Экономикалық цикл және оның фазалары



|.Кіріспе.
||.Негізгі бөлім:
1.Экономикалық циклды зерттеушілер.
2.Экономикалық циклдың фазалары.Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.
3.Аграрлық дағдарыс және оның басты ерекшеліктері.
4.Құрылымдық дағдарыстар.
5.Коньюктураның үлкен циклдары.
|||.Қорытынды.
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған.Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып,қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді.капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын «жаулап»алуға тырысты.Ал оның өзі артық өндіру деген құбылысқа алып келді.Артық өндірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді.Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны соншалық,Х|Х және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады.Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін,экономикалық процестерге әсерін мойындаған,циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әртүрлі пайымдауларды,түсіндіру мен болжамдарды кездестіреміз.
1. Экономикалық циклды зерттеушілер.
Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі-А.Шпитгоф.Ол 1905жылы экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап,осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды.А.Шпитгоф экономикалық,яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп,циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін,өйткені мұндай зерттеулер кездойсоқ,абстрактылы қорытындыларға емес,нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық цикл және оның фазалары.

Жоспар:
.Кіріспе.
.Негізгі бөлім:
1.Экономикалық циклды зерттеушілер.
2.Экономикалық циклдың фазалары.Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.
3.Аграрлық дағдарыс және оның басты ерекшеліктері.
4.Құрылымдық дағдарыстар.
5.Коньюктураның үлкен циклдары.
.Қорытынды.

Кіріспе.
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған.Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып,қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді.капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын жаулапалуға тырысты.Ал оның өзі артық өндіру деген құбылысқа алып келді.Артық өндірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді.Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны соншалық,ХХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады.Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін,экономикалық процестерге әсерін мойындаған,циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әртүрлі пайымдауларды,түсіндіру мен болжамдарды кездестіреміз.
1. Экономикалық циклды зерттеушілер.
Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі-А.Шпитгоф.Ол 1905жылы экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап,осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды.А.Шпитгоф экономикалық,яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп,циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін,өйткені мұндай зерттеулер кездойсоқ,абстрактылы қорытындыларға емес,нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және әлеуметтік себептерін түсіндірді.
Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді.А.Шпитгоф.Ол экономикалық цикл проблемасын артық өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ,бұл мәселе тек,еркін сауда дәуіріндегі рыноктық экономикаға тән қасиет деп түсіндірді.А.Шпитгоф творчествосын зерттегендер,соның ішінде Б.Селигмен,оның циклдық даму тұжырымдамасының белгілі орыс экономисі Туган- Барановскийге күшті әсер еткенін көрсетеді.(А.Шпитгоф Туган-Барановскийді экономикалық цикл проблемасын байыпты түрде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі деп есептеді).Циклдық даму туралы А.Шпитгоф идеясының ең басты ерекшеліктері бірін бірі ауыстырып отыратын цикл фазаларын экономикалық,әлеуметтік тіпті психологиялық факторлармен түсіндіруге талпынуда жатыр.А.Шпитгоф идеяларын оны қолдаушылар өз еңбектерінде одан әрі дамытты.
Экономикалық циклды зерделеуде өзінің ерекше пікірі бар оқымысы,Т.Вебленнің шәкірті американдық У.Митчелл болды.Ол экономикалық циклді жасанды конструкция,жеке дара деректерді бір кестеге біріктіру деп қарастырды.Экономикалық құбылыстардың нақты деректерін зерттей келе оларға тек қысқа мерзімді(40 ай)циклдар тән,ал қалған толқулар ретсіз,ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын,сондықтан қатал талап тұрғысынан бұлар экономикалық циклдар қатарына жатпайды деген қорытындыға келді.
Дж.М.Кларк экономикалық циклды күнделікті бақылау арқылы ғана зерттеп қоймай, оны таза теориялық жағынан да қарастыруға тырысты.У.Метчееллдің нақты деректерін пайдалана отырып Дж.М.Кларк Экономикалық циклдағы факторлардеген кітабында бұл процестің ішкі заңдылықтарын анықтап және түсіндіруге талпынды.Кларк соғыстардың,ғылыми техникалық прогресс толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап,олардың экономикалық жүйе қозғалысына қарқын беретіндігін көрсетті.Дж.М.Кларктің ойынша екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ,өйткені олар экономикалық жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді.Бұл жаңалық цикл фазасын ғылыми болжауға мүмкіндік берді.1 929-19331жылдардағы жойқын дағдарыс оны алдын ала болжауды місе тұтпай,сонымен қатар дағдарысты реттеу тұжырымдамасын жасауды күн тәртібіне қойды.Белгілі ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс 1936 жылы жарық көрген Жұмыспен қамту,процент және ақшаның жалпы теориясы атты кітабында экономикалық циклдың басты белгілерін анықтады.Ол:ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып отырады және олар капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизмімен байланысты деген қорытындыға келді.Дж.М.Кейнстің пікірінше циклдық даму-экономикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып,олардың бірін- бірі күшейтуі.Бірақ олар бірте- бірте әлсірейді де,басқа күштер жанданып,қарама-қарсы бағытта әрекет етеді.Өз кезегінде қарсы әрекет ететін күштер белгілі уақыт ішінде нығайып,олардың әсері күшейеді,бірақ оларда өз тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама-қарсылықтарға орын береді.Экономикалық дамуды жоғарылататын немесе төмендететін тенденциялардың ұзақтығы мен ауысуының реттілігін көрсеткен,Кейнс циклдің объективтігін жоққа шығаруға тырысты,сөйте тұра оны субъективті факторлардың жемісі деп те есептеген жоқ.
Швед мектебінің белгілі өкілдерінің бірі К.Векселдің пікірі бойынша циклдердің пайда болуын қажетсінетін экономиканың өзіне тән ерекше қасиеттері бар.Векселдің ойынша өндіріс жылдан жылға бірқалыпты ұлғайып отырмайды,өйткені халық санының өсуі мен техникалық прогрестің дамуы бірқалыпты емес.
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп,толқуларға ауысады.
Гарвард университетінен шыққан,көбіне оны американ Кейнсі деп атаған Э.Хансен Экономикалық циклдар теориясыдеген кітабында циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды.Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары,қоғамның құқықтық құрылымы,өндірісті ұйымдастыру,қорлардың мөлшерден артып кетуі,бәр сектордан екіншісіне ауысу кезеңіндегі тауарлар ағынының кешеуілдеуі деп түсіндіреді.Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И.Шумпетер мен П.Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атамау мүмкін емес.Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі,ол оны экономикалық дамумен тікелей байланыста талдайды.И.Шумпетердің ойынша экономикалық циклдың терең тамыры-циклдік қозғалыстың ретсіздігінде жатыр.Сөйтіп ол ғылыми ғылыми айналысқа үш циклды кесте енгізді,бұл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін көзқарас деп есептеледі.И.Шумпетер бұл циклдарды Н.Д.Кондратьев,К.Жуглар мен Дж.Китчина сияқты ғалымдардың есімімен атады.Ал,ол ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55,102 жыл және төрт айға бөлді.Шумпетер экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өз ара байланысы мен өз ара тәуелсіздігі көрінеді деп есептеді.
П.Самуэльсон Экономикаатты кітабында экономикалық циклды жалпы рыноктық экономикаға көшкен барлық елдерге тән деп қарайды.Экономикалық циклдың объективті сипатын мойындай келе,П.Самуэльсон бұл құбылысты оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау арқылы,оның ұзақтығын әр фазаның көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді,ұсынады.
Шетел экономистерінің циклдық дамудың табиғаты туралы көзқарастарымен тереңірек танысқысы келетіндерге Селегэменнің Основные направления современной экономической мысли және Жамстың История экономической мысли ХХ века 1968, 1969 жылдары орысша шыққан басылымдарын ұсынамыз.
Бұрынғы кеңес экономистерінің ішінен экономикалық циклдар мен дағдарыстар теориясы туралы Л.Мендельсон мен Е.Варга еңбектері белгілі.Жалпы бұл авторларды экономика ғылымының ірі зерттеушілері қатарына жатқызуға болады.
2.Экономикалық циклдың фазалары.Өнеркәсіп циклының ең айрықша белгісі-дағдарыстың фазалары,сатылары.Өнеркәсіп дағдарысының артық өндіруден айырмашылығы белгілі тауарға,өндіріс өніміне деген сұраныс пен ұсыныс тепетеңдігінің бұзылуында жатыр.
Енді монополистік капитализмге дейінгі дәуірдегі өнеркәсіп дағдарысының бүкіл бейнесін көрсетейік.Барлық өндірістік тауарларды өзіне тартқан рынок белгілі бір уақытта лық толады,ал тауарлардың келуі толастамайды,бірақ сұраныс азаяды да,соңынан мүлдем тоқталады.Бұл жайсыздық бүкіл рынокқа таралады.Сұраныс жоғалады,бірақ барлық жерде тауарлар қоры бар,көптеген кәсіпорындар бұрынғыдай рынокқа тағы да жаңа тауарларды жөнелтіп жатады.Бағалар күрт төмендей бастайды.Жағдайды түзету үшін барлық күш-жігер жұмсалғанымен бәрібір нәтиже бермейді.Көптеген кәсіпорындар бағаның күрт төмендегеніне төзе алмайды.Олардың тоқтап немесе жабылып қалуы басталады.Алдымен банктік немесе несие беретін мекемелер жойылады.Рынок шаруашылығы субъектілерінің бір-біріне деген сенімі де кемиді.
Барлығы қолма-қол ақшамен есеп айырылысуды талап етеді.Кеше ғана күдік туғызбаған вексельдер бүгін жай,ешкімге керегі аз қағаз болып қалады.Қарыз проценті өседі.Ең ірі кәсіпорындар күйзеліске ұшырап,машиналар тоқтап,фабрикалар жабылады.Көшелерде көптеген жұмыссыздар қаптап жүреді.Аштық басталып өзіне-өзі қол жұмсайтындар көбейеді.ХХ ғасырда болған дағдарыстар осындай қайғылы көрініске толы өтті.Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталады.Содан кейін ол 1841жылы АҚШ та, 1847 жылы АҚШ,Англия мен Франция,Германияны қамтиды. 1857 жылы дағдарыс бірінші дүние-жүзілік циклдық дағдарыс болып саналады.Одан кейін ол 1 873,1882,1990 жылдарда қайталанды.Әсіресе өзінің зардаптары жағынан жойқын дағдарыстар 1900-1901 жылдары болды.Ол бір мезгілде Ресей мен АҚШ та басталып алдымен металлургия өнеркәсібін қамтыды.Американың металл рыногын қиратқан дағдарыс әуелі Англия,содан кейін Еуропаны шарпыды.Алғаш тоқыма өнеркәсібі тоқтады,іле-шала құрылыс ,химия,машина,электр салалары жабыла бастады.Көзді ашып-жұмғанша дағдарыс барлық еуропа елдерін жайлады.Франция,Австралия,Бельгия,с өйтіп ол бүкіл дүние жүзілік дағдарысқа ұласты.
Бағалардың күрт төмендеуі мықты деген кәсіпорындарды банкротқа ұшыратты,ал кәсіпорындардың күйзелісі өз кезегінде жұмыссыздардың санын көбейтті.
Алайда ХХ ғасыр мен ХХ ғасырлың басындағы дағдарыстар сонымен қатар одан шығудың жолын да тапты.Дағдарыстың төмендеуі барысында бағалардың бірте - бірте құлдырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады,болашақта дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды.Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері экономикасын сілкілеп тұрды.Алайда оның сипаты 1929 - 1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырады.Әсіресе,АҚШ дағдарыстан мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады.Оларға тоқтала кетейік:
а) Мемлкеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап қалу;
б) Долларды 40%сыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету.
в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру,ол үшін мемлекеттің көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;
г) монополиялардың құрылуын қолдау,күштеп картелдендіру.
д) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;
е) жалақыны реттеу.
Мемлекеттің экономиканы реттеу ролінің күшеюі және дағдарысқа қарсы реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы ретту шаралары өз нәтижесін берді.Міне жарты ғасыр бойы рыноктық экономика 1900-1901 жылдардағы немесе 1929-1933 жылдардағы катаклизмге,астан-кестеңін шығарған күйзелістерге соқтырмай келеді.
Алайда өнеркәсіптік дағдарыстар 70-жылдардың ортасына дейін проценттік ставкаға,пайдаға,өндіріс шығымдары мен жалақыға әсерін тигізіп келді.Дағдарыс кезінде тек ірі капиталы және үлкен қаржы-қаражаты бар ірі кәсіпорындар дағдарыс жағдайында да жалпы пайда нормасының төмендеуін тоқтатып немесе баяулатты.Орта және ұсақ кәсіпорындар,әсіресе жоғары өнімді құралдары мен технологиясы бар ұйымдар экономикалық жағдайының нашарлауын тұрақтандыра алмай,көбіне банкротқа ұшырады. Техникалық жағынан нашар кәсіпорындардың ойсырап кедейленуі бүкіл өнеркәсіп үшін оң процесс,өйткені ол жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық цикл: түсінігі, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Экономикалық цикл және оның фазаларының сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Экономикалық даму
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Экономикалық өсу жайында
Макроэкономикалық тепе-теңдік экономикалық дамудың циклдылығы
Экономиканың циклдық концепциялары
Экономиканың циклдық дамуының механизмі
Пәндер