұйымдарындағы оқыту процесі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталуы тиіс. Пәндік талаптарды жеке пәндердің құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін болса, білім берудің тұлғалық және метапәндік нәтиже талаптарын мектептің негізгі білім беру бағдарламасына енетін барлық оқу пәндері, курстары және модульдерінің бірлескен және келісілген әсері арқылы жүзеге асыруға болады.
Отандық және шетелдік білім беру теориясы мен практикасына жүргізген зерттеулер көрсеткендей, мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің көптеген аспектілері зерделенген, мектеп − отбасылық қатынастардың тиімді дамуына кедергі келтіріп отырған себептер анықталған, проблемаларды шешудің тиімді жолдары (Х.А.Арғынбаев, Н.Н.Архангельская, К.Т. Атемова, С.В.Дармодехин, Е.Г.Замолоцких, М. Кабакова, И.А. Корнилко, К.К.Құнантаева, И.Н.Миняйло, Е.С.Муляр, О.А.Перегудова, Г.В.Сабитова және т.б.) іздестірілуде. Мектеп пен отбасында тәрбие берудің (Ш.А. Амонашвили, С.Г. Вершловский, Г.Н. Волков, Н.В. Бордовская, Қ.Б. Бөлеев, Қ.Б. Жарықбаев, Л.Н. Ибраимова, С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметова, И.С. Кон, Ә.Т. Табылды, С.А. Ұзақбаева және т.б.), құзіреттілік бағыт әдіснамасының (В.А. Болотов, М.Ж. Жадрина, А.К. Маркова, С.Д. Мұқанова, Ф.Ш. Оразбаева, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин, А.В. Хуторской және т.б.) өзекті мәселері зерттелуде.
Білім сапасының мәнін ашу, педагогикалық квалиметрия, оқушылардың білімдік және біліктік сапасы, оқушылардың деңгейлік тұрғыдан білімділігі, білім беру сапасының мониторингі және диагностикасы, оқушылардың жетістіктерін бағалау, құзыреттілік тұрғы сияқты мәселелерге соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде.
Өкінішке орай, білім сапасын бағалаудың педагогикалық және дидактикалық-әдістемелік, мониторингтік және диагностикалық зерттеулері жиі кездеспейді және сондықтан да көптеген мәселелер жеткілікті зерттелмей отыр.
Мектептегі білім беру сапасын бағалау әдістемесінің негізгі проблемалары, біріншіден, бағалау қажеттілігін (оқыту сапасы нәтижелері, білім беру стандарты, оқушылардың білімділік деңгейі, мектеп түлектерін даярлау сапасына қойылатын талаптар проблемалары), және екіншіден, бағалау қалай жүзеге асырылғанын (бағалау кезеңдері, принциптері, түрлері, әдістері, құралдары) айқындаудан тұрады. Соңғы жылдары оқытудың теориясы мен әдісінде білім беру сапасын бағалау проблемасы өзекті сипат алып отыр. Мәселені зерттеу бұл бағытта мектеп түлектерін даярлау сапасын бағалау бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы, мектеп түлектерін даярлауға қойылатын талаптар көрсетілген жұмыстар жарияланғанын көрсетті. Білім беру процесі нәтижесінің сапасын бағалау проблемасы жағдайын талдау қорытындысы біздің қоғамның жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлары, білім берудегі бұрынғы құндылықтар мен басымдықтардың дағдарысы, білім беру жүйесінің пәнді оқыту сапасын бағалаудың озық үлгілері мен технологияларына көшуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудың заманауи теориялары мен әдістерін құру қажеттілігін көрсетті. Функционалдық сауаттылықтың ерекше сипаттары:
1) тұрмыстық проблемаларды шешуге бағыттылығы;
2) нақты әлеуметтік жағдаяттарда көрінетіндіктен, тұлғаның ахуалдық сипаттамасы болып табылады;
3) стандартты, стереотиптік міндеттерді шешумен байланысты;
4) бұл үнемі дерлік оқу және жазу білігінің кейбір қарапайым (базалық) деңгейі;
5) көп жағдайда халықтың ересек тобының сапасын бағалауда қолданылады;
6) ең бастысы сауатсыздықты жоюдың жеделдетілген тәсілдерін іздеу проблемасымен контексте мағыналы. С.А. Крупник, В.В. Мацкевичтің пікірінше, жеке жағдайда, мемлекет өткеннің орнын толтыру, басқа елдерді басып озу қажет болған кезде ғана сауаттылық проблемасы (функционалдық сауаттылық) өзекті болады. Сол себепті, функционалдық сауаттылық түсінігі қоғам өмірінің сапасын (өзінше мәдени стандарт) түрлі елдердің әлеуметтік- экономикалық тиімділігін салыстырудағы бағалаудың өлшем бірлігі ретінде қолданылады . Сонымен, функционалдық сауаттылық - оқу және жазу білігін күнделікті өмірде қолдану (мәтінмен жұмыстың әлеуметтік практикасы). Басқаша айтқанда, бұл - адамның іс-әрекетін оның басылым сөзін тұрмыста қолдануымен анықтайтын сауаттылық деңгейі .
А.А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде функционалдық сауаттылыққа өте орынды және терең түсінік берді: Егер формалды сауаттылық - оқу техникасының дағдылары мен біліктерін меңгеру болса, функционалдық сауаттылық - адамның осы дағдыларды нақты мәтіннен түсіну, қысқарту, тасымалдауға қажет ақпаратты алуда еркін қолдану қабілеті .
Қ.А. Байтажикованың пікірінше, білім беру қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани прогресінің факторы ретінде мемлекеттің жалпы тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Білім берудің бұл миссиясын жүзеге асырудың басты шарттарының бірі өмір сүру сапасына жаңа қатынасты дамытуды көздейтін сауаттылық түсінігінің ауқымын кеңейту болып табылады. Бірқатар дүниежүзілік ұйымдар (ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б.) сауаттылық түсінігінің жаңа мәнін ой елегінен өткізе отырып, оны өмірлік дағдылар түсінігімен байланыстырады. Жалпыға мәлім Дакар әрекет ету шеңберінде жалпыға білім берудің (ЖББ) алты мақсаты анықталған, бұл адамның бүкіл өмір бойы қоғамның әр мүшесінің бәсекеге қабілеттілігін және өмір сүру қабілетін қамтамасыз ететін сауаттылықтың мәнділігін дәлелдейді.
Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына (БЕД) сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады (1-сурет). Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына - проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни олардың функционалдық сауаттылығы.

1-сурет ‒ Функционалдық сауаттылық мазмұны

А.К. Рауандина функционалдық сауаттылық ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулер бүгінгі күні отандық және әлемдік ғалымдардың еңбектерінде функционалдық сауатгылық ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екенін көрсетті деп санайды.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді.
Ғалым мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін Нәтижеге бағдарланған білім моделін ұсынады [9]. Мектеп түлектерін өмірде болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай өзгерту мақсатында оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзыреттіліктері алынған (2-сурет).

Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты
Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты
Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті
Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті
Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі
Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі
Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі
Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі
Оқушылардың білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы
Оқушылардың білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы

Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігі
Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігі

2-сурет ‒ Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері

Р.Н. Бунеев айтқандай, оқытудың соңғы нәтижесі - өмір бойы алған білім, білік және дағдыларының барлығын адамның іс-әрекеті, қарым-қатынасы және әлеуметтік қатынастарының түрлі шеңберінде өмірлік міндеттердің барынша кең өрісін шешуде қолдануға қабілетті тұлға - функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу болуы тиіс.
Мұндай түсіндіруде функционалдық сауаттылық тек негізгі құзыреттіліктің синониміне ғана емес, өзінше жарқын болашақтың кезекті құрылысшысы кодексіне айналғанын байқау қиын емес. Функционалдық сауаттылыққа бағдарлану кәдімгі практикалық жағдаяттарда оқушыларда қарапайым іс-әрекеттерді орындау білігін (несие төлеуде пайыздарды есептеу, өз өмірбаянын жазу, топта ағылшын тілінде келіссөздер жүргізу, өзі және отбасы үшін салауатты өмір салтын ұйымдастыру, қандай да бір саяси жағдайларды дұрыс бағалау және т.б.) қалыптастыру білім беру процесінің шамадан тыс бағытталуына алып келуі мүмкін, яғни мектептегі білім беру мақсатын принципті түрде тым қарапайым етуі және интеллектуалды дамыған тұлға қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін.
Мысал ретінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қарастырайық. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық - бұл тек білім беру ғана емес, сонымен бірге, көп жағдайда, қоғамның ғылыми және инновациялық іс-әрекетті қолдау қабілетімен қатар, мәдени деңгейін көрсететін азаматтық сипаттама. Қазақстан Республикасында технологиялық жаңғыртуды жүзеге асырудағы халықтың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығына деген қажеттілік ғалымдар, конструкторлар, инженерлерге деген қажеттілікпен бірдей дәрежеде деп айтуға болады.
Дегенмен, PISA халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруда еліміздің білім жүйесі атқарып отырған ісі әзірге жеткіліксіз.
Тұжырымдалған ойлардан байқағанымыздай, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзыреттіліктері мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖБС) метапәндік білім беру нәтижелері жаңа жалпыланған сапаны таза пәндік білімдер және біліктермен салыстыра сипаттайды, сондықтан жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуда қандай да бір ортақ тәсілдерді қолданғанда ғана бұл нәтижелерді күтуге болады. Өз кезегінде метапәндік жаратылыстану-ғылыми біліктерді (зерттеуші рәсімін қолдану, модельдердің көмегімен құбылыстарды түсіндіру, деректердің талдауы негізінде қорытындылар жасау) меңгеру - таза пәндік міндеттерді де ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.
В.Н. Максимованың ұйғаруынша, пәнаралық біліктер - бұл оқушының ұқсас пәндерден білім және біліктерді тасу және жалпылау процесінде байланыс орнату мен меңгеру қабілеті .
Оқушылардың практикаға бағдарланған оқытуын ұйымдастырудың дидактикалық шарты ретінде пәндердің өзара байланысының жүзеге асырылуын қарастыра отыра, пәнаралық байланыстар теория мен практиканы біріктіретінін, білімді қоршаған шынайылықта (табиғатта, тұрмыста, өндірісте) қолдануға ықпал ететінін атап өту керек.
Сондықтан, пәнаралық мазмұнның міндеттерін де өмірлік маңызды міндеттер және проблемалар ретінде қабылдау қажет. А.В.Усованың пікірінше, оқушыда есепті шығарудың жинақтау білігі қалыптасуы қажет. Ол нақты тақырып бойынша есеп шығару кезінде қалыптаса бастайды, сонан кейін ол жинақталады және жинақталған құрылым нақты мазмұнмен толықтырылады.
Осыған ұқсас пікірді Г.П.Стефанова да білдірген. Ол есепті жинақтау әдісімен шешуді меңгерген оқушы, дұрыс үйреткен жағдайда, кез-келген практикалық есептерді табиғи білімін пайдалана отыра, сауатты шығара алады деп есептейді.

1.2 Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тәсілдері
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тағы бір тәсілі - жаратылыстану-ғылыми пәндердің барлығы үшін ортақ оқу тапсырмаларының номенклатурасын бөліп көрсету. Бұл номенклатура әр пән бойынша оқу тапсырмаларының барлық түрін қамтымайды, бірақ тікелей жаратылыстану- ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сипаттайды. Оларға жататындар:
− жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің (немесе, танымның жарытылыстану-ғылыми әдісінің) негізгі ерекшеліктерін түсіну;
− ғылыми білім негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру немесе суреттеу білігі, сол сияқты өзгерістерді болжау білігі;
− қорытынды жасау үшін ғылыми деректерді және қолдағы бар деректерді қолдану, олардың талдауы мен дұрыстығын бағалау білігі.
Осы негізгі үш құзыреттілікке сәйкес тапсырмалардың да үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бұл топтар жинақталған шартты тараулардың атаулары да оқушы тіліне түсінікті, олар үшін түрткі болатын, ынталандыратын мағынада болуы тиіс. Мысалы, тапсырмалардың бір тобын Қалай тануға болады? деп атауға болады. Бұған енетін тапсырмалар ғылыми танымның әдісіне жататын құзыреттіліктің біріншісіне, яғни ғылыми білім алудың тәсілдеріне сәйкес келеді. Бұл тапсырмаларда оқушыға қандай да бір фактілерді белгілеу, физикалық шамаларды (өлшемдерді) анықтау, жорамалдарды тексеру тәсілдерін табу; ұсынылған проблеманы зерттеу жоспарын жасау ұсынылуы мүмкін.
Түсіндіріп көр тапсырмасы құбылыстарды түсіндіру және сипаттау, процестердің өзгерістері мен барысын болжау білігін (құзыреттіліктердің ішіндегі екіншісі) қалыптастыратын тапсырмалар тобына сәйкес келеді. Бұл біліктер белгілі бір көлемдегі ғылыми білімге ғана емес, сонымен қатар, сол тілде түсінік немесе сипаттама берілетін құбылыстардың модельдерін операциялау қабілеттеріне сүйенеді.
Қорытынды жаса сериясы үшінші құзыреттілікке сәйкес келеді және қолда бар деректер негізінде қорытынды жасау білігін қалыптастыратын тапсырмалардан тұрады. Бұл деректер сандар, суреттер, графиктер, схемалар, диаграммалар, ауызша суреттеулер жинағы түрінде ұсынылуы мүмкін. Берілген деректердің талдауы, құрылымдық түрленуі, жинақтауы қандай да бір заңдылықтарды, үрдістерді логикалық жолмен көрсетуден тұратын қорытынды жасауға, бағалауға және т.б. мүмкіндік береді. Бұл біліктер көп жағдайда формалды, логикалық іс-әрекетке арқа сүйейтіндіктен құбылысты түсіндіру білігіне сәйкес келмейтіндей болып көрінеді, ал түсіндіру - бұл айтарлықтай дәрежеде эвристикалық әрекет.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндеті мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының білімдік нәтижелеріне қол жеткізу сабақтағы оқу әрекетінің мазмұнына және мұғалімде болуы тиіс құзыреттіліктерге белгілі бір талаптар қояды.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік − бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің Отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.
Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағытталады.
Жоғарыда көрсетілгендей, функционалдық сауаттылық терминіне деген ықыластың артуы, математика және жаратылыстану бойынша білім нәтижелері TIMSS (Third International Mathematic sand Science Study) және оқушыларды бағалау бағдарламасы PISA шеңберінде жүргізілген халықаралық зерттеулердің жетістіктерімен үйлестірілген. 2009 жылғы, Қазақстан қатысқан PISA нәтижелерінің талдауы көрсеткендей, зерттеу оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушылардың алған білімі мен білігін күнделікті жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталған. Қазақстандағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білім беру жүйесіндегі жағдайдың талдауы төмендегіні көрсетті.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектеп оқушылары білім нәтижелерінің мазмұны мен бағасын анықтайтын институттар: Ұлттық білім академиясы, Оқулық Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы, аймақтардағы білім саласын бақылау департаменттері дамыды. Оқушылар жетістіктерін бағалаудың TIMSS, PISA халықаралық зерттемелеріне қатысу тәжірибесі жинақталды. TIMSS - 2007 халықаралық зерттемесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.
Құзыреттілік білім моделін жүзеге асыруға бағдарланған 12 жылдық білім беру стандарты әзірленуде. Білім берудің ұлттық құндылықтары мен мақсаттары базалық құзыреттер, өмірлік рөлдер түрінде құрастырылған:.
- мейірімді адам;
- бауырмал отбасы мүшесі;
- шығармашыл дара тұлға;
oo жауапкершілікті азамат;
oo салауатты және кемелденуші тұлға.
Базалық құзыреттер тұлғаның басты қасиеттерін сипаттайды және білім алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге жағдай жасайды. Олар бағдар ретінде әр адамның өз өмірін құруға, қоғамдағы тіршілікке өзек болады, сондай-ақ орта білімнің жасампаздық рөлін күшейтуге негіз болады.
Жалпы мақсат орта білім берудің мақсаттары арқылы нақтыланады. Орта білім берудің мақсаты - білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету.
Қазақстанда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-әрекетіндегі басты бағыттар ретінде келесілер анықталған:
1. Нормативтік құқықтық база.
2. Ғылыми зерттеулер.
3. Ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары.
4. Оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер.
5. Оқытудың технологиялары.
6. Білім жетістіктерінің нәтижелерін бағалау.
7. Мұғалімдерді даярлау және біліктілігін арттыру.
8. Ақпараттық орта.
9. Имидждік жобалар.

ІІ. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы рөлі

2.1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының тәжірибесі
Білім туралы Заң отбасын балалардың дер кезінде білім мен кәсіби дайындық алу, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, еңбекке дағдыландыру, қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарау, баланың денсаулығы мен оның дене күшін толыққанды дамыту туралы ерекше қамқорлық жасау үшін қажет жағдай жасауына міндеттейді.
Отбасы тәрбиесі, кең мағынада - балаларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің бастапқы түрі, бұл процестің барысында тұлға дамиды және қалыптасады.
Отбасының тәрбиелік қызметіне елімізде орын алған келесі үрдістер, құбылыстар мен процестер ықпал етіп отыр: ата-аналары бола тұра, жетім балалар, ата-аналар қамқорлығынан айырылған балалар, қараусыз қалған балалар проблемалары; отбасыларда әйелге (ерлерге), балалар мен қарттарға зорлық жасау мен қатал қараудың пайда болуы; ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы; балаларының ата-анасына, ата-анасының баласына жат болуы; бала тұлғасының қалыптасуындағы ер азамат ықпалының айтарлықтай әлсіреуі, жеткіліксіздігі; ата-аналар мен балалардың белгілі бір тобының алдағы болашағынан күдер үзуі; жалпыға танылған нормадан тәртібі ауытқыған балалар санының өсуі (шылым шегу, алкоголь және нашақорлықпен әуестену, ұрлық, зорлық, жезөкшелік және т.б.); отбасылардың салауатты өмір салтын ұстануға даяр болмауы; ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі және сәйкесінше, отбасылардың басым бөлігінің тәрбиелік әлеуетінің әлсіздігі, жасөспірімдер мен бойжеткендердің отбасылық өмірге даяр болмауы және т.б.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестері, білім беру саласындағы оң өзгерістер аталмыш проблемаларды шешуге, отбасылық тәрбиенің әлеуетін арттыруға берік негіз болады.
Отбасылық өмірдің барлық тәртібі ықпалымен өсетін адам тұлғасының адамгершілік және қоғамдық бағыттылығы, оның құндылықты бағдары мен психологиялық тұғыры қалыптасады. Ата-аналар және педагогтар одақтас болған жағдайда ғана бала мүддесін көздеген іс-әрекеттері табысты болады, ол баланы жақсы білуге, оны түрлі жағдайда көруге, үлкендерге балалардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құндылық бағдарын қалыптастыруға, мінез-құлқындағы теріс әрекеттер мен көріністерді жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, педагогтар әрбір тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қатынас орнатуы, өзара көмек және ортақ мүдделілік ахуалын құруы тиіс. Отбасы баланың бойында ерте балалық кезден-ақ адамгершілік құндылықтарды, саламатты өмір салтын құру бағдарын қалыптастыруы тиіс. Сол себепті, педагогтардың басты міндеттері ретінде келесілерді атауға болады:
− ата-аналарды ересектер және балалардың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас жасау тәсілдеріне, әдістері мен стиліне үйрету;
− позитивті және келеңсіз жағдайларды сезінуіне көмек көрсету.
Мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті нәтижесінде екі жақ та дамиды. Өзара тану, өзара түсінісу, өзара ықпал ету - өзара іс-әрекеттің негізгі көріністері мен сипаттамалары болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, өзара ықпал етудің ынтымақтастық түрі ең тиімді болып саналады.
Мектеп және отбасының ынтымақтастығы келесі жағдайлармен үйлестіріледі:
− тәрбиенің біртұтас субъектісімен;
− бала тәрбиесінің ортақ мақсаттары және міндеттерімен;
− педагогтар және ата- аналар іс- әрекетінің келісілген қажеттілігімен;
− бала проблемасын шешуде мектеп және отбасының күш салуын біріктіру мүмкіндігімен;
− отбасылардың, сынып және мектеп ұжымдарының, өзара іс-әрекетке қатысушыларының әрқайсын өзара толықтыру мүмкіндігімен.
Педагогтар мен ата-аналар одағын құруда маңызды рөл педагогтарға (мектеп директоры, директордың орынбасары, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог) тиесілі.Білім беру ұйымдарында мектептің отбасымен жұмысын көрсететін түрлі бағдарламалар (кешенді Тәрбие бағдарламасы, мектептің өзге де әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесу бағдарламасы, Құқықтық тәрбие, Салауатты өмір салты бағдарламасы, тұлғаға-бағдарлай оқыту үлгісі және т.б. ) әзірленген және нәтижелі жұмыс жасауда.
Мектептердің оң тәжірибелерін ескере отыра, отбасында тәрбиелеу процесін жақсарту, балалар құқығын қорғауды күшейту, қоғамдағы жат құбылыстардың отбасына тигізер теріс ықпалын азайту көзделген жаңа мақсаттар мен міндеттер белгіленуде.Республика мектептерінде мектеп және отбасы ынтымақтастығының оң тәжірибесі жинақталған. Білім беру ұйымдарында оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықтың, оларды балалармен бірге орындалатын шығармашылық және әлеуметтік маңызды іс-әрекетке тартудың түрлі формалары қолданылады. Мәселен, Қостанай облысы Затобол орта мектебі сынып жетекшілері үшін ынтымақтастықты ұйымдастырудың Отбасы және мектеп - біртұтас білім кеңістігі бағдарламасы дайындалған. Көптеген ата-аналар мектеп өміріне белсенді түрде қатысады.
Педагогтар мен отбасының өзара іс-әрекеті - мақсатты көздеген процесс, нәтижесінде баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Бұл іс-әрекет деңгейі неғұрлым биік болса, бала тәрбиесіндегі мәселе де соғұрлым табысты шешімін табады.
Педагогтар мен отбасы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру - ұзақ процесс, оның нәтижелігі бұл қатынастар негізіне қандай принциптер қаланғанына байланысты. Отбасымен өзара іс-әрекет процесінде білім беру ұйымы келесі принциптерге сүйенеді:
педагогикалық процеске қатысушылардың барлығы үшін субъектілі көзқарасты қамтамасыз ету;
мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін бірлескен шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру;
отбасымен өзара іс-әрекетте адамгершілік бағытты ұстану;
бала тәрбиесі мен дамытуына бағытталған педагогикалық процеске қатысушылардың мақсаттары, міндеттері мен әдістерін кіріктіру және саралау.

2.2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі
Білім беру саясаты білім беру саласындағы жалпыхалықтық мүддені білдіреді және сонымен қатар, әлемдік дамудың жалпы үрдісін ескере отыра оларды әлемдік қауымдастыққа ұсынады. Жаңа өркениеттік талаптар заңды түрде көптеген елдерді жаңа білім беру дүмпуіне, білім жүйесінің терең реформалар толқынына әкелді. Бұл АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Шығыс Еуропа елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка және т.б. елдерде өтуде. Шет елдерде өткізіліп жатқан білім реформалары қоғамның ағымдағы және алдағы қажеттіліктеріне, ресурстарды, соның ішінде білім беру жүйелерін тиімді пайдалануға бағытталған.
Әр елдің білім беру жүйесі бірегей, себебі түрлі елдердің білім беру жүйесі қандай да бір дәрежеде түрлі мақсатты көздейді, сонымен қатар, оларға қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар [13].
Финляндия - дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел. Қазір бұл мемлекет функционалдық сауаттылық деңгейі (93%) мен орта және жоғары оқу орындарына қабылдау (тұрғындардың 1 мың адамына 103) бойынша әлемде жетекші орында. АҚШ үшін сәйкес көрсеткіштер - 82% және 95 адам. Финдердің 40,6% - орта тоғызжылдық, 36,1% - лицейлік, 23,3% - жоғары білімі бар. 2001 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуропаның 32 елінде 15 жасар оқушылар арасында олардың ХХІ ғасыр талаптарына қаншалықты даяр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
Функционалдық сауаттылықтың түрлері
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
МӘТІНДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
PISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Пәндер