Ландшафтты құрайтын морфологиялық табиғи территориялық комплекстер


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
I. Кіріспе
II. негізгі бөлім
а) Ландшафтты құрайтын морфологиялық табиғи территориялық комплекстер
ә) Қоныстардың қалыптасуындағы биоценоздардың бәсеке таластық күресі
III. Қорытынды
IV . Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Табиғи территориялық комплекс туралы ұғым ғылымға берік сіңіскеннен кейін ғалымдар оның аймақтық, типологиялық және оның құрлысының морфологиялық құрлымын жіктеумен айналыса бастады.
Көп жылдық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әр түрлі факторлар әрекеттеріне байланысты қалыптасатын табиғи территориялық комплекстермен кестеленетіндігін дәлелдеп отыр. Олар территориялық өлшемдері бойынша да, бірінен-бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді.
Геологиялық негізі, рельеф типі, климаттық және гидрологиялық режимдері, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниелерінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін біртекті табиғи территориялық комплексті ландшафт дейді. Оның нақты қасиеттеріне жататын белгілері мыналар:
- Көршілес жатқандарынан өзіндік ерекшеліктері арқылы дараланатын жаратылысы біртекті территория болу керек;
- Пайда болған күнінен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болу керек;
- Геологиялық құрылымында, рельеф типінде жаратылыстық айырма болмау керек, литогенді негізбен геоморфологиялық комплекстің өзгеріске ұшырауы ландшафтты да өзгертеді, сапасын, морфологиялық құрлымын түрлендіреді, сыртқы белгілерін анықтай түседі;
- Әрбір ландшафт құрылысының морфологиялық құрлымы қайталанбайтын тізбектерден тұру керек;
- Ландшафттың барлық компонеттері менморфологиялық құрлысының құрамдас бөлшектерін құрайтын табиғи территориялық комплекстердің тізбектелуіне зоналық, секторлық және биіктік белдеулік айырма болмау керек, өйткені ландшафт зоналық, секторлық және биіктік белдеулік факторлардың тұтас қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасады.
Ландшафтты құрайтын морфологиялық табиғи территориялық комплекстер
Ландшафтты құрайтын морфологиялық табиғи территориялық комплекстер сатыларына қарай Жергілікті жер-қоныс-фация деген жүйеге жіктеледі. Олардың қандай ғана сатыдағысы болмасын фациядан құралады. Фация бөлшектенбейтін географиялық комплекс, ол ландшафт құрлысының морфологиялық және аймақтық бірліктерін қарастыратын кірпіш іспеттес.
Фация деп рельефі мен топырақ жамылғысын жаратушы жыныс құрамында, рельеф пішінінде, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын табиғи территориялық комплексті айтады. Көпшілік жағдайда өсімдік жамылғысы фацияның шекарасын межелеуде үлкен роль атқарады. Табиғи жағдайда фацияны құрайтын компоненттердің динамикалық тепе-теңдігі бұзыла қоймайды, ол Б. Н. Сукачевтің биогеоценозымен дәл келеді. Ал адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған немесе адам әрекетіне байланысты пайда болған фациялар әр түрлі биоценоздарды қамтып, биогеоценозға дәл келмеуі мүмкін. Адам әрекетіне байланысты фацияның топырақ пен өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі, микроклиматы, су режимі тез өзгереді де жаңа сапаға ие болады. Бірақ адам әрекетінен пайда болған туындылы фациялардың тұрақтылығы ұзаққа созылмайды, табиғи жай күйін түрлендіруші әрекеттер тоқталған соң бұрынғы динамикалық тепе-теңдігін қалпына келтіру бағытына көшеді.
Фация рельефтің тұтас пішінін де, бір ғана элементінде қамтиды. Рельеф пішінін тұтас қамтитын фацияға Қазақстан территориясында жиі кездесетін лёсс тәрізді саздақ жынысты қара топырақты жерлердегі шөптесінді шабындық өскен тауаралық жазықтарды жатқызуға болады. Ал көп фациялы рельеф пішініне жыра да, сай да, өзен аңғары да мысал бола алады. Бұлардың кез келгенінің табанында, оң жақ және сол жақ беткейлерінде экологиялық жағдайлар әр түрлі биоценоздармен сипатталатын фациялар қалыптасады. Демек, алып жатқан орнына қарай фация үлкен аймақты да және кішкентай жерлерді де алып жатуы мүмкін.
Фацияның қалыптасуында рельеф элементінің бедері, салыстырма биіктігі, беткей экспозициясы мен қиялылығы, жыныстық құрамы үлкен роль атқарады. Рельеф элементін бедеріне қарай тегіс, ойыс, дөңес деп бөледі.
Тегіс жерлерде ауа циркуляциясы, жылу режимі біркелкі таралады, жер бетіне түсетін ылғал жер астына терең сіңіседі де жер асты суларының деңгейі төмен жатады. Ол топырақ пен өсімдіктер жамылғысының ылғал балансына қатыспайды. Фацияны қалыптастырушы зат және энергия алмасу процестері дербес сипатта дамиды. Жер құнары бір жағынан топыраққа сіңген сумен шайылып, органикалық заттардың түзілуіне жұмсалып кемісе, екінші жағынан элювиальды жамылғының үйілуіне байланысты қорын толықтырып отырады. Осылай жер құнарының динамикалық тұрақтылығы сақталады.
Ойысты жерлерде ылғал, жылу баласының кірісі мен минералдық заттар қорының жиналуы мол болады. Осы себепті шөлдік, шөлейттік және далалық жерлердегі кішкентай ғана ойысты жерлерде оазисті фациялар қалыптасады.
Дөңесті жерлер фациялардың территориялық бөлшектенуінде үлкен роль атқарады. Ең кішкентай деген төбенің өзі атмосфераның жер беті қабатындағы ауа қозғалыстарының бағытын, жылдамдығын, ылғал мен жылу балансының таралуының өзгертеді. Жаз айларынада төбенің ық жағымен салыстырғанда жел жақ беткейіне ылғал мол түседі, қыс айларында керісінше ық жақ беткейге омбы қар жиналады. Осы сияқты күнгей беткейлер мен теріскей беткейлердің радияциялық және температуралық баланыстары түрліше болып келеді. Ылғал, жылу және минералды заттардың алмасуларында беткейлердің құлау бұрыштары аз роль атқармайды. Мысалы, 50º солтүстік ендіктерде ылдиы 45градусқа жеткен теріскей беткей тегіс жерлермен салыстырғанда күннің тік радиациясын екі есе кем қабылдайды. Жер беті салыстырма бейіктігі артып, беткейлер қияланған сайын ағын сулар мен минералдық заттар үгінділерінің гравитациялық қозғалыстары үдейді. Қорыта айтқанда жер бедерінің күрделіленуіне байланысты рельеф элементтерінің саны көбейіп, фациялар түрлене береді.
Қоныстардың қалыптасуындағы биоценоздардың бәсеке таластық күресі
Қоныстардың қалыптасуындағы биоценоздардың бәсеке таластық күресі зоналық ландшафттардың өткелді бөліктерінде айқынырақ байқалады. Мысалы, республикамыздың шөлейттік жерлерінде экологиялық жағдайлардың бірдей болып келуіне қарамастан далалық шөлдіктерге тән қоңыстар іргелес жатады. Даланың көдесі май бөтегесі бал татыған жерлері мен шөлдің ашқылтым жусан өскен сортаңдары жергілікті жер жағдайларын көңдіріп, динамикалық тепе-теңдігін бұзбауға тырысады.
Қандай ғана қоңыс болмасын заңды түрде үйлесім тауып кестеленген фациялардың тізбегінен тұрады. Фациялық құрлымына қарай қоңыстар қарапайым және күрделі болып келеді. Қарапайым қоңыстар 1-2фациядан ғана тұратын суайрықты жолдарда, тегіс жазықтарда қалыптасады. Күрделі қоңыстар рельефтің ойыс немесе дөңес пішіндері тараған жерлерде кездеседі, фацияларының тізбектелу қатары рельеф пішіндерінің формасына қарай жолақты немесе сақиналыболып келеді. Күрделі қоңыстарды құрайтын фациялар кейде әр түрлі типтестік құрайды. Мысалы, Каспий маңы ойпатындағы лимандар орталық бөлігінде қара сұлы, шетіне қарай шабындық шөптесінді, сораң шөптесінді фациялармен қораланған ай тәрізді сипатта көмкеріледі. Мұндай табиғи территориялық комплекстер қоңыстағы қоңыс деп аталады. Күрделі қоңыстар төрт түрлі жағдайға байланысты қалыптасады.
Қоңыстар ландшафттың морфологиялық құрлымындағы орнына қарай негізгі, қосалқы, сипатты, сипатсыз, табиғи территориялық комплекстер болып бөлінеді.
Ландшафттың морфологиялық құрлымындағы негізгі қоңыстардың үлесі бәрінен де басым болады, территориялық өлшемі мен типтестік белгісі жағынан басты рольді атқарады. Қазақстан жеріндегі орманды дала зонасының негізгі қоңыстары саздақты жазықтардың сұр топырағына өскен орман шоқтары мен қара топырақты жерлеріне өскен көделі, немесе бетегелі далалықтан тұрады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz