Ноғай ордасының туралы



1) Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2) Ноғай Ордасының күшеюі және әлсіреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.5
4) Ноғай Ордасының саяси тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.8
5) Территориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.10
6) Ноғай Ордасының әкімшілік құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.12
7) Ордадағы алым.салық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.16
8) Шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.18
9) Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.20 10) Пайдаланылған ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Еділідің төменгі ағысы, Оңтүстік Орал тауы, Батыс Қазақстан территориясында қалыптасқан. Ноғай Ордасы ХҮ-ХҮІ ғасырларда Еуразиядағы жетекші саяси күштердің біріне айналды. Оның күш-қуатының кемеліне келген кезі ХҮІ ғасырдың екінші ширегіне тура келеді, одан кейінгі кезеңде мемлекеттің құлдырауы басталып, ақыр соңында ыдырап бітті.
Халқының санының көп болуы, соған сәйкес орасан зор атты әскер ұстауы, билеушілерінің дипломатиялық шеберлігі, трансконтиненталдық сауда жолдарына бақылау жүргізуі және басқа да факторлар Еділ-Жайық арасындағы Орданы соңғы ортағасырлық халықаралық қатынастардың маңызды буынына айналдырды. Оның билеуші билерімен Мәскеу мен Бақшасарайда отырған монархтар санасты. Қазан, Астрахань және Сібір хандығы Ноғай Ордасында көп жағдайда саяси кіріптарлық та болды. Қазақ хандығы Алтын Орда ыдыраған соң пайда болған көптеген мемлекеттердің арасында Ноғай Ордасымен бірге саяси аренаға шыққаннан кейін, онымен шекаралас болғандықтан да ішкі, сыртқы саясатында ноғай мәселесімен үнемі бетпе-бет келіп отырды.
Қазақ хандығының тарихы Ноғай Ордасының тарихымен тығыз байланыста қарастыруды қажет етеді. Этникалық тегі ортақ, мәдени-шаруашылық типі бір, даму деңгейі қатар болған екі мемлекеттің кейінгі тағдыры екі бөлек болып қалыптасты. Ыдыраған Ноғай Ордасының құрамындағы тайпалар қазақ этносының қалыптасуына ықпал жасады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1)
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2) Ноғай Ордасының күшеюі және
әлсіреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
4) Ноғай Ордасының саяси
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6-8
5)
Территориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-10
6) Ноғай Ордасының әкімшілік
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-12
7) Ордадағы алым-салық
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13-16
8)
Шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 17- 18
9)
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-20 10)
Пайдаланылған ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе
Еділідің төменгі ағысы, Оңтүстік Орал тауы, Батыс Қазақстан
территориясында қалыптасқан. Ноғай Ордасы ХҮ-ХҮІ ғасырларда Еуразиядағы
жетекші саяси күштердің біріне айналды. Оның күш-қуатының кемеліне келген
кезі ХҮІ ғасырдың екінші ширегіне тура келеді, одан кейінгі кезеңде
мемлекеттің құлдырауы басталып, ақыр соңында ыдырап бітті.
Халқының санының көп болуы, соған сәйкес орасан зор атты әскер ұстауы,
билеушілерінің дипломатиялық шеберлігі, трансконтиненталдық сауда жолдарына
бақылау жүргізуі және басқа да факторлар Еділ-Жайық арасындағы Орданы соңғы
ортағасырлық халықаралық қатынастардың маңызды буынына айналдырды. Оның
билеуші билерімен Мәскеу мен Бақшасарайда отырған монархтар санасты. Қазан,
Астрахань және Сібір хандығы Ноғай Ордасында көп жағдайда саяси кіріптарлық
та болды. Қазақ хандығы Алтын Орда ыдыраған соң пайда болған көптеген
мемлекеттердің арасында Ноғай Ордасымен бірге саяси аренаға шыққаннан
кейін, онымен шекаралас болғандықтан да ішкі, сыртқы саясатында ноғай
мәселесімен үнемі бетпе-бет келіп отырды.
Қазақ хандығының тарихы Ноғай Ордасының тарихымен тығыз байланыста
қарастыруды қажет етеді. Этникалық тегі ортақ, мәдени-шаруашылық типі бір,
даму деңгейі қатар болған екі мемлекеттің кейінгі тағдыры екі бөлек болып
қалыптасты. Ыдыраған Ноғай Ордасының құрамындағы тайпалар қазақ этносының
қалыптасуына ықпал жасады. Осы тұрғыдан алғанда тарих қойнауына жұтылып
кеткен Ноғай Ордасының мұрагері ретінде оның тарихын белгілі деңгейде өз
тарихымыз ретінде қарастырудың қажеттілігі туып отыр.
Жұмыстың басты мақсаты ретінде Ноғай Ордасының тарихындағы мәселелердің
Қазақ хандығына қатыстығын айқандау, сол кездегі тарихи құбылыстар мен
қоғамдық даму заңдылықтардың осы екі мемлекетке жасаған ықпалы мен әсерін,
олардың салдарын салыстыру болмақ. Өйткені осы екі елдің тарихындағы
бетбұрысты, сындарлы оқиғалардың себеп-салдарлы байланысын айқандау арқылы
олардың жаңғырығы ретінде бүгінгі күні қоғамдық құбылыстардың мәнін
түсінуге мүмкіндік аламыз.
Ноғай Ордасы тарихнамасы бойынша орасан зор материалдар жинақталған.
Ноғайтануға байланысты Ресейдің автономиялық республикалары мен одақтас
республикаларда жүргізілген зеттеулер де маңызды. Ноғай Ордасының орасан
зор территорияны алып жатуы және көптеген елдермен шекаралас болуы оның
тарихына сол елдерде де қызығушылық танытуға негіз болады. Дегенмен түрік
республикаларының тарих ғылымы саяси басшылық тарапынан ауыр соққыға
алынып, бас көтерместей сыналды. Бастапқы кезде, 1929-1931 жылдары
пантүркизммен айыпталып, өлкетанушылық жұмыстар талқандалды. Ал, 1944 ж.
Татар обкомы Алтын Орданы дәріптегені, Едіге жырын мадақтағандығы үшін
идеологиялық қыспаққа алынды. Қырым татарларын депортациялап, ендігі
кезекте осы ноқтаны Қазан татарларына да қолдануды жоспарлаған саяси
басшылықтың осындай дөрекі, қатал әрекеттерінен ұлт ғалымдары ортағасырлық
тарихты зеттеуден қол үзуге мәжбүр болды.
Көшпелі өзбек мемлекеті және Ноғай Ордасы қазіргі Қазақстанның
территориясында өмір сүргендіктен де қазақ тарихшылары ноғай мәселесін
басқалардан да көп және тереңірек зеттеуді қажет етеді. Өкінішке орай
отандық тарихнамада Ноғай мәселесі Қазақстан тарихында қосалқы тақырып
деңгеінде ғана зерттеліп келді. Бұл тақырып бойынша Қазақстанда орындалған
А.И.Исиннің Взаимоотношения между Казахским ханством и Ногайской Орды в
ХҮІ в. деген еңбегін ғана атауға болады. Ол еңбекте Ноғай Ордасының шығыс
бағыттағы сыртқы саясаты мәселесі толық ашылды.
Шетелдік тарихнамада ұзақ уақыт бойы Ноғай Ордасының тарихы назардан
қалып келген. Кейінгі кездері ғана шетелдік тарихшылар ноғайтануға
қызығушылық танытуда. Тарихшылардың бірнеше буыны тарихи деректердің
негізінде ортағасырлық көшпелі империяның бірі – Ноғай Ордасының тарихын
қалпына келтіре алды.

Алтын Орда ыдыраған кезде, яғни ХІV ғасырдың соңына қарай
ноғайлы жұртына жататын ру-тайпалардың үлкен бөлігі маңғыт тайпасының
және осы тайпаның билеушісі Едігенің бастауымен Ноғай ордасының негізін
қалады. Осы орайда ескере кететін бір мәселе – сол кезеңде Едіге есімді
бірнеше тұлғаның болуы. Атап айтсақ, оның алғашқысы Едіге Танашұлы, Әмір-
Темір жорықтарына қатысып, Ұлытауда жерленген. Екінші Едіге – Ноғай ордасын
негіздеген Едіге Балташықұлы, үшінші Едіге – Әмір-Темірге туыс Барлас
Едіге, төртінші Едіге – Тәуке ханға жақын болған Едіге би. Біз соның ішінде
Ноғай Ордасын негізін салған – Едіге Балташықұлы турасында әңгімелейміз.
Оның есімі тарихи деректерде 1376 жылдан бастап кездеседі. Ол алғаш Ақ Орда
ханы Орысқа қызмет жасады, одан соң Бұқарада Темірден пана тапқан
Тоқтамысқа келді. Алайда 1389 жылы Тоқтамыспен жанжалдасып қалған ол Әмір-
Темірге қайтып келіп, 1391 жылы соның жағында, Тоқтамысқа қарсы соғысты.
Бірақ Едіге Әмір-Темірге бүтіндей беріле қойған жоқ. Жорықтан қайтар жолда
ол, өзінің руластарына жаушы жіберіп, оларды Әмір-Темір әскерлері жүретін
жолдан аулаққа көшіріп жіберді.Біздің ойымызша, Едіге мұндай әрекеттерге
өзінің маңғыт жұртының мүддесін қорғау мақсатымен барған. Болашақ Ноғай
ордасының негізін қалаған маңғыт жұрты бұл кезде, яғни ХV-ХVІ ғасырларда
Еділдің батысында көшіп-қонып жүрген атамекендерінен – шығысқа, Жайық пен
Ембінің арасына қоныс аударып, осылайша, өздерінің көсемі Едігенің ақылымен
осы тұста Кубан далаларын жаулаған Әмір-Темірдің тонаушылық әрекеттерінен
сытылып кетті. Мұның өзі о баста Түркістан аймағынан солтүстік Қырым
аймағына қоныс аударған маңғыттардың кері көшулері еді.Осылайша, Едіге
бастаған маңғыттар өздерінің ру-тайпаларын топтастыра түсті. Алғаш Алтын
Орданың мұрагері болып табылатын Үлкен Орданың және одан төменде орналасқан
Алтын Ордадан бөлініп кеткен Астрахан хандығының аймағында аса ықпалды
болған маңғыттар (ноғайлар) Едігенің ұлы Нұраддиннің кезінде (1426-1440
жж.) дербес мемлекет құрды. Жалпы, Еділ-Жайық аймағындағы маңғыттардың
Сараймен теке-тірестерінің ашықтан-ашық күшейе түсуі Алтын Ордада Ұлы
Мұхаммед (1428-1430 жж.) билік құрған тұста күшейе түсті. Одан соң қысқа
мерзімге билік құрған Кіші Мұхаммедтің (1430 ж.) ұлдары Ахмед пен Махмұдтың
тұсында және Жошы ұлысының Еділден шығысқа қарайғы өзбектер мен маңғыттар
аймағына билік жасаған, кейініректе Жәнібек пен Керей бастаған қазақ
сұлтандарының ата жауына айналған Шайбан тұқымы Әбілқайыр ханның (1428-1440
жылдардың соңы) билігі кезінде мүлдем өршіп кетті. Айта кетер бір маңызды
мәселе, Жошының бесінші баласы Шайбаннан тараған тұқымның Жошының үлкен ұлы
Еженнен тараған ұрпақ билейтін Ақ Орда аймағында таққа отыруға ешқандай
құқығы жоқ еді. Басқасын былай қойғанда мұның өзі үлкен ұлға билік беретін
Шыңғыс ханның Жасақ заңын көпе-көрнеу бұрмалау болатын еді. Алайда
оңтүстіктен басталған Әмір-Темірдің жорықтары Ақ Орда ұлысын күйретіп, Ежен
ұрпақтарының билікке барар жолдарын мүлде кесіп тастады. Мұның өзі Шайбан
ұрпақтарының, дәлірек айтар болсақ, Мұхамед Қожа, Әбілқайыр, Жұмадық
тәрізді ықпалды тұлғалардың Ақ Орда аймағында таққа таластарын өршітті.
Маңғыттар (Бешулы-маңғыт, Исаби-маңғыт, Қара-маңғыт, Шигасан-маңғыт)
билеушісі Нұр ад-динұлы Уақастың және оның ықпалындағы өзбек тайпаларының
(татар-өзбек, алшын, байұлы, қаңлы-кіштек, құрық-қаңлы, қатаған, керейт,
қара қыпшақ, сары қыпшақ, қоңырат, ақбұт-найман, қара найман, кигачлы-
найман, кушу-найман, тараклы-найман, урман-найман, қостамғалы-тама, ябы-
тама, бағалы-уйшун, телеу, ұйғұр) қолдауымен Әбілқайырды таққа отырғызды.
Дәл осы уақытта, яғни 1430 жылдардың басында Әбілқайырдың беклербегі Уақас
(Еуропа деректерінде Ваккас) Алтын Орданың мұрагері Үлкен Орданың тағының
мұрагерлері Махмұд пен Ахмедті талқандап, шығыстағы Ноғай ордасының
күшеюіне жол ашты. Оның ұлдары Мұса би мен Жаңбыршы (Ямгурши-мирза) би Жошы
ұлысының сол қанатындағы бұрынғы Ақ Орда аймағында Ноғай ордасын
орнықтырды. Бірақ Ноғай мырзалары қанша қуатты болса да, Шыңғыс тұқымына
жатпайтындықтан, Әбілқайыр хандығын мойындауға мәжбүр болды. Маңғыттардың
қолдауымен Әбілқайыр өзінің қарсыласы Мұхамед Қожаның солтүстіктегі
астанасы Тара (Тюмень) қаласына басып кіріп, дара билігін орнатты. Бұл
мемлекет, негізінен, өзбектер мен маңғыттардан құралғандықтан тарихи
әдебиетте кейде Маңғырт жұрты немесе Көшпелі өзбектер ұлысы деп те
аталады. Бірақ Ақ Орда тағының заңды мұрагерлері Жәнібек пен Керей бастаған
сұлтандар, негізінен, маңғыт мырзаларының қолдауымен күшпен құрылған
Әбілқайыр мемлекетін мойындамады. Сондықтан да олар бастаған тайпалар бұл
мемлекет аумағынан көшіп, Моғолстан өңіріндегі, Шу мен Талас өзендері
аралығындағы дулат бауырларының атамекеніне қоныстанды. Өздерінің соңдарына
түскен Әбілқайыр жорықта опат болған соң, Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын
құрды. ХVІ ғасырдың басында аталған маңғыт билерінің, әсіресе Мұса бидің
тәуелсіз саясатының арқасында Ноғай ордасы өзінің аймағы, әскері,
әкімшілігі бар дербес саяси құрылымға айналып, енді маңғыт әмірлері тіптен
осы өңірге хан боламын дегендердің тағдырын шешетін күшке айналды.
Мысалы, 1470 жылы олар Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбанидің таққа
отыруына тікелей себепкер болды. Мұса би бастаған маңғыт мырзаларын
ептілікпен өзінің ықпалында ұстай білген Мұхаммед Шайбани алғашқы қазақ
ханы Керейдің және оның ұлы Мұрындықтың ұзақ жылдарға созылған табанды
шайқастарының нәтижесінде ығысып, Мәуереннахрға қоныс аударуға мәжбүр
болды. ХVІ ғасырда Ноғай ордасының негізін қалаған маңғыттардың едәуір
бөлігі Қырым түбегінен солтүстіктегі аймақтарға қоныс аударды. Осында
топтасқан маңғыттар Мансұрұлы әулетінің билігін орнықтырды. Маңғыт
билерінің ықпалдарын Қазан, Астрахан және Сібір жұрттары да айқын сезінді.
Алайда Мұса биден кейін Ноғай ордасының әлсіреу кезеңі басталды. Сарайшықты
өзінің резиденциясына айналдырған әз-Жәнібек өзіне қарасты тайпаларды
ноғайлар арасынан қазақ арасына көшіріп алды. 1472 жылы Мұрындық ханның
тұсында Қасым сұлтан бастаған қазақ әскерлері Ноғай аймағына басып кірді
және Мұрындық хан Сарайшықты тағы да өзінің астанасына айналдырды.
Ноғайларды қазақтарға қарсы күресте әлсірете түскен, олардың ұзақ жылдар
бойы сенімді әріптесіне айналған Мұхамед Шайбанидің Иран шахы Исмайл
Сефевидің қолынан қаза табуы болды. Осындай жағдайда 1519 жылдан бастап
Қасым хан маңғыттарды бағындыруға біржолата кірісті. Ол Қазақ хандығының
батыстағы шекарасын Жайық өзеніне дейін жылжытты.Бірақ мұндай жетістікті
одан кейін Қазақ хандығын билеген Тахир қолда ұстап тұра алмады. Оның
әлсіздігін пайдаланған Мұса мен Алшағыр бидің балалары Қазақ хандығын
Қыпшақ даласынан қайта ығыстырып шығарды. Тахир хан Жетісуға барып тығылды.
Мұның өзі Ноғай ордасын қайта күшейтті. Ноғай ордасының айбаты 1530-1540
жылдары барынша артып, ол енді Қазақ хандығын ғана емес, Башқұрт жерін де
өзінің ықпалында ұстады. Алайда мұндай өрлеу ұзаққа созыла қойған жоқ. ХVІ
ғасырдың орта шенінде ноғай мырзаларының билікке таласқан қырғындары қайта
басталды және нәтижесінде Исмайыл жеңіске жетті. Дегенмен де ол енді түрлі
топтарға бөлініп кеткен ноғай тайпаларының басын бір мемлекетке біріктіре
алған жоқ. Оның қол астындағы жұрт Үлкен Ноғайлы деп аталса, ал солтүстік
батыс Кавказда Кіші Ноғайлы жұрты пайда болды. Бұл, шынында да, қуатты
Ноғай ордасының бөлшектенуі және күйреуі еді.Бір орталыққа бағынудан қол
үзіп кеткен ноғайлар көрші жұрттардың аймақтарына бытырай қоныс аударды.
Ноғай жұртының орнында енді ұсақ-ұсақ Едисан, Едишкул, Буджақ тәрізді майда
ордалар қалды. Ал ноғай көшпелілері болса тағы да, топтасып, қарақалпақ
этносын құрады. Ұзақ жылдар қатар өмір сүрген шығыстағы қазақтар да көрші
ноғайлардың кейбір этноқұрылымдарын қабылдады. Он сан ноғайлардың Алты ұл
ұлысының үлгісімен қазақтарда Алты сан Алаш қауымдастығы қалыптасты. Ноғай
көсемдерінің бірі – Жаңбыршы бидің жауынгер ұлының Алаш атанғанын да
білеміз. Бір бөлігі ноғайларға кірген керейт, тама, телеу тайпалары
ноғайлардың едисан (жетісан) тайпалық одағының үлгісімен қазақтың Жетіру
одағының қалыптасуына түрткі болды. Қазақ пен ноғайдың рухани жақындығының
жарқын көрінісі болған, екі жұртқа ортақ Ноғайлы жырлары әлі де талай
ұрпақты ерлік пен елдікке тәрбиелей береді.
Ноғай Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Жошы ханның шөбересі. Ол ХІІІ
ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келіп, 1300 жылы қаза тапқан. Ноғай
жорықта Батумен бірге бастап, Алтын Орданың бесінші ханы тұсында әскер
қолбасшысы болады. Ноғай 1252 – 1269 жылдары Батудың кейіннен Беркенің
мысыр сұлтаны Бейбарыспен дипломатиялық қатынас орнатып, Хулагуге қарсы
одақ құруына зор ықпал етті. Берке ханның әскерге баптап, Хулагуге және
оның мирасқорлығына қарсы талай рет жорық жасады. Берке өлгеннен кейін,
Донның Дунайға дейінгі ұлан-байтақ жер Ноғайдың бақылауында болды. Ноғай
1273 жылы Византия императоры Михайл Палелогтың өгей қызы – Евфросияға
үйленеді. Польша, Венгрия, Болгария, Сербияға және кейбір орыс кінязьдері
жиі-жиі шабуыл жасады. Бұл елдер Ноғаймен одақ құруға тырысты. Орыстың 1276
жылғы жазбаларына қарағанда, орыс князьдері В.В.Волынскиге, А.Д.ГГалицкиге
, Метиславқа елші жіберіп, қол астындағы ел ретінде лейтвандарға қарсы
ұрысқа шықырған. 1288 – 1291 жылдары орыс князьдері Метислов пен Донилович
Ноғайдың Польшаға жасаған жорығына қатынаста Болгар князьдерін сайлауға да
басшылық жасады. Ноғай хан аталмағанымен Бату жаулап алған Доннан Днепрге
дейінгі аумақты билеп, Алтын Орданың Беркеден кейінгі хандары Мөңке Темір,
Мөңке Төле Бұқаға ықпал жасады. Оның орналасуымен Төле Бұқа тақтан түсіп,
оның орнына Тоқты отырған. Беделі артып тұрған Ноғайдан құтылу үшін Тоқты
оған қарсы соғыс бастады. 1300 жылы Днепр өзені жағасында әскері жеңіліп,
Ноғай қарсыласының қолынан қаза тапты. Орыс жазбаларындағы деректерге
қарағанда оның қол астындағы халықтың көшпелі салтына байланысты Каспий
маңына қоныс тепкен.
Рим папасының елшісі өзге де құрметті қонақтармен бірге 1246 жылы
Күйіктің хан болып сайлануына байланысты шақырылған ұлы құрылтайға
қатысқан. Бірақ бұл құрылтайға Алтын Ордан билеушісі Бату келмейді. Күйік
хан да Бату Баһадүрді өз ырқына бағындырудан үмітін үзбесе керек. Ресми
жалшы жіберіп, Алтын Орда билеушісін Қарақорымға шақырмады. Бірақ Бату
Қарақорымға шағын жасақпен емес, соңына қалың қолын еріп аттанады. Мұны
естіген Күйік ханда қалың қолмен немере ағасына қарсы жүреді. Екі қолдың
қазіргі Жетісу аумағында кездесуі мүмкін еді. Бірақ кездеспеген
қарсыласының әскеріне жетуге бір күндік жол қалғанда қаза табады. Алтын
Орда әскерлері шайқаспастан кері қайтады.
Ноғай ордасының негізін қалаушы Едіге болып саналады. Ол ХІV ғасырдың
соңы – ХV ғасырдың басында 15 жыл Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан
шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Бектер бегі немесе
Ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп отырған.
Едіге түркі тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. Ол 1399
жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордері рыцарларының біріккен
жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талқандап,
Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жаулап алды. Оның есімі тарихи
шежіре жылнамаларының бәрінде де үлкен құрметпен аталды. Едіге Тоқтамыспен
да егесіп соғысқан. Алтын Ордадағы феодалдық өзара қырқыс кезінде Ноғай
ұлысын нығайтуға тырысқан жаулары Едігені 1419 жылы өлтіреді. Едіге
өлгеннен кейін де Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық жағдай
шын мәнінде оның ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды. Мұнда Алтын
Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктерде Шыңғыс әулетінен хан көтеру Едіге
ұрпағының келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты.
Ноғай ордасы (Ноғайлы) – ХІV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы
нәтижиесінде пайда болған мемлекет. Ноғай әскерлерінің құрамына енген
тайпалар мен маңғыт тайпаларынан құралған. Түркі тілдес халық ноғайлар
Еділден Ертіске дейін, Каспий және Арал теңіздерінен Түменге дейінгі
жерлерде көшіп-қонып жүрген. Әлемге билік жүргізген Алтын Орда ыдырағаннан
кейін, оның орнына Қазақ хандығы, Астрахань хандығы, Ноғайлы және Көк Орда
қоныстанған. Қазан Ордасы және тағы басқа хандықтар дүниеге келіп, XIV
ғасырда күш-қуаты бар жеке мемлекеттер ретінде белгілі болатын. Алайда,
Ноғай Ордасындағы алауыздық бүкіл түркі дүниесіне қасірет әкелген еді.
Ноғайлар жауға есесін жіберіп, жақынын қарақтауға көшті. Ноғай Ордасының
әміршілері Мамай би мен Ағыс батыр 1523 жылы Қажы Тархан (Астрахань)
түбінде өздерінің қандас бауырларын – Махамбет , Керей хан бастаған 30
мыңдық Қарым әскерін түгел қырып тастайды.
Осының алдында ғана Алтын Орданың батыс бөлігін біртұтас ұлысқа
айналдырмақ болып ант ішіскен қандас бауырлар бірінің түбіне бірі жетеді.
Сөйтіп Русь мемлекетіне Еуразияны жаулап алуға өздері жол ашады. Орыс
мемлекеті Қазан мен Астрахань хандықтарына көз алартатын дәрежеге жетеді.
Содан, XVI ғасырдың 2 жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік
бірлестіктерге ыдырап кетті. Қасым хан тұсындағы қуатты Қазақ ордасы
әлсіреген ноғайлы ұлысының Жайықтан Еділге дейінгі үлкен бөлігін өз
құрамына қосып алады. Ауызбіршілігінен айырылған Қазан, Астрахань және
Ноғай ордалары орыс мемлекеттеріне қор болып, жем бола бастайды. Қасым хан
Қазақ ордасының іргеленуіне үлкен үлес қосқан. Хақназар хан Еділ бойындағы
ноғайлының үлкен бөлігін өзіне қосып алып, Орыс мемлекетінің қол астынан
қандастарын құтқаруға тырысады. Ыдыраған Ноғай Ордасының бір бөлігі Ресей
мемлекетінің меншігінде қалып қояды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың
басында Кіші Ноғайдың біраз бөлігі бұрынғы ата қоныс – Азов маңына ауып,
кей бөлігі Түркияға көшті.Қазақстан жеріндегі басқа да көшпелі мемлекеттер
сияқты, Ноғай Ордасының шекарасы тұрақты болмай, сыртқы жағдайға байланысты
өзгеріп отырды. XV ғасырдың екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол
жағалауынан өтіп, Көшпелі өзбектердің өріс қонысын басып ала бастайды.
Бұл кезде Сырдария қалалары мен Орта Азияға шапқыншылық жасаудан қолы
тимеген Әбілқайыр хан ноғайларға қарсылық көрсете алмады. Нәтижиесінде
ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өрісі Батыс Сібірге дейін жеткен, ал
оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп
жүрген. Ноғай тайпасының билеушілері Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы мырза
және басқалары Әбілқайыр ханға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға
көмектескен. Кейбір кезде ноғайлар қазақ хандығымен соғысса, енді бірде
татуласып, олармен одақ құрып отырған.
XV ғасырда Ноғай Ордасы өздерінің көршісі Орыс мемлекетімен саяси-
экономикалық қатынастар және саяси байланыстар орнатады. Мұның өзі Ноғай
Ордасының тарихын Еділ бойы мен Сібірдегі, сондай-ақ Орта Азия мен
Қазақстан жеріндегі басқа да көрші мемлекеттер тарихымен тығыз
байланыстырып қарауда үлкен маңызы бар. Ноғайлар тарихы, әсіресе, көшпелі
өзбектер мен қазақтар трихына ерекше жақын келеді. Өйткені Ембі мен
Сырдария арасында көшіп жүрген ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-
құраласып байланысып жатқан. Ноғай Ордасы мен қазақ хандығы халықтарының
жақын туысқандығы туралы Ш.Уалиханов өзінің шығармаларында әдейі атап
көрсеткен. Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек тұсында туыстық
қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды екі туысқан орда деп
атаған.
Ноғай Ордасының құрылуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноғай ордасының құрылуы және ішкі саяси жағдайы
Ноғай Ордасының қалыптасуы
Тақырыптың өзектілігі
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Қазан хандығының құрылуы
Ноғай ордасы туралы
Хақ-Назар хан
Тарихи-шежірелік жазбалардағы Асан ғұмырнамасы және тарихи шындық
Ноғай ордасы
Қырым хандығының қалыптасуы
Пәндер