Инфекция немесе инфекциялық процесс туралы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Инфекция немесе инфекциялық процесс - бұл адамдар мен жануарлар ағзасына патогенді микробтар енгенде пайда болып дамитын, соның нәтижесінде ішкі ортаның тұрақтылығы және физиологиялық қызметі бұзылатын физиологиялық және патологиялық процесстердің жиынтығы. Микро және макроағзалардың арасында болатын әсер ету процесі микробтың патогенділік қасиетімен, макроағзаның жағдайымен, қоршаған ортамен, соның ішінде әлеуметтік факторлармен байланысты. Микро және макроағзаның арасында болатын өзара қатынастың бір түрі - паразитизм. Мұндай жағдайда микроб иесіне зиян келтіреді, ондай құбылыс жұқпалы ауруларда болатын процестің негізі болады. Патогенділік - микроорганизмнің инфекциялық процесс қоздыра алатын қабілеттілігі. Бұл тұқым қуалайтын белгісі, ол тек қана тиісті жағдайда, мысалы, қабылдаушы организм болғанда атқарыла алады. Патогенділіктің дәрежесін вируленттілік дейді. Ол патогенділіктің сандық деңгйін көрсетеді және оны шартты қабылданған көрсеткішпен белгілейді - DLM / Dosis Letalis minima / - өлім туғызатын ең аз мөлшері / дозасы /. Бір DLM - ол тиісті тәсілмен жұқтырғанда тиісті мерзімде жануарларда өлім туғызатын микробтардың ең аз саны. Өлген жануарлардың саны 95 %-тен кем болмауы керек. Вируленттілік дәрежнсін анықтауға LD 50 / Dosis Letalis / яғни жұқтырылған жануарлардың 50 % -ін өлімге душар ететін дозасы көрсеткішін жиі пайдаланады. Вируленттігін анықтау үшін тышқандардың құрсағына жұқтыру тәсілін жиі қолданады. Микробтардың вируленттілігін әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық факторлармен әсер етіп төмендетуге, тіптен жойып жіберуге болады, керісінше әлсіреген лабораториялық жануарларға, клетка дақылдарына немесе тауық эмбрионына қайталап жұқтыру арқылы күшейтуге болады. Инфекция патогенезін зерттеуде ақ тышқандарға энтеральды жолмен жұқтырып ауру қоздырғыштарының ішкі ағзаларда интегралды тұқым жаюын / показатель интегральной обсемененности - ПИО / есептудің маңызы күшті. Ол үшін 5 ақ тышқанға І мл-ден 5 млрд-ты микроб шайындысын ішкізеді. Өлген тышқандарды жарып, ішкі органдарын / бауыр, көк бауыр, өт қалтасы, лимфотүйіндер, ішек кесіндісі, қан, жүрек / стерильді физиологиялық ерітіндімен шайып алып ЕПА - сы бар табақшаларға себеді. Тұқым жаю қабілеттілігін микроб дақылы тараған органдардың санына, сол жерлердегі тұқым жайылу дәрежесіне, яғни интегралдық тұқым жайылуына /табақшадағы өскен микроб колонияларының саны / қарай анықтайды. Бактериялардың инвазиялық қасиеті олардың макроорганизмнің әртүрлі жасушаларына еніп, сол жерде көбею қабілеттілігімен байланысты. Ол дәнекерлі тіннің және басқа жасушалардың өткізбеушілігін бұзатын ферменттердің /гиалуронидаза, нейраминидаза т. б. / көмегімен қамтамасыз етіледі. Өте маңызды патогенділік факторға микробтардың токсигенділігі /уыттылығы/ жатады. Бактерияларда болатын улы заттарды екі топқа бөледі: экзотоксиндар - белок табиғатты сыртқы ортаға бөлініп шығады; эндотоксиндар - липополисахаридтер, микроб денесімен тығыз байланысты, микроб бұзылғанда босайды. Токсиндердің органқалаушылық /органотропкость/, улық, антигендік, иммуногендік т. б. қасиеттері бар. Микробтардың токсигенділігін анықтаудың бірнеше әдістері бар. Ең қарапайымы - қыздырылған микроб дақылын ақ тышқандардың құрсағына жұқтыру. Егер жұқтырылған тышқандардың тым болмағанда 5-6-ы өлсе, микроб штамы уытты /токсигенді/ деп есептеледі. Уыттылықты ақ тышқандардың аяғының жұмсақ жастықшасына /подушка лапки/ бактерия тұнбасын /0, 1мл/ енгізу арқылы да анықтайды. Микроб уытты болса, аяқ жастықшасы ісініп көлемі үлкейеді. Токсиндердің бір-бірінен химиялық құрамынан басқа әсер етуі бойынша айырмашылықтары бар. Мысалы, тырысқақ вибрионы, салмонеллалар энтеротоксин өндіреді. Оны қоянның оқшауланған /изолированный/ ащы ішегі ілмегіне және де жаңа туған тышқандардыңанальды қуысына жұқтыру арқылы анықтауға болады. Дермонекротоксинді - жүні қырып алып тасталған қоян терісінің ішіне микроб дақылын /0, 1 мл/ енгізу жолымен анықтайды. Егер микроб уытты болса, енгізген жерде ісіну және некроз /өлі еттену/ байқалады. Гемотоксин /эритроциттарды гемолиздейтін улы зат/ бар-жоғын қанды агарға сеуіп, немесе буферлі ерітіндісі бар қанды сорпаға сеуіп анықтайды. Микробтардың вируленттілігін көрсететін тағы бір қасиетіне - адгезиялық /жабысу/ қабілеттілігі жатады. Бұл құбылыс микроб және адам жасушаларының сыртында арнайы рецепторларды болуымен байланысты. Микробтардың рецепторына сыртқы қабатынан шығатын майда жіп тәрізді жіңішке кірпікшелер /фимбриялар, пилилар, ворсинкалар/ жатады. Мұндай кірпікшелер көптеген микробтарда бар, оларды гемагглютинациялық реакциямен анықтауға болады. Вируленттілікті көрсететін факторларға коланизациялау /енген жерінде микробтардың тез өсіп-өніп колония түзеуі/ және фагоцитозды басып тастау қабілеттілігі жатады. Науқастың фагоцитардық реакциясын басып тастайтын факторға бактериялардың капсуласының және сыртқы қабатының құрамына енетін химиялық бірлестіктер жатады. Мысалы, пневмококктардың капсулалық заты - полисахарид, күйдіргі қоздырғышының заты - полипептид, фагоцитозды басып тастайтын стафилококкта - А протеин, пиогенді стрептококкта - М протеин, микробактерияларда - корд-фактор т. б. Жұқпалы аурулардың патогенезіне қоздырғыштар бөліп шығаратын ферменттер жеткілікті дәрежеде әсер етеді. Ондай ферменттерге мыналар жатады:

а) плазмокоагулаза /сарысуды ұйытады/; б) фибринолизин /фибринді балқытып, сұйылтып жібереді/; в) лецитовителлаза /жасуша қабатындағы лецитинге әсер етеді/; г) ДНК-аза-ДНҚ-ын гидролиздейді; д) уреаза - мочевинаны аммиак пен көмір қышқыл газына дейін ыдыратады; е) декарбоксилаза - амин қышқылдарын ыдыратып, уытты әсері бар биогенді аминдер жиналуына себепкер болады. Жоғарыда аталған патогенділік факторлар бактериялық хромосомада немесе плазмидаларда орналасады, олар жеке немесе топталған гендердің бақылауында болады. Қазіргі кезде тырысқақ вибрионы, ішек таяқшасы, алтынды стафилококк, дифтерия таяқшасы т. б. өндіретін токсиндерді бақылайтын tox - гендер жеткілікті зерттелді. Адгезиялық, колонизациялау қабілеттілігін бақылайтын плазмидалар бар екені анықталды /CFD-1, CFA-2, CFA-3/. Вирустардың ауру туғызу қабілеттілігін, яғни патогенділігін олардың инфекциондығы /инфекционность/ деп атайды. Ол вирустардың нуклеин қышқылдарымен байланысты /ДНҚ немесе РНҚ/. Вирусты инфекция кезінде вирус жұққан жасушаларда вирустардың репродукциялануының жәтижесінде дөңгелекшеленген құрылымдар жасуша ішіндегі қосындылар /включения/ пайда болады. Мысалы, құтыру ауруында Бабеш-Негри, шешек ауруында - Гварниери қосындылары. Олар негізінде вирустар жиынтығы болып есептеледі. Вирусты инфекциялардың дамуы өнімді /продуктивная/ инфекция /вирус өсіп-өніп, ағзадан әртүрлі бөлінділермен шығуы/ және персистенциялану вирустың адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы/ түрінде болуы мүмкін. Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері мынадай: вирустық нуклеин қышқылының жасуша ДНҚ-на тіркелуі, вирустың қан айналымына түсіп таралуы, иммундық жүйе жасушаларын зақымдауы, ағзаның әртүрлі жасушаларында ұзақ мерзімде персистенциялануы. Персистенциялану латентті /вирус сыртқа бөлінбейді, ұзақ уақыт вирус тасымалдаушылық болу/, созылмалы /оқтын-оқтын вирус бөлініп отырады/, баяу инфекция /жасырын кезеңі ұзаққа созылып, ауру белгілері біртіндеп дамып, науқасты өлімге әкеп соғу/ түрінде болуы мүмкін. Инфекцияның пайда болуы және оның клиникалық даму барысы әртүрлі факторлармен байланысты: микробтың вируленттілігімен, инфекциялық агенттің мөлшерімен /дозасымен/, инфекцияның қай жер арқылы енуімен, микро- және макроорганизмнің өзара әрекеті болатын қоршаған ортаның және адам ағзаның жағдайымен т. б. Жедел жұқпалы аурулар мынадай кезеңдермен /периоды/ сипатталады: жасырын /инкубационный/, күмәнді /разгар болезни/ және айығу /реконволесцнеция/. Жұғу кезінде, қоздырғыштың қай жерде орналасуына, т. б. факторларға байланысты инфекциялық процесс әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты инфекциялардың көптеген түрлері /формы/ болады: экзогенді, эндогенді инфекция, жергілікті және жалпы инфекция, бактеремия, вирусемия, сепсис, септикопиемия, токсинемия, моноинфекция, аралас инфекция, реинфекция, суперинфекция, екіншілік инфекция, рецидив, жедел, созылмалы, персистенцияланушы инфекциялар, микробтасымалдаушылық /микробоносительство/. Лабораториялық жануарларға /қоян, ақ тышқан, теңіз шошқасы, егеуқұйрық т. б. / тәжірибе жасап, инфекциялық процесті жасанды түрде қоздырып байқауға болады. Тәжірибеге алынатын лабораториялық жануарлардың жасы, жынысы, салмағы бірдей болуы керек. Тәжірибенің мақсатына байланысты терінің бетіне, тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырларына, ауыз арқылы /перорально/, мұрын арқылы /интраназально/, кеңірдекке, ми қабатына, құрсақ ішіне т. б. / арқылы жұқтыру әдістерін қолданады. Жұқпалы аурулардың патогенезін, емдеу жолдарын т. б. анықтау үшін әртүрлі модельдерді /жануарларға жұқтыру т. б. / пайдаланады: 1. Ақ тышқандардың құрсағына /внутрибрюшинно/, ауыз қуысы арқылы, тыныс жолдарына /интраназально/ жұқтырып зерттеу /ішек, өкпе және жоғарғы тыныс жолдар ауруының моделі/; 2. Қояндарға ауыз қуысы арқылы немесе зондпен асқазанына жұқтыру - ішек инфекциясының моделі; 3. Иттердің өт және зәр қалташаларына жұқтыру - салмонеллез моделі; 4. Теңіз шошқаларының көз қабағының ішіне /кілегей қабатына/ жұқтыру - кератоконьюнктивит моделі т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы
Инфекия туралы ілім
Жанасу инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы мен алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Инфекция түсінігі
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшеліктері
Микробтың паразитизмнің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz