Абайдың өмірбаяны


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

kunanbaev_40_s

Қазақтың данышпан ақыны Абай 1845 жылы Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Шығыс тауының жайлауында дүниеге келген.

Әкесі Құнанбай сөзге шешен, білімді, әзіл адам болды. Баласының болашағынан зор үміт күткен әке Абайды ел басқару ісіне ертеден-ақ араластырып, ел ішіндегі дау - жанжалдары шешкізіп отырған. Бырақ абай әке күткендей әкім болмады, ақын болды. Медреседе оқыған төрт жылда Абай араб, тарсы, иран, түрік ақындарын жете меңгерді.

Абай адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан әлемге ортақ тұлғалардың бірі болып саналады. Ол орыс және батыс әдебиетін де зерделей білді.

Қазақтың бас ақыны - Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбайұлы.

Онан асқан бұрынғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Қай жерде ақындар жайынан не ақындардың сөздері жайынан әнгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам жоқ. Оның сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпраларынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайды біздің Әбубәкір, Секйдахмет, Ақмолдарымызсияқты.

1822 жылдағы «Қан сонарда» сияқты өлеңмен бастап, нені көріп, ненгі сезініп, нені жыр етіп толғанса, бәрәнде де әр дәрежеде реалистік шеберлікті танытады . . .

Осы өлеңдегі табиғат көріністерін, өз сезімін және аңшылықтың қызулы, қызғылықты сәттерін сипаттағанда Абай өзінің жағаша қалыптаған ақындық мәдениетін танытады . . .

Бұндағы көретініміз қазақ халқы мекен еткен қысы туралы, табиғат, бүркіт салуға салт атқа мініп шыққан анық қазақтың аңшылар тобы. Ермек үшін еңбек еткен ширақ, сергек, қажырлы әрекет үстіндегі адамдар. Көпшілік елдерде, бұл замандарда қолданбайтын бүкіт аңшылығы суреттелмек. Осы адам тобының мінездері, аңшылықты тәсіл- тәжірибелі, әр алуан динамикалық кесек әрекеттері толып жатқан ұсақ машық - мерзімі тұтас қазақтың өзіне тән тіршілігі боп шығыды.

Сөйтіп барлық нақтылы фактілердің, жеке реальностардың баршысы нағыз қазақтың өзіне тән шындықтармен қалыптанудың үстіне, тутасымен алғанда, осы өлең зор мәдениетті, ірі суретші тудырған шығарма екенін танытады. Сол өзгешеліктерін, ең алдымен, пейзаждан байқауға болады. Көз алдымызға қар басқан елсіз таудың тұрғылы, қан сонар күнгі анық болмыс күйін елестетеді. Анық қазақ сахарасындағы аңшылар ғана жүретін жым-жырт таудың елең-алаңдығы тыныштық шағын беруден бастайды.

Абайдың пейзажы, тауы шығыс ақындарының тұманды тұспалына да соқтырмайды. Қазақ ақындары айтатын фольклорлық «заңғар тау», «қара аспан тауларға» да бармайды. Жаңаша берілген тау бейнесі, кеше ғана өзіңіз жүріп өткен жерлердің, ауыр таулардың ой- қырын, жотасы мен қорыс тастарын, қия беттерін, оны қарға түскен іздермен дәл ғана, түгел көрсетіп отыр.

Абай осы өлеңде өзі айтатын жайларды аса жақсы біліп, оны үлкен дәлшіл шындықпен жырлайтындығын танытады. Өлең композициясын алсақ, ауызша поэзияда жиі кездесетін ілгерлі-кейінді аттап түсіп отыратын, бірі ілгері, бірі кейіән орынсыз жүретін ауыспалы хал жоқ. «азын түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалды», - деп жазған Ахмет.

Сондықтан Абай сөздері жалпы түсінуіне ауыр екені рас. Брақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшіәлік. Олай болса, айып жазушыда емес, оқушыда.

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған.

Абайдың шығармалары

Қазақ халқының зерделі ойы мен қоғам өмірінің шын мәніндегі

энциклопедиясы - ұлы Абай мұрасына жүгіну, Абайды тану- бұл үлкен мәселе. Өзі мына пәни дүниеден көшкеннен кейінгі тарихи аласапыран жылдарда халық бастан кешкен алмағайып кезеңдер ақын мұрасына да бірде сәуле, бірде көлеңке түсіріп сан құбылды. Жиырмасыншы жылдардың орта кезінен бастап отыз жетінің ойранына дейінгі аралықтағы сталиндік саясаттың азат ой, ұлттық мүддені қыспаққа алып, алаштың аяулы азаматтарын құрбан қылған шағында Абай атына шабуыл жасалып, мұрасы елеусіз қалып, әділетсіз қараланады. Бұл әрине Абай мұрасын оқып-үйрену ісіне, зерттелуіне салқынын тигізбей қоймады.

Абайдың алтын сөзін кір шалмайды. Отызыншы жылдардың ортасынан бастап Абай мұрасы зерттеліп, жинақталып, Абайтану іліміне бірте-бірте бір арнаға түсе бастады.

Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп, тер төккен әдебиетшілер, ақын-жазушылар аз емес. Солардың ішінде ең шоқтығы биік, ірі тұлға - Мұхтар Әуезов еді. Ол Абай мұрасының жинақталу, жарық көру, зерттелу, оқытылу бағыт-бағдарын жүйелеген бір жазбасында 1940жылы 95 жылдық мерей тойынан бастап Абайды тану бағыты бел алып өскендігін, барлық мектеп оқулықтарына бағдарламаға енгізілгенін айта келіп, бұл салада түрлі монография, бірнеше десертациялық еңбектер жазған С . Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмаилов және А. Солобьев, М. Силбченко, Н . Смирнова сияқты ғалымдарды және бірнеше аудармашыларды атайды.

Абайды қалай зерттеп, қалай танимыз деген сұраққа Әуезов өзі былай деп жауап беріпті: ’’Біз ұсынатын, қолданатын әдісіміз барлық дүние классиктерін зерттеудегі дағдылы әдіс:өмірмен, өсу, даму жылдарын ақындық эволюциясымен жыл-жылдап уақытымен тексереміз. Абай бір күнде Абай болған жоқ. . Өсе жүре, еңбек ете, іздене таба жүріп қалыптасып, тола береді. Сондағы табиғи жолын танимыз, өрісті, іргелі, орынды зерттеулер осы арнаға түспей болмайды, ”-деді

Абай тілін зерттеуші профессор Қажым Жұмалиевтің Абай мұрасын зеттеудегі орны ерекше. Оның “Абай поэзиясының тілі” атты монографиясында автордың өзі айтқандай, Абай бүкіл тілі емес, соның бірақ жағы- поэзиясындағы әдеби - көркемдеу тәсілдерінің көрінісі, яғни”поэтик тілі”талданады және зерттеуші бұларды жеке-дара регистрация тұрғысында алмай, Абайдың қазақ әдебиеті мен әдеби тіліндегі орнын айқындап, оның табыстары мен жаңалықтарын көрсете талдайды.

Ұлы Абай тілін жан- жақты зерттеген профессор ғалым Рәбиға Сыздықова өз еңбектерінде ақын шығармашылығын терең талдайды. Сөз өрнегін толғаулы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі ерекшеліктерін айқындап көрсетеді. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісін, ондағы дәстүрлі нормалар мен Абай ұсынған жаңалықтарды танытады. ”Абай шығармаларының тілі”атты еңбегінде ақын тілінің ерекше тұстары мен лексикалық қабаттарына талдау жасалынған.

Абайдың поэтикалық тіл өрнегін сөз еткенде А. Нұрқатовтың, М . Базарбаевтың зерттеулерін атау қажет. Мысалы, М. Базарбаев қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі образдарды сөз ету үстінде Абай шығармаларына да соғады. ”Қазақ топырағындағы Абайдың ұлы жаңашылдық орнын жаңалық пен дәстүрді бір- біріне қарсы қою арқылы емес, қайта жаңалық сол дәстүрлер топырағында туып қалыптасқан деп тану арқылы көрсету керек, - “ дейді.

Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда, негізінен, үш қабаттан тұрады деп табамыз. Олар:қазақтың төл сөздері, араб-парсы сөздері, орыс сөздері . Бірқатар зерттеушілер қазақ, қырғыз тілдерінің сөздік құрамын тілдік тегі жағынан алғанда, төртінші қабатты - монғол сөздерін атайды. Бертінгі дәуірлердегі жеке қаламгердің тілін әңгімелегенде, біздіңше, бұл қабатты арнайы бөліп шығармаса да болатын тәрізді. Өйткені бұл тілдердегі монғол элементтері, түркі-монғол туыстығы теориясын былай қойғанда және осы күнгі әрбір түркі тілінің өз алдына жеке бөлініп кеткен дәуірлерінде енген деп есептегеннің өзінде, олар негізінен қазақ, қырғыз тілдеріне ерте дәуірлерде енген. Абай дәуірі тәрізді күні кешегі ХX ғасырдың екініші жартысында қазақ тілі құрамындағы, оның ішінде жеке ақын-жазушылар тіліндегі монғол сөздері тілге әбден сіңісіп кеткенде. Көптеген араб, әсіресе парсы сөздері тәрізді, монғол сөздерінің де тектік белгісі не фонетикалық, не семантикалық жағынан төл элементтерден ажыратылмайтын дәрежеге жеткен.

Жазушының тілі бар да, мәнері немесе стилі бар. Мәнер немесе стиль- жазушының өзіне тән баяндау сипаты, ол- жазушы шығармашылығының мазмұнына лайық таңдап алған тәсілдері, яғни жазушы мәнері -жазушының тұтас тұлғасы, өзі, өз басы. Жазушының тілі дегенге келсек, ол қаламгердің жалпыға ортақ тіл қазынасынан алып көпшілікке қолданған, көптеген жазушыға тән сөздік байлық пен грамматикалық тұлға - тәсілдер, орысша айтқанда первоэлемент, яғни жазушының тілінің сүйегі.

Қазіргі жазба әдеби тіліміздің ірге тасы қаланар тұсындағы лексикалық қабатын зерттегенде, ең алдымен көрінетін басты сипат- ол қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізгі екендігі. Яғни сан жағынан да, даму тенденциясы жағын да әдеби айналымға түсуі жағынан да қазақтың халықтық төл сөздері бірінші, басты қабат болып қалғанын дәлелдей түседі.

Абай мен оның тұсындағы қазақ әдеби тілі лексикасының өзге қабаттардан араб-парсы сөздері мен орыс сөздері назар аударады. Араб-парсы тілдері Абай үшін, бірден-бір сүйеніш құрал да емес. Ғасырлық мол мәдениеті бар шығыс елдерінің қазақ тіліне, қазақ мәдениетіне тигізген ықпал - әсерін Абай мүлде жат көрмеді. Сондықтан шығармаларының тілінде бірқатар араб- парсы элементтерін активтендіріп, олардың қолданылу жиілігі күшейе түсті. Бұл тұста Абай мектеп- медреселерде үстем болған Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Сопы Аллаяр тәрізді суфизм сарынындағы ірі ақындармен қатар, шығыс поэзиясының ұлы классиктері Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Фирдауси, Шамсилерді, шығыс қисса-дастандары мен ғұлама ғалымдарды тесіле оқып, іштей түлеп, толысып келе жатқан ойшыл ақын еді.

Сол шығыстық әдебиет әсері Абай шығармаларынан да орын тапты.

Абай өлеңдері мен қ ара сөздерін қоса алғанда араб-парсы тілдерінен 374 сөз қолданған. Мұның 162 -сі өлеңдерінде, қалған 212 -сі әңгімелерінде кездеседі . Бұлардың бірқатары термин: ғылымдық, әдебиет, философиялық және діни ұғымдармен байланысты.

Абай тілінде орын алған араб-парсы сөздерін бірнеше тұрғыдан қарап талдауға болады, яғни оларды біз:

1. жалпы халықтық тілге енген уақытына қарай,

2. қамтитын тақырыбына қарай,

3. қолданылатын әдебиет жанрына қарай,

4. қолданылу мақсатына қарай,

5. фонетикалық -грамматикалық тұлғалануына қарай,

6. жалпы халықтық және жазба әдеби тілге енуіне қарай,

7. лексика-грамматикалық сипатына қарай талдаймыз.

Абай лексикасындағы араб- прсы қатары түгелімен неологизмлер емесекені аян. Олардың едәуір бөлігі қазақтың жалпы тіліне сіңісіп, қалыптасып, ертеден қолданылып келеді. Н. К. Дмитриевич түркі тілдерін арабыланған және арабыланбаған деп екіге бөлгені бойынша қарасақ, , біздіңше қазақ тілі бірінші топқа жатады. Өйткені ислам діні етек жайған 19 ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын қазақ тілі сөздік құрамына қыруар шығыс сөздері болғаны аян. Қазақ тіліндегі парсы қабатының белгілі бір тобының, әсіресе тұрмыс- шаруашылығына қатысты қазақша дублеттерінің қазірде болмауы да бұлардың өте ертеден сіңісіп, өзге параллельдерді тілден ығыстырғандықтарының дәлелі.

Абай шығармаларында кездесетін араб-парсы сөздерінің сол кездегі халықтың сөйлеу тілінде көп кездесе бермейтін, көбіне жазба әдебиет арқылы жалпы халықтық тілде қолданыла бастаған түрлері де бар. Оған арабтың сұқбат, мехнат, уәзін, ғиззат, ғақлия, hәмишә, тағриф сөздері жатады.

XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың орта тұсында жасаған қазақ ақын- жырауларының тілінен және ауыз әдебиеті үлгілерінен дінге қатысты бірқатар араб сөздерін табамыз. Мысалы, Бұхар жырауда: пұсырман, қыдыр, иман, кебе, намаз, фани, ақырет, алла, молда, мешіт; Тақырыбы діннен мүлде басқа Махамбетте фәни, құрбан, садаға, ақы; Оның үлгісін әрмен жалғастырушы Шерниязда : молда, дұға, әруақ, құрбан т. б сөздерді ұштастырсақ,, бай шығармаларынан да дінге қатысты қолданыстарды көреміз. Бұл қолданыстар өлеңдерінде және “Қара сөздерінде ” көп жұмсалған. Соған орай ислам дініне қатысты сөздердің ең алдымен бұрын енгендерін қолданады. Мысалы бейіс, бенде, иман, ахырет, аят, әруақ, тәубе, пәни, алла, молда, сопы тәрізді арабизм-фарсизмдерді кездестіруге болады. Абай қоғамының түсінігіндегі құдайдың бірнеше атауы : қазақтың исламға дейінгі жалпы түріктік тәңрі-сі, парсының құдайы-ы , арабтың алла-сы, құдіреті, жаббар-ы расул-ы бар ма - барлығы да бұл кезде актив сөздер . Абай да оларды жатсынбай синонимдік қатар түзеп пайдаланды. Бір жерінде: Тәңірі қосқан жар едің сен деп келсе, екінші жерінде: Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп дейді. Үшінші жерде : Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес деп арабша атауын жиі қолданады.

Діни тақырыпты жырлайтын кітаби қиссалар арқылы халық тіліне кіре бастаған перзент, перизат, дүлдүл тәрізді сөздері Абай қиссаларындағыда тура мағынадағыдай емес, көбіне ауыспалы мағынада жұмсайды. Діни әдебиетте кездесетін араб- парсы сөздерінің біразын Абай осылайша ауыспалы мағынада қолданады да, қалған басым көпшілігін тіліне әдейі жуытпайды. Өзі айтқандай «Әзірет Әлі, аждаһарсыз» жазған діни қиссалардың тақырыбында да, стилін де, қабылдамағанын тілінен тануға болады. Қисса дастандардағы қырықшілтен, ғайып ерен, Баба түкті шашты Әзіз, сахаба, жәбірейіл, фарман тәрізді «жүрдек» сөздер Абайда жоқ, өте сирек немесе көбіне ауыспалы мағынада қолданылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай мұрасын зерттеу
Абайтану ғылымы
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz