Сүйек туралы



Адамның сыртқы ортамен байланысы,оның қимыл,қозғалысымен сипатталады.Адамның қозғалыс жүйесі- сүйек және бұлшық еттерден тұрады.Сүйектер денеде бір-бірінен буындар,сіңірлер ,шеміршектер және дәнекер ұлпалар арқылы біріккен.Қаңқа сүйектері мен буындар дененің қозғалысында тірек міндетін атқарады,ал оларды қимылға келтіретін мүшелер дененің бұлшық еттері болып саналады.Сүйек туралы ілім- остеология,ал буындардың құрылысын зерттейтін ілім-артрология деп аталады.
Сүйектердің құрылысы
Сүйек (кость).Сүйек- дененің негізгі тіреуші мүшесі.Оның құрылысы өте күрделі.Сүйектің негізін тығыз(қатты) және кемік(борпылдақ) заттар құрайды.Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост)қапталған.Периост тек сүйектің шеміршек бетінде ғана болмайды.Сүйектің құрылысында ұлпаның барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі –сүйек.Сүйектің сырты қатты,ұлпасы тығыз болып келеді де,ал ішкі жағы екуек,борпылдақ ұлпадан тұрады.Кеуек сүйек ұлпасы қатты қабықтың астында әртүрлі бағытта торланған.Сүйек қалығдап өседі ,сол себепті жасқа қарай сүйектің қалыңдығы ір түрлі болып келеді.Сүйектің периост қабығы жұқа ,бірақ берік дәнекер ұлпа жапырақшасы.Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
СҮЙЕК. СҮЙЕКТЕРДІҢ ЖАЛГАСУЫ, БУЫНДАР

Адамның сыртқы ортамен байланысы,оның қимыл,қозғалысымен
сипатталады.Адамның қозғалыс жүйесі- сүйек және бұлшық еттерден
тұрады.Сүйектер денеде бір-бірінен буындар,сіңірлер ,шеміршектер және
дәнекер ұлпалар арқылы біріккен.Қаңқа сүйектері мен буындар дененің
қозғалысында тірек міндетін атқарады,ал оларды қимылға келтіретін мүшелер
дененің бұлшық еттері болып саналады.Сүйек туралы ілім- остеология,ал
буындардың құрылысын зерттейтін ілім-артрология деп аталады.

Сүйектердің құрылысы

Сүйек (кость).Сүйек- дененің негізгі тіреуші мүшесі.Оның құрылысы
өте күрделі.Сүйектің негізін тығыз(қатты) және кемік(борпылдақ) заттар
құрайды.Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост)қапталған.Периост тек
сүйектің шеміршек бетінде ғана болмайды.Сүйектің құрылысында ұлпаның
барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі –сүйек.Сүйектің сырты қатты,ұлпасы
тығыз болып келеді де,ал ішкі жағы екуек,борпылдақ ұлпадан тұрады.Кеуек
сүйек ұлпасы қатты қабықтың астында әртүрлі бағытта торланған.Сүйек
қалығдап өседі ,сол себепті жасқа қарай сүйектің қалыңдығы ір түрлі болып
келеді.Сүйектің периост қабығы жұқа ,бірақ берік дәнекер ұлпа
жапырақшасы.Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.

Сүйек майы.Сүйек май қан шығарушы мүше , сонымен бірге оны
қоректендіріп тұрады.Сүйек майы кеуек сүйекткрдің кемік затында, ал ұзын
сүйектердің түтікше қуысында болады.Сүйек майы қызыл және сары май болып
екіге бөлінеді.

Сүйектің қызыл майы- нәзік ретикуляр (тор тәрізді) ұлпа.Олар қан
тамырлары мен жүйке талшықтарына өте бай,ал олардың арасында қан жасап
шығаратын элементтер орналасқан.Сүйектің сары майы негізінен май
ұлпасынан тұрады.Майдың түсіне қарай олар сары болып келеді.Сүйектің қызыл
майы көбіне жазық ,кеуек,кемек сүйектерде кездеседі.Жас адамның жілігінің
майында қызыл сүйек майы көп болады.,ал жас ұлғайған сайын ретикуляр
ұлпаның орнын май ұлпасы басады.

Сүйектің химиялық құрамы.Тірі адамың денесіндегі сүйектің 50%-ті
судан, 2.5%-құрамында ақуызы бар органикалық заттардан,21.5%органикалық
емес минералды заттарданжәне 15%-і майдан тұрады.Сүйектердің құрамындағы
органикалық және бейорганикалық заттардың ара қатынасы адамның жасына
қарай өзгереді.Жастың ұлғайюына байланысты сүйектердің органикалық
заттардың мөлшері азайып, бейорганикалық заттар көбейеді.Сондықтан кәрі
адамның сүйегі тез сынғыш болады.Сүйектің беріктігі оның құрамына ғана
емес , оның пішініне , құрылысына да байланысты.

Сүйектердің пішіні әр түрлі.Олар ұзын ,қысқа,жалпақ және аралас
болып келеді.Ұзын сүйектерге :қар, білек ,сан ,балтыр сүйектері
жатады.Олардың іші қуыс болғандықтан түтікше сүйектердеп аталады,берік
және жеңіл болады. Түтікше сүйектердің екі ұшы жуандаған жерінде
жіліктің басы пайда болады.Жіліктің басы бір-бірімен айқасып жатқан өте
көп кеуек ,кемік сүйек ұлпасынан тұрады.Қысқа сүйектерге білезік ,сыбырлақ
және омыртқа сүйектері жатады.Олар негізіне кеуек ,кемек заттан тұрады.

Жалпақ сүйектерге төс,жауырын,қабырға ,бастың қақпа сүйектері кіреді.Бұл
сүйектердің қуыстары кемек сүйек ұлпалардан тұрады,олардың іші сүйек
майына толы болады.

Қаңқа (скелет) – Адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы.Денедегі
сүйектердің жалпы саны 200-ден астам.Олар адам денесінің қатты бөлігін
құрайды.Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор.Ол механикалық және
биологиялық қызмет атқарады.Қаңқаның механикалық қызметі: адам денесінің
тіреушісі, қорғаушысы.Қанқаның арқасында адам тік жүреді,қозғалады.
Қаңқаның биологиялық қызметі:Қаңқа зат алмасуына қатысады,сонымен бірге
денедегі ерекше биологиялық зат - қан сүйектерде пайда болады.Қаңқа
денедегі минералды тұздар алмасуына қатысады. Адам қаңқасы негізі төрт
бөліктен тұрады.Олар: 1.тұлға, 2.қолдың, 3. аяқтың және 4.бастың
қаңқалары.Тұлға қаңқасының құрамына омыртқа жотасы, кеуде қуысының
сүйектері – қабырғалар ,жауырын, бұғана ,төс сүйегі кіреді.Қолдың қаңқасы
үш бөліктен тұрады: қар,білек және қол басы сүйектері. Аяқ қаңқасына –
жамбас, сан, балтыр және аяқ басы сүйектері кіреді.Бас қаңқасы ми сауыты
мен бет сүйегінен тұрады.

Сүйектің бірігуі мен буындары.

Сүйектердің бірігуінің екі түрі бар.Олар:

- Тікелей бірігу-синартроз;

- Үзіліп бірігу- диартроз;

Синартроздың өзі үш түрлі болады:

Синдесмоз; синхондроз; синостаз;

Синдесмоз-сүйектердің бір-бірімен талшықты дәнекер ұлпа арқылы
бірігуі.Оған мысал бас қаңқасы сүйегі жіктерінің бірігуі ,тістердің жақ
сүйегінің тіс ұяларына бекуі кіреді.

Синхондроз- сүйектердің шеміршектер арқылы бірігуі.Бұған
омыртқалардың бір-бірімен ,қабырғаладың төс сүйегіне бірігуі жатады.

Синостоз- сүйек ұлпасының бір-бірімен тікелей бірігуі.Бұған
сегізкөздің бірігуі мысал болды.

Диартроз немесе буынның сүйек қозғалысына икемделіп
бірігуі.Буындар буын бетінен ,буын қабынан тұрады.Буын атқаратын қызметіне
қарап –бір,екі және көп шығыршықты болады.Олар буынның ьайланыс бетінің
пішініне қарай шар тәріздес ,жазық элиппс тәріздес т.б болып
бөлінеді.Сүйектер жартылай буын арқылы да бірігеді.Оны гемиартроз (жарты
буын) деп атайды. Гемиартрозға жамбас сүйгеінің бірігуі мысал болады.

Омыртқа жотасы

Омыртқа жотасы (позвоночный столб).33-34 омыртқадан құралған,5
бөлімнен тұрады.Мойын,кеуде,бел,сегізкөз,құй ымшақ омыртқасы.Құрылысы мен
пішіні жағынан бір-біріне ұқсас ,бірақ әр бөлімінің ерекшелігі бар.

Омыртқа(позвонок) – серпімді шеміршек арқылы
біріккен.Шеміршектің қызметі арқылы омыртқа жотасы иілу қабілетіне ие
болады.Әрбір омыртқаның денесідоғасы және бірнеше өсінділері бар.Олар :
білекті көлденең буындақ өсінділер.Омыртқаның ең ұзын білекті өсіндісі
артқа қарай шығып тұрады.Омыртқаның денесі мен доғасының арасында тесік
бар.Барлық омыртқалардың тесігі бірігіа омыртқа жотасының өзегі пайда
болады.Оның ішінде жұлын орналасқан.Омыртқа жотасы жұлынға берік қорғаушы
қызметін атқарады.Омыртқа доғасының 2 жоғарғы , 2 төмеңгі буын өсіндісі
бар.Омыртқа денесі мен доғаның біріккен жерінде ,жоғарғы және төмеңгі
жағында ,ойық бар.Омыртқа жотасындағы барлық омыртқа біріккенде ,олардағы
ойықтан ,омыртқа аралық тесік пайда болады.Омыртқа аралық тесіктен жұлыннан
шығатын жүйкелер мен қан қан тамырлары өтеді.

Мойын омыртқалары(шейные позвонки vertebrа servicаlis).Мойынның
омыртқа саны -7. Басқа омыртқаларан ерекшелігі: 1.көлемі кіші, 2.көлденең
өсіндісінде тесік болады. 3.денесі басқалардан кішкене сопақша. I
–омыртқада (атлантта) дене болмайды.IV омыртқаның ортасындағы тесігі үлкен
және үшбұрышты,басқа омыртқалардан үлкен. Ал VI I– мойын омыртқасының
қылқанды өсіндісі ұзын және ұшы айыр ,желкеде төмпешігі бар. Ал VI
омыртқада ұйқы томпағы деп аталатын дөңеске ұйқы артериясы жақын
жатады.Басқа омыртқаға қарағанда I мойын омыртқасы (Атлант-Atlant)және II
мойын омыртқасы(осевой аxix) өзгеше.

Атланттың денесі жоқ,тек алдыңғы және артқы доғасымен екі
лотераль бөліктен құралған.Оның білікшесі де жоқ.

II мойын омыртқасы өзге мойын омыртқаларынан жоғарғы жағындағы
тесігімен ерекшеленеді.Ол бірінші омыртқамен қосылып,бастың бұрылуына
мүмкіндік туғызады.

Кеуде омыртқасының (грудные позвонки vertebrа thorаcicаe) саны 12,басқа
омыртқалардан айырмашылығы омыртқаның денесінің жоғарғы және төмеңгі
бүйірінде қабырға үшін ойығы бар.Бұл ойыққа қабырғаның басы келіп
қосылады.Кеуде омыртқасының пішіні ,мойын омыртқасына қарағанда үлкен , ал
ортаңғы тесігі кішкене және дөңгелек ,білекше өсіндісі ұзын және арқадан
төменге қарай ,тасбақаша жатады.Оиыртқаның бұл бөлігі көп қимылданбайды.

Бел омыртқасы (поясничные позвонки vertebrа lumbаlis) -5 омыртқа, бір –
бірімен тығыз байланысқан.Олардың денесі мен білікше өсіндісі үлкен
,жалпақ.

Сегізкөз омыртқасы –(крестцовая кость os sаcrum) 5-ші бел омыртқаның
төменінде,пішіні үшбұрышша 5 омыртқаның бірігуі. Үшбұрыштың негізі жалпақ
болып келіп,төменге қарай тарылады,оны сегізкөздің ұшы дейді.Үшбұрыштың
алдыңғы бетіндегі ,көлденең 4 сызық ,омыртқалардың қосылуынан қалған.Ал
омыртқаның артқы бетінде ортадағы,аралық және шеткі (латераль)дөңестер
көрініп тұрады,олар омыртқаның қылқанды, буындық және көлденең өсінділердің
қалдықтары.Осы бетінде 4 жұп тесік бар.Тесіктердің жұлынның жүйкелері
шығады.

Құйымшақ(копчиковая кость os coccygis) 4-5 жетілмеген омыртқадан
тұрады.Омыртқалар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы
байланысқан.Омыртқаның алдынан ұзын тұтас байлай өтеді.Омыртқаның қылқанды
өсінділері қылқан аралық және қылқан үстілік байлаулармен байланған.Тұтас
омыртқа жотасының ұзындығы ересек адамдарда 60-75 см.Еркектерде – 60-75см,
әйелдерде - 60-65 см, ал қартайғанда- 3-7 см-ге қысқарады.

Омыртқа жотасы бірнеше түрлі қызмет атқарады.:

- басты ұстап тұрады.

- Дененің көптеген бұлшық еттері басталады.

- Кеуде іш және жамбас қуысының құрылысына қатынасады.

- Ішкі мүшелерге тірек және қорғаушыы

Адамың омыртқа жотасы қалырты жағжайда бірнеше жерде иіледі.Соның
нәтежиесінде адам тік жүреді.
Мойын және бел омыртқасының алға қарай шыққан дөңесі бар.Бұл дөңес-мойын
және бел лордозы деп аталады.
Кеуде және құйымшақ тұсында омыртқа дөңесі арқаға қараған,мұны
кифоз деп атайды.Мойын лордозының,кеуде кифозына өткен жерінде VII
мойын омыртқасы орналасқан. Лордоз бен кифоздар омыртқа аралық шеміршек
дискілермен бірігіп омыртқаның қимылына икемділік береді,яғни амортизатор
және рессорлық қызметін атқарады.Ананың құрсағындағы нәрестеде лордоз да,
кифозда болмайды.Туғаннан кейін баланың 3-4 айлығында мойынның
лордозы,ал 4-5 ацлығында,отыра бастағанда бел лордозы біліне бастайды.

Т ө с т і к
Төстік (грудина,sternum)-кеуек,кемікті сүйек.Үш бөліктен тұрады.Олар:
төстік,сабы,денесі және семсершесі.Төстік сабының екі шетінде,I қабырға мен
бұғана сүйегі келіп бірігетін жерінде,қабырғалар түйісетін жапсарларында
ойық (вырезка) бар.

Қ а б ы р ғ а л а р
Қабырға (ребра,costa) 12жұп,иілген,ұзын сүйектер.Қабырғаның омыртқа және
төстік ұшы,омыртқа ұшында басы,мойыны және томпағы бар.Ал төстік жағынан
қабырға шеміршекке өтеді.Қабырға шеміршегінің ұзындығы мен ені
әртүрлі.Қабырғалар 3 топқа:жоғарғы 7 жұп-негізгі қабырға,3жұп-жалған,2 жұп
кезеген қабырға болып бөлінеді.Олардың алдыңғы ұштары иілгіш серпімді
шеміршектер,олар басқаларға қарағанда қысқа және төс сүйекпен
байланыспайды.Қабырғалардың ішкі және сыртқы беттері,жоғарғы және төменгі
шеттері бар.Қабырғаның ішкі бетінің төменінде оның ұзына бойына сай
өтеді.Бұл сайлардың біреуіне бұғана асты венасы,екіншісіне осымен аттас
артерия жанасады.

Кеуде қуысы
Кеуде қуысы көптеген сүйектерден тұрады.Ол 12 жұп қабырға,төстік және
омыртқа жотасының кеуде бөлігінің омыртқаларынан пайда болған.Кеуде
қуысының жоғарғы және төменгі тесіктері бар.Кеуде қуысының төменгі жағы мен
іш қуысының аралығын көк ет (диафрагма)бөліп тұрады.
Кеуде қуысының пішіні адамның жынысына,мамандығына және түрлі аурудың
әсеріне байланысты өзгереді.

Иық белдеуі мен қолдың еркін қимылдайтын сүйектері,олардың буындары
Қол қаңқасы:иық белдеуі мен еркін қол сүйектерінен тұрады.Иық белдеуі
кеуде қуысының артқы жағында жатқан жалпақ үш бұрышты кі жауырын мен төстік
сүйекке біріккен екі бұғанадан құралады.Қолдың еркін сүйектеріне-қар
сүйегі,білек сүйегі және қол басы сүйектері кіреді.

Иық белдеуінің сүйектері мен буындары
Бұғана сүйегі (ключица,clavicula) латынның S әрпі тәрізді иілген
сүйек.Бұғананың денесі мен екі ұшы бар.Төстік ұшы төспен,ал акромион ұшы
жауырынның акромион өсіндісімен жалғасады.Оның төстік ұшы жуандау,ал
акромион ұшы тығыздау.Бұғананың латераль беті дөңес және арқаға қарай,ал
медиаль шеті алдына қарай бағытталған.
Жауырын (лопатка,scapula) жазық,үшбұрышты сүйек.Көкірек
қуысының артқы жағында,II-VII-қабырғаның ортасында.Жауырынның екі:қабырға –
вентраль және сыртқы –дорсаль беті бар.Жоғарғы,төменгі және латераль үш
бұрышы бар.Ұш бұрышының қосылатын үш жиегі бар.Олар-медиаль,латераль және
жоғарғы жиек.Жауырынның қабырға беті дөңіс,онда жауырын асты шұңқыры
жатыр.Латераль жиегі қалыңдап,оған бас пайда болған.Басында буын шұңқыры
бар.Оған иық белдеуіндегі бірінші сүйек тоқпан жіліктің домалақ басы кіріп
тұрады.Буын ойығының айналасында жауырынның мойны бар.
Жауырынның дорсаль бетінде немесе сыртында оның қыры деп
аталатын шығыңқысы бар.Қырдың асты мен үстінде жұңқырлары тұр.Олар қыр
үсті, қыр асты шұңқырлары деп аталады.Оған қыр үсті және қыр асты бұлшық
еттері келіп жабысады.
Жауырынның қыры оның латераль шетінен жоғары қарай бағытталып,акромион
болып аяқталады.Акромион буын арқылы бұғана сүйегімен бірігеді.Жауырынның
жоғарғы бұрышы доғал болып келген,ал төменгісі үшкір.Жауырынның басы-
ойық,оған тоқпан жіліктің басы кіреді.Жауырынның жоғарғы шетінде құс
тұмсықшасы бар.

Қолдың еркін қозғалатын сүйектері
Қолдың еркін сүйектері үш бөлімнен тұрады.Олар:қар,білек және қол басы
сүйектері.
Қар сүйегі (плечевая кость,humer) бір ғана сүйек,ол тоқпан жілік деп
аталады.Ол білектің қатар жатқан екі сүйегімен-шынтақ пен шыбық сүйектен
құралатын кәрі жілікпен жалғасады.Ал жоғарғы домалақ басы жауырынның буын
ойығына бірігеді.
Қар сүйегі-ұзын түтікше.Оның екі ұшы (эпифизі),денесі (диафизі)
бар.Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Сүйек тінінің белоктары
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Сүйектің құрылысына спорттың әсері
Қанның бағаналық жасушалары
Бас сүйек жарақаттың хирургиялық анатомиясы
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Остеомиелит
Қаңқа мен сүйек
Миеломды ауруды емдеу тәсілдері
Пәндер