Леводопа және дофаминергиялық препараттардың фармакологиясы мен клиникалық аспектілері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар

Дофамин гематоэнцефалды барьер арқылы өтпейді. Левадопа гематоэнцефалді барьер арқылы активті транспорт жолымен өтеді (мембрана арқылы ароматтық аминқышқылдарды алып жүреді) . Зақымдалмаған дофаминергиялық нейрондарда левадопа дофадекорбоксилаза әсерінен дофаминге айналады, дофаминергиялық талшықтар ұшынан бөлінеді және холинергиялық нейрондардағы рецепторларда неостриатрумды стимульдейді. Нәтижесінде бұл нейрондардың активтіоігі төмендейді де паркинсонизм симптомдарының дамуына әкеледі. Леводопа - ең эффективті паркинсонға қарсы зат: брадикинезия, бұлшықеттердің ригидтілік және аз деңгейде треморды азайтады.

Леводопа ішектен активті жолмен сіңеді, ароматты аминқышқылдар үшін трансмембебрандық транспорт жүйесін пайдаланады. Белокқа бай осы тағамның әсерінен Леводопа сіңірілуін төмендетуге қабілетті. Ішек қабырғасы мен бауырда лводопа енгізілген препарпттардың 90%-дан көбі дофаминдерге айналдыруына әкелетін дофадекорбоксилаза әсерінен интенсивті метаболизмге ұшырайды. Перифериялық тіндерде түзілген дофамин миға өтпейді және жанама әсер шақырады. Леводопа бөліктері МАО және КОМТ метаболизацияға ұшырайды, нәтижесінде тек 1-3% леводопа ОЖЖ-ға түседі. Перифериялық тіндерде леводопа декорбрксилденуін тоқтату үшін гематоэнцефальді барьер арқылы Карбидопа мен Бенсеразид өткізбейтін дофадекорбоксилаза ингибиторын пайдаланады. Бұл кезде Леводопа үлкен мөлшері (10%) ми тініне түседі және өзінің әсері ететін орнына жетеді. Бұл леводопаның тағайындалған дозасын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, перифериялық тіндерде дофамин түзілуінің азаюы әсерінен Леводопаның перифериялық жанама әсері азаяды.

Қазіргі уақытта Леводопа перифериялық дофадекорбоксилаза блокаторларымен комбинациясында шығарылады және комбинирленген препарпттар: Наком, Сигимет, Дуэллин ( Леводопа және Карбидоп ) және мадопар ( Леводопа және Бенсеразид ) құрамында болады. Препаратты тек тамақтан кйін ішке пайдаланады. Леводопа АІЖ-нан жақсы сіңіріледі. Әсері баяу (1 аптадан соң) дамиды және 1айдан соң максимумға жетеді. Леводопамен емдеу ұзақ уақыт жүргізіледі.

Леводопаны қолданғанда ортостатикалық гипотензия, тахикардия, жүрек аритмиялары туады. Олар перифериялық тіндерде дофамин түзілуі мен дофаминнің қан тамырлар мен жүрекке әсерімен байланысты.

Жиі кездесетін жанама әсерлері: дофамин стимуляциясы құсу орталығын тітркендіргенде пайда болатын жүрек айну мен құсу. Бұл әсерелер бір уақытта перифериялық дофадекорбосилаза ингибиторларын леводопамен бірге қолданғанда азаяды. Жүрек айну мен құсуды басу үшін ГЭТ арқылы өтпейтін, бірақ құсу орталығының пусктық аймағына әсер ететін дофаминдік рецептор блокаторы ДОМПЕРИДОН тағайындайды. Домперидон Неостриатрумды дофаминдік рецепторларды тежемейді және сондықтан да леводпа эффектитілігін төмендетпейді. Мұндай психоз, галлюцинациялар, ұйқысыздық қобалжулық депрессия, координация сияқты жанама әсерлер дофаминнің ОЖЖ-ға әсер етумен байланысты. Психозды тежеу үшін орталыққа әсер ететін дофаминдік рецепордың блокаторы Клозапин (А типті нейролептик) пайдаланды.

Кей науқастарда Леводопаны ұзақ қолданғанда дискинезия (қосылу/сөндірілу) синдромы дамиды. Ол симптомдарыдың бірден кішірейіп кетумен жүреді. Бұл көріністі азайту үшін леводопаның комбинирленген препараттарын ( Леводопа+Бенсеразид және Леводопа+Карбидопа) қолданады.

Қарсы көрсеткіштері: жабық бұрышты глаукома, қант диабеті, психоз, артимиялар, бауыр, бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік, лактация, 25 жасқа дейінгілер.

Леводопаны 5 жылдан артық қолданғанда дофминергиялық нейрондардың үдемелі дегенерациясымен байланысты эффективтілігі төмендейді. Леводопа эффектитілігін жоғарылату үшін Дофадекорбоксилаза ингибиторынан басқа бір уақытта Леводпа мен бірге КОМТ ингибиторын тағайындайды (Энтакапон) . КОМТ ингибиторын пайдалану (қосылу/сөндірілу) синдромының айқындылығын азайтады. Леводопа емінің эффектитілігін жоғарылату үшін басқа да паркинсонға қарсы заттар қолданады. Ол дофаминергиялық берілуді жақсартады. Оларға: Селигилин (МАО ингибиторы), Амантадин, Мантадин және Дофаминдік рецепторладың агонисттері жатады.

Селегилин МАОВ, фермент селективті ингибиторы, ол дофаминдә инактивтейді. Селигилин, МАОВ-ты тежеп, қара субстанция нейронында дофамин бұзылуын басады және Леводопа әсерін потенцирлейді. Селегилинді Леводопамен бірге тағайындайды. Монотерапия жағдайында препаратты аурудың алғашқы кезеңдерінде қолданады. Селигилин мидың дофаминергиялық нейрондарын бұзылуын тоқтататын нейропротекторлы әсер етеді.

Бұл әсер дофаминнің тотықсыздандыу метоболизімін тежеп, селегилин дофаминергиялық нейрондардың өлімін шақыратын бос қышқыл радикалдарың түзілуін басумен түсіндіріледі.

Жанама әсері: жүрек айну, құсу, артериялық гипортензия, назар аудару концентрациясының төмендеуі және есінің бұзылуы.

Амантадин, бұл рецепторларды тежеп, холинергиялық нейрондарға глутаматтың реттеуші әсеріне тосқауыл қояды. Сонымен қатар, ол антихолинергиялық активтіоік әсер көрсетеді. Қара субстанция дофаминергиялық нейрондар қатынасында Амантадиннің нейропротекторлы әсері қарастырылады. Нәтижесінде, нерв жасушаларына Са иондарының түсуі азаяды.

Мантадин әлсіз Паркинсонға қарсы әсер көрсетеді. Оны Паркинсон ауруы мен Паркинсонизмде қолданады, қарсы көрсеткіші Леводопанікіндей.

Жанама әсері: қозу, дірілдеушілік, ұйқысыздық, бас айналу, ортостатикалық гипотензия, сіресу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттардың фармакологиясы
Дофаминергиялық синапста қозудың берілуіне әсер ететін дәрілік заттардың фармакологиясы
Құсу шақырғыш және қақырық шығарғыш препараттардың фармакологиясы мен ветеринариялық қолданылуы
Қызу түсіргіш препараттардың фармакологиясы және жануарлар организміне әсері
Туберкулезге қарсы біріншілік препараттардың фармакологиясы мен ветеринариялық қолдану тәжірибесі
Жатыр миометриясының жиырылу белсенділігі мен акушерлік препараттардың фармакологиясы
Ветеринарияда адреномиметикалық препараттардың фармакологиясы, қолданылуы және жанама әсерлері
Иммуномодуляторлар: жіктелуі, фармакологиясы және клиникалық қолданылуы
Миорелаксанттардың фармакологиясы, әсер ету механизмдері және клиникалық қолданылуы
Қызуды түсіргіш препараттардың фармакологиясы: түрлері, әсер механизмі, қолданылуы және жануарлар организміне кері әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz