Есту және тепе-теңдік мүшелері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Есту және тепе-теңдік мүшелері
(преддверно-улитковый орган, organum vestibulo-cochlearis)

Орналасуына, атқаратын қызметіне байланысты есіту тепе-теңдік мүшесі үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Сыртқы, ортадағы және ішкі құлақтың ұлу бөлімі есіту мүшесі, ал ішкі құлақтың кіреберісі мен жартылай иірімді түтікшелері тепе-теңдік мүшесі болып саналады. Ішкі құлақ бас ми мен есіту, тепе-теңдік жүйкесі арқылы тікелей байланысады.
Сыртқы құлақ (наружное ухо, auris externa) құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс тесігінен тұрады. Құлақ қалқаны-шеміршектен, ол дыбыс тербелісін жинақтап қабылдайды. Сыртқы дыбыс тесігі самай сүйегінің ішіне қарай созылған, ұзындығы 3, 5см түтік. Ол дабыл жарғағына барып тіреледі, екі бөліктен тұрады: шеміршекті және сүйек бөлігі. Шеміршекті бөлігінде тері астында май, құлық бездері, кірпікшелер бар.
Дабыл жарғағы (барабанная перепонка, membrana tympani) сыртқы дыбыс тесігін ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ішкі беті шырышты қабатпен қапталған. Дабыл жарғағы екі бөліктен тұрады. Үлкен бөлігі қатты керілген, кіші бөлігі босаңдау, орталығында шұңқырша бар. Ол «дыбыс кіндігі» деп аталады. Дабыл жарғағы қисық, көлбей орналасқан, ішкі бетіне ортаңғы құлақтың балғашасының сабы біріккен.
Ортаңғы құлақ (среднее ухо, auris media) -дыбыс қуысы, үш есіту сүйекшелері және есіту түтігінен тұрады.
Дабыл қуысы (барабанная полость) самай сүйегінің тасты бөлігінде, сыртқы құлақ түтігімен ішкі құлақтың ортасында. Оның көлемі 1см 3 -дей, іші ауаға толы. Оған есіту тесігінің жіңішке саңлауы арқылы ауа кіреді. Дабыл қуысының 6 қабырғасы бар. Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы, ішкі қабырғасы ішкі құлақпен шектеседі. Бұл қабырғасында екі тесік бар. Олар: 1. сопақша тесік, үзеңгішемен жабылып тұрады; 2. дөңгелек, ол ұлу терезесі. Артқы қабырғасы самай сүйегінің емізікше өсіндісіне қараған, оның қуысымен жалғасады. Алдыңғы қабырғасы-ұйқы қабырғасы, онда евстахий түтігі бар. Евстахий түтігі орта құлақты жұтқыншақпен жалғастырады. Жоғарғы қабырғасы-қақпағы, ол ми сауытының ортадағы шұңқырымен, ал төменгі қабырғасы - самай сүйегінің мойынтұрық шұңқырымен шектескен.
Есту түтігі (слуховая труба, tuba auditiva) немесе Евстахий түтігі орта құлақтың дабыл қуысын жұтқыншақпен жалғастырады. Түтіктің сүйекті және шеміршекті бөлігі бар. Адам жұтынған кезде осы түтік арқылы ауа орта құлақтың дабыл қуысына кіріп, оның ішіндегі ауа қысымын теңестіріп тұрады. Бұл жағдай дабыл жарғағын ауа қысымынан жарылып кетуден сақтайды.
Есту сүйекшелері (слуховые косточки) төсше, үзеңгіше, балғаша дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін созылады. Балғаша сүйегінің басы, мойны, сабы болады. Сабы дабыл жарғағының ортасына бекіген, басы төсше сүйегінің денесімен жалғасады. Төсше сүйегі балғашаның басы мен үзеңгішенің ортасында. Үзеңгі сүйегінің негізі ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады.
Ішкі құлақ (внутреннее ухо, auris interna) самай сүйегінің тасты бөлігінде орналасқан. Құрылысы өте күрделі. Ішкі құлақ үш бөліктен тұрады:кіреберіс, жартылай иірімді түтікшелер, ұлу.
Кіреберіс (преддверие, vestibulum) үш жартылай иірімді түтіктер мен ұлудың аралығында. Пішіні сопақша, алдында ұлу, артында жартылай иірімді түтікшелер бар. Кіреберістің сыртқы қабырғасы орта құлаққа қараған. Ондағы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Кіреберіс дөңгелек тесік арқылы ұлумен жалғасады.
Ұлу (улитка, cochlea) екі жарым рет оралған. Ұлудың бірінші орамы-негізі, екіншісі-ортаңғы бөлігі, үшінші орам-ұлудың ұшы деп аталады. Ұлудың ұшы дабыл қуысына қараған. Ұлудың ішіндегі шйыршық (спираль) оны екі жолға бөлгенде, ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді. Жоғарыда «кіреберіс сатысы» (лестница преддверия, scala thympani) . Екі саты ұлудың ұшындағы кішкене тесік арқылы қосылады.
Жартылай иірімді түтікшелер (костные полукружные каналы, canalis semicirculares ossei) ішкі құлақтың сүйекті шытырманының артқы бөлігі. Түтікшелер бір-біріне перпендикуляр, алдынан артқа, көлденең және тік маңдай алдына қараған жазықтықта. Олардың әрқайсысы жартылай шеңберге ұқсайды, қос аяғымен кіреберіс бөлігіне ашылады. Жартылай иірімді түтікшелердің аяқшаларының бір ұшы кеңейген, ал екінші аяқтары өз қалпын сақтайды. Алдыңғы және артқы иірімдерінің кеңейген аяқшалары бірігіп жалпы аяқша пайда болады.
Ішкі құлақтың сүйек бөлігінің пішінін ішінен жарғақты бөлігі қайталайды. Сүйекті және жарғақты бөлігінің аралығында перилимфа, ал жарғақты бөліктің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады.
Ұлудың сүйек табақшасының бұрышынан кіреберіс жарғағы шығады. Жарғақтың құрылысы өте күрделі, онда дыбыситы қабылдайтын жүйке ұшы «кортиев мүше» (organum spirale) деп аталады. Спираль мүше, тіреуіш және кілегейлі жасушадан тұрады. Олардың үстін жапқыш жарғағы жауып тұрады.
Спираль мүше дыбыс тербелістерін қабылдайды, ал кіреберіс пен жартылай иірімді түтікшелер тепе-теңдікті сақтайды.
Есітудің сенсорлық жүйесі . Ұлудағы «спираль мүшенің» ұшында 60-70 рецепторлар 5 қатар жасушалардан тұрады. Оның құрамында 24000 жүйке жасушалары бар. Олар ұлудың жарғақты юөлігіне ұзынынан тартылған. Ұлуды бөліп тұратын негізгі пластинка арфаның шегіне ұқсайды. Олардың қысқалары ұлудың негізінде, ал ең ұзындары оның ұшында болады.
Дыбысты қабылдау: құлақ қалқаны дыбысты жинап құлақтың сыртқы есіту тесігіне бағыттайды. Дабыл жарғағының керілген бөлігінде дыбыстың толқуынан тербеліс пайда болады. Дыбыс тербелісі дабыл жарғағынан дыбыс сүйекшелеріне өтеді. Орталық құлақтың сүйекшелері тербелісті кіреберіс тесігі арқылы кіреберіс бас балтағына; ұлудың ұшы арқылы дабыл бас балтағына, одан перилимфаға берілді. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы жүйке ұштарын тітіркендіреді. Есіту анализаторларының өткізгіш бөлігінен басталатын сезімтал нейрондар, ұлудың сүйек кіндігінен басталады. Олардың дендриттері дыбыс толқынын қабылдайды, аксондары кіреберіс жүйкесімен бірігіп кіреберіс - ұлу жүйкесі пайда болады. Есіту жүйкесінің орталығы бас ми сыңарларының самай бөлігінде жатыр.
Ішкі құлақтың кіреберіс және жартылай иірімді түтіктері адамның тепе-теңдік мүшесі болып саналады. Тепе-теңдік сезімтал нейрондары кіреберіс түйінінде орналасқан, оның аксондарынан кіреберіс жүйкесі пайда болады. Ол ұлу жүйкесімен қосылып самай сүйегі пирамидасының тесігінен өтіп, бір бөлігі мишықтың «құрт» деп аталатын бөлігіне, ал көп бөлігі мидың ромбы тәріздес шұңқырындағы кіреберіс ядросына барады. Есіту және тепе-теңдік анализаторларының арқасында адам сыртқы ортаның дыбыстарын қабылдап, қимылды дәлдейді.
Тері (кожа, cutis) адам денесінің жапқышы. Оның ересек адамдағы көлемі 1, 5-2, 0 м 2 . Теріде көптеген рецепторлар бар. Олар:ыстықты, суықты, сипауды, ауруды сезетін жүйке талшықтарының ұшы. Терінің әрбір 1см 2 -інде 300 жақын жүйке ұштары орналасқан.
Терінің қызметі:
1. Тері денені микробтардын, жарақаттанудан, әр түрлі зиянды әсерлерден сақтайды.
2. Су және жылу алмасуына қатынасады.
3. Қан айналымына қатынасады, қан «депосы».
4. Витаминдер алмасуында маңызы зор, ультрасәулелердің әсерінен «Д» витамині теріде пайда болады.
Тері 3 қабаттан тұрады.
1. Эпидермис (epidermis) . 2. Дерма (derma) . 3. Май қабаты.
Эпидермис көп қабатты түлейтін кілегей. Оның 5 қабаты бар:1. Базалды; 2. Тікенек; 3. Дәнешелі; 4. Жылтыр; 5. Мүйізді.
Базалы қабаты дермадан бөліп тұратын базал немесе негізгі қабыршақтың үстінде. Бұл қабатта базал немесе негізгі өсу жасушалары бар. Адамның ұзақ өмірінде тері осы қабаттағы жасушалардың өсуінен түлеп жаңарады, сонымен қатар онда теріге түс беретін бояушы заттар, пигменттер бар.
Мүйізді қабаты әр 3-7 күнде түлеп тұрады. Тек көздің қасаң қабығы, ауыздың шырышты қабаты түлемейтін кілегеймен қапталған.
Дерма екі қабаттан тұрады:
1. Емізікті;
2. Торлы қабат.
Емізікті қабат эпидермистің базалық қабатымен шектескен. Онда көптеген қан капиллярлары, жүйке ұштары бар. Осы жүйке ұштары арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістерін сезеді.
Дерма қабатында тер және май бездері, шаштың түбірі және тырнақ бар.
Терінің сенсорлық жүйесі дененің барлық терісінде бірқалыпты емес. Олар 4 түрлі:1) тигенді (тактилді), қысымды; 2) суықты; 3) жылыны (ыстықты) ; 4) ауырғанды сезу рецепторлары; Теріде 500 мыңға жақын тигенді сезу рецепторлары, 250мың суықты қабылдайтын рецепторлар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім мүшелері туралы түсінік
Тері анализаторы
Құлақтың құрылымы
Есту талдағыштары туралы түсінік
Көру мүшесі
Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы
Есту анализаторы
Лиганд-рецепторлық қатынастардың механизмі. Сенсорлық мембраналық-ядролық рецепция
Құлақтың құрылысы және қызметі
Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz