Зиянкестердің экологиясы



І Кіріспе.
1 Негізгі бөлім.
а) Мақтаның негізгі зиянкестері.
б) Мақтаның негізгі аурулары.
в) Мақтаның зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес.
ІІ Қорытынды.
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жәндіктер айналамыздағы табиғаттың бір бөлігі боландықтан онымен өзара мықты байланысып тұрады. Жәндіктер биоценоз құрамына, яғни бір аймақ төңірегіндегі тірі өсімдік өрганиздері комплекісіне кіреді. Биоценоз организмдері өзара тығыз қатынаста бола отырып бір-біріне қатты әсер көрсетеді. Бұдан бөлек, жәндіктер жансыз (абиотик) табиғат әсеріне жолығып отырады. Жәндіктердің санына адам да әсер етеді (антропоген қызметі). Биоценоз - өсімдік және жәндіктер комплексте дамитын азды-көпті бір тұрлі топырақ және ауа райы жағдайы бар аймақтың әр түрлі биотопы үшін сипатты. Мақталық алқап, жоңышқалық, бау-бақша және арамшөптер биотоп болып саналады.
Жәндіктерге ауа-райы, ылғал және жарық айтарлықтай әсер етеді. Жәндіктердің дене температурасы қоршаған ортадағы ауа-райы температурасына байланысты барлық уақытта өзгеріп отырады. Көпшілік жәндіктер температура 10 және 400 шамасында болғанда қозғалыста болады, бірақ температура 20-300-ты құрағнда олардың қимыл-қозғалысы өте күшейеді. Температура не көтеріліп, не төмендегенде жәндіктердің қимыл қозғалысы төмендейді.
Әр түрлі түр үшін температураның шектелген төменгі және жоғарғы көрсеткіштері болып, оның төменгісінен төмен немесе жоғарғысынан жоғарыда жәндіктер дамымайды.
Әр бір жәндік түрінің дамуы үшін белгілі мөлшерде температура қажет, ол орташа тәуліктік температура жиынтығымен сипатталады, яғни ол көп күндік пайдалы температура жиындысына тәуелді. Ол мақтаның негізгі зиянкестері үшін есептеп шығарылған. Мысалы мақта көбелегінің әр бір ұрпағының дамуы үшін керекті пайдалы температура жиынтығы 5500, төменгі шегі 110-қа тең.
1 Қазақстан мақтасы.
М.Б.Майлыбаев, Алматы – 1969 ж.
2 Қазақстан мақтасы .
Ш.Көпешов , Алматы-1974 ж.
3 Интернет. www. google.ru.

Зиянкестердің экологиясы

Жәндіктер айналамыздағы табиғаттың бір бөлігі боландықтан онымен өзара мықты байланысып тұрады. Жәндіктер биоценоз құрамына, яғни бір аймақ төңірегіндегі тірі өсімдік өрганиздері комплекісіне кіреді. Биоценоз организмдері өзара тығыз қатынаста бола отырып бір-біріне қатты әсер көрсетеді. Бұдан бөлек, жәндіктер жансыз (абиотик) табиғат әсеріне жолығып отырады. Жәндіктердің санына адам да әсер етеді (антропоген қызметі). Биоценоз - өсімдік және жәндіктер комплексте дамитын азды-көпті бір тұрлі топырақ және ауа райы жағдайы бар аймақтың әр түрлі биотопы үшін сипатты. Мақталық алқап, жоңышқалық, бау-бақша және арамшөптер биотоп болып саналады.
Жәндіктерге ауа-райы, ылғал және жарық айтарлықтай әсер етеді. Жәндіктердің дене температурасы қоршаған ортадағы ауа-райы температурасына байланысты барлық уақытта өзгеріп отырады. Көпшілік жәндіктер температура 10 және 400 шамасында болғанда қозғалыста болады, бірақ температура 20-300-ты құрағнда олардың қимыл-қозғалысы өте күшейеді. Температура не көтеріліп, не төмендегенде жәндіктердің қимыл қозғалысы төмендейді.
Әр түрлі түр үшін температураның шектелген төменгі және жоғарғы көрсеткіштері болып, оның төменгісінен төмен немесе жоғарғысынан жоғарыда жәндіктер дамымайды.
Әр бір жәндік түрінің дамуы үшін белгілі мөлшерде температура қажет, ол орташа тәуліктік температура жиынтығымен сипатталады, яғни ол көп күндік пайдалы температура жиындысына тәуелді. Ол мақтаның негізгі зиянкестері үшін есептеп шығарылған. Мысалы мақта көбелегінің әр бір ұрпағының дамуы үшін керекті пайдалы температура жиынтығы 5500, төменгі шегі 110-қа тең.
Жәндіктердің даму тездігі температура жағдайына байланысты және онтогонезндің барлық фазаларына тиесілі. Оптималдық дәрежедегі температура қаншалықты жоғары болса, жәндіктердің дамуы үшін соншалықты аз мөлшерде күн талап қылынады және керіснше. Мысалы, мақта көбелегінің эмбрионал дамуы температура 220-қа жеткенде бес-алты күнге, ал 290-га жеткенде үш-төрт күнге созылады.
Температура жағдайлары көбнесе жәндіктің жыл бойына неге рет ұрпақ беруін белгілейді. Мысалға, мақта көбелегі температура жоғарылау аймақтарда 4-5 үрпақ берсе, температура төмендеу аймақтарда 3-4 рет үрпақ береді, ал қаратопырақты жерлерде 2 реттік үрпақ береді.
Жәндіктердің төменгі температураға төтеп беру дәрежесі дене пратоплазмасының сумен толығуына байланысты. Демек, протоплазма суынғанда суды жоғалтса және тірі дене коллойдтарында қайтарып болмайтын өзгеріс болса, организм өледі. Суыққа төтеп беру организмның жағдайына және ауаның қаншалық тез суынуына байланысты болады. Сонымен қатар денеде артық майдың қорлануы да суыққа төзімділікті арттырады. Мысалы, денесінде майы көп және су мөлшері аз болған күздік көбелектің құрты 8-100 суықта өледі, немесе әлсіз дамыған және су көбірақ болғанда тиісінше 5-6 0 - та өледі.
Ауа температурасының тез емес, бірқалыпты төмендегенде дамыған зиянкес суыққа өте жақсы төтеп береді. Қыста қар қабаты топырақтың қатты суып кетуінен және зиянкесті төтенше өзгерістерден сақтайды, соған байланысты топырақ астында және үстінде өмір сүретін зиянкестер қысты жақсы өткізеді. Ауа рай тез өзгеріп түратын қарсыз қыс болса, керсінше қыстаушы зиянкестердің санына айтарлықтай кері әсерін тигізеді.
Қоршаған ортаның ылғалдылығы да зиянкестің дамуына қатты әсер етеді. Ылғалсүйгіш, құрғақшылыққа шыдамды және ылғалдылықты орташа талаб ететін зиянкестер бар.
Жарық күннің ұзақтығы және күн радиациясы зиянкестерге айтарлықтай әсер етеді.
Көбнесе зиянкестердің өмірі белгілі дәрежеде топырақпен байланысты болғандықтан, бірнеше зиянкестер топырақ түріне, физика-химиялық құрамына, ылғалдылығы және органикалық заттардың мөлшеріне талапшаң болады. Күздік көбелек жеңіл топырақты жақтырып, ауырынан қашады; шегерткелер болса керісінше тұқымдарын жыртылған жерден алысырақ жайға қояды. Зиянкестердің дамуына қарсы қатар агротехникалық амалдар іске асырылғанда осы жағдайларға көңіл бөлінеді.

Фенология
Зиянкестер мен қоршаған орта арасындағы байланыстарда белгілі бір заңдылықтар бар. Осыны есепке алып, өсімдіктерді зиянкестерден сақтауға бағытталған амалдар өткізіледі және оларды құрту мерзімдері белгіленіп алынады. Бұл дегеніміз, жасырын дамитын зиянкес түрлеріне қарсы күрес алып баруда өте маңызды.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді және олардың өзара байланыстарын фенология жүргізу арқылы байқауға болады. Фенологиялық күзету әдісімен, зиянкестердің фазалары немесе ұрпақтары қанша уақытқа созылғандығы анықталады.
Фенологиялық бақылаулар өткізу жолымен зиянкестер мен өсімдіктердің көптеп пайда болу мерзімі мен даму фазалары белгіленеді. Бұлар методологиялық жағдайларға байланысты болады.
Табиғатта энтомофагтардың өмір сүруі және дамуы жәндіктердің санына байланысты. Кейбір зиянкес түрлерінің жылдың белгілі мезгілінде, олардың көптеп көбейу уақыттары болады, бірақ әр жылы бір жердің өзінде олардың пайда болу мерзімдері барлық уақытта бірдей бола бермейді. Зиянкестердің көбейіп кетуіне жол бермеуге немесе қорғау тәсілдерін өз уақытында ұйымдастыруға фенологиялық күзетулердің нәтижелері айтарлықтай жәрдем береді, алынған мәліметтер арқылы зиянкестердің жаппай көбейу уақытын алдын ала анықтауға мүмкін болады. Жауын шашын көп болған және көктем ылғалды келгенде акация, мақта битінің көбейіп кететіні белгілі. Қозаға шанақтау мезгілінен бастап көбелек түседі.

Зиянкестердің жаппай көбейуінің себептері
Зиянды жәндіктердің жаппай көбейіп кетуіне біріншіден, күзгі-қысқы маусым қолайлы келіп жәндіктердің қыстап шыққандығы, екіншіден, мақталық алқаптардың істен шығу есебінен бос жерлердің көбейуі әсер етеді. Шаруалар қолданатын түрлі агротехникалық іс - шаралар зиянкестерге түрліше әсер етеді. Мысалы, жерді 40 см - ге терең жырту, зиянкестерге кері әсер етеді, үйткені жердің төмен қабатына түскен зиянкестің көбейу мүмкіндігі төмендейді.
Суғарылатын аймақтардың суару мерзімдері кейбір зиянды жәндіктердің көбейуі үшін үлкен мәнге ие. Мысалы, карадрина құрттары қуыршақтануға кіріскен мезгілде мақталық алқаптар суарылса, олар жаппай қырылады. Түнде суарылса да карадринаның көп бөлігі жоғалады. Күздік көбелекке қарсы биологиялық әдіспен күрес алып барылғанда жерлерді суару жақсы жәрдем береді. Суарылғаннан кейін зиянкестердің құрттары көптеп жердің бетіне шығады және оларды құстар жейді. Ал мақта көбелегі суарылған алқаптарға тұқым қоюды жақтырады, мұнда пайда болған гегрометрлік жағдай зиянкестің дамуы үшін қолай болад.
Егу мерзімдері және өсімдіктердің бір тегіс өсуі де зиянкестерге түрліше әсер етеді. Сондықтан, кеш егілген шит, кеміруші зиянкестерден көп залалданады, кейде бұл зиянкестер жаппай көбеймеген жылдардың өзінде де егіндер көптеп залалдануы мұмкін.
Арамшөп басқан егін алқаптарының жағалары көп зиянкестер үшін маңызды роль атқарады. Олар мақта өскіндері пайда болғанша арамшөптерде топталады немесе мақталықта ыңғай болмаған даму фазаларын сонда өткізеді. Қазақстанның Оңтүстігіндегі мақта егістері өзара, түт ағаштармен немесе жәй шегара бөлшектермен бөлінген. Әсіресе шаруаларға жер бөлініп берілген жылдардан кейін, егіс аралық шегералар көбейіп кетті. Бұл жәйіт жағдайды тіптен нашарлатып жіберді. Шегаралық бос жатқан жерлерде арамшөптер көбейіп, онда зиянкестердің дамуына қолайлы жағдай туындатып отыр.
Кейбір жылдары зиянды жәндіктер бірдестен жаппай көбейіп, ауыл шаруашылығына қатты зиян келтіреді. Зиянкестің жақсы жағдайда болуы және ұрпақтарының өміршең болуы олардың жаппай өсіп көбейуіне жағдай жасайды. Бұл үшін азық жетерлік, гигротермиалық жағдай қолайлы, зиянкестің табиғи жаулары мен аурулары кемейген болуы керек. Мысалға, күздік көбелектің өсімталдығы май тұқымшасының қаншалықты дамуына және көбелектердің азықтануына байланысты. Белгілі мөлшерде азықтанған және қолайлы ауа-райы жағдайында белгілі бір түрге ылайық май тұқымшасы дамйды және қор ретінде топталады. Көбелектердің әр түрлі өсімдіктердің шырындарымен азықтануы, олардың өсімталдығын жоғарылатады.
Өнімді сақтап қалу мақсатында әр түрлі улы химикаттарды ретсіз пайдалану нәтижесінде биоценоздағы түрлердің табиғи саны бұзылады. Биоценоздардың бұзылуы нәтижесінде зияенкестер түсетін егіс алқаптарының аумағы тоқтаусыз көбейеді, салыстырмалы түрде пайдаланылатын улы химкатар көп пайдаланылады, жануарлар мен құстар уланады. Және көңілге қаяу орнататын жәттер, зиянкестермен бірге пайдалы жәндіктер, энтомофагтар және акарифагтар қырылады, бұл жәйт зиянды организмдердің өршуі үшін қолайлы жағдай туындатады.
Айта кететін жағдай, дүние жүзі бойынша қазіргі уақытта пайдаланылып жұрген препараттардан айырмашылығы бар дәрілер шығару бойынша тынымсыз ізденістер жұргізілуде. Бұл жаңа дәрілер зиянкестерді көбірақ қырып, бірақ қоршаған ортаға, адам және жануарларға, сонымен қатар пайдалы жәндіктер үшін анау айтқан зиянды болмауы тиіс.
Әрине, биоценоздағы кейбір түрлердің ара қатынасы тек улы дәрілердің әсерінен бұзылады, деп біржақты айтуға болмайды. Көпшілік агротехникалық шаралар, атап айтқанда, ауруларға шыдамды, бірақ зиянкестерге шыдамсыз жаңа сорттардың пайдаланылуы, оларды зиянкестердің өсімталдығы және өмір сүру ерекшеліктерін есепке алмай жайластыру, бұл жәндіктердің дамуы және көбейуі үшін өте қолайлы жағдайлар жаратып беруі мүмкін.
Табиғаттың өзіне тән қасиеттерін есепке алған жағдайда оны ақылмен басқару, зиянды және пайдалы жәндіетер түрлері арасындағы тығыс байланыстарды анықтау - өсімдік қорғау ісінің күрделі басты шарттары болып саналады.
Қазіргі таңда өсімдіктерді қорғаудың интегралды жұйесі жасап шығарылған. Бұл жұйенің мақсаты энтомофагтарды толық сақтап қалған жағдайда агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді комплексті түрде пайдалану нәтижесінде зиянкестерді құрту болып табылады.

Мақта қозаның негізгі зиянкестері мен аурулары.

Мақта өсімдігін (қозаны) әртүрлі көптеген организмдер-шыбын-шіркейлер, кене, тағы басқа омыртқасыз жәндіктер, сондай ақ ұсақ микроорганиздер- уақ саңырауқұлақтар мен бактериалар қорек етеді.
Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация, мақтаның биттері, темекі бітесі, мақта көбелегі, күздік көбелек және т.б. болып табылады. Әр жылдары бұлардың әр түрі көбейіп кетеді. Мысалы, 1998-2003 жылдары мақта көбелегінің кұрттары күрт көбейіп, бірқатар шаруа қожалықтарында көсектердің зақымдануынан мақтаның түсімі гектарына 4-6 центнерге дейін, Мақтаарал ауданы бойынша 14,1 центнерге дейін кемісе, ал 2006-2007 жылдары мақта битінен бөлініп шыққан шіреден, мақтаның көптеп ластануы, соның нәтижесінде мақта шикізатының сапасының төмендеуі байқалды.
Қоза көктеп шыққанан толық пісіп жетілгенге дейін, бүкіл өсіп даму кезеңі бойынша әртүрлі зиянкестерден зақым көре береді. Өсімдік дамуының алғашкы кезеңінде ақ, яғни өне бастаған тұқымы мен бүр жарған өскінін күздік көбелек зақымдап үлгереді.
Зиянкестер ауыз аппаратының құрылымына қарай өсімдіктің сөлін сору арқылы (сорушылар) немесе жапырағьн, тіні мен бұтақшаларын, көсек салушы органдарын кеміріп (кемірушілер) қореқтенеді.
Сорушы зиянкестердің негізгілеріне мыналар жатады:
Өрмекші кене -- бунақ аяқты, уақ жәндік. Ересек ұрғашысының ұзындығы - 0,3-0,6 мм, еркегінің ұзындығы - 0,2-0,3 мм. Ұрғашысының денесі жұмыртқа пішіндес, ал еркегі сына секілді болып келеді. Жазда сарғыш-жасыл, күзге салым -- қызғылт сары-қызыл, қысқа қарай - қызыл-қоңыр түске енеді. Бүйірінде екі қара қоңыр дағы бар. Ересек кенелердің 4 жүп аяғы, қуыршағының (личинка) 3 жүп аяғы болады.

Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап, оның сөлін хлорофилл дәндерімен қоса сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары, түйіншелері мен көсекгері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады.
Кене мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға, шілдеде зақымдаса -- 25-40 пайызға, тамызда зақымдаса -- 5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бүталар мүлде өнім бермейді.
Өрмекші кене өте тез өсіп-өніп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде, жағдай қолайлы болса, 100-140 жұмыртқа салады, кейде мұнан да көбейтеді. 2-3 күннен кейін жұмыртқадан алтыаяқты қуыршақ-кене шығады. ұзындыєы 0,1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін-ақ жетіліп қалады. Осыдан соң қуатына еніп, ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады, олардан айырмасы -- түрқының қысқалығы ғана. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенеге айналады, ал үрғашылары жұмыртқа салуға кіріседі.
Өрмекші кененің бір ұрпағының жазда өсіп-жетілуінің жалпы үзақтығы 8-12 күнге, ал көктем мен күзде 15-20 күнге созылады. Бір маусымда кене облыстың онтүстік аймағьнда 18-20 мәрте, ұрпақ өрбітеді. Бір ұрғашы кененің өзі маусымның аяғына дейін үш жүз миллиард ұрпақ шашып үлгіруі мүмкін.
Ұрықтанған ересек ұрғашы кенелер күзде өздері өсіп-өнген алқаптарда топырақтың үстіңгі қабатында, көсекгердің, өсімдік қалдықтарының, түт ағаштарының қуыстары мен жарықтарында, жапырақ шірінділерінің астында қыстан шығады. Олар аязға өте төзімді келеді. Ылғалды жерлерде, тіпті 25° суықтың өзінде ұрғашы кенелердің жартысына дейіні аман қалады. Олар аяздың температурасы 29-30° градусқа жеткенде және одан асқанда ғана. қырылады. Ерте көктемде, күн 5- 10°-қа жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып, қоза аңыздарының төңірегіндегі арамшөптерге ауысады да, сонда үйір-үйір больш көбейеді. Содан соң жол бойы мен аралықтарда мақга егістігіне ауысады.
Кене ауа ағыстарымен, желмен, құлаған жапырақтарды альп кететін арық-атыздардағы сумен таралады. Қоза атыздарының төңірегіндегі тұт ағаштарын қырыққан, бұтаған адамдардың өздері де олардың таралуына себеп болады.
Алқаптьң кенемен зақымдануы алғашқыда ошақтьгқ сиптатта болады - қозалықтың әр жерінде жеке-жеке зақымданған өсімдікгер пайда болады. Мїндай ошақтар зақымдаушы көзге жақын жатқан алқаптьң шет-шетінде жиірек кездеседі. Жағдай қолайлы болса, мұндай ошақтар тез жайылады да, өзара қосыла келе бүкіл алқапты жайлап алады.
Суық түсуі және жауын-шашын зақымдануды тежей түрғанымен, оны тоқтата алмайды.
Кенені жоюға бірқатар пайдалы жәндіктер, құрт-құмырсқалар
(насекомдар) қатысады. Олар -- стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін
трипс (біте), жыртқыш бұрге және жарқырауық зерқоңыз. Бұл
жыртқыш насекомдардың қомағайлығы сансыз кенені қырып-жоюға
себеп болады. Мысалы кенемен қорекгенетін трипс тәулігіне кененің
50 жұмыртқасы мен личинкасын, ал жарқырауық қоңыздың ересек
личинкалары -- 800-ге дейін жеп тауысады. Жыртқыш насекомдар да
мақталық кене мекендері алғаш пайда болысымен келеді де, соларды
қорек етудің арқасында тез көбейеді.
Өрмекші кенеге қарсы күрестің тиімді жолы -- оларды қыстаған жерінде жою болып табылады. Бұл үшін бос жатқан жерлерді жыртады, палдарды, телім аралықтарындағы үйінділерді жояды, егістік жерді тегістейді, ауыспалы егіс жүйесін енгізеді.
Мақта егістігінің тікелей өзінде жүргізілетін агротехникалық шараларға жататындар: қозапаяны жинап алу, күздікті терең жыртып, көктемгде тамыр жая бастаєан арамшөптерді құрту және ылғал сақтау үшін тырмалап-малалау, қыста суару.
Бұл шаралар қыстап шыққан кенені қорегінен айырады, егіс алдындағы кезенде қырып-жояды.
Кенеге қарсы күресудің химиялық шараларьша мыналар жатады:
Түт ағаштарын және телім аралықтары мен алқап жиектерін 2,0 процентгік минеральды-майлы эмульсиямен, 0,8 проценттік калъцийлі содаға 0,2 процент сабын қосылєан ерітіндімен, 15 проценттік карболинеуммен, 5 процентгік нитрофенмен бүркіп өңдеу.
Қоза аяқабын төмендегі улы химикаттармен бүрку ұсынылады (гектарына литр есебімен):
Би-58, 40% Э.К. (эмульсия концентрациясы), (1,5-2,5).
Вертимек, 18% Э.К. (0,3)
Данитол, 10%Э.К. (1,0-1,5)
Демитан, 10% С.К (суспензия концентрациясы), (0,6)
Золон, 35% Э.К (2,5-3,0)
Каратэ, 5% Э.К (0,5)
Митак, 20% Э.К. (2,0)
Неорон, 50% Э.К (1,5-2,0)
НуреиД,Э.К. (1,5)
Омайт, 57% Э.К. (1,5-2,0)
Омайт, 30% Ү.С. (үнтақ суспензиясы), (2,5-3,0)
Ортус, 5% С.К (0,5-0,75)
Пегас, 50% С.К. (0,8) .
Талстар, 10% Э.К. (0,6)
Осы жерде айта кететін жәйт, препараттардың нәтижелі әсер етуі көпнесе, мақтаның жағдайына байланысты. Ылғалды жердегі өсімдіктер шөлдеп тұрған қозаға қарағанда улы дәрілерді өзгерттіріп, клеткаларынан жақсы өткізеді және зиянкестер үшін улы болып қалады.
Мақта биті -- ұзьшдығы 1,5-4,0 мм болатьн үсақ жәндік (насеком). Тұрқы -- домалақ. Аяқтары үш жұптан түрады. Қарныньң етек жағында безі бар, оны қүйрықша дейді, ал арқа түсында екі безінен (сөлдік түтікшелері) жабысқақ сүйық зат шығарады. Ауыз құрылғысы жіңішке тұмсықша түрінде болады. Ересек биттердің қанатты және қанатсыз түрі бар.

Биттер әдетте өсімдіктің ең нәзік, үлпалы жеріне -- үстіңгі өскіндері мен жаңа жайылған жапырақтарына орнығьп алады да, оларды үшкір тұмсығымен тесіп, қозаның нәрлі сөлін сорып қоректенеді. Осының салдарынан жапырақтар бүрісіп, түсі де өзгере бастайды, сабағы бұралып кетеді, арасы тым жақын бунақтар мен айырықтар пайда болады, өсімдіктің дамуы тежеледі, түйіншелері мен көсекгерін төгеді. Зақымданған қозаның берер өнімі орта есеппен 15-20%, кейде, тіпті 50% және одан да көп мөлшерге азаяды.
Бит бөліп шығаратын сүйықтық қозаның жапырағына, ал көсектері ашылтан соң мақта талшығына жайылады да оны желімдеп тастайды. Талшықтың бұлайша былғануын қусырылу (заширение) дейді. Қусырылған талшыққа көбінесе қаракүйе туседі.
Биттер өте тез өсіп-көбейеді. Қанатсыз ұрғашы шіркейдің әрқайсысы күніне 5-10 личинка табады, ал бүкіл тіршілігінде мұны 150-ге дейін жеткізеді. Қанатты ұрғашы шіркей күніне 1-2 личинка табады. 7-10 күн өткен соң бұл личинкалар үлкен шіркейге айналады. Бір маусымда бір ұрғашы шіркейдің өзі 26 ұрпақ бере алады. Осы кезеңде одан тараған шіркейдің жалпы саны бірнеше миллиардқа дейін жетуі мүмкін.
Биттердің бұлайша өсіп-көбеюіне олардың көпшілігін қырып-жоятын сансыз пайдалы жыртқыш жәндіктер бөгет жасайды. Қанқызы, жарқырауық-зерқоңыздар, ызылдақ шыбьндар күн сайьн өсімдік битінің мың-мыңдап қырады.
Жаз бойы биттер ұрықтандырусыз көбейеді. Күзге қарай олардың көпшілік түрінде еркектері пайда болады. Ұрықтанған ұрғашы бит жұмыртқа салады, қыстап шығатындары да солар.
Қозалықта биттер бірнеше түрі тіршілік етеді. Олар -- бакша биті, жоңышқа биті, мақтаның ұлкен биті. Сондыктан биттердің түрлерін және тіршілік ету ерекшеліктерін ажырата етудің маңызы бар. Олармен күресудің қолданылатын агротехникалық шаралары өрмекші кенеге қарсы күресумен бірдей. Қозалық зақымдана бастаган алғашқы кезенде, яғни зиянкестер әлі қаулап көбеймей түрғанда, оны химиялық жолмен өндеу керек. Бүл үшін өрмекші кенеге қарсы қолданылатын жүйелі және қоспалы фосфорлы-органикалық химикаттар қолданылады. Қолдану ережесі де, мөлшері де дәл солай болады.
Мақта (бақша) битіне қарсы қолданылатын жаңа химиялық улы заттарға мыналардың кез кежені жатады (лга):
Арриво, 25% Э.К. (0,2)
Би-58, 40% Э.К. (1,5-2,5)
Данитол, 10% Э.К (1,0-1,5)
Децис, 25% Э.К. (0,4)
Золон, 35% Э.К. (2,5-3,0)
Каратэ, 5% Э.К. (0,5)
Митак, 20% Э.К. (2,0)
НуреиД,Э.К. (1,5)
Ровикурт, 25% Э.К. (0,4)
Талстар, 10% Э.К. (0,3)
Устад, 10% Э.К. (0,5)
Циракс, 25% Э.К. (0,2) (30).

Темекі трипсі -- мақтальгқта трипстің бірнеше түрі кездеседі, бірақ оған тек темекі трипсі ғана үлкен зиян келтіре алады.

Бұл -- ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрдей, табаны бұлтық-бұлтық, ұзынша қылшықтар көмкерген қылтанақтай қанаттары бар, тез қозғалатын жәндік. Тұрқының түсі сарғыштау келеді. Ұрғашысы өсімдіктің жапырақтарына бүкіл тіршілігінде 100-ге тарта жұмыртқа салады. 3-5 күнде олардан личинкалар пайда болады.
Личинкалар 4-9 күн бойы қоза жапырақтарының сөлін сорып тіршілік етеді. Содан кейін жерге еніп, қуыршақтарға айналады. 2-5 күн аралығында осы қалпында болады. Бір ұрпағының бүкіл өсіп-жетілуі 12-20 күнге дейін созылады. Жаз бойы мақталықта трипстің 8-10 үрпағы өсіп-жетіледі
Трипстер әсіресе көктемті кезде өскіндер мен жас өсімдікгерге көп зиян келтіреді. Үстіңгі бүртікке, болашақ жапырақтың қабыршықтарына жабысьш алып, жас өскіннің сөлін сорып алады.
Қыркүйек айында трипстер қыстауға кіріседі. Ересектері топырақта көсектер және жерде қалған шөп-шаламның астында қыстайды. Қыстап болған соң, шамамен наурыз айының орта тұсынан аяғына дейін ересек трипстер әуелі жоңышққа мен арамшөптерде тіршілік етеді де, қоза көкгеп шыға бастасымен мақталық алқаптарына ауысады.
Мұнда ол күзге дейін күнелтеді, бірақ бастапқы кезенде ғана елеулі зиян келтіреді.
Күресу шаралары мақта битіне қарсы күрес тәсілдерімен бірдей.

Мақтаньщ кеміруші зиянкестеріне мьшалар жатады:
Мақта көбелегі (көсек қүрт) -- алдыңғы қанаттарында дөңгелек теңбілі бар қоңырқай сары түсті көбелек; ақшыл-сары түсті артқы қанаттарынын орта түсында қара қоңыр жолы және аяққы шегінде қарақоңыр жолағы болады. Тұрқының ұзындыгы 12-18 мм. Қоңыр көбелек 14-27 күн тірінілік етеді, осы мерзімнің орта тұсында күніне 25-30 жұмыртқа салады. Бүкіл өмірінің барысында ұрғашысы нашар жетілген жылдарында 300-400, ал, жаппай көбейген жылдарында 1000 және одан да астам жұмыртқа салады. Жұмыртқасы ақ, шар түрінде, диаметрі 0,5 мм болып келеді. Онысы қоза жапырақтарында жеке-жеке шашылып жатады.

5-7 күннен кейін жұмыртқадан тұсі сұп-сұр, арқасының бойында қара қоңыр жолағы бар жұлдыз құрт шығады. Бұның өсіп-жетілуі 25-30 күнге созылады. Осы уақытта 5 мәрте түлеп, ұзындығы 45-52 мм-ге жетеді.
Жұмыртқадан шыққан алғашқы күндерінде жұлдыз құрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп қоректенеді, дөңгелекгеп қуыс жасап алады. Өзінің дамьп-жетілу кезеңінде әрбір жұлдыз құрт 6-дан 20-ға деін жемістік органды зақымдайды.

Мақта көбелегі қуыршақ кезінде, соңғы таралымның жұлдыз құрттары қоректенген алқапта қыстайды. Көктемде көбелектердің ұшып шығуы ұзаққа созылады, дегенмен, көпшілігі 10-15 күн аралығында пырдай болып көтеріледі (бірінші ұрпақ). Бұл қозаның алғашқы түйін салуы кезіне тура келеді.
Көбелектер мақтаның, қызанақтың (помидор), тағы басқа өсімдіктердің гүлінің шырынымен қоректенеді. Үшқаннан соң 1-2 күннен кейін олар жұмыртқа сала бастайды.
Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы әдетте шілденің екінші жартысына тұстас келеді. Бұл жолы олар алдыңғыға қарағанда шамамен он есе көп жұмыртқалайды. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыздың аяғында басталады.
Мақта көбелегінің көбейуін алдын ала анықтау әдістері: Қәзіргі уақытта мақталық алқаптарға мақта көбелгінің түскенін шамалап білу әдістері жасалынған. Әдістеме бойынша, қыстап шыққан ұрпақ көбелектері ауаның орташа он күндік температурасы 110 - тан асқанда және торырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 16 0 - тан көтерілгенде үша бастайды. Айдың осы онкүндігінен бастап пайдалы температура жиындысын есептеуге кірісіледі. Пайдалы температура 550 0 болғанда буын беру аяқталады және келесі ұрпақ басталады , осылайша жалғаса береді.
Осы әдістемеге қарағанда, орташа он күндік температура 25 0 - тан төмендегенде және мақта ашылғанда, бірінші жастағы көсек құрты азықтанғанда қыстайтын зиянкеске айлана бастайды. Зиянекстің қыстауға қаншалықты дайындалғандығы, сонымен қатар оның келесі жылда көбейе алуы, қолайсыз экологиялық жағдай басталғанынша, осы популяцияның өткізген пайдалы температура жиындысына қарап анықталады.
Егер бұл көрсеткіш кемінде 3050 - қа тең болғанда (құрттық стадиясының толық дамуы үшін керекті температура жиынтығы пайда болғанда) зиянкес жақсы қыстап шығады.
Сонымен, мақта көбелегінің пайда болуын (қысқа мерзімге) шамалап анықтауға, мақта зиянкесіне қарсы күресті тиімді жүргізуге жәрдем береді.
Күрес әдістері
Мақта көбелегіне қарсы кұресудің агротехникалық шараларына жататындар: жерді толық тереңдікте жырту, қыста суару. Сүдігердің (зябь) өзінде қуыршақтардың 80%-тен астамы қырылады, ал, оған қыста суаруды үштастырған жағдайда 90% дейін қырылады.
1.Зиянкестің санын келесі жылы азайтуға бағытталған ұйымдастыру шараларына, мақта көбелегінің қыстауға кететін соңғы ұрпағына қарсы химиялық дәрілеу шараларын ұйымдастыру.
2. Егіс алқаптарын тегістеу үлкен маңызға ие, ол егістердің тегіс суарылуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде кейбір алқаптарда су жиналып қалмайды, яғни мақта көбелегінің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалмайды.
3. Мақта көбелегіне қарсы күрес алып баруда зиянкестердің ошағы болған алқаптарда егістерді тәрдіпсіз орналастыруға жол бермеу керек. Жүгері, помидор сияқты зиянкес ең жақтыратын азықтары болып саналатын дақылдарды мақталық алқаптардан шеттеу егіп, оларда агротехникалық және қыру амалдары орындалуы тиіс.
4. Зиянкестің жаппай жұмыртқалауы мен бірінші жастағы кіші жұлдызқұрт кезеңінде қозаның ұшын қолда чиканкалап , өсу ұштарын қапшықтарға жинап, даладан алып шығып көміп тастау керек. Жүргізілген анықтауларға қарағанда бұл шара мақта көбелегінің тұқымдары мен жас құрттарын 40-55 %-ға жоюға жәрдем береді.
Күресудің химиялық шаралары бойынша мынадай интекситидтер қолданылады (лга):
Альфагард, 10% Э.К. (0,3), Арриво, 25% Э.К. (0,32),
Атаброн, 12% Э.К. (0,8), Данитол, 10% Э.К. (2,0),
Децис, 2,5% Э.К. (0,7), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трутовик саңырауқұлақтары Семей аумағының ағаш түрлерінің экологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде
Қыналардың құрылысы
Паразитті кенелер түрлерінің сипаттамасы
Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері
Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі
Экожүйелер экологиясы туралы
Агроэкология негіздері пәні және оның міндеттері
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Популяциялар экологиясы
Пәндер