Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
КІРІСПЕ 3
I ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ 5
1.1 Банк . экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банкттердің атқаратын негізгі қызметтері 9
II ЕЛІМІЗДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН АТҚАРАТЫН ШАРАЛАРЫ 13
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары 13
2.2 Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялары 17
2.3 Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы және дағдарыстың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34

Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-несиенi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бiр сөзбен айтқанда экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық. [2,5]

1. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
2. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – Алматы: Издат Маркет, 2004. – 248 бет.
4. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
5. Банки Казахстана, 2003 г. №12; “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка” // Донцов С.
6. Банки Казахстана, 2004 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
7. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2001 г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
8. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
9. С.Кабашев «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.
10. Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
11. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2003. - №2. – 70-75 бет.
12. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
13. Ғаламтор жүйесі бойынша (www.nationalbank.kz)
14. Ғаламтор жүйесі бойынша(www.kaz.stat.kz )
15. Ғаламтор жүйесі бойынша(www.innovus.kz)
16. Құлпыбаев С, Мельников В.Д. 2009 жыл Алматы «Қаржы негіздері».

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ 5
1.1 Банк – экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Банкттердің атқаратын негізгі қызметтері 9
II ЕЛІМІЗДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН АТҚАРАТЫН
ШАРАЛАРЫ 13
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары 13
2.2 Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен
негізгі операциялары 17
2.3 Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы және дағдарыстың
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
КІРІСПЕ
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар
орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде
мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай
саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат
жатады.
Экономиканы ақша-несиенi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк
жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi,
яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде
Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын
резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер
арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие
саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие
саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бiр
сөзбен айтқанда экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға
қарсы саясатты қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше.
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас
құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық
деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет
етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы
экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық. [2,5]
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе
жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып
отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi
дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық
деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi
тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын.
Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикадағы
банктердің мәні мен рөлі деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада
нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде
мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай
экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты,
валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет
тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Менің бұл жұмысты орындау барысындағы алдыға қойған мақсаттарыма
келесілер жатады:
• Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және
рөлін ашып көрсету;
• Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын
атап өту;
• Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері
мен саясаттарын талдау;
• Ұлттық банктің 2011-2012 жылдардағы іске асырып отырған ақша-несие
саясатының жүргізілуін қарастыру;
• Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері
мен негізгі операцияларына тоқталып өту.
I ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ

рөлі

құрылымдарының бiрi және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі
банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектецлі серіктестіктердің, халықтың уақытша
бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға
айналдырады.
Банк деген ұғым италиян сөзі bank - орындық, айырбас орны деген
ұғымды білдіреді. Тарихта банктің ең алғашқы қызметтері тұқым сату
барысында ақшаны несиеге беру қызметтері жаңа эраға дейінгі ғасырларда орын
алған болатын.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың
экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi,
ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген
қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық
өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық ,
ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметiн атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын , жаңа
талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы
қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды
жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз
алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын
ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп
аталады.[2,5]
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең
өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде
экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-
теңдiк саясатын жүргiзедi. Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы
банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп
тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды
қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-
несиелiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi
шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Депозит түрiнде және Займдар жеке салым-
басқа жолмен берiлетiн дар және келiсiм бо -
ақша қаражаттары. йынша берiлетiн ақ-
шалай қаражаттар
Тiкелей инвестициялар
Нарықта акциялар,
жолымен акциялар, обли- облигациялар және
гациялар және басқа да басқа да қаржы
қаржы құралдарын сатып құралдарын сату
алу арқылы ұсынылатын арқылы алынған ақша
ақша қаражаттары. қаражаттары.
1-сызба. Қаржылық – несиелiк институттардың қаржылық дедалдар ретiндегi
ролi
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық
қызметтен шығып , ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi.
Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi
болып табылады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер
басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды.
Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi
осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр
түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық
өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн
айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында
қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн
қорғайды.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем
жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi
ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң
күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi
бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген
маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге
мүмкiндiк бередi.
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған:
мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол
арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi
жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң
ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда,
меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр
класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың
дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың
жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын – экономикалық әдiстер
алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының
мағынасы арта түстi.
Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуiнде және олардың
нарықтық жолға көшуiнде , ең алдымен меншiктi жекешелендiрудегi ролi
айрықша. Мұнда банктiк жүйенiң негiзгi мақсаты – несиелiк механизмдi
жетiлдiру, ақша массасын реттеудегi әдiстерiн жетiлдiру, есеп айырысуды
тездету және төлем тәртiбiн сақтау болып табылады. Елiмiзде 1993 жыл 15
қараша айынан бастап өзiмiздiң ұлттық валютамыз – төл теңгемiздi енгiздi.
Бiрақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шiлде айында 46% -ке жеттi.
Ұлттық банкпен үкiметтiң монетарлық саясаты қабылдануының нәтижесiнде 1994
жылы тамызда 13,5%-ке, ал бүгiнгi таңда инфлиция жоспарланудан ауытқымай
6,5%-тi құрады.
Мемлекеттiк меншiкке кәсiпорындарды жекешелендiрудi қайта құруға
банктiк жүйенiң ролi маңызды. Сондықтан, банктiк реформаның негiзгi
мақсаттарының бiрi – экономикалық жеке секторды құру және кәсiпорынды
жекешелендiруде демеушiлiк көрсету болып табылады.
Банктiк жүйенiң реформасы инвестициялық қорлардың ролiн жоғарылату
және сауықтыру банктерiн құру жолымен жекешеленген кәсiпорындарды қайта
құруға қолғабыс етедi. Сауықтыру банкiнiң ролi жекешелендiру
бағдарламасының негiзгi мақсаты болып табылатын , тиiсiнше жекешеленген
және көп шығынды кәсiпорындарға корпоративтi жетекшiлiктi күшейтуге қатысты
арта түседi.
Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын
қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол
шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктердің экономикадағы
маңызының ерекше екендігін олардың жүргізетін 200-ден аса қызметтері мен
операцияларынан көруге болады. [5,13]
1.2 Банкттердің атқаратын негізгі қызметтері
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны
анық. Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге
болады:
• Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
• Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен
операциялар жүргiзу;
• Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем
айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы
клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi ,
вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
• Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
• Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол – Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң
негiзгi мақсаты – айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше
тауар – ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару болып табылады.
Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге
қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi
несиелейдi.
Ипотекалық банктер – жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке
алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Бағанадан бергi банктiк жүйеде басты банк деп айтып жүрген Орталық
банктiң қызметтерiне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктiң мiндетi – ұлттың
ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгi мен валюталық курсының тұрлаулылығын
қамтамасыз ету. Осы мiндеттердi атқару үшiн орталық банк негiзiнен мынадай
қызметтердi орындайды:
• Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
• Ақша – несиелiк қатынастарды реттеу;
• Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргiзу;
• Банктердiң банкiсi болу және үкiмет банкiсі қызметі;
Орталық банктiң ең алғашқы қызметi – ежелден қалыптасқан мемлекеттiң
өкiлi ретiнде заңды түрде – банкнота шығару. Ол – елде төлем
мiндеттемелерiн өтейтiн, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Кейбiр
мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп
елдерде монетаны қаржы министрлiгi соғып, орталық банк оларды номиналымен
сатып алады. Сөйтiп , орталық банк сатып алған монеталарды өзi өзi шығарған
банкноталармен қосып айналымға түсiредi.
Орталық банктiң эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесiнiң эмиссиялы-
кассалық орталығына айналдырды. Себебi орталық банктiң мiндеттемелерi кез-
келген коммерциялық банктiң кассалық қоры болып табылады. Өйткенi орталық
банктiң басты клиентi – коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен
экономика салалары арасында делдал ретiнде қызмет атқарады.
Орталық банктiң ақша несиелiк реттеу қызметi. Экономиканы ақша және
несие айналымына әсер ету жолымен реттеу – мемлекеттiң экономикалық
саясатынығ құрамдас элементi. Оның негiзгi мақсаты экономикалық өсудiң
тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгi деңгейiне және төлем
балансының тепе-теңдiгiне қол жеткiзу болып табылады.
Орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi – ол орталық банктiң
мемлекеттiң валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы
болуы. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу;
елдiң ресми алтын валюта резервiнбасқару жөнiде операциялар жүргiзу;
халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегi және одан тыс
жерлердегi валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды
жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын
жүргiзу. Орталық банк дүниежүзiлiк қарыз капиталы нарығы мен алтын
нарығына қатысу үшiн халықаралық келiсiмдердi дайындауға, сонымен бiрге,
халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз еленiң өкiлi болып
қатысады.
Орталық банктiң банктердiң банкiсi қызметi – ол орталық банктiң
кәсiпорындарға және халыққа тура қызметкөрсетпеуi, яғни орталық банктiң
негiзгi клиентi коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық
банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердiң кассалық
қорларын жинақтау және сақтау қызметiн атқарады. Бұл қорлар банктiк
мiндеттiрезерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердiң депозиттерi
бойынша мiндеттемелерiнiң ең аз резервтерiне арақатынасын, яғни мiндеттi
резервтердiң нормасын бекiтедi.
Коммерциялық банктердiң кассалық резервтерiн сақтауға қабылдаумен қатар
орталық банк оларға несиелiк көмек көрсетедi. Оның несие үшiн проценттiк
төлем мөлшерi нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары болады, сондықтан орталық
банктiң несиесiн басқа несие алу мүмкiндiгi болмаған ақырғы жағдайда ғана
алады.
Орталық банк банктердiң банкiсi ретiнде елдiң төлем жүйесiнiң басты
реттеушi органы қызметiн атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды
ұйымдастыру, есептесу жүйесiн реттеу және үйлестiру жұмыстарын жүргiзiп ,
банк жүйесiнiң есеп есеп айырысу орталығы болып табылады.
Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негiзiнен мынадай бағытта
жүргiзедi:
• Банктiк қызмет түрлерiне лицензия беру;
• Кейбiр операция түрлерiн жүргiзуге,
• Банктер берген қаржылық есептi тексеру және талдау;
• Клиенттердi ревизиялау (тексеру);
• Мiндеттi резервтердiң нормативтi және экономикалық нормативтердiң жүйесiн
белгiлеу, сонымен бiрге олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктiң үкiмет банкiсi қызметi. Үкiметтiң банкирi ретiнде орталық
банк оның әрi кассирi, әрi несие берушiсi, әрi қаржылық кеңесшiсi. Орталық
банкте үкiмет мен мемлекеттiк органдардың есепшоттары ашылған. Орталық банк
мемлекеттi несиелеумен, мемлекеттiк заемдарды орналастыру және оларды өтеу
мәселелерi бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттiк бағалы
қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөнiнде кеңес берумен,
мемлекеттiк борышты басқарумен шұғылданады.
Қорыта айтқанда, орталық банктiң атқаратын қызметтерi бiрiмен-бiрi
тығыз байланысты.
Мемлекеттiң несие жүйесiнде коммерциялық банктердiң алатын орны өте зор.
Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлi саласында жан–жақты iс-әрекет етедi.
Коммерциялық банктер несие ресурстарының негiзгi бөлiгiн шоғырландырып, өз
клиенттерiне нсие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды,
шетел валютасын сатып алу – сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген
қаржылық қызмет көрсетедi.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi
буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.
Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу
үшiн олардың қызметтерiн айтып өтейiк: [3,272]
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден
атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс
түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк
қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие
қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал
көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау
мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер
қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы
кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына
берiлiп, өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты
экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор.
Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз
жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша
қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк
қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды
шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз
байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында
кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басұару қызметiн де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың
мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер
көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi: банктiң
облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және
трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының
қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес
беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот
ашу; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар
нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Сонғы кездерi коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерiнiң
арасындағы бәсеке күшшейе түсуде. Бәсеке банктердiң жаңа қызмет түрлерiн
iздестiруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерiн өсiруге және қызмет
көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз
орнын нығайту олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгерiп,
қаржылық кәсiпкерлiкте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердiң
экономиадағы ролi күннен-күнге артуда. [5,248]

ШАРАЛАРЫ
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және
республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан
тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк
iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және
бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сйкес Ұлттық банк жарғылық қорын 204,8 млрд. теңге
көлемiнде мына қаражаттар есебiнен құрайды: республикалық бюджеттен
бөлiнген қаражаттар, мемлекеттен алынған негiзгi қорлар және Ұлттық банк
тапқан пайдадан аударымдар.
Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
• Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
• Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу –
сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа
ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары.
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес
мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
• айналыстағы ақша массасының көлемiн реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттiк ақша-
несие саясатын жүргiзiп, ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды
айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
• кепiл берушi Үкiмет болып табылатын ҚР-ның iшкi және сыртқы қарызына
қызмет көрсетуге қатысады;
• ҚР-сы аумағында еншiлес банк ашуға рұқсат бередi;
• Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын
өкiлдiлiктерiн ашуға келiсiм және банк операцияларын жүргiзуге лицензия
бередi;
• Банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тiркелуiне дейiн өзi
белгiлеген тәртiппен мiндеттi сараптауын жүргiзедi;
• Ол банктерге несие беруге, банктердiң қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясын бақылау жасауға құқылы. Банктерге сонғы сатыдағы несие берушi
болып табылады;
• Банктердiң жұмысына және шетелдiк валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргiзедi;
• Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелердi өзгерту арқылы банктiк
пайыз мөлшерлемелерiнiң деңгейiн реттеудi жүргiзедi;
• Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртiбiн, жүйесiн және нысандарын
анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгiлiнде
және үздiксiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн жүйенiң жұмыс iстеуiн
ұйымдастыруы тиiс;
• ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және
валюталық операциялардың барлық түрiн жүргiзуге құқылы;
• Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн банктерге,
шетелдiк валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухалтерлiк, статистикалық, тағы басқа есеп берудiң тiзiмiн, формасын
және мезгiлiн бекiтедi;
• Қолма-қол банкноталар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және
инкассациялау ережелерiн бекiтедi;
• Iшкi және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер щығарады;
• ҚР-ғы банктiк жүйеге кадрларды даярлауға қатысады.
Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.
ҚР-ның Ұлттық банкi “банктердiң банкi” ретiнде ең басты мақсаты
экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және
елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу
жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа
қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу
мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да
несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi
“банктердiң банкi” деп атайды.
Ұлттық банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:
• коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
• коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа
мерзiмдi қарыздар бередi;
• жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
• банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк
мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “соңғы
сатыдағы несие берушi” деп атайды.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында былай жазылған:
ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi
ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша
әрекет етедi.
ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық банкi ретiнде басқа елдердiң
орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның
мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және
есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие,
“банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта
саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең бiрiншi
атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты
деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда Ұлттық
Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз уысына
алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның
6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi инфляция
деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына көзiмiз жеттi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы
төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң
анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және
салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз
кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және
елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006
жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп
жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды.
Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция
деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап
өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін
тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша
биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды
экономикалық тұрғыдан қолға алуда.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған
шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және
жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу
табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың
өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал
етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады.
Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне
монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық
банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне,
пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы
бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп
отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы
келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi:
• қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi
деңгейiн белгiлеу;
• Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер
нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
• мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргiзу;
• банктерге және үкiметке несие беру;
• валюталық нарықтағы басқыншылық;
• кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң
деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
• ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-
несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру
мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы
теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету
болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн
төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол
жеткiзуi тиiс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі
бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау
тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен
ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.
Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту,
яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты
көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу. 2008-2009
жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық
инфляцияны – 2009 жылы 6,2% және 2009-2010 жылдары 6-6,5% шегінде ұстау
қажеттігі мақсат етілді.
2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде
базалық инфляцтяның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық
инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық
инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен
(ТБИ) көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып
тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін
көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5
компонентті алып тастау көзделеді.
Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету
мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін
ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін
қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге
асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты
кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі,
Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну,
ақпараттардың ашықтығы.
Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы
нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының
толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің
несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы
зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.
Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық
толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту
немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын
атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі
қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша
айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып
Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және
елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық
операцияларды лицензиялауды алып тастады. Осы шара арқылы шетелдік
валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның
төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.

негізгі операциялары
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi
деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк
арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде
коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әр алуан өнiмдер
мен қызмент көрсете алады . Мұндай кең көлемдi операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып қолайсыз
жағдайдың өзiнде пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедi.
Депозиттiк – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып
коммерциялық банктер қары делдалы ролiн орындайды. Банктiң бұл
қызметi екi жаққа да пайда әкеледi. Салымшылар үшiн өздерiнiң
депозиттерi айналыс құралы қызметi мен өтiмдi активтер қызметiн
атқара отырып, кей жағдайда оның үстiне пайыз әкеледi. Қарыз алушылар
кейде көптеген ұсақ қарыздарды пайдаланады. Мұндай кезде коммерциялық
банктер ретiнде iскерлiк операциялар жүргiзiп уақытша бос қаражатын
тарту мүмкiн емес .
Коммерциялық банктердiң басқа қаржы институттарынан айырмашылығы
және ерекше бiр қабiлетi ол ақшаны жасауы мен жоюында болып
табылады. Банктердiң ақша жасау мүмкiндiгi экономика үшiн өте
маңызды. Ол тиiмдi несие жүйесiн iске асыра отырып, экномиканың
өсуiне қажеттi жағдай туғызады. Банк несиелерiнiң жетiспеушiлiгi және
өте жоғары пайыз мөлшерлемесi тұсында өндiрiстi кеңейту кеңейту
мүмкiн емес.
Коммерциялық банктердiң қызметтерi мен операциялары.
Банк қызметiн – банк пен клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс
әрекеттрдi орындауын сипаттауға болады. Қазiргi кезде негiзгi дәстүрлi
қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады.
Банктер өз пайдаларының көп бөлiгiнiң осы операциялар бойынша
пайыздық операциялардан алады .
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz