Микроэлементтер


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Микроэлементтер

Әлемде таңғажайып оқиғалар үнемі болып отырған. Солардың бірі ­­-Тунгусс метеориті. 1908 жылы июнь айының орта шамасында Тайгадағы тұрғын елдің зәресін ұшырып, аспанды жұдызша тілген алып от сыңсыған ну орманға келіп түсті. Оны коп адам көрді. Метеорт түскеннен кейін келген экспедициялар астан-кестеңі шыққан, өртенген орман ағаштарынан басқа ештеме де таба алмады. Осы күнге дейін жүргізіліп келе жатқан зерттеу жұмыстары бұл ғажайып құпия қойған жоқ. Бірақ біздің айтқалы отырғанымыз космостан келген заттың тарихы емес, онан кейінгі болған өзгерістер туралы. Алып қопарылыс, үлкен өрттен тамыры аман қалған ағаштардан бастап, қылқиған орман түгіне дейін екі-үш жылдан соң кенет қаулап өсе бастаған. Өсімдіктердің жапырақтары мол болған. Сырттан келген адам Тайганың осы жеріне сиқырлы күш біткен деп те ойлапты. Өртенген ағаштың күліндегі калийден болды ма деуге келмейді. Жерге келіп жарылған космостық дене өзімен бірге белгісіз заттарды ала келген ғой, деп те жорамалдаған. Ол егер метеорит болса, онда никель, платина, кобальт т. б. топырақта сирек кездесетін, толып жатқан элементтер болатыны белгілі. Алайда бұл қорытындының түсініксіз жағы бар тәрізді. Егістікке тонналап азот, калий, фосфор тыңайтқыштарын сеуіп, центнерленген, тонналаған қосымша түс аламыз. Ал сонау Тайгага түскен ейбір элементтердің шаңы ағаштарды қаулатып жіберген. Ендеше өсімдікке он элемент-азот, фосфор, калий, оттегі, сутегі, көміртегі, күкірт, кальций ғана қажет пе деген сұрақ туады. Кейінгі кездерде жүргізілген зерттеулер өсімдіктердің өсіп-дамуына микроэлеметтер қажет екенін анықтады. Микроэлеметтерді өмірге әкелген өсімдіктердің өзі. Қураған жердің жасыл желектерінің қалдықтары түгелімен тексеруден өткізілді. Қазіргі химиялық анализ жасаудың қуатты қаруы спектрограф өсімдіктің, организмдегі элементтердің миллионнан бір бөлігіндей де қателеспестен тауып береді. Алғашқы кездегі жұмыстарын геохимия ғылымының негізін қалаған академик В. И. Вернадский сонау 1918-1919 жылдарда-ақ бастаған болатын. Ол өсімдіктің он алты түрін зерттеп, онда ғлымда бұрын айтылғанындай он бес емес, жиырма алты элемент барын дәлелдеген. Бүгінгі ғылым өсімдікте де, тірі оганизмде де Менделеев кестесінің элементтері түгелдей дерлік бар деп санайды. Тіпті топырақтың өзінде некен-саяқ кездесетін нитриттердің өздеріде табылған.

Мыс. Әрине ғылыми жаңалықтар өмір талабынан туады. Соның бір куәсі осы микроэлемент-мыс. Біздің елімізде бір кезде батпақты жерлерді құғату ісі қарқынды түрде жүргізілген болатын. Осындай құрғатудан кейін Ленинград маңындағы бұрынғы батпақты жерлерге егін егілген. Алайда көктеп шыққан астықтың белгісіз бір ауруға ұшырап, жапырақтары сарғайып кеткен. Ауыл шаруашылығы мамандары мұндай құбылысты дертке шалдығу деп есептеді. Бірақ мұның сыры кейінірек ашылды. Бұл ауру емес, мыс элементінің жетіспеуінен екені белгілі болды. Өйткені батпақты жерлерде мыс аз болады. Өсімдіктерге мыстың ерітіндісін бүріккен кезде оның ағарған түсі жоғалып кеткені байқалды. Шымтезекті, батпақты жерге әдеттегі тыңайтқыш пен мысты қоса төккенде астықтың түсімі арта түскен. Бидайдың дәнін химиялық өткізетін болсақ, онда бір килограмм бидай дәнінде 28 миллиграмға дейін мыс табылады. Мыс зығырда, картопта, асбұршақта, қызылшада, күнбағыста аздап кездеседі. Мысты өте қажет ететін өсімдіктің бірі - көксағыз. Ертеректе одан каучук алынған болатын. Ал каучук резина жасауда табылмайтын шикізаттың бірі. Бағбандар мыспен ертеден танысқан. Жүзім шоғыры мыстың топырақта молдығынан дәмді болады, лимон, апельсин, алма, алмұрттар шырынды келеді. Кейбір кезде мыс топырақта мол болса, оның пайдасынан гөрі зияны көп болады. Мыс өсімдіктердің алғашқы вегетациялық кезеңінде көбірек керек. Ол ферменттердің құрамына кіреді де көптеген физиологиялық процестерге қатынасады, әсіресе тыныс алу функциясын реттейді.

Бағбандарға ерте кезден белгілі аурулардың бірі-«Қола ауруы» Бұл ауру әсіресе, лимон, апельсин, мандарин, тғы басқа цитрус дақылдарына қырғидай тиіп, баудай түсіретін. Жапырақтың беті секпіл-секпіл болып, кейіннен түсіп қалатын. Сондықтан да өсімдіктің түсімі төмендеп кететін. Оқымыстылар ең алғашқы кезде бұл ауру вирустардың салдарынан болады, деп ойлады. Көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ өсімдіктердің жапырақтарынан вирус табылмады. Кейінгі кездегі жүргізілген зерттеулерден өсімдіктің «қола ауруына»ұшырауы мырыштың жетіспеуінен екені байқалады. Мырыш күрделі химиялық қосылыстардың, әсіресе ферменттердің құрамына кіріп, түрлі-түрлі химиялық процестерді өткізеді.

Ертеректе Ярославль облысының кейбір жерінде бір ауру ірі қара малын қырып салған. Басқа жерден әкелінген асыл тұқымды малдың азғантай уақыттан кейін, қаны азайып анемияға ұшырайтын болған. Халық арасында бұл ауруды Ярославль жерінің «киелілігімен»түсіндірген діни сенімдер пайда бола бастаған. Зерттей келгенде мұның сыры бөгде күште емес, бар болғаны кобальттың жетіспеуінен екені анықталды. Кобальт төтенше ғана әсер ететін элемент. Ол қызыл түйіршектерінің тірегі-В витаминін түзеді. Жемді, шөпті, суда кобальт жетіспесе, шөбі шүйгін, суы таза, мол болғанымен малдың қандай түрі болсын дертке ұшырайды. Австрияның кейбір жерлерінің де «киелілігі»байқалған еді. Қоңыржай климатты, жаңбыры мол, шөбі шүйгін, топырағы күлгін, міне осындай алқапқа бұршақ тұқымдас өсімдікті еккен. Бірақ олар ешбір өнім бермеген. Бұл алқаптың топырағын жан -жақты зерттегенде, онда молибден элементі аз болған. Бір таң қаларлық іс кобальт та, молибден де қазіргі баға жетпес материалдарының бірі болып саналады. Бұл элементтер болаттың құрамына кіретін болса, оны өте серпін етеді. Ал ауыл шаруашылығындағы жемістердің, овощтың дәмін кіргізіп, олардың бағалы да органикалық заттардың синтезделуін үдете түседі. Металлургия заводтарының метелл қалдықтарында микроэлементтердің, әсіресе кобальт пен молибденнің коп мөлшері қалады. Осындай қалдықтарды егінге шашқанда оның өнімділігі арта түскен.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі тек қана кобальт пен молибденге байланысты емес. Сонымен қатар өсімдікке хром, вольфрам қажет. Қант қызылшасының сапасы хромға байланысты. Әйткенмен микроэлементтердің ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін молибденге жетері жоқ.

Қант қызылшасының қантты мол жинауы үшін молибден керек. Ол жоңышқағада беріледі. Жоңышқаның тамырындағы түйнек бактерияларын молибден арттырады. Түйнек бактерияларын ауадағы молекула күйіндегі азотты сіңіреді. Молибденнің өсімдікке тигізетін әсері топырақтың физикалық және химиялық қасиетіне байланысты. Қышқылы көп немесе күлгін жерлерге еккен егінге молибден өте үлкен әсер етеді.

Қазіргі кезде күрделі тыңайтқыштар өндірілетін болды. Сол тыңайтқыштарға молибден қосылады. Бір тонна фосфор тыңайтқышының ішінде ондаған грамм молибден болуы керек.

Молибден жөнінде Жаңа Зеландияда болған бір қызық жайға тоқтала кеткен жөн. Бұл елден әдетте мал коп болады. Әсіресе қойлар мыңғырып жатады. Жаңа зеландықтар егін екпейді, тек қана жайылымдарды күтіп-бағып, екпе шөп өсіреді. Өйткені ол елдің халқы үшін жайылым мен шабындық жерлер егістіктен де қадірлі. Шөбі шүйгін жерлерге тыңайтқыштар себеді. Олардың ішінде молибден бар. Жайылымдар және шабындықтар биік таулардың беткейлері мен бастарында орналасқандықтан, суперфосфат пен басқа тыңайтқыштарды самолет арқылы шашады. Бұл тәсіл әрі арзан, әрі жылдам келеді. Мұндай жайылым мен шабындықтарда мал тез қолданып, тез семіреді.

Өсімдікке қажетті элементтердің бірі- бор . Оның өсімдікке тигізетін әсері де мол. Кейбіреулері өсімдіктің жапырағын мен сабағында жиналатын органикалық заттардың сапасын арттырса, кейбіреулері тамырлардағы синтездейтін пластикалық қосылыстарды үдетеді. Бор топырақта аз мөлшерде кездеседі. Не бары 0, 0001-0, 0002 процент қана. Оның үстіне топырақтағы бор қосылыстары суда ерімейтіндіктен одан өсімдікке келіп-кетер пайда шамалы.

Бордың мөлшері өсімдіктерде де өте аз. Дәнді дақылдардың қураған бір килограмм сабағында он миллиграмм ғана болады. Ал картопта, қызылшада, зығырда, асбұршақта бұдан 1-3 еседей көп. Бор тыңайтқыштарын көбірек қажет ететіндер- бактериялар мен бұршақ тұқымдастар. Бор жетіспегенде өсімдіктердің физиологиялық процестері нашарлап, белоктың түзілуі күрт төмендеп кетеді. Тамыр жүйелері нашар дамып, гүл жаруы кемиді. Жас өсімдіктер бор жетіспегендіктен өсе алмай, құрып кетеді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін бордың пайдасы мол екені кейінгі кезде белгілі болады. Бор элементі бағалы екенін металлургтер, тоқымашылар, шыны жасаушылар ертеден-ақ білген.

Темір бетіне жалатқан эмальдың, жылтылдап өңделген фосфордың бәрінде де бордың қатынасы бар. Ерте кезде борды шетелдерден алтынға сатып әкелген. Қазіргі кезде еліміз борға мұқтаж емес. Бір ғана Қазақстан Отанға қажетті борды жылма-жыл беріп отырады. Өйткені Қазақстанда бордың мол қоры бар.

Марганец - өсімдіктердің өсіп дамуына қажетті элементтердің бірі. Оның сырын алғаш байқаған И. В. Мичурин.

Оның көп жылдық зерттеулерінде ғылымның өзін таң қалдырған бір ғажап іс болған Бадам ағашы әдетте шыбық кезінде жерге отырғызылады, алты жыл өткеннен кейін екі метр өседі. Бұдан кейін біртіндеп жеміс бере бастайды. Ал И. В. Мичуриннің отырғызған бадамы екі жылдың ішінде жетіліп, жеміс бере бестады. Ол мұның құпия сырын бірден аңғарған. Өйткені шыбықты отырғызғанда оның тамырына аздап қана марганец бүріккен. Мичуринге дейін бірде -бір микроэлементтердің әсеріне тікелей бақылау жасалмаған болатын. Теңдесі жоқ, бағалы еңбектерінің ішінде марганецтің өсімдіктерге тигізетін физиологиялық әсерін жазып, И. В. Мичурин биология ғылымына үлкен үлес қосты.

И. В. Мичуриннің шәкірттері оның жолын қуғандар марганецтің тигізетін пайдасын кейін жан-жақты зерттеді. Соның бірі-лимон жеміс ағашының қазір алты ай бұрын гүл атып, ірі жеміс беретінін ғалымдар дәлелдеп шықты. Марганецтің азғантай ғана мөлшерін бүлдіргенге бүріккенге оның әр түрлі сортына әр қилы әсер етіп, бір гектардан 30 центнерге дейін түсім алуға болатыны практикада көрініп отыр. Сонымен бірге бүлдіргендегі ең қажетті С витаминінің мөлшері 15 процентке дейін артатыны анықталды. Марганец дәнді дақылдарға да қолайлы жағдайлар туғызады. Кейбір аймақтарда бидайдың түсімі марганецтің әсерінен 3-5 центнерге дейін артып, тарының өнімі 20 процентке дейін өскен. Дәнді дақылдардың тек қана өнімділігі артып қоймай, сонымен қатар ондағы адам организміне бағалы заттардың (белок, май, крахмал, витаминдер) мөлшері де көбейеді.

Марганец элементінің картоп пен овощқа келтіретін пайдасы орасан зор. Марганецті тыңайтқыш ретінде егінге шаққанда картоп әр гектардан 60 центнерге, қияр-40, помидор-36, капуста 50центнерге дейін қосымша өнім берген.

Марганец элементі клеткалардағы заттардың алмасуын арттыруға көмектеседі. Бір ерекшелігі, марганец өсімдіктің топырақтан өзіне сіңіріп алған басқа қоректік заттарын үнемдеп қолдануына мүмкіндік жасайды. Азғана тыңайтқышқа қосылған марганецтің өзі-ақ үлкен көмек беретіні әбден түсінікті. Марганец пайдасын тигізбейтін өсімдік жоқ деуге болады. Онымен қоректенген жоңышқа өсімдігінің түсімі молайып, бағалы органикалық заттары артады. Қызылшаға қосылған аз ғана марганецтің өзі 18-30центнердей қосымша түс береді.

Өзбекстанда ақ алтынға бағаланған мақта-шаруашылықтың үлкен саласы. 1980 жылы Өзбекстан мемлекетке 6 миллион тоннадан астам мақта тапсырды. Мұндай мақтадан мол өнім алу агротехникалық шаралардың дұрыс сақталуымен қатар микроэлементтердің тигізген пайдасы екені түсінікті.

Мақтаның бір ерекшелігі тез гүл ашпай ұзаққа созылады. Қауашағы ашылмай қояды. Маргенец міне, осының екеуіде тездетеді. Мақта тұқымын себер алдында марганецтің ерітіндісін бүріксе, оның түсімі әр гектардан 1, 5-2 центнерге өсе алатыны байқалады. Айта берсек, микроэлементтер көп-ақ. Олардың жан-жақты әсері күн артқан сайын зерттеліп, пайдаланатын саласы көбейіп келеді.

Малға беретін азыққа кейбір тұздардың титімдей мөлшерін қосып бергенде олардың өнімділігі бірнеше есе артқан. Тіпті жануарлардың денесіндегі микроэлементтердің орны көрсетілген анатомиялық-химиялық карта да жасалған. Мәселен, литий болса өкпеге жиналып, никель асқазан бездерінде орын тебеді. Ал титан көздің қарашығында, қалайы көздің сілекейі қабығына шоғырланып келіп топтасады. Адамның бауырынан Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін кездестіруге болады.

Кесте демекші, ондағы барлық элементтер өсімдікке пайдалы, деп айту қиын. Мәселен, селенді (көбінесе күкірт қышқылынан шығатынсұрғылт-қара металлоид) сіңірген өсімдіктер уланды.

Қорытынды

Сайып келгенде микроэлементтер туралы ғылым-өте жас ғылым. Микроэлементтердің әсері екі бағытта. топырақты тыңайту және ауруды емдеу бағытында зерттеліп отыр. Әзірше микроэлементтер сыры толық ашылып біткен жоқ. Көбірек зерттелгені бор, марганец, мырыш, мыс, молибден, кобальт, йод. Ал ванадийдің, хромның, вольфрамның, уранның әсері әлі де біржола анықталмай келеді. Кейінгі кезде ғалымдар арасында әсіремироэлементтер туралы көп сөз болып жүр. Бұл-табиғи радиоактивті элементтер. Бұлардың уранға, радийға, торийға, актинийге қатысы бар. Олар бір жағынан сәуле шашса, екіншіден қоректендіре де алады.

Кіріспе

Тамақты шикілей жеу- адам баласы пайда болған кезінен айналысып келеді. Тамақты шикідей жеу күні бүгінге дейін адам ағзасына әсер ететіні анықталмаған. Адамзат баласына бұл оңай түскен жоқ. Етті шикілей жеу адамға әр түрлі дерттердің пайда болуына әкеп соғады.

Тамақты шикілей жеу-денсаулық кепілі

Тамақты шикілей жеу жаңа нәрсе емес. Онымен адамзат баласы жер бетіне пайда болған кезінен бастап айналысып келеді. От жағуды білмеген кезде, адамзат баласы барлық керекті заттарды шикілей жеген. Денсаулықтары жаман болған жоқ. Табиғаттың орасан зор дүлей күштеріне қарсы тұрып отырды кейінен от жағуды үйренген соң тамақты пісіріп жеу үрдісіне көшіпті. Біздің жақын туысымыз-маймылдар гориллалар мен шимпанзалар осы кезге дейін шикі көкеністермен, банандармен неше түрлі өсімдіктерлердің буын-бұтақтарымен, жемістерімен қоректенеді. Дегенмен тамақты шикідей ішудің адам ағзасына физиологиялық-биохимиялық әсер ететіні күні бүгінге қай диетологтар мен медиктердің зерттеулерінен тыс қалуда.

1939 жылы И. З. Фридман тамақты шикілей жеу туралы жазған болатын. «Тағамды шикілей жеу-деп жазады ол-әсіресе өсімдіктерден алынған азық-түлікті жеуге орасан зор көңіл бөлген. Шикілеу жеудің маңызы денсаулыққа қасиет жағынан да, жұғымдылығы жағынан да пайдалы. Шикілей тамақ іші дәрі болса да одан күшті әсер етеді.

Дегенмен бірден тамақты шикі жеуге көшу адамзат баласына оңайлыққа түспеуі мүмкін. Оңай шаруа емес. Ол туралы ұлы ғалым-диетолог Герберт Шелтон былай деп жазады. «Шикілей тамақ жеуге көшкен адам В- тобындағы вигамандерды пайдалану керек». Өйткені ішектегі микрофлоралардың құрамы өзгереді. Ішекте дисбактериоз құбылысы пайда болады. Қорыту үрдісі төмендеп кетеді. Адам азады. Салмағы өзгереді. Шикілей тамақ ішкен адамның массасы бірден төмендейді, ол туралы бір адам былай деп жазады.

« Орта мектепті бітіргеннен кейін дәрігер болуды көздеген едім. Бірақ дәрігер болмай пациент болдым. 20 жыл бойы қатты ауырдым. Ешқандай дәрілер көмектеспеді. Жүрегім қатты ауырғандықтан жедел көмек жиі келетін болды. Бақытыма орай менің бір досым Н. В. Тарасова мен Т. И. Бановскийдің «шикі тағам және оны дайындау сыры», «пища и ее приготовление»деген кітабын маған әкеп берді. Бұл кітап 1931 жылы баспадан жарыққа шыққан кітап екен . Мен мұқият оқып шықтым. Киев қаласындағы алдынғы қатарындағы кітапханалардағы вегетеринарлық кітаптарды іздеп, түгелімен оқыдым. Ол кезде мен Киевте тұрушы едім. Тамақты шикілей жеуге көштім, бес күн өткеннен кейін мендегі қатаң түрде қалыптасқан ұйқысыздық жойылып кетті. Қайда кеткенін мен білмеймін. Үш айдан кейін жүрегімнің қай жерде екенін ұмытып кеттім, жаңа өмір маған келді. Массам 8 килограмға дейін төмендеп кетті. Тұмау дегеннің не екенін білмей кеттім. Суық тиіп ауру деген менен аулақ болды. Мені емдеген дәрігерлер қайран қалды. Ауру бюллетені сізге оның керегі жоқ деп күлді»1974жылы Ю. С. Николаеваның «денсаулық үшін ашығуы-голодание ради здоровья»Бұл кітаптыда оқып шықтым. Мұндағы жазылған кепілдемелерді жасағаннан кейін денсаулығым күшейе түсті, көңіл-күйім өте жақсарып кетті.

Шикілей жеудің практикасы мынадай. Тамақ ішетін столдың үстінде көкеністен жасалған салаттар толып тұруы керек. Оларға аздаған майлы өсімдіктердің ұнтақталған дәндері қосылуы керек. (күнбағыс дәні, асқабақ ұрығы, олардың кофемолкадан тарту керек, содан кейін сол салаттардың үстіне салып араластыру керек. Өрік денін азғана қосу керек, 2-3 грамм өсімдік гүлінің тозаңын кейбіреулер қосады. Жарты стакан пайдалы шөптердің ұнын қосу керек, пісірілген тамақты шикідей жеушілерге жеуі керек .

Жемістерді бөлек жеу керек. Асты бірімен-бірін араластырудың қажеті жоқ. Ағзаға ешқандай пайда бермейді. Күніне кейбіреулер төрт рет тамақ ішеді, үш-ақ рет тамақ ішкен жеткілікті. Поль Брэгг не бәрі бірақ рет күніне тамақ ішкен. Н. М. Амосов түскі тамақ ішуді дағдыға айналдырмаған. Диетологтар тамақты шикідей жеуді дұрыс көрмейді. Өйткені шикі тамақтарда өсімдік өнімдерінен өндірілген азық -түліктің құрамында белоктар аз болады. Ол ағзаға дистрофтық құбылыс туғызады деп есептейді. Тәжірибе жүзінде олай емес екендігі байқалады. Жаңа Гвинейдің орман-тоғайында тіршілік ететін адам үнемі бататпен қоректенеді. Бататта крахмал көп болады. Олар ет дегеннің не екенін білмейді. Бірақ бұлшық еттері күшті болып жетіледі, белок балансысы бұзылмайды. Ұлы қолбасшы Александр Васельевич Суворов өмір бойы тамақты шикілей жеген, етті аузынада алмаған, ол ұзақ ғұмыр сүрген, 70 жасында биік Альпі тауынан асып жорық жасаған. Сондықтан да пісірілген тағамдар мен әуестенудің қажеті жоқ. Ет неше түрлі дерттердің ағзаға пайда болуына әкеп соғады. Тағам ішудің адекватты және теңестірілген теорияларын білігі артығы жоқ сияқты. ( Олар туралы мына төменгі кестеден көруге болады.

Шикілей және пісіріп жейтін тағамдар

Өсімдіктен алынатын азық-түліктер

(шикілей жеуге болды)

Малдың өндірілген азық-түліктер пісіріп жеуге болады
Өсімдіктен алынатын азық-түліктер(шикілей жеуге болды):

Алмалар, өріктер абрикостар, брюсель капустасы, сәбіз, гүлді капуста, сельдерлер, қияр, шие, қарақат,

Кептірілген фруктылар, қытай пияз, (чеснок), тошала (крыжовник) жүзім, хрен, салат-латук, жалбыз, саңырауқұлақтар,, қыша (горчица), сарымсақ, апельсин, картофель,

Петрушка, малина, құлпынай, (клубника), соялар

, репалар, бидайдың жаңадан ғана өсіп келе жатқан өсінділері, бидай ұнынан пісірілген нан, күнбағыс майы

Малдың өндірілген азық-түліктер пісіріп жеуге болады: Ірі қара ет, ми, жұмыртқаны, ң сары уызы (пісірілген) шошқа еті, баық, бүйрек, ерітілген шошқа майы, бауыр сүт, сарымай теңізден алынған продуктылар

Қорытынды

Қорыта келгенде тамақты шикілей жеу, бұрынғы заманда от жағуды білмеген кезде, адамзат баласы шикілей жеген. Ал қазір көкеністен жасалған әр түрлі салаттарды, күнбағыс дәнін, жеміс-жидектерді, әр түрлі дәрілік -шөптерді пайдаланады. Диетологтар шикідей жеуді дұрыс емес деп санайды. Себебі белоктар, витаминдер аз болады.

Тағамдардағы қоректік заттар

Тағамдардың негізгі құрылысын жасайтын химиялық қосылыстар белоктар, амин қышқылдары майлар, көмірсулар, витаминдер, минералды элементтердің тұздары және су.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы
Ормандар типологиясы
Топырақтағы минералдық қосылыстардың көзі
Топырақтың химиялық құрамдары
Қалкан безіне йодтың жиналуы
Өсімдіктер өміріне марганецтін маңызы
Атом материя құрылымының негізі ретінде
Биогенді макро және микро элементтер
Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау туралы ақпарат
Жер қабыршағының химиялық құрамы биосфераның факторы сияқты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz