Инвестициялар есебі туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Инвестициялар есебі

Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынытын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік (тәуекелге бару) . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі- жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық.

Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржыны керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік- иелену мерзімі бір жылдан артық.

Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында экономикалық дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың рөлі мен маңызы өте ерекше. Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:

  1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді көбейтеді;
  2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады;
  3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технологияны елдің шаруашылық субъектілерінде қолдануды жылдамдатады;
  4. Сырттан келген капитал - елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестіктің қабілетінің жоғарылауына әсерін тигізеді.

Қаржылық инвестициялар есебі

Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:

  • валюталық нарық;
  • құнды қағаздар нарығы;
  • несие- капиталы нарығы (ақша нарығы) ;
  • асыл металдар нарығы (алтын нарығы) .

Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілер, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығы потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады. Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.

Мемлекеттік құнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қ. Р. Ұлттық банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

  • Ұлттық жинақ облигациялары.
  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме.
  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме.

Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және тағы басқалар болып табылады.

Корпоративтік құнды қағаздар - шаруашылық субъектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп санайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.

Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:

а) ақшалай;

ә ) капиталды.

Ақшалай бағалы қағаздар ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды құнды қағаздар - шаруашылық субъектісінің қорын құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.

Қарыздық құнды қағаздар бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт барысында процентімен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатады.

Инвестициялық құнды қағаздар - иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді . Құнды қағаздардың бүл түріне акцияны жатқызуға болады.

Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екіге бөлінеді.

Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатады.

Саудалық құнды қағаздар - белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықты және нарықты емес болып екі түрге бөлінеді.

Нарықты құнды қағаздар - айналыста еркін сатылып немесе сатып алынады.

Нарықты емес құнды қағаздар - қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар:

  • негізгі (акция, облигация) ;
  • көмекші(чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар) ;
  • туынды( варанттар, опциондар, бондар, т. б. ) болып үш топқа бөлінеді.

Акция дегеніміз - акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субъектісін дамытуға қаржы салғаны туралы күәләндыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жәй және артықшылығы бар деп аталатын түрлерге бөлінеді.

Жәй акциялар - акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір акция осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субъектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.

Артықшылығы бар акциялар - басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар шаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.

Атаулы акциялар дагеніміз - олардың иелері міндетті түрде шаруашылық субъектісінің реестірінде тіркеуге тиісті акциялар болып табылады. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған табыстау туралы келісім-шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шаруашылық субъектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.

Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субъектісінде тіркелмейді. Шаруашылық субъектісі, әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.

Облигация дегеніміз - оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналды құнын белгіленген процентті төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субъектісі үшін инвестицияның маңызы көп болып табылады.

Депозиттік сертификаттар дегеніміз - ірі номиналға ие болып табылатын мерзімдік сертификаттарды білдіреді, олар негізінен шаруашылық субъектілеріне арналған. Депозиттік сертификаттар құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке жинақ кітапшасы емес банктің борыштық сенімхатының рөлін атқаратын, сертификат берілетін мерзімде банктің салымдарының түрі болып табылады. Сертификаттардың өзі атаулы және ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.

Вексель дегеніміз - оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекшк бір түрі ретінде қызмет етеді. Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аудармалы болып екіге бөлінеді.

Сатып алу, өндіріс және өткізу циклдерінің аудиті

Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функционалды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі турлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр турлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.

Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жургізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

Тауарлы-материалдық қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды құрастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудиттің маңызды кезеңдері мыналар:

  1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
  2. Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
  3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
  4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
  5. Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
  6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын тексеру.
  7. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
  8. Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

Арнайы әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық- материалдық қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудиті бағдарламасы ұсынылады.

Қорларды сатып алу мен басқарудың функционалдық аудит бағдарламасы

Аудит процедуралары
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері
Аудит процедуралары: 1
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: 2
Аудит процедуралары: 1. Материалдық- техникалық қамтамасыз ету мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды талдау
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Жылдық, тоқсандық және ағымдағы есеп, сонымен қатар жедел мәліметтер
Аудит процедуралары: 2. Бастапқы есепті, бухгалтерлік регистрді және қорлардың қозғалысы туралы есеп беру жағдайын тексеру
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: 4-9 БЕС, қойма есебі карточкалары, кірістік ордерлер. материалды қабылдау туралы актілер, кем шығу, ТМҚ жоғалту туралы және т. с. с. актілер
Аудит процедуралары: 3. ТМҚ синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Бас кітап, 6, 7, 10 журнал-ордерлер есеп регистрлері, 4-9, 13, 15, 24 БЕС, шотардың үлгі жоспары
Аудит процедуралары: 4. Баланстағы ТМҚ бағалаудың дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: 4-7, 30 БЕС материалдық құндылықтарды түгендеу актілері
Аудит процедуралары: 5. ТМҚ бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақыттылығы мен дұрыстығын талдау
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері
Аудит процедуралары: 6. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстығын зерттеу
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Техникалық құжаттама, қойма шаруашылығын ұйымдастырудың стандартты мен нормативтері
Аудит процедуралары: 7. Қойма есебін, ТМҚ қозғалысы бойыншы бастапқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Бастапқы құжаттар, қойма есебінің карточкалары, материалдардың қозғалыс есебі бойынша тізімдеме
Аудит процедуралары: 8. Кәсіпорынның өндірістік қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етуілуін бағалау
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар
Аудит процедуралары: 9. Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Бастапқы құжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т. с. с.
Аудит процедуралары: 10. Өніммен жабдықтау, жұмыс пен қызметті орындау жөніндегі шарттардың сақталуын бақылау
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Қойма есебінің карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал ордер, Бас кітап, шарттар, нарядтар сертификаттар, шот-фактуралар және т. с. с.
Аудит процедуралары: 11. ТМҚ-ның өндіріске босату жөніндегі операциялардың негізділігі мен оларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын талдау
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Бастапқы құжаттар, материалдар қозғалысы есебі бойынша тізімдеме, 10 журнал-ордерлер Бас кітап
Аудит процедуралары: 12. ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын анықтау
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Есеп саясаты жөніндегі материалдардың қозғалысы есебі бойынша тізімдеме, 6-10 журнал-ордер
Аудит процедуралары: 13. Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Ішкі тәртіп, қызметтік нұсқаулар және 4-10, 13, 24, 30 БЕС
Аудит процедуралары: 14. Басқа жақтағы тысқары ұйымдарға ТМҚ өткізу мен қайта өңдеуге беруге байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Шарттар, калькуляциялар, сенімхаттар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау туралы акт. Кірістік ордерлер және т. б. 4-11, 24, 30 БЕС, Шоттардың үлгілік корреспонденциясы
Аудит процедуралары: 15. ТМҚ табиғи кему, бүліну және оларды арзандатудағы белгіленген нормадан тыс кем шығуын есептен шығаруға арналған құжаттар мен әкімшіліктің шешімдерін талдау
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері: Әкімшіліктің материалдарын есептеп шығаруға арналған актілері мен шешімдері, түгендеу актілері, нарықтық баға мен сатып алу бағалары туралы мәліметтер және т. б.

Шаруашылық жүргізуші субъектілері тауарлық - материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі- дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі- субъектінің шарушылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.

Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвистиция есебі және аудиті
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Қаржылық инвестициялар есебі
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
Инвестициялық есеп
Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі қаржылық инвестиция есебі
Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
Қаржылық инвестиция түсінігі
Айналымнан тыс активтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz