Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет

I бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны.
1.1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.5 бет
1.2. Кәсіпкерлік туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.7 бет
1.3. Кәсіпкерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.13 бет

II бөлім. Кәсіпкерлік қызметінің түрлері.
2.1. Өндірістік кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.15 бет
2.2. Коммерциялық кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.17 бет
2.3. Финансты кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.19 бет
2.4. Консультативті кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.21 бет

III бөлім. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.
3.1. Ел экономикасын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.23 бет
3.2. Мемлекеттік араласудың алдын ала жағдайлары мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.25 бет
3.3. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік ықпал ету механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.27 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28 бет

Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29 бет
Кіріспе
Нарықтық экономикада касіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты екені рас.
А.Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер-сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесінде оған өзі иелік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп, иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекшісі, және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері.
Капиталистік елдердегі 80-жылдардағы «кәсіпкерлік шуы» экономикалық өсудің жаңа жағдайында пайда болды және оның нәтижесі көптеген ерекше факторлар мен себептерге байланысты. Бүгінгі таңда капиталистік елдердегі кәсіпкерлік Р.Т.П-ның нәтижесіне, капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының творчествалық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты.
Жалпы, қазіргі кәсіпкерліктің мәні Батыс Еуропа және басқа елдердің алдыңғы қатарлы көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене отырып анықтау дұрыс.
Пайдаланған әдебиет.


1. Анисимов А.И. «Экономика» - Москва, 1999 жыл.
2. Бисенғазиев Қ. «Кәсіпкерлік негіздері»
3. Бузылева Н. «Экономическая теория» 1998 жыл.
4. Мадешев Б. «Нарықтық экономика» Алматы, 1997 жыл
5. Фишерь С. «Экономика» Москва 1993 жыл
6. Н.Райхан «Шағын кәсіпкерлік» 1999 жыл, «Ақиқат» №2
7. Ж.К.Ержанова «Кәсіпкершіліктегі пайданың көзі». «Жаршы»
8. О.Елубай. «Кәсіпкерлік» Егемен Қазақстан. 2001 жыл.
9. Ә.Құланбай. «Кәсіпкерлік» Егемен Қазақстан. 1996 жыл. 12-сәуір
10. С.Пірназар. «Кәсіпкерліктің маңызы» 1994 жыл.
11. Халық кеңесі «Кәсіпкерлік табыс» 1995 жыл 28 қаңтар.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... ... ... ... ..3 бет

I бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны.
1.1. Кәсіпкерліктің пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..4-5 бет
1.2. Кәсіпкерлік туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-7 бет
1.3. Кәсіпкерліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-13 бет

II бөлім. Кәсіпкерлік қызметінің түрлері.
2.1. Өндірістік
кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-1 5 бет
2.2. Коммерциялық
кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-17 бет
2.3. Финансты
кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-1 9 бет
2.4. Консультативті
кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-21 бет

III бөлім. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.
3.1. Ел экономикасын мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23 бет
3.2. Мемлекеттік араласудың алдын ала жағдайлары мен
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24 -25 бет
3.3. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік ықпал ету
механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 26-27 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 28 бет

Пайдаланылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
бет

Кіріспе

Нарықтық экономикада касіпкерлік орталық орынға ие және ол
әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-
қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс
алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық
жағдайларына да қатысты екені рас.
А.Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер-сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру
және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып
табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның
нәтижесінде оған өзі иелік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп, иелігіндегі қажетті
құралдары (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі)
ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын
кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің
жетекшісі, және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері.
Капиталистік елдердегі 80-жылдардағы кәсіпкерлік шуы экономикалық
өсудің жаңа жағдайында пайда болды және оның нәтижесі көптеген ерекше
факторлар мен себептерге байланысты. Бүгінгі таңда капиталистік елдердегі
кәсіпкерлік Р.Т.П-ның нәтижесіне, капиталистік экономикалық жүйенің
өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлерінің
қалың топтарының творчествалық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын
формаларға тығыз байланысты.
Жалпы, қазіргі кәсіпкерліктің мәні Батыс Еуропа және басқа елдердің
алдыңғы қатарлы көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене отырып анықтау
дұрыс.
1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы.
Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан басталады. Сол
кездің өзінде-ақ әртүрлі саудагерлер, қолөнершілер өздерін кәсіпкер деп
санаған. Капитализмнің пайда болуымен байланысты байлыққа деген құштарлық
кәсіпкерлердің шектелмеген табыс табуға ұмтылдырды.
XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болады,
акционерлік (капитал) қоғам ұйымдастырылады. Алғашқы акционерлік
компаниялар халқаралық сауда жүйесінде пайда болды. Ең алғашқы компания
Ресей мен сауда жүргізу үшін құрылған алғашқы ағылшын компаниясы болды.
Кейінірек шаруашылықты акционерлік формада басқару экономиканың басқа да
салаларына енеді.
XVII ғасырдың аяғында алғашқы акционерлік банктер пайда болды. 1694
жылы акционерлік бастауларға негізделіп ағылшын банкі құрылды, 1695 жылы –
Шотландия банкі. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында банк ісін
акционерлік формада басқару көптеген елдерде кеңінен қолданды. Осы периодта
ірі және шағын бизнестің арасындағы алшақтық үлкейе түседі. Осындай
жағдайларды уақ, кіші фирмалардың жағдайы қиындай түссе, ал орта және ірі
фирмалар кеңінен дам түсті. Осы кезеңде менеджер және ірі өндірісті
басқарушы деген жаңа маман пайда болды. Бұрын бір адамда шоғырланған
кәсіпкерлік функциялар бірнеше мамандандырылған бағыттарға бөлінеді.
Жаңадан финансистар, экономистер, заңгерлер, бухгалтерлер, конструкторлар,
технологтар пайда болды. Олардың үстінен менеджер жоғары көрінеді.
Кәсіпкер және кәсіпкерлік түсініктердің қалай түсінуге болады?

Бұл түсініктерді алғашқы рет ағылшын экономисті Ричард Контильон
қолданған болатын. Ол кәсіпкерді тәуекел жағдайында жұмыс жасайтын адам, ал
жер мен еңбекті байлықтың көзі деп санады. Кейінірек атақты француз
экономисті Ж.Б.Сэй (1767-1832) өзінің Саяси экономия трактаты деген
кітабында кәсіпкерді өндіріс факторларының қисынын келтіріп ұштастыратын,
экономикалық қызмет атқаратын адам деп көрсетті.
Өкінішке орай экономика ілімінің негізін салушыар, классиктер
кәсіпкерді жеке дара қарастырылады. Ағылшын экономистері А.Смитпен (1723-
1790) Д. Рикардо (1772-1823) экономиканы өзін-өзі реттейтін механизм
ретінде қарастырды. Ал бұндай механизмде кәсіпкерлікке орын жоқ. Тек XIX-XX
ғасырларда кәсіпкерлікке ғалымдар көңіл аударды. Ағылшын экономисті
А.Маршалл (1907-1968) бірінші болып жоғарыда аталған өңдірістің 3-
классикалық факторына (жер, капитал, еңбек) төртінші факторды –
кәсіпкерлікті қосты.
Атақты американ экономисті Иозеф А.Шумпетер (1883-1950) өзінің 1911
жылы жарық көрген Экономикалық даму теориясы атты кітабында (кәсіпкер)
түсінігін жаңалық табушы (новатор) деп түсіндіреді.
Кәсіпкерлікке ағылшын экономигі, 1974 жылғы экономика саласы бойынша
Нобель сыйлығының лауреаты Ф.А.Хайек (1899-1984) жаңаша қарады. Оның
пікірінше, кәсіпкерліктің мәні – бұл қызметтің түрі емес, жүріс-тұрыс
сипаты, жаңа экономикалық мүмкіндіктердің зерттелуі және ізденісі. Ал
кәсіпкерлікке Кәсіпкердің энциклопедиялық сөздігінде мынадай анықтама
береді. Кәсіпкерлік – жеке табыс табуға бағытталған азаматтардың
инициативті дербес қызметі

2. Кәсіпкер туралы түсінік.
Кәсіпкер дегеніміз кім? – Бұл сұраққа жауап іздестіру барысында
тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен қажеттілігін және олардың
өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сыйпаттауға тура
келді. Осы орайда, кәсіпкер-қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды;
белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімдік танытады; нысаналы
нәтижеге жұмыс істейді, сындарлы сынға және орынды мадаққа дайын, ашық,
іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді, өзіне және серіктеріне қатаң
талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-
қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы -
өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда
– кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен
баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу
қажет. Акция бойынша, дивидент, депозиттерге процент, жер үшін алатын
рента, бұлар – меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстың көзі –
акционерлік компанияның басқару огандары, банк, арендаторлар өз қолына
басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе
жалға алған жерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді
ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда
болып саналмайды. Сонымен, меншік иесі – енжар, ал кәсіпкер – нарықтық
байланыстарды қалыптастыратын және қамытатын белсенді тұлға

болып табылады. Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық (іскерлік)
кәсіпкерлердің бірімен бірі байланысты төрт өызметкері арқылы сипатталады.
Олар: а) кәсіпкер – жер, капитал, еңбек ресурстарының біркелкі өндіріс және
қызмет процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып,
оларды өз қолына алады; б) кәсіпкер – бизнесті ұйымдастыру және жүргізу
процесінде кәсіпорынның әрекеттің бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін
анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін міндеттеме салады. в) кәсіпкер
– жаңашыл (өнертапқыш) коммепциялық негізде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік
технология және типті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге
ынтасы бар адамдар; г) кәсіпкер - жоғарыда айтылған оның үш қызметін
талдаудан шығатын қорытынды: ол тәуекелге бел буған адамдар. Кәсіпкер тек
өзінің ісіне жұмылдырылған картысымен тәуекелдіккке бармайды. Сонымен
бірге, ол өз уақыты мен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағы менде
тәуекелге барады.
Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты
капиталы – ұшқыр, қиял және тұтынушылардың психологиясын сезіуі. Нақ осылай
кәсіпкерге пайда түсіреді.
Кәсіпкерлікті менеджменттен және оны басқарушыдан ара-жігін ажырата
білу қажет. Кәсіпкер – бұл меншік иесі әрі ол шаруашылықпен тікелей
айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге
баратын адам.
Ал-менеджмент жалпы өндіріс пен тауар айналымын тиімді жүргізу мен
пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен формаларының, әдістері мен
құралдарының жиынтығы болып табылады. Менеджер – шаруашылықты ұйымдастыру
мен басқару жағынан арнайы білімі бар басқарушы.
3. Кәсіпкерліктің түрлері.
Кәсіпкерлік қызметті белгілері бойынша түрліше классификацияланады:
қызметінің түріне, меншіктің түріне, меншік иесінің санына, ұйымдастыру –
құқықтық және ұйымдастыру экономикалық формаларына, жалдамалы еңбекті
пайдалану дәрежесіне байланысты және тағыда басқалары.
Кәсіпкерлік қызметті түрі және мақсаты бойынша өндірістік,
коомерциялық финанстық консультативтік және тағы басқа түрлерге бөлуге
болады. Бұл түрлердің барлығы бірге немесе бөлек-бөлек жұмыс істеуі мүмкін.
Меншік түріне қарай кәсіпорын мүлкі жеке, үкметтік, муниципалдық және
сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің мүлкінде болуы мүмкін. Меншік
иесінің саны жөнінен кәсіпкерлік және коллективтік болып бөлінеді. Жеке
дара кәсіпкерлікте меншік бір адамның шешімінде болады.
Коллективтік меншік - әрқайсысының үлестері анықталған (үлестік
меншік) немесе, анықталмаған (бірлестік меншік) немесе бір мезгілде бірнеше
субъектілерге жататын меншік.
Кәсіпкерлік формаларын ұйымдастыру – құқықтық және ұйымдастыру
экономикалық деп бөлуге болады. Ұйымдастыру құқықтық жағынан кәсіпкерлік:
серіктестіктер, қоғамдық, кооперативтер болып бірнеше түрге бөлінеді.
Серіктестік – үлестері әр түрлі формалы және оның құрамынан шыққан
кезінде сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке және
орналасатын шағын компаниялар болып табылады. Серіктестік дегеніміз –
бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесе кәсіпкерлік жасауы.
Серіктестіктің бірнеше түрлері бар:
а) толық серіктестік (серіктестктің міндеттемелері бойынша, оның
мүшелері өздерінің барлық мүліктер мен ортақ та толық жауапкершілікте
болады); коммандитті серіктестік немесе сенім артқан серіктестік. Мұнда
серіктестіктің мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша,
өз мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек
өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болатындықтан, басқару
ісіне араласпайды;
б) шектелген жауапкершіліктегі серіктестік. Серіктестіктің
міндеттемелері бойынша, оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан
жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады.
в) қосымша жауапкершіліктегі серіктестік. Яғни, бұл жерде
серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері ең алдымен өз
жарналары көлемінде, ал жарналары жетпей қалған өз мүліктерінің жарнаға тең
көлемінде қосымша жауапкершілікте болады.
Қоғамдар (общество) шаруашылық қызметші жүргізу үшін көлемінде екі
адамның немесе заңды тұлғаның жарналарының біріктірілуі арқылы құрылады.
Жауапкершілік шектелген қоғамның мүшелері оның міндеттері бойынша
жауапкершілікте болмайды. Олар өздері қосқан жарналары көлемінде ғана
жауапкершілікте болады.
Ең көп таралған акционерлік қоғам санау 20-шы жылдары пайда боған еді.
Қоғамның ең көп таралғаны акционерлік коғам еді.
Олар мемлекеттік және аралас (мемлекеттік жекеменшіктік және
мемлекеттік кооперативтік) кәсіпорындар негізінде сауда-өнеркәсіп
салаларында әрекет етеді. Бірақ әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің
Қалыптасуы мен тауар-ақша қатынастарын шектеу акционерлік қоғамды
жоюға әкеліп соқты. Ақыры 20-шы жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында
аталған акционерлік қоғамдар мемлекеттік бірлестіктерге айналдырылды.
Қазіргі таңдағы нарықтық экономикаға көшуге байланысты жүргізіліп
жатқан экономикалық реформаны жүзеге асыру, соның ішінде меншік формаларын
қайта құру ісіне акционерлік қоғам өзекті проблемалардың біріне айналып
отыр.
Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді.
Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін әу баста келісілген сол
формада ғана қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Ғимаратты берсе, ал одан
шыққан кезде сол ғимаратты өзіне қайтаруға талаптанады.
Бұл жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады. Міне, осыдан сақтану үшін
серіктестікті акционерлік қоғамға айналдыруға болады. Мұндай қоғамда барлық
қосылыстың үлесі тек ақшалай салынады да, оның құрамфнан шыққанда оның
үлесі ақшалай қайтарылады. Сол арқылы қоғамның бір мүшесінің одан шығуы
өндірісті тоқтатудан құтқарады. Тек қана қоғамның ақа капиталын өз
мөлшерінде кемітеді. Бұл – жабық акционерлік қоғам.
Жабық акционерлік қоғамның мүшелері капиталға қосқан өз үлесін
дәлелдейтін акция алады және бұл қоғам бұндай әрекеттері бойынша,
жауапкершілігі шектелген серіктестік ретінде жұмыс істейді.
Мұндай қоғамның әрекеті мен нақты танысу үшін мынадай мысалды
қрастырайық. Бірнеше адам 3-5 шағын кәсіпорын ашқысы келді делік. Есеп
бойынша, мұндай кәсіпорында ашу үшін 500 мың теңге ақша қажет болсын.
Мұндай мөлшерде ақша оларда жоқ. Енді осы көлемдегі ақшаны алу үшін
олар ашық акционерлік қоғам құруға шешім қабылдайды. Дайындаған
кәсіпорынның жобасын 500 мың теңгеге тең жарғылық капитал деп жариялайды.
Оны 5000 дана бағалы қағаз акция ретінде ұсынады. Осыған сәйкес әрбір 100
теңгеге сай (500 мың:5 мың акция) қағаз-акция жарғылық капиталдағы қоғамды
ұйымдастырушылардың үлесі болып табылады.
Экономикалық мағынада акцияны қалай түсінуге болады?
Акция – бұл оның иесі акционерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын
және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы
бар екенін растайтын бағалы қағаз. Акционердің өз акциясына алып отыратын
табысы дивидент деп аталады. Біріккен өндірістік немесе басқа шаруашылық
қызмет атқару үшін адамдар тобымен құрылған кәсіпорында кооператив деп
атаймыз. Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру – экономикалық формасына
мыналар жатады: концерндер, ассоциациялар, концорциумдар, синдикаттар,
картельдер, финанстық-өнеркәсіптік топтар.
Концерн – бұл өндірістік, ғылыми-техникалық даму, сондай ақ
инвестициялық, финанстық, сыртқы экономикалық және басқа да қызмет
функцияларын ерікті түрде орталықтандыру негізінде құрылған кәсіпорындар
бірлестігі. Концерндердің салалық және көп салалы түрлері болуы мүмкін.
Жұмысты ұйымдастыру үшін концерн басқару жүйесін құрады, бұл жүйеге оған
қатысушылар өздерінің өкілеттігі мен функцияларының қажетті бөлігін береді.

Сондықтан концернге кіретін кәсіпорындардың дербестігі шексіз
болмайды, олар бір мезгілде басқа ұйымдар құрылымға кіре алады. Концернде
көптеген өнеркәсіп, ғылыми техникалық, шаруа, халық шаруашылығының басқа да
салаларымен кейбір негізгі экономикалық мәселелер жөнінде біріңғай басшылық
жүзеге асырылады.
Ассоциация – бұл біріңғай экономикалық мәселелер, әлеуметтік, саяси
мүдделерді іске асыру мақсатымен құрылған дербес кәсіпорындардың ұйымдардың
ерікті бірлестігі. Ассоциацияға кіретін кәсіпорындар шаруашылық
дербестігін, заңды ұйым құқын сақтайды, меншік түрлерін өзгертпейді.
Ассоциацияның құрамына мемлекеттік, коопеативтік, арендалық,
акционерлік, бірлескен кәсіпорындар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың
кәсіпорындары кіре алады. Ол үшін олардың өз құрылтайшыларының келісімі
қажет емес. Ассоциациялар заңды ұйым ретінде еліміздің барлық аймақтарында
халық шаруашылығының кез-келген салалары бойынша және шетелде өзінің
(бірлестік) өндірістік шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметін жүзеге
асыра алады. Ассоциацияның сан қырлы өндірістік-шаруашылық қызметін бір
орталықтан басқару міндеті әдетте бір немесе бірнеше қатысушыға жүктеледі.
Ассоциацияға қатысушылар оның қызметінен түскен пайдасын (табыстан) өз
үлесіне сай пайда алуға, жарғысында басқа шарттар көзделмесе, осы
ассоциацияның құрамына кірмейтін басқа кәсіпорындармен өндірістік-
шаруашылық қатынасын жасауға құқы бар.
Консорциум – нақты міндетті (күрделі мақсатты бағдарлама және жобалар)
шешу үшін уақытша шарт негізінде ұйымдастырылған бірлестіктер.
Синдикат – кәсіпорындар бірлестігі. Бұл бірлестіктер барлық
коммерциялық (сауда) қызметтердің белгілеу, өткізу, т.б. бірлестікке кірген
кәсіпорынның өндірістік және заңдылық дербестігін өз мойына алады.
Картель – бұл бір саладағы кәсіпорындар тауар болады, қызметтер,
үлестер және т.б. жөнәндеге келісімі.
Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыру – экономикалық формасы болып финанстық
- өнеркәсіптік топтар табылады. Олар өнеркәсіптік, банклік, сақтандыру және
сауда капиталдарының бірігуін білдіреді.

2.1. Өндірістік кәсіпкерлік.
Кәсіпкерлік қызметінің түрлері дербес болса да олар бір-бірімен
қиылысын бір-бірін толықтырып отырады. Бірақ соның ішінде өндірістік
кәсіпкерлікті алып қарайық. өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызметінің
негізгі түрі болып саналады. Өндірістік кәсіпкерлікке инновациалық ғылыми-
техникалық қызмет тауарлар өндірісі мен қызмет көрсету тауарларды
өндірістік тұтыну сонымен қатар осы саладағы информациялық қызмет жатады.
Кез келген кәсіпкерлер ең алдымен қандай тауарлар өндіреді, қандай қызмет.
Әрі қарай маркетингтік қызметке кіріседі. Тауарға деген сұранысты анықтау
үшін кәсіпкер тұтынушыларымен, тауарды сатып алушылармен байланысады.
Келіссөздің формалары аяқтауын кәсіпкермен тауарды болашақта сатып алушылар
арасында жасалған контракт білдіреді. Осындай контракт кәсіпкерлік
тәуелділікті минимумға жақындатады.
Кәсіпкерліктің келесі типі: өндіріс факторларына өндірістік фонд (қор)
жұмыс күші информация жатады. өндірістік қорлар негізгі және айнымалы болып
бөлінеді. Негізгі өндірістік қорларға жататындар еңбек құралдары. әр түрлі
зданиялар, құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, транспорт құралдары
және т.б. қорлар негізгі өндірістік қорлардың маңызы элементті машиналармен
құрал-жабдықтар.
Негізгі қорлардың осы бөлігін активті бөлік деп атайды. Себебі
машиналар мен құрал-жабдықтар нәтижесінде тауар өндіріледі. Айналмалы
өндірістік қорларға еңбек заттары шикізат, негізгі және қосымша материалдар
т.б. жатады. Жұмыс күшін кәсіпкер жалдайды. Оларды хабарландырулар арқылы,
еңбек биржасы, достары, таныстары арқылы табады. Қызметкерлерді тандаған
кезде кандитаттың білімін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті құқықтық реттеу негізі
Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері
ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Кредиттік оқу жүйесі
Пәндер