Қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні


Қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлі сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, аса құнды мәдени игіліктердің бірі ол - ұлт ойындары. Барлық халықты бір ғана арнаға салуға бағытталған өктем биліктің әсерінен қазақтың ұлттық әдебиеті де мәдениеті де, салт дәстүрде қатты қысымға ұшыраған өрісі тарылғаны мәлім. Ұлтқа тән көптеген қайнарлардың көзі тығындалып, бірте-бірте ізі өле бастады. Ұлт атындары да бұл қысымға ұшырады.
Ұлт ойындарын белгілі бір салалы ғылым деп те айтуға болады. Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Яғни, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оны одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады.
Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Дегенмен жастарымыз «Ақ терек, көк терек» ойындарының орнына доңғыр-дұңғыр музыкаға билеп, ойсыз қимылдар жасауға әуестенеді. «Ақсүйек», «Алтыбақан» ойындарын ойнаудан гөрі арақ-шарап ішіп мастанып, ыржалақтап секеңдеуге құштарланған.
Халқымыздың ұлы перзентінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кещкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» - деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой.
Ойынның ұш бөлігі бар:
- Ойын сауық, тұрмыс-салт ойындары
- Дене шынықтыру, спорт ойындары
- Оймен келетін ойындары
Ойын сауық тұрмыс ойындарына «Күзем алу», «Тоқым қағар», «Жар-жар», «Қыз кәде», «Беташар», «Алтыбақан» т. б. көптеген ойындар жатады.
Дене шынықтыру спорт ойындарына: «Ақ серек, көк серек», «Атқаума», «Айгөлек», «Соқыртеке», «Ақ терек», «Мысық пен тышқан», «Ұшты-ұшты», «Ақ сүйек» т. б. ойындар жатады.
Ал үшінші топ ойындары «Оймен келетін» ойындарға «Үш аманат», «Қой қолымда», «Санамақ», «Мың қойда неше боқайшық бар» - дегендей отырып ойдын шығарыла беретін ойындар жатады.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпины болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына моңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П. Карпини жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.
Одан кейінгі деректерді біз италиандық Марко Полоның австралиялық С. Герберштейннің, итальяндық И. И. Новокамскийдің тағыда көптеген ғалымдардың жазбаларынан кездестіреміз.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі, революциялық күреске қатысқаны үшін Сібірге жер аударылып, кейін қазақ даласына тар болған, өзінің саяхаттары туралы «Күнделіктер мен жазбалар» деген кітаптің авторы А. Янушкевич естен кетпейтін естеліктер жазды.
Әрбір қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа деген қөзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс-бітімін, гуманисттік бағыт-бағдарын байқауға болады.
Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерлеу жоқ. Ойын фальклорының өміршең қызметі де оның ең алдымен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Демек, халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінің, шаруашылығы мен кәсібінің шоғырланған көрінісі балалардың ойын-сауық жырларында жатыр десек асыра айтқандық емес.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты, т. б. мінез құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz