Заң психологиясының даму тарихы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАМАНДЫҒЫ: ПСИХОЛОГИЯ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе.

I тарау. Заң психологиясының қалыптасу және даму тарихы.

  1. Заң психологиясының ерте даму тарихы және ғылым ретінде қалыптасуы.
  2. XX ғасырдағы заң психологиясының дамуы.
  3. Заң психологиясының Батыс Еуропадағы дамуы.
  4. Ресейдегі заң психологиясының дамуы.

II тарау. Қазақстандағы заң психологиясының қалыптасуы.

2. 1 Қазақстан даласындағы психологияның пайда болуы.

2. 2 Кеңестік Қазақстандағы психологияның ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі.

2. 3 Қазақстандағы заң психологиясының құрлымдық жүйесі мен әдістері.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Перцептивтіні үшке бөлген: төменгі- балық, насекомдар т. б. ; жоғарғы - сүтқоректілер, құстар; аса жоғарғы- маймыл, ит, дельфиндер жатады. Зерттеушілер зерттей келе перцептивтінің аса жоғарғы деңгейіне дейін психика, одан әрі қарай сана болады деген тұжырымдама айтқан. Яғни, адамның санасы қайдан пайда болды деген сұрақты түсіндіруде жануар психологиясы маңызды болып келеді.

Жануар психологиясының обьектісі - жануардың психикалық іс - әрекеті.

Осыдан жануар психологиясының пәні - Жануарлар деңгейіндегі психологиялық көрінісінің заңдылықтарымен эволюциясының көрінуі, жануарлардың психикалық процесстер. Онто және филогенездегі пайда болуы мен дамуы және адамның санасының тарихы туралы ғылым.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Антикалық дәуірдегі жануар психикасын қарастырған ғалымдардың еңбегіне тоқталу;
  • XXғ. жануар психологиясының даму деңгейін қарастыру;
  • Жануар психологиясының дамуындағы эксперименталды кезеңнің маңызы туралы мағлұмат алу;
  • Жүргізілген эксперименттердің нәтижесін көру;

Курстық жұмыстың мақсаты - Жануар психологиясының даму тарихын зерттеу.

  • Жүргізілген эксперименттердің нәтижесін көрдік. Яғни, тапсырманы барлық жануарлар бірдей орындай алмайды. Себебі, олардың әрқайсысы бір - бірінен белгілі ерекшеліктер бойынша ерекшеленеді.

Жұмысымды бір сөзбен қортындылайтын болсақ, алға қойылған мақсаттарға жеттік, өз ойымызды дәлелдедік деп ойлаймыз. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып қала бермек . . .

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Әр бір ғылым өзінің пәндік ерекшелігімен ерекшеленеді, бірақ қоғамның қазіргі даму сатысында психология ғылым жүйесінде маңызды орынға иеленіп келеді. Академик Б. М. Кедровтың ойынша үшбұрышты ғылым жүйесінің ортасында психология орналасқан. Әр түрлі тәжірибе аудандары психологиялық білімдерді қажетсінгендіктен психологияның әр түрлі қосымша салалары пайда болған. Олардың әр біреуі арнайы бір іс-әрекет жағдайына психикалық заңдылықтардың пайда болу спецификасын зерттейді.

Қазіргі кезде педагогикалық, медициналық, экономикалық, саяси, заң, әскери, спорт және т. б. психологияның салалары дамыған. Бұл курстық жұмыста қарастырылатын сала - заң психологиясы. Бұл тақырыптың өзектілігі:Заң іс-әрекеттеріндегі көптеген міндеттерге байланысты заң психологиясы пайда болып қалыптасты. Белгілі бір заңды мәселелерді шешуде (мысалы, кінә, ерік, қылмыскер тұлғасы, қылмыстық әрекеттер) заңгерге белгілі бір психологиялық білім немесе көмек қажет.

Заңгердің іс - әрекетіндегі бастысы - адамдармен жұмыс. Ол адамдарды бағалай алу, олармен психологиялық қатынас орнатып, қатынасқа түсу үшін оған психологиялық білім керек. Психологилық білім заңды іс - әрекеттердің эффектісін көтеріп, оның гуманизациялануына және дамуына ықпал етеді, жазалауды жұмсартатын қылмыс жасау кезіндегі қылмыскердің аффект жағдайында немесе терең психологиялық қайғыда болуын анықтауға, соттық -психологиялық экспертизаны тағайындау үшін, адамның ақыл - ой кемістігі бар ма, әлде жоқ па анықтау үшін, кәмілетке толмаған жастар жайлы, күәгерлердің жағдайды толық және дұрыс айтып бере алу қабілетін түсінуде қажет.

Заң психологиясының зерттеу міндеттеріне келсек, заң саласындағы және құқықтық реттеудегі психикалық заңдылықтардың пайда болуын, қолданылуын зерттейді. Ол адам іс - әрекетінің жалпы механизмдері мен заңдылықтарын зерттейтін жалпы психологияға негізделеді. Әлеуметтік психологиялық заңдылықтарды білу құқықтанудың негізгі міндеті. Заң психологиясы психологиялық факторларды есепке алу барысында құқықтық өнердің, құқықты қорғау, пенитенциарды іс - әрекеттердің эффектісін көтеру мәселесін зерттейді.

1. Бұл ғылым заңгер тұлғасын, оның іс - әрекетін, заңды бұзушы мен заңға сай өмір сүретін адам тұлғасын, қылмыскерді әлеуметтік психологиялық тұрғыдан түзету, заңды үрдістердің психологиясымен заңды бұзудың алдын алу мәселелерін зерттейді.

2. Басқа ғылымдарда жасалған әдістемелерді, теорияларды өз мақсатында қолдана білуді қарастырады.

3. Заңгер тәжірибеге арналған құқықты қорғау, өз жұмыстарын реттеу, жақсарту, профконсультациялар, бірігіп әрекет жасау нұсқалары бар әдістеме жасаумен айналысады.

4. Заң психологиясына байланысты оқу үрдісін қамтамасыз ететін теориялық және әдістемелік нұсқаларды жасайды.

5. Психологиялық консультация, соттық - психологиялық экспертиза мен солардың теориясы мен методикасын жасаумен айналысады. Сонымен қатар заң психологиясының міндеттеріне психологиялық және заң білімдерінің ғылыми синтезін жасау; құқықтық - базалық категориялардың заңды психологиялық негізін ашу; заңгерлердің зерттеу объектілерін, яғни адамның жүріс - тұрысын терең түсіне алуын қамтамасыз ету; әр түрлі субъектердің психикалық ерекшеліктерін ашу; қоғам өмірін реттейтін құқықтық нормалар бойынша рекомендациялар жасау. Істі жүргізу барысында немесе тергеу кезінде мағлұматтар аз болса іздеу салынған қылмыскердің жүріс - тұрыс ерекшеліктеріне бағдар жасалады. Зерттеу жұмыстары кезінде стратегиялар мен тактикаларды жасау кезінде психикалық заңдылықтарды білу өте маңызды.

Заң психологиясының құрылымдық жүйесі мен әдістері: Заң психологиясында адамның құқықтық реттеуге логикалық құрылымдық жүйесі бар. Оның әр біреуі бес бөлімнен тұрады:

1. Құқықтық психология

2. Азаматтық құқықтық реттеу психологиясы

3. Криминалды психология

4. Қылмыстық сот өндірісінің психологиясы

5. Түзету психологиясы

Қазақстандағы психология ғылымының дамуына келетін болсақ белгілі танымал психологтар Қ. Жарықбаев, Т. Тәжиев, М. Мұқанов, Ж. . Аймауытов және т. б үлес қосуда.


1. Заң психологиясының қалыптасу және даму тарихы.

1. 1 Заң психологиясының ерте даму тарихы мен ғылым ретінде қалыптасуы

1. Заң психологиясы - ғылым салаларының ішіндегі ең жас саласы. Оның дамуының келесі сатыларын атап көрсетуге болады:

2. Заң психологиясының ерте даму тарихы - XVIIIғ. мен XIXғ. бірінші жартысы.

Заң психологиясының ғылым ретінде қалыптасуы - XIXғ. аяғы мен XXғ. басы.

  1. XXғ. заң психологиясының дамуы.

Жаңа пайда болған ғылымдардың көпшілігі тәріздес, заң психологиясы даму барысындағы бірінші кезеңінде өзіндік арнайы маманданған ғалым кадрлары болған жоқ. Осы ғылымға байланысты сұрақтарды арнайы психологтар мен заңгерлер және басқа ғылым салаларындағы мамандар шешуге тырысқан. Бастапқы даму құқықтанудың дәстүрлі әдістерімен шешіле алмаған сұрақтарын, спецификалық әдістерін құқықтық ғалымдар психологияға сүйеніп шешеді. Психологияның басқа салалары тәріздес заң психологиясы қарапайым тұжырымдардан, ғылыми - эксперементалды зерттеуге дейінгі аралықты өтті.

Гуманизм идеясын және соттық - психологиялық аспектілерді бірінші болып қарастырған автор М. Щербатов. Өз еңбектерінде ол заңның адамның индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты құрылуын талап етті және ол бірінші болып айыптаудан уақытша босату жайлы мәселені көтерді. Қылмыскерді тәрбиелеу мен еңбек факторын жақтады.

Посошковтың еңбегінде күәгерлер мен айыпталушыларды теггеу, қылмыскерлер классификациясы және т. б психологиялық ұсыныстар берген. Түзету мен қайта тәрбиелеу ойларын негіздеу үшін психологияға үңіледі. Осы мәселені шешумен XIXғ. Ресейде В. К. Елпатьевский, П. Д. Лодий, Л. С. Гордиенко, Хр. Штельцерлер айналысқан. Бірақ ол кезде психологияның өзі метафизикалық сипаттамада болғандықтан, қылмыстық құқықпен бірігсе де адам тұлғасын зерттейтін әдістер мен критерийлерді ұсына алған жоқ.

И. С. Баршевтің айтуынша егер судья психологияны білмесе, онда сот “тірі жандарға емес, өлілерге жүргізіледі”.

Неміс ғалымы И. Фридрихтің “Соттық психологияның жүйелік басқарылуы” еңбегінде қылмысты шешуде психологиялық білімдерді қолданып көрген.

Күәгерлік көрсеткіштер жайлы психологиялық сұрақтармен француз матеметигі Лаплас та айналысқан. 1814 ж. “ Философиядағы болжам теорияларының тәжірибесі ” атты еңбегінде сотты матеметикалық тұрғыдан қарастырған; болжамды элементтер шындыққа сәйкес келуі мүмкін деген:

  1. Күәгердің айтуы бойынша жағдайдың болу болжамы;
  2. Тергелушіге деген қатынастағы төрт гипотеза:

Күәгер қателеспейді және ол өтірік айтпайды,

Күәгер өтірік айтпайды, бірақ қателеседі,

Күәгер қателеспейді, бірақ өтірік айтады,

Күәгер қателеседі және өтірік айтады.

Соттық психологияның мәселесін зерттеу көптеген уақыт бойы осы бірінші қадамдардан аспады. XIX ғ. екінші жартысындағы табиғи ғылымдардың дамуына қоса капиталистік мемлекеттерде қылмыс сандары да өсті. Осының нәтижесінде соттық - психологиялық зерттеулер қайта жаңғырып, дами бастады.

XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында психология, психиатрия, заң және т. б ғылымдар қарқынды дами бастады. Сол кезде бұл ғылымдардың өкілдері И. М. Сеченов, В. М. Бехтерев, С. С. Корсаков, В. П. Сербский, А. Ф. Кони және т. б прогросивті позицияларды иеленді.

Психолгияның, психиатриямен құқытың дамуы заң психологиясының жеке ғылым ретінде қалыптасуына ықпал етті. 1899ж. П. И. Ковалевский психопатология мен құқықтық психологияның бөлінуі жайлы және олардың заң саласына еңгізілуі туралы сұрақты көтерді. Дәл осы сәтте қылмыстық құқықтық антропологиялық және әлеуметтік мектептері арасында күрес басталды. Антрополргиялық мектептің негізін салушы Ч. Ломброзоның “уа біткен қылмыскер теориясы бойынша” қылмыскер түзетілмейді, оның қылмысқа деген құштарлығы туа пайда болған.

Әлеуметтік мектебінде жасалатын қылмыстарды әлеуметтік фактілерге негізделген. Осы идея қазіргі кезге дейін прогреситі.

ХХ ғ. басында заң психологиясында эксперементалды зерттеу әдістері пайда болды. Осы кезеңдегі көптеген жұмыстар күәгерлер психологиясына байланысты болған. Мысалы, И. Н. Халчова “Арманшыл өтірік”, Гр. Португалова “Күәгерлік көрсеткіштер туралы”, М. Хомяковтың “Күәгердің психологиясы бойынша сұрақтар” доклады, О. Б. Гольдовский “Күәгердің көрсеткішінің психологиясы”.

Қылмыскер психологиясын зерттеу бойынша еңбектер жарық көре бастады. Соттық психология бойынша негізгі еңбектер Гонс Гростікі. 1898 ж. шыққан “Криминалды психология” кітабында сол кездегі көптеген психологтардың жалпыпатологиялық эксперементалды зерттеулері жазылған.

Қылмысты зерттеудің психологиясындағы маңызды қадам психологияның эксперементалды әдісін енгізу. Осы әдісті құрушылардың бірі француз псхологы Альфред Бинэ. Ол бірінші болып балалардың көрсеткішьеріне әсер ететін мәселелерді эксперементалды түрде зерттеген. 1900 ж. Оның “Сендіру” атты еңбегі жарық көрді. Бұл кітапта балалардың көрсеткіштеріне әсер ету, сұрақ жауаптарында әрдайым қатердің болуы, соттық отырыстардағы протоколдарда қате жібермей көрсеткіштерді дұрыс бағалау үшін қойылатын сұрақтар мен жауаптардың нақтылығын тексеру туралы жазылған.

1902 ж. Күәгерлік көрсеткіштердің нақтылығын тексерудегі эксперементтермен неміс психологы Вильям Штерн айналысқан. Оның міндеті А. Бинэнікі сияқты күәгерлер көрсеткіштеріне әсер ету емес, көрсеткіштердің дәлділігін анықтау. Өз нәтижелеріне сүйеніп, В. Штерн күәгерлік принципиалды түрде жалғандығын көрсеткен. Өйткені “Ұмыту - бұл ереже, ал еске түсіру - ерекшелік. Штерн естің айқын бейнеленген идеалистік сипаттағы персоналитикалық концепциясын құрған. Осы концепцияға орай адам есі шынайлықты объективті бейнеленуі емес, тұлғаның өзіндік эгоистік қызығушылықтарын қанағаттандыру оның намысын, мақтаншақтылығын, өзімшілділігін және т. б көрсетеді. Штерннің концепциясы тек Еуропадағы заңгерлердің қызығушылықтарын тудырмай, бүкіл әлемдегі заңгерлерді қызықтырды. Сонымен қатар бұл концепция Ресей заңгерлері арасында да қызығушылық тудырды. Ресейде Штерннің жақтаушысы Петербург университетінің профессоры О. Б. Гольдовский, Казан университетінің профессоры А. В. Завадский және А. И. Илистратов. Олар өз бетімен Штерннің зерттеулеріне ұқсаса зерттеулер сериясын жүргізіп, аналогиялық нәтижеге келді. О. Гольдовскийдің айтуы бойынша: әр түрлі бейнелерді салыстыру кезінде куәгерлермен берілген мағлұматтарды шындықпен салыстырғандағы нәтижесі өкінішті. Куәгер оқиғаның дәл нұсқөасын бермей тек сурогатын береді.

А. В. Завадской және А. И. Елистратовтың көзқарастары бойынша: “Штерн куәгерлердің көрсеткіштерінің нақтылығы бойынша тәжірибелер жасалған. ” Тәжірибе нәтижесінде келген шешім: қатесіз көрсеткіштер ерекшелік, ал ереже бойынша көрсеткіштер әдетте қатемен болады. Бұл жағдайда қалыптасқан деп санауға болады.

Германияда қылмыстық психологиямен айналысқандар қатарына О. Липпман, А. Краймер, Ф. Лист, С. Яффа және т. б. Штерн, Лист және Гросс пен бірігіп “көрсеткіштер психологиясы” психологиясы бойынша доклад журналын шығара бастады.

Криминологиялық психология бойынша зерттеулер басқа да елдерде жүргізілді. Фрацияда Клапаред, АҚШ -та Мейерс, Микином, Кеттел. Олар 1895 жылы студенттер есімен зерттеу жүргізді. Ресейде куәгерлік көрсеткіштер бойынша М. Хомяков, П. Бухвалова, Н. Берштейн, М. Кулишер 1905 жылы “психология мәселелері”, “өтірік және куәгерлер көрсеткіштері” атты жинақтары шықты. Осы жинақтарда куәгер көрсеткіштерінің жалған екені жазылған.

Әрбір ғылым даму барысында дағдарысқа ұшырайды. Заң психологиясында жалған көрсеткіштерге қарсы ойын білдірген Ресей заңгері Ф. Кони. Ол Штерн мен Гольдовскилерге қарсы шығып, Штерннің:” зерттеулері біржақты, әрі куәгерлерге қарсы”- деген. Кейінірек Кони Петербург университетінің заңгерлер қоғамының алдында куәгерлердің көрсеткіштерін қолдайтын докладын қорғады.

Казан университетінің А. Лазарев пен И. Валицкийлердің ойларынша: Штернің ойы практикада орынсыз болды, өйткені куәгерлердің көрсеткіштері көбінесе ырықсыз қателер емес, саналы өтірік, кең тараған құбылыс куәгерлердің ¾ бөлігі шындықты айтпайды.

Әлеуметтік құбылыстварды зерттеу нәтижесінде әлеуметтік институттар қылмыстың пайда болуын анықтайды. Осыған орай XIX ғ. осы мәселені шешу үшін жаңа тәжірибелік іс- әрекеттер жоспары құрылды.

XIX ғ. ортасында Чезаре Ломброзо антропологиялық тұрғыдан бірінші болып қылмыстық іс- әрекеттер табиғатын түсіндіруге тырысады. Ломброзо теориясын қолдаушылар біздің заманымызда да кездеседі. Оны Клайнфельдтердің хромосомалық аномалияларынан, туа пайда болған агрессиялар мен бұзушы құмарлықтарын зерттейтін гендік инженерияны зерттейтін фрейдтік және неофрейдтік зерттеулерден көруге болады.

Ломброзаның теориясына сүйенсек, онда туа пайда болған қылмыспен физикалық жоюмен изоляциялау керек. Оның қылмыскерлер табиғаты жайлы көз қарасын сол замандағы буржуаз әлеуметтенушілері, Ломброза замандастары сынаған. Осы кезде қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырыла бастады.

  1. XX ғ. Заң психологиясының дамуы.

XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында криминологиялық білім әлеуметтенумен сипатталады. Осы кезде прогрессивті түрде буржуз әлеуметтенушілері Ж. Кетле, Э. Дюркгейм, П. Дюпоти, М. Вебер, Л. Леви - Брюль және т. б әлеуметтік статистикалық әдісті қолданып, қылмыс табиғатының антропологиялық көз қарасын өтеп, оның әлеуметтік құбылыстарға тәуелділігін зерттеумен айналысқан.

Жан Кетле мен Эмилем Дюркгейм білгілі бір тарихи кезең аралығында аномалыялық құбылыстардың статистикалық анализін жасаған. Соғыс, экономикалық дағдарыстар кезінде адамдар арасында аномалиялық іс - әрекеттер, яғни суицид, қылмыстар, жезөкшелік жіне т. б көбейіп кеткенің дәлелдеген. Олар туа пайда болған “қылмыскерлер” емес, олардың негізі әлеуметтік құбылыста жатыр.

Бұл фактілер Американ психологтары Р. Мертон, Ж. Старленд, Д. Матс, Т. Сайкс еңбектерінде бейнеленген. Олардың жұмыстарының негізгі топтағы адамдардың қарым - қатынасы мен жүріс - тұрыстарын реттейтін, әр түрлі әлеуметтік психологиялық механизмдер мен феномендер әсерінен деликвантты жүріс - тұрыс табиғатын түсіндіру болған.

Криминологиялық білімнің ерекшелігі - әр түрлі ғылым салаларының мамандарының: заңгерлер, психологтар, әулеуметтанушылар, медиктердің бірігіп мәселені шешу жолдарын іздестіру, аномалді жүріс - тұрыстың пайда болуына әкелетін факторларды жүйелі түрде қарастыру. Бұл комплекстік түрде қылмыстарды профилактикауға мүмкіндік береді.

Жаңа замандағы криминологтар өз теорияларын генетика, психоанализ, психологияға сүйеніп шығарады. 70ж. хромосомаларға байланысты Клайфельд синдромы ашылды, яғни ол қалыпты түрде ерлер хромосомаларының жиынтығы 46 XV, ал аномалиясы бар хромосомалар жиынтығы 74 XVV қылмыскерлер арасында 36 есе жиі кездеседі. Бірақ Американдық ұлттық психикалық денсаулық орталығында 1970 ж. хромосомалар бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде хромосомалық аномалиялар көптеген жағдайларда қылмыскерлерде емес, жан дүниесінде ауытқулары бар адамдарда кездесетіні жайлы баяндама жарияланды. Бұл эксперементке 5342 қылмыскер және жай адамдар қатысып, оларға әр түрлі 45 зерттеулер жүргізілді.

1972 ж. Францияда болған халықаралық зерттеулер конференциясында генді ауытқулар мен қылмыскерлер арасында ешқандай байланыс жоқ екендігі статистикалық түрде дәлелденді. Осының нәтижесі кезіндегі қылмыстық антропологиялық теория тәріздес хромосомалық аномалияларды терең зерттеулер нәтижесінде қолдау таппай, негізделген сынға ұшырыды.

Биологизаторлар, фрейдістік және неофрейдистік мектептердің өкілдері қылмыс табиғатының пайда болуының бастапқы факторы ретінде агрессияға ерекше көңіл бөлген. Агрессия - белгілі бір объектке немесе адамға жамандық жасау мақсатындағы іс - әрекеттер. Ол фрейдистер мен неофрейдистердің ойынша белгісіз жағдайларға байланысты жүзеге аспай қалған туа пайда болған құмарлықтардың қанағаттанбауынан, агрессивті бұзушы энергияны іс - әрекет жасауға әкеледі. Осындай туа біткен бейсаналықтағы құмарлықтарды Фрейд -либидо, А. Адлер - басқалардың үстінде болу күшке басқаруға деген құмарлық, Э. Фром - бұзуға деген құмарлық деп қарастырған.

Бірақ агрессияның келесі зерттеушілері агрессия табиғатына деген көзқарасты өзгертті. Бандураның айтуы бойынша агрессия - әлеуметтенудің дұрыс емес жүзеге асу үрдісінің нәтижесі, мысылы, балаларға деген қатынаста ата - аналарының қатыгез қатынастары, жазалауды асыра қолдану.

А. Берговецтің көрсетуінше объективті жағдаймен адамның іс - әрекетінің агрессивтілігі арасында екі жағдай пайда болған: агрессияға деген дайындық пен осы жағдайды өзінше талқылау мен интерпритациялау.

Қазіргі заманда Батыс криминологиясында қылмыстың әлеуметтік психологиялық теориялары кең қанат жаюда. Ол моральді бақылауды қорғаныс механизмдері арқылы жоққа шығарады. Осыған Р. Метронның “әлеуметтік аномалиясы” жайлы теориясын, Д. Матс пен Т. Сайкстің “нейтрализация” теорияларын жатқызуға болады. Бұл гипотезалар бойынша деликвентті жүріс - тұрыс кезінде мораль нормаларын жоққа шығарып, қылмыскерлер жалпы мораль нормаларын қабылдайды, бірақ өздерінің қылмыстық әрекеттерін ақтайды.

Ресейде заң, құқық бұзушылық қылмыскер тұлғасы және т. б сұрақтарды шешуде заң психологиясы белсенді қатысты. 1925 ж. Ресейде қылмыс пен қылмыскерлерді зерттейтін бірінші институт ашылды. Бірінші бес жылдықта көптеген заң психологиясы бойынша еңбектер шығарылды. Мәскеуде, Ленинградта, Саратовта, Киевте, Харьковте, Минскте, Бакуде және т. б жерлерде қылмыс пен қылмыскерлерді зерттейтін арнайы кабинеттер ашылды. Күәгерлер көрсеткіштері, психологиялық экспертиза және т. б мәселелер зерттелді.

1927 ж. құрылған Мәскеу губерниясының прокуратурасында А. Р. Лурия психологы психологиядағы эксперементалды лаборотория бойынша қызықты зерттеулер жүргізді. Қылмыстарды зерттеуде қолданылатын эксперементалды психологиялық әдістерді қолданып, “детектор лжи” атты құрылғыны ойлап тапты.

Сол кезде заң психологиясының дамуына М. Бехтерев пен Ф. Кони үлестерін қосқан. Криминологиялық, психологиялық және криминалистикалық рефлексология бойынша секциялар құрылды. Заңгерлер мен психологтар қылмыспен күресте жаңа әдістерді іздейді. Олар қылмысты сәтті тергеу үшін гуманистік принципті ұстанған, яғни қылмыс мәселесі туындағанда адамдардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, психологиялық білімді пайдаланған.

1927 ж. В. Штерннің жолын қуушы Н. Гладышевскийдің “Біздің қалыпты шын еместігіміз” атты мақаласы шықты. Онда адамның сезім ағзаларының (көру, есту, түйсіну) нақты емес, сондықтан күәгерлер көрсеткіштеріндегі қателердің болуын пайымдайды.

1922 ж. Кони “Ес және зейін” атты әдістемесі күәгерлер мәселесі жайла жазды. 1928 ж. 17 желтоқсанда С. Тагер психологтар институтының жиынында “сот психологиясының зерттеу мен оның перспективалары”, нәтижелері жайлы баяндама оқыды. Е. Брусиловский, В. Познышев, Г. Геллерштейнмен бірігіп адамның жүріс - тұрысын зерттеумен айналысқан.

Мәскеудің мемлекеттік эксперементалды психологиялық институтында С. Тагер күәгерлердің көрсеткіштері бойынша жұмыстар жүргізген. Ол жұмыс жоспарын құрып, мағлұматтарды қабылдап, оларды әр түрлі жағдайларда қалыптастыру үрдісін зерттеген. Көрсеткіштердің күәгердің жасына, мамандығына, эмоционалды жағдайына байланысты қалыптасу жайлы зерттеулерді іздеген. Тагердің айтуы бойынша мағлұматтарды зерттеуде адамның индивидуалды ерекшеліктерін ескеру керек.

Жалған мәліметтерді анықтап, күәгерлерден шынайы мәліметтерді алатын тергеуші, судья іс - әрекетінің аспектілерін зерттеген И. Сотонинаның да жұмыстары қызықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Заң психологиясының пәні мақсаты мен міндеттері, салалары. Заң психологиясының даму тарихы
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттерін өзара байланысы
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Бала психологиясы туралы
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz