ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I.ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

II.ҚР.ҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

2.1.ҚР.ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі.
2.2.Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері. 2.3.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу.

III.ҚР.ҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.
Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:
- инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;
- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мемлекетке әсерін қарастыру, кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу;
- ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
- шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру,талдау
- ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;
- инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.
Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына өз әсерін тигізеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында:Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»
2006 жыл 1-наурыз «Егемен Қазақстан»
2.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы- Алматы: Атамұра,2005.
3.Назарбаев.Н.А. Қазақстан-2030,11 қазан 1998 жыл.
4.Назарбаев.Н.Ә./Жаңа кезең-жаңа экономика/Г.Орталық Қазақстан,2005.4-қаңтар,2-5 бет.
5.Инвестиция туралы заң. /Г.Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар,2003 жыл.
6.Болтай.Е. «Жаман үйді»билемек ниеттегі «Жақсы»мейман.//Ақжол Қазақстан №23 (145),24 маусым,2005 жыл,10 бет.
7.Ихданов.Ж.О, Орманбеков.Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы:экономика,2002,136-172 бет.
8.Каренов.Р.С. Основы государственного регулирования - Алматы:Білім,1999,148 бет.
9.Мамырова.М.К. Эффективности инвестиций в промышленном производстве.:Монография.-Алматы: экономика,2001.
10.Мейірбеков.А.Қ, Әлімбеков.Қ.Ә Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы: Экономика,2003.
11.Оразалы.С. Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы //Егемен Қазақстан,18 сәуір,2006 жыл,2 бет.
12.Сейітказиева.А.М.Инвестиционная деятельность предприятия:Учебное пособие.-Алматы:Экономика,1998.
13.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет:статистикалық жинақ /ҚР статистика агенттігі.Ред.Қарағанды. Б.Тортаев.-Алматы,2005-316 бет.
14.Тоқсейітов Н.А. Еліміздегі инвестицияларды мемлекеттік тиімді қолдану жүйесі туралы//Қазақ елі №9.10,8 наурыз, 2006 жыл,5 бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

КАФЕДРА:

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ПӘН:Халықаралық экономикалық қатынастар.

ТАҚЫРЫП:

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I.ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

II.ҚР-ҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

2.1.ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі.
2.2.Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері.
2.3.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу.

III.ҚР-ҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен
тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары
және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және
экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-
әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады.
Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу
құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен
және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.
Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде
инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды
тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық
ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын
тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар
жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің
жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы
заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы,
қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер
жасалды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік
экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен
қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға
қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы
керек. Соңғысын инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы
деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат
секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді.
Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті
шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен
инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша
инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру
керек.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің
еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын,
ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін
атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы
негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың
орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:
- инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор
терминдеріне айқындылық беру;
- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мемлекетке әсерін қарастыру,
кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу;
- ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
- шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру,талдау
- ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;
- инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында
көптеген мәселелер талқыланатын болады.
Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД
елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат
ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер
арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға,
кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына өз әсерін тигізеді.

I. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын
немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің
объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық
түрлері,капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді
жұмсалымы.
Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты
инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға
жұмсалымы. Қаржы инвестициялары-мемлекеттен басқа да
кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды
сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор,өзінің өндірістік капиталының көлеміне-
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші
жағдайда,инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы
капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау заңы бойынша тікелей
инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және
арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық
инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар,басқаша
айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға
кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің
инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік
инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін,яғни өтімді
активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негізгі түрлері:
• Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған
инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік ұйымдардың
экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;
• инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелдік деңгеймен байланысты -
венчурлық инвестициялар.
Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі
өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту.
Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады.
ҚР-ның нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша
инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік
іс-әректі жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар,тапсырыс
берушілер,жұмысты орындаушылар,инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін
қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да
инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге
инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды
тұлғалар жатады.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар
формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен
экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған -
жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.
Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден
тұрады:
1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
2. инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
3. жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
4. жер учаскесін алу немесе жалға алу;
5. келісім құжаттарын дайындау;
6. құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
7. объектіні қолдану,экономикалық көрсеткіштердің монитоингі.
Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың
бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы үлестік қатысулар,
басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды
объектісі болып табылады.
Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық
операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша
қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:
- табиғи активтерге инвестициялар;
- ақша активтеріне инвестициялар;
- материалдық емес активтерге инвестициялар.
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету
уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс
процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын
алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде-депозиттер, облигациялар,
акциялар, несиелер,қарыздар,кепілдер.
Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту
және біліктіліктерін жоғарлату арқылы,сауда белгілерін жасау, патенттер мен
лицензия алу, өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы
алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:
• Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.Олардың негізгі
мақсаты жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын,
өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы
фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;
• Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты-өндіріс
орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту;
• Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер,
тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.
Жалпы инвестициялардың ішкі және сыртқы көздері болады. Инвестицияның
ішкі көздерін жинақтар құрайды, яғни алынған табыстардың тұтынылмаған
көздері жатады.
Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп,ал инвестицияны басқа адамдар
немесе шаруашылық субъектілері жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы
инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың
нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді.
Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп,ауыл
шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда жинақшы
мен инвестор сәйкес.
Инвестицияның сыртқы көздері:
1.Шетелдік тікелей инвестициялар - ҚР-ның дербес кепілдіктеріне байланысты
және ҚР-на берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне
кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.
Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны:
а)Халықаралық валюта қоры
б)Халықаралық қайта құру және даму банкі
2.Шетелдік портфельдік инвестициялар.Жалпы шикізатқа байланысты компанияның
акциясын сатып алу.
3.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.
4.Шетелдік несиелер мен қарыздар. Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық
ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды 5-
7 жылға дейін береді. Олрдың қатарына Ислам даму банкін, Сауд Арабиясы,
Ұлыбритания, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты
дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді
пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.

II.ҚР-ҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
2.1. ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі.
Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын
табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.
Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы
толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты
дамуына негіз болады.
Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс
берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін
пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да
инвестициялық қызметтің қатысушылары. Тапсырыс берушілер инвесторлар және
инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды
және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе
халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін
пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар,
мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі
арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.
Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы
практикалық түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық сферада іс-әрект
жасайды. Инвестициялық сфера құрамына қосылады:
• Капиталды құрылыс сферасы, яғни салалардың негізгі және айналым
өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;
• Инновациялық сфера, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуалдық
потенциялдың жүзеге асырылуы;
• Қаржылық капиталды айналдыру сферасы.
Инвестициялық қызмет Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
туралы Заң, ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары туралы
Заң күшіне ие, Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер
туралы, Шетел инвестициялары туралы Заң және Банкроттық туралы,
Коннцессия туралы, Бағалы қағаздар нарығы туралы, ҚР –ның
инвестициялық қорлары туралы және де басқа да нормативтік актілермен
реттеледі.
Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы
шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:
1. экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету,өзінің ішкі
ресурстарының жеткіліксіздігінен;
2. үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын
енгізу және өндірісті басқару, ноу-хау;
3. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік
шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін
жандандыру;
4. серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы
экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі
мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет:
• экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына
жәрдемдесу;
• өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;
• экспорттық потенциялдың өсуі мен дамуы, шикізат бағытын жеңу, экспорттық
экспасияны күшейту, өз позициясын ішкі нарықта нығайту;
• ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға
негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;
• өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы
жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың
жасалуы;
• депрессивті,алыстағы,экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;
• жаңа жұмыс орындарын жасау.
Қойылған мәселелерді шешу келесі шарттарды қажет етеді:
• Алдағы 10 жылдағы Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының
қажеттілігінің болжамын жасау және нақты құйылуын жүзеге асыру;
• Шетел инвесторлары үшін инвестициялық тәуеклдің минимизациясына
бағытталған тұрақты режимді құру және заң арқылы бекіту;
• Тікелей және қоржындық инвестициялардың құйылуына тиімді стимул жасау;
• Шетел инвестицияларын реттеуге бағытталған қажетті және тұрақты құқық
негіздерін жасау;
• Жүзеге асырудың ұйымдастырушылық механизімін жасау, бағдарламалық іс-
шараларды іздеу және жетілдіру.
Осы мәселелерді шешу, менің ойымша, елімізде тартымды инвестициялық
климатты жасауға және шетел инвесторларының инвестициялық қызметін күтуге
мүмкіндік береді. Егер де инфляцияның төмендеуі, макроэкономикалық
тұрақтылық жүзеге асырылса ғана бұл нақты факт болады.
2005 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі
– қаржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд.теңге инвестициясы негізгі
капиталға жұмсалған.Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы
көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2%
құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2005 жылғымен
салыстырғанда 10,6% -ке (2005 жылы- 44,7%-ке, 2004 жылы – 48,5%;2003 ж -33%-
ке) өсті.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі
кәсіпорындардың үлесі – 47,0%-ды құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 9,6
проценттік пунктке артық.Тұрғын үйлерге салымның үлесі 0,6 проценттік
пунктке өсіп, 408% құрады. Машиналарға, жабдыққа,құрал-сайманға, керек-
жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 проценттік пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд теңгені құрады,
оның 89,7 проценті геологиялық барлауға жұмсалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын
меншіктің жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2%). Шетелдік
меншік кәсіпорындарының үлесі 2005 жылмен салыстырғанда 0,5 проценттік
пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың үлесінің 0,6 проценттік
пунктке өсуі, басымды экономика салалары: көлік – коммуналдық кешенді
нығайту және дамыту, аграрлық – өнеркәсіптік кешенді қолдау және
инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік сектордыдамыту
жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылады. Мемлекеттік инвестициялар
бағдарламасын іске асырумен байланысты.

2.2. Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері.
Инвестициялық саясаттың мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру
қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып,елдің табиғи байлықтарын
тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық
әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес
келетін дайын өнім шығруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы
экономиканың,оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар
еді.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
• Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
• Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді
қолдануды ынталандыру арқылы;
• Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизімі арқылы.
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының
барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың
үйлесімін қамтамасыз ету-мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін
құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекіткен күрделі ұлттық
бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де ескеріледі.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде
инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды
тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды,мұның өзі қолайлы инвестициялық
ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын
тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар
жасалды.Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің
жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы
заңдар қабылданды,инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау
туралы,қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық
келісімдер жасалды.
1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген
болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары,әлеуметтік сала мен
туризм,ауыл шаруашылығы.
Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік
инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы
екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие
рейтингі берілген.
Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге
минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды
игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі,
негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын
толық мәнінде игере алмады.
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер
әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен
сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды.1993 жылы
Шевронкорпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша
келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.
Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды.
Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс
істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық
тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау
саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.
Шетелдік инвестициялар негізінен өнеркәсіптің өндіруші саласына көңіл
бөлуде,ол республика халық шаруашылығы құрылымының бір жақты дамуын
сақтайды,әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл шаруашылық
өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады. Сондықтан,шетелдік инвестициялардың
қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы
өнімдер шығару негізінде,елдің экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату және
импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы тиіс. Түптеп
келгенде,республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді
ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың даму полигонына
айналдырмау керек.
Қорыта келе мемлекеттегі инвестициялық саясатты жүргізудегі мәні өте
жоғары екеніне көзіміз жетті. Әсіресе біздің елде,себебі осы инвестициялық
саясатты жүргізе отырып,біз өз мемлекетіміздің экономикасын әрі қарай
дамытып,тиімді пайдалана білдік.
Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ,біріншіден
инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет,ол бізге тиімді ме деген
сұрақтар туындайды. Әрине қажет,себебі:
• Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;
• Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;
• Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;
• Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара
байыту үшін;
• Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;
• Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;
• Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.
Мемлекеттегі инвестициялық саясаттың өткізу кедергілеріне тоқталар
болсақ, біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың
маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық қауіпсіздігін
сақтау және нығайту болып табылады.Осыған байланысты,экономика салаларының
негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің
елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас.
Практика көрсеткендей,олардың барлығы дерлік инвестициялау жағдайларын
сақтап және біздің мүдделерімізді,әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп
отырған жоқ.
Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып
табылады,бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп
келгенде,шетелдік инвестициялық несиелер,елдің өз несие қорымен
салыстырғанда 2-3 есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Шетелдік инвестицияларды тартудың бір нысаны - концессиялық келісімдер.
Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі,концессияға
алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде
міндеттемелерді,жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайлары және тағы
басқалары көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісімшарттарын бұзуға
мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық тәуелсіздігінен
айрылу қаупі туындайды.
Шетелдік инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы-ол
келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибе
көрсеткендей,бір жақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы
инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады,нәтижесінде екі жақта ұтылып қалуы
мүмкін.
Шетел инвестицияларында жетекші орындарда Жапония, АҚШ, Ұлыбритания,
Оңтүстік Корея алып отыр. Айта кететін бір жайт,инвестициялық белсенділікті
жоғарлатуға ұйымдастырушылық-құқықтық және салық жүйесіндегі жиі
өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі
айқынсыздық кедергі болды.
Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің,оның
ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты
болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық
және әлеуметтік қағидасы негізгі болып табылады.

2.3.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан,мақсатты банк несиелерінен,
үлестік жарналардан,акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан,қозғалатын
және қозғалмайтын мүліктерден жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан
тағы басқалардан тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде
инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер
инвестициялау қорларда көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса,онда
қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қызмет - Заңды тұлғалардың, азаматтардың және
мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-
әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге
асырылады:
• Күрделі инвестиция;
• Инвестициялық сфера;
• Қаржы капиталын пайдалану сферасы;
• Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге
асыру сферасы.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым
активтерінде де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс
сферасындағы,айналым сферасындағы айналым қорларынан тұрады.
Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық
жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес,себебі сөз
жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде
жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың
тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік,ішкі
табыстылық,өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар,ақшаның
қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны
бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек.
Сол себепті,жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген
табыстар,инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен
қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі және ол төменгі формула
бойынша жүргізіледі.
Бұл жерде:
- ақшаның келешектегі құны;
- пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
- ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны;
- дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі
құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген
шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабелділік деңгейін есептеп
шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім
қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланылады. Ол көрсеткіш
жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді.
Яғни,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу
үшін,есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа
жауап береді.
Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және
жүзеге асыру,осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын-ала
дайындауды талап етеді.
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған моделінің
логикасын макроэкономикалық деңгейде де қолдануға болады. Түптеп келгенде,
бұл модель төмендегі кестеде көрсетілген.

Стратегиялық жоспарлау.
Идеяны Жобаларды Қаржылық Жобаны жүзегеМониторинг және
іздестіру. анықтау және талдау және асыру. инвестициялық
алғашқы шешім бақылау.
талдау. қабылдау.
Бақылау
Еңбек ресурстары.

Кесте де көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек
ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы
жағдайлары және сонымен қатар шектеушілер түрінде көрініп тұр.
Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған
(бюджеттік) қорлар есебінен жүргізіледі,ал олардың көлемі жылдан жылға
азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың
негізгі капиталға жұмсалған өз қаржыларының есебінен толтырылады. Осы
көрсеткіштердің динамикасын Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және бағалау
Мемлекеттік мекемелердегі қаржы инвестициялары
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Мароэкономика
Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен формалары
Үйренушілік шығындар принципі
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
Материалды айналым активтерінің қорларының өсуін инвестициялау
Инвестиция тартудың теориялық және методологиялық негіздері
Пәндер