Іштің бұлшық еттері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Іштің бұлшық еттері

(Мышцы живота, mm. abdominis)

Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті (наружная косая мышца живота, m. obliguus externus abdominis) -жалпақ ет, төменгі VIII қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаш орналасқан. Ол іштің алдыңғы қабырғасының, іштің ақ сызығының құрылысына қатынасады, төменге қарай бағытталып шат байламына ауысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінен шат өзегінің алдыңғы қабырғасы, оның тері асты сақинасы пайда болады.

Атқаратын қызметі:омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтады, тұлғаны бұрап, кеудені төмен түсіреді.

Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті (внутренняя косая мышца живота, m. obliguus internus abdominis) -сыртқы қиғаш бұлшық еттің астында желпуішше болып орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықын сүйегінің қырынан және шат байламынан басталып, арқада қабырғаға жабысады, іштің III қабырғасының алдында апоневрозға айналады.

Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, кеудені төмен түсіреді, жамбасты көтеріп, тұлғаны бұруға қатынасады.

Ішкі қиғаш бұлшық еттің шандыры төменге қарай бағытталып ұрық бауымен бірге ұмаға барып, аталық жыныс безді көтеретін бұлшық етпен бірігеді.

Іштің көлденең бұлшық еті (поперечная мышца живота, m. transversus abdominis) -ол екі алдыңғы бұлшық еттің астында орналасқан. Төменгі алты қабырғаның ішкі бетінен, бел-кеуде шандырынан, мықынның мен шат байламынан басталады. Бұлшық ет талшықтары ішке көлденең орналасқан, алдына келіп апоневрозға айналады. Іштің көлденең бұлшық еті іш қуысының артқы қабырғасының құрылысына қатынасады.

Атқаратын қызметі:іш қуысына соғымдап қысым түсіріп тұрады, төменгі қабырғаларды көтеріп, дем шығаруға ықпал етеді.

Іштің тік бұлшық еті (прямая мышца живота, m. rectus abdominis) -төс сүйегінің семсершесінен және V-VII қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегіне келіп бірігеді. Іштің тік, сыртқы, ішкі қиғаш және көлденең еттерінің апоневроздарымен бірігіп, іш қуысының алдыңғы берік қабырғасы пайда болады.

Іштің тік бұлшық еті омыртқа жотасын, бүкіл тұлғаны бүгетін бұлшық ет, сонымен бірге ол кеудені төмен қарай тартуға, дем шығаруға ықпал етеді.

Іштің шаршы бұлшық еті (квадратная мышца живота, m. guadratus lumborum) -мықынның қырынан басталып, XII қабырғаға барып бірігеді, іш қуысының артқы қабырғасының құрылысына қатынасады.

Атқаратын қызметі:омыртқа жотасын бір жаққа қисайтады.

Іштің тік бұлшық еті тұлғаның алға қарай иілуіне қатынасады.

Қиғаш еттер омыртқа жотасын кеуде сарайымен бірге оңға, солға айналуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге олардан іш қуысының бүйірдегі және алдыңғы қабырғалары пайда болады. Олар жиырылғанда қысым пайда болады. Іш бұлшық еттері, іш қуысы мүшелерін ұстап тұрып, ішектің, қуықтың босауына ықпалын тигізеді. Әйел босанғанда тыныс алуға себін тигізеді.

Іштің шандыры:іш шандыры бұлшық еттерді сыртынан жауып тұратын кеуде шандырының жалғасы, ал іш қуысының ішін жұқа сір қабық жабады.

Іштің ақ сызығы, кіндік сақинасы:іштің ақ сызығы төстің семсершесінен шат сүйегінің байламына дейін тартылған шандыр. Ол іштің 2 қиғаш және көлденең бұлшық еттерінің апоневрозынан пайда болады. Іштің ақ сызығының ортасында кіндік сақинасы бар. Осы жер кейбір жағдайларға байланысты әлсірейді де, жарық пайда болады. Ұрықта кіндік сақинасы арқалы екі кіндік артериясы, кіндік венасы өтеді. Кейін олар семіп байламға айналып орнында кіндік шұңқыры қалады.

Бастың, мойынның бұлшық еттері мен шандырлары. Бастың бұлшық еттері (мышцы головы, mm. capitis)

Бастың бұлшық еттері екі топқа бөлінеді:шайнау, ымдау.

Шайнау бұлшық еттері бәрі төменгі жаққа бекіп, шайнау қызметіне қатынасады.

Шайнау бұлшық еті (жевательная мышца, m. masseter) -шықшыттың доғасынан басталып, төменгі жақтың сыртқы бетіндегі бұдырға бекиді.

Самай бұлшық еті (височная мышца, m. temporalis) -жалпақ желпуіш тәрізді бұлшық ет, бастың самай сүйегінде орналасқан. Самай сүйегінің қабыршақты бөлігінен, сына сүйектің үлкен қанатының самай бетінен басталып төменгі жақтың тәждікшесінің медиаль бетіне бекиді.

Атқаратын қызметі:төменгі жақты көтереді, бұлшық еттің алдыңғы тармағы жиырылғанда төменгі жақты алға қарай жоғарыға, ал сыртқы тармағы артқа тартып, жоғары көтереді.

Латералді қанатша бұлшық ет(латеральная крыловидная мышца, m. pterygoideus laternlls) -төменгі самай шұңқырында орналасқан:

-сына сүйектің үлкен қанатының жоғарғы бетінен:

-осы сүйектің қанатшасының латераль табақшасынан басталып, самай-төменгі жақ буынының қапшығы мен буын дискісіне төменгі жақтың, мойынның алдыңғы бетіне бекиді.

Атқаратын қызметі:бұлшық ет бір жағына жиырылғанда төменгі жақты қарсысына қисайтады, ал екі жақты жиырылғанда төменгі жақ алға қарай жылжиды.

Медиальді қанатша бұлшық ет (медиальная крыловидная мышца, m. pterygoideus medialis) -сыны сүйегінің қанатшасының осымен аттас шұңқырынан басталып, төменгі жақтың ішкі бетіндегі бұдырға бекиді.

Атқаратын қызметі:бұлшық ет бір жақты жиырылғанда төменгі жақты алға қарай созып, жоғары көтереді.

Бастың бұлшық еттерінің бұлшық ет қапшығы( бастың бұлшық еттерімен бірге) бірнеше мүшелерді жауып тұрады:

-самайдың бұлшық еттері;

-шайнау бұлшық етінің қапшығы, осымен аттас бұлшық еттерді қаптап тұрады.

Құлақ маңы безінің пердесі тығыз дәнекер ұлпалы қабық түрінде безді жауып тұрады. Бастың барлық шандырлары мойын шандырларымен жалғасады.

Ымдау бұлшық еттерінің басқа еттерден айырмашылығы:

-сүйектен басталып, бет терісіне бекиді, бұлшық ет жиырылғанда беттің терісі қартыстанып әжім түсуіне ықпал етеді.

-ымдау бұлшақ еттері адамның көңіл-күйінен хабар береді. Олар ми сауытының көз бен ауыз аймағының бұлшық еттері болып бөлінеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты көзді ашып-жұму, ауызды ашып-жабу, ымдау сияқты қимылдарды қамтамасыз етеді.

Ми сауытының бұлшық еттері:

1) Ми сауытының сіңірлі жапқышы (Сухожильная шлем черепа, m. epicrsnius) -бастың терісі астында орналасқан екі бөлік:шүйде, маңдай еттерінен тұрады. Олардың арасын басты қаптаған сіңір біріктіреді.

Атқаратын қызметі:бұлшық еттің маңдай және шүйде бөлігі кезек жиырылғанда бас терісі қозғалады, ал екуі бірдей жиырылғанда маңдайда көлденең қатпарлар пайда болады.

2) Қасты бір-біріне жақындатушы бұлшық ет-маңдай сүйегінің мұрын бөлігінен басталып, қас терісіне жабысады.

Атқаратын қызметі:жиырылғанда қас доғасының аралығында ұзыннан қыртыс пайда болады.

3) Қасты түйетін бұлшық ет(мышца сморщивающая бровь, m. corrygator supercilii) -маңдай сүйегінен басталып, маңдайдың терісімен қас доғасына бекиді.

Атқаратын қызметі:жиырылғанда қастардың аралығында көлденең қыртыстар пайда болады.

Көз аймағының бұлшық еттері:

Көздің дөңгелек бұлшық еті(круговая мышца глаза, m. orbicularis oculi) -көз шарасын айналып орналасқан. Бұл ет үш бөліктен құралған:

-көз шарасының еті-көз шарасы сүйегінің шетінде орналасқандықтан, жиырылғанда көз кішірейіп тарылады;

-қабақ бөлімі-жоғарғы және төменгі қабақтың бұлшық еттері болып бөлінеді. Олар жиырылғанда, көз жұмылады;

-жас қапшығының бұлшық еті жиырылғанда көз жасы безінің қапшығы кеңейіп, көздің жасы жас түтігі арқылы мұрын қуысына ашылады.

Ауыз аймағының бұлшық еттері:

1) Ауыздың дөңгелек бұлшық еті(круговая мышца рта, m. orbicularis oris) -ауыздың айналасында орналасқан бұлшық ет, оған ауыздың басқа бұлшық еттері келіп жабысады.

Атқаратын қызметі:бұлшық ет жиырылғанда ауыз жабылады, ал өте қатты жиырылғанда, ауыз алдыға қарап шүртиеді.

2) Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшық ет(мышца поднимающая верхнюю губу, m. levator labii superioris) -жоғарғы жақтың көз шарасының төменгі бетінен басталып, жоғарғы еріннің терісіне бекиді. Бұлшық ет жиырылғанда танау кеңейіп, жоғарғы ерін көтеріледі.

3) Төменгі ерінді түсіруші бұлшық ет(мышца опускающая угол рта, m. depressor anguli oris) -төменгі жақтан басталып, төменгі еріннің терісіне бекиді. Бұл ет мойынның тері асты бұлшық етінің жалғасы болып табылады.

Атқаратын қызметі:Жиырылғанда ерін төменге және шетке тартылады.

4) Иек бұлшық еті( подбородочная мышца, m. mentalis) -төменгі сойдақ және күрек тістердің дөңесінен басталып иек терісіне бекиді.

Атқаратын қызметі:Бұлшық ет жиырылғанда иек пен төменгі ерін жоғары көтеріледі.

5) Ұрт бұлшық еті(щечная мышца, m. buccinator) -ауыз қуысының 2 бүйірдегі қабырғасын және ұрт қалыңын түзеді. Бұлшық ет ұлпаларының арасында май ұлпасы болады. Олар «ұрт жастығы» деп аталады, ұртты толтырып тұрады. Ұрт еті, жоғарғы және төменгі жақтың үлкен азуының шұңқырларынан басталып ауыздың дөңгелек бұлшық етіне жабысады.

Атқаратын қызметі:ауыз қуысының қысымын реттейді, тағамды тіске ыңғайлайды.

6) Күлкі бұлшық еті( мышца смеха, m. risorius) -езуден басталып ұрттың терісіне бекиді. Бұлшық ет жиырылғанда кейбір адамда күлкі шұңқыры пайда болады.

7) Мұрын бұлшық еттері( мышцы носа, m. nasalis) -жоғарғы сойдақ және күрек тістер тұсынан басталады. Бұл еттің құрамында танауды кеңейтіп және тарылтатын еттер болады. Танауды кеңейтетін талшықтар танау шеміршегіне бекиді, тарылтатын бұлшық еттер танаудың қарама-қарсы жағындағы сіңірге бекиді.

8) Құлақ бұлшық еттері (мышцы ушной раковины) -алдыңғы, жоғарғы және төменгі бұлшық еттер. Олар самай шандырынан басталып, құлақ қалқанының алдыңғы, жоғарғы, төменгі жағына келіп бірігіп құлақ қалқанын тіктейді. Бұл бұлшық еттер жануарларда ерекше дамыған. Ымдау бұлшық еттерінде шандыр дамымаған, тек көздің бұлшық еті мен басқа бұлшық еттер дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған.

Мойынның бұлшық еттері

Мойынның бұлшық еттері орналасуына байланысты тереңдегі және беткейдегі болып бөлінеді.

Мойынның беткейдегі бұлшық еттері:

1) Мойынның тері асты бұлшық еті( подкожная мышца шеи, m. platysma) -мойынның терісінің астында орналасқан, жұқа ет. Ол бұғананың төменінде кеуде шандырынан басталып, мойынның бүйірдегі, жартылай алдыңғы бетін жауып, төменгі жаққа бекиді.

Атқаратын қызметі:езуді төменге тартып, мойынның терісін қатайтады.

2) Бұғана-төс-емізік бұлшық еті( грудино-ключично-сосцевидная мышца, m. ) -мойынның ең үлкен, күшті бұлшық еті. Ол екі аяқ болып бұғана және төс сүйектерінен басталады, самай сүйегінің емізікшесіне бекиді.

Атқаратын қызметі:бұлшық ет бір жақты жиырылғанда мойын, бас тік ұсталады, күшпен жиырылса бас артқа тартылады.

Мойынның бұлшық еттері тіл асты сүйегінен төмендегі және жоғарысындағы болып ерекшеленеді.

Тіл асты сүйегінің жоғарысындағы бұлшық еттер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның бұлшық еттері
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясыциясы
Алдыңғы бұлшық еттер
Сүйектердің құрылысы, жіктелуі
Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
Іш ағзаларының жарақатары
Аяқтың бұлшық еттері
Көкірек клеткасының бұлшық еттері
Тыныс алу жүйесі
Жануарлардың хлорорганикалық қосылыстардың улануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz