Ресейлік ғалым ядролық сынаққа тыйым салынуын сынайды



Алпыс жыл бұрын Семей сынақ алаңында бірінші атом бомбасы жарылған еді. Ресейдің ядролық қару саласы бойынша ғалымы Аркадий Брич бүгінде бұл күнді ұлттық мейрам ретінде атап өтуге шақырады.
60 жыл бұрын бірінші совет атом бомбасын сынау жұмысына қатысушы, физик Аркадий Брич бұл оқиғаға «керемет» деген баға беріп, бұдан былай бұл күнді (Ресейде) ұлттық мейрам ретінде атап өтуді ұсынды деп жазады «Физорг» сайты.
Аркадий Брич сонымен қатар, ядролық бомбалар сынағына тыйым салуға қарсы пікір білдірген. Оның айтуынша, аталған сынақтар ғылымды алға жылжытып, «өте көрікті» саңырауқұлақ тәріздес бұлттардың дүниеге келуіне себепші болған. «Бірінші атом бомбасын сынау күнін мемлекеттік мейрам ретінде атап өту керек», - дейді ол өзінің РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
«Ядролық технология жөнінде ештеңе білмеген адамдар ол туралы көптеген нәрсені тез үйреніп, соғыс тып-типыл етіп кеткен елде бомба жасау мүмкін болды. Бұл керемет еді», Семей полигонындағы тұңғыш атом бомбасы сынағы. Қазақстан, 29 тамыз, 1949 жыл.
- деп атап өткен оқымысты. Семей полигонындағы тұңғыш атом бомбасы сынағы. Қазақстан, 29 тамыз, 1949 жыл.

РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚҚА ТЫЙЫМ САЛЫНУЫН СЫНАЙДЫ
Алпыс жыл бұрын Семей сынақ алаңында бірінші атом бомбасы жарылған еді. Ресейдің ядролық қару саласы бойынша ғалымы Аркадий Брич бүгінде бұл күнді ұлттық мейрам ретінде атап өтуге шақырады.
60 жыл бұрын бірінші совет атом бомбасын сынау жұмысына қатысушы, физик Аркадий Брич бұл оқиғаға керемет деген баға беріп, бұдан былай бұл күнді (Ресейде) ұлттық мейрам ретінде атап өтуді ұсынды деп жазады Физорг сайты.
Аркадий Брич сонымен қатар, ядролық бомбалар сынағына тыйым салуға қарсы пікір білдірген. Оның айтуынша, аталған сынақтар ғылымды алға жылжытып, өте көрікті саңырауқұлақ тәріздес бұлттардың дүниеге келуіне себепші болған. Бірінші атом бомбасын сынау күнін мемлекеттік мейрам ретінде атап өту керек, - дейді ол өзінің РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Ядролық технология жөнінде ештеңе білмеген адамдар ол туралы көптеген нәрсені тез үйреніп, соғыс тып-типыл етіп кеткен елде бомба жасау мүмкін болды. Бұл керемет еді, Семей полигонындағы тұңғыш атом бомбасы сынағы. Қазақстан, 29 тамыз, 1949 жыл.
- деп атап өткен оқымысты. Семей полигонындағы тұңғыш атом бомбасы сынағы. Қазақстан, 29 тамыз, 1949 жыл.
Батыста шартты түрде RDS-1 деп аталған өзінің бірінші атом бомбасын Совет Одағы 1949 жылдың 29 тамызында Шығыс Қазақстанда, Семей полигонында жарып, сынақ өткізді.

Бұл сынақ АҚШ өзінің Тринити атты атом бомбасын тарихта алғаш рет жарғаннан соң, 4 жыл өткенде іс жүзіне асырылған.
Ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу жөніндегі келісімшартқа 1996 жылы Нью-Йоркте әлемнің 177 мемлекетінің өкілі қол қойған еді, алайда ол әлі күнге дейін өзінің күшіне енген жоқ. Бұл құжатқа қол қойылған сәтте дамыған ядролық зерттеу немесе ядролық энергетика инфрақұрылымына ие болған 44 мемлекеттің бәрі аталған келісімшартты бекіткенде ғана бұл ол өзінің күшіне ене алады. Әзірше аты аталған елдер ішінен тек 34 ел ғана бұл халықаралық құжатты бекітіп отыр деп атап көрсетеді Физорг.
УРАН КЕНІШТЕРІНЕН ПОЛИГОНҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛҒА ТӨСЕЛГЕН МӘЙІТТЕР
Форт Фридом сайтында Нью сайентист ғылыми журналының 1983 жылғы 23 маусымында жарық көрген санында жарияланған бір мұрағаттық құжат орналастырылыпты. Бұл құжатта әлгіде аты аталған 60 жыл бұрынғы оқиғаларға сәл басқаша тұрғыдан баға беріледі.
Оның ауторы 1902 жылы Украина жерінде туып, кейіннен 30 жылдан астам уақыт бойы КСРО Ғылым академиясы жүйесі аясында Ленинград пен Мәскеуде жұмыс істеген, совет ядролық бомбасын жасау ісіне көп еңбек сіңірген Михаил Клочко есімді диссидент-ғалым болып табылады. Ол зертхана басшысы ретінде 1934 және 1961 жылдар аралығында қызмет атқарған мекеме ИОНХ - яғни, Курнаков атындағы Совет ғылым академиясының Жалпы және бейорганикалық химия институты деп аталады. 1961 жылы Канада мемлекеті оған саяси баспана берген болатын. Төменде Михаил Клочконың мақаласынан үзінділер келтіріледі.
...Уран кеніштерінен сынақ алаңдарына дейінгі жолға адам мүрделері төселген. Атом бомбасын жасаудың бірінші онжылдығы барысында (1946-1955 жылдары) аталған жұмыстың басты бөлігін совет концлагерлеріндегі тұтқындар іс жүзіне асырды. Лагерлерде қауіпсіздіктің ең қарапайым шаралары да ескерілмейтін. Өндіріс желісі мен уран шахтасындағы көптеген жазатайым оқиғалармен қатар сәуле ауруы олардың пешенесіне жазылған сор еді...
Александр Солженицын өзінің Архипелаг Гулаг атты кітабында КСРО-да түрмедегілер күшімен салынған көптеген құрылыс нысанының тізімін келтірген. Бұл тізімге Норильскідегі абақтыдағылар күшімен тұрғызылған әскери ғимаратты да қосқан жөн болар еді. Мен өзім академик И. Черняев тобының сапында 1946 жылы аталған қалаға сапарлап барғанымда түрмедегілердің уран кенін қазып, байытумен айналысып жатқанын көзіммен көрген едім...
Батыс ғалымдары советтік атом бомбасының көптеген сынағы мен жарылыстарын тіркеді. Осындайда, радиоактивті жауынның Совет одағының шекарасынан асып, шетелде де жауатынын жиі бақылауға болатын. Мәселен, 1956 жылы сәуірде осындай жауын-шашын Қытай жеріне жеткен еді. Советтің өзінде радиоактивті жауын құрбандарының (сонымен қатар, ядролық сынақтың көптеген басқа да жазатайым оқиғалардың құрбандарының) саны қатаң құпияда ұсталынып келді.
1976 жылы ғана ғалым-диссидент Жорес Медведев Оңтүстік Орал өңірінде ядролық қалдықты кәдеге жарату зауытында өрт немесе жарылыс салдарынан болған орасан апаттың құпиясын жария етті. Оқиға барысында өте үлкен аймаққа залалды ылғал түсіп, ондаған мың жан радиоактивті сәулеге шалдыққан, олардың жүздегені қайтыс болып та Семей полигонының орталығы - Курчатов қаласының қазіргі жалпы көрінісі.Тамыз, 2009 жыл.
үлгерді ... Семей полигонының орталығы - Курчатов қаласының қазіргі жалпы көрінісі.Тамыз, 2009 жыл.
... Медведевтің сөзіне қарағанда, тіпті 1951 жылдың өзінде (бірінші совет бомбасы жарылысынан екі жыл өткен соң) радиоактивті изотоптармен жұмыс істеп жатқан жұмысшылар оның қаупі туралы ештеңе білмеген ... Атом бомбасын жасаудың бірінші онжылдығы барысында, 1945-1955 жылдары, тіпті сәуле ауруы деген сөзді айтуға тыйым салынып отырған. Гигиена және санитария журналы 1955 жылға дейін радиацияның қаупі туралы бір де бір мақала жарияламаған ...
Дегенмен, қалайша совет билігі осындай ауқымды қасіретті құпия ұстап келуге қол жеткізе алды? Бұл сауалға жауапты өте оңай табуға болады: совет цензурасының ерекшелігі арқасында. Сталин режимінің цензурасы туралы айқын түсінік алу үшін 1940 жылдардың соңына таман жарық көрген Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салынған мәліметтер тізімі атты кітаппен танысудың өзі жеткілікті болады.
Сонау 1947 жылы жарық көрген атышулы Мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі қаулы қабылданғаннан кейін, мен аталған кітаптың мазмұнымен бірінші бөлімнің (яғни ғылыми институттағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бюросының) кабинетінде таныстым. Себебі, мен ИОНХ-ның басқа 3 ғалымымен бірге осы мекеменің қызметкерлері жариялайтын мақалалар мен еңбектерді қадағалайтын цензор боп тағайындалған едім. Кітаптағы жариялауға тиым салынған жүздеген тақырып тізіміне мыналар да еніпті: індеттер; шахталар, фабрикалар және сынақ алаңдарындағы жазатайым оқиғалар; әр түрлі көлік апаттары; әрі Совет Одағындағы кез-келген табиғи апаттар, соның ішінде жер сілкіністері ...
Ал бомбалық сынақтарға келсек, ол сынақты жүргізіп, нәтижесін тексерумен айналысушылар арасында болған сынақ алаңындағы өлім-жітімнен тыс, радиоактивті ылғал астында қалған, қаруды сынау аймағында өмір сүрудің тауқыметі пешенесіне жазылған көптеген бақытсыз жандардың да болғандығын ұмытпаңан абзал. Осыларға қатысты Медведев ядролық қалдықты кәдеге асыруға арналған бір аумақта ондаған мың адамға жарылыстың зиян келтіргенін айтады. Мұның үстіне, әрбір жарылыстың он мыңдаған адамға қасірет әкеп, мыңдаған жанның ажалына себеп болғанына күмән жоқ.
Бұл келтірілген дерек-мәліметтер негізінде Мен совет атом бомбасының жасалуы мен сынағы себеп болған кісі өлімінің саны Хиросима мен Нагасаки құрбандарының жалпы санынан асып кетті деген тоқтамға келдім,- деп жазады Медведев.
Семейдегі диагностикалық ақыл-кеңес беру орталығында бүгін Нагасаки қаласындағы атом бомбасы құрбандарын еске алу құрметіне "Қазақстан-Жапония" атты телекөпір ұйымдастырылды. Бұл туралы медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастық және инновациялық технологиялар бөлімінің төрайымы Сағадат Сағындықова құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Оның айтуынша, "телекөпір Нагасаки қаласындағы 1945-жылғы 9-тамыздағы атом бомбасы құрбандарын еске алу құрметіне ұйымдастырылды". Телекөпір барысында Семейліктер Нагасаки қаласындағы қайғылы оқиға құрбандарын еске алуды мұрат тұтқан салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне он-лайн режимінде атсалысып куәгер болды.
С.Сағындықованың айтуынша, "Қазақстан мен Жапонияны ядролық трагедия байланыстырады. Сол себепті ғаламдық желідегі бүгінгі байланыс Нагасаки тұрғындарымен тілектестіктің бір нышаны іспетті".
Қазақстан мен Жапония арасындағы етене жақын ынтымақтастық 15 жылдан бері созылуда. Бірақ бұл екі жақты достық тарихындағы алғашқы телекөпір. "Телекөпір қандайбір кедергі-кемшіліксіз өтті. Кездесуге Нагасаки университеті мен Семей жұртшылығы өкілдері қатысты. Телекөпірді ұйымдастыруға Нагасаки университеті профессорының көмекшісі, жерлесіміз Серік Мейірманов мұрындық болды. Жапония жағына сұрақ беру мүмкіндігіне тек диагностикалық орталықтың өкілдері ғана емес, сонымен бірге ұстаз мұғалімдер мен қала жастары да ие болды",- дейді С.Сағындықова.
Келешекте семейлік дәрігерлер ғаламдық желіде қашықтан оқыту тәсілімен маман дайындау үрдісін дамытпақшы.
С.Сағындықованың пікірінше, Қазақстан мен Жапонияның жоғары оқу орындары арасындағы байланысты одан әрі тереңдету жапониялық мамандардың тәжірибесі мен технологияларын алмаса жинақтауға жол ашпақ.
Атом бомбасы және КГБ (Жорес Медведев)
Жақында ғана АҚШ-та жарық көрген Кеңес мемлекеттік қауіпсіздігінің бұрынғы генералы Павел Судоплатовтың Особые задания естеліктер кітабындағы Атомдывқ шпиондар мақаласы батыста шу көтерді, өйткені бұнда америкалық атом бомбасы жөнінде кеңес барлаушыларының жетісті туралы айтылады. Батыс комментаторларына мына жайт қызуғышылық туғызды: Судоплатов НКВД үшін ақпарат көздері ретінде атақты ғалымдарды - Роберт Огенгеймер, Энрико Ферми, Нильс Бор, Лео Сицилард және Георгин Гамовты атады, бірақ та бұны ешбір құжаттармен нақтыламаған.

Біріккен шпиондарға емес...
Ресейдің көптеген журнелдары мен газеттерінде басылған бұл кітаптың үзінділері Ресейде де шу шығарды. Бұл алдында жарық көрген кеңестік атом жобалары туралы көптеген кітаптар мен мақалаларда шапшаң құрылған атомдық қалқанда шпионаж рөлі айтылмауы арқылы түсіндіріледі. Барлық еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Қазақстан – халықаралық құқықтың объектісі ретінде: маңызы, мақсаты және міндеттері
Қиыршық тастың негізгі қасиеттерін анықтау
Ядролық қарусыздану
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
Халықаралық антиядролық қозғалыс
Алдан Аймбетов ұлтын ұлықтаған азамат, қайраткер. «Казахская правда» газетінің көтерген өзекті мәселелері
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
Өткізгіш тұрбаларды жөндеу және сынау
Ядролық қару таратпау саласындағы саясатқа тарихи шолу
Пәндер